6-б етте 6-б етте Гүлмира СҰлтанбаева: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Сергей лавров



жүктеу 0.67 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН — ОРТАЛЫҚ 

АЗИЯДА ОЗОНДЫ БҰЗАТЫН 

ЗАТТАРДЫ ЕҢ КӨП 

ТҰТЫНАТЫН МЕМЛЕКЕТ

Сенаттың бейсенбілік дәстүрлі отыры-

сында депутаттар озон қабатын бұзатын 

заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы-

на түзету енгізілген заңды қабылдады. 

Мұндағы түзету екі бағытты қамтиды. 

Оның бірі 1992 жылғы 23-25 қарашада 

Копенгагенде (Копенгаген түзетуі) қабыл-

данған болса, екіншісі 1997 жылғы 15-

17 қыркүйекте Монреальда (Монреаль 

түзетуі) жасалған. Копенгаген түзетуіне 

сәйкес, 2020 жылға қарай құрамында хло-

ры бар көміртегіні пайдаланудан шығару 

мерзімі енгізіледі. Ал Монреаль түзетуі 

озонды бұзатын заттарды импорттау мен 

экспорттауды лицензиялауға қойылатын 

талаптарды қамтиды. Түзетудің ережесі 

бойынша, хаттамаға қосылмайтын ел-

дерге бромит метилінің импорты мен экс-

портына саудалық тыйым салу шаралары 

да қарастырылған. «Қазақстан Монреаль 

хаттамасымен бақыланатын заттарды 

өндірмейді. Алайда біздің еліміз Орталық 

Азияда озонды бұзатын заттарды ең көп 

тұтынатын мемлекет болып отыр. Қазіргі 

таңда Қазақстанда мұндай заттарды ен-

гізуге тыйым салынуы мүмкін жағдай 

туындап келеді. Ал Копенгаген мен Мон-

реаль түзетулері қабылданғаннан кейін 

Қазақстан озон үшін қауіпсіз заттарға 

көшуге қолдау таппақ», – дейді қоршаған 

ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов. 



МЕТРОДА ЯДРОЛЫҚ 

БОМБАДАН ҚОРҒАНАТЫН 

ОРЫН САЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ 

Қазіргі уақытта бірінші кезеңі әлі де 

қолдануға берілмеген Алматы метро-

политенінің екінші кезеңін жобалау жұ-

мыс 

тары жүргізіліп жатқан көрінеді. 



Алай 

да мұндағы құрылыс нормалары 

мен ережелері 70-жылдары бекітілген 

қағи дат бойынша есептеліпті. Кешегі оты-

рыста сенатор Жұмабек Төрегелдинов 

осы ған біраз шүйлікті. Ұсыныстың жаны 

бар. Өйткені кеңестік кезеңдегі «қырғи 

қабақ тың» салдарынан кез келген жер-

асты құрылысының ядролық қарудан 

қорғанысқа негізделіп салынатыны бар 

еді. Алматы шаһарының метро құрылысы 

да сол 70 жылдан қалған «қорғаныс ере-

жесімен» қосақталып бекі тіліп кетсе керек. 

Мұндай басы артық қор ғанысқа сенатор-

лар қарсы. Өйткені Қазақстанға ешқандай 

да ядролық бомбалау қатері тумайды. 

Әлемдегі қуатты қарудан бас тарту арқылы 

әлемдегі алпауыттардың қорғаныс кепіл-

дігін алған быз. Бұл – бір. Екіншіден, ядро-

лық бомбадан бассауға орындар қоса 

салынса, онсыз да қаражатты «жұ 

тып» 


жатқан метроның құны 20 пайызға артып 

шыға келетін көрінеді. Сондықтан керек сіз 

қорғанысқа қатысты шығын арт ты рудың 

қажеттігіне депутаттар шүбә келтіреді. 

«Қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайды, 

еліміздің әскери доктринасын салмақтасақ, 

метрополитеннен ядролық бомбалаудан 

қорғанатын орындар салу дың ешқандай 

да қажет болмайтынына көз жетеді. Десе 

де, бұл жерде жер сілкінісі секілді табиғи 

техногендік сипат тағы қатерлерден қор-

ғаныстарды естен шығармаған ләзім. Яд-

ролық қаруға қа тысты қорғаныс орында-

рын салудың еш қандай қажеттігі жоқ», – 

дейді сенатор Жұмабек Төрегелдинов. 

САЙЛА


У — 2011

Бұған дейінгі гу-гу 

әңгімеге желпініп, осы ап-

тада Сенаттың отырысын-

да Елбасы жаңа төрағаны 

ұсынады деп елеңдеп едік. 

Отырыс әдеттегі қалыппен, 

салмақты өтті. Ауыс-түйіс-

тің лебі сезілмеді. Әйтсе де 

БҰҰ лауазымды қызметіне 

тағайындалуына орай 

қоғамда үлкен резонанс 

тудырған мәселе жөнінде 

спикер Қасым-Жомарт 

Тоқаевтың өзі жиын 

соңынан журналистерге 

бір-екі ауыз сөз арнады.

Қанат ҚАЗЫ

Биыл — еліміздің ШЫҰ-ға төрағалық 

ететін жылы. Сондай-ақ ұйымның ме-

рейтойы да осы жылға дөп келіп тұр. 

Мерейтой дейтін себебіміз, биыл ШЫҰ-

ның құрылғанына он жыл толады екен. 

Мәжілістің бізде өтуі осындай атаулы 

кезеңдерге тура келгенін қарамайсыз ба! 

Қазақ мұндайды әдетте жақсылыққа жо-

ритын. Солай болсын дейік...

Енді жиынға оралсақ. Мәжілісте мүше 

мемлекеттердің өзара ынтымақтастығына 

қорытынды жасалды, соңғы жылдардағы 

аяқ алысы мен даму барысы қалай екені 

пайымдалды. Сондай-ақ халықаралық 

және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәсе-

лелері әңгімеге арқау болды. Осының 

бәрін айта келген қорғаныс министрі 

Әділ бек Жақсыбеков былай дейді: «Мәжі-

лісте бірқатар маңызды мәселе талқы-

ланды. Атап айтсақ, халықаралық және 

өңірлік қауіпсіздік төңірегіндегі өзекті 

мәселелер бойынша пікір бөлісіп, 2012-

2013 жылдарға арналған ынтымақтастық 

жоспарына және бірлескен коммюникеге 

қол қойдық».

Қытай Халық Республикасының ұлт-

тық қорғаныс министрі, генерал-пол-

ковник Лян Гуанленің байқауынша, соң-

ғы он жылда ШЫҰ шеңберінде мүше 

мем лекеттердің ынтымақтастығы жараса 

түскен. «ШЫҰ мемлекеттері қорғаныс ми-

нистрлерінің өтіп жатқан кеңестері, кадр 

дайындау негізіндегі тәжірибе алмасу-

лар, мүмкіндіктерімізді айқындайтын әс-

кери оқу-жаттығулар, бәрі-бәрі — осының 

айғағы», – дейді Лян Гуанле. Ол бұл ынты-

мақтастықтардың одан әрі гүлдене түс-

кенін қалайтынын айтты. 

ШЫҰ Бас хатшысы Мұратбек Иманә-

лиев болса бұл мәжіліске өте жо ғары баға 

берді. 


Осы күні қорғаныс министрі Әділбек 

Жақ 


сыбеков мәжілістен тыс кездесулер 

өт кізді. Қытайдың бас қолбасшысы Лян Гу-

анлемен және Қырғыз Республикасының 

қорғаныс министрі, генерал-майор Әби-

болла Құдайбердиевпен болған «бетпе-

беттер» де біраз мәселенің басын шал ды. 

Қытай қорғаныс ведомствосы бас 

шы-


лығымен соңғы бір жарым жылда бес 

мәр те кездескен екенбіз. Бұл кездесулер 

екі ел арасындағы өзара қарым-қаты нас-

тың дамуына айтарлықтай ықпал еткен. 

«Қа зақстан ШЫҰ шеңберінде Қытай Ха-

лық Республикасымен ынтымақтастыққа 

ба рынша маңыз беріп отыр», – деді біздің 

ми нистр.  Екі  жақтың қорғаныс министр-

лері алдағы уақытта барлық бағыт бойын-

ша өзара ынтымақтастықты тереңдетуге, 

атал 

мыш ұйымның халықаралық аре-



нада беде лін арттыруға күш салатынын 

жеткізді. 

Ал Әділбек Жақсыбеков пен Әбибол-

ла Құдайбердиев «Қайтарымсыз әскери 

көмек көрсету туралы Қазақстан Республи-

касы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы  

Үкіметі арасындағы келісімге» қол қой-

ды. Өздеріңіз білесіздер, Манас әскер лері  

маман дарының басым көпшілігі біздің әс-

кери оқу орындарында даярлануда. Әби-

болла Құдайбердиев мұның екі ел қа рым-

қатынасындағы басым бағыт тардың бірі 

екенін жасырмады. 

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: Ұжымдық 

қауіпсіздік шарты ұйымының мүше 

мемлекеттеріне әскери мамандар 

даярлау жөніндегі келісім шеңберінде 

1998-2010 жылдар аралығында 

70-ке тарта қырғыз әскери қызметшісі 

қайтарымсыз негізде еліміздегі 

Қорғаныс министрлігінің ЖОО-ларында 

білім алған. Қазір елімізде 110 қырғыз 

әскери қызметшісі оқып жатыр.

Салтан СӘКЕН

ЖИЫН


Ынтымағы жарасқан 

елді жау алмайды

Кеше Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше 

мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің мәжілісі болды. Министрлер 

қатысатын жиынға кейбіреулері орынбасарларын жіберіпті. Ресей мен 

Өзбекстан министрлерінің жұмыстары қауырт болды ма, екеуі де белгілі 

бір себептермен келе алмапты.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Ресей 

аймақаралық байланыстарының өнімді 

дамуы аталып өтті. Қазақстан мен Ре-

сей Президенттерінің бастамасымен 

жыл сайын өтетін шекара маңындағы 

ынтымақтастық форумының шешімдерін 

іске асыру барысы талқыланды.

Екі ел көшбасшыларының кездесуін-

де Қазақстан мен Ресейдің 2011-2012 

жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл 

жоспарын іске асыру барысы туралы, 

оның ішінде стратегиялық жағынан 

маңызды бірлескен жобалар туралы – 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомо-

биль дәлі зінің құрылысы, «Байқоңыр» 

ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану, 

«Бәйтерек» қазақстандық-ресейлік ға-

рыш зымыраны кешенінің құрылысы, 

«КАЗСАТ-2» спутнигін құру және ұшыру, 

«ГЛОНАСС» жаһандық навигациялық 

спут никтік жүйесін бірлесіп пайдалану, 

нано технология жә не басқа салалардағы 

жобаларды дамыту үшін құрылған 

екіжақты еншілес қорлар қызметі туралы 

әңгіме қозғалды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий 

Медведев Қазақстан-Ресей стратегиялық 

серіктестігінің жүйелі негізде дамып келе 

жатқанын ерекше атап өтті.

2010 жылдың қорытындысы бойынша, 

өзара тауар айналымы 27,8 пайызға өсіп, 

15,8 миллиард долларды құрады. Бұл – 

екі ел экономикасының дағдарысқа дейін-

гі даму деңгейіне шығуына және өзара 

тиімді ынтымақтастығының қарқынды 

өсуіне дәлел.

Дмитрий Медведев Қазақстан Ресейдің 

негізгі сауда-экономикалық серіктесі, тату 

көршісі және маңызды стратегиялық одақ-

тасы болып саналатынын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшылары 

Қазақстан, Ресей мен Беларусь Кеден ода-

ғының қалыптасу мәселесі мен даму перс-

пективасын, іске қосылуы 2012 жылға 

жоспарланған, үш елдің Бірыңғай эконо-

микалық кеңістігінің шарттық база сын қа-

лып тастыру барысын талқылады.

«Интеграция – бұл біздің азамат та-

рымыздың өмір сүру деңгейін артты рудың 

тәсілі. Және де ықпалдастық жолымен 

оның заманауи формаларын құра оты-

рып, болашақта жақсы өмір сүрудің не-

гізін саламыз. Алайда еңсерілер жұмыс 

көп. Соңғы бірнеше жылда бұл үдерістер 

өте тұрақты қарқынға ие болды, – деп 

мәлім етті Дмитрий Медведев Нұрсұлтан 

Назарбаевпен әңгімесінде. – Сіз инте-

грация идеясын әрдайым дәйектілікпен 

қуаттап келдіңіз және бұл үшін көп іс 

атқардыңыз».

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий 

Медведев халықаралық саясаттың ағым-

дағы мәселелері, аймақтағы және ТМД-

дағы жағдайдың дамуы, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ, 

ШЫҰ мен АӨСШК аясында көпжақты 

өзара іс-қимылды нығайту жолдары тура-

лы пікір алмасты.

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назар-

баевқа алдағы Қазақстандағы кезектен 

тыс президенттік сайлауда табыс тіледі.

– Біз Сізді, Нұрсұлтан Әбішұлы, Ре-

сей Федерациясының досы ретінде өте 

құр 


меттейміз. Сіз біздің қарым-қаты-

настарымыздың дамуына үлкен үлес 

қостыңыз. Біз Сізге барынша табыс тілей-

міз. Біз Сізбен алдағы жылдары да тығыз 

жұмысты жалғастырамыз деп сенемін, – 

деді Дмитрий Медведев.

ЫҚПАЛДАСТЫҚ

Қазақстан мен Ресейдің 

стратегиялық әріптестігі 

нығая береді

Басы 1-бетте

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№47 (499) 18.03.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

ДОДА

ТҮЙІН

 

Су шаруашылығы министрлігін құрмайынша, су төңірегіндегі мәселелерді толық шеше аламыз ба?



Тасбай 

СИМАМБАЕВ, 

сенатор:

Мырзагелді 

КЕМЕЛ, 

Мемлекеттік 

басқару академия-

сының профессоры:

Атамұрат 

ШӘМЕНОВ, 

экономика ғылы-

мының докторы, 

профессор:

? А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Біздің елде су шаруашылығы саласын реттейтін мемлекеттік 

орган бар. Ол – су шаруашылығы комитеті. Осы комитет ауыл 

шаруа шылығы министрлігіне бағынады. Өз басым нақ осы 

жайтты дұрыс деп санамаймын. Бұл дұрыс емес. Өйткені ауыл 

шаруашылығы саласының өзі – су ресурстарын ең көп пайда-

ланушы, тұтынушы сала. Жалпы, су ресурстары мемлекеттің құн-

ды қажет тіліктерінің бірі болғандықтан, бізге су шаруашылығы 

мәселесін шешетін арнайы жекелеген мекеме керек. Ол агенттік 

болмаса министрлік болып құрыла ма, әйтеуір елдегі су шаруа-

шылығы мәселесін оңды ететін, су мәселесіне қатысты жауап-

кершілікті мойнына ала алатын арнайы өкілетті орган болғаны 

жөн. Негізінен, су ресурстарын басқару, жер ресурстарын 

басқаратын агенттік тәрізді бөлек орган болса, дұрыс болар еді. 

Бізге осындай бір шешім шығарған абзал. Өйткені елде су 

мәселесіне қатысты проблемалар тым қордаланып кетті.

– Су мәселесіне көктем келіп, күн көзі жылына бастағанда 

ғана мән бермей, оны бүкіл қоғам болып, күн сайын қызу тал-

қылап жатуымыз керек еді. Өкінішке қарай, біз тек елді мекен-

дерді су басып, жаппай күн жылына бастағанда ғана осы 

проблеманы қаузай бастаймыз. Өз басым, бұған қатысты Су ша-

руа шылығы министрлігін құрудан мәселе шешімін та бады деп 

айта алмаймын. Ол үшін арнайы жергілікті әкім ші ліктердің 

жауапкершілігін арттыру қажет. Бұдан соң аймақ тардағы су 

басқармаларының өкілеттілігін күшейту керек. Екіншіден, ар-

найы қабылданған бағдарламаларға сәйкес, қазіргі Су комитеті 

реформалардың орындалуы бары сына бақы  лауды күшейткені 

абзал. Бақылау күшейіп, аймақтар дағы су басқармаларының 

жергілікті әкімдердің мойнындағы жауапкершілік артатын болса, 

мәселе шешімін табады деген ойдамын.

– Меніңше, Су шаруашылығы министрлігін құрғаннан Қазақ-

станда су көбейіп кетпейді. Егер министрлік құрамыз десек, оған 

қаржы да, мамандар да жеткілікті. Бірақ бұл жерде ойланатын 

мәсе ле сырттан келетін су көздеріне қатысты болуы керек. Қа-

зақстан жан-жағындағы барлық мемлекеттермен трансшекара лық 

өзендер арқылы байланысып жатқандықтан, су саясатының елде 

маңызды екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Біз 43 пайыз 

көлемде ғана өз суымызбен қамтамасыз етілгенбіз. Қалған 57 

пайыз су көзі елімізге сырттан келеді. Ал енді біз жыл сайын сол 

сырттан келетін су көздерімен алысамыз да жатамыз. Өзіңіз білесіз, 

бізде «Трансшекаралық ғаламды пайдалану» деген халықаралық 

келісімшарттар бар. Қазақстан – осы келісімшартқа қол қойғандар-

дың бірі. 11 жылдан бері біз осы сырттан келетін су көздері мәсе-

ле сін шеше алмай келеміз. Бұл – бір. Ал өзіміздің ішкі су мәселесін 

шешу үшін министрліктен гөрі, агенттік құрылғаны жөн.

Әзірлеген Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР

Ол үшін шүмектетіп тер төгу керек. Сон-

дықтан осындай ерен жетістікке қол 

жеткізген спортшыларымыздың өздеріне 

сыйға тартылған пәтерді заңды түрде 

тіркеп алғандары дұрыс болар еді. 

Елсияр ҚАНАҒАТОВ, 

ҚР Туризм және спорт министрлігінің 

Спорт комитеті төрағасы

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

Олимпиада жеңімпаздарына пәтер 

беруді заңмен бекіту дұрыс па?

Еңбектері бар. Төккен терлерінің жемісін 

жеп, бейнеттерінің зейнетін көргендері 

жөн. Өзіңіз ойлаңызшы, Олимпиада ойын-

дарына 100-ден астам ел қатысады. Төрт-

кіл дүние түгелдей көз тігеді. Осындай 

дүбірлі додада еліміздің абыройын асқақ-

татып, халқымыздың мерейін тасытып 

жатқан саңлақтарға қандай сый-құрмет 

көрсетсек те лайық емес пе?! 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі 

спорт шылармен болған кездесуінде мына 

бір маңызды жағдайды қадап-қадап айт-

қан: мемлекет Туы шетелде екі-ақ жағдайда 

көкке көтеріледі. Бірі – қайсыбір елге мем-

лекет Президенті ресми сапармен бар-

ғанда, екіншісінде – спортшылардың ха-

лық аралық ірі жарыстардағы жеңістері нің 

құрметіне. Әрі спортшылар Олимпиада 

ойын дарында чемпион атанғанда оның 

туған елінің Әнұраны орындалады. Бұл – 

үлкен құрмет. Сондықтан төрткүл дүниені 

дүрліктіріп, төрт жылда бір өтетін Олим-

пиада ойындарында, Жер шарының түк-

пір-түкпірінде еліміздің даңқын асырып, 

абыройын асқақтатып жүрген спортшы-

лары мызға заңды түрде пәтер бергеніміз, 

нұр үстіне нұр болар еді. Мен оған ешкім 

де қарсы бола қоймас деп ойлаймын. 

Бірақ бір күн ерте, бір күн кеш, сол 

спортшы әйтеуір Үкімет берген үй-жайына 

қол жеткізеді емес пе?! Оның үстіне, спорт-

шыларға байланысты осындай заң қабыл-

дасақ, басқа саладағы майталман дарымыз 

да пәтер сұрап, оны заңдастыруды талап 

етуі ғажап емес. Ертең әншілер мен актерлер 

үшін де, математиктер мен хи миктер үшін 

де пәтер беру туралы арнайы заң қабылдап 

жүрмейік. Әрқайсысына пәтер бере беретін 

болсақ, не болмақ? Халықаралық ареналар-

да еліміздің абы ройын асқақтатып жүрген 

спортшылардан басқа да саңлақтарымыз 

аз емес қой. Ел намысын абыроймен арқа-

лап жүру – әрбіріміздің азаматтық парызы-

мыз. Оны міндетсінуге болмайды. Ал бас-

басына заң шығара берсек, не қадірі 

қалады? Одан пайда бар ма?! Олимпиада 

жеңімпаздарына пәтер беру туралы заң 

қабылдадық деп есептейік. Енді қараңыз, 

кейбіреуінде пәтер бар, кейбіреуінде жоқ. 

Сол үйі жоққа, пәтер беріп, екіншісінің 

«сенің пәтерің бар екен ғой» деп бетін 

қағып тастай алмайсың. Жалпы, мен кей 

спортшыларға таңмын. Үкімет баспанаға 

мұқтаж спортшы саңлақтарымызға пәтер 

беріп жатса, екіншісі үй-жайы бола тұра, 

«неге маған да баспана бермейсіздер?» деп 

жылаңқылық танытады. Сондықтан да өз 

басым пәтер бере беруді жөн көрмеймін. 

Пәтер сыйлық ретінде жүрмеуі керек деп 

ПРЕМЬЕР-ЛИГ

А

Осылайша Жапониядағы жер сілкіні-



сінен зардап шеккендердің қайғысына 

Қазақстан футболы да ортақтас екенін көр-

сетті. Турдың орталық кездесуі Ақтөбеде 

өтті. Ал оның алдында «Восток» пен «Аты-

рау» және «Ордабасы» мен «Жетісу» 

додаға түскен еді.

Өскемендегі ойында «Восток» алғашқы 

минуттардан-ақ тізгінді қолдарына алған. 

Әсіресе, Дмитрий Мамонов бастап, 

Андрей Шабанов қорғаған қақпаны 

піспектеумен болды. Шабанов та ер екен, 

қауіпті соққыларға тойтарыс беріп отырды. 

Мамонов қатарынан екі бұрыштама добын 

көтерді. Ол да нәтиже бермеді. Ақыры 

ойынның 17-минутында алаң иелері 

мақсаттарына жетіп, Шабанов қорғаған 

қақпадан саңылау тапты. Тағы да сол 

Мамонов айып добын әдемі орындап, 

пасқа өзгелерден бұрын жеткен болгария-

лық қорғаушы Мартин Ковачев алғашқы 

голдың авторы атанды. Ал 40-минутта 

«Востоктың» тағы бір легионері Саша 

Добрич Қазақстан чемпионатындағы 

өзінің екінші голын соғып, есепті еселей 

түсті. Сөйтіп, алаң иелері үзіліске 2:0 есе-

бімен көтеріңкі көңіл күйде шықты. Алайда 

екінші тайм ойынның бірінші бөлігіне 

мүлдем кереғар болды. Енді «Атыраудың» 

шабуылдары қауіп төндіре бастады. Ақыры 

не керек, ойын аяқ талғанша «Атырау» 

есепті теңестіріп үлгерді. Екі голды да 

қонақтардың нигерия лық шабуылшысы 

Зито Обдонна соқты. Сөйтіп, легионерлер 

гол соғып, көзге түскен ойын тең 

аяқталды.

Шымкентте де голдың авторы легионер 

болды. «Ордабасының» алаңына қонаққа 

барған «Жетісу» оңтүстік жерінде өздерін 

қожайындай сезініп, ойынның 17-ми-

нутын да-ақ гол соқты. Ойында бұдан бас-

қа гол соғылмағандықтан, жалғыз тура 

соққының авторы өзбек легионері Ұлықбек 

Бакаев атанды. Дегенмен айта кетуіміз 

керек, «Жетісуда» бұдан бөлек, гол соғатын 

тағы бір 100 пайыздық мүмкіндік болған. 

Бірақ Бакаевтың әдемі пасынан кейін же-

ке-дара шыққан Сергей Остапенко «Орда-

басы» қақпашысы Роман Нестеренконы 

алдап өте алған жоқ.

Бір қызығы, 3-турдың орталық кез-

десуінде де алаң иелерінің жеңіске жетуіне 

легионердің көмегі орасан болған. 

«Ақтөбенің» сенегалдық шабуылшысы 

Малик Мане «Тобыл» қақпасынан екі 

мәрте саңылау тауып, Владимир Мұқанов 

командасын жеңілістен құтқарып қана 

қоймай, «Ақтөбеге» үш ұпай әперді. Айта 

кетейік, мұның алдында Сергей Гридин 

соққан голдың арқасында қонақтар алда 

болатын.


Алматының «Қайраты» өз алаңында 

Қызылорданың «Қайсарының» қамалын 

бұза алмаса, Қарағандының «Шахтері» 

өткен жылдың қола жүлдегерін қабылдап, 



Легионерлер желпінген тур

Құрманғали УӘЛИ, 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Еліміздің абыройы үшін жанын тігіп, барын салып, 

Олимпиада ойындарында топ жарған спортшыларымызға 

қандай сый-сияпат көрсетсек те, жарасады. Әрине, жоқ 

кезде жеңімпаздарымызға азын-аулақ сый беріп, жылы 

сөзбен жұбатып жүрдік. Ал бүгінде еліміз еңсесін тіктеп, 

әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен терезесі тең 

дәрежеге жетті. Демек, өзіміздің еңселі ел екенімізді 

көрсетіп, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген спорт-

шыларды қамқорлығымызға алуымыз керек. Тек қана 

пәтер беріп қоймай, қаражатпен де жарылқауымыз 

қажет. Шыны керек, спортшыларымыздың көбісі – жастар, 

жаңадан отбасын құрғандар. Яғни пәтерге бірден-бір 

зәру жандар. Дегенмен Олимпиада жеңімпаздарына 

пәтер беруді заңдастырғанда бір қалада (немесе облыста) 

тұратын спортшыларды өзі тұратын аймақтан ғана пәтер 

алатындай етіп қарастыру керек. Солай заңдастыру керек. 

Әйтпесе, өзі тұратын қаладан емес, Астана мен Алматыдан 

баспаналы болғысы келетіндер табылып жатады. Негізі, 

бұл жоба әлі Үкіметтің қарауында жатыр. Бізге жеткен 

жоқ. Депутаттардың қарауына жіберілсе, асықпай талқылай 

жатармыз.



Дайындағандар 

Нұрғазы САСАЕВ, Азиз ОРАЗБАЕВ

ЕРКІН КҮРЕС

КҮРЕС

Кеше футболдан 


жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет