6-б етте 6-б етте Гүлмира СҰлтанбаева: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Сергей лавров



жүктеу 0.67 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

Мұстафа Шоқайдан сырт айналмаған

Көшім ЕСМАҒАМБЕТОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:

– Осыдан 3-4 жыл бұрын Мұстафа Шоқайдың туған жерінде болып, туыстары мен 

кездескен едім. Әңгіме барысында олар М.Шоқайдың туысы ретінде кезінде қуғын-сүргінге 

ұшырап, көп қиындық көргендерін айтты. Ол кісілерден естігенім, сол кезде басшылық 

қызметтер атқарған Ұзақбай Құлымбетовтің сол Мұстафа Шоқайдың туыстарына әртүрлі 

мәселелер бойынша көмектескен, жәрдем берген кезі де болыпты. Яғни бүкіл ел-жұрт 

Мұстафадан «жау» деп сырт айналғанда, Ұзақбай Құлымбетов жоғарғы шеніне, қызметіне 

қауіп төнеді деп қорықпастан, оның жазықсыз жапа шеккен туған-туыстарына мүмкіндігінше 

қолұшын берген. Мұның өзі Ұ.Құлымбетовтің адамгершілігі зор, ақыл-парасаты биік тұлға 

болғанын көрсетеді. 

Мен Ұзақбай Құлымбетовті тікелей зерт теп жүрген жоқпын, бірақ әртүрлі хаттарына, 

сөйлеген сөздеріне қарап, ол кісінің елжанды тұлға болғанын бай қаймын. Әсіресе, 

ашаршылық жылдарында қазаққа бүйрегі бұрып, жаны ауырған, қарекетсіз отырмауға 

тырысқан. Соған қарамастан «Голощекиннің серігі болды, соның саясатын бөлісті» деп 

қарайтындар бар. Бірақ Құлымбетов тұлғасына бірыңғай қаралау әдісімен келуге болмайды. 

Ол – сәл күрделі тұлға. Кеңес заманында саясатқа қызмет етпеген адам болмағанын түсінуіміз 

керек. Оның үстіне Құлымбетов өз халқына жамандық ойлайтын адам емес.

Құлымбетовтің өмір жолын жастарға өнеге етуге болады

Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымының докторы, профессор: 

– Ұзақбай Құлымбетов – өткен ғасырдың 

20-30 жылдарында Голощекиннің төңірегінде 

қалыптасқан партия, кеңес қызметкерлерінің 

бірі және бірегейі. Бірақ ол кісі жалпы өмір-

баяны жөнінен алғанда, Ақтөбе өңірінде 

мұғалімдік қызметті бастаған кезінен-ақ 

өзінің халқына қызмет етуді биік мақсат ретін-

де қойған адам. Қазан төңкерісінен кейін 

қалыптасқан ахуалда ол жергілікті халықтың 

мүддесін қорғап, орыстың қызыләскер 

отрядтарымен, командирлерімен текетіреске 

барған, сол үшін түрмеде де отырып шыққан. 

Кейіннен Қазақ Орталық атқару комитетінің 

төрағасы болғанда халқына адал қызмет 

етуге тырысты. Ұзақбай Құлымбетов ашаршы-

лықтың орын алуына кеңес, партия қызмет-

кер лерінің де кінәсі бар екенін мойындаған, 

ашаршылық зардаптарымен күресу барысын-

да жауапкершіліктен де қашпаған. Ұзақбай 

Құлымбетовті «Голощекиннің серігі» деп 

қарастыруға болмайды. Оны Т.Рысқұлов, 

О.Жандосов, Н.Нұрмақов сияқты қайраткер-

лердің қатарына қосу керек. Коммунист 

болған екен, ауыр жылдарда ел басқарған 

екен деп біржақты кінәлау әділеттілік емес. 

Халқымызға еңбегі сіңген айтулы қайраткер-

леріміздің еңбегін зерттеп, зерделеу мәселесін 

қайта қарап, қайта бағалап жатқан тұста 

Ұзақбай Құлымбетовтің өмір жолын жастарға 

өнеге етуге әбден болады. Ол – қарапайым 

қазақ шаруасының отбасында дүниеге келіп, 

мемлекет басшысы деңгейіне дейін көтерілген 

жан. Оның Қазақстан мемлекеттілігін нығай-

ту ға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Сонымен 

бірге, Ұ.Құлымбетовтің Қазақстандағы ста-

лин дік жазалаудың құрбаны болғанын да 

ұмытпауымыз керек. 

Ал «Ұ.Құлымбетовтің Алаш зиялыларымен 

қарым-қатынасы қандай болған?» дегенге 

келсек, олармен ешқандай байланысы бол-

маған. Өйткені Ұ.Құлымбетов – кеңестік 

құры лыс тұсында жарыққа шыққан, кеңестік 

қайраткер ретінде қалыптасқан адам. Сон-

дай-ақ Құлымбетов туып-өскен Ақтөбе өңі-

ріне Алаш қозғалысының идеялары кеңінен 

тарала қойған жоқ. Сол себепті де, Ұ.Құлым-

бетовті Алаш зиялыларының ықпалы мен 

қалыптасқан қайраткер десек, ол үлкен қате 

болар еді. Ол – кеңестік жүйенің перзенті, 

коммунистік идеологияның қайраткері. Бірақ 

сол жүйеге қызмет ете тұра, ол өзінің қазақ 

деген халқына барынша адал бола білді. Ал 

репрессияға ұшырауына келсек, оның бар 

«жазығы» – Т.Рысқұлов, О.Жандосов, Н.Нұр-

мақовтармен жақсы таныс әрі қызметтес, 

пікірлес болғандығы. Міне, сондықтан да ол 

Қазақстандағы ұлтшыл, буржуазиялық партия 

құру әрекетіне айыпталған және «20-30 жыл-

дары Кеңес өкіметіне қарсы болған қозға лыс-

тарды ұйымдастырған», «30 жылдардағы 

аштық кезінде Кеңес өкіметіне қарсы әрекет-

терге барған», «Қазақстандағы Кеңес өкіметін 

құлату туралы жасырын партия ұйымдас-

тырған» деген «қылмыстармен», «контрре-

волю циялық ұйымның мүшесі» ретінде жаза-

ға тартылған. Шын мәнісінде, мұның астары 

мынада: сталиндік жүйе осындай жолмен өз 

халқына шын берілген адал азаматтардан 

құтылуға тырысты. Сондай азаматтардың бірі 

– осы Ұзақбай Құлымбетов. Ұзақбай Құлым-

бетов сияқты тұлғаның еңбегін естен шығару 

– тарихымызды естен шығару деген сөз...

кеңесі сияқты ірі мекемені ешқайда да бұра 

тартпай, іскерлікпен басқара алатын басшы 

керек болды. Сөйтіп, аталған қызметке Ұ.Құ-

лым бетов тағайындалды. 1925 жылы қаң-

тар да өткен РКП (б)-ның Пленумы Қазақстан 

өнеркәсібін қалпына келтіру ісіне үлкен көңіл 

аударып, тек Риддер мен Қарсақпай кен 

орындарын дамытуға 23 миллион сом қаржы 

бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл түсті 

металлургия өнеркәсібіне бөлінген одақтық 

қаржының жартысы болатын. Орталық Коми-

теттің шешімдерін іске асыру жолдарын тал-

қы лауға арналған Қазақ Өлкелік Комитетінің 

Пленумында Ұ.Құлымбетов жергілікті өнер-

кәсіпті дамыту мәселелеріне байланысты 

баяндама жасады. Баяндамада қойылған 

өзекті ой республикада шикізат өңдіру 

орындарымен бірге, қайта өңдеу өнеркәсібін, 

сондай-ақ жергілікті шикізат негізінде жұмыс 

жасай алатын ұсақ кәсіпшілік орындарын ке-

ңейте түсу төңірегінде болды. Бұл жылдар-

дағы Ұ.Құлымбетовтің Қазақстан өнеркәсібін 

қалпына келтіру және даму жолына шығару 

жөніндегі еңбегі еліміздің сол тұстағы 

Ф.Э.Дзержинский, А.И.Микоян сияқты 

белгілі қайраткерлері тарапынан түсінушілік-

пен қолдау тауып отырды. Жиырмасыншы 

жылдардың ортасындағы архив құжаттары-

нан Өлкелік Комитеттің Ұ.Құлымбетовті үнемі 

кезек күттірмейтін шұғыл бетбұрысқа мұқтаж 

шаруашылық, саяси өмір салаларына жұмсап 

отырғандығын байқауға болады. Мәселен, 

1926 жылдың қыркүйегінде Өлкелік Комитет 

оны республика Халық Комиссарлары Кеңесі 

төрағасының орынбасары қызметіне ұсынып, 

оған өлкелік жоспарлау комитетінің тізгінін 

тапсырды. Ал 1928 жылдың басындағы бүкіл 

Одақ көлемінде астық даярлау науқаны өріс 

алған тұста Ұ.Құлымбетов Қазақ өлкелік ішкі 

және сыртқы сауда халық комиссары болып 

бекітіліп, сонымен бірге республика Халық 

Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынба-

сары қызметін қоса атқарды. 

Отызыншы жылдардағы ашаршылық 

респу бликамыздың басқа қоғам қайраткер-

лері сияқты Ұ.Құлымбетовке де үлкен сын 

бол ды. Қазақ қоғамының ерекшеліктерінен 

жақсы хабардар жергілікті қайраткерлердің 

бір тобы (С.Садуақасов, Н.Нұрмақов, Ж. Мы ң-

 баев) төніп келе жатқан апатты болдырмау 

мақсатымен Голощекин бағытына үлкен 

азаматтықпен ашық қарсы шықса, екінші бір 

бөлігі (О.Исаев, І.Құрамысов) бірінші хатшы-

ны көзжұмбайлықпен қолдады, ал үшінші 

топтағылар (О.Жандосов, С.Меңдешев) ке-

зін де С.Садуақасов орынды айтып көрсет-

кендей, бәрін көріп-біле тұра, еріксіз саяси 

биліктің зорлығына көнуге мәжбүр болды. 

Ұзақбай Желдірбайұлы өзінің ұстанған пози-

циясы бойынша осы үшінші топтың қатарына 

жатты. Оны өзінің төмендегі сөзінен де 

байқауға болады: «30-шы жылдың мамыр 

айынан бастап, – деді ол, – 34-ші жыл түгелі-

мен мен Қазақстан халкомы Төрағасының 

бірінші орынбасары қызметін атқардым. 

Өмірімнің бұл кезеңінің алғашқы жартысы 

(30-31-32 ж.) Қазақстан өлкелік басшылығы-

ның, совет және партия ұйымдарының 

жіберген қателіктері салдарынан ауыл мен 

селодағы асыра сілтеушілікке тұспа-тұс 

келеді. Мен Өлкелік Комитеттің және оның 

хатшысы Ж. Голощекиннің ауылды басқаруда-

ғы әдістеріне алғашқылардың бірі болып 

қарсы шықсам да, Өлкелік Комитеттің Бюро 

мүшесі ретінде жіберілген қателіктерге жауап 

беремін». Сондай-ақ ол Өлкелік Комитеттің 

VI Пленумында (1933 жылғы шілде), VIII 

кон ференциясында (1934 жылғы қаңтар) 

сөйлеген сөздерінде өзіне тән турашылды-

ғымен Қазақстан трагедиясына қатысты 

басқа қайраткерлердің де атын атап, 

қателіктерін дәл көрсетіп берді. 

1935 жылдың қаңтарынан бастап 1937 

жылдың 21 шілдесіне дейінгі аралықта Ұ.Құ-

лым бетов Қазақ Орталық Атқару Комитеті 

Төрағасы қызметінде болды. Оның бұл кез-

дегі жұмысы, негізінен, ескі басшылық жібер-

ген қателіктерді түзету, ауыл шаруашылығы, 

соның ішінде алдымен мал шаруашылығының 

өсіп, өркендеуі, республика еңбекшілерінің 

әлеуметтік жағдайының жаңа сатыға көтерілуі 

үшін күреске арналды. Ұ.Құлымбетов Қазақ 

Орталық Атқару Комитеті Төрағасы қызметін-

де тұрған кезде Қазақ автономиялық рес-

публи касы одақтық республика мәртебесін 

алды. 1937 жылғы наурыз айында өткен 

Қазақстан Советтерінің X съезі Қазақ ССР-інің 

жаңа Конституциясын бекітті.

Ұ.Құлымбетов күрделі тарихи кезеңде 

өмірге келіп, қатардағы ауыл мұғалімінен 

қазақ мемлекетінің басшысы дәрежесіне 

дейін көтерілген бейнеті мол жолдан, бірақ 

азамат, қайраткер үшін қайталанбас жолдан 

өтті. Қиын-қыстау кезеңде туған халқының, 

еңбекші бұқараның болашағы үшін күрескен 

қайраткер ретінде ол республика тарихында 

өз орнын сақтап қалатындығы сөзсіз.



ҚАТЕЛІККЕ КІМ КІНӘЛІ? 

«...Өлкелік комитеттің соңғы пленумында Ораз екеуміз Голощекинмен 

табандатқан үш күн бойы айтысып, әуре болдық. «Пленумнан кейін обком 

хатшыларының арнаулы мәжілісін шақырайық, сонда олардың ауылдың 

қамын жемей отырғандарын айтайық», – дедік. «Осының бәрін обком 

хатшыларының өздеріне әдейілеп ескертейік», – деп қолқа салдық. Амал 

не, мұндай мәжілістің шақырылу қажеттігіне Голощекиннің көзін жеткізу өте 

қиын болды. Ақыры оның бізге айтқан сөзі мынадай болды. «Маған не қыл 

дейсіңдер. Көшпенділік – бұл елдің ежелгі тұрмыс-салты. Мұны бір мәжілісте 

сөз еткенмен, оны тоқтата аласыңдар ма» дегені ғой оның. Қайдағы ежелгі 

салт десеңізші? Қазақ малын айдап, дүние-мүлкін артып алып, көшіп жүрсе, 

бір сәрі. Ал енді тамақтан тарығып, аштықтан азып-тозып қала-қаланы, 

темір жол станцияларын, базар-базарды кернеп тентіреп жүрсе, ол ежелгі 

тұрмыс-салты емес, қиыншылықтан ғой. Ежелгі тұрмыс-салтымен мұның үш 

қайнаса, сорпасы қосылмайтыны анық».

(Ұ.Құлымбетовтің ВКП (б) өлкелік комитетінің 1933 жылғы 10-16 

шілде аралығында өткен 6-пленумында жасаған баяндамасының 

стенограммасынан үзінді) 

ҚОРЫТА АЙТҚАНДА... 

«Елім!» деп емініп, «жұртым!» деп жүгініп қызмет қыла тұра, Ұзақбай Құлым-

бетов жөнсіз жаза кешіп, небәрі 47 жасында құйрықты жұлдыздай Алаш аспанынан 

ағып түсті. Әділетсіздік оның отбасын да айналып өткен жоқ. Ұ.Құлымбетов 

атылы сымен, іле-шала жан жары Әйеш те тұтқындалып, тектен-текке он жыл 

ғұмырын Карлагта өткізді. Ал Ақтөре, Кәбира, Бостан, Орынша, Болат есімді бес 

баласы тағ дырдың тауқыметін титтейінен тарта жүріп, әркімнің босағасында күн 

кешті, та лай құқайды көрді. Десек те, текті тұқымнан тараған бейкүнә перзенттер 

әке даңқына лайық көргенді ұл-қыз болып ержетіп, әрқайсысы өмірден өз орнын 

тапты. Ешкімнен ештеңе даулаған жоқ, «Аққа – құдай жақ» демекші, әділеттің түбі 

бір салтанат құрарына сенді. Ол күн ақыры жетті де. Асқар таудай әке есімі ақтал-

ды. Бір ғана өкініштісі, замандастары «көрегенділігі мен мемлекеттік дәрежедегі 

ойлау жүйесі көптеген әріптестерімен салыстырғанда көш ілгері еді» деп шынайы 

мойындаған Ұзақбай Құлымбетовтің тарихи тұлғасы мен қайраткерлік іс-әреке-

тін, артында қалған мол рухани мұрасын талдап-таразылау, зерделеу жағы 

кен же леп жатыр. Туғанына 120 жыл болғандығына қарамастан, Ұ.Құлымбетов 

есімі республика көлемінде дәріптелмей отыр. Қайраткердің атында Алматы 

мен Ақтөбеде ғана шап-шағын екі көше бар. Кезінде өзі қызмет еткен Ақмола, 

Петропавл, Қызылорда өңірлерінде ол кісінің есімімен байланысты бірде-бір 

мектеп те, көше де жоқ. Тіпті осы күнге дейін өзінің туған жері – Ақтөбе облысында 

да жөні түзу мүсіні жасалған емес. Ұзақбай Құлымбетовтің Қазақстаның оқу-

ағарту саласын, өндірісін өркендетуге мейлінше үлес қосқандығын ескерсек, оның 

есімі жоғары оқу орнының да, өндіріс орындарының да қай-қайсысына болсын 

берілуге әбден лайық. «Үмітсіз – шайтан» демекші, ондай игілікті шаралардың 

да атқарылар кезі келер... 

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Әділдік пен турашылдық, 

табандылық қасиеттерінің не-

гізінде батырлық жататыны 

белгілі. Ал шежіре деректеріне 

жүгінсек, батырлық Ұзақбай 

Құлымбетовке арғы әкелерінен 

келген. Ол кіші жүздің ішіндегі 

шөмекейден тарайтын аспан

оның ішінде – аю. Үлкен атасы-

ның аспан атану себебі жоңғар-

лармен соғыста көрсеткен ерлі-

гіне байланысты. Соған куә 

болған хан соғыстан кейін ша-

қы рып алып, «Кешегі ұрыста 

біздің рухымызды көтеріп, 

мерейімізді аспандатқан сен 

болдың. Бүгіннен бастап атың 

Аспан болады», – дейді. Кейін-

нен Аспанның баласы да соғыс-

та аюша алысып, ержүректілі-

гімен танылады. Сөйтіп, оның 

да өз аты ұмытылып, аю атанып 

кетеді. Демек, Ұ.Құлымбетов – 

әкесі жағынан батырдың ұр-

пағы. Сол сияқты, шешен болуы 

да тегін емес. Оның анасы – 

Әлімнің ішіндегі төртқара. Төрт-

қарадан тарайтын Сейітқұлдың 

екі баласы болған. Соның бірі 

Ұзақ өте беделді адам болыпты. 

Ал екінші баласынан әйгілі 

Әйтеке би тарайды. Ұзақбай 

Құлымбетов анасы еліне төркін-

деп барғанда туылса керек. 

Сонда ел жиылып, «Бұл да бая-

ғы Ұзақтай беделді болсын» 

деп, нәрестеге соның есімін 

берген. Яғни Ұзақбай Құлымбе-

тов – анасы жағынан Әйтеке 

би мен  туысады.   


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№47 (499) 18.03.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

ДАТ!

Гүлмира СҰЛТАНБАЕВА, саяси ғылымдар докторы:

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

«Ортан терек» аталатын саусағын шошайтып, әдепсіздік көрсетіп 

жататындар бар. Мұндай ишара қай заманда пайда болған?

Азамат, Алматы қаласы

Жұдырықты түю, саусақты шошайту 

сияқты қол шығарудың әдепсіз түрлері өте 

ерте дәуірлерден бері бар. Халқымыздың 

«саусағыңды шошайтпа» деген тыйымы 

– осының айғағы. Әлдекіммен ерегіскен-

де, біреуге қысастық көрсеткенде немесе 

кекетіп-мұқатқанда бас бармақты кейінгі 

екі саусақтың арасына қысып, жұдырықты 

түю де – халықтың тұрмыстық салтында 

болған әрекеттердің бірі. Ал ортан те-

ректі шошайтып, мінез көрсету туралы 

ең алғаш ежелгі гректің комедиографы 

Аристофанның еңбектерінде жазылған. 

Біздің дәуірімізге дейінгі 444-380 жыл-

дары өмір сүрген қаламгердің «Бұлттар» 

комедиясындағы бір кейіпкер саусағын 

осылай шошайтып, әдепсіздік жасайды. 

«Боқтық сөзді алмастыратын мұндай 

ишара XIV-XV ғасырлардағы ағыл шын-

француз ғасырлық соғысынан кейін 

дағдыға айналды» деген де дерек бар. 

1976 жылы АҚШ-тың вице-президенті 

Нельсон Рокфеллер ортан терегін көпші-

лікке қаратып, шошайтқаны белгілі. 

«Болашақпен» магистратурада оқу 

үшін еңбек тәжірибесі талап етіле ме?

Қол шығарып, әдепсіздік жасауды кім ойлап тапқан?

АЛАШ АЗАМАТЫ

– Гүлмира Серікбайқызы, 

еліміздің жоғары мектебі бүгінде 

зерттеу университетін құруға 

бағытталған реформалық 

қадамдарға бет алды. Зерттеу 

университетінің бастауы қайдан 

шықты, тарихи сипаты неде? 

– Жаңалыққа, жаңаға елеңдер жастар 

да, соған ден қояр зиялы қауым да осы 

аталған зерттеу университетінің мәні, 

құрылымы, академиялық әрі ғылыми 

тиімділігі жайлы қызу дебатты бастап 

кеткені рас. Дегенмен жетекші универси-

теттеріміз серпінмен даярлықты бастаған 

«зерттеу» статусын алудың елдің рухани 

өміріне, әлеуметтік жетілуіне, саяси ахуа-

лына, экономикалық дамуына ықпалы 

қаншалықты деген қоғамдық пікір қалып-

тасып үлгере қоймады. 

Зерттеу университетінің дәстүрі тұңғыш 

америкалық академик Бенджамин Франк-

линнен бастау алады. Ол «ғылым мен білім 

үйлескенде ғана қуатты да әлеуетті күшке 

айналады» деген. Ғалымның өзі қолымен 

қалап, болжап кеткен болашақтың зерт-

теу университеті кезі келгенде жаңа тех-

нологиялық база ретінде ел бюджетіне 

құятын қаржылық ағынның басты көзіне 

айналған-ды. 

Міне, қазіргінің зерттеу универси-

тетінде ғылыми-зерттеу және әзірлемелік 

өңдеулерді мемлекеттік қолдау күн санап 

артып келеді. Университеттік зерттеу-

лер өз елінің әлемнің озық технологиялы 

дамыған елдері қатарына енуіне ықпал 

ететін әлеуетті күш саналады. 

Әлем жаһандасып, ғылыми ортақ 

кеңістіктер құрылып, ағартудың жал пы-

адамзаттық құндылықтары қамтыл 

ған 


орта қалыптасу үрдісінде Қазақстанның 

өз орны, саясаты болуы тиістігі – дәуірдің 

талабы, замананың салмағы. Қазақтың 

ел ретінде, Қазақстанның мемлекет ретін-

де орнын айқындауда да бүгінгінің емес, 

ертеңгі болашақтың үлесін еншілеп бере-

тін – академиялық саясат. 

– Ал бұл жағдайға біздің әлеуе-

тіміз жете ме? Жергілікті бюджет тен 

зерттеу университеттерін қаржы-

ландыра аламыз ба? Мәселен, біз 

қазір алғашқы қадамды әл-Фараби 

атындағы Қазақ ұлттық универси-

тетінен бастап жатырмыз ғой. 

– Қазақстан жағдайында жетекші жо-

ғары оқу орындарының ғылыми, техни-

калық, базалық әлеуетін әлемдегі озық 

зерттеу университеттерімен салыстыр-

ған 


да қаржылық, құрылымдық, үйлес-

тіру шілік қызметтер әлі алда. Дегенмен 

елімізде «зерттеу университеті» мәртебесі 

үшін ғылыми әлеуеті жұмылдырылған 

жетекші университет ретінде әл-Фараби 

атындағы Қазақ ұлттық университетіне 

ерекше жауапкершілік артылып отыр. Бас-

тысы, университетте химия, физика, био-

логия, математика салаларындағы ғы лы-

ми әлеуеті өте мықты профессорлар мен 

оқытушылар еңбектенуде. Ең маңыз дысы, 

мұнда 24 ғылыми-зерттеу институтын 

шоғырландырған ғылыми инфра 

құры-


лым бар. Елімізде барлық жоғары мек-

тепте жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыс-

тарының тең жартысы, яғни 50 пайыздан 

астамы – осы университет еншісінде. 

Тәуелсіз, дербес экономикалық құры-

лым  ретінде зерттеу университеті мем-

лекеттік бюджеттен қаржыландырылуы 

тиіс. Зерттеу университеті еліміздің эконо-

микалық, әлеуметтік жағынан дамуына 

ықпал етерлік, инновациялық жобалар 

өндіріске жол тартатын, білім, ғылым жә-

не өндірістің шоғырланған түпқазығы 

болады. Сол үшін де қаржыландырудың 

ең басты көзі мемлекеттік әрі жергілік-

ті бюджеттен болуы заңды. Сондай-ақ 

қаржының келесі көзі – отандық, халық-

аралық және шетелдік ұйымдардың ғы-

лыми-зерттеу жұмыстарына арналған 

гранттармен жұмыс істеу тәжірибесі де 

жалғасын таба бермек. 



– Сонда әлемнің ең үздік техно-

логиялық, классикалық универси-

теттері ие болып отырған «зерттеу» 

статусының шарттары қандай?

– Ол үшін ең маңызды саналатын 

мына бағыттағы талаптарды атауға бола-

ды: ғылыми және ғылыми-педагогикалық 

мектептердің тығыз байланысы әрі тұрақ-

ты дамуы; аталған мектептердің ұлттық 

және әлемдік деңгейде беделінің артуы; 

инженерлік, гуманитарлық, әлеуметтік-

экономикалық және жаратылыстану ғы-

лым 


дары желісіндегі басым бағыттар 

бойынша зерттеу мамандарын даяр лау; 

кешенді түрде ғылымаралық, пән 

ара-


лық зерттеу жүргізілетін ғылыми-зерт-

теу бөлімдерінің болуы. Ғылымның түрлі 

салаларының басын біріктіретін, ғылым-

ның салалас ортасы тоғысатын бағытта 

ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу 

институттарында зерттеулер жүргізу – 

зерттеу университетінің ең басты да ба-

сым бағыты. 



– Түсінікті. Ал енді зерттеу уни-

верситетін құрылымдауға не қажет 

және сол қажеттіліктер үдесінен 

шығуға біздің университеттерге 

қандай талаптар қойылады?

– Бұл қажеттіліктердің ішінде ең 

мәнді де маңыздысын атап өтсем. Олар 

– университеттің инфрақұрылымы, зерт-

теулерді басқару, өнеркәсіптің өндіріс 

ошақтарымен тығыз қарым-қатынасы, 

қаржыландыру жолдары мен қор көзі, 

ұлттық зертханалар мен академиялық ин-

ституттармен байланыс. 

Сол үшін де зерттеу университеті 

ғылымды, білімді және өндірісті биз-

нес маңына шоғырландыратын басты 

қозғаушы күш болып табылады. Уни-

верситеттік зерттеу парктері – осы мін-

детті атқаратын, үйлестіруші тәжірибелік 

база. Зерттеу паркі – ғылыми орталықтар 

мен институттардың қызметін ғылыми-

өндірістік, оқу, әлеуметтік, мәдени ошаққа 

айналдыруды қамтамасыз ететін алаң.

Зерттеу университеттері – өз елдері-

нің тех нологиялық және экономикалық 

жағы  нан дамуында ең маңызды кешенді 

құ рылым. Университеттің дәстүрлі құры-

лымына мамандар даярлау мен іргелі 

зерт 

теулердің, жаңа технологиялардың 



өнеркәсіп пен бизнеске жол тартуы ара-

сындағы үздіксіз байланыс жатады. 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал