6-б етте 6-б етте Гүлмира СҰлтанбаева: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Сергей лавров



жүктеу 0.67 Mb.

бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Мәжіліс депутаты:

– Бұл ойланатын дүние екен. Шы-

нында да, егер ұялы телефон нөмірлерін 

бір адамның атына меншіктеп беруді 

қолға алсақ, көптеген қылмыстың ашы-

луына да, алдын алуға да септігі мол. 

Дегенмен бізде де нөмірлерді мен-

шіктеп беру туралы арнайы заң бар, 

бірақ оның орындалуы өз деңгейінде 

емес. Сондықтан ұялы бйланыс нө-

мірлерін сататын шағын және орта биз-

нес өкілдеріне талапты күшейтіп, қатаң 

бақылауға алуды қолға алуымыз ке-

рек. 

Қазірше ішкі істер органдарының ұр-

лан ған телефондарды ІМЕІ-код арқылы 

табуға мүмкіндігі бар. Кез келген техни-

каның өндіруші зауыттан шығарда өзіне 

ғана тән нөмірі болады. Оны техника 

тілімен айт қанда IMEI-код дейді. Теле фон 

құжат тарында бұл нөмір міндетті түрде 

көр сетіледі. Қазірше телефон ұрлықтарын 

ашу  да бұл көп көмек тигізуде. «Енді бұған 

нөмірді де меншіктеп беруді қосатын бол-

сақ, сөз жоқ, көптеген оңды нәтижеге қол 

жеткіземіз», – дейді Жасер Ағы бай ұлы. 

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:

– Негізі, ұрыларды тек шариғат 

заңымен қатаң жазалап қана тоқтатуға 

болады. Мы салы, Сауд Арабиясы, Ау-

ғанстан елде 

рін 

де ұрлық жасаған-

дардың қолдарын шариғат заңы 

бойын  ша шауып тастайды. Қытайда да 

бұрын бірінші рет ұрлық жасаған адам 

– сол қолынан, қайталанса, оң қолынан 

айырылатын болған. Ал біздің заң-

дарымыз жұмсақ болғандықтан, кәсіп-

қой ұрылар көбіне әкімшілік жазамен 

құтылып кетіп жатыр.

Қалай десек те, елімізде ұялы телефон 

ұрлығы толастамай тұр. Мәселен, шетел-

дер де (Ұлыбритания, Түркия, Еуропа) 

ұялы байланыс операторы ұрланған 

телефон иесінің немесе полиция өкіл-

дерінің өтініші бойынша ұрланған теле-

фон ның жұмыс істеу мүмкіндігін шектеп 

тастайды. Сонда телефон жарамсыз зат 

болып қалып, оған деген сұраныс төмен-

дейді. Мүмкін, бізге де осындай жүйе ке-

рек шығар. 



Басы 1-бетте

ҚЫНЖЫЛЫС


Серік ЖҰМАБАЕВ

Қазіргі таңда елімізде 

жасалатын ең көп 

қылмыстардың бірі — 

ұялы телефон ұрлығы. 

Әрине, қалта телефонын 

жұртшылық әртүрлі 

жағдайда алдырып 

қояды. Бірі қоқан-лоқы 

көрсетуден, қарақшылық 

шабуылдан алдыртып 

қойса, енді бірін иесіне 

білдіртпей жымқырып 

кетеді, тіпті телефонын 

таксиде немесе кафе-

барларда қалдырып 

кетіп, айырылып қалып 

жатқандары да баршылық. 

Бүгінгі тақырыпта біз 

ұялы телефондарынан 

айырылып қалып 

жатқандар жайлы емес (ол 

туралы БАҚ құралдарында 

аз жазылып жүрген жоқ), 

оған қалай тосқауыл қою 

керектігіне тоқталғанды 

жөн көрдік.

ҚҰБЫЛЫС


ОҚИҒА

орналасу мәселесі бойынша тұр-

ғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қам-

туды үйлестіру және әлеуметтік бағ-

дарла малар  бас қармасына  мына 

құжат 


тармен: жеке куәлік, еңбек 

кітапшасы немесе диплом, үй кітап-

шасы, әлеуметтік  жеке кодты беру 

жөніндегі куәлік (ӘЖК), салық 

төлеушінің тіркеу нөмірін растайтын 

құжатпен (СТН) жолығуды ұсынамыз. 

Қолданыстағы Қазақстан Республика-

сының заңнама сына сәйкес, қызмет 

бабында жүрiп қайтыс болған әкенiң 

балаларын жұмысқа орналастыру 

міндеттелмеген.

Вентспилс халықаралық радиоастро-

номия орталығы (Латвия) мамандарының 

мәліметінше, мұндай құбылыс 19 жылда 

бір қайталанады. Мұны Айды мейлінше 

толығырақ зерттеуге таптырмас мүмкіндік 

деп қарастырып отырған ғалымдар аспан 

денелерінің бір-біріне жақындауы Жер 

шарына, табиғат пен адамдарға ешқандай 

әсер етпейтінін мәлімдеді. Ресми ғылыми 

тұжырымдарға қарағанда, 1955, 1974, 

1994, 2005 жылдары мұндай құбылыстың 

түрлі зілзалалармен, тасқындармен сәйкес 

келуі – кездейсоқтық. М.В.Ломоносов 

атын   дағы  Мәскеу  мемлекеттік  универ-

ситетінің П.К.Штернберг атындағы астро-

номия институтының ғалымдары да осы 

пікірді қуаттайды. Дегенмен мамандар 

Айдың жақындауы мен Жердегі сейсми-

калық құбылыстар арасында байланыс бар 

екенін жоққа шығармайды. Ай – біз мекен-

дейтін ғаламшардың жалғыз табиғи серігі. 

Ол – Жер тұрғындары үшін Күннен кейінгі 

екін ші жарық аспан денесі, адамның таба-

ны тиген тұңғыш бөгде ғаламшар және Күн 

жүйесіндегі бесінші үлкен табиғи серік. 

Жер мен Ай орталықтарының орташа ара-

қашықтығы – 384 467 шақырым. Айта ке-

тейік, Жерге жақындап, үлкен болып 

көрінетін Айды қазақстандықтар нау-

рыздың 19-ы күні Астана уақыты бойынша 

00.11-ден бастап, күні бойы тамашалай 

алады. 

Болатбек МҰХТАРОВ

Айдың Жерге 

жақындауынан 

қауіп бар ма?

Қызылжарда «мектепке 

бомба қойылды» деп жалған 

ақпарат берген мектеп оқушысы 

ұсталды. 

Кешкі сағат 20.00-де Ішкі істер департа-

ментінің жедел басқару орталығына 

белгісіз адам қоңырау шалып, Тоқсан би 

көшесіндегі №21 мектепті жаратынын 

хабарлаған. Бұл хабар жауапты органдарды 

аяғынан тік тұрғызды. Аталған ғимарат 

маңы қоршауға алынып, жақын көшелерде 

жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы 

тоқтатылды. Полицейлер қауіпті нысаннан 

төрт азаматты алып шыққан. Кейін арнайы 

мақсаттағы бөлім мамандары мектептің 

барлық бөлмесін тексерді. Жарылғыш зат 

табылмаған. Жұрттың үрейін туғызған 

хабар жалған болып шықты. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес 

басқармасының қызметкерлері жалған 

ақпарат берушіні жедел іздеуге кірісті. Із 

кесушілер көп ұзамай жұртты дүрліктірген 

9-сынып оқушысын ұстады. Ол қаладағы 

басқа мектепте оқиды екен. Не үшін № 21 

мектепті нысанаға алғанын түсіндіріп бере 

алмады. Қазіргі уақытта жеткіншекті жа-

уап  кер шілікке  тарту  мәселесі  қа рас-

тырылуда. Мұндай оқиға биыл алғаш рет 

тіркеліп отыр. Лаңкестік әрекет туралы 

жалған хабар берген адам үш жылға бас 

бостандығынан айырылады немесе ірі 

көлемде айыппұл төлейді.

 Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қызылжар 

Мектепті жарамын 

деп, жұртты 

дүрліктірді

Мал шаруашылығы 

саласында мақсатты 

бағдарланған мемлекеттік 

саясаттың жүзеге асырылуы, 

сондай-ақ бірқатар салалық 

бағдарламаның қабылдануы 

нәтижесінде мал шаруашылығы 

өнімдерін өндіруде жыл сайын 

тұрақты өсім байқалуда. Мұны 

кеше ет және сүт өндірушілердің 

Астанада өткен екінші 

форумында Қазақстан Ет-сүт 

одағының басқарма төрағасы 

Иван Сауэр мәлімдеді. 

Әлбетте, қазаққа етене жақын мал 

шаруашылығында өсімнің болғаны қай-

қайсымызды да қуантатыны анық. Алайда 

ет пен сүттің отандық өндірушілерінің 

одақ тізгінін ұстаған И.Сауэр саланың 

ахуалына тереңірек үңіліп, жағдайдың әлі 

де мәз еместігін алға тартып отыр. Мәз 

емес жайт тың мәніне үңілмес бұрын 

ресми дерек терге жүгінейік. 

Алдын ала деректер бойынша, 2011 

жылдың 1 қаңтарында (өткен жылдың 

осы мерзімімен салыстырғанда) барлық 

ауыл шаруашылық құрылымдарда көр-

сеткіштер үрдісі былай қалыптасты: ет 

өндірісі тірі салмақта 3 пайызға ұлғайып, 

1 млн 646 мың тоннаны, сүт өндірісі 1,4 

пайыз ға өсіп, 5 млн 341 мың тонна құ-

рады. Ірі қара мал саны 1,1 пайызға өсіп, 

яғни 6 млн 160 мың басқа жетті. Қой-

ешкі 2,7 пайызға өсіп, 17 840 мың, 

жылқы саны 3,1 пайызға өсіп, 1 млн 483 

мың басты құраса, құс (өсім – 1,1 пайыз) 

33 млн 36 мыңға жеткен. Осындай 

статистикалық деректерді келтірген 

И.Сауэр қазіргі таңда отандық мал шаруа-

шылығы өнімдерінің өндірісі ішкі 

нарықтың сұранысын құс етінен 

басқасында негізінен өтеп тұрғанын 

айтады. «Отандық құс етінің үлес салмағы  

ішкі нарықта – 43 пайыз. Осы ретте оң 

өзгеріс ретінде құс етінің өндірісі жақсы 

қарқын алып келе жатқанын айтуға 

болады. Ал тұтастай салаға баға берсек, 

өсім аса үлкен болмаса да, бар, ішкі сұра-

нысты өтеп жатырмыз. Бірақ бұл тек бір 

қарағанда ғана солай. Егер біздің көр-

сеткіштерімізді Еуроодақ пен АҚШ-ты 

былай қойып, өзіміздің Кедендік одаққа 

қатысушы елдердің салалық даму дең-

гейімен салыстырсақ, ұпай біздің пайда-

мызда емес екені бірден көрінеді. Өнім 

өндіруге де, оны өңдеуге де қатысты 

солай», – дейді Ет-сүт одағының бас-

қарма төрағасы. 

Оның айтуынша, саланың дамуын 

тежеп тұрған бірінші мәселе – ол  ірі 

қараның 80 пайыздан астамы жеке 

шаруашылықтардың қолында екені. Қой-

ешкі және басқа да түліктерге қатысты 

жағдай да шамамен осындай. Мұндай 

жағдайда қандай жаңа технология енгізу 

турасында әңгіме болуы мүмкін? Кім 

қанша өнім өндіретінін нақтылай түссек, 

сұрақ одан сайын көбейеді. Бір жылда 

өндірілген 5 млн 341 мың тонна сүттің 

180 мың тоннасын – ауылшаруашылық 

тауар өндіруші кәсіпорындар, 373 мың 

тоннасын – шаруа-фермерлік қожа лық-

тар, 4 миллион тоннадан астамын жеке 

үй шаруашы лықтары өндірген. «Егер осы 

статистикаға сенсек, әділ сұрақ туатыны 

заңды. Ол сүт қайда? Неліктен сүт зауыт-

тары тоқырап тұрады немесе толық жабы-

лып қалады? Неге дүкендерімізде өң-

делген импорттық сүт өнімдері толып 

тұрады? Тағы бір сұрақ қоймай тұра 

алмаймын: әр үйдің қорасында сиыр 

сауылған кезде қасында кім өлшеуіш 

құралмен тұрыпты?» – дейді И.Сауэр 

иығын көтеріп. 

Қысқасы, мал шаруашылығында, 

жалпы алғанда, белгілі бір өсім болғаны-

мен, саланың проблемалары әлі де шаш 

етектен көрінеді. Мұны кейінгі сөз 

алғандар да тілге тиек етті. Бір жағынан, 

олардың айтқандары тың жаңалық та 

емес. Ветеринария, мал дәрігерлерінің 

тапшы 

лығы, жем-шөп базасын құру 



сияқты мәселелер бұрыннан айтылып 

келеді. Сол проб лемаларды ортаға салған 

форум қа тысушылары тиісті қарарларын 

да қа былдады.



Айбын БАҚЫТҰЛЫ

Бір жылда 

өндірілген 

5 млн тонна 

сүт қайда?

Наурыздың 19-ы күні бір апта 

бұрын жиі айтылып, қызу 

талқыланған бірегей Толған Ай 

құбылысы байқалады. Ай Жерге 

356 500 шақырымға 

жақындайды да, бізге 

бұрынғыдан 14%-ға үлкен, 

30%-ға жарқын болып көрінеді. 

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№47 (499) 18.03.2011 жыл, жұма                       



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ТҰЛҒА

   


? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Арғы аталары кім?



Ұзақбай Құлымбетов өте шешен, білімді, әділ, турашыл 

кісі болған көрінеді. Ал түп аталарында атақты адамдар 

болған ба? 

Айдар НҰРСЕРІКҰЛЫ, Түркістан қаласы

ЖАҢҒЫРЫҚ


Бүгін көрнекті мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің туғанына –120 жыл

Ұзақбай Құлымбетовті ұмыту – тарихымызды естен шығару деген сөз...

Саясатқа қалай келген?



Ұзақбай Құлымбетов еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған екен. 

Саясатқа қалай араласқан? 

Нұрзада БЕКБОСЫН, Алматы қаласы

Өзінің естеліктеріне жүгінсек, 

Ұзақбай Құлымбетов әуелде шыны-

мен де саясаттан тыс болған. Соны 

айта отырып, өзі: «Мұғалімдік қыз-

мет те жүрген жылдары негізгі жұмы-

сымнан басқа нәрсемен айналысқан 

емеспін. Азын-аулақ табысымнан 

(айына 128 сом 20 тиын) әке-шеше-

ме қарайластым. Ал газет, кітабы жоқ 

түкпірдегі ауылда білгеніңді де ұмы-

тып қалатын едің. Саясаттан мүлдем 

сауатсыз болдым. Тіптен патшаның 

құлағанын естіп қуанғаныммен, түрлі 

партиялардың өзара айырмашы-

лығын көп ажырата білмеуші едім», 

– деп жазған. Алайда заман тынысы 

көзі ашық азаматты саясаттан бәрібір 

тыс қалдырмаған. Бұл ретте оған 

«Қазақ» газетінің де айтарлықтай 

әсері болған. Оны қайраткердің 

«Қазақ» газетінің ықпалымен сол 

тұста басқалар сияқты ұлтшылдық 

көзқарас ұстанғаным рас» деген 

сөзінен аңғаруға болады.  

Бұл ретте өмірбаян деректеріне жүгінсек, Ақтөбе облысының Ырғыз 

уезіндегі Аманкөл болысында дүниеге келген Ұзақбай Құлымбетов 

бастапқыда ауыл молдасынан ескіше білім алып, сосын үш жылдық 

ауыл мектебінде оқиды. Ары қарайғы білімін Ырғыздағы орыс-қазақ 

учили щесінде, Ақтөбедегі екі жылдық педагогтік курста жалғастырып, 

орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығын алады. Курсты 

бітірісімен Торғай және Ырғыз уездерінің ауылдарында мұғалімдік 

қызметтер атқарады. Алайда сол кездегі жағдай, саяси өзгерістер 

Ұзақбай Құлымбетовті қоғам жұмысына араласуға итермелейді. Бұл 

ретте С.Мұқанов өзінің «Өмір мектептерінде» «Ыбырай Алтынсариннің 

шәкірті» деп атаған Ұ.Құлымбетов кеңестік құрылым қызметіне тартыла 

бастаған алғашқы жылдарынан-ақ мектептер ашып, халықты 

сауаттандыру ісіне зор маңыз береді. Қайраткердің қызы, әке жолын 

лайықты жалғап, ұстаздық қыз метті өмірлік бағытына айналдырған 

Орынша Қарабалина-Қазыбаева бұл жайлы: «Мемлекеттік 

мәселелермен ел ішінде жиі болатын әкем барған жерінен үйсіз, күйсіз 

балаларды алып келіп, қашан тиісті жерлерге орналастырғанша үйде 

ұстайтын. Оларды жуындырып-шайындырып, бағып-қағып жүретін 

анамыз қанша қиын болса да, әкемізге қарсы келмейтін», – деп еске 

алады. Ел ішінде «Құлымбетовтің жақсылығын көріп едім» деушілер 

мен «Қандай мәселе бойынша қиналсаң да, ақсақалға бар, ол ешкімнің 

меселін қайтармайды» деген сыңайлас сөздердің сол заманда 

ауыздан-ауызға тарағандығының өзі  – Ұзақбай Желдірбайұлының 

бірегей болмысының айқын дәлелі. Осы орайда бүкіл қажыр-қайратын 

қазақты еңселі ел етуге жұмсап, қандай жүйеге, қандай құрылымға 

қызмет еткеніне қарамастан, адамдық қалпынан, тұлғалық қасиетінен 

таймаған ұлтының адал перзентінің шын мәнінде лайықты дәрежеде 

ұлықталар сәті алда деп сенеміз.  

Көрнекті мемлекет қайраткері, 

қара пайым ауыл мұғалімінен қазақ 

үкіметінің  төрағалығы қызметіне 

дейін көтерілген аяулы азамат 

Ұзақбай Құлымбетов есімін бүгінде 

біреу білсе, біреу біле бер мей ді. Шын 

мәнінде, оның өмір жолы, қазақ 

елінің мемлекеттігін нығайту, әл-

ауқатын арттыру, өндірісін, ғылым-

білімін жолға қою жолында сарп 

еткен күш-жігері, ерен еңбегі өз 

заманында күрескерліктің жарқын 

үлгісі болды. Білімі мен білігін, ақыл-

парасатын жоғары бағалаған 

үлкенді-кішілі қауым Құлымбетовті 

қатты сыйлағандығы соншалық, 

40-тың о жақ, бұ жағындағы жасына 

қарамастан, «ақсақал» деп ардақ 

тұтты. Ал Ұзақбай Құлымбетовтің 

тұлғалық бейнесі қалай қалыптасты? 

Қайраткер дәрежесіне ол қалай 

көтерілді? Қазақ елін өркендетерлік-

тей қандай іргелі істер атқарды? 

Туған халқының болашағы үшін күресті

Еңбегіне тарихи баға берілмей, тарихтан 

орнын ала алмай келе жатқаны қынжылтады

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымының докторы, профессор: 

Орынша ҚАРАБАЛИНА-ҚАЗЫБАЕВА, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: 

Ұзақбай Желдірбайұлының қоғамдық 

және саяси қызметі Қазақстан тарихының 

күрделі де қайшылықты кезеңіне тұспа-тұс 

келді. Қазан революциясынан бастап өзі 

репрес сияға ұшыраған 1937 жылға дейінгі 

республика өмірінде болып өткен тарихи 

өзгерістердің бәрі оның көз алдында өтті. 

Құлымбетов сол оқиғалардың куәсі болып 

қана қоймай, сонымен бірге республика 

көлемінде ірі қызметтерді атқара жүріп, 

олардың бәріне де тікелей атсалысты. 

Ұ.Құлымбетов 1923 жылы Киробком ның 

ұйғарымымен Ақмола губерниялық атқару 

комитетінің төрағасы қызметіне жіберілді. 

Онда Ұ.Құлымбетов өзін ша руа шылық мәсе-

лелерін жақсы білетін және әкімшілік жұмы-

сын жете меңгерген қызметкер ретінде көр-

сетті.  Ұзақбай  Жел  дір  байұлының  сол  кездегі 

қызметіне берілген губком мінездемесінде 

оған «Қызметкерлерді таңдай біледі және 

оларды жұмсай алады. Саяси жағдайда өз 

бағытын анықтай біледі. Тұрақты, табанды. 

Еркі күшті, қателігін мойындап, одан қоры-

тын ды шығара алады. Өсек сөзге және топ-

шыл дыққа бейімдігі жоқ» деп әділ баға 

берілген. 1925 жылы ол республика халық 

шаруашылығы Орталық Кеңесінің төрағасы 

болып бекітілді. Оның бұл қызметке шақыры-

луы кездейсоқ емес-тін. Қазақстанның саяси 

өмірінде бұл кезең өзінің күрделілігімен 

ерекшеленеді. Әлі толық шешімін таппаған 

жер мәселесі, көшпелі және жартылай көш-

пелі қазақ ауылын отырықшылыққа тарту, 

оны советтендіру сияқты толып жатқан мәсе-

лелер жеңіл-желпі шаруа емес еді. Осындай 

күрделі жағдайда республикалық басшы-

лыққа Халық шаруашылығының орталық 

– Ұзақбай Құлымбетовтің оқу-ағарту ісіне 

сіңірген еңбегі ұланғайыр. Негізгі ма ман дығы 

оқытушылық болғандықтан да, әкем қандай 

қызметте жүрсе де мектептер ашу ға көп көңіл 

бөлген. Ақтөбедегі педа го гикалық институт-

тың негізін қалаған, облыс-облыстардағы 

институттар жанынан екі жылдық мұғалімдер 

институттарының ашылуына себепкер болған. 

Әрине, ол кісі нің тікелей араласқан, баста-

машы болған игі істері жетіп-артылады. Бірақ 

соның бә рін жан-жақты зерттеген неме се 

зерттеп жүр ген адам жоқ. Тарихшылары-

мыздың көпшілігі ел тарихында елеулі орны 

бар көр некті тұлғаларды тасада қалдырып, 

әркім өз ауылының бүргесін насихаттап кетті. 

Ұ.Құлымбетовтің көзін көрген дер жоқ қазір. 

Шын негізінде, ол кісінің еңбегі ұшан-теңіз. 

Саналуан тақырыпта жазған мақалалары, 

түрлі мәселелерге байла 

нысты жасаған 

баяндамалары қаншама! 1921-1923 жыл-

дар аралығында Ұ.Құлымбетов орталығы 

Петро павл болған Ақмола облыстық атқару 

комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 

Әкем нің ұйымдастырушылық қабілетінің зор 

екендігі сол кезде айқын көрінген. Өйткені 

Ақмолаға барысымен сол жерде мемлекеттік 

қызметкерлерді дайындайтын курс ашып, 

оған бірден 40 бала алғызған. Кілең кедей-

кепшіктің отбасынан шыққан сол балалар 

өсіп-жетіліп, кейіннен Кеңес өкіметінің белді 

қызметкерлеріне айналған. Ақмолада қызмет 

еткен кезінде ол тек курс ашып қана қоймаған, 

сонымен бірге, Петропавл, Көкшетау темір 

жо лын салғызуға басшылық жасаған. Ағаш 

өңдеу, консерві жасау зауыттарын қай  та 

қалпына келтіру, алтын өндіру ісін жолға қою 

жұмыстарына ұйытқы болған. Сондай 

іскерлігі, білімдарлығы нәтижесінде еліміздің 

сол кездегі астанасы Қызылордаға, халық 

шаруашылығы кеңесінің төрағасы қызметіне 

шақырылған. Сол қызметте жүріп, Қазақстан 

өндірісін дамы туға байланысты баяндамалар 

жасап, Риддер, Екібастұз, Атбасар мыс комби-

нат тарын дамыту, Ембі мұнай өнеркәсібінің 

қуатын арттыру, Елек тұз өндіру кәсіпорнын 

игеру, Жетіқара, Аққарға, Бозын алтын 

кеніштерін Қазақстанға қайтару сияқты басқа 

да көптеген мәселелер көтерген. «Өндірісті 

жандандыру үшін ұсақ кәсіпорындарды да 

еске алуымыз керек. Қай жерде шикізат 

болса, сол жерден кәсіпорын ашуға тиіспіз» 

деген. Мысалы, ол кісінің сол кездің өзінде 

жергілікті жерлерде тері-терсекті игеретін 

кәсіпорын ашуды ұсынуы күні бүгінге дейін 

өзекті болып отыр. 

Үзеңгілестері «Құлымбетовтің көрегендігі 

мен мемлекеттік дәрежедегі ойлау жүйесі  

көптеген әріптестерімен салыстырғанда көш 

ілгері еді» дей келе, «ол өз ісін жетік меңгерген, 

ұйымдастыру қабілеті орасан, қызметкерлерді 

таңдай білген және оларды жұмсай білетін. 

Екі тілде шешен сөйлейтін, еркі күшті, тұрақты, 

табанды, әділ, турашыл, өз қателігін мойын-

дап, қорытынды шығара алатын» деп еске 

алған. Оны өзінің 1932 жылы пленумда 

сөйлеген сөзінен де байқауға болады. «Мен 

Өлкелік Комитеттің және оның хатшысы 

Голощекиннің ауылды басқарудағы әдістеріне 

алғашқылар дың бірі болып қар сы шықсам 

да, Өлкелік Комитеттің Бюро мүшесі ретінде 

жіберілген қателіктерге жауап беремін». Ол 

осы қателіктерді түзету үшін үлкен күш жұм-

сап, мәселе ақыры Өлкелік Коми теттің Бюро 

талқысына қойылады. Баян  дама жасаушы – 

Құлымбетовтің өзі, т.б. Соның нәтижесінде 

кеш болса да, обком хатшыларына ауылдағы 

жағдайды өзгертуге бағытталған нақты мін-

деттер жүктелген. Ұ.Ж.Құлымбетов «Кар лаг», 

«Алжир» сияқты өлім лагерьлерінің Қазақстан 

жеріне қоныс тепкендігіне де қарсы болған.

Біле-білсек, Ұ.Құлымбетов – өз кезеңін-

дегі көрнекті саяси қайраткерлердің бірі де, 

бірегейі де. Бесжылдықтың алғашқы жос-

парын жасаған да – осы кісі. Түрксіб те  мір-

жолына Т.Рысқұловтың басшылық жасағаны 

рас. Бірақ ол Мәскеуде отырып жетекшілік 

етті. Ал Ұ.Құлымбетов осы жерде жүріп 

басшылық жасады. Жүз мыңдаған жер гілікті 

тұрғындарды жұмысқа тарта отырып, бәрін 

ұйымдастырып, етекпен құм тасығандай 

дәре жеде теміржол салдыру тек орталықтың 

ісі екен деп қарамай, жергілікті үкімет 

басшылары отырғандығын да естен шығармау 

керек шығар. Ал Ұ.Құлымбетов ол кезде 

Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының 

бірінші орынбасары болды. Яғни мемлекеттік 

деңгейдегі ірі жобалардың бәріне тікелей 

басшылық жасады. Сондай адамның еңбегіне 

тарихи тұрғыда баға берілмей келе жатқаны 

мені қынжылтады. Марқұм жолдасым Кәкім-

жан Қазыбаев кезінде: «Есіңде болсын, Ұзақ-

бай Құлымбетов жөнінде екі түрлі материал 

бар. Біреуі – қаралаған материал да, екіншісі 

– жақсы мағынада жазылған материал. Бірақ 

жұрттың қолына көбінесе қаралаған дүниелер 

түседі де, екіншісі соның тасасында қалып 

қояды», – деген еді. Оның үстіне бұл кісі 

жөнін дегі материалдардың дені Мәскеу 

мұра ғаттарында  жатыр. 

Қалай болғанда да, Ұзақбай Құлымбетов 

елімізде өткен ғасырдың басында орын алған 

аса маңызды әлеуметтік-экономикалық және 

тарихи өзгерістердің басы-қасында болды. 

Сол жұмыстардың бәрін біз қазір жоққа 

шығарып жатырмыз. Бірақ тарихты терістеуге 

болмайды. Мысалы, бұл кісі өз кезеңіне қыз-

мет етті және ол ісін дұрыс деп есептеді. Бүкіл 

өмірін ел игілігі жолындағы күреске арнап, 

шынайы қайраткерлік биікке көтеріле білген 

мұндай тұлғаны елеп-ескермеу, өз дәреже-

сінде бағаламау тарихқа зор қиянат екендігін 

мойындауға тиіспіз. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал