"№6 Хромтау гимназиясы" мемлекеттік мекеме Сыныптан тыс шаралар



жүктеу 334.58 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата24.02.2017
өлшемі334.58 Kb.
  1   2   3   4

 

 

 



 

"№6 Хромтау гимназиясы" мемлекеттік мекеме 

 

 

 

Сыныптан тыс шаралар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Қозғалыстың жас инспекторлары «Қыран» жасағының сәлемдесуі 

 

Олар- жол қозғалысының қырандары



Олар-адам өмірінің сақшылары. 

Олар-жол-көлік ережесін үйрететін, 



Қозғалыстың жас инспекторлар жасағы. 

Билеп шығады. 

Сіздердің алдарыңызда  көңілді, әдемі, талантты,білгір, қарапайым  

қозғалыстың жас инспекторлар жасағы «Қыран». 

Бірге:  Сәлем достар! 

Білесіздер ме, қозғалыстың жас инспекторлары бар жерде жол қозғалысы одан сайын 

жақсарады. Біздерді мектептегі оқушылар, бала-бақшадағы балалар , тіпті үлкендер де күтеді  . 

Себебі: 


Бірге: 

Ережені оқып, сақтай  білуге, 

Үйретеді  жас инспектор  әрқашан! 

Гаухар: 

Өмір – сенің қуанышың, байлығың, 

Өмір – сенің жан-тәніңнің саулығың. 

Сақта оны, аялап өт әрдайым, 

Қадағала көңіліңнің жайлығын.     

Тамерлан: 

Көлік – қазір тіршіліктің тірегі, 

Өміріңде көп қой оның көмегі. 

Сол көлікті игілікке пайдалан, 

Сонда ғана болар оның керегі.    

Құрманғали

Бұзба жолдың ережесін ешқашан, 

Сақтап отыр талаптарын әрқашан. 

Жол белгісі тек әшейін нәрсе емес, 

Қорғайды олар назар салып сақтансаң.  

Нұрдаулет: 

Сол үшін де біздер көмек береміз, 

Қиындықты алдын ала көреміз. 

Ескертеміз, жөн сілтейміз, айтамыз, 

Сақтанудың жөн екенін білеміз.      

Тамирлан: 

Жол сақшысы сол себептен тұр алда, 

Ол қамқорың - жөн сілтеуші қырандар. 

Сол себептен алдарыңа келіп тұр, 

Аты менен затынына сай «ҚЫРАНДАР»!     

Тамирлан: 

 

Биыл қозғалыстың жас инспекторлар жасағының құрылғанына 40 жыл .  



Олай болса, барша қозғалыстың жас инспекторлар жасағын  төл мерекелерімен құттықтаймыз. 

Бейне ролик арқылы жасаған жұмыстар көрсетіліп тұрады. 

Ән: Чудесный город» әуенімен 

Таңқалдырар бар әлемді

Жас инспекторлар әдемі, 

Мақтанышы  қазағымның. 

Игі  істерімен әйгілі. 


 

 

 



Күннен күнге құлпыратын, 

Армандарға  жол ашатын. 

Еліміздің  мақтанышы, 

Қырандары   қозғалыстың. 



Қайырмасы: 

Қыран- қозғалыс инспекторлары, 

Қыран- жол қозғалыс сақшылары. 

Қыран  - көмекшісі МАИ-дың, 

Құттықтаймыз  сіздерді! 

ЮИД – сказочный город мечты,  

ЮИД- будем  с тобою мы  расти. 

ЮИД-мы поздравляем тебя, 

И счастье желаем тебе! 

 

  «Ғажайыптар елінде» атты үгіт-насихат жұмысы 

Мақсаты:  Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте 

сақтауға  үйрету. Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге  тәрбиелеу; 



Музыка ойналып тұрады. 

Жас инспектор: 

Ережесіз жүргенде бәрі орманда, 

Бағдаршамды көтеріп, 

Алып келді аю, орманға. 

Содан барлығы жиналып: 

Кірпі: Құрманғали 

Бұл дегенің түк те емес! 

Бағдаршам тоқсыз, сымсыз істемес. 

Егер ол жөнімен жанбаса, 

Онда бұған қарап тұру далбаса. 

Қасқыр: Тамерлан 

Мен кірпімен келісем! 

Ол жұмыс істеп тұрғанмен қандай пайда? 

Қоянды қуып келе жатқанда қызыл жанса, 

Кім тоқтап тұрсын ,Қоян ба? 

Сондықтан маған бәрі бір, жанса да қызыл, жасыл да 

Жүгіре берем, жүгіре берем, жасылға. 

Қоян: Нұрдәулет 

Мен де жүгіріп келе жатқанда, 

Кешіріңіз! Қарау мүмкін емес бағдаршамға. 

Тышқан: Сержан 

Маған де керек емес! 

Өзім-ақ қазып алам жер асты жолын. 

Үкі: Махамбет 

Мен ұшып жүрем. 



Жас инспектор: 

Бұларың не, достар! 

Барлық жолда бізге жақын, 

Бағдаршам бізге көмекші. 

Ол әрқашан ескертеді

Түсімен жол жүруді. 

-Ал сендер ғажайыптар  еліне барғылар келе ме? 

Бәрі: 

-Онда не бар? 



Жас инспектор: 

 

 

 



-Онда сиқырлы бағдаршам және ғажайып  жол белгілері бар. 

Бәрі: 

Ендеше не істеп тұрмыз барайық. 



«Ертегілер» әні орындалып  үш бала билеп шығады.  

Ғажайыпқа келдің 

Таң ата сіз бүгін 

Ертегі әлемнің қызығына жүріп 

Нұрына шомыласың бүгін. 

Жол белгілері көркем 

Әдемі  бұл неткен! 

Бағдаршам сөйлейді, 

Белгілер тербейді 

Қандай ғажап ,міне, неткен! 

Қайырмасы: 

Жол белгілер, жол белгілер, 

Неткен ғажап, көркемсіңдер. 

Әлемге бүгін ережені  

Үйретесіңдер сендер. 

Жол белгілері: 

-Ғажайыптар еліне қош келдіңдер! 



Бағдаршам: Тамирлан 

Қайғысыз өмір сүруге, 

Жүгіріп, ұшып, жүзуге. 

Ереже білу міндетің 

Сақта  мұны есіңде! 

Қасқыр: 

-Не деген, ғажап!!! Біз, енді жол белгелерін үйренгіміз келеді. 



Бәрі : 

Менде, менде........../шуласып/ 



Бағдаршам: 

Жарайды, ендеше мұқият тыңдаңдар! 

Музыка  әуенімен ортада жол реттеушісі, айналасында төрт бала жол белгілерін көрсетіп 

жүреді. 


Гаухар: 

Ешқашан жол ережесін, 

Бұзбас үшін балалар! 

Әр түрлі көп белгілерді, 

Есте сақтаған жөн болар. 

Жол белгілері 7 топтан тұрады. 



1оқушы:  Нұрай 

Ескерту белгілері. Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында 

жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді. 

2оқушы:  Сержан 

Басымдылық белгілері. Бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің 

көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту кезектілігін белгілейді. 

3оқушы: Махамбет 

Тиым салынатын белгілер. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс 

атаулының бәріне тиым салады. 

4 оқушы: Нұрай 

Нұсқау белгілері. Бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін 

жерлерді көрсетеді, қандай да  болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы 

қозғалысына рұқсат береді. 



5 оқушы: Тамерлан 

 

 

 



Ақпараттық-көрсеткіш белгілер. Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға , жаяу 

жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын т.с.с 

туралы хабарлайды. 

6 оқушы: Нұрай 

Қызмет көрсету белгілері. Тиісті обьектілердің орналасуын хабарлайды. 



7 оқушы: Нұрай 

Қосымша ақпарат белгілері. Қосымша ақпарат белгілері өздерімен бірге пайдаланылатын 

белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді. 

Жас инспектор: 

-Достар,естеріңде болсын! 



1оқушы: Гаухар 

Көшеден өтерде бағдаршамға назар аудар. 



2оқушы: Тамирлан 

Жол ортасында ойнау қауіпті. 



3оқушы: Тамерлан 

Көшеде тек жаяулар өтпелері бойынша өт. 



4 оқушы: Құрманғали 

Жол қиылысында аса абай бол. 



5оқушы: Әмірхан 

Мектепке барарда көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал. 



6 оқушы: Лаура 

Құрметті ата-аналар! Жолда жүру ережелерін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар! 



7 оқушы:Нұрай 

Құрметті жүргізушілер! Жолда кішкентай жаяу жүргіншіні немесе велосипедшіні көрсеңіз, 

ерекше назар салыңыз, өйткені олардың іс-қимылын болжау қиын. 

8 оқушы:Сержан 

Қай көше , қай қалаға барсаңыз да 

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да 

Жол жүру ережесі заңты тәртіп 

Ол-ортақ! Үлкен-кіші баршамызға. 

«Крокодил Генаның» әнімен   

Үлгі алып сақшылардан, 

Ол бізге басты қорған. 

Балалар кәне, алға бастайық, 

Ереже есте болса 

Бастысы ойға қонса 

Жүргінші ешқашан саспайық. 

Қайырмасы: 

Сақшы болған қандай жақсы 

Үлес қосар тәртіпке 

Батылданып, өжеттеніп 

Үйренеміз тез тіпті 

 2.40 жыл толды, міне,  ҚЖИ ұйымына 

      Қоғамда тәртіпті сақтаймыз 

     Машина келе жатса 

     Жүйіткітіп бара жатса 

     Ешқашан алдынан шықпаймыз. 

 

Көшеде жүру ережесін білесің бе?  



 Сабақтың мақсаты : 

1.Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру . 

 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесін  үйрету.  3.Оқушыларды 

көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. 



 

 

 



Көрнекілігі : Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол  ережесіне арналған  кітаптар , 

буклет. 


Сабақтың мақсаты:  

1. Ұйымдастыру кезеңі : 



Кіріспе :    Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  

тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай 

жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны 

,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  

кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал 

кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады. 

     Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын " Жолда жүру ережесі " мұқият тыңдап, әр 

сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру 

ережесін ,заңын бұзбайды. 

     Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ? 



Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала . 

Тақтада 

  Жұмбақтар  

1.

 

Ала таяқ ұстаған,                                  2. Көше бойлап аяңдайды, 



Жол тәртібін нұсқаған.                              Адам тасып аялайды. 

Өміріңді  күзеткен,                                                   (Автобус) 

Ысқырығы күзеткен. 

      ( Милиционер 

3.

 

Көліктің  қаншасын жанынан өткізген , 



 Іргеден басталып , алысқа жеткізген.             ( Жол) 

4.

 



Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та , 

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.                 (Бағдаршам.)  



 

Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , 

тіліп алу  баршамызға  керек. 

-

 

Неге ? 



Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  

қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  

жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек. 

-

 



Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  

жауап беріңдерші. 

1.

 

Жиек жол деген не ? 



-

 

Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол . 



2.

 

Жаяуға қай жермен  жүруге болмайды ? 



-

 

Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді. 



Жаяу адамдардың міндеттері  туралы  не білесіңдер ? 

1.

 

Жаяу тротуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен , ал олар  болмаса , жол  жиегімен 

немесе  велосипед жолымен жүруге  тиіс. 

        Елді - мекеннен тыс  жерлерде жолдың  шетімен немесе жиегімен жүріп келе  жатқан  

көліктің  жүрісіне  қарама - қарсы  жүру керек. 

2.

 

Жолдан  өтіп бара  жатқан жаяулап  себепсіз кедергі немесе  тоқтап қалмауы тиіс . 

Көшеден  өтпес бұрын алдымен  сол  жаққа , ал көшенің  ортасына жеткенде  оң жаққа 

қарау керек. 



3.

 

Жарқылдақ маягі және арнаулы  дыбыс  белгісі қосылған көлік жақындағанда  жаяулар 

жолдан өтпей тоса  тұруы тиіс. 

4.

 

Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда ,жаяу адамдар үстіне жарық  

қайтарғыш тағып алу керек. 

Жолаушылардың міндеттері туралы не білесіңдер ?  


 

 

 



1.

 

Көліктерді тек қана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тротуарда немесе  жол жиегіне күтіп 

тұруға рұқсат етіледі. 

2.

 

Жүргізушілерді  себепсіз алаңдатпау  керек. 



3.

 

Жүк көліктердің кузовында тұруға , борт қырына  отыруына тыйым  салынады. 



3.Көшеде  жүру  тәртібін кім басқарады ? 

Тақтада 

Қызыл - Тоқта ! 

Сары  - Сақтан ! 

Жасыл - Жол ашық! 

1-

 



оқушы : Қызыл көзін ашқанда , 

                   Сынық сүйем  баспа  алға ! 

2-

 

оқушы : Сары  көзін ашқанда , 



                      Қарап қалма  аспанға ! 

3 - оқушы : Жасыл көзін ашқанда , 

                   Өте  бергін , жасқанба ! 

Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады. 



                     Ән: Бағдаршам  

1.

 

Көшеде біз сақ болайық , 

Қаймықпасын ата - ана . 

Жолда сен бол  лайық, 

Жас ұлан деген  атыңа 

  Қ- сы : 

Әрқашан күн  сөнбесін

Аспаннан бұлт  төнбесін . 

Қасымда болсын мамам, 

Болайын мен де аман ! 

2.Жолда жүру әліппесін 

Білген жөн бес саусақтай. 

Сонда ғана жүре  аласың , 

 Сен өзіңді сау сақтап 



Сахналық көрініс:  Айболит атаның үйі. Музыка ойналады  

Инспектор : 

Айболит атамыз бәрімізді емдейді , 

 Ауырса адамды, аңды да  емдейді . 

Отырған мынау Айболит  атаға  

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ? 

   Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып - шып шыққан аю өкіріп келе 

жатады .  



Инспектор : 

Ата , қараңыз мына  сұмдықты , 

Маймақты кім  қыңжылтты ? 

Айболит . 

Маймағым, не  болған өзіңе,  

Көкпеңбек ісінген бас - өзіңе ? 

Аю. 

Айтайын мен жасырмай  шынымды - ай, 

Сақтап қал , ата, жанымды шыбындай. 

Жарасып бал тасыр машина үстіне 

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай. 

Айболит  

Бір асар тәтті бал үшін, 

Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін. 

Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят - ақ, 



 

 

 



 Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін ! 

Аю. 

Айболит ата, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын. 

 

Мұғалім : Көше қиылыстарында қай жерлерден  өтуге болады ? 

1 -оқушы : Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде  немесе ақ  жолақтары  бар  жерінде  

және  бет алдындағы  бағдаршамның  жасыл  сигналы жанған кезде  өтуге  болады. 

Мұғалім : - Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ? 

2-оқушы : Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа 

қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  

машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. 

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді. 

Инспектор : 

Көше  ортасын  айналдырып футбол  тебер  алаңға ,  

Көрдіңдер ғой ұмытқанды  ережені далаңдап. 

Ал, канеки , үйренейік біз де  жүру  тәртібін, 

Ережені  жақсы білер , жатқа білер бар кімің ? 

Кім айтар  жол  белгісі неше  топтан  тұрады ? 

Өздеріңе  қойылатын бұл алғашқы сұрағым. 

   Сахнаға шығу 



Бағдаршам : 

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап, 

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан. 

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады, 

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан. 

Сақтандыру , ескерту белгісі : 

Қып - қызыл  үшбұрыш, 

Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар  жолдаған. 

Аман - сау жүреді  жаяу да , көлік те , 

 Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған. 

Тыйым салу  белгісі 

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты, 

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты . 

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге, 

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан - жақты. 

Міндеттеу белгісі : 

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты, 

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті. 

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда, 

Абай бол , шартыңды міндетті  орында ! 

Ңұсқау белгісі : 

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын, 

Үн - түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын. 

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады, 

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым. 

 Мұғалім : Біз ауылда тұрғандықтан , ауыл арасында да  белгілер болады. Жалпы  жол  беттері 

өздерінің атқаратын қызметіне қарай  7 топқа  бөлінеді . 

 Тақтада  

1.

 



Ақпараттық - көрсеткіштік белгілер. 

2.

 



Ескерту белгілер 

3.

 



Тыйым салатын белгілер  

4.

 



Сервис белгілері 

5.

 



Алдын ала қиылатын белгілер 

 

 

 



6.

 

Басымдылық белгілері 



7.

 

Жол таңбалары 



     Тақпақ тыңдау 

Балалар , сендер Тұманбай Молдағалиевтің " Болар бала еді ол  " деген  өлеңін тыңдап  

көріңдерші. 

Мұғалім : Арман не себепті қаза болды ? 

Қорытындылау : Осы белгілер мен ережелерді есте сақтау үшін еңбек сабағында қима 

жұмыстар арқылы аппликациядан белгілерді жапсыру тапсырылды. 



                                    

  «Көшеде сақ бол!» сайыс 

Мақсаты: 1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол 

белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;  

2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне 

байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін 

түсіндіру; 

 3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа 

тәрбиелеу. 

 Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер. Барысы. Мұғалім: Құрметті 

ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген 

автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен 

жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын 

автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен 

жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын 

қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері 

мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға 

тиіссіңдер.  



Жүргізуші: Бүгінгі «Көшеде сақ бол!» атты сайысымызға екі топ қатысады. Бұл топтар жол 

ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі 

жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.Сайысты әділқазылар 

алқасы бағалайды. Сонымен сайысымызды бастайық. Топтардың танысуы.  



«Үлгілі жолаушылар» тобы: 

 Басталар әр қадамың аттауменен,  

Жол жүру ережесін сақтауменен.  

«Жас инспекторлар» тобы: 

 Жол тәртібін білейік,  

Аман-есен жүрейік. 

 1-сайыс «Көше ережесі тарихынан»  

1-топ 1-оқушы: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір 

машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол 

бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам 

тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр 

бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920жылдары іске қосыла 

бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда 

бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда 

бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.  



2-топ 2-оқушы: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен 

жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І 

Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. 

Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары 

республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз 

миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты 

дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының 


 

 

 



өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-

тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді. 

 2-сайыс «Мәнерлеп өлең оқу»  

1-топ 1-оқушы:  

Арманға алда күткен асығармыз, 

 Біз қалай жалын атпай басылармыз.  

Жол жүру ережесін жақсы біліп,  

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз. 

 Жалғайтын достастырып бар елменен  

Жолдардан тұрады ғой әлем деген. 

 Бүгінгі бізге келген қонақтарға  

Ойынымыз басталады сәлемменен.  

2-топ 2-оқушы: 

 Шуақты өміріміз күндей күліп,  

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. 

 Арманға сапар тарту мүмкін емес.  

Жол жүру ережесін білмей тұрып. 

 3-оқушы:  

Қызыл жарық жанғанда,  

Қалт тоқтай қал табанда.  

Сары шамы жанғанда,  

Сақ, абай бол барынша.  

Жасыл жарық жол ашық,  

Зымырай бер бел асып.  




жүктеу 334.58 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет