6-б етте 6-б етте Гүлмира СҰлтанбаева: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Сергей лавров



жүктеу 0.67 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4   5   6

6-б

етте

6-б

етте

Гүлмира СҰЛТАНБАЕВА:

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Сергей ЛАВРОВ, 

Ресейдің сыртқы істер министрі: 

– Вальс – айналып жүру. Сон-

дықтан вальс бізге келмейді. 

Твист бізде бұрын болған. Тангода 

шұғыл қимылдар бар. Алдыға екі 

қадам, артқа бір қадам. Осы — 

тен денция  позитивті.

(Ресей мен АҚШ қарым-

қатынасына қатысты айтқан 

пікірінен. www.echo.msk.ru сайты)

№47 (499) 

18 наурыз

жұма


2011 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

4-бет

5-бет

7-бет

Көктемді көрсететін 

клип түсірудеміз

Ұзақбай 


Құлымбетовті ұмыту — 

тарихымызды естен 

шығару деген сөз...

Ұялы телефон 

нөмірін меншіктеп 

беру керек пе?



www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

145,79

203,93

5,09

22,18

1,39

11613,3

1899,72

1712,62

112,90

1396,9

ДАТ!

ОЙ-КӨКПАР 



Олимпиада жеңімпаздарына пәтер беруді заңмен бекіту дұрыс па?

Дербес экономикалық 

құрылым ретінде 

зерттеу университеті 

мемлекеттік бюджеттен 

қаржыландырылуы тиіс



Жалғасы 2-бетте

Кеше Қазақстан Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге жұмыс 

сапары барысында Мәскеу маңындағы 

«Горки-9» резиденциясында Ресей 

Федерациясының Президенті Дмитрий 

Медведевпен кездесті. 

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл – біздің 

биылғы алғашқы кездесуіміз. Мен бұл жыл біздің 

елдеріміз үшін табысты болатынына сенемін. Біздің 

қарым-қатынастарымыз ұзақ мерзімді, орнықты. Біз 

Кеден одағы аясында жұмыс істейміз, Еуразиялық 

экономикалық одақтың негізін салудамыз. Бұл – 

интеграция ісінде алға басқан сапалы қадамымыз, 

– деп атап өтті Дмитрий Медведев кездесуді аша 

отырып.


– Құрметті Дмитрий Анатольевич! Өткен жылы 

ЕҚЫҰ Саммиті табысты өтті. Біз оны бірге өткіздік. 

КСРО тарағаннан кейінгі 20 жыл ішінде біз алғаш 

рет табысты интеграциялық бірлестік – Кеден 

одағын құрдық. Биыл біз ішкі шекарадағы барлық 

кедендік бекеттерді алып тастаймыз, олар сыртқы 

шептерге орналастырылады. Қазақстан мен Ресей 

арасында ешқандай мәселе жоқ, – деп атап өтті 

Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ Д.Медведевпен 

болған әңгіме барысында Қазақстан Президен-

ті биылғы елеулі оқиғалардың, соның ішінде 

Астанада өтетін ШЫҰ аясындағы мерейтойлық 

кездесудің, Астраханьда болатын Ресей мен 

Қазақстанның аймақаралық форумының, сондай-

ақ ТМД-ның 20 жылдығы шараларының маңызын 

атап көрсетті.

Қазақстан мен Ресей басшылары мұнай-газ ре-

сурстарын тасымалдау және Каспий қайраңындағы 

көмірсутекті игеру салаларындағы, атом мен 

электр энергетикасы, транзит-көлік, ғарыш және 

индустриялық-инновациялық салалардағы негізгі 

бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың 

жағдайы мен перспективаларын талқылады. 

МӘСЕЛЕ


Асыл тұқымды мал өсіру әлемдік 

тәжірибеде өте қымбат тұратын, 

жоға ры технологиялық жоба болып 

табылады. Жоғары тұқымды мал дың 

эмбриондарын алып, жасанды жол-

мен жай тұқымды малға салып, одан 

асыл тұқымды мал алуға болады. Бұл 

эмбрион кемі 1000 доллар тұрады. 

Әлемдік нарықта оның бағасы да 

жыл сайын қымбаттап бара ды. Бірақ 

АҚШ-тан 20 мың дол ларға сиыр 

тасыған нан арзандау. Расы – осы. 

Дауға айналған Дайрабайдың 

сиырлары емес, отқа май тамызған 

америкалық сиырлар Парламент оты-

рысында көкпар тартқан көн тулақтай 

болған-ды. Алпауыт елден «ұшып 

келетін» сиырыңыздың жол пұлы да 

оңай емес. 600 мың теңгеге шығады 

екен. «Мал өнімдері корпорациясы» 

АҚ төраға кеңесшісі Оңғар Дауылбаев: 

«Елімізде асыл тұқымды мал жоқтың 

қасы», – деп уәж айтқан болатын. 

Төраға кеңесшісінің уәжіне тағы да 

құлақ ассақ, алда тағы да 3 миллион 

бас Зеңгі баба тұқымын сатып алуы-

мыз керек екен... 

Елімізде асыл тұқымды мал болған. 

Бұрын. Әлі де бар. Бірақ аз. Алайда асыл 

тұқымды қазақстандық сиырларды 

көбейту – қолда тұрған тірлік. Тек құлық 

болса болғаны. Теңіз асып, тау асып кел-

генімен, жерсіне алмай, ажал құшатын 

қымбат сиырларға құмбыл болғанша, 

өзіміздікін өсіруге ынта болсын деңіз. 

2004 жылы қабылданған Бюджеттік ко-

декске сәйкес, «Мал дәрігерлік қызметі» 

мем лекеттік қазыналық кәсіпорны жа-

былған болатын. Сол жылдарға де-

йін тәп-тәуір қызмет атқарып келген 

кәсіп орынның алар орны ерекше еді. 

Осындағы мал дәрігерлері малды ем-

деумен қатар, асылдандыру ісін де қоса 

атқарып келген-тін. Бір ғана Оңтүстік 

Қазақстан облысында 2002 жылы 122 

ұрықтандыру бекеті жұмыс істеп, 42,5 

Сырттан сиыр тасығанша, асыл 

тұқымды мал басын көбейтпейміз бе?!

АУ

А Р



АЙЫ

Наурыз тойында 

Алматы өңірінде 

күн суытады

Өткен тәуліктерде Алматы мен Алматы облысы 

аумағына жауын-шашынның айлық мөлшерінің 

40 пайыздан астамы түсіп, биіктігі кей жерлерде 

70 см-ге жететін қар жауған еді. Синоптиктер 

алдағы тәуліктерде өңірде жауатын қар мөлшері 

тағы да көбеюі мүмкін екенін айтып отыр. Бұған 

қоса, Наурыз мерекесі тойланатын бес күн ішінде 

ауа температурасы біраз төмендеуі мүмкін.

Гүлжан КӨШЕРОВА

Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық 

әріптестігі нығая береді

Жалғасы 4-бетте

ИӘ

– Олимпиада чемпиондарының кейбі-

реу лері өздеріне берілген пәтерді өз аттары-

на аудара алмай, сергелдеңге түсіп жүр ген 

соң біз мұны жан-жақты талқыладық. Кей-

бір спортшыларымызға баспана қыз 

мет 

тік 


пәтерлерден беріліп, олар осындай келең-

сіз 


діктерге тап болды. Сондықтан олар 

ға 


беріл ген баспана тек уақытша болма сын деп 

Үкіметке ұсыныс жасадық. Онда Олимпиа-

да жеңімпаздарына берілетін пәтер ді заңмен 

бекіту туралы өз пікірімізді һәм ұсыны 

сы-

мызды көлденең тарттық. Осы мәсе лені заң-



дастырып, шешіп алған дұрыс. Біз Олимпиада 

жеңімпаздарының өздеріне сый ға тартылған 

пәтерді жылжымайтын жеке мен 

 

шік мүлкі 



ретінде заңдастырып алғанын қалай мыз.

Олимпиада ойындарында топ жару оңай 

емес. Жеңіс спортшыларға оңайшылықпен 

келмейді. 



3-бетте

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, 

ҚР Парламент 

Мәжілісінің депутаты:

Елсияр ҚАНАҒАТОВ, 

ҚР Туризм және спорт министрлігінің 

Спорт комитеті төрағасы:

Бүгінгі таңда Олимпиада ойындары спорт 

жарыстарының ішіндегі мәртебесі бәрінен жоғары 

додаға айналған. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі 

додадағы бәсекелестіктің қаншалықты шектен тыс 

екендігін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ел на-

мысы таразыға тартылатын дүбірлі доданың саяси 

астары да салмақты. Спортшы біткен төрт жыл бойы 

Олимпиадаға дайындалады. Бағы жанып, чемпи-

он атанғандары бақыт құшағында тербеледі. Елі 

мен жерінің абыройын асқақтатып, өзі де қуанышқа 

кенеледі. Осылай айы оңынан туып, асығы алшы-

сынан түскен чемпиондар содан соң туған елінің 

қошеметіне бөленеді. Мұндай үрдіс бізде де бар. Біздің 

елдегі тарту-таралғының ең маңыздысы сәулетті 

қалаларымыздың бірінен пәтер беру болып табыла-

ды. Бірақ осы мәселе ушығып, бір шешімге келмесе, 

дау-дамайы толастамайтындай дәрежеге жеткендей. 

Осыған орай ҚР Туризм және спорт министрлігі Олим-

пиада жеңімпаздарына пәтер беруді заңмен бекіту 

жөнінде ұсыныс жасады. 

Енді, мамандар сөзіне құлақ түрейік.

ЖОҚ

– Меніңше, мұндай заңның мүлдем қажеті 

жоқ. Бұған үзілді-кесілді қарсымын. Олимпиа-

да жеңімпаздарына басқадай марапат, 

басқадай құрмет көрсетсек жарасады. Ал пәтер 

беруді заңдастыруға өз басым қар сымын. Егер 

оның өзінде баспанасы болса, ол тағы бір 

пәтерді не қылады? Кейбіреуінде екі-үш пәтер-

ден болуы мүмкін. Яғни баспанаға мұқтаж емес 

бола тұра, тағы бір үйлі болғысы келетіндерді 

түсінбеймін. Спортшылардың бәрінің жағдайы 

бірдей емес қой. Біреуіне пәтер қажет, біреуіне 

қа жет емес, біреуі тіпті мұқтаж. Заңдастырсақ, 

бәрі не бірдей пәтер беруге тура келеді. Одан да 

шын мұқтаждарға, баспананы жалдап тұрып 

жатқан саңлақ тарымызға ғана Үкі мет тің қау-

лысы бойынша осын дай көмек көр се тейік. Рас, 

«Үкімет қаулысы бойынша пәтер алған кейбір 

Олимпиада жеңімпаздары баспана сына әзер 

қол жеткізді ғой» дейтіндер табылар. 

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандары таратқан 

мәліметіне қарағанда, наурыздың 19-ынан бастап 

ай мақта қайтадан қар және қар аралас жаңбыр жа-

уады. Бұдан кейінгі күндері солтүстіктен антициклон 

келіп, соның салдарынан күн суытуы мүмкін. Наурыз 

мерекесі күндері ауаның орташа температурасы 7 

градусқа дейін төмендейді. Наурыз айының соңғы 

күндері ғана температура жоғарылай бастамақ. 

Мамандардың болжауынша, таяу күндері еліміздің 

көп бөлігі антицик лон кеңістігінде, батыс аймақтар 

циклоны ықпалында, оңтүстік-шығыс пен шығыс 

өңірлер атмосфералық таралымдар ықпалында 

болады. Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан 

облыстарында көктайғақ болып, жылдамдығы се-

кундына 20 метрге жететін жел соғады. Қарағанды, 

Шығыс Қазақстан облыстарында боран болуы 

мүмкін. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының 

таулы өңірлерінде де жел күшеймек. ҚР Төтенше 

жағдайлар министрлігі мамандары Іле, Қаратал, 

Шу, Сырдария және Жайық өзендерінде мұздың 

әлсіреуі мен сең қозғалуы байқалатынын ескертеді. 

Бұл құбылыс табиғи суқоймалардағы су деңгейінің 

өзгеруіне әсер етпек. Әсіресе, Арыс пен Сырдарияда 

ағынның молаю қаупі бар.



Болатбек МҰХТАРОВ

мың бас мүйізді ірі қара қолдан ұрық-

тандырылған. Ал 2005 жылы қолдан 

ұрықтандырылған сиырлар саны 100 

мың 

ға жеткен болатын. Алайда осы 



жыл дан кейін малды асылдандыру ісі 

ілгерілеу 

дің орнына кейінге кеткен. 

Астанада ғы «Асыл түлік» орталығы асыл 

тұқымды малдың ұрығын әр өңірге та-

ратып беретін. Ал Кеңес Одағы кезінде 

«Асылтұқыммалбірлестігі» атты ар 

на-


йы мекеме жұмыс істеген. Он да ғы лар 

одақтың түкпір-түкпірінің бә 

рін асыл 

тұқымды мал ұрығымен қам 

тамасыз 

етіп отыратын. Осында тұқым дан дыру-

шылар, яғни осеменаторлар жұмыс 

істе 


ген. 2005 жылғы баға бойынша 

ұрық тың әр дозасы 140 теңгеге баға-

ланған екен. Салыстырар болсақ, ұрық 

құны Ресейде – 7 долларға, шетелдерде 

15 долларға бағаланған...Бүгінде осы 

сала ның тамырына су жүгірту қажет бо-

лып тұр. 


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№47 (499) 18.03.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Туризмнің дамуы жағынан қай елдер алғашқы орындарды алады? Еліміз 

туризмнің дамуы жөнінен әлем бойынша нешінші орында келеді? 

Әйбек ҚАЛИБЕКОВ, Алматы облысы

«Ғаламтордағы ресейлік әлеуметтік желілерді қазақстандықтар көп 

пайдаланады» дегенді естідім. Бұл қаншалықты рас?

Ерлан МҰСА, ШҚО Аягөз ауданы

Қазақстандықтар – mail.ru-да бірінші

Туризмнен тұғырымыз қандай?

«Саяхат және туризм: бәсекеге қабілет тілік 

— 2011» бүкіләлемдік экономикалық фору-

мының есебі бойынша, әлемде туризмнің 

дамуы жөнінен алдыңғы ондыққа Швейца-

рия, Германия, Франция, Австрия, Швеция, 

АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Канада және 

Сингапур кіреді. Рейтингтегі 139 елдің ішінен 

ТМД бойынша Ресей 59-орында көш бастап 

келеді. Одан кейінгі орындарды Гүржістан 

(73), Әзірбайжан (83), Украина (85), Арме-

ния (90), Қазақстан (93), Молдова (99), Қыр-

ғызстан (107), Тәжікстан (118) иеленген. 

Туризмнің дамуы жөніндегі рейтинг-

тің индексі қоршаған ортаны қорғау 

мен сақтау, денсаулық сақтау, гигие-

на нормаларын ұстану, саяхат пен ту-

ризм басымдықтары, табиғат, қызмет 

көрсету бағасы, адами және мәдени 

байлықтармен анықталды. Сондай-ақ 

баяндамада жаһандық экономикалық 

дағдарыстан кейінгі кезеңде туризм са-

ласы біртіндеп қалпына келе бастағаны 

айтылған. Мәселен, былтыр туризмнің 

5-6 пайызға өскені байқалған.

Қазір әлеуметтік желілердің 

қоғамдағы рөлі артып келеді. Жаңа 

ғасырдың басында қазақстандық 

әлеуметтік желілер болмаған соң, 

халық ресейлік сайттарды жаппай 

қолданды. Еліміздің ақпарат кеңіс-

тігінде кеңінен тараған – ресейлік 

mail.ru сайты. Осы сайттың әкімші-

лігі таратқан мәліметтер бойынша, 

mail.ru-ды пайдалану бойынша қазақ-

стандықтар алғашқы орынға шыққан. 

Аталған сайттың отаны Ресейдің өзі 

— екінші сатыда. ТМД кеңістігінде 

кеңінен тараған бұл сайтты қолдану 

бойынша Өзбекстан — үшінші, Укра-

ина — төртінші, Беларусь елі бесін-

ші орында екен. Дегенмен кейінгі 

уақытта қазақстандық, оның ішінде 

қазақ тіліндегі әлеуметтік желілер 

көптеп пайда болғандықтан, қазіргі 

уақытта отандық әлеуметтік желіні 

қолданушылар саны да артып келеді.

ЕЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ЕЛБАСЫН 

ЕЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ЕЛБАСЫН 

ҚОЛДАЙДЫ

ҚОЛДАЙДЫ

Прези дент тікке  үміткер  Нұрсұл тан  Назар-

баевтың сай лауалды штабы үгіт-наси хат жұмыс-

тарын жүр 

гізіп, еліміздің аймақ 

тарын 


да түр 

лі 


кездесулер ұйым 

дастырып жатыр. «Пре 

зидент 

Нұрсұлтан Назар баевпен бірге – 20 жыл. Бей-



бітшілік пен Жасам паз дық!» деген ұран мен Елба-

сы ның  сайлауалды  бағ дар ла масы  ретінде  ұсыныл ған 

Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылау үстінде.

Кеше  Астанада Қазақстанның кәсіп 

одақтары мен 

еңбекшілері ел президенттігіне үміткер Нұрсұлтан 

Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналған форум 

өткізді. Оған еліміздің барлық өңірінде, экономиканың 

барлық саласында жұмыс істейтін 300-ге жуық деле-

гат пен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы 

Орталық аппаратының өкілдері және Парламент депу-

таттары қатысты. Қазақстан еңбекшілері мемлекетті әрі 

қарай саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғырту 

бойынша Президенттің бағдарламалық мақсаттарын, 

соның ішінде 2020 жылға дейінгі елді дамытудың 

стратегиялық жоспарын қолдайтындығын білдірді. Фо-

рум соңында Қазақстанның барлық еңбекшілері мен 

кәсіподақ мүшелерін алдағы сайлауда президенттікке 

үміткер Н.Назарбаевты қолдауға шақыру туралы Үндеу 

қабылданды.



ҒАНИ ҚАСЫМОВТЫ АТОМ ЭЛЕКТР 

СТАНЦИЯСЫ АЛАҢДАТАДЫ

Ғани Қасымов президент болып сай лан ған жағдайда 

халықтың көкейтесті мәсе лелерін шешуге уәде береді. 

Ол шетелдік компаниялармен жасалған келі сімдер ел 

мүддесіне қайшы болған жағдайда қайта қаралуы ке-

рек деп есептейді. Жерасты байлығын игеруден түс кен 

табысты денсаулық сақтау, білім беру салаларына, іргелі 

ғылым мен инновацияларды дамытуға жұмсап, мемле-

кеттік қызметкерлердің жалақысы мен зейнетақыны кем 

дегенде екі есе көтеру керек деп санайды. Ғ.Қасымов 

Ұлттық қордың қаржысын елге таратып беруді ұсынды. 

Сондай-ақ президенттікке үміткер отандастарының тұр-

ғын үй жағдайын жақсартуды қолға алмақ. «Мемлекеттік 

құрылыс компаниялары құрылып, тегін әлеуметтік бас-

пана салу жаппай қолға алынады. Жеке үй салғысы ке-

летіндерге тегін жер телімін беріп, оларды арзан құрылыс 

материалдарымен қамтамасыз етеміз», – деді генерал. 

Ғ.Қасымов өрт сөндірушілермен, Ауған соғысының арда-

герлерімен, «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының 

өкілдерімен кездесіп, олар дың жағ да йын білді. Үміткерді 

Ақтау дағы АЭС-тің құрылысы жобасына ресейлік техно-

логияның пайдаланылуы алаң да тады. Ол Үкіметке «неге 

біз АЭС саласында тек Ресей технологиясымен жұмыс іс-

тейміз» деген сұрақ қойып, оған үш күннің ішінде жауап 

беруді сұрады. 

МЭЛС ЕЛЕУСІЗОВ ӘКІМДЕР МЕН 

СУДЬЯЛАРДЫ ДА ХАЛЫҚ САЙЛАУЫ 

КЕРЕК ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ

Осы аптада ҚР президенттігіне үміткер Елеусізов элек-

торатты сайлауға қатысуға заңмен міндеттеуді ұсынды. 

«Қол жинау кезінде біз кейбіреулердің жалпы елде не 

болып жатқанынан бейхабар екенін байқадық. Бұл — 

таңғаларлық нәрсе», – деді ол. Сондай-ақ кандидат элек-

трон дық дауыс берулерге сенбейтінін жеткізіп, одан бас 

тарту керектігін айтады. М.Елеу сізов сайлаушылармен 

кездесулер барысында қазақстандық қоғамды тәр биелеу 

мәселесін де қозғады. Оның айтуынша, қоғам Тәуелсіздік 

алған соң, барлығына тек тұтынушылық пиғылмен ғана 

қарайтынды шығарды. «Мен капитализм ешқашан 

қарапайым азаматтардың қамқоршысы деп есептеген 

емеспін», – деді ол. ҚР президенттігіне кандидат Мэлс 

Елеусізов өзінің сайлауалды тұғырнамасында әкімдер 

мен судьялардың сайлануын ұсынады. «Қазір әкімдер 

де, судьялар да халыққа бағынбайды, олар жоғарыдан 

түсетін «нұсқауларды» орындайды. Мен әкімдер мен су-

дьяларды халық сайлауы тиіс деп есептеймін», – деді 

ол. Оның пікірінше, сот жүйесі биліктің басқа тар ма ғына 

тәуелсіз болып, жемқорлықпен күресуі тиіс. Одан басқа 

ол әкімдіктер мен мәслихаттарды бір орталықтандырмау 

керек деп есептейді. «Біз көптен бері айтып жүрген өзін-

өзі басқаруды енгізуіміз керек. Бұл – азаматтық қоғамның 

негізі. Жергілікті өзін-өзі басқару бізге тұрақтылық пен 

өркендеуді қамтамасыз етіп, көптеген мәселені сол жер-

де шешуге болады. Бүгін жергілікті өзін-өзі басқарудың 

билігі де, мүмкіндігі де жоқ. Тікелей «төменгі» жақтың 

адамдарының бастамалары керек», – деді М.Елеусізов. 

ЖАМБЫЛ АХМЕТБЕКОВ 

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАҒАСЫН ТҮСІРМЕК

Астанадағы сауда орталықтарын ара 

лап, азық-

түліктің бағаларымен танысып қайтқан үміткер 

Ж.Ахметбеков мем лекеттің қазақстандықтар алдындағы 

әлеу меттік міндеттемелерін елеулі арттырып, ең төменгі 

күнкөріс шегін 15 338 тең геден 200 мың теңгеге жеткі-

зуді ұсынып отыр. 

Оның есебінше, бұл жағдайда зей нетақы — 120 мың 

теңге, ал орташа жалақы 300 мың теңгені құрайды. 

Жамбыл Ахметбеков сайлауда жеңіске жеткен жағдайда 

пәтерақы мен коммуналдық қызмет үшін төлемақыны 

отбасының жалпы кірісінің 10% деңгейіне дейін заңмен 

төмендетуге уәде беріп отыр.

«Бастама ретінде мен тарифтер мен ТКШ қызмет 

бағасын төмендетуді ұсы намын. Біз азаматтарды бас-

панамен қам 

тамасыз ету мен ТКШ жүйесінің инже-

нерлік желілеріне мемлекеттік жауапкершілікті қайта 

қалпына келтіру керек деген қағидадан шығып отыр-

мыз. Көп пәтерлі үйлерде түбегейлі жөндеу жұмыстарын 

жүргізбегені үшін мемлекет қарызын шығару керек. 

Біз мемлекетті қарыздарын қайтаруға міндеттейміз», 

– деді ол. Жамбыл Ахметбеков ұсынған тағы бір баста-

ма білім беру саласына қатысты: «ЖОО-ларды бітірген 

студенттердің алғаш рет жұмысқа орналасуына мемле-

кеттік кепілдік беру тәжірибесін қайта қолға алу керек». 

«Мен осы үш қадам қоғамның әлеуметтік келбетін, оның 

даму векторын түбегейлі өзгертіп, «әлеуметтік мемлекет» 

деген конституциялық формуланы шынайы мазмұнмен 

толтырып жіберетініне сенімдімін», – деді Қазақстан пре-

зиденттігіне үміткер.



Сәкен КӨКЕНОВ

СЕНАТ


Үміткерлердің ұсыныстары қандай?

Сенат спикері БҰҰ-дағы лауазымды 

қызметіне сәуірде кіріседі

«Ең алдымен, бұл — Мемлекет басшы-

сы ның халықаралық аренадағы беделі. 

Өйт 


кені Нұрсұлтан Әбішұлы БҰҰ Бас 

хат шысы Пан Ги Мунмен әңгіме бары-

сында ұйым жүйесіндегі осы лауазымға 

менің кан 

дидатурамды ұсынған бола-

тын. Елбасының осындай биік беделі 

болмаса, тіке айту керек, мұндай шешім 

қабылданбауы да мүмкін еді. Бұдан 

бөлек бұл тағайындау аса маңыз ды ха-

лық 


аралық форумдар өткізу нәтиже-

сін де Қазақстанның әлемдік аренадағы 

іс-әрекетінің артқанын білдіреді», – деді 

Қ.Тоқаев. Бұл ретте спикер былтырғы ел-

ордада өткен ЕҚЫҰ Саммитін алға тарт-

ты. Оның айтуынша, Барыс жылы қазақ 

даласының төрінде қабылданған Ас-

тана Декларациясы Хельсинки құжаты 

қағи дат тарын  одан  сайын қуаттай түседі. 

Соның арқасында бүгін 

де дипломатия-

лық қауым дастық ЕҚЫҰ мақсаты мен стан-

дарттарын жылжытуға қатысты әңгі 

ме 


ні 

ауыз ға алғанда, Ванкувер мен Влади вос ток 

кеңістігіндегі екі астананы айтып сөйлеу-

ді дағдыға айналдырып келеді. Бұлар 

– Хельсинки мен Астана. «Президенттің 

ядролық қарусыз дану және таратпау ту-

ралы жаһандық сам 

мит 


ке қатысқаны 

белгілі. Мұнда да қару сыз дануға қатысты 

аса қажетті бас тама Қазақстан Президен-

ті тарапынан жарияланды. Сондай-ақ 

Қазақстан Азия дағы өзара іс-қимыл және 

сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру 

туралы Елбасының бастамасын да жүзеге 

асырды. Осының бәрі жинақтала келе, 

БҰҰ-дағы маңызды лауазымға менің кан-

дидатурамды қолдап, оң шешім қабылдау-

ға, сөзсіз, септігін тигізді. Дегенмен мұнда 

ең алдымен Елбасының еңбегі ерен», – 

деді Қ.Тоқаев. Сөйтіп, жоғары деңгейдегі 

тағайындауға сәйкес бүгінгі Сенат спи-

кері ертеңгі күні БҰҰ Женева бөлімінің 

Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану 

жөніндегі конференцияның Бас хатшысы 

лауазымын атқаратын болады. Расында, 

көтерер жүгі бойынша тұңғыш рет Азия 

өкілінен тағайындалып отырған лауазым-

ды тұлғаның атқарар міндеті жеңіл емес. 

Керісінше, аса маңызды, аса жауапты мін-

дет жүктеліп отыр. Өйткені өткен тоғыз жыл 

бойы аталмыш Қарусыздану конферен-

циясы ешқандай да нәтижелі шара атқара 

алмаған. Ал Қасым-Жомарт Кемелұлы 

лауа зым шеңберінде ұстанатын негізгі ба-

сымдықтарға келетін болсақ, сәуір айы-

ның ортасына таман Сенат спикері Нью-

Йоркта БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен 

кездесетінін жоспарлап отыр. Онда Бас 

хатшының Женевадағы жаңа басшыға 

нақты тапсырма жүктейтіні күтіледі. «Маған 

менің мұндағы қызметімді (ҚР Сенаты ның 

төрағасы – ред.) кім алмастыраты ны бел-

гісіз. Өйткені, сөзсіз, бұл – тікелей Мем-

лекет басшысының құзыретіндегі дүние. 

Конституцияға сәйкес, Елбасы се на торлар 

алдында палата төрағасын сай 

лау үшін 

кандидатты ұсынуы керек», – деді төраға. 

Президенттің ондай құзы рет ті нақты қашан 

жүзеге асыратыны әзірше белгісіз. Бел-

гілісі, Қасым-Жомарт Кемел ұлы сәуірдің 

ортасына таман БҰҰ-ға аттанып кетеді. 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет