№7 (122), 6 сәуір, сәрсенбі, 2016 жыл



жүктеу 222.08 Kb.

бет3/3
Дата09.09.2017
өлшемі222.08 Kb.
1   2   3

Ердеш АЛМАТОВ,

№23 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Әйел-Ана, Әйел-Өмір,

Әйел-тіршілік өзегі. Өмір

бесігінде іңгәлаған сәбиін

тербетіп, адамзат баласы-

на ұрпақ сыйлар ұлы құ-

дірет иесінің есімі әрқа-

шанда қастерлі, сөзі-

өсиет, тұғыры биік. Алтын

құрсағынан адамзаттың

алабы жаратылған асыл

ананың жүрегі үлкен, жүзі

мейірімді, қолы қайырым-

ды. Көңіл шуағына мейі-

рім төгілген аяулы жанның

өмірден алар несібе жемісі

- алтын босағасы мен сүй-

кімді перзенті болар.

Аналарға деген ыстық

сезім, алғыс пен құрмет

ешқашан сөнбек емес.

Олар - өмірдің гүлі, көңіл-

дің жыры, әр отбасының

алтын діңгегі. Мынау ты-

нымсыз тіршілік пен кең

дүниенің өзі тек аналар-

мен ажарлы. Тіпті табиғат-

тың өзі де бұл күні біздің

тамаша әйел-аналарды

даңққа бөлеп тұрғандай.

Неге дәл осы күн әйелдер-

дің халықаралық мерекесі

болып белгіленді екен?

Кейін шегініп, қалың

тарихтың бір парағына көз

салсақ, қасқайған Нью-

Йорк қаласы мен сол

алып, батыр қаланың әді-

леттілікті талап еткен нәзік

жандыларын көреміз. 1857

жылдың 8 наурызында ті-

гін және аяқ киім фабри-

касының жұмысшы әйел-

дері үміттерін үкілеп, ере-

уілге шығады. Бұл күні

тәулігіне 16 сағат жұмыс

істеп, шағын ғана айлық

алатын жұмысшы әйелдер

басшылықтан 10 сағаттық

жұмыс күнін, жарық әрі

таза жұмыс орны мен ең-

бекақыларының ер-аза-

маттардың жалақысымен

бірдей болуын талап етеді.

Нью-Йорктың жан-жағы-

нан көтерілген әйелдердің

өз үні бейнебір толқын іс-

петті жан-жақтан естіліп,

қоғамдағы әйелдердің ор-

нын нақтылағандай болды.

Осы күннен кейін алғаш

рет әйелдердің қоғамдық

ұйымдары құрылып, олар

өз құқықтарын қорғауды

қолға алды. 1910 жылы Ко-

пенгагенде жұмысшы

әйелдердің қатысуымен II

халықаралық конферен-

ция өтті. Социал-демократ

партиясының әйелдер то-

бының көшбасшысы

Клара Цеткин 8 наурыз

халықаралық әйелдер кү-

нін жыл сайын белгілі бір

күнде тойлау керектігі ту-

ралы ойын ортаға тастады.

Оның бұл ұсынысын өз

құқықтары үшін күресуге

бел буған қалың әйелдер

тобы іліп әкетіп, келесі жы-

лы-ақ, яғни 1911 жылдан

бастап, Австрия, Дания,

Германия мен Швейца-

рияда 8 наурыз мейрам ре-

тінде тойланады.

Ана - барлық қиын-

дықты жеңетін сарқыл-

майтын күш, тіршіліктің

қайнар бұлағы, қазақ әйе-

лінің дастарханы тоқ, қо-

нағы риза, дүниесі түгел.

Олар үшін бірінші орында

отбасының берекесі, бала-

ларының бақыты тұрады.

Бөбегін бесікке бөлеп,

әлдилеп аялаған ана бақыт

құшағында емес пе?!

Аудан орталығындағы

Қазалы көлік-техникалық

колледжінде аналар мен

аруларды айтулы мерекемен

құттықтау, оқушыларды

мейірімділікке, ұстамды-

лыққа тәрбиелеу, ұстазға,

ата-анаға деген құрмет сы-

йын арттыру, ана еңбегін

қадірлей білуге үйрету мақ-

сатында ұйымдастырылған

"Әйелдер мәңгі жасасын!"

атты кемеңгер дананы да,

алып ғұламаларды да дү-

ниеге әкелген аналардың

құрметіне арналған кездесу

кеші өтті.

"Анаңды Меккеге үш рет

арқалап апарсаң да қары-

зыңнан құтыла алмайсың"

деген ұлы ғұламалардың сөзі

бар. Адамзат жүріп өткен

небір ауыр жол, алмағайып

заманнан ұрпағын аман-

есен бүгінгі күнге жеткізген

әйел-ана құдіретін жырмен

өрнектеп, әнмен әлпештеп,

сөзбен айтып тауысу мүмкін

емес.


Ана-болашақтың демеу-

шісі, ұлттың жебеушісі,

сәбилердің бақыты құрме-

тіне арналған кеште №50 топ

студенті Бердібек Нағашы-

байдың оқыған "Тасбауыр"

монологы, №52 топ студенті

Ақтоты Біләнбайдың орын-

дауындағы "Аяулы ана",

№58 топ студенті Ақжүніс

Көпжасардың орындауын-

дағы "Ана" әндері мен орыс

тілі пәнінің оқытушысы

Эльмира Ермаханова сом-

даған "Ана" көрінісі көпші-

ліктің көңілінен шықты.



Лаура ӘЛІБЕКОВА,

Қазалы көлік-

техникалық колледжі

Сабақтың мақсаты:

а) Көктем туралы білімдерін толық-

тыру, гүлдердің түрлерімен таныстыра

отырып, қазақтың ұлттық өнеріне баулу.

Тілдік құзіреттілікті меңгерген, шығарма-

шыл бала тұлғасын қалыптастыру.

ә) Балалардың эстетикалық талғамын,

шығармашылық құзіреттілігі мен қиял-

дау, есту, есте сақтау, зейінін тұрақ-

тандыру, ұсақ қол маторикасын дамыту.

б) Дене мүшелерін соғу арқылы ыр-

ғақты сезінуге тәрбиелеу, ұқыптылыққа,

еңбексүйгіштікке, ұлттық өнерді баға-

лауға тәрбиелеу.



Типі: Жаңа оқу іс-әрекетін меңгерту.

Әдісі: Тәй-тәй технологиясы, ұлттық

қолөнер, мнемотехнология, суда сурет

салу (эбру), Карл Орф әдісі, түсіндіру, әңгі-

мелеу, сұрақ-жауап, ойын



Пәнаралық байланыс: Көркем әде-

биет, музыка, бейнелеу.



Қолданылған көрнекіліктер: Слайд,

видеотаспа, гүл суреттері, ноутбуктар,

киіз басу құралдары, жер жырту құрал-

дары, дән, мольберд.



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет

барысы:

І.Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі:

"Молдаван" әнімен қарсы алу. Әндете

сәлемдесу

Саламат па, алақан, шап-шап

Саламат па, аяқтар,топ-топ

Саламат па, беттер, шик-шик

Саламат па, мұрын, пик-пик.

Түгендеу, көңіл-күйлерін сұрау.

Жай әуен ойналып, гүл туралы слайд-

тан бейнефильм көрсетеді.

- Балалар, бейнефильмнен жылдың

қай мезгілін тамашаладық?

- Жылдың көктем мезгілі

- Сендердің түрлеріңнен ұнататында-

рыңды көрініп тұр, көктем сендерге не-

сімен ұнайды?

- Көктемде күн жылынады, аналары-

мыздың мерекесі, Наурыз мерекесі, әр-

түрлі гүлдер шығады.

ІІ.Ұйымдастырушылық-ізденушілік

кезеңі:

Сол сәтте әуен ойналып, топқа қо-

лында гүл дестелері бар суретші келеді.

- Балалар, мен суретші боламын. Мен

сендерге құр келмей, гүл дестелерін

сендерге естелікке ала келдім.

- Сендер қандай дала гүлдердің түрле-

рін білесіңдер?

- Бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ.

- Олар қайда өседі?

- Олар далада, ормандарда, бақтарда

өседі.


Суретші көктемгі гүл түрлерімен та-

ныстырады. Жауқазын, өгейшөп, рау-

шангүл, бақбақ. Суретші балалармен

қоштасады. Музыка жетекшісі орыс ком-

позиторларының Ю.Чичковтың "Сиқыр-

лы гүлдер" әнін тыңдатады.

Балалар, суретшілер гүлге деген сезім-

дерін сурет арқылы жеткізсе, компози-

торлар ән арқылы, ақындар өлең арқылы

жеткізеді екен.

Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылдың

28 тамызында Батыс Қазақстан облысы,

Ақжайық ауданынның Еңбек ауылында

дүниеге келген. Ақұштап "Ақ жібек" де-

ген ұғымды білдіреді. Оның жазған өлең-

дері де жібектей төгіліп тұрады.

Елімізде көптеген ұлт өкілдері бар.

Олардың әрқайсысының гүл символдары

бар. Мәселен, орыс халқы - түймедақ,

түрік халқы - қызғалдақ гүлі, корей хал-

қы - сакура гүлі, украин халқы - күнбағыс

гүлдерін халықтық символы ретінде бей-

нелейді. Біздің қазақ елі де өз қолөнерінде

гүлдерді көптеп пайдаланған. Үш тілде

билингвизм айтылады.

Балалар текшелер арқылы орталық-

тарға бөлінеді:

1.Әдебиет орталығы - А.Бақтыгере-

еваның "Гүл ектік" өлеңін жаттау.

2.Үстел-үсті орталығы - киіз басу.

3.Өнер орталығы - суда сурет салу

(эбру) әдісі.

4.Зерттеу орталығы - жерге гүлді отыр-

ғызу.


Сергіту сәті: Балалар гүл дестелерін

бастарына киіп, "Полька" әніне дене мү-

шелерін соғып, музыка ырғағымен

билейді.


І І І . Р е ф л е к ц и я л ы қ - к о р р е к ц и я л а у

кезеңі:

"Ойлайық та, ойнайық" ойынын ой-

найды. Бүгінгі өткен гүл атауларын дене

мүшелерін соғып, буындарға бөліп, оқу

іс-әрекетін бекітеді.

Қорытындылау, мадақтау.



Мөлдір СЕРІКБАЕВА,

"Сыр бөбегі" балабақшасының

музыка жетекшісі

А.БАҚТЫГЕРЕЕВАНЫҢ "ГҮЛ ЕКТІК..." ӨЛЕҢІ

Қазіргі кезеңде білім беру орындарындағы дене тәр-

биесі бірлестіктері жүйелі түрде жастардың денсаулық-

тарын нығайту, тұлға бойындағы биологиялық-пси-

хологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне,

өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарды

дамытуда бірқатар жұмыстарды атқарып келеді. Со-

ның жарқын дәлелі ретінде жыл сайын ұйымдасты-

рылатын сан-салалы спартакиадаларды айтуға бола-

ды. Осыған орай, қалалық білім бөлімі және кәсіподақ

комитетінің негізгі жоспарына сәйкес, 2015 жылдың

қорытындысы негізінде білім беру ұйымдарының қыз-

меткерлері арасында спартакиада өткізілді. Жылды

сарапқа салған спартакиадада баскетбол, волейбол, үс-

тел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, балық аулау, же-

ңіл атлетика сынды спорттың 7 түрі бойынша жарыс-

тар өткізіліп, аталған сайыстарға 1350 білім беру қыз-

меткерлері қамтылды.

Шарада барлық спорт түрлері бойынша жалпы ко-

мандалық есепте жүлделі ІІІ орынды №264 мектеп-

лицейі, ІІ орынды №173 орта мектебі, І орынды №9

мектеп-гимназиясы иеленді. Үздік үштіктердің қата-

рынан көрінген жеңімпаздарға қалалық білім бөлімі

және кәсіподақ комитетінің дипломдары, сыйақы жә-

не ауыспалы кубогымен марапатталды.

Айта кету керек, сайыс соңында мұғалімдердің мәр-

тебесін көтеру мақсатында қалалық білім бөлімі және

кәсіподақ комитеті Астана қаласы күні мерейтойына

туристік жолдаманы жарыстың үздік ойыншылары

атанған №9 мектеп-гимназиясы мұғалімі Шарипа

Дүйсенбаева мен №101 мектеп мұғалімі Бекзат

Омаровқа берілді.

Биыл да спартакиада өз жалғасын табуда. Қалалық

білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің жоспарына

сәйкес білім беру ұйымдарының қызметкерлері ара-

сындағы спартакиада бұл жолы спорттың 9 түрі бойын-

ша өтеді.  Салауатты өмір салтын қалыптастыруды, бұ-

қаралық спортты одан әрі дамыту, дене шынықтыру

және спортпен жүйелі түрде айналысу мақсатында өткі-

зілген жарысқа кіші футбол және суда жүзу бағыттары

қамтылды.

Серпін сыйлаған спартакиада жастарға алға қарай



қарышты қадам басуға мүмкіндік бермек.

Мұрат ДҮЙСЕМАНОВ,

№187 орта мектебінің дене шынықтыру пәні

бірлестігінің жетекшісі

СПАРТАКИАДА СЫЙЛАҒАН

СЕНІМДІ СЕРПІН


1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал