6-б етте 6-б етте Майра ілиясова: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.65 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата27.05.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6

6-б

етте

6-б

етте

Майра ІЛИЯСОВА:

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Николай АЗАРОВ, 

Украина премьер-министрі:

– Құрметті отандастар, егер 

сіз дерде ұнды қапшықтап алуға 

қажеттілік болса, алыңыздар, қап-

шық-қапшығымен алыңыз дар, бір-

ақ маған сеніңіздер, бұлай ету ге 

болмайды, ол ұн бұзылып кете ді.

(www.segodnya.ua сайтынан)

№43 (495) 

12 наурыз

сенбі


2011 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

2-бет

4-бет

5-бет

Жақсылық


Қайта түлеген 

Қызылағаш

Тәуелсіздік 

идеологиясын жастарға 

қалай сіңіреміз?

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

145,66

201,46

5,08

22,16

1,37

11984,61

1924,89

1784,12

113,88

1412,20

Жалғасы 4-бетте

ДАТ!

ИӘ

– Еліміз 2006 жылы Женева конвенциясына кір-

гендіктен, біз бес жылдың ішінде сандық теле ди дар 

жүйесіне өтуге міндеттіміз. Өйткені әлемнің барлығы 

сапалы сандық жүйеге көшіп жатыр. Сандық те ле ди-

дар ға көшіруге мемлекеттің өзі араласу керек. Бізде 

мы надай түсінік бар: сандық теледидар жекелеген 

теле арналар үшін ғана қажет сияқты. Ұлттық теле ар-

налар бірінші мультиплекске кіріп жатқанда, ай мақ-

тық жекеменшік телеарналар дың сандық стандартқа 

кіру-кірмеуі даулы мәсе ле болып жатады. Шынын 

айт қанда, мұндай мәсе лелердің туындауы дұрыс 

емес. Себебі сандық жүйе көрермен үшін керек. Қа-

зір гі күні аймақтық телеарналар сандық жүйеге көшу 

үшін сұранысы жоғары, бәсекеге қабілетті әрі сапалы 

бо луы керек деген талаптар қойылуда. Меніңше, 

мұн дай талап тың болуы да жөн емес. Аймақтық теле-

ар на лардың рейтингін білу үшін сол аймақтағы кө-

рер мен дерден  сұрасын. 

3-бетте

Алдан СМАЙЫЛ, 

Парламент Мәжілісінің депутаты: 

Шәһизада ӘБДІКӘРІМОВ, 

«Қызылорда» қоғамдық теле-радио 

компаниясының құрылтайшысы: 

Бүгінде қоғам арасында 

«аймақтық жекеменшік 

телеарналарды да сандық 

стандартқа өткізу қажет» 

деген мәселе төңірегіндегі 

пікірлер екіге жарылуда. 

Бірі – «жекеменшік, ұлттық 

деп алалауға болмайды» 

десе, енді бірі оларды рес-

публика көлемінде хабар 

таратуға лайық емес деп 

есептейді. Біз екі жақтың 

да пікірін таразы басына 

салдық. 

ОЙ-КӨКПАР 



ЖОҚ

– Аймақтық телеарна дегенде мына нәрсені ажы-

ра тып алу керек. «Қазақстан» теле-радио кор пора ция-

сының 14-тен астам филиалдары бар. Олар да ай-

мақтық болып есептеледі. Олардың көбі ерте бас тан 

жұмыс істеп келе жатқан, кейбіреуінің 60 жылдық 

тарихы бар телеарналар. Өздерінің шығармашылық 

деңгейі жоғары журналистік корпу сы да қалыптасқан. 

Ол – жергілікті жерлерді жаңа лықпен қамтамасыз етіп 

қана қоймай, сол аймақтың қалыптасқан тари хын, 

мәдениетін, тілін, дәстүрін зерттеп жүрген ком па-

ниялар. Біз Парламент Мәжілісінде сол теле ар на лар-

ды сандық технологияға көшіру туралы талап қой дық 

және соған қол жеткіздік. Бұл өте дұрыс дүние болды. 

Енді 40-тан астам аймақтық жекеменшік теле ар  налар 

бар. Соларды зерттейтін болсаңыздар, кей бі   реулерінің 

студияла рын да үш-төрт-ақ адам жұмыс іс  тейді. Олар 

келеді де Ресейдің, шетелдің дүниелерін таң ертеңнен 

кешке дейін трансляциялап қосып қояды. 

Аймақтық жекеменшік телеарналарды жаппай сандық стандартқа өткізу қажет пе?

Ақша талантты тудыра 

алмайды, керісінше, 

шын талант ақшаны 

құл ете алады

Жалғасы 2-бетте

Кеше Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Түркістан 

қаласындағы сапары Қожа Ахмет 

Ясауи кесенесіне зиярат етуден бас-

талып, жергілікті жас жұбайларға 

бата берумен ұштасты. Бұл — 

жаңадан шаңырақ көтеріп, өмір 

жолдарын бір арнада тоғыстырғысы 

келген кез келген жарасымды жұп-

тың маңдайына жазыла бермейтін 

бақ. Мемлекеттің өзі отбасы дан 

құралатынын ескерсек, Елбасы ның 

бұл әрекетінен әрбір қазақ стандық 

отбасын назардан тыс қалдыр-

майтын ниетін байқауға болады.

Өткен жылдың соңында Түркістан қаласында 

облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа тағы бір 

нысан — мәдени-тарихи этнографиялық орталық 

ашылған болатын. Осы орталықтың мәжіліс залында 

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы қоғам өкілдерімен, 

зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, ашық-жарқын 

пікір алмасты. 

Елбасы «Қазреставрация» республикалық мемле-

кеттік кәсіпорынының директоры Қанат Тұяқбаевтың 

баяндамасын тыңдады. Қ.Тұяқбаев мекеменің Қожа 

Ахмет Ясауи кесенесінде 2006 жылдан бері жүргізіп 

келе жатқан жаңарту жұмыстарының барысы ту-

ралы әңгімелеп берді. Қаланың 1500 жылдық ме-

рейтойын тойлау қарсаңында ХIV ғасырдың сәулет 

ескерткіші саналатын бұл кесенеге түрік реставра-

торлары күрделі жаңарту жұмыстарын жүргізгенін, 

олардың нысанның іргетасы мен күмбезін бекіт-

кенін атап көрсеткен Қ.Тұяқбаев, өкінішке қарай, 

түрік мамандары пайдаланған заманауи оқшаулау 

материалдарының көне құрылыспен сәйкес келмей 

шыққанын, күмбездің астына ылғал жиналып, кесене 

қабырғалары көгере бастағанын айтты. «Осының сал-

дарынан кесененің төбесі құлайтын болғандықтан, 

біз қазір күмбездегі түрік тақташаларын алып, оны 

органикалық материалмен алмастырып жатырмыз», 

— деді реставратор.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан 

Қазақстанның рухани орталығы, еліміздің ұлттық 

рәміздерінің бірі болып табылатынын атап өтті. 

Еліміздің бағзыдан рухани астана төрінде рухани-

мәдени жәдігерлер төңірегінде мәселе көтеріп, осы 

салада соңғы уақытта атқарылып жатқан жұмыстарды 

тарқатып айтты. Ұлттық менталитетімізге жат кейбір 

шетелдік мәдениеттен сақтану керектігін ескерткен 

Елбасы оның жалғыз жолы барын айрықша атап өтті. 

ОЙ-ТҮР

ТКІ


«...Не сұрайды мына бала, 

Сұрағанын берсеңші! 

Енді мұның жылағанын, 

Естігенше өлсемші!» – деп 

Шәкәрім жырға қосқан 

өлең нің қозғар тақырыбы 

әлі күн ге маңызды. 

Маңыз ды лығын  қатал 

келіннің  тәр бие сіне  за-

манауи өзгеріс тердің де 

қосы ла демеу болуынан-

ақ анықтап алуға болады. 

Ал нақты құбылыстарды 

ойға алсақ, қазіргі отба-

сындағы әже мен ата 

ролі нің қазақ әулет тері 

тарихындағы алар ор-

нынан анағұрлым төмен-

деп кетуінен туын дай-

тын бір неше мәселені 

көтеруге болады. 

Шынтуайтында, қазіргі қазақ отба-

сында ата мен немере, әже мен немере 

арақатынасы бір шаңырақ астындағы 

тәрбие ісінің шешуші факторы бола ала 

ма? Қазіргі балалардың түсінігіндегі 

ата мен әже тұлғасы халқымыздың сан 

ғасырлық көркем әдебиетінде қалып-

тасып, тұлғаланған ата мен әжеден 

қаншалықты өзгеше? Жаңа формаци-

яда қалыптасып үлгерген әке, бала, 

жасөспірім, қазақ қызы, кәсіпкер, сая-

саткер, мұғалім сынды көптеген нақты 

«кейіпкерлердің» арасында ата мен 

әже тұлғасы анықталды ма?

Ұлттық тәрбие, бала тәрбиесінің 

бастауы болар балабақшаларда ата-

лар мен әжелердің тәрбиесін неге 

пайдаланбасқа? Мәселенки, педаго-

гикалық қызметтен, не болмаса өзге 

әлеуметтік саладан зейнетке шыққан 

ата-әжелер кез келген балабақшада 

қоғамдық негізде, тіпті жалақы келі-

сім шарты негізінде қосалқы тәр биеші 

ретінде қызмет атқарса. Қазір бала-

бақша атаулыда жас мамандар жетер-

лік. Негізгі тәрбиешіден өзге, күтуші, 

қосалқы көмекшілерінің дені – жастар. 

Педагогикалық біліміне дау жоқ, тек 

өмірлік тәжірибесі аздық ететін, сол та-

рапта өзі де тәрбие қарауылына сұра-

нып тұрған жастар. Оның сыртында, 

біздің балабақшалардың құры лымдық 

ұстыны кешегі кеңестік педа гогикаға не-

гізделгені кімге болса да жасырын емес. 

Оған қазір бақшаларға дендеп енгізіле 

бастаған «Тәй-тәй» (ағылшынша: «Step 

by step») секілді бағ дарламалардан да 

ұлттық ерек шелік байқалар емес. Ал 

өзге қоғам нан алынған қондырғының 

орнына бір топқа бір ата не әже аптасы-

на бі рер күн ескі һәм есті аңыз-ертегісін 

ай тып, өзге де тәрбиелік маңызды ша-

ра ларына қатысып отырса, ұлттық ой-

ын 

дардың ұтымды жақтарын пай 



да-

лануға атсалысса, артық болмас еді ғой! 

Жаһанданудың жарнамасына қар 

сы 


ұлттық ұстаным қариялардың тәр биесі 

арқылы болашақ ұрпақтың сана сына 

бақшадан бастап сіңірілсе етті!

Қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар 

Мағауин осыдан біраз жыл бұрын «Ата-

сы келініне...» атты мақаласында пост-

кеңестік қоғамдағы қазақ отба сының 

ахуалын суреттеп берген бола тын. Жа-

зушы кеңестік қазақ отба сын дағы ата 

мен әженің жаңаша атау иеленгенін, 

қазіргі балалардың әжесін «апа» деп 

атауын, оның қате екенін нақ ты мысал-

дармен дәлелдеп жазады. 

Шындығында, отбасылық ортадан 

ығы сып бара жатқан ата мен әженің тұл-

ғасын қайтсек бала тәрбиесіндегі, ұлт-

тық тәрбиедегі орыны бөлек тұлға ға 

айналдыра аламыз? Жастық шағы кеңес-

тік кезеңде өткен қазіргі қария лар ұлт тық 

тәрбие ұстаушысы бола ала ма? Әл бетте, 

бүгінгі баланың ермек ете 

тін теле-

арналары мен компьютерлік ой ын дары, 

болмаса, көшедегі ортасы нан гөрі қалай 

болғанда да, үйде не ба ла бақ шада 

қариялар тәрбиесін алса, ұр пақ үшін 

алаңның бір шаруасы реттелер ме еді?..

Қарағанды

Балабақшаларда ата-әжелер тәрбиесін неге пайдаланбаймыз?

ҚА

ЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕ



ТТЕРІ

Тарбағатай – 

Тәңір тау

Басына бұлт қондырған, бауырына жұрт 

қондырған Шығыс Қазақстан облысындағы 

Тарбағатай тауы әлі терең зерттеуді қажет етеді. 

Бағзыда Барқытбел деп аталған тау, кейіннен 

қалмақ тілінде «суырлы тау» деген мағынаға 

ие Тарбағатай болып аталды. Шығысында 

түркінің алтын бесігі Алтай тауымен ұштасатын 

тау әлі күнге бар құпиясын ішіне бүгіп жатыр. 

Тарихтың қатпарына көз жіберсеңіз қазақ-жоңғар 

шайқастарының көп бөлігі осы өңірде өткеніне 

жергілікті жер-су аттары дәлел. Қазақ әскерінің 

орасан зор жеңіске жетуіне орай өткізілген тойда 

сойылған жылқының қисапсыздығы сонша, 

шатқалдан май өзендей болып ағыпты деседі. 

Сол шат «Майлышат» деп аталады. Қабанбай 

батырдың астындағы Қубас аттың жерленген 

жері «Қубас кезеңі» деген атқа ие. «Құлбабас», 

«Кондюрин», «Шайтан шатқал», «Толағай» сынды 

жер аттарының өзіндік тарихы бір кітап боларлық. 

Ал Тарбағатайдың ең биік шыңы Тазтау революция 

кезінде ақтардың соңғы қамалы болған. Сол 

жерден қызылдарға үлкен соққы беріп, Қытайға 

өтіп кеткен деген әңгіме бар. «Ақтар әскерінің 

Тазтауға тіккен жалауының ағашы әлі күнге сол 

шыңның басында тұр екен» дейді барып көргендер.

Серік САҒЫНТАЙ

Елбасы жастардың хиджаб 

пен пәренжі киюіне қарсы

Жалғасы 2-бетте

ТАБИҒИ АПА

Т

Апат аймағында 100-ге 

жуық отандасымыз жүр

Тынық мұхиты жағалауларын шетінен жайпап 

жатқан жойқын зілзала мен цунами Қазақстан 

азаматтарының өміріне де қауіп төндірді. Жер сіл-

кінісі мен мұхиттың алапат толқынынан зардап ше-

гіп жатқан Жапонияда 100-ге жуық отандасымыз 

жанын шүберекке түйіп отыр.

Наурыздың 11-і күні Астана уақыты бойынша 11.45 

шамасында Жапонияда жер 8,9 магнитудамен сілкін-

ді. Зілзаланың ошағы Мияги префектурасынан 130 

шақырым жерде анықталған. Мұхит жағалауындағы 

елдердің аумағында жер сілкінсе, артынша цунами ой-

нап, жұт үстіне жұт келетіні белгілі. Бұл жолы да сөйтті. 

Биіктігі бес қабатты ғимараттан асатын қуатты толқын 

соғып, мұхиттың солтүстік-шығыс жақ жағалауындағы 

елді мекендердің талқанын шығарды. Миллиондаған 

үй су астында қалып, маңызды экономикалық-

әлеуметтік нысандардың жұмысы тоқтады. Өнеркәсіп 

орындары апатқа ұшырады, олардың қатарында атом-

электр стансысының екі реакторы бар. Адамдар ізім-

ғайым болды. 


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№43 (495) 12.03.2011 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Басы 1-бетте

Осы аброгация деген сөздің мағынасын айтып 

берсеңіздер. 

Хантемір БАЙҒАЗИЕВ, Алматы облысы

Менің білгім келетіні, әлем бойынша миллиардерлердің 

саны қанша?

Нұржан ҚАЗЫБЕК, Қарағанды

Әлемде қанша миллиардер бар?

Аброгация деген не?

Жалпы аброгация де-

ген термин Рим құқығынан 

алынған. Аброгация – ла-

тын тілінен аударғанда 

(аbrogatio) — бас тарту де-

генді білдіреді. Яғни оның 

мағынасы пайдасыз болып 

қалған, заман мен қоғам 

талабына сай келмейтін ес-

кірген заңның күшін жою. 

Сонымен қатар аброга-

циямен түбірлес бірнеше 

терминдер бар. Мыса-

лы, аброгация ескі заңды 

түбегейлі жоюды білдірсе, 

дерогация ескірген заңды 

ішінара жою мағынасында 

қолданылады. Сол секіл-

ді, оброгация ескі заңға 

аздаған өзгерістерді енгізу 

дегенді білдіреді. Суброга-

ция ескі заңға толықтыру 

енгізу мағынасында қолда-

нылып жүр. 

Forbes журналының мәліметі 

бойын ша, әлемде жалпы саны 

1209 мил лиардер бар. Өткен 

жыл мен  са лыс тырсақ,  миллиар-

дер лердің саны Ресей (101) мен 

Бразилия (30) мем 

ле 


кетінде 

ерек ше артқан екен. Қытайда – 

115, Үндістанда 55 мил лиардер 

бар.  Қытай  мил лиар дер ле рінің 

саны көп болғанымен, Үнді мил-

лиар дер лерінің  қаржысы  қытай-

лық тар  дан  көп.  Мысалы,  үнді 

мил лиар дерлерінің  әрбірінің 

қар жысы орта есеппен алғанда 

4,5 миллиардты құраса, қытай-

лық тарда оның көлемі – 2,5 

млрд. Сарапшылардың бол-

жауына жүгінсек, Ресейдегі мил-

лиар дер лердің  артуы  шикізат 

баға сы ның  көтерілуімен,  Брази-

лияда ұлт тық валютаның нығаюы-

мен, Қытай мен Үндістанда эко-

но ми каның  жалпы  көр сеткіш те-

рінің  артуымен  бай ла ныс ты.

ЕЛБАСЫ ҰСЫНЫСЫ

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

билік партиясының алдына «Жас Ұлан» 

бірегей жастар қозғалысын және «Жас 

қыран» атты жаңа балалар ұйымын құру 

туралы тапсырма берді. Мемлекет бас-

шысы өз сөзінде «Бала тәрбиелеу – бұл 

ата-ананың ерекше азаматтық борышы. 

Біздің халқымыз «Баланың бас ұстазы 

– ата-ана» деп бекер айтпайды. Алай-

да кейінгі күні осы қағидадан шығып 

бара жатқандаймыз. Ауылда өскен бала-

лар ата-ананың тәрбиесін білетін болса, 

қаладағылардың бәрі жұмысбасты бо-

лып, бала тәрбиесіне көп бара алмай жүр. 

Бұлай кете берсе, біз салтымыздан, тіліміз-

ден, ғұрпымыздан да ажырай беруіміз 

мүмкін. Ал баланың тілі ана тілінде шықса

бесігінде барлық қазақы тәрбиені сіңірсе, 

бойына ана сүтімен ұлттық қасиет дары-

тылса, сонда ғана отансүйгіштік болады», 

– деді. Сонымен қатар Президент ана мен 

СЕНАТ

Тәуелсіздік идеологиясын 

жастарға қалай сіңіреміз?! 

ТА

ЛҚЫ



Қазақ бизнесі 

қайырымды болса игі

Дүниедегі еңбекшілердің мүддесі үшін 

күресетін Халықаралық еңбек ұйымының 

жарғысына үңілсеңіз, «әлеуметтік әділ-

діктің арқасында ғана бейбітшілік ор-

найды» деген тамаша тұжырымдаманы 

ұшыратасыз. Осыдан 90 жылдай бұрын 

құрылған ұйымның жарғысына таңба боп 

басылған осы тұжырым күн өткен сай-

ын өзінің ақиқаттығын және өте-мөте 

өзектілі гін  айғақтап келеді. Қазақстандағы 

жағдай 


ға сал 

сақ, әлеуметтік жауапкер-

шілікке қа 

тыс 


ты мемлекеттің міндеттері 

орындалып ке 

ле 

тіні анық. Оған дәлел 



– бюджетіміз әлеу 

меттік бағдарынан 

танған емес, тіпті дағдарыс салқынына 

қарамастан, әлеу меттік жәрдемақы өсіп 

отыр. Алдағы межелеріміз де осы әлеу-

меттің мүддесі төңі ре гінде топтасады. Ен-

дігі кезекте бизнес те осы үдерістен қал-

май, ілескені ләзім. Өйткені билік бұған 

бар мүмкіндікті қам тып та, ынталандыру 

тетіктерін іске қосып та жатыр. 

Дегенмен әлі де жетілдіре түсетін 

мәселе баршылық. Кешегі Сенатта өткен 

жүздесуге қатысушылар дәл осы мұратты 

жүзеге асыру жайын талқылаудан бастап, 

пікір алысып, өзара жәрдемге жүрмекке 

сөз байласып тарқасты. Алдымен жиын-

ды ашқан Сенаттың Әлеуметтік-мәдени 

даму комитетінің төрағасы депутат Ақан 

Бижанов мемлекет пен бизнес әлеуметтік 

саладағы мәселелерді шешу жолында 

толыққанды мүдделес әріптес болуы ке-

рек екендігін айтады. 

«Қоғамда бизнес пен кәсіпкерліктің 

рөлі жұмыс орындарын құру, материалдық 

құндылықтарды иелену немесе пайда 

алумен ғана шектелмейді. Олар өз да-

муында белгілі бір деңгейге жетіп, алдына 

жаңа міндеттер қоюда. Бизнес не ғұрлым 

өркениетті болса, солғұрлым оның мем-

лекеттің әлеуметтік өміріне араласу шең бері 

кеңейеді. Бұл ретте 2008 жылы Жез қазған 

қаласында Елбасының қаты суымен өткен 

мемлекеттік органдар, ірі биз 

нес құры-

лымдары, кәсіподақтар бас 

шы 


ларының 

кез десуі осы үдерістің дамуына тың серпін 

бер ген бастама болды», – дейді комитет 

төр ағасы Ахан Бижанов. Оның айт уынша, 

Мем лекет  басшысының  қол дауы мен  өткен 

фо рум бизнестің әлеу меттік жауапкершілігін 

се зі ніп, оны арт тыра түсуге тың сер пін беріп 

отыр. «Бү гінгі күндері Жезқазған фору мын-

да айшықталған шаралардың ал ғашқы қо-

ры тын дыларын шығарып, әлі де шешімін 

тап пай келе жатқан мәселелерді анықтау 

өзекті», — деді ол.

Жезқазған форумында Елбасы айқын-

даған межелерге жиын барысында еңбек 

және халықты әлеуметтік қорғау министрі 

Гүлшара Әбдіқалықова да тоқталып өтті. 

«2008 жылы Жезқазғанда өткен форум-

нан бері бизнестің әлеуметтік жобалар-

ды жүзеге асыруы туралы меморандумға 

мониторинг жасалып келеді. 2011 жыл ғы 

1 қаңтардағы мәліметке сүйенсек, шама-

мен 42 млрд теңгенің жобалары бойынша 

мемо ран ду мға қол қойылған», – дейді ми-

нистр. Ал 2008 жылдан бері «Еңбек келі-

сім шар тын  жасаңыздар!» атты акция шең-

бе ріндегі ұжымдық келісімшарттар жүйе-

сінде 53 мың кәсіпорын қамтылған. Яғни 

ел кәсіп орындарының 30 пайызына жуы-

ғы. Көр сеткішке қарасақ, әлеуметтік жауап-

кершілік мәселесінде бірқатар алға жыл-

жушылық бар. Әйтсе де, министр ханым 

экономиканы жаңғырту мен халық тың әл-

ауқатын жақсарту мәселесіне биз несті одан 

сайын ықпалдастыру қа 

жет 

тігін айтады. 



«Біріншіден, бүгінгі күні еңбекпен қамту са-

ласында тиімсіз жұмыс пен қамту сақталып 

отыр. Еңбек ре сурс тарының сапасы төмен. 

Еңбек нары ғында баланстың үйлесімсіздігі 

де бай қалады. Мұндай проблемалардың 

бар лығы еңбек өнімділігінің тым баяу өсі-

міне себеп бола алады. Өз кезегінде бұл 

құбылыс ұзақмерзімді экономикалық өсім-

ге кедер гі келтіреді. Осыған орай, атал ған 

олқылықты жоюда Үдемелі индус 

трия-

лық-инновациялық  даму  бағдар ла ма сы-



ның алатын орны ерекше», – деді Г.Әбді-

қалықова. 

Бұл жерде ведомство басшысы бизнесті 

индустрияландыру шарасына белсене һәм 

бел шеше кірісу керектігін тағы қайталады. 

Жақында қабылданған «Жұмыспен қамту 

– 2020» жаңа бағдарламасы да кәсіби 

стандарттар жүйесін енгізудегі бизнеске 

еншілеген үлес болып табылады. «Мұндай 

әріптестік еңбек өнімділігін айтарлықтай 

арттыруға септігін тигізеді. Ал егер бүгінгі 

күні кәсіпорындар өздері кәсіби стандарт-

тарын ауыстырмаса, біз саладағы дамуды 

ары қарай жүзеге асыра алмаймыз», – 

дейді министр. 

Жиын барысында «ҚазАтомӨнеркәсіп» 

АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақ те-

леком», «Қазақстан темір жолы» секілді 

компания өкілдері бизнестің әлеуметтік 

жауапкершілігіне қатысты атқарып жатқан 

шараларымен бөлісті. Талқылау барысын-

да тың ұсыныстар да айтылды. Мәселен, 

әлеуметтік ынтымақ мәдениетін дамы-

ту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік 

рөлінің мәнін ұғына түсу қажеттілігіне 

назар аударылды. Бір сөзбен айтқанда, 

сенаторлар компания басшыларына, биз-

нес өкілдеріне «бизнес табысты болса, 

әлеуметтік жауапкершілік артса, қоғам 

тұрақты болады, ал қоғам тұрақты бол-

са, бизнес те дөңгелейді» дегенге сая-

тын тұжырымды тағы еске салды. Расы-

мен, мұндай өзара байланыс қоғам мен 

мемлекеттің тұрақты даму кепілі екен-

дігі әмбеге аян. Ендеше, қазақ бизнесі 

халқына қайырымдылық жасай жүруді 



әрқашан естен шығармаса игі. 

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет