№7 (122), 6 сәуір, сәрсенбі, 2016 жыл



жүктеу 222.08 Kb.

бет1/3
Дата09.09.2017
өлшемі222.08 Kb.
  1   2   3

www.ustaz-martebesi.kz/ ustaz_martebesi@mail.ru             №7 (122),  6 сәуір, сәрсенбі, 2016 жыл

Ұстаз әр уақытта да ұлы есім.

Қоғам алдында қызмет ететін сан

мыңдаған мамандықтардың ішін-

дегі биікте тұратыны да, қадірлісі

де осы ұстаздық жол. Қазіргі білім

бәсекесі алға озған кезеңде мұға-

лімдерге қойылатын талап та жо-

ғары. Шәкірттері қандай да бір же-

тістікке жетіп жатса, ол - ұстаз еңбе-

гінің оң нәтижесі һәм мәртебесі. Бү-

гінгі еңбегі арқылы еліміздің ерте-

ңін қалыптастыратын мәртебелі

мамандық иелері әр кезде жаңа-

шылдыққа ұмтылып, үздіксіз тәжі-

рибе алмасып отырады. Әрбір өткі-

зілетін сабағына жаңаша ой қосып,

тың тәсіл арқылы жеке тұлғаны

қалыптастыруға жұмыс жасайды

және оны баспасөз бетіне жария-

лау арқылы өзге ұстаздарға үлгі

көрсете алады. Осы тұрғыда ай-

мақтық қоғамдық-әлеуметтік, ғы-

лыми-көпшілік "Ұстаз мәртебесі"

газеті - ұстаздардың айтар ойын, бі-

лімге деген көзқарасын баспасөз

бетіне жариялау арқылы олардың

бір-бірімен шығармашылық байла-

ныс орнатуына себепкер болып

келе жатқан бірден-бір басылым.

Ұстаз мәртебесі" газеті 18 нау-

рыз күні бес жылдық белесті ба-

ғындырып, өзінің мерейлі мере-

кесін "Ақмешіт" гуманитарлық-

техникалық институтында өткізді.

Басылымды жарыққа шыққан

бесінші жылымен зиялы қауым

өкілдері құттықтап келді. Қалалық

ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ә-

бдібаев, елімізге белгілі суретші,

Қазақстан суретшілер одағының

мүшесі Қ.Зәкірұлы, облысымызға

белгілі азамат, ҚМУ профессоры

Қ.Құдайбергенов, Қызылорда об-

лыстық білім және ғылым қызмет-

керлері кәсіподақ комитетінің

төрайымы, облыстық мәслихат де-

путаты Р.Байназарова, қалалық

кәсіподақ комитетінің төрайымы

О.Алимбетова, облыстық ішкі сая-

сат басқармасы басшысының

орынбасары Г.Нұрбаева, "Ұлағат-

консалтинг" оқу орталығының ди-

ректоры, ҚР Білім беру ісінің

құрметті қызметкері Ж.Жәнібеков,

"Өрлеу" БАҰО Қызылорда облысы

бойынша педагогикалық қызметкер-

лердің біліктілігін арттыру институты

директорының орынбасары, тарих

ғылымдарының кандидаты С.Серік-

баев, Қызылорда облыстық білім бас-

қармасына қарасты оқу-әдістемелік

орталығының техникалық-кәсіптік

және білім бөлімінің меңгерушісі

Б.Дүрманов осы жиында бас қосты.

Әуелі меймандар ҚР Тәуелсіздігінің

25 жылдығы мен "Ұстаз мәртебесі" га-

зетінің 5 жылдығына орай ұйымдас-

тырған арнайы көрмені тамашалады.

Басылымның бас редакторы Нұрлан

Көбегенұлы келген қонақтарға алғы-

сын жеткізіп, газеттің бес жылдық бе-

лесін бағамдады. Бүгінге дейінгі жа-

салған жұмыстарды түйіндеп, баянда-

ма оқыды. Мұнан кейін жиылған

жұрт "Мәртебең биік болсын, мұғалім"

тақырыбында пікір алмасып, басы-

лымның мерейтойына орай жүрек-

жарды лебіздерін жеткізді.

Салтанатты шара газеттің 5 жыл-

дығына орай ұйымдастырылған "Зе-

рек" сайысының қорытынды ойыны-

мен жалғасты. Газеттің ресми сайты

және "Вконтакте" әлеуметтік желісі

арқылы өткізілген онлайн сайыста

өзара бақ сынап, үздік шыққан қаты-

сушылар ақтық сында шығармашы-

лық жұмыстарын таныстырып, қазы-

лар алқасының алдында өнерлерін

 Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын"

орталығының ұйымдастыруымен өткен 1-7 сынып оқу-

шыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығарма-

шылық жобаларының ХІ "Зерде" республикалық кон-

курсы өзінің кезекті жеңімпаздарын анықтады. 2005

жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бай-

қауда республикамыздың әр өңірінен дарынды оқушы-

лар бақтарын сынаған. Бастауыш және орта буынды

оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әле-

уетін және танымдық қызығушылығын ынталандыру

мақсатында өткізілген конкурста Тасбөгет қыстағы №11

орта мектебінің 6-сынып оқушысы Нұржан Қалайық

облысымыздың намысын қорғап қайтты. Ізденіс пен

тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде Нұржан өзіне

артылған сенімді ақтап, І дәрежелі диплом иегері

атанып, жеңіспен оралды.

Н.Қалайық пен жетекшісі Зухра Мади бұл жетіс-

тікке үлкен еңбекпен келді. Әуелі қалалық және облыс-

тық байқаулардан оқ бойы озық шығып, республикаға

жолдама алған-ды.

- Ғылыми жобаның тақырыбына Зейнолла Шүкі-

ровтың хаттарын арқау еттік. Ал, тақырыпты таңдап,

оны зерделеуге филология ғылымдарының кандидаты

Нұрлан Нұрмаханов ғылыми жетекшілік жасады. Ғы-

лыми жобамызға нақты деректерді кірістіру үшін З.Шү-

кіровтың інісі Алпысбай Шүкіровпен хабарласып,

құрыш қазақ атанған ақынның белгілі қоғам қайрат-

керлерімен жазысқан хаттарымен танысып, біраз

мәліметтер алдық. Жасаған жұмысымыз өз нәтижесін

берді. Ғылыми жобаға бағыт-бағдар берген ғылыми

жетекшісіміз Н.Нұрмаханов пен қолдау көрсеткен мек-

теп директоры Б.Әбиевке алғысымды білдіремін,- дейді

жетекшісі З.Мади.

Әуелі қалалық, мұнан соң облыстық кезеңдерінде

өзгелерден оқ бойы озып шыққан оқушы республи-

калық додада өзінің осал еместігін тағы бір байқатып

қайтты. Біз де дарынды оқушы Нұржан Қалайық пен

№11 мектеп ұжымын жеңісімен құттықтап, жетістіктер

тілейміз.



М.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

"Үздік жас ғалым" байқауы

"Руханиятты жаңғырту" қоғамдық қорының "Зият-

кер" білім беру орталығы және "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиа-

лы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қыз-

меткерлердің біліктілігін арттыру институты бірлесіп,

облыстың колледж студенттері мен лицей, орта мек-

тептің 8-11 сынып аралығындағы дарынды оқушылары

арасында "Үздік жас ғалым" ғылыми жұмыстар конкур-

сын өткізеді. Конкурс қоғамдық-гуманитарлық бағыт

бойынша 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жыл-

дығына, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына және

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жазылған ғылы-

ми мақалаларды сараптайды. Мақалалар 2016 жылдың

10 мамырына дейін ұйымдастыру алқасына жіберілу

қажет.

Үздік деп танылған мақала авторлары қазылар ал-



қасы алдында қорғайтын болады. Орын алған үздіктер

мадақтамамен марапатталады. Үздік ғылыми жұмыс

авторларының еңбектері белгіленген талап бойынша

жинаққа енеді.

Байқаудың ақпараттық қолдаушысы - қоғамдық-

әлеуметтік, ғылыми-көпшілік "Ұстаз мәртебесі" газеті.

Барлық сұрақтарды ұйымдастыру комитетінен білуге

болады.


"Руханиятты жаңғырту" қоғамдық қоры.

Хабарласу телефоны: 8(7242)-20-16-19.

Эл.пошта: nur-rukhaniat@mail.ru

"Қазпочта" АҚ барлық почта байланысы бөлімшелерінде, осы жылдың сәуір айы-

ның 4 жұлдызынан бастап,  мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу науқаны бас-

талып, жазылымды қабылдау төменде белгіленген мерзімдерге сәйкес аяқталады:

- Республикалық басылымдарға - 25 маусым 2016 жылға дейін;

- "Роспечать" Агенттігі ААҚ және Ресей Федерациясының басқа да баспалары

мен агенттіктердің каталогтарына енгізілген басылымдарға - 10 маусым 2016 жылға

дейін.


 2016 жылдың ІІ жарты жылдығына «Ұстаз мәртебесі» газетіне жазылу «Қазпош-

та» ААҚ және «Евразия пресс» ЖШС арқылы жүргізіледі. «Казпошта» арқылы жазылу бағасы Қызылорда қаласы

үшін 6 айға 1320 тенге, аудандар үшін 6 айға 1440 теңге. "Ал, «Евразия пресс» арқылы жазылу құны Қызылорда

қаласы 6 айға 1500 теңге,  аудандар үшін 6 айға 1620 теңге.



Жазылу индексі: 65035.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

ортаға салды. Бірі ән шырқап кө-

теріңкі көңіл-күй сыйласа, бірі мо-

нолог оқып, көпшілік көрерменді

тәнті етті. Тұрмыстық заттардан түр-

лі бұйымдар жасаған қос өнерпаз

көпшіліктің назарын аударды. Шы-

ғармашылықтарын шаршы топта

сынаған байқау қатысушылары

финалдық кезеңде тосыннан қо-

йылған сұрақтарға жауап беріп, өз

білім деңгейлерін байқатты.

Сайыс қорытындысында Қаза-

лы ауданынан келген №216 мек-

тебінің мұғалімі Құралай Асаубае-

ва "Үздіктердің үздігі" атанып, же-

ңімпаз деп танылды. Ал, "Сыр ер-

кесі" балабақшасының тәрбиешісі

Ләззат Кизбаева "Биік болмыс",

Зухра Мәди "Ұстаз ұлағаты", Дәу-

лет Есенов "Шеберлік шыңы", Әсел

Әділбекқызы "Зерделі зейін" номи-

нациялары бойынша марапатта-

лып, арнайы сыйлықтарға ие бол-

ды. Шара мерекелік ән-шашумен

қорытындыланды.

Білім саласында ғана емес, қо-

ғамдағы өзекті мәселелерді өткір

назарға алып, қоғамдық пікір қа-

лыптастырып жүрген басылымның

бес жыл ішіндегі белесі осындай. Аз

уақытта тұрақты оқырмандарымен

табысып, байыпты байланыс құра

білген баспасөздің бағындырар биігі

әлі алда.

Майра БОЛАТОВА

БАҒЫҢДЫ  СЫНА,

ЖАС  ТАЛАПКЕР!

тіндеп гранттардың грузиялық моде-

ліне көшуі тиіс. Яғни гранттарды вау-

черлерге алмастыру қажет, - деп атап

өтті министр.

Сонымен қатар ол осы жаңашыл-

дықты енгізудің тетіктеріне де тоқтала кетті. "Былай-

ша айтқанда, мемлекет түлекке ваучер береді, ол кез

келген университетке бара алады, егер жоғары оқу

орындарындағы оқу ақысы ваучер құнынан жоғары

болса, студент жетпей тұрған қаражатты өзі төлей ала-

ды. Егер жоғары оқу орнына бұл студент керек болса,

егер ол олимпиада жеңімпазы немесе керемет талант

иесі болса, онда бұл жағдайда мемлекет немесе жо-

ғары оқу орнының өзі грант бөлу арқылы көмек көр-

сете алады", - деді Е.Сағадиев.



«Ұстаз-ақпарат»

Қазақстанда білім беру гранттарын ваучерлерге

алмастыру мүмкін. Бұл туралы өткен сенбіде ҚР Бі-

лім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары

оқу орындары ректорларымен кездесуі кезінде

мәлім етті.

- Өткен аптада бұл мәселе талқыға салынды. Ол

жиынға мемлекеттік, жекеменшік және ұлттық уни-

верситеттердің ректорлары қатысты. Олар бірауыз-

дан гранттардың бірыңғай болғанын қолдап отыр.

Егер бұл өзгеріс енгізілетін болса, 2017 жылы енгі-

зілсе деген өтініштерін де айтты. Расында бұл өте

орынды. Ректорлардың пікірінше, Қазақстан бір-

ГРАНТТАР ВАУЧЕРЛЕРМЕН

АЛМАСТЫРЫЛУЫ МҮМКІН


4

БІЛІМ - ЕҢ МАҢЫЗДЫ АСПАП

Б.Гейтс

6 сәуір

2016 жыл

Мектебімізде 2015-

2016 оқу жылының ІІ жар-

тыжылдығына арналған

магниттік мектептермен

жұмыс жоспарына сәйкес

№166, 164, 242 мектептер-

дің бірлесе атсалысуымен

жаңа қадам, жаңа баста-

мамен "Жаңаша оқыту

бағдарламасы негізінде

өтілетін сабақтардың ерек-

шелігі" атты тақырыбын-

дағы семинар болып өтті.

Төрт мектеп магнитше

тартылып, басқа мектеп-

терді де қатарларына қо-

сып, жұмылған жұдырық-

тай жұмыс жасады. Шара-

да тағы бір ерекшелік, іс-

керлік пен шеберлікті, із-

деніс пен еңбекті керек

"Білім - инемен құдық қазғандай".

Білімнің көзі мектепте. Оны үйретуші

ұлағатты ұстаздар. Ұстаздың мәртебесі

білікті де білімді шәкірт тәрбиесіне бай-

ланысты. "Ұстаздық еткен жалықпас,

үйретуден балаға" деген тәмсіл осыдан

қалса керек.

Бала тәрбиесі - кез келген жанның қо-

лынан келе бермейтін іс. Мен де бала

кезімнен қызығы мен қиыншылығы

қатар жүретін осы ұлық мамандықты иге-

руді арман еттім. Мектепте жүргенде

ұстаздарымның үйреткенін ұғынып, олар-

дың ақыл-кеңесін әркез тыңдап жүрдім.

Ал, білім ошағын тәмамдап, үлкен

өмірге қадам басар тұста мен де мұғалім

болуға асықтым. Мақсатыма қол жеткі-

зу жолында 80 жылға жуық тарихы бар,

еліміздің түрлі салалары үшін кәсіби

білікті мамандар даярлайтын іргелі оқу

орны - Қорқыт ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университетінің қазақ тілі

мен әдебиеті мамандығы бойынша

біліктілікті игере бастадым.

Десе де, алған білімді тәжірибемен ұш-

тастыру - аталмыш мамандықтың негізгі

критерийі. Бітіруші курста педагогикалық

іс-тәжірибеміз Қызылорда қаласындағы

№4 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп-

те өтті. Бұл мектеп - облыс орталығын-

дағы білімді ұстаздарымен, оқу жүйесін-

дегі өзгешелігімен ерекшеленетін білім

ошақтарының бірі.

Мұғалімге аса қажеттілігі: педагоги-

калық мамандыққа бейімділік, балалар-

мен жұмыс істеуге айқын берілгендік,

балаларға деген сүйіспеншілік т.б. қаси-

еттер. Шынында да балалармен жұмыс

істеуге ынта-ықылас болмайынша, нағыз

мұғалім болу мүмкін еместігіне көз жет-

кіздік. Педагогикалық практика кезінде

мен коммуникативтік құзыреттілікті игер-

дім. Әр оқушымен жеке дара жұмыс жа-

сап, тікелей ата-анамен байланысты ны-

ғайту, оқушылардың өзін-өзі басқаруына

жағдай жасай білуі, еңбекке қатынасын,

үлкенді сыйлау т.б. мінез-құлықтарының

қалыптасуына ықпал ету әдістерін мең-

гердім.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері



мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжіри-

бесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын,

әрі күрделі мәселелердің бірі. Мұғалім

оқыту мен тәрбие салаларындағы орын

алып отырған бір мәселені шешу үшін түр-

лі әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың

оқушыларға ықпалын сабақ беру арқы-

лы бақылайды. Осы орайда бізбен бірге

педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп жүр-

ген студенттердің тәрбие жұмыстарымен

танысып, сабақтарына қатысып, олар-

дың оқыту мен тәрбие әдістерін өзіміздің

әдістермен салыстырып, тиісті қорытын-

дылар жасап отырдық. Оқыту әдісі - ди-

дактиканың ең басты құрамды бөлігінің

бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұ-

ны сияқты, оқытудың жалпы мақсатта-

ры және міндеттері анықталады. Оқыту

үдерісінің нәтижелі және сапалы болуы

оқыту әдістемесінің тиімді шығармашы-

лықпен жүзеге асырылуы десек, ол мұ-

ғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқа-

руы негізінде жүзеге асырылады.

"Педагогикалық технология" дегеніміз не?

Бұл жөніндегі В.П.Беспалько өзінің "Сла-

гаемое педтехнология" деген еңбегінде

былай дейді: "Оқу - тәрбие үрдісінің ал-

дын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және

оның жүзеге асу жобасы". Демек, техно-

логия қарапайым тілмен айтқанда, жүзе-

ге асатын, нақты мақсаттардың алдын-

ала ойластырылған нақты, яғни, белгілі

педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзе-

ге асатын жобасы. Ал, Безрукова оны мо-

дельдеу, жобалау, конструкциялау амал-

дарымен байланыстырады. Штейнберг

конструкторлық технологияға ерекше на-

зар аударып, ол ойды бейнелеудің маңы-

зын дәлелдеуге тырысады. Білімді тек сөз-

дік әдісі емес, бейнеге, жобаға, модельге

түсірудің жолдарынан іздене отырып,

оның өнімді білім берудегі орнына тоқта-

лады. Педагогикалық технология оқыту-

дың, білім берудің, жеке тұлғаны жан-

жақты дамытудың жаңа және нәтижелі

ізденістерін талап етеді. Баланың білім

алу, даму т.б. іс-әрекеттерін мақсатты

түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық

ету, білімді өз белсенділіктерімен алула-

рына түрткі жасау технологияның басты

белгілері болып табылатындығын ескере

отырып, өз сабақтарымызда тиімді қол-

дандық. Біз оқушылардың дербес ізденісі,

жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-

әрекеттерін ұйымдастыруға ерекше көңіл

бөлдік.


Жалпы педагогиканың әдістерінен әр

пәннің өзіне тән әдістері шығады. Қазақ

тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту

жұмыстарын мынадай әдіс-тәсілдер арқы-

лы жүзеге асырдық: сұрақ-жауап, сөйле-

су, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу,

көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс,

мәтінмен жұмыс т.б. Әр сабақ сайын та-

қырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі су-

реттер, кестелер, бейне материалдар, та-

қырыптар бойынша электронды оқулық-

тармен қатар, "кубизм" әдісі, кластермен

жұмыс, INSERT әдісі, мағынаны тану, ой

толғау, СТО, АКТ, т.б. әдіс-тәсілдер қол-

данылды. Сондай-ақ заман талабына сай

көптілді білім беру мақсатында, инди-

видтік тілдік білім, білік және дағдыларға,

тілдік және сөйлеу іс-әрекетіне жинақтал-

ған адамзаттың әлеуметтік мәнді тәжіри-

бесінің бір фрагменті саналатын бірнеше

тілді бір уақытта меңгеруі негізінде көптілді

тұлға етіп қалыптастырудың мақсатты ба-

ғытталған үштағанды оқытуды да сабақ

барысында тасада қалдырмадық. Өзіміз

қосымша оқып жүрген "Speak Englisһ"

курсының пайдасы орасан зор болды.

Біз өз тәжірибемізде оқушылардың

дербес ізденісі мен жаңа білімді өз белсен-

діліктерімен игеру іс-әрекеттерін ұйым-

дастыруға ерекше көңіл бөліп, қызық са-

бақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзін-

дік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері,

қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекше-

леніп, шәкірт жүрегінен орын алатынды-

ғына көз жеткіздік.

Мектеп түлектерінің де білім ордала-

рымен қоштасатын сәттері де таяп қалды.

Менің университетім әлемдік рейтингте

Азия мемлекеттерінің 718 жоғары оқу

орындары арасында 68-орнын, еліміздегі

21 жоғары оқу орындары арасында 4-

орынды иеленген оқу орнымды мақтан

тұта отырып, біз таңдаған мамандық иесі

болуға шақырамыз.



Жазира БЕКМАҒАНБЕТОВА,

ҚМУ-дің 4-курс студенті

Кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту, білім

беруді дүниежүзілік стандарттарға сәйкестендіру керек.

Себебі, ішкі еңбек нарығы жаңа ақпараттық техноло-

гиялармен қаруланған кәсіптік және техникалық білімі

бар кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап етуде.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі техни-

калық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді

жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағ-

дайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен

білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағат-

тардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен

біріктірілетін білікті мамандарды дайындау бағытында

білім беру саласында жүйелі жұмыстар жасалып келеді.

Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті ма-

мандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан

жағдайдың негізгі себебі - білім беру үрдісін ұйымдастыру

және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан

табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені

талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық

білім берудің алшақтап кетуі. Қалыптасқан жағдайда

теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою

мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді,

себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету - бұл жетіс-

тікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас ма-

мандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру

жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін

ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта

даярлау қажеттілігі туындайды.

Техникалық және қызмет көрсететін кадрларды

оқыту елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз

ететін орта буынды кәсіби мамандар даярлаудың негізін

қалайды. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму

міндеттері ауқымының жедел қарқынмен өсуіне бай-

ланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің

кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі

туындап отыр.

Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін енгізу келесі

мәселелерді шешу арқылы келесідей мүмкіндіктерге

қол жеткіземіз.

1.Талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі;

2.Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы,

студенттер контингентінің жоғарылауы;

3.Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына

қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағ-

дарламаларын әзірлеу;

4.Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социа-

лизация, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін

біліктіліктің дамуы;

5.Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қа-

жетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, еңбек нары-

ғында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;

6.Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;

7.Бітірушілерді жұмысқа орналастыру, жұмыссыз-

дықтың қысқаруы;

8.Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;

9.Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілетті-

лігін жоғарылату.

Бұл мақсатқа жетуде өз пәнін жетік білетін, кәсіби

дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдық-

қа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын оқыту-

шылар мен оқу өндірістік шеберлері даярлау маңызды.



Әйгерім НҰРМАҒАНБЕТОВА,

Құрылыс және бизнес колледжінің өндіріс шебері

ететін, ұтқыр ой, ұтымды

ұсыныстарын, бала бойына

қалай оқу қажеттігін қа-

лыптастыру барысындағы

өз іс тәжірибелеріндегі ең

бір үздік тұстарын паш ете-

тін "Идеялар аукционын"

өткізді. Ой тарқатып, сыр

бөлісу, кеңесу, шешімін

таппай жатқан мәселелер-

дің түйінін тарқатуда "Ше-

берлік пен көшбасшылық",

«Айтуға оңай» сыр-сұхбаты

ұйымдастырылды.

Семинарға аудандық

білім бөлімінің әдіскерлері

Н.Аширова, Д.Айдарова

бастап келген 18 мектептің

көшбасшы мұғалімдері,

Шиелі ауданы №181 орта

мектебінің ұстаздары қа-

тысқан семинар "Еңбек үз-

діксіз үйренгендіктің арқа-

сында жеңілдей түседі"

дегенді өз кредоларына

айналдырғандай әсер етті.

"Идеялар аукционы" үш

мәселені қамтыды. Қысқа

мерзімді сабақ жоспары,

сабақта қолданылатын жа-

ңаша әдіс-тәсілдер, ресус-

тар, яғни көрнекілік, ке-

ректі құрал-жабдықтар.

Оқыту әдістерін жетіл-

діру бүгінгі күннің басты

мәселесі. Сабақтың қалай

өтілетіндігі, қол жеткізер

нәтиже сол сабаққа жаса-

лынатын жоспарға байла-

нысты. Осы мәселе бо-

йынша №164 орта мекте-

бінің ІІІ деңгейлі мұғалімі

Ж.Кеңесқызы сабақты

БЛУМ таксономиясы ар-

қылы жоспарлау ең тиімді,

жүйелі, баланың оқу, ойлау

қабілеттерінің дамуына оң

ықпал ететіндігіне тоқта-

лып, өз тәжірибелерімен,

жеткен жетістіктерімен

таныстырды. Ал, №242, 166

орта мектебінің көшбасшы

мұғалімдері М.Тайшықов

пен Ж.Омарова жаңаша

оқыту бағдарламасы негі-

зінде жаңаша әдіс-тәсіл-

дерді баланың жас ерекше-

лігіне қарай таңдаған идея-

ларымен бөлісті. №194 орта

мектебінің ІІІ деңгейлі мұ-

ғалімі Г.Сәрсенбекова өз

мектебінде қолданыстағы

"Ашық журнал", жаңаша

сипаттағы флипчарттар-

мен, т.б. таныстырды. Әр

таныстырылым аяқталған

соң дауыс берілді. Соның

нәтижесінде ұсынылған

идеялар қолданысқа жа-

рамды, үздік деп табылды.

"Кәсібилік пен көшбас-

шылық" «Айтуға оңай» сыр

сұхбаты да өте жоғары

деңгейде, тартымды өтті.

Сыр-сұхбат қонақтары

Ш.Кансейтова, М.Аман-

баева, А.Торғаева, Р.Ахме-

това аталмыш тақырып

төңірегінде өз ойларымен,

естеліктерімен бөлісті. Се-

минардың жоғары деңгейде

өтуіне №194 орта мектебінің

директоры М.Шалысбаев-

тың, І деңгейлі көшбасшы

мұғалім Ш.Кансейтованың,

ІІ деңгейлі М.Торғаевтың

еңбектері атап өтуге тұрар-

лықтай. Семинарға қатысу-

шылар теорияны практика-

мен ұштастырудың қыр-

сырына қанығып, көптеген

жаңа дүние үйреніп, көп

нәрсені көңілге түйді.




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал