6-б етте 6-б етте Гүлмира СҰлтанбаева: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Сергей лавров



жүктеу 0.67 Mb.

бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

– Гүлмира Серікбайқызы, зерт-

теу университетінің негізінде 

жоғары мектеп басшыларынан 

бастап, ғалымдар, ұстаздар, сту-

денттер қауымы болса, болашағын 

оқушылар қалайды. Осылайша, 

бүгінгі және болашақ маман-

дар арасындағы мектепалды 

даярлықтан мектеп білімі, мектеп-

тен соңғы жоғары білім мен жоғары 

оқу орнынан кейінгі ғылымға ба-

рар көпір саналмақ. Бұл – зерттеу 

университетінің заңдылығы. Ал біз-

дегі университеттер мен мектептер 

арасындағы байланыс бұл деңгей 

үдесінен шыға ала ма?

– Зерттеу университетіне бет бұрған 

екенбіз, әрине, оның болашағы – бүгінгі 

мектеп, гимназия, лицейлерде. Себе-

бі еліміздегі білім беру саласындағы 

реформа жоғарыда сіз атап отырған 

құрылымдардан бөлек, жеке-дара жүр-

гізілмеуі тиіс. Бұл орайда жоғары оқу 

орындары орта білім беретін оқу орын-

дарымен кәсіби-ғылыми ынтымақтастық-

тың дәстүрлі тәжірибелерінен жаңа үлгі-

ле рі көшуі тиіс. Дәстүрлі дегенім – оқу-

шылар арасындағы аудандық, қалалық, 

республикалық ғылыми жобалар бай-

қауы. Жаңа үлгі дегенім – білім мен ғы-

лымға ұмтылған жас өрендердің ертеңгі 

болашағына үміт отын жағатын, өміріне 

жолдама беретін байқаулардың барынша 

әділдігіне, объективтілігіне кепілдік беретін 

формаларды қарастыру. Әсіресе жаңаға 

қолы кеш жететін ауыл балалары арасын-

да шығармашылық, ғылыми байқауларға 

арнайы мемлекеттік бағдарлама қажет-

ақ. Бұл ойды кездейсоқ айтып отырған 

жоқпын. Халықаралық еңбек ұйымының 

ұлттық кеңесшісі ретінде ауыл балала-

рымен жұмыс жүргіздім. Нәтижесінде, 

ұсынған кепілдемелерім ұйымның бас 

бюросына талдау түрінде есебімде атал-

ды. Ал білім, ғылымға жол ашар жобалар 

халықаралық ұйымның емес, алдымен 

мемлекеттің басты ағарту саясаты болуы 

керектігін батыл айта аламын. 

Зерттеу университеті бір күннің, не-

бір жылдың еншісінде емес. Оның шын 

мәнінде мемлекеттік ақыл-ой ошағына, 

инновациялық өндіріс кенішіне айна-

луы үшін де кейінгі жас толқын ұрпақтың 

серпінді қуаты мен жаңашыл идеялары 

керек. Университет есігін ашқанда осыны 

сезінетін жастар керек. 

Әрине, елімізде бұл бағытта қалып-

тасқан және жаңадан бастау алған олим-

пиадалар бар. Соның ішінде әл-Фараби 

атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

биыл үшінші рет өткізіп отырған рес-

публикалық «Әл-Фараби» олимпиадасы, 

дәстүрлі түрде алты жыл бойы физика, ма-

тематика, информатика бойынша өтетін 

халықаралық Жәутіков олимпиадасының 

ауқымы кеңейіп, салмағы артып отыр. 

«Әл-Фараби» олимпиадасына алғашқы 

жылы – 9 мың, келер жылы 12 мың оқушы 

қатысса, ал биыл 14 мың оқушыға жет-

ті. Олимпиадаға қатысушылар санының 

жыл сайын артуы – оның беделінің, 

мәртебесінің артуының айғағы. Былтырғы 

олимпиаданың жылжымалы жұмыс тобы-

мен Шығыс Қазақстанда болып қайттым. 

Семей, Өскемен қалаларынан шалғайда 

жатқан ауыл мектептерінің оқушылары 

ақпан айының соңы, аяз қайтқан шақ 

болса да, қар көшкіні қаупіне қарамастан, 

үлкен үміт арқалап, білім сынағына 

қатысқан болатын. Ең үздіктер ғана озып 

шығып, бәйге алатын олимпиаданың 42 

жеңімпазы былтыр университет грантын 

иеленді. Бұл еліміздегі мектеп пен универ-

ситет арасындағы байланыстардың жаңа 

үлгіде бастауы, дамуы дер едім. 



– Зерттеу университетіне 

бетбұрыс Қазақстанда соңғы екі-үш 

жыл көлемінде стратегиялық мақсат 

ретінде аталып, ғылыми ортада 

қолдау тапқанымен, бұл бағыттағы 

нақты қадамдар мемлекет тара-

пынан араға үш жыл салып барып 

қолдау тапты. Жалпы, өзіңіз білесіз, 

еліміздің білім саласында министр 

ауысқан сайын реформа жасалады. 

Бұл жолғы талпынысымыз нақты әрі 

әлеуетімізге сай келе ме?

– Қай реформаны болсын әлеуметтік 

қолдау – қоғамдық өзгерістер мен қайта 

жаңару кезеңінде өте маңызды мәселе. 

Реформаның басты мәні де қоғамда бар

дәстүрі қалыптасқан жүйелерді, құ 

ры-

лымдарды жаңартуда, өзгертуде. Біз-



дің жағдайымызда зерттеу универси те-

тін құруға әкелер өзгерістерді алдымен 

интеллектуалдық тұрғыдағы талпыныс 

деп қарастыру керек. Дегенмен қай ре-

форманың  болсын  ұйымдас тыру шы лары 

мен орындаушылары болады. Елімізде, 

өкінішке қарай, білім беру саласындағы 

кей реформалардың қоғам тарапынан 

қолдау таппай, осы салаға кері әсері бол-

ғаны жасырын емес. Бұған Қазақстан 

Ғылыми-техникалық ақпараттар инсти-

туты тапсырысымен 2008 жылға дейін 

үш жыл бойы жүргі зілген сараптамалық 

зерттеулер дәлел. Бір алаңдатарлығы да, 

білім мен ғылым саласында жекелеген 

реформалар қабыл данды, бірақ қолдау 

таппады. Бұл рефор маларға қарсы келген 

зиялы қауым да, не болмаса оны кеңінен 

қолдаған, әлеуметтік қажет деп тапқан 

мүдделі қауым да болмады. Қоғамда 

кәсіби ғалым педагогтар ортасында 12 

жылдық орта білім беру, Ұлттық ғылым 

академиясының қайта құрылымдануы – 

сынға көп ұшыраған мәселелер қатарында. 

Дегенмен алғашында өз ортасында бірден 

қолдау таппағанымен, уақыт өте келе оқу 

жүйесіне табыспен ене бастаған жоғары 

оқу орындарындағы екі сатылы «бакалавр-

магистр» білім беру жүйесіне, PhD докто-

ры академиялық атағын берер ғылыми 

кадрларды аттестациялаудың ағылшын-

америкалық үлгісінің қазіргі ғылыми 

кеңістіктегі маңызының арта түсуіне қа-

тысты реформалардың өміршеңдігін ай-

туға болады. Ал дәл бүгінде жоғары білім 

беру саласындағы зерттеу университетіне 

қатысты реформалық өзгерістердің өмірлік 

сипат аларына толық негіз бар. Өйткені 

зерттеу университеті секілді экономикалық 

күрделі, өндірістік пайдалы, әлеуметтік 

тиімді құрылымды қалыптастыруда мем-

лекет қолдау көрсетіп отыр. Және бұл 

бастаманы осыдан үш жыл бұрын, ол 

кезде университетіміздің ректоры, қазір 

білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов 

ғылыми ортада, БАҚ өкілдерімен сұхбатта 

атап, стратегиялық мақсат ретінде алға 

қойды. Стратег ретінде таяу жылғы мін-

деттерді болжап, олардың мемлекеттік 

деңгейде қолдау табуына ықпал еткен 

министрдің зерттеу университетін құруға, 

қалыптастыруға бағытталған реформа-

сы өміршең деуім осыдан. Бүгінде уни-

верситеттің ғылыми ұстаздар қауымын 

осы бағытқа жұмылдырып отырған әйгілі 

ғалым ретінде әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановқа артылар жүк, 

қойылар салмақ, артар үміт те аса жауап-

ты. Аталған бастаманы өміршең деуімнің 

бір қыры әлеуетті істі елімізде ең жоғары 

бағаға ие болған Шығыс Қазақстан тех-

никалық университетінің «Алтай» тех-

нопаркінің негізін қалаушы білікті менед-

жер ретінде Ғалым Мұтановтың қолға 

алуы дер едім. Интеллектуалдық үндеу 

тасталды. Енді тек қана университет алға, 

жаңаға қарай ұмтылуы тиіс. 

– Бүгінде зерттеу университетінің 

қалыптасқан америкалық, 

жапондық т.б. түрлі модельдері бар. 

Олардың әрбірінің әлеуетті күші, 

әлеуметтік өмірге ықпалды аясы 

бар. Бұл елдердегі зерттеу универси-

теттері қоғамның барлық институ-

тына ашық және ынтымақтастыққа 

даяр. Осы тұрғыдан алғанда, біздегі 

зерттеу университеті қаншалықты 

өміршең болуы мүмкін?

– Әлемде зерттеу университеттерінің 

қалыптасу дәстүрлері әрқалай. Мәселен, 

америкалық зерттеу университет тері орта-

ғасырлық университеттің демо кратиялық 

дәстүрлерімен қатар, германия лық уни-

верситеттердің прагматикалық, яғни пай-

да әкелу тәжірибесіне басым дық берілетін 

дәстүрін негізге алды. Университеттің 

меншігінде жер телімдерінің болуы зерт-

теу ошағының шаруашылық қызметіне 

тап тырмас қор саналады. Мәселен, жа-

по  ниялық  Хоккоайдо  университетінің 

ауыл шаруашылығы мен жаратылыстану 

ғы 

лымдары бойынша ғылыми әлеуеті 



жоғары. Университет қалашығының ен-

ші сін де 67 мың гектардан астам жерде 

экс пе ри менталдық  фермалар,  ғылыми-

зерт теу университеттері орналас қан. Ай-

та берсек, әрбір зерттеу универ сите ті нің 

өзіндік басым бағыттары және соған сай 

даярлық қуатты базасы, әлеует 

ті күші 


және өндірістік алаңы бар. Біз дің еліміз-

де «зерттеу университеті» мәр 

те 

бесіне 


үміткер ретінде әл-Фараби атын 

дағы 


ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуетінің жетім-

ділігімен қатар, эксперименталдық ба-

засы, өндірістік алаңы бар. Дегенмен 

бұл аталған салаларда ғылыми инфра-

құрылымдарды шоғырландыру, ғы лым-

ның басым бағыттары бойынша ұлттық 

зертханалар қатарын көбейту, со 

ған 


сай эксперименталдық алаңды ұл 

ғайту 


секілді мәселелер – бүгінгі университет 

менеджерлерінің аса біліктілікпен, кәсі-

би лікпен жүзеге асыруы тиіс міндеттері. 

Бұл аталған міндеттерді жүзеге асыратын 

– ға 

лымдар, әкімшілік қызметкерлер, 



ғылым жолындағы білім алушы жастар. 

Сон дық тан да осынау аса жауапты сәтте 

адамзат 

тың басты құндылықтары мен 

қағидаларына негізделген қазақстандық 

тұңғыш зерттеу университетіне үміткер 

білім, ғылым ордасында ізгілік аясына 

ұйы 


сатын корпоративті мәдениет, рух, 

әдепті қалыптастыру, соған бой түзеу – біз 

үшін басты міндет. 

– Қазақстанда зерттеу уни-

верситеті қалай, қандай үлгімен 

құрылымдалуы тиіс деп санайсыз? 

– Қазақстан жағдайында зерт-

теу университеті қажет екен деп ше-

телдік үлгіні көшіре салу дұрыс емес. 

Қазақстандық жоғары білім беру сала-

сында озық дәстүрлер бар. Сол үшін де 

ұлттық білім беру мен ғылым дамуы-

на негізделген үлгісі болғаны зерттеу 

университетінің реформалық сипатын 

емес, өміршеңдік бағы тын айқындап бе-

реді. Сондай-ақ зерттеу университеті бір 

жылда құрыла салатын күрделі кешен-

дік құрылым емес. Олардың құрылып, 

қалыптасу тәжірибесінде кемінде екі-үш 

жылдан бастап бес-алты жылға дейінгі 

уақыт кеткен және де зерттеу универси-

теті әрдайым үздіксіз, толассыз дамып, 

өзгеріп, жаңарып отыратын құрылым. 

Ондағы әрбір білім алушы да, білім бе-

руші тұлға да осынау жауапкершілікті 

рухани, ізгілік тұрғысынан сезіне білуі, 

даяр болуы да маңызды. Себебі зерттеу 

университетінің басты байлығы да, қоры 

да – адам. Бұл жерде білім беру, ғылым, 

бизнес арасындағы бірлікті үйлестіретін, 

дем беретін де – студенттер, магистрант-

тар, докторанттар, ғалым-ұстаздар. 

Әлемдік ғылыми қауымдастық бұл са-

лада Зерттеу университеттерінің ассоциа-

ция сын және де Зерттеу университеттерінің 

корпорациясын құру, ортақ заңнамалық 

база әзірлеу, зияткерлік құқық мәселесін 

шешу, қаржылық ағынды шоғырландыру 

әдістері секілді қордаланған идеяларды 

ұсынып, талқыға салуда. 

Модернизациялық жаңаруды міндет-

теген «қазақстандық зерттеу универси-

теті» мәртебесін алуға ұмтылған жоғары 

оқу ор 

ындары үшін бәсекеге қабілетті 



ортаның қалыптасуы шығармашылық тың 

ізденістерге әкелері даусыз. 



– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан 

Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ

Жиынға Қазақстаннан 150-ден ас-

там блогшы қатысуға ниет білдіріп отыр. 

Сонымен қатар шетелде (Қытай, Моң-

ғолия, Франция) тұрып жатқан қазақ 

диаспорасының өкілдері де келмек. 

Жаңа медиаға қызығушы топ екі күн 

бойы өздерінің жобаларымен бөліседі, 

жасаған бағдарламаларын ұсынады, 

серіктестер табады. Қазіргі таңда ша-

мамен 300-ге тарта белсенді қазақтілді 

блог бар. Олардың басым бөлігі әлемдегі 

ең танымал блог-платформасының бірі 

wordpress.com-да шоғырланған. Қазіргі 

кезде блогшыларға өздерін толғандырған 

мәселелерді оффлайн режимде ашық 

талқылауға мүмкіндік беретін пікірта-

лас алаңы жетпей жүргені анық. Дәл 

осы мақсатта аты аталған ұйымдар 

блогшылардың басын біріктіруді мақсат 

етіп отыр. Жиын презентация, шеберлік 

сыныптар, талқылау, бейресми отырыстар, 

кездесулер түрінде өтеді. Онда негізінен 

жаңа медиа, әлеуметтік желілер, блогтың 

дамуы сияқты қазнеттегі өзекті мәселелер 

талқыланады. Блогкэмп аясында тұңғыш 

рет ұйымдастырылып отырған блогтар 

байқауы және үздік жобаларға қаржылай 

қолдау көрсету бағдарламасының нәти-

жесі белгілі болады. «Қазнетте шешіл-

меген проблемалар көп екенін бәріміз 

білеміз. Бұл жиынның ерекшелігі – қаты-

сушылар мәселелерді абстрактылы түрде 

көтеріп қана қоймай, оның шешу жолда-

рын ұсынады», – дейді «Мінбер» журна-

листерді қолдау орталығының өкілі Асхат 

Еркімбай. Жиынға танымал ІТ-компания-

лар мен түрлі ұйымдар демеушілік етіп 

отыр. Барлық ақпарат құралдарын нау-

рыздың 19-ы күні өтетін арнайы баспасөз 

мәслихатына шақырамыз. Бұдан бөлек, 

наурыздың 20-сы күні сағат 16.00-да 

болатын үздік блогшылар мен үздік жо-

баларды марапаттау рәсімін де өткізіп 

алмаңыздар! Өтетін орны: Алматы қ-сы, 

Абай көшесі 2-үй, ҚМЭБИ ғимараты, New 

Building корпусы. 

Ербол АЗАНБЕКОВ

АЛАШ-АҚПАРАТ



Қазақ 

блогшылары 

бас қоспақ

Наурыздың 19-20-сы күн-

дері «Мінбер», «Медианет», 

«AsClub», «MediaLab» журналис-

тік орталықтарының ұйымдас-

тыруымен Алматыда тұңғыш рет 

қазақ блогшыларының әлемге 

танымал баркэмп форматындағы 

бейресми жиыны өтпек. «Блог 

құрылтай» немесе блогшылардың 

бейресми жиынының негіз-

гі мақсаты – қазақтілді жаңа 

медианың дамуына ықпал жасап, 

оның сапасын арттыру.

Магистр дәрежесі үшін «Болашақ» халықаралық 

стипендиясына емтихан тапсырған кезде, талапкердің сол сала 

бойынша жұмыс тәжірибесі болуы міндетті ме?

Нұргүл ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ, Алматы қаласы

«Халықаралық бағдарлама лар 

орталығы» АҚ мамандарының ай-

туынша, «Болашақ» халық аралық 

стипендиясы шеңберінде магистр 

дәре 


жесін алуға үміткерлер 

ден 


жұ мыс тәжірибесі талап етілмей ді. 

Бірақ шетелдік жоғарғы оқу орын-

дарына түсу емтиханы кезін 

де 


талапкердің таңдаған маман дығы 

бойынша жұмыс өтілі қосымша 

ба сымдық ретінде қаралады. Сон-

дай-ақ кейбір жекелеген ма ман-

дықтар бойынша жұмыс тәжі ри-

бесінің болуы маңызды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 

мемлекеттік материалдық резерв коми-

тетінің Семейдегі азық-түлік қойма сынан 

вагондарға күріш тиеу наурыз айының 

9-ы күні басталды. Қазіргі күні бес вагонға 

қызылордалық күріш тиелді. Жалпы, 

Ауған жеріне 20 вагон күріш жіберілетін 

болады. Ал Қазақстаннан жөнелтілетін 

гуманитарлық азықтың жалпы көлемі – 4 

897 тонна. 

Күріш тиелген вагондар наурыздың 

15-і күні теміржол арқылы Ауғанстанға ат-

танатын болады. Осындай гуманитарлық 

көмек былтырғы жылы Қырғызстанға да 

көрсетілген болатын.

Нұрбек САҒАДИЕВ, ҚР Төтенше 

жағдайлар министрлігінің мемлекеттік 

материалдық резерві «Балқаш» 

филиалының директоры:

– Төтенше жағдайлар министр-

лі 

гінің материалдық резервінен, яғ-

ни біздің бөлімшеден 202 миллион 

теңгенің көмегі көрсетіледі. Бұл – 

1171,95 тонна күріш жармасы түрін-

дегі гуманитарлық көмек. 

Бауыржан МЫРЗА, 

Семей

Ауғанстанға 

Қазақстаннан 

гуманитарлық 

көмек

Қазақстан Республикасы 

Ауған станның бейбіт тұрғын да-

рына сол елдегі әлеуметтік-эконо-

микалық жағдайға байла нысты 

гуманитарлық көмек көр сетуде. 

Ауған еліне біздің мем лекеттен 

азық-түлік түрінде көмек жөнел-

тіледі деп жоспарланып отыр.

e-mail: info@alashainasy.kz

Дербес экономикалық 

құрылым ретінде 

зерттеу университеті 

мемлекеттік бюджеттен 

қаржыландырылуы тиіс


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№47 (499) 18.03.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz



ҚАПЕРГЕ 

Мюзикл – диалог, ән, 

музыка және негізін 

хореография құрайтын 

сахналық қойылым. Мюзикл 

жанрының пайда болуына 

оперетта, комедиялық опера, 

водевиль, бурлеск сияқты 

жанрлар әсер етті. Мюзиклді 

сахналау өзге жанрларға 

қарағанда қиындау. Сондай-

ақ ол өзінің әсерлілігімен, 

тақырыптық ауқымының 

кеңдігімен ерекшеленеді. 

ӨРКЕНИЕТ


ТҮЙТКІЛ

ТАЛҒАМ


? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Эссе қалай жазылады?

Қазақ үшін альцгеймер – дерт емес, қарттық

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai – 

тәжірбие, лат.т. exagium – құрау  ) –  

философиялық, әдеби, тарихи, пуб-

лицистикалық, әлеуметтанулық, саяси 

және тағы басқа саладағы ғылыми 

емес, автордың жеке көзқарасын 

білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде 

енгізген 1580 ж. Мишель Монтень 

болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет 

қолданып, осы жанрда 1597 жылы 

Френсис Бэкон кітаптарын жазып 

шығарды. Эссе екіге бөлінеді: 1) 

субъективті; негізгі мақсаты – авторды 

жан-жақты ашу, таныту. 2) объективті; 

негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми 

тақырып бойынша автордың көз қара-

сын ашу, таныту.   Қолданылуына қарай: 

әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі 

ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде 

талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз,  

1-2 беттен 20 бетке дейін. Эссе жазу 

кезеңдерінде жазушы  проблеманы  

анықтау, ойлану, жос парлау, тексеру 

керек.   

Еліміздің кейбір жоғары оқу орындары талапкерлерді қабылдағанда 

эссе  жазуды  талап  етеді  екен.  Оның  жазылу  көлемін  білгім  келеді.                                                                              

                                                                                    Баян, оқушы

Альцгеймер — адамның зияткерлік 

(интел лектуалдық) қасиеттерін төмендететін 

мидың дегенеративтік ауруы. Аурудың пайда 

болуына басты себепкер — APOE4 гені. Ол 

жақсы және жаман түрде дамиды. Жаман 

түрде дамығаны Альцгеймер ауруына душар 

етеді (мидағы нейрондарды өлтіреді). Ал 

жақсы APOE4 гені нейрондарды түзуге 

қатысады. 

Бүгінде біз мекен еткен Жер шарындағы 

халықтың 15 пайызы Альцгеймер ауруына 

шалдыққан. Олардың көбі 75 жастан асқан 

қарт адамдар болып табылады. Сондықтан 

мұны қазақ қоғамында қарттыққа балап, 

онша мән де бермейді. 

Қазіргі уақытта медицинасы алдыңғы 

қатарда тұрған Израильдің дәрігер-

ғалымдары Альцгеймер ауруын балық 

майымен емдеуге болатындығын айтып 

отыр. Олар өздерінің осы ғылыми-медици-

налық ашылуларын үстіміздегі жылдың сәуір 

айының соңында Барселонада (Испания) 

өтетеін Халықаралық медицинадық көрмеде 

жұртшылық назарына ұсынбақ.

Мен жақында бір кітап оқып едім, ішінде бір кейіпкердің альцгеймер ауруына 

шалдыққаны жайлы айтылып кетеді. Ол қандай ауру? Қазақ қоғамында кездесе 

ме?

Арман ДАЙРАБАЕВ, Алматы қаласы

ТӘЖІРИБЕ


АЙМАҚ

Көгілдір көктем келіп жеткелі көңілдерге де бір серпіліс 

келгендей... Әнші-сазгер Роза Әлқожа да жаңа әндер жаздырып, 

бейнебаян түсіруді қолға алыпты. Аз жазса да, саз жазатын, 

әндерді жүректен өткізе орындап, жүректерге жеткізіп жүрген 

сыршыл сазгермен сұхбаттасудың сәті түсіп еді.

Көктемді көрсететін клип түсірудеміз

– Роза, көктем келіп жеткелі қызу 

жұмысқа кірісіп кеткен сияқтысыз. 

Ару-көктем айрықша әсер беруде-

ау, шамасы?

– Ойды ой қозғап, шығармашылық 

шабыт билеп, ерекше әсерленіп жүрмін. 

Кішкентайым өсті. Шүкір, жүгіріп жүр. 

Былтырғы жылды екінші альбомымды 

шығарып, жеке авторлық кешімді өткізіп, 

жақсы бастағаныммен, жыл соңында 

өнеріме мән бермей кетіппін. Оны Жаңа 

жылда байқадым. Биыл енді соның орнын 

толтырып, А.Леубаеваның «Сыңарым», 

Ғ.Жай лы байдың сөзіне жазған С.Жан-

болат тың «Гүлтолқын» әндерін, Қ.Омар-

дың сөзіне жазған өзімнің «Жүрек назы» 

деген әнімді өңдеттім. Қазақы және 

заманауи екі образда фотосессия 

жасаттым. Бұрын суретке мән бермеуші 

едім, достарым өздері шығынын төлеп, 

студияға ертіп апарды. Заман көшіне ілесу 

де керек екен. Осы «Жүрек назын» ұнатқан 

бір досымыз бейнеклиптің қаржысын 

көтеріп жатыр. Қ.Омар екеуміз ақылдаса 

отырып, клипті О.Бөкейдің «Жылымық» 

әңгімесінің желісі бойынша түсіруді дұрыс 

деп шештік. Бірақ Оралханды «сөйлету» 

оңай емес екен. Оралханды «сіңірген» 

кинорежиссер іздеп, Бейбіт Бөрі басқарған 

«Төрт тұғыр» студиясының кинорежиссері 

Ән-нас Бағдатқа сценарийін жаздырттым. 

«Жылымық» картинасы жоқ болғандықтан, 

Базархан Дәлелханға арнайы тапсырыспен 

сурет салдырдық. Дәл осы қазіргі мезгіл 

ғой. Өткізіп алмайық деп жанталассақ та, 

бір күн қар жауып кетіп, қиындық тудырды. 

Қажет деген техника құралдарын тауып 

бердік. Клип емес, кино түсіргендей 

халдемін. Өйткені зиялы қауым сынмен 

қарайтын, Оралханды «тірілтетін» бұл 

түсірілімнің жауапкершілігі үлкен болып 

тұр. Режиссер бүкіл шығарманы 4 минутқа 

сыйғыза ала ма деген қорқынышым да 

жоқ емес. Клип «Ақ қайың» санаторийінде 

үш күн бойы түсірілді.



– Әңгімедегі Жанар өте сұлу қыз 

ғой. Рөлге актерлерді қалай 

таңдадыңыз?

– Иә, рас, бізде сұлу қыздар көп сияқты 

болғанымен, шындап қарасаң, көзі, қасы, 

мұрны, ерні келіскен нағыз табиғи сұлу аз 

екен. Ол қызды ҚызПИ-дің филология 

факультетінен таптық. Фариза Әмзеева 

деген 1-курс студенті. Ал жазушы образына 

«Ел» продюсерлік орталығы ұйымдас-

тырған кештерде екі жыл бойы Мұқағали 

образын сомдап келген Рауан Бекбауовты 

таңдадық.

– Қай әніңізді тыңдасақ та, нәзік 

сырға, қоңыр мұңға толы. Сонша 

сезімді жұдырықтай жүрегіңізге 

қалай сыйдырып жүрсіз?

– Талантқа тағдыр керек шынығуға, 

Жаралған аз жаныңды шын ұғуға.

Шынымды айтып, өзіңе мұң шағушы 

ем, 

Жүрегім шытынаса, шыны мына, – деп 

Ақмарал апама хат жазып едім. Өмірдің 

қуанышын да, қайғысын да тек жүрегіммен 

қабылдаймын. Сондықтан кейде шытынап 

кеткендей болады. Бірақ ән болып төгілсе, 

жеңілдеп қаламын. Тез күліп, тез жылай 

салатын, болмашыға мұңайып, титтей 

нәрсені қуаныш көретін өте әсершіл 

адаммын ғой. Ондай болмасам, ән жазбас 

па едім?! Жаңбыр жауса деп көкке телміріп, 

күннің шуағын аңсаған, құшағы кең, 

дауыл-боран соқса, көпке әйгілі дарқан-

далам сынды жанмын мен. Көкжиекке көз 

тігіп, арман-қиялмен өскен баламыз ғой, 

Алла сыйлаған сезім әсерін кеудемде 

әлдилеп сақтап жүрсем, бір күні өзі ән 

болып құйылады.

– Көбі сәнмен киінуге құмартып, 

өздерін асқақ ұстауға тырысса, сізден 

барынша қарапайымдылық 

байқалады. Әлде көпбалалы ана 

болғандықтан, құрбыларыңызға 

ілесуге уақыт жоқ па?

– Жоға. Әдемі, сәнді киінгенді ұната-

мын. Бірақ ақынжанды болған соң ба, 

көбіне еркін киініп, боянбай жүре берем. 

Ал қарапайымлыдыққа келсек, өзім кіш-

кентай ауылда туылып, қара жұмысты істеп 

өскен соң ба, сол санамдағы ауылдың 

талғамына қарай қызмет етемін. «Сол 

ауылдағы ақсақалдар, аналар, жеңгелер 

қалай ойлайды» деген ой мазалап тұрады. 

Біздің ауыл шариғат заңдарын бұлжытпай 

орын 


дайтын, ақсақалдар алқасына 

бағынатын, өте қазақы ауыл еді ғой...



– Ауылға жиі барасыз ба?

– Барар едім, қазір шекараның ар 

жағында қалып қойды. Онда ешкім де жоқ. 

Сағынамын, әрине! Барып, баяғы жылқы 

мініп, қой баққан бала күндерімді еске 

түсіргім-ақ келеді... Ұстаздарымды, мекте-

бімді, сыныптастарымды көргім келіп жүр.

– Адамдардың қандай қасиетін 

жоғары бағалайсыз?

– Жанының тазалығын. Осыдан бес-

алты жыл бұрын бір жағдай болып, саябақта 

жалғыз өзім жылап отырғанмын. Сырттай 

зиялы көрінетін жандардың бәрі кекесінмен 

қарап өтуде. Бір кезде қасыма екі қаңғыбас 

келді де: «Айнаға қараңыз шы», – деді. 

«Қойшы» десем де алып қарадым, бетім 

айғыз-айғыз екен. Еріксіз күліп жібердім. 

Шын жанашыр адамдар солай кемшілігіңді 

түзеткісі келіп тұрады екен. 

– Сұхбаттарыңызда ұлттық 

құндылықтарымыз жайлы батыл үн 

қосып қаласыз. Қоғамдық 

құбылыстарға бейжай қарай 

алмайтын сияқтысыз...

– Елдің алдына шығу – әркімге бұйыр-

майтын бақ. Сол бақ бұйырған адам халық-

тың мұңын айтуы керек. Жөнді сөзің 

болмаса, атағың мен көркіңнің құны қан-

ша?! Ұлымды емес, ұлтымды ойлап мұңая-

мын, ұлым соның бір бөлшегі шығар деп 

ұрпақ өсіріп отырған соң, болашақ алаң-

датады ғой. Фариза апамызды оқып өскен 

соң ба, біздің де «юбка киген Махам бет» 

болғымыз келіп тұрады... Қазір ер басымен 

өмірден түңілетіндер көбейді. «Мен сенің 

серпілмеген күніңе де, Қарай мын керемет-

тей серпінменен», – деп Т.Ай бер генов 

айтқандай, мен еліме үмітпен қараймын. 

Елі үшін, жері үшін жанын құр бан еткен 

менің жұртымда батырлар әлі де бар, 

туылып та жатыр. Әйтпесе, бала лары-

мыздан несіне үміт күтеміз?!

– Шығармашылық ұстанымыңыз 

бен арманыңыз қандай?

– Кей журналистер «сіз ақынсыз ба, 

әншісіз бе, сазгерсіз бе» деп сұрақ қойып 

жатады. «Талантты адам барлық істе 

талантты», негізі. Мысалы, қазақ вальсінің 

королі – Шәмші ағамыздың өмірбаянын 

оқысақ, жазушының жазғанындай әсер 

қалдырады. Ал ән мәтініне өте кірпияз 

қараған. Тіпті бір әніне өзі сөз жазған. 

«Таланттың тоқсан тоғыз қасіреті бар, бірі 

– кедейлік» демекші, талант берген Құдай 

тағдырды да береді. Әнге, өлеңге деген 

адалдығыңды тексеріп, жиі қыспаққа 

алады. Дүние-мансап кімге керек емес?! Ал 

шығармашылық адамы пендешіліктен 

аулақ болуы керек. Өйткені шығарма – 

сенің жан дүниеңнің сыртқы көрінісі. Тіл 

маманы болған соң шығар, мақалалар 

миымда жазылып жатады. Шабытты ұзақ 

күтіп жүремін. Ән жазбаған күндерім жай 

күндер сияқты. Балаларымды ұлтқа қажетті 

азаматтар етіп тәрбиелегім келеді. Ал, 

негізі, бар арманым әнмен байланысты. 

«Әнші деген – аққу. Әдемілігіне, жүріс-

тұрысына тәнті етіп, бірақ аяғын көрсетпей 

жүзуі керек» деп еді Қ.Бекбосынов ағамыз. 

Бекзат болмысынан бір танбаған Р.Бағ-

ланова апамыздай өнер айдынында тер-

беліп өтсек, арманымыз жоқ шығар...

Сұхбаттасқан 

Мәдина СЕРІКҚЫЗЫ

Қараңыз, Ішкі істер министрлігінің веб-

сайты – www.mvd.kz, Денсаулық сақтау 

ми нистр лігі – www.mz.gov.kz. Тіпті Мә-

дениет министрлігінің өзі «Министер ство 

культуры» қысқартылып, www.mk.gov.kz 

болып кетіпті. Веб-сайттың атауын жазар 

кезде қандай қағида басшылыққа 

алынғаны түсініксіз. Мемлекет – Қазақстан 

Республикасы, мемлекеттік тілі – қазақ. 

Мемлекеттік органның Елбасы жарлығымен 

бекітілген ресми қазақша атауы бар. Сөйте 

тұра, мемлекеттік органның интернеттегі 

веб-сайтына оның орысша атауы негіз (?) 

етіп алынады. Басқа-басқа, дәл осы үш 

министрліктің атауын латын әріптерімен 

қазақша жазуға болар еді. Сірә, түкке 

Министрліктер сайттарының 

аты неге орысшаға негізделген?

тұрғысыз, ұсақ нәрсе санаған болуы 

керек. 

Бұл уәжімізді Еңбек және халықты 



әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мем-

лекеттік қызмет істері агенттігінен басқа 

мемлекеттік органдарға қатысты да айтуға 

болады. Өйткені аталған екі органның ғана 

веб-сайттарының атаулары www.enbek.

gov.kz және www.kyzmet.kz болып 

тіркелген. Рас, бұлардың қатарына 

басқалай атау мүмкін емес Статистика 

агенттігін (www.stat.kz ) де жатқызуға 

болар. Ал қалғандарына не жорық? 

Жарайды, ҚР Сыртқы істер министрлігінің 

www.mfa.kz, яғни Ministry of Foreign Affairs 

дегенді қысқартып алуын түсінуге болар, 

ал Қорғаныс министрлігі (www.mod.gov.

kz) мен Төтенше жағдайлар министрлігі 

(www.emer.kz) неліктен ағылшыншаға 

жүгінгені түсініксіз. 

Бізде 18 министрлік, 10 бірдей агенттік бар екен. Демек, 

жергілікті (облыстық) мемлекеттік органдарды қоспағанда, 

орталық мемлекеттік ведомстволардың 28 веб-сайты бар деген 

сөз. Ішкі істер министрлігі, Денсаулық министрлігі, Мәдениет 

министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, тағысын тағы, кете 

береді. Барлық мемлекеттік органдардың жарлықпен бекітілген 

қазақша атаулары бар. Бірақ бір қызығы (әлде шыжығы), 

осы мемлекеттік органдардың барлығы дерлік ресми веб-

сайттарының атауына сол министрліктің немесе агенттіктің 

орысша атауының қысқарған түрін алған.

Айбын БАҚЫТҰЛЫ 

ТАҒЗЫМ


Шығыс Қазақстан облысына 

қарасты Абай ауданының 

Кеңгірбай би ауылында 

«Шыңғыстау көтерілісі мен 

Шәкәрім қазасына 80 жыл» атты 

әдеби-тарихи сазды танымдық 

кеш өтті. 

Кешке аудандық мәдениет және тіл-

дерді дамыту бөлімінің бастығы Әсет 

Мырзақасымұлы, аудандық М.Әуезов 

атындағы орталықтандырылған кітапхана-

ның директоры Рысты Советбекқызы, 

ауылдың ақсақалы зейнеткер Әзенбаев 

Сейітқазы соған қоса ұстаздар мен оқу-

шылар қатысты. Кешті Кеңгірбай би ауыл-

дық округінің әкімі Г.Боранжанова сөз 

сөйлеп ашты. 

Кеш барысында Әсет Мырзақасым-

ұлының «Отыз бірдің соңғы күзі» атты 

пьеса сынан үзінді көрсетілді. Шәкәрім 

ұрпақтары Әзенбаев Сейітқазы, Берлешов 

Құсман өз естеліктерінен сыр шертті. Жиын 

кезінде қатысушылар назарына Шыңғыстау 

көте рілісі мен Шәкәрім қазасына 80 жыл 

толуына арнап әзірленген слайд көрсетілді. 

Әдеби кештің соңында Шәкәрім бабаның 

әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. 

Асыл ЖАН, 

Семей

Шыңғыстау 

көтерілісі мен 

Шәкәрім қазасына 

– 80 жыл

Аймақтағы театрлардың 

ахуалы жайында сын көп 

айтылады. Репертуар 

жұтаңдығы, актерлер 

шеберлігінің төмендігі, 

көрермендердің аздығы 

сияқты күрделі мәселелер әлі 

толық шешіле қоймағаны 

анық. Бірақ осындай 

кемшіліктерге қарамастан 

өнер ордалары өз жұмыстарын 

жүйелі түрде жүргізіп келеді. 

Мысалы, Қызылжардағы 

Сәбит Мұқанов атындағы 

облыстық сазды-драма театр 

жақында мюзиклмен 

көрерменін қуантты. Бұл – 

репертуардағы мюзикл 

жанрындағы жалғыз 

спектакль. 

Мұқанов театры былтыр өзінің 10 

жылдығын атап өткен болатын. Репертуар 

да жыл сайын бірді-екілі жаңа туынды-

лармен толығып отыр. Былтыр Сәбит 

Мұқановтың 110 жылдығына тарту 

ретінде «Балуан шолақ» спектаклін қойған 

ұжым енді көрермендерін жаңа жанрдағы 

қойы 

лыммен қуантты. «Абайлаңыз 



қалыңдық» деп аталатын мюзикл көрер-

меннің көңілі нен шықты. 

Либреттосын жазған Насреддин Бай-

теміров, ал композиторы Насыр Давлесов. 

Екеуі де – қырғыз авторлары. Қойылым-

ның режиссері Батырбек Шамбетовтің 

айтуын ша, туынды 1974 жылы жазылған 

екен. Бұған дейін опера театрында сахна-

ланған туындыны мюзикл ретінде 

көрерменге ұсыну үшін ұжым алты ай 

бойы дайындалған. Төккен тер тек кет-

педі.


Спектакльде дін мәселесіне көп мән 

берілген. Дүмше молдалардың адамдарды 

«аластап» емдеймін деп ақша табатыны 

әшкере болады. Жоғары білім алып келген 

ауыл жастары ескілікті қойып, медицина-

мен ем алуды ұсынады. Бұл ХХІ ғасырда 

да күрделі мәселеге айналып отырғаны 

анық. Аруақпен емдеу, аталардың басына 

барып түнеу сияқты исламда жоқ қылық-

тар әлі де бой көрсетіп қалып жүргені 

анық. 

Аймақтағы театрлар үшін бас режис-



сердің жоқтығы да бас аурулардың біріне 

айналғалы қашан? Мұқанов театры да 

соңғы үш-төрт жыл бас режиссерсіз жұ-

мыс жүргізіп келеді. Актерлер тап шылығы 

да үнемі алдан шығатынын айт тық. Атал-

мыш спектакльге актерлер таң даған кезде 

басымдық жастарға берілген екен. 

Рөлдердің көбін қоюшы режиссер Батыр-

бек Шамбетовтің жергілікті кол леджде 

оқитын шәкірттері сомдады. 



Батырбек ШАМБЕТОВ, 

«Абайлаңыз қалыңдық» 

мюзиклінің қоюшы режиссері:

– Жас театр үшін – мюзикл ауыр 

жанр. Актерлер әнді, биді еркін 

меңгерген болуы керек. Басында 

қобалжыдым, бірақ бәрі ойдағыдай 

шықты. Бұл қойылым арқылы 

адамдар арасында жойылып бара 

жатқан сыйластық, сыпайылық, 

бір-біріне үнемі алғыс айту, биге 

шақыру сияқты жақсы қасиеттерді 

көрсеткіміз келді. Спектакльде юмор 

көп, көрермен жұмыстан кейін 

театрға келіп, жеңілдеп қайтады. 

Мұқанов 

театры 

мюзикл қойды

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қызылжар 

Роза ӘЛҚОЖА, әнші-сазгер:

Сөз соңында мемлекеттік орган веб-сайттарының қайсысы бірінші қазақша 

ашылатыны, қайсысында алдымен тіл таңдауы тұратынын және қай сайттың 

қазақша нұсқасы тиісті материалдармен уақытында толтырылмай, екі-үш ай 

бұрынғы ескі ақпаратпен тұрғанын да теріп жазуға болар еді. Өйткені бұл да 

ұсақ-түйек болғанымен, мемлекетке, мемлекеттік тілге деген көзқарастың бір 

айғағы. Бірақ ол арасын екшеуді оқырманның өзіне қалдырдық. Интернетке 

«доступ» болса, қарап көріңіз. 

Меморганның атауы

Веб-сайтының атауы

Ішкі істер министрлігі

www.mvd.kz

Денсаулық сақтау министрлігі

www.mz.gov.kz

Мәдениет министрлігі

www.mk.gov.kz

Туризм және спорт министрлігі

www.mts.gov.kz 

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

www.mint.gov.kz

Сыртқы істер министрлігі

www.mfa.kz 

Қорғаныс министрлігі

www.mod.gov.kz

Білім және ғылыми министрлігі

www.edu.gov.kz

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

www.eco.gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі

www.minagri.gov.kz

Көлік және коммуникация министрлігі

www.mtk.gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

www.enbek.gov.kz

Қаржы министрлігі

www.minfi n.kz

Экономикалық даму және сауда министрлігі

www.minplan.kz 

Төтенше жағдайлар министрлігі

www.emer.kz 

Әділет министрлігі

www.minjust.kz

Байланыс және ақпарат министрлігі

www.mci.gov.kz

Кеше ҚР Білім министрлігі 

Ғылым комитетінің 

Р.Б. Сүлейменов атындағы 

Шығыстану институты аса 

көрнекті қазақстандық 

шығыстанушы-ғалым Рамазан 

Бимашұлы Сүлейменовтің 

80 жылдық мерейтойына 

арналған «Сүлейменов 

оқуларын» өткізді. Жиынға 

шығыстанушылар, тарихшылар 

қатысты.

Басқосуға жиналған ғалымдар Қазақ-

стандағы қоғамдық ғылымдардың жағ-

дайына тоқталды. Экономика ғылымының 

докторы, профессор Оразалы Сәбден: 

«Қытай секілді дербес елдер қоғамдық 

ғылымдарды арнайы институттарға шо-

ғыр ландырған. Олар қоғамдық ғылым-

дардың идеологиялық құрал бола ала-

тынын жақсы түсінеді», – деді. Сол секілді 

шығыстанушы-ғалым Рамазан Сүлей-

меновтің мәдениет, тарих, халықаралық 

байланыстар, саясат тақырыбында жазған 

еңбектерін ғалымдар баяндамаларында 

атап өтті. Оқулар барысында соңғы жыл-

дары Шығыстану институты қызмет-

керлерінің зерттеулері арқасында табылған 

тың жаңалықтар мен материалдардың 

тұсаукесері өтті. Шығыстану институты 

директорының орынбасары Әшірбек Мү-

минов: «Рамазан Сүлейменов 1992 жылы 

қайтыс болды. Тәуелсіздіктен кейінгі зерт-

теулерді арқалап келген зерттеушілер бүгін 

шығыстану ғылымының бүгіні мен бола-

шағын талқылады. Оған қоса екі көрме 

ұйымдастырылды. Көрмеде «Қазақстан: 

шығыстану ғылымы», «Мәдени мұра» 

сериялары мен Шығыстану институты қыз-

меткерлері монографиялары таныс-

тырылды». 



Сүлейменов 

оқулары өтті

ДЕРЕК

Рамазан Бимашұлы Сүлейменов 

– танымал тарихшы, мәдениет 

мәселелерін зерттеуші, 

шығыстанушы, қазір өзінің атымен 

аталатын Шығыстану институты-

ның негізін қалаушы. Еліміздің 

тарих және шығыстану ғылымының 

дамуына зор үлес қосқан аса 

көрнекті ғалым, XX ғасырдағы 

қазақ зиялыларының ортасынан 

шыққан тарихшы-ғалымдардың 

үшінші буынына жататын тұлға. Ол 

кісінің авторлығымен 100-ден 

астам кітаптар, мақалалар мен 

рецензиялар дайындалды. 

Олардың ішінде «XVIII ғасырдағы 

Қазақстан тарихынан (Абылай 

хан)», «Темірбек Жүргенов», 

«Ш. Уә лиханов – шығыстанушы» 

және т.б. еңбектері қазақ 

ғылымының дамуына өз үлесін 

қосып келеді.

Сейілбек АСАНОВ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№47 (499) 18.03.2011 жыл, жұма                      



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№47 (499) 18.03.2011 жыл, жұма                 



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

Ке

зекшi  ред



ак

тор – Қалд

ар КӨМЕКБ

АЕВ


Республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ  Бас ред

ак

тордың бiрiншi орынб



ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН  Бас ред

ак

тордың орынб



ас

ары


Қабылд

ау бөлмесі: 8(727)388-80-60, 

факс: 8(727)388-80-61

Айдын ҚАБ

А – ж

ау

апты х



атшы

Талға


т КIРШIБ

АЕВ  – 


ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат  

минис


трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат құр


алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап 


бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


атын ма

териалд


ар 

қабылд


анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi 


көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

аты 


алынып, г

азе


тк

е сiлт


еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Тар


ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz

Алма

ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 



Қалд

аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 

8 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №906

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №515

Шымк

ент қаласы «Оңтүс



тiк по

лигр


афия» б

аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 


8 

(7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №3186 

 

 

 



   

Бағасы  к

елiсiмдi

Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

йн

ас



ы» г

аз

ет



е ж


аз

ыл

у и



нд

екс


i: 6

42

59



Ре

да

кц



ия

ны

ң ме



ке

нж

ай



ы:

 

Ал



ма

ты

 қ



ал

ас

ы,05



00

51

, Б



ег

ал

ин



 кө

ш

ес



і, 1

48

/1 А



e-

m

ail



inf

o@

alashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары: Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с

аяси бюро, т

ел.: 

388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

ел.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

ел.: 


388-80-62

Астана бюросы: Мек

енж


айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.:


 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Ас

тана бюросының ж



ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Бүркiт НҰР

АСЫЛ – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Эльвир

а ЕРКІНБЕК



ОВ

А – үйлес

тір

уші


БҮГІН:

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

НАУРЫЗ

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

30



31

Наурыздың 18-і

Алаштың атаулы тұлғасы

• 120 жыл бұрын (1891-1938) аса көрнекті мемлекет және қоғам 

қайраткері Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов дүниеге келді. 

• 75 жыл бұрын (1936-1999) металлург, техника ғылымының докторы 

Жантөре Әбішев дүниеге келді.

Туған күн иелері

Сләм Исабаев (1937) – полиция генерал-майоры; 

Болат Мешінбаев (1943) – генерал-майор; 

Аманкелді Садырбеков (1947) – «Конденсат» АҚ сыртқы байланыс 

жөніндегі директоры; 



Уәлихан Қалижанұлы (1948) – Мәжіліс депутаты; 

Төлеубек Аралбай (1950) – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген 

әртісі; 


Абдолла Төребеков (1950) – Қарағанды облыстық ауыл 

шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары; 



Толымбек Әлімбекұлы (1954) – сатирик, Қазақстан Журналистер 

одағы сыйлығының лауреаты;



Мерей Уайысов (1956) – ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі; 

Балжан Шаменова (1962) – Қызылорда облыстық экономика және 

бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы. 



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,

 мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

УӘЛИХАН – арабтың «уәли» (билеуші, әкім) 

және түріктің «хан» (белгілі бір аумақты билеген 

басшы) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. 

Бұл есімді жаңа туған ер балаға «жерін жауға 

басқызбаған, еліне қорған, жұртына пана 

басшы болсын» деген ниетпен қояды. Түркілер 

мен мұсылмандар арасында тек қана қазақтарға 

тән санаулы есімнің бірі.  



ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 

ТАРАЗЫ

Өзіңіздің материалдық 

жағдайыңызды бүгін айтар-

лықтай жақсарта аласыз 

және де басқалармен тиімді 

келісімге келесіз. Жұмысыңызда 

жағдай жақсы қалыптаспайды, 

алайда алаңдамай, өз-өзіңізге, 

әр сөзіңізге сенімді болыңыз.

САРЫШАЯН

Бүгін сізге жауапкершілігі 

мол істерге дайын болу қа-

жет. Бірақ сізге жалғыз емес, 

сенімді көмекшіңізбен бірге 

әрекет еткен жөн. Тіпті қолдау 

көрсетуге уәде бергендерге де 

сенсеңіз болады. Олар алдамай-

ды, үмітіңізді ақтай алады.

МЕРГЕН

Айналаңызда болып 

жатқан оқиғаларға мұқият 

болыңыз. Бастапқыда мәнсіз 

болып көрінген нәрсе кейін 

маңызды болып шығуы ғажап 

емес. Дер кезінде дұрыс әрекет 

еткеніңіз жөн. Күтпеген сәйкестік 

үлкен өзгеріске себеп болады. 

ТАУЕШКІ

Сіз бүгін барлық нәрсеге 

мұқият болуыңыз қажет. Өйт-

кені бұл күні сізге дұшпан да-

ры ңыз әртүрлі тұзақ құруы ық-

тимал. Көбінесе бұл сіздің жеке 

өміріңізге қатысты болмақ. Бас-

қалардың ойымен есептесе біл-

геніңіз жөн. 

СУҚҰЙҒЫШ

Өзіңізге қуаныш сыйла-

май тын  қарым-қатынасты 

тоқтатып, сонымен қатар 

пайдасы жоқ байланыстан бас 

тартқаныңыз жөн. Батыл шешім 

қабылдап, оны жүзеге асыру 

әр қашан да оңай емес. Бірақ 

бүгін сізге қаттылық қажет.

БАЛЫҚТАР

Бұл күн сіздің айналаңыз-

да болып жатқан өзгерістерге 

байланысты болады. Өзара 

түсіністікке қол жеткізген адам-

дардың орнына ортақ тіл табы-

су ды керек ететіндер келеді. Бір 

жағынан, жаңа таныстық та 

жақ  сы  әрі  қызықты. 

ТОҚТЫ

Бұл күніңіз бір сарынды 

өтеді. Өзіңізге өзгерістің же-

тіспейтінін сезінесіз. Назар 

салуыңызды талап ететін істер 

жиналып қалса да, олар дың 

ешқайсысы қызықты іс болып 

көрінбейді. Бірақ сізді осы күні 

жағымды тосын сый күтеді. 

ТОРПАҚ

Біліміңіз бен тәжірибе-

ңізге қоса, қиялыңызды да 

қажет ететін қолайлы күн. 

Өз талантыңызбен немесе ой-

өрісіңіздің зеректігімен жар-

қырап көрінуге зор мүмкін-

дігіңіз бар. Өміріңізде өзгеріс 

болғанын қаласаңыз, өзіңіз 

әрекет етіңіз. 



ЕГІЗДЕР

Бұл күн қаржылық жағ-

дайыңыз нашарлайды. Қа-

лып тасқан жағдай ақшаны 

үнемдеуге мүмкіндік бермейді, 

оған қоса көзге көрінбей тін 

шығындар да көбейеді. Бас-

шылықпен сөйлесуге сәтті 

күн. 

ШАЯН

Өзіңізден де, өзгелерден 

де тым көп нәрсені талап 

етпесеңіз, бұл күннің өте та-

маша өтері анық. Үлкен мақ-

сат тарға жете білу деген жақ-

сы, бірақ бүгінгі талпынысыңыз 

жағымды жағынан бұрын

жалықтырып жіберуі мүмкін. 

АРЫСТАН

Сізге бүгін өз сұраныс та-

рыңызды шамаңызға қарай 

жеңілдетуге тура келеді. 

Құр ған жоспарыңыздың бәрі 

бірдей жүзеге аспауы мүмкін, 

сондықтан азды қанағат тұтқа-

ныңыз абзал. Өміріңізде бол-

жап болмайтын оқиға орын 

алады. 


БИКЕШ

Бүгін көңіліңізді көкке 

көтеретіндей күн. Көп теген 

бастамаңызға сәттілік серік 

болады, алайда аяғына дейін 

шыдап, жеңіске жету де оңай 

емес.  Жақын да ры ңыз  сізге 

қол дау көрсетеді. Романти ка-

лық кездесуге өте сәтті күн. 

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 07:02  

 

            11.58 

 

           19:00    

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Ауылдағы оқиға:

Бір қалалық қыздың автокөлігі ауылдың жанынан 

өтіп бара жатып, бұзылып қалады. Не істерін білмей, 

асып-сасып тұрса, жанынан атқа мінген жігіт өтіп бара 

жатады. 

Қыз: 

– Әй жігіт, көмектесіп жіберші! 

Жігіт: 

– Иә, қалаға барсақ, мәмбетпіз, ауылда жүрсек, 

жігіт екенбіз ғой! – депті.

***

Қоғамдық көлікте:

– Қазір «Ұлықбек», «Жұбанов» дайындаламыз...

– Бауырым, менің фамилиям Байболатов, ұмытып 

кетпеші...

***

Бір әйел көз дәрігеріне келеді:

– Күйеуім көзіме шөп салып жіберді.

– Кешіріңіз, сіз маған емес, психологқа барыңыз...

***

Сот залында:

– Айыпталушы, сіз көршіңізді басынан кірпішпен 

ұрып өлтіргеніңізге өкінесіз бе?

– Өкінемін, бірақ мен оны кірпішпен ұрған 

жоқпын.

– Енді немен ұрдыңыз?

– Бөлке нанмен.

– Одан адам өлмейді ғой.

– Бөлкенің қатып қалғанын қайдан білейін...

Алматтың әзілдері



Ауа райы

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?



Әйелдер мен ерлер тән мен жанның азабын түрліше 

қабылдайды. Ерлер қиналудан қашуға ұмтылып тұрса, 

әйелдердің миы, керісінше, ауыртпалықты зорайтуға бейім 

келеді. Бұл ағылшын және жапон ғалымдарының бірлескен 

зерттеуі барысында анықталды.

Профессор Азиз Касим бастаған 

зерттеушілер тобының сынағына 

16 ер адам мен 16 әйел қатысты. 

Олар дың ас қорыту жүйесіне эндос-

копиялық тексеру жүргізіліп, осы 

сәтте еріктілердің миы магнитті-

сер пінді томограф арқылы сканер-

ленді. Сынақ нәтижесінде әйелдер 

іш құрылысын ауыртатын қозғалыс-

тарға алдын ала ыңғайланбай, бұл 

жағынан ерлерге қарағанда бел-

сен ділік танытпаған. Есесіне, эмо-

ция ны байқатуға келгенде тым 

белсенді болды. Ал томограф бей-

не лері ерлер миының ішті ауырта-

тын қимылдарға алдын ала дайын-

далатынын көрсетті. «Әйелдерден 

байқалған механизм олардың ау-

ру  ды мейлінше ауыр қабылдай-

тынын көрсетті. Сонымен бірге 

олардың миы жағымсыз сезімдер-

ден қашудың орнына қосымша 

қоздыруларға ықпал етеді», – дейді 

Азиз Касим. 

Әйелдердің миы түймедейді 

түйедей етеді екен

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №46 (498)  санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: 

Питон. Ұра. Литр. Лимит. Аша. Етік. Сократ. Вазелин. Графика. Вий. Цеце. Бал. Нәр. Ем. Біте. Алуа.



ТІГІНЕН: 

«Мимино». Елі. Кварц. Полиграф. Ене. Нит. Азия. Етек. Бра. Шұрат. Лава. Шіби. Илеу. «Шабак». Най. Ма. 



Қытайлық миллионер тибет мастифі күшігін 10 млн юаньға 

сатып алды. Бұл – 1 000 000 долларға жуық ақша. Дүниежүзінде 

бұрын-соңды ит тұқымы мұнша қымбатқа сатылған емес.

The Daily Mail басылымының 

хабарлауынша, 11 айлық күшік әлем-

де гі ең қымбат ит ретінде рекорд иесі 

атанбақ. Оның жүні ашық жирен 

түсті. Аты – Хун Дун, қытай тілінде ол 

«судың үлкен шалпылы» дегенді 

білдіреді. Күшікті өмірге әкелу үшін 

қожайыны көп ақша жұмсаған. Оны 

қымбатқа бағалағаны сондықтан. 

Хун Дунның жаңа қожайыны итке 

тауық, сиыр еті, балық, теңіз өнімдері 

мен қияр беріп өсіргелі отыр. Тибет 

мастифі иттің нағыз қытайлық тұқы-

мы саналады. Аңыз бойынша мұндай 

ит Буддада болған. Мастифтердің 

терісі қатты келеді, олар қожайынына 

ешқашан айбат шекпейді. 2009 

жылы осындай тұқымды төбет 60 

мың долларға сатылып, сол кезең 

бойынша ең қымбат ит деп танылған 

болатын.


Әлемдегі ең қымбат ит –   Қытайда

Мәдениет 

үйі

Еркін, 


бостан

Өлке, 


аймақ

Жаргон


Штирлиц-

тің бүр-


кеншік 

есімі


...

Нетребко 

(Әнші)

Сырткиім


Әулет, 

ұрпақ


Қызыл 

қызылша


Иісті қара 

май


Австралия 

түйеқұсы


Таудың 

аласарып 

бітер 

жері


Кіші үй

Пума


Өлең түрі

Таяқ түрі

Жын

Салмақ 


өлшемі

Соғым


Н.Тілен-

диевтің әні

Өкше-

ліктегі 


қатты көн

Дәме


Ең ұзын 

тау


Құрма 

сорты


Шебер 

ұшқыш


Сирақ

Мейрам


Емдік 

өсімдік


...

Байзақов


Амал, 

шара


Католик 

дін өкілі

Жанжал

Украин 


парламенті

 -5-7

о

 

  -11-13

о

-2-4

о

 

 

-5-7



о

0+2

о

 

-4-6

о

 +3+5

о

 

 0-1

о

 +9+11

о

 

 0+2

о

 

-2-4



о

 

-9-11

о

 

-5-7



о

 

-12-14

о

 0-2

о

 

  -14-16

о

0-2

о

 

-5-7

о

+8+10

о

 

 -3-5

о

 

-6-8



о

 

 -15-17

о

 -7-9

о

 

  -10-12

о

  

-4-6

о

 

 -

8-10

о

 

-4-6

о

 

   -10-12

о

 

0+2

о

 

-7-9

о

  

0+2

о

 

-7-9

о

 -2-4

о

 

    -11-13

о

         



-5-7

о

 

-18-20

о

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал