60 жылдық және 2004 жылы 70 жылдық мерейтойлары қаржылық жағдайларға байланысты салтанатты



жүктеу 400.51 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата16.01.2017
өлшемі400.51 Kb.
  1   2   3   4

Кез-келген мәселенің түйіні қаржыға келіп тірелетіні 

белгілі. Бұны айтып отырған себебіміз аудандық ресми 

басылым – «Жалағаш жаршысы» газетінің 1994 жылы 

60 жылдық және 2004 жылы 70 жылдық мерейтойлары 

қаржылық жағдайларға байланысты салтанатты 

түрде өтпей қалды. Ал биыл 2014 жылы 10 қаңтарда 

аудандық газеттің шыға бастағанына 80 жыл толды. 

Соған орай аудан әкімі Т.Дүйсебаевтың қолдауымен  

аудандық басылымның мерейтойы биылғы жылдың 

28-қарашасына белгіленіп, іс-шарасы бекітілген 

болатын. Аудан әкімінің қаржылық демеушілігімен 

«Жалағаш жаршысы» газетінің 80 жылдық тарихы, 

қызметкерлері мен ардагерлері жайлы жинақ кітап 

шығарылды, мерекелік медальдар жасалынды.

Тойдың  болғанынан  боладысы  қызық.  Міне  көптен  күткен 

қуанышты күн де келіп жетті. Қараша айының 28-ші жұлдызында 

таңертең облыстық, аудандық ақпарат құралдарының басшылары 

мен  өкілдері,  ардагерлер,  арнайы  шақырылған  қонақтар  және 

аудан  жұртшылығы  аудандық  мәдениет  үйіне  жинала  бастады. 

Аудандық газеттің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты 

жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Ө.Елеусінов кіріспе 

сөз  сөйлеп  ашып,  басылымның  тарихы  мен  тіршілік-тынысы 

жайлы  баяндады.  –Аудандық  басылымның  тарихы  бұл  біздің 

әкелеріміздің  жүріп  өткен  ғибратты  жолы,  ғұмыры  десек 

болады,-деді  Ө.Тұрымбетұлы.  «Колхозшы»  газетінің  тұңғыш 

редакторы  Сақи  Жарылқасыновтан  бастап  аудандық  газетте 

қаншама  әкелеріміз  еңбек  етті.  Газеттің  өсу  жолы,  толысуы, 

салихалы басылымға айналуы осы әкелеріміздің еткен еңбегінің 

жемісі екені даусыз. Елімізге танымал азаматтар – халық ақыны 

Төлеубай  Үркімбаев,  қазақтың  айтыс  өнерінің  қайта  тірілуіне 

үлес  қосқан  Темірше  Сарыбайұлы,  елімізге  танымал  қаламгер 

Мырқы Исаев, қаламгер-журналистер Смайыл Ақжігітов, Ауқат 

Смайылов, Сұлтан Қожаниязов, Жүсіп Алтыбаев, Адис Ахетұлы, 

Сұлтан Жүсіпов, Баймахан Уызбаев сынды әкелеріміздің жолын 

кейінгі  ұрпақ  жалғастырып  келеді.  Өткен  ғасырдың  соңында 

еліміз  тәуелсіздігінің  алғашқы  жылдарындағы  қиыншылықтар 

қаламгерлер  қауымын  айналып  өткен  жоқ.  Баспаханалар  мен 

редакция ұжымдары нарық қиыншылықтарымен бетпе-бет келіп, 

кейбір  басылымдар  жабылып 

жатты.  Алайда    сол  бір  қиын 

сәттерде  газет  ұжымына  аудан 

басшылығында  болған  азамат-

тардың,  халықтың  қолдау-

көмегінің  болғанын  айтуымыз 

қажет. Осының арқасында газет 

сол  қысылтаяң  кезеңдерден  де 

сүрінбей  өтті.  Жаңа  заманға, 

уақыт  талаптарына  бейімделіп, 

қайта құрылды.

Уақыт  көші  тоқтамайды, 

80  жыл  біздің  жүріп  өткен 

жолымыз, бұл біздің тағылымға 

толы  тарихымыз.  Қоғамдағы 

сан  қилы    сындарлы  сәттерде 

аудандық  басылым  әрдайым 

елдің 

кемел 


келешекке 

деген  үмітін  оятып,  жарқын 

болашаққа 

бастап 


келеді. 

Айлар  өтер,  жылдар  өтер, 

тарих  доңғалағы  айнала  берер. 

Бір  ғасырға  жуық  ел  үшін 

қызмет  еткен  аудандық  төл 

басылымның  әрбір  күні,  әрбір  сәті  біздің  еліміздің  тарихының 

жарқын беттері болып қала береді. Барша ңызды бүгінгі аудандық 

«Жалағаш  жаршысы»  газетінің  80  жылдығы  мерекесімен 

құттық таймын. Қаламгерлер қауымына шығармашылық табыс, 

дендеріне саулық, отбасыларына аманшылық тілеймін.

Құттықтау  сөзден  кейін  Ө.Елеусінов  бір  топ  облыстық, 

аудандық  ақпарат  құралдарының  қызметкерлері  мен  ардагер 

журна листерге    мерекелік  медаль дарды  табыс  етті.  Сондай-

ақ  баспасөз  саласындағы  жемісті  еңбектері  үшін  аудандық 

газеттің  іс-жүргізушісі  Жанат  Иманәлиеваға  облыс  әкімінің 

«Құрмет  грамотасын»,  «Сәйгүлік»  шаруа  қожалығының 

төрағасы Қабыланбек Нұрмағанбетовке аудан әкімінің «Құрмет 

грамотасын»,  «Жалағаш  жаршысы»  газетінің  қызметкерлері 

Нұрсұлтан  Қазбеков,  Алтын  Ізтілеуова,  газеттің  белсенді 

авторлары  Болатбек  Нұржанов,  Роза  Көшекбаева,  “Жалағаш 

жаршысына” жыр арнаған жас ақын №117 мектептің оқушысы 

Әбдішахитқызы  Нарқызға  аудан  әкімінің  «Алғыс  хаттарын» 

салтанатты түрде тапсырды. 

Салтанатты  шарада  кезекпен  сөз  сөйлеген  ақын,  ардагер 

журналист,  Қазақстан  Жазушылар  Одағының  мүшесі 

Ә.Рахымбеков,  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының 

Қызылорда облыстық филиал басшысы, «Тіл сақшысы» газетінің 

редакторы  С.Аңсат,  «Сыр  медиа»  ЖШС  бас  директорының 

орынбасары    Қ.Шарабидинов,  «Халық»  газетінің  редакторы 

Н.Әбжанұлы,  аудандық  мәслихат  хатшысы,  аудандық  газеттің 

бұрынғы  редакторы  К.Сүлейменов,  облыстық  «Сыр  бойы» 

газетінің  қызметкері  Б.Бердібаев,  Халықаралық    «Заман-

Қазақстан» газетінің аймақтық тілшісі Б.Бүркітбаев, Қармақшы 

аудандық  «Қармақшы  таңы»  газетінің  бас  редакторы  А.Үсен, 

ардагер журналист Р.Жарылқасынов, аудан ардагерлер кеңесінің 

төрағасы С.Алиев тағы да басқа азаматтар мерекемен құттықтап, 

жүрекжарды  лебіздерін  білдірді.  Сексен  жылдық  тарихы  бар 

газетте қызмет етіп өмірден өткен баспагерлер мен журналистер 

жайлы естеліктер айтты. Газет қызметкерлеріне шығармашылық 

табыс  тіледі.  Аудан  әкімінің  орынбасары  Қ.Мұстафаева, 

аудандық газеттің бас редакторы Ғ.Әбілда мерекеге шақырылған 

қонақтарға  алғыстарын  айтып,  сый-сияпаттарын  табыс  етті. 

Салтанатты  шара  барысында  газеттің  тарихы  мен  шежіресі 

жайлы көріністер көрсетіліп, аудандық мәдениет үйінің көркем 

өнерпаздары әннен шашу шашты. 

Сол күні Т.Жүргенов атындағы №123 мектебінде аудандық 

газеттің  алғашқы  редакторы  С.Жарылқасынов  атындағы 

бастауыш  сынып  оқушылары  арасында  дойбыдан  турнир  өтті. 

Аудандық  оқушылар  үйінде  «Қаламгерлік  -  әлемнің  құпиясы» 

деген тақырыпта облыстың белгілі журналист жазушыларымен 

мектеп  оқушыларының  кездесуі  болып,  онда  дөңгелек  үстел 

басында журналистика және газет жұмысының қыры мен сыры 

жайлы  пікір  алысты.  Сол  күні  түсте  аудан  орталығындағы 

«Ал-Нұр»  мейрамханасында  аудандық  «Жалағаш  жаршысы» 

газетінің  сексен  жылдық  мерейтойына  арналған  мерекелік 

дастархан ұйымдастырылды.

Сөз  соңында  қаламгерлер  мерекесіне  рухани  қолдау 

көрсеткен  аудандық  білім  бөлімі,  аудандық  дене  шынықтыру 

бөлімі  басшыларына  және  қаржылай  қолдау  көрсеткен 

Бұқарбай  батыр  ауылдық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы 

Қ.Нұрмағанбетовке алғысымызды білдіреміз.

Серік БЕРТАЕВ,

Маханбет АХМЕТОВ

 (сурет).

№91 (9066)

4 желтоқсан,

бейсенбі,

2014 жыл

80 жыл

«ЖАЛАҒАШ  ЖАРШЫСЫ» – 

ЖАҢА  БЕЛЕСТЕ

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Аудандық ардагерлер кеңесі Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының даму 

бағдарламасы  (БҰҰДБ)  шеңберінде  гранттық  конкурсқа  қатысып,  бұл  жобаны 

жеңіп алды. Бұл жобаның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға белсенді 

еңбекпен айналысуға жағдай жасау.

Аудандық ардагерлер кеңесі аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды зерттеп, 

оның  ішінен  5-ін  таңдап  алынды.  Ақарық  ауылынан  I-топ  мүгедегі  Есжанов  Дастан 

инкубатормен жұмыс жасауды алдына мақсат еткен. Осы  мақсатты жүзеге асыру үшін 

жоба бойынша 300 000  теңгеге инкубаторды іске қосу үшін қажетті құрал жабдықтар, 

балапандарды тамақтандыру үшін жемдер алынып берілді. Бұқарбай батыр ауылының I - 

топ мүгедегі Бодықов Темірбекке аяқ киім жөндеу жұмыстарымен айналысу үшін 320 000  

теңгеге құрал-жабдықтар, аяқ киім тігуге жөндеуге қажетті материалдар алынды. Ал, кент 

тұрғындары мүгедектер:  Айдаркулова Еркегулге асхана ашу үшін 300 000 теңге асханаға 

қажетті  құрал-жабдықтары  алып  берілсе,  ал  Төлемісов  Мейрамбекке  175000  теңгеге 

шаштараз ашу үшін құрал жабдықтар алынып берілді.

Үйінен тігін цехын ұйымдастыру үшін науқастығынан мүгедек  Қазыбекова Замираға 

310 000 теңгеге тігін машиналар мен материалдар алынды. Жоба бойынша алынған заттар 

қайтарымсыз, мүгедектерге жәрдем есебінде жұмыс істеп, табыс табу үшін берііліп отыр. 

Негізгі  мақсат    мүмкіндігі  шектеулі  азаматтарды  белсенді  еңбекпен  қамту.  Олардың 

қасында тағы да бір-бір адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Жұмысқа  тартылған  барлығын  кәсіптерін  одан  әрі  жүргізу  үшін,  арнайы  семинар-

тренинг ұйымдастырылды. Қарашаның 26-27 күндері өткен семинар кеңеске Қызылорда 

қаласынан арнайы білікті маман шақырылып,   кәсіппен айналысудың қыр-сырын меңгеру 

үшін «Өз ісіңді баста» деген тақыырыпта екі күндік семинар – тренинг ұйымдастырылып, 

қатысушылар  арнайы  бағдарлама  бойынша  оқу  ұйымдастырылды.  Семинар-тренинг 

«Жалағаш ауданы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге 

асты.

Д.ҚОЖАҒҰЛОВА,

аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы.

ЕҢБЕКПЕН АЙНАЛЫСУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ

СЕМИНАР


СЕССИЯ

Қараша  айының  27  жұлдызында  аудан 

әкімі  аппаратының  мәжіліс  залында  аудандық 

мәслихаттың  кезектен  тыс  қырқыншы  сессиясы 

болып өтті. Сессия төрағасы, депутат Б.Сыздықов 

кезектен тыс сессияның күн тәртібінде  қаралатын  

бір  мәселе-«2014-2016  жылдарға  арналған  

аудан  бюджеті  туралы»  Жалағаш  аудандық 

мәслихатының    2013  жылғы  25  желтоқсандағы 

№27-2  шешіміне  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу  туралы  екенін  хабарлады.  Бұл  мәселе 

бойынша    аудандық  экономика  және  бюджеттік 

жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы 

Ж.Баймаханова  хабарлама  жасады.  Сессияда 

аудандық  мәслихат  хатшысы  К.Сүлейменов, 

депутат  Ж.Төремұратовтар  бюджетке  енгізілген 

өзгерістерді  мақұлдап сөз сөйледі. 

Сессияда  күн  тәртібінде  қаралған  мәселе 

бойынша  тиісті  шешімдер    қабылданды.  Сессия 

жұмысын  аудан  әкімінің  міндетін  атқарушы  

Ө.Елеусінов қорытындылады.

Серік БЕРТАЕВ.

МЕРЕЙТОЙ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ 

2014 ЖЫЛҒЫ 11 ҚАРАШАДАҒЫ «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР 

ЖОЛ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН 

ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП 2014 ЖЫЛДЫҢ 

27 ҚАРАШАСЫНДА ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ. 

«НҰРЛЫ   ЖОЛ – КЕМЕЛ 

КЕЛЕШЕК  КЕЛБЕТІ»

АНТ АУДАНЫМЫЗДА

Аудан  әкімдігінің  мәжіліс  залында 

өткен  саяси  жиынға  аудандық  атқарушы 

органдар 

басшылары, 

бюджеттік 

мекемелер  қызметкерлері,  аудан  активі, 

қоғамдық  ұйым  өкілдері  қатысты.  АНТ 

мүшелерімен  кездесуді  аудан  әкімінің 

орынбасары  Қ.Мұстафаева  ашып,  сөз 

сөйледі:


-  Егемен  еліміздің  әлеуметтік-

эконо микалық,  саяси  дамуын  жақсарту 

мақсатында  Елбасымыз  жыл  сайын 

Қазақстан  халқына  бағыттап  бағдар, 

айқындап  міндет  жүктей  отырып, 

атқарылған 

жұмыстарды 

таразыға 

салады. Соның нәтижесінде іргеміз берік, 

керегеміз  кең,  тұрмысымыз  тұрақты, 

бәсекеге қабілетті ел атанып, әлемдік елу 

елдің қатарына қосылдық. 

Қазақстан  Республикасының  тұрақты 

және  өркениетті  дамуына  серпін  берген 

Елбасымыз 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы 

Назарбаевтың  1997  жылы  қабылдаған 

«Қазақстан-2030»  стратегиялық  даму 

бағдарламасына сай жыл сайынғы дәстүрлі 

халыққа бағытталған Жолдаулары биылғы 

жылы да өз жалғасын тапты.

Үстіміздегі  жылы  11  қараша  күні 

«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің 

кеңейтілген отырысында Елбасы «Нұрлы 

жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты 

Жолдауын  Қазақстан  халқына  жолдады. 

Жаңа  экономикалық  саясатқа  көшуге 

бағытталған  бұл  Жолдау  Қазақстанның 

дамыған  30  елдің  қатарына  қосылу 

мақсатына  жетудің  басты  бағдары. 

Қазіргі  таңда  республикалық  ақпараттық 

топтар  Жолдаудың  негізгі  ережелерін 

түсіндіру  мақсатында  еліміздің  барлық 

аймақтарында  тұрғындармен  кездесулер 

өткізуде, - деді. 

Сөз  соңында  осындай  мақсатпен  

ауданы мызға  келген  Республикалық 

ақпараттық  наси хаттық  топ  өкілдері  - 

Қазақстан  Республикасы  Парламенті 

Мәжілісінің  депу таты  Тұртаев  Алмас 

Ұзақұлы, 

Қазақстан 

Республикасы 

Инвестициялар  және  даму  министрлігі 

Туризм 


индустриясы 

департаменті 

директорының 

міндетін 

атқарушы 

Дүйсенғалиев 

Тимур 

Талашұлы 



және  Қызылорда  облысының  еңбек 

саласындағы 

бақылау 

басқармасы 

басшысының  орынбасары  Хасанов  Өтеп 

Исмайлұлын  аудан активіне таныстырды.

Жиынды одан әрі жүргізген Қаншагүл 

Шоңмұрынқызы  алғашқы  сөз  кезегін 

ҚР  Парламент  Мәжілісінің  депутаты 

А.Тұртаевқа ұсынды.

-  Құрметті  жиынға  қатысушылар, 

Елбасы ның  «Нұрлы  жол  –  болашаққа 

бастар  жол»  атты  Жолдауын  бұқара 

арасында 

насихаттау 

мақсатында  

еліміздің әр аймағында осындай жиындар 

өткізіліп  жатыр.  Себебі,  мемлекет 

басшысының  жыл  сайынғы  Жолдауын 

әрбір 


қазақстандық 

азамат 


үлкен 

үмітпен  күтетіні  рас.  Жолдау  арқылы 

елдің  өміріне  жағымды  жаңалықтар,  

жаңа  серпін,  тың  бастамалар  енеді.  Сол 

секілді  бұл  жолы  да  халқымыздың  өмір 

сапасын  жақсарту  бағытында  көптеген 

міндеттер 

айқындалды. 

Жолдаудың 

барлық  тараулары  мемлекеттің  мығым 

мүмкіншілігін айқын көрсетіп, жетістікке 

апарар  түзу  жолды  нұсқайды.  Бір  сөзбен 

айтқанда,  әрбір  қазақстандық  азаматтың 

әл-ауқатын  арттыруға  елімізде  барлық 

мүмкіндіктер  бар.  Осы  орайда  біздің 

мақсатымыз  –  Жолдауда  нақтыланған 

жоспарларды  жүзеге  асыруға  барынша 

үлес қосу, - деді А.Тұртаев.

Келесі 

сөз 


кезегін 

алған 


Т.Дүйсенғалиев «Нұрлы жол – болашаққа 

бастар  жол»  -  жаңа  экономикалық 

саясаттың  тұғыры,  инфрақұрылымдық 

дамудың  жоспары  екеніне  тоқталды. 

Сонымен бірге, алдағы 2015 жыл – ұлттық 

тарихымызды  ұлықтау  және  бүгінгі 

биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі 

белестер  жылы  екенін,  елдің  тұтастығы 

мен  бірлігі,  татулығы  мен  тыныштығы 

басты назарда екенін ерекше атап өтті. 

Ақпараттық – насихаттық топ мүшесі 

А.Сыздықова  Дүниежүзілік  денсаулық 

сақтау  ұйымының  «Денсаулық-2020» 

саясатына  сәйкес,  елімізде  жаңа  ұлттық 

бағдарлама әзірленетінін айтып өтті. 

- Бүгінгі жиын осы жоспарды іске асы-

ру бағытындағы алғашқы қадамның бірі. 

Соны мен  қатар  «Саламатты  Қазақстан» 

мем лекеттік  бағдарламасының  өзіне 

дейінгі 


бағ дарламалардан 

басты 


ерекшелігі 

– 

халық 



денсаулығын 

сақтау  ісіне  бүкіл  қоғамның  күш-

жігерін  біріктіруге,  яғни  сектораралық 

өзара  іс  әрекеттестікті  нығайтуға  күш 

салды.  Азаматтардың  денсаулығына 

тек  мемлекет  емес,  жұмыс  берушілер 

және  адамдардың  өздерінің  ортақ 

жауапкершілігін  қалыптастыруға  ерекше 

көңіл  бөліне  бастады,  -  деп  саланың  

соңғы жетістіктерін атап көрсетті.      

Кездесуді  қорытындылай  келе  аудан 

әкімінің  орынбасары  Қ.Мұстафаева:-

Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы  жол  – 

болашаққа бастар жол» атты Жолдауында 

жаңа міндеттер айқындалып, атқарылатын 

жұмыстар  нақтыланды.  Бұл  міндеттер 

баршамызға  да  үлкен  жауапкершілік 

жүктейді,-деп  Жолдаудан  туындайтын 

тапсырмалардың  жүзеге  асы рылуына 

Жалағаш  ауданының  тұрғындары  да 

өзіндік  үлестерін  қосатынына  сенім 

білдірді.

Арнайы  жұмыс  сапары  барысында 

Республикалық ақпараттық – насихаттық 

топ  мүшелері  Елбасының  Жолдауын 

халық  арасында  кеңінен  түсіндіру 

мақсатында  Бұқарбай  батыр,  Аққұм 

ауылдық  округтерінің  тұрғындарымен 

кездесті.  

Бұқарбай  батыр  ауылында  өткен 

жиын да  ауылдық  ардагерлер  кеңесінің 

төр ағасы Қ.Нұрмағанбетов, ауыл тұрғыны 

Қ.Кенжеғұловтар, Аққұм ауылында өткен 

кездесуде  ауыл  тұрғыны  Қ.Райымбеков  

ой-пікірлерін  ортаға  салып,  Жолдауда 

айқындалған  міндеттерді  жүзеге  асыруға 

ел  болып,  үлес  қосатындықтарын 

жеткізді. 

Ғазиза ӘБІЛДА,

“Нұр Отан” партиясы аудандық 

филиалының Саяси кеңес мүшесі.

АҚЫНДЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

Үстіміздегі  жылы  5  желтоқсан  күні  сағат  11.00-де  аудандық  мәдениет  үйінде 

жерлесіміз,  ақын-журналист  Зордан  Салықбаевтың  туғанына  70  жыл  толуына 

байланысты  “Армандап  өткен  ғұмыр”  деген  тақырыпта  еске  алу  кеші  өтетінін 

хабарлаймыз. Келемін деушілерге есік  ашық.


№91    (9066)   04.12.2014

2

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық  округ әкiмінің аппараты

496039

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету



349014

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

147025

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету



8712

Балаларға қосымша  бiлiм беру

55181

Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске



асыру жөніндегі қызметтер

3346


Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

4550


Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

9606


Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

1500


Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және 

абаттандыру

4986

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

67389

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық  округ әкiмінің аппараты

14341

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету



14341

Жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

28875

Жергiлiктi өкiлеттi органдардын шешiмі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына  әлеуметтiк көмек                                                                                        



3730

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар

4512

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету



1031

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет 

көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету

5011


Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

2235


Жергілікті деңгейде халық үшін  әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты 

іске асыру жөніндегі қызметтер 

4644

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу



10

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

3000

Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық

53521

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

150

Көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізу



150

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

18451

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiн жобалау, салу және (немесе) сатып алу



17865

Инженерлiк коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу

586

Коммуналдық шаруашылығын дамыту



311

Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

9091

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл , ауылдық  округ әкiмінің аппараты



23575

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

5823

Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету



15137

Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу

115

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 



2500

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

1632

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру 



1632

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттык кеңістік

139339

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл , ауылдық  округ әкiмінің аппараты

91020

Жергілікті деңгейде мәдени- демалыс жұмысын қолдау



91020

Мәдени- демалыс жұмысын қолдау

14481

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті  қамтамасыз ету



8935

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

12000

Мәдениет объектілерін дамыту



12000

Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт 

жарыстарына қатысуы

5520


Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі

1776


Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

2000


Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 

300


Телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер

1500


Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

257


Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында  мемлекеттік саясатты 

іске асыру жөніндегі қызметтер

750

Жастар саясаты саласында іс-шараларды iске асыру



800

 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер 


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 400.51 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет