6-б етте 6-б етте Гүлмира СҰлтанбаева: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Сергей лавров



жүктеу 0.67 Mb.

бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6
Қазақстан премьер-

лигасының 3-тур 

ойындары өтті. Еліміздің 

алты қаласында өткен 

барлық матч бір минуттық 

үнсіздікпен басталды.

Әзиз ЖҰМАДІЛ

есептеймін. Шын мұқтаждарға ғана бері-

летін көмек ретінде болуы керек. Спорт шы 

саңлақтарымызға құрмет көрсеткіміз келсе, 

оның басқа да жолдары жетеді. Еліміздің 

жоғары дәрежелі орденімен марапаттайық, 

ақшалай сыйлық берейік, астына елімізде 

шығарылатын көліктердің бірін мінгізейік, 

тағы басқа қолдаулар көрсетейік. Міне, 

осылар жарасады. Айталық, Олимпиада 

чемпионы атанған спортшыға пәленбай 

мың доллар бердік. Сол қомақты қаржыға 

қол жеткізген спортшы қажет болса, өзі-ақ 

пәтер сатып ала алады. Егер баспанасы бар 

болса, басқа қажеттілігіне жарата алады. 

Бұған енді арнайы заңның қажеті жоқ қой. 

Үкіметтің қаулысымен-ақ шешуге болатын 

нәрселерге заң шығарып қайтеміз. Олим-

пиада жеңімпаздарына пәтер беруді 

заңдастырғаннан гөрі, басқа мәселелерін 

қарастырайық. Мәселен, олардың зейнетке 

ерте шығуын, зейнетақымен қамтамасыз 

етуін, тағы басқа өзекті мәселелерін талқыға 

салғанымыз әлдеқайда абзал болар. 



Астанада ҚР Ұлттық спорт 

түрлері қауымдастығының 

бастамасымен, ҚР Туризм және 

спорт министрлігінің қолдауы-

мен Тәуелсіздігіміздің 20 жыл-

дығына орай, «Ұлттық спорт 

үздіктері» деген айдармен төл 

өнеріміздің беткеұстарлары 

марапатталды. 

Жаттықтырушылар мен спортшылар-

дың басын қосқан жиында 40-қа жуық 

мамандар мен бапкерлерге құрмет көр-

сетілді. Ал алты номинация бойынша 

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына 

кіретін 16 спорт түрінің майталмандары 

аталмыш қауымдастықтың арнайы жүл-

десіне ие болды.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдасты-

ғының президенті Қайрат Сатыбалды мыр-

за: «Ұлттық спортты насихаттау мақсатында 

біздің қауымдастық 2020 жылға дейінгі 

арнайы бағдарлама жасады. Бұл жобаны 

біз ҚР Үкіметі мен Парламентіне ұсынып, 

арнайы заң қабылдануын күтіп отырмыз. 

Осы бағдарлама аясында 2013 жылы 

Астана қаласында елорданың 15 жылдық 

мерейтойына орай, Еуразия чемпионатын, 

сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен 

әлем кубогы бәсекесін өткізуді жоспарлап 

отырмыз. Егер ұлттық спорт түрін дамыту 

үшін арнайы заң қабылданатын болса, 

онда 2016 жылы еліміздің Тәуелсіздігінің 

25 жылдығына орай, ұлттық спорт түр-

лерінен әлем чемпионатын өткіземіз. Бүгін 

біз төл спортымыздың өркендеуіне өзіндік 

үлес қосып жүрген спортшыларды мара-

пат тау арқылы төл өнерімізге қызығу-

шылық танытып отырған жастарды ын-

талан дырамыз деп ойлаймын», – деді. 

Сонымен Ұлттық спорт түрлері қауым-

дастығы ат спорты бойынша Арман Стар-

цев пен Румия Усманованы үздік шабандоз 

деп таныса, Темірхан Айтбаев көкпар тар-

тудың теңдессіз тарланы атанды. Құсбе-

гілер арасында Медет Шалипов үздік 

танылды. Тоғызқұмалақтан әлем чемпионы 

Әсел Дәлиева, ал қазақ кү ре сінде екі 

дүркін әлем чемпионы Бауыржан Тәліп 

осындай сый-құрметке ие болды. Алыпсоқ 

спортында Рымбек Әбікенов жеңімпаз 

атанды.

Телжан КҮДЕРОВ

ҚҰРМЕТ


Ұлттық спорт 

тарландары 

марапатталды

Болгарияда күрес түрлерінен 

жастар арасында дәстүрлі 

халықаралық турнир аяқталды. 

Бұл турнирге біздің елдің де балуан 

қыз-жігіттері қатысып, жүлделі оралды. 

Еркін күрес балуандары арасында 55 келі 

салмақта қазақстандық финал өтті. Ақтық 

сында Расул Қалиевтен басым түскен 

Бердах Пірімбаев осы турнирдің жеңімпазы 

атанды. 60 келідегі шешуші белдесуде 

Иран балуанына есе жіберген Мейіржан 

Әшіров күміспен күптелді. Сол секілді 66 

келіде де Аслан Әзізов финалда Иран 

жігітіне жол берді. 74 келіде Әубәкір 

Торғаев кілем иесінен ұтылып, екінші орын 

алды. Айдар Балданбаев (66 келі), Сакен 

Айтжанов (74 келі), Ермұхамет Іңкәр (96 

келі) сынды балуандарымыз қола медаль 

иеленді.

Грек-рим күресі шеберлерінің арасында 

60 келі салмақта Ибрагим Магомадов ал-

тын медаль олжаласа, Нұрлыбек Мұхам-

беталин (55 келі) және Асхат Жаңбыров 

(74 келі) күміс медаль еншіледі. Жақсылык 

Айтбаев (55 келі), Николай Никитюк (84 

келі), Дәмір Күзенбаев (ауыр салмақта) 

үшеуі қола жүлдегер атанды. 

Қыздар арасында 59 келі салмақта 

Екатерина Ларионова бірінші орынға ие 

болды. Джулия Сатымбекова (63 келі), 

Гүлбақыт Нұрғазиева (67 келі) сынды ару-

ларымыз күміс жүлдеге қол жеткізді. Ай-

дана Өтеғұлова (44 келі), Ұлмекен Із-

мұхамбетова (55 келі) және Римма 

Көш кенова (67 келі) қола медаль ие-

ленді. 


Телжан КҮДЕРОВ

Ертең Махачкалада (Ресей) 

еркін күрестен командалық 

сындағы әлем кубогы бәсекесі 

өтеді. 

Осынау бүкіләлемдік додада Ресей, 

Әзірбайжан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, 

Куба, Украина, Грузия, Болгария балуан-

дары және Қазақстан-Венгрия біріккен құ-

рамасы белдеседі. Халықаралық күрес 

түрлері федерациясы бұл сынға былтыр 

Мәскеуде өткен әлем чемпионатында үздік 

ондыққа іліккен құрамаларды шақыр ған. 

Жалғыз қола медаль алған қазақстандық 

еркін күрес шеберлеріне құрмет көрсетіліп, 

үш салмақ дәрежесінде белдесуге рұқсат 

беріпті. Яғни біздің елдің балуандары вен-

гриялықтармен бірігіп күресетін болды. 

Біздің елдің бапкерлерінің ұсынысы 

бойынша, Қазақстан балуандары әлем 

кубогында жеңіл салмақтарда күресетін 

болды. Атап айтқанда, 55 келі салмақта ел 

чемпионы Дәулет Ниязбековке сенім 

артылып отыр. 60 келіде қос балуанымыз 

белдеседі. Олар – Саятбек Оқасов пен 

Абы лай Телтаев. Ал 66 келіде Мақсат 

Дауылбаев кілемге шығады. 

Телмұхамет ЗЕКЕН

Қазақ пен мадияр 

бір команда

Жас 

балуандарымыз 

олжалы

ДОПТЫ ХОККЕЙ



Бендиден Оралдың «Ақ-

жайы ғы» Ресей чемпионаты ның 

бірінші лигасындағы биылғы 

маусымын төртінші орынмен 

аяқтады.

Биыл Ресей чемпионатының бірінші 

лигасындағы дода бірнеше сатыға бөлініп 

өткізілді. Әуелі бірінші лига клубтары екі 

бестікке бөлініп додаға түсті. «Ақжайық» 

«Б» бестігінде екінші орын алып, 1-6 орын-

дарды сарапқа салатын үздік алтылық 

сапында өнер көрсетті. Бұл додада Орал 

бендишілері 12 матч өткізіп, соның төр-

теуінде ғана жеңіске жетті. Қалған сегізінде 

жеңілістің кермек дәмін татты. Бұған Ресей 

чемпионатының бірінші кезеңіндегі сегіз 

ойынның нәтижесі қосылды. Себебі 

аталмыш чемпионаттың «Б» бестігінен 

үздік алтылыққа үш команда шыққан 

болатын. Соның бірі «Ақжайық» екендігі 

айтпаса да түсінікті болар. Қалған екеуі – 

«Универсал» (Саратов) және «Черемшан» 

(Димитровград) клубтары. Чемпионаттың 

екінші кезеңінде оралдықтар бұл екі 

командамен кездескен жоқ. Турнир кес-

тесіне осы екі клубпен «Б» бестігінде 

өткізген ойындардың нәтижесі енгізілді. 

Сол сегіз ойынның нәтижесін қоса есеп-

тегенде «Ақжайық» 20 ойыннан 24 ұпай 

жинап, қорытынды кестеде төртінші 

орынға табан тіреді. 

Бір қызығы, «Ақжайық» Ресей чем-

пионатының екінші кезеңінде өзімен бір 

бестікте ойнаған клубтардан жоғары 

орналасты. Оралдықтардың алдын ораған 

үш команда «А» бестігінің үздіктері ғана 

болды. Олар – «Кольская ГМК» (Мон-

чегорск), «Мурман» (Мурманск), 

«Вымпел» (Королёв) клубтары. Қорытынды 

кестеде Мончегорск бендишілері 51 

ұпаймен бірінші орынды иеленді. 

«Мурман» 42 ұпаймен екінші орынға, ал 

«Вымпел» 36 ұпаймен үшінші орынға 

орналасты. «Ақжайық» соңғы екеуімен 

төрт мәрте кездесіп, екеуін де екі рет ұтты. 

Бірақ қалған екі ойында есе жіберіп алды. 

Өкінішке қарай, «Кольская ГМК» 

бендишілерінен төрт ойында да жеңіліп 

қалды.

Айқын ЖАППАР

«Ақжайық» 

төртінші орынмен 

шектелді

НАМЫС


Қысқы спорт түрлерінен 

елімізде алғаш рет өтіп жатқан 

бүкілреспубликалық Жастар 

ойынының көбі өтіп, азы қалды.

Нақтырақ айтқанда, осы кешенді дода 

бағдарламасындағы 13 спорт түрінің 

тоғызы бойынша финалдық жарыстар мен 

додалар аяқталды. Атап айтар болсақ, 

шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы 

қоссайысы, допты хоккей, шаңғымен бағ-

дарлау, биатлон, шаңғы жарысы, мәнерлеп 

сырғанау, шайбалы хоккей, конькимен 

жүгіру сынды спорт түрлерінің қоры-

тындысы шығарылып та қойды. Енді тау 

шаңғысы, сноуборд, фристайл, шорт-трек 

сынды спорт түрлерінің финалдық 

жарыстары мен сайыстары өтеді. Жастар 

ойыны 15 сәуір күні шорттрекшілер 

бәйгесімен жабылады.

Осы тоғыз спорт түрінің қорытындысы 

бойынша, әзірше 320 ұпаймен Шығыс 

Қазақстан облысының жас спортшылары 

көш бастап келеді. Алматы қаласы 288 

ұпаймен екінші орында тұрса, Астана 244 

ұпаймен үшінші орынды иеленіп тұр. Бұдан 

кейінгі орындарда – Қарағанды (232 

ұпай), Солтүстік Қазақстан (204 ұпай), 

Павлодар (200 ұпай), Ақтөбе (128 ұпай), 

Қостанай (116 ұпай), Ақмола (104 ұпай), 

Батыс Қазақстан (72 ұпай) және Алматы 

(68 ұпай) облыстары. 



Әлихан ЖАППАР

Жастар ойынында 

Шығыс алда

3-турдың қорытындысы:

«Восток» (Өскемен) – «Атырау» – 2:0

Голдар: Ковачев, 17. Добрич, 40.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Жетісу» 

(Талдықорған)

 – 0:1

Гол: Бакаев, 17.

«Тараз» – «Локомотив» (Астана) – 1:2

Голдар: Степанович, 61 – Пірәлі Әлиев, 8. 

Нөсербаев, 43.



«Ақтөбе» – «Тобыл» (Қостанай) – 2:1

Голдар: Мане, 75. Мане, 86 – Гридин, 54.

«Қайрат» (Алматы) – «Қайсар» 

(Қызылорда)

 – 0:0

«Шахтер» (Қарағанды) – «Ертіс» 

(Павлодар)

 – 3:0

Голдар: Байжанов, 53-пенальтиден. 

Хижниченко, 73. Жамбыл Көкеев, 90+.



1. «Ақтөбе» (Ақтөбе)

3

3

0

0

7-3

9

2. «Шахтер» (Қарағанды)

3

2

0

1

5-2

6

3. «Жетісу» (Талдықорған)

3

2

0

1

3-1

6

4. «Локомотив» (Астана)

3

2

0

1

3-3

6

5. «Восток» (Өскемен)

3

1

2

0

4-3

5

6. «Атырау» (Атырау)

3

1

1

1

4-4

4

7. «Қайрат» (Алматы)

3

1

1

1

1-1

4

8. «Тобыл» (Қостанай)

3

1

0

2

4-3

3

9. «Ордабасы» (Шымкент)

3

1

0

2

1-2

3

10. «Иртыш» (Павлодар)

3

1

0

2

3-6

3

11. «Қайсар» (Қызылорда)

3

0

2

1

1-3

2

12. «Тараз» (Тараз)

3

0

0

3

1-6

0

3:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал «Тараз» 

тағы да жеңіліп қалды. Бұл жолы киелі 

қаланың командасы өз алаңында 

Елорданың «Локомотивіне» есе жіберді. 

Есеп – 1:2.

Енді Қазақстан чемпионаты екі апталық 

үзілістен кейін 31 наурызда қайта 

жалғасады. Командалардың ұзақ 

демалуына ұлттық құрамамыздың «Еуро 

– 2012» турнирі іріктеу кезеңі аясындағы 

кезекті ойыны сеп болады.  

 

4-тур 31 наурызда өтеді

«Локомотив» — «Ақтөбе»

«Ордабасы» — «Тараз»

«Ертіс» — «Восток»

«Тобыл» — «Шахтер»

«Атырау» — «Қайрат»

«Жетісу» — «Қайсар»

Айтж


ан МЫРЗ

АНОВ(фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№47 (499) 18.03.2011 жыл, жұма                



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚОҒАМ

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қаза болған әкесінің орнына жұмыс істеуге бола ма?

Даярлық курсына жіберілген мұғалімге оқу ақысын кім төлейді?

Менiң бір танысым 1992 жылы өндіріс орнында қаза болған еді. Сол 

кезде артында қалған баласы оқу бітіріп, жоғары білімді маман болды. 

Бірақ жұмысқа орналасу қиын болып тұр. Осы орайда менің білгім 

келгені, әкесінің өндіріс орнында қаза болғаны ескеріліп, сол мекемеге 

жұмысқа орналасуына қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба? 

Теңдеш ӘБІЛҒАЗИЕВ, Ақтөбе облысы

Мен мектепте есепші болып қызмет істеймін. Менің білгім келгені, 

білім жетілдіру курсына жіберілген мұғалімге оқу ақысын кім төлеуі 

керек?

Жадыра АЙТҚОЖА, Жамбыл облысы

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы 

төлеу басқармасы сарапшы маманының 

мәліметінше, Қазақстан Республикасы 

Еңбек кодексінің 235-бабына сәйкес, 

азаматтық қызметшiлер кәсiптiк бiлiмi 

мен дағдыларын тереңдету, кәсiптер 

мен мамандықтар алу мақсатында 

тиiстi бiлiм беру ұйымдарына жiберiлуi 

мүмкiн. 


Азаматтық қызметшiнiң оқуы, қайта 

оқуы, тағылымдамадан өтуi, өндiрiстен 

(жұмыстан) қол үзбей оқу жағ дайын-

дағы ғылыми тағылымдамасын қоса 

алғанда, жiберушi ұйымның қаражаты 

есебiнен төленедi.

Азаматтық қызметшiнiң оқуы 

кезiнде оның атқаратын лауазымы, 

кепiлдiктерi мен өтемақы төлемдерi 

сақталады.

Бiлiктiлiгiн арттырудан немесе аза-

маттық қызмет бейiнiне сәйкес келетiн 

мамандық бойынша қайта даярлаудан 

өтiп жатқан азаматтық қызметшiлерге 

ақылы оқу демалысы берiледi.

Сарапшы мамандардың мәліметін-

ше, Қазақстан Республикасының ха-

лық ты жұмыспен қамту туралы заңна-

масына сәйкес, мемлекет азаматтар дың 

жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау 

арқылы қамтылуына жәрдемдесетін 

саясат жүргізеді және жұмыссыздықтан 

әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. 

Мемлекет халықты жұмыспен қамту 

мәселесін шешуге уәкілетті органдар-

дың делдалдығымен жұмыс таңдауға 

және жұмысқа орналасуға жәрдем-

десуге кепілдік береді. Бұл ретте 

мемлекеттік қызмет көрсетудің мұндай 

түрлері жергілікті (өңірлік) деңгейде 

көрсетіледі. Осыған орай жұмысқа 

МӘСЕЛЕ


Сырттан сиыр тасығанша, асыл 

тұқымды мал басын көбейтпейміз бе?!

5 литр ғана сүт беретін жай сиырларды 

асылдандыру арқылы олардың келесі 

ұрпағын 20-30 литр сүт беретіндей дәре-

жеге жеткізу де өз қолымызда тұр. 

Мал тұқымын әр тарапқа жеткізумен 

қатар, оны сақтау мәселесі де көлденеңдеп 

алға шығады. Мәселен, сұйық азоттың бір 

келісі – 50 теңге, натрий нитраты ерітін-

дісінің біреуі – 20 теңге, сонымен ұрық 

жет кізу қымбаттай береді. Ал ғылыми 

бағыт бойынша қолданылатын Дюар 

ыдысы сияқты жоғары технологиялы ас-

пап тар да қымбат тұрады. Ғалымдардың 

айтуынша, бүгінде кей аймақтарда асыл 

тұқымды малдың 1-2 пайызы ғана қа-

лыпты. Бұрындары елімізде асыл тұқымды, 

етті ақбас сиырлар болған. Оларды Ресей 

мен Қазақстанның ғалымдары бірлесіп 

ғылыми тәжірибе арқылы шығарған бола-

тын. Кезінде бұл үлкен ғылыми жаңалық 

ретінде жоғары бағаланған еді. Олжасы, 

бұл тәжірибе ретінде қалып қоймай, өн-

діріске ендіріліп, еліміз қаншама пайда ға 

кенелді! Тіпті халық шаруашылығы же тіс-

тіктерінің көрмесінде де жоғары бағаға ие 

болған-тын. Өкініштісі, көрменің алдын 

бермейтін сол ақбас сиырлардың қазіргі 

таңда азы ғана қалды. Сондай-ақ оңтүстік 

аймақтың табиғатына әбден бейімделген, 

бүгінде тігерге тұяғы қалмай барады деп 

айтуға шақ тұрған әулиеаталық сиырларды 

да көбейту мәселесі күн тәртібіне шығуы 

тиіс. 


Шетел деп телмеңдей беруге болмас. 

Қолына мол қаражат ұстатса, қазақстандық 

ғалымдарымыз да біраз тірлік тындырар 

еді. Әттеген-айы – сол ғой, баяғы қаржы 

тапшылығы. Аяқты тұсаулай беретін. Егер 

дәл осы саланың көлеңкесіне күн түссе, 

елімізде айналдырған 10 жылдың ішінде 

асыл тұқымды малдың санын мыңдап, 

тіпті миллиондап көбейтуге болар еді. 

«Оңтүстік-Батыс» ғылыми-зерттеу орта-

лығының мамандары осы сала бойынша 

бірнеше жоба жасағанымен, Үкімет та-

рапынан қолдау таппай келеді. Мәселен, 

жылына кемінде 5000 литр сүт беретін 

сиыр тұқымын асылдандыратын бірнеше 

жоба жасалды, алайда ол жобаларды 

жүзеге асыру арманға айналып келеді. 

Және де сырттан әкелініп жатқан асыл текті 

малдың ұрығын алып, сақтап қоюға 

болады. Сол ұрықтармен жергілікті жер-

лердегі өнімділігі төмен сиырларды ұрық-

тандырсақ, ұтарымыз мол болмақ. 

Эмбрион көшіру әдісі бүгінде әлемдік 

деңгейде кеңінен қолданылып жүр. 

Қытайдың кез келген ауылында эмбрион 

пункті бар. Бір мақтанарлығы, ең алғаш 

эмбрион көшіру әдісін қазақстан дықтар 

қолданған. Осыдан тура 41 жыл бұрын, 

яғни 1970 жылы елімізде Фазыл Мұхамет-

қалиев деген ғалым Алматыдағы биоло-

гия лық институтта өзге ғалымдармен бір-

лесе отырып, осы әдісті қолданып, асыл 

тұқымды мал алған. Бұл Кеңес Одағы үшін 

үлкен жаңалық болатын. Әйтсе де бұл іс 

әрі қарай қолданылмай, тасада қалып 

кетті. Есесіне өзге елдер осы тиімді әдісті 

пайдаланып, үлкен нәтижеге қол жеткізіп 

отыр. Сөйтіп, ірі жетістікті уыстан шығарып 

алған жайымыз бар. Жасырары жоқ, 

бүгінде еліміз мал өнімдерінің 60 пайызын 

шеттен әкеледі. Президент 2016 жылға 

қарай ет экспортын 60 мың тоннаға жет-

кізіп, осы мақсатқа 130 миллиард теңгелік 

несие ресурстарын бөлу туралы міндет 

жүктеді. «Оған қол жеткізудің төте жолы 

– сырттан сиыр тасу емес, қолда бар малды 

асылдандыру» дейді маман дарымыз. Әрі 

арзан, әрі тиімді жол...



Мүсәтіллә ТОХАНОВ, 

«Оңтүстік-Батыс» ғылыми-зерттеу 

өндірістік орталығының бөлім бастығы: 

– Бүгінде «Асыл түлік» орталығы 

осы сала бойынша үлкен бағдарлама 

жасап жатыр. Ұрықтың бағасын 180 

теңгеге көтерді. Осыған байланысты 

осеменаторларға әр сиырды 

ұрықтандырғаны үшін 300 теңгеден 

төлейді. Алдағы уақытта осы салаға 

көптеп көңіл бөлінсе, үлкен 

жетістіктерге қол жеткізуге болар еді. 

ОЙТҮР


ТКІ

Ұялы телефон нөмірін 

меншіктеп беру керек пе?

Жалпы, телефон ұрлығына қалай тос-

қауыл қоюға болады? Ол үшін нендей ша-

ра лар атқару қажет? 



Жасер СЫДЫҚОВ, 

Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі 

істер басқармасы бастығының 

орынбасары:

– Сөз жоқ, телефон ұрлығы алаң да-

тарлық жағдайда тұр. Ұялы телефон 

ұрлығы қылмыстарының артуы,ең бірін ші-

ден, олардың құнының қымбат тығы мен, 

оларды ұрлаудың оңайлығымен, сату 

орын   дарында  жақсы  өтетіндігімен,  сату 

механизмін реттейтін нормативтік-құқық-

тық актілердің болмауымен, азаматтар дың 

өз ұялы телефондарының сақтаулы болуы-

на салғырт қарауымен байланысты. Мұны-

мен қоса мұнда ұялы байланыс оператор-

ларының және ұялы телефондар мен оның 

нөмірлерін сатумен айналысатын кәсіпкер-

лердің де кінәсі бар. Өйткені олар телефон 

немесе оның нөмірін сататын кезде сатып 

алушының жеке куәлігін тіркеуге алмайды. 

Мәселен, көрші Ресейде, басқа да 

өркениетті елдердің көпшілігінде телефон 

тұрмақ, қарапайым жеке нөмірдің өзін 

сатып алу үшін жеке куәлігіңіз бен СТН кө-

шірмесін өткізуіңіз тиіс. Демек, нөмір сіздің 

атыңызға тіркеледі. Оған сіз жауапты 

боласыз. Онсыз затты сатып ала алмайсыз. 

Бізге де осындай жүйеге көшу керек. Сонда 

ғана телефондар кім көрін геннің қал-

тасында жүрмейтін болады. Мысалы, 

кейбір қылмыстарға байланысты абонент-

тік нөмірлерді тексеру барысында қиын-

дықтар туындайды. Нөмір басқа біреу дің 

атында, бірақ оны басқа адам ұстап жүреді. 

Жеке кәсіпкерлер де жеке куәліктерін тір-

кеуге алмай-ақ, сата салады. Сондықтан 

кә сіпкерлерге абонент нөмірін меншіктеп 

беруді талап етуіміз керек. Сонда нөмірдің 

жауапкершілігі бір адамға аударылып, оны 

табу оңайға соғады әрі кез келген адам 

қылмыс жасаудан аяқ тар тады. 

Былай қарап тұрсаңыз, құқық қор ғау-

шының айтып отырған сөзінің жаны бар. 

Бұл да қылмыстың дер уақытында ашы-

луына едәуір әсер ететіні сөзсіз. Қазір бір 

адамның басында жоқ дегенде екі-үш 

нөмірден бар. Мәселен, бір жерде қылмыс 

орын алды дейік. Ішкі істер қызметкерлері 

қылмыс болған орынның айналасында 

кімнің кіммен телефон арқылы сөйлескен-

дігін анықтайды. Алайда тексеріс бары-

сында нөмір басқа бір адамның атына 

тіркелген, не болмаса мүлде ешқайда тір-

кел меген болып шығады. Ал бұл өз ке-

зегінде қылмыстың дер кезінде ашылуын 

қиынға соқтырады. Міне, абонент нөмірін 

меншіктеп беру қылмыстың ашылуына 

қаншалықты оң әсер ететінін осыдан-ақ 

аңғаруға болады. Ал бұған халық қалау-

лылары не дейді екен?




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал