№6 (74), 2015 Қараша-желтоқсан


Ислам Д.А. Қазақ өлеңіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың зерттелуі



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет7/17
Дата08.02.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Ислам Д.А. Қазақ өлеңіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың зерттелуі. 
 
бастысы  өлең  өндіріс  мазмұнын  «темір  балқыту»  процесінің  жүруін 
дәуір жаңалығы ретінде сырттай қызықтап әсірелеуден аспаған. Мұнда 
пеш  жағушы,  темір  балқытушы  адамның  жаны,  тағдыры  емес,  сол 
пештің  өзін  қызықтау,  ұлықтау  ғана  бар.  Мазмұндық  пафостың 
баянсыздығы  да  осында.  Мұндай  өлеңдердің  сол  дәуірдің  ғана 
жаңашылдығы  болуы  да  өлеңдегі  сөзге,  сөз  мағынаға  жасанды  мінез 
бен  бояу  жағуымызда.  Идеяны  жеткізудегі  ой  салмағында,  ойдың 
теңеулер 
арқылы 
өндіріс 
қозғалысын 
бейнелеулері 
мен 
суреттеулерінде  мін  жоқ.  Тек    соы  бір  сөздерді  құбылту,  жаңа 
мағынаға жеткізудегі ізденістер өндірістегі адам психологиясынан шет 
қалғанын баса айтқымыз келеді. Бұл өлеңнің өнерге емес, идеологияға 
қызмет  етуінің  салдарынан.  Кеңес  дәуіріндегі  қазақ  өлеңінің 
жаңашылдыққа  бағытталуы  көбіне  осы  мазмұндық  формализммен 
жүзеге  асып  жатты.  Мазмұндағы  социалистік  мүддеге  қатысты 
көзқарастардың  тілге  тың  мағына  жүктеуі  де  уақыт  талабынан 
болатын.  Бұл  орайда  поэзияның  қоғамдық  күш  әсері  де  арта  түсті. 
Өнер  биігіндегі  таза  лириканың  дамуы  бәсеңси  түсіп,  қоғамдық 
негіздегі  қолданбалы  лириканың  бағасы  артады.  Лириканың 
қолданбалы  түрдегі  тілдік  мағыналарының  уақытты  бейнелеудегі 
жаңалығының дәстүр құра алмауы да өзінің идеялық біржақтылығынан 
еді.         
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Хализев В.Е. Теория литературы. Учеб. – Москва, «Высшая школа», 1999. -
398 с. 
2.
 
Дербісалин Ә. Дәстүр және жаңашылдық. - А., Ғылым, 1976. -203 б. 
3.
 
Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы.  – А., Ғылым, 1981. -320 б. 
4.
 
Ысмайылов Е. Әдебиет жайлы ойлар (Ақындық өнер мен ақындар туралы).-
А., Жазушы, 1968. -320 б. 
5.
 
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. –А., Санат, 1959. -375 б. 
6.
 
Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. -А., Жазушы, 1973.-256 б. 
7.
 
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. –А., Мектеп, 1973. -212 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

54 
 
ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ 
 
ӘОЖ 305.8 
 
ҚОҢЫРАТТАР: ТҮПКІ АТАТЕК ТАРИХНАМАСЫ 
KONYRATS: HISTORIOGRAPHY OF RELATIONSHIP 
 
О. НҰСҚАБАЕВ
*
 
Түйіндеме 
Еңбекте  бұрындары  айтылмаған  тың  деректік  мағлұматтар  негізінде  Қоңырат 
тайпасының  шығу  тегі,  этногенезі,  ата-мекені,  мәдениет  ескерткіштері,  ғұн 
этнононмінің және ғұн империясының құрылуындағы орны мен рөлі, қоңыраттардың 
ғұндардан кейінгі дәуірлердегі тарихы талданады.  
Кілт сөздер: ас, қаңлы, қоңыр (ат), маң, ішғұз (сақ-скиф), сиуңну (ғұн), қидан 
этносаяси бірлестіктері, көне мәдениет ескерткіштері.  
 
Summary 
Based on the data that were previously on this work, not to talk about the origin of 
ethno  genesis  of  Konyrats  tribal  homeland,  culture  and  role  in  the  structure  and  the 
ethonym, Hun Empire, and analyzed the history Konyrats after Hun. 
Key  words:  food,  Kangly,  brown  (horse),  skid,  ethnic  and  political  groups,  the 
ancient monuments of culture.     
 
1.3. Ғұн этнонимінің, Ғұн империясының құрылымдалуындағы 
қоңыраттардың орны мен рөлі 
 
 
Осы  көші-қон  жолай  әрлі-берлі  сапырласып,  көшіп-қонып 
жүрген  ру-тайпалар  мен  шағын  ұлыстық  бірлестіктерді  өзіне  қосып 
алып,  ілгері  жылжи  келе,  ж.с.д.  3  мыңжылдықтың  орта  шенінде 
Қытайдың  солтүстіктегі  шекаралық  аймақтарына  жете  қоныстанған. 
«... Шиәншун және Шиунжу ұрпақтары, тіпті сонау Тан мен Уй (Юй) 
патшаларының  заманынан-ақ  қытайдың  терістік  шекарасында  малын 
бағып, бір жайлаудан бір жайлауға көшіп жүретін» [1, 24].  
 
Осы  анықтамалық  сөйлемді  одан  әрі  тереңдете  талдай  келіп 
Л.Н.Гумилев  өзінің  «Хунну.  Хунны  в  Китайе»  атты  зерттеуінде 
былайша тербенеді. 
 
Ж.с.д.  3  мыңжылдықтың  орта  шенінде  Қытайдың  теріскейіне 
батыс   тараптан   мал қамын күйттеп, жайылым қуалай келіп шән-жұн,  
                                           
*
Социология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-
түрік университеті, Түркістан-Қазақстан. 
Doctor  of  sociological  sciences,  Professor,  International  Kazakh-Turkish  University  named  Ahmat 
Yassawi. Turkistan-Kazakhstan. 

55 
 
Нұсқабаев О. Қоңыраттар: түпкі ататек тарихнамасы. 
 
шиәншун,  шиунжу  сияқты  ондаған  тайпа  жұрттары  қоныс  тепті. 
Қытайлар оларды кемсітіп, неше түрлі жаман атаулармен атамалады. 
 
Айталық,  қытайлар  олардың  бәрін  бірге  топтамалап  «Ху»  деп 
атамалады. Бұнысы олардың өз мемлекеттерінің теріскейін сонау есте 
жоқ  ескі  замандардан  бері  қарай  ата  қонысы  санап,  мал  жайылымын 
қуалай әрілі-берілі көшіп-қонып жүрген көшпелі халықтарды кемсітіп 
«Жабайы  тайпалар»  деп  мысқылдаған  түрлері  тұғын.Осыған  ұқсатып 
олар  шығыс  тұсты  мекендеген  көшпелі  халықтарды  «И»  -  шығыс 
жабайылары,  батыс  жақта  қоныс  тепкендерді  «Жұң»  -  батыс 
жабайылары,  оңтүстіктегілерді  «Мэн»  -  оңтүстік  жабайылары  деп 
атамалап, жылнамаларына хаттап қойды.  
 
Осы  далалық  көшпелі  тайпалар  ішінен  ж.с.д.  XII  ғасырда  екі 
тайпа  жұрты-  хуньюй  мен  хяньюнь  ерекше  көзге  ілініп,  аттары 
құрметпен  атала  бастады.  Ғұндардың  арғы  тегі  осы  екі  тайпа 
жұрттарынан құрылымдалды.  
 
Аттары  аталған  екі  тайпаның  бірі  –  хуньюйлерді  көне  қытай 
тарихшылары 
«Хунгур» 
деп 
әліптейді. 
Өйткені, 
хуньюй 
дыбысталғанда  құлаққа  «хунгур»  болып  естіледі.  Қиыр  Шығыс  пен 
Карпат  таулары  аралығында  «хунгур»  деп  аталатын  жер,  су,  тау,  асу, 
ауыл  атаулары  жиі  ұшырасады.  Мысалы,  Хунгария  /Венгрия/ 
мемлекеті атауында, осы елді ұйыстырған негізгі халық- хунгурлардың 
аты  сақталып  қалған.  Атаудағы  «хун»  ұғымы  этнонимдік  атау, 
қазіргіше  түсіндіргенде  «күнге  табынушы  жұрт».  «Хун»  ұғымының 
жалғасты  сөзі  «гур»  да  тайпа  атауы.  Демек,  хунгурлар  /қоңыр(ат)тар/ 
әртүрлі ру-тайпалардан құрылымдалған ұлыс жұрты [2, 17-35]. 
 
Аталған  екінші  этноним  «хяньюнь»  деп  аталады.  Қазақшасы 
«қиян».  Бұл  қауым  жұрты  да  осы  хунгурлардан,  атап  айтқанда, 
Хиндикуш  тауларының  теріскейінен  Каспий  теңізінің  шығыс  бетін 
жағалай  Қара  теңіздің  солтүстігіне  қарай  ауа  көшкендерден  (14-13 
мыңжылдықтар  шамасында)  Жайық  өзені  атырабында  қоныстанып 
қалған  қауымдардан  өрбіген  жұрт  ұрпақтарынан.  Көк  түріктері 
мемлекетінің  құрылуына  ұйытқы  болған  Ашина  әулеті  осы 
«хяньюньдерден» /қияндардан/ өрбіген жұрт [3, 47]. 
 
Сондай-ақ  тарихи  деректерде  жиі  өзектелетін  Шыңғыс  ханды 
өмірге  келтірген  Боржығын,  Әмір  Темірді  (Ақсақ  Темірді)  өмірге 
әкелген  Барлас,  Едіге  биді  өмірге  жеткізген  Маңғыт  тайпаларының 
арғы шығу тектерінің бастауында тұрған Қият тайпасының да арғы түп 
тектік қайнары осы Қиян тайпасының жұрттарынан.  
 
 

56 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
Оған  растаманы  Рашид-әд-Диннің  түсіндірмелерінен  байқауға 
болады. Оның айтуына қарағанда, Ергене көңнен шыққан Қияттықтар 
(Бөрте  Чино  ұрпақтары)  да,  Нүкіздіктер  (Нохой  ұрпақтары)  де 
ханьюньнен /қияндардан/ өрбіген жұрт.     
 
Бөрте Чино да, Нохой да тотемдік атаулар. Белгілі бір тайпаның 
шығу тегіне меңзейтін қасиетті ұғым-түсініктер. Демек, «Бөрте Чино» 
ұғымы  қияттықтардың  шығу  тегі-  Көк  бөрі  екендігіне  меңзесе,  ал 
«Нохой»  ұғымы  «Төбет»  шоқжұлдызының  атауы.  Байырғы 
тайпалардың  атаулары  жаңаша  әліптелгендігімен,  түпкі  мағыналары 
өзгеріссіз қалған. «Ұзын тұмсықты ит», «Төбет» тарихтан белгілі Еділ 
мен  Жайық  өзендері  аралығын  сонау  есте  жоқ  ескі  замандардан  бері 
қарай мекендеп келе жатқан күшігір тайпасы, кейінгі нохой, ноғайлар. 
Олардың да біршама қауымдары ж.с.д. 3 мыңжылдықтың орта шеңінде 
мал  жайылымына  қолайлы  шұратты,  шүйгін  шөпті,  көк  майсалы 
алқаптарды  қуалай  Қытайдың  теріскейіне  жетіп,  қоныстанған-ды  [3, 
32-33; 158]. 
 
Демек, 
қоныс 
аудару 
өңірлерінің 
бір-бірінен 
жырақ 
жатқандығына  қарамастан  бұл  екі  тайпа  жұрттарының  арғы,  түпкі 
шығу тектері бір хунгурлардан /қоңыр(ат)тардан/ болатын. 
 
Түпкі,  арғы  шығу  тектерінің  бір  екендігін  сезінгендіктен  де 
болар,  бұл  екі  тайпа  Қытайдың  ақ  қорғанының  теріскей  бетін  бірге 
жайлап, бірге көшіп-қонып жүретін [2, 24]. 
 
Осы  екі  тайпаның көне  қытай  тілінде  «Хуньюй»  деп  аталғаны, 
дейді қытай тарихшысы Дуэн Лиэн Чен, олардың өз ана тілінде, яғни 
түрік  тілінде  «хунгур»  деп  ұлықталады.  Себебі,  «хунгур»  ұғымы 
қытайлықтардың  құлағына  «құяң»  болып  естіледі.  Ежелгі  қытай 
тілінде  де,  қазіргі  қытай  тілінде  де  «р»  дыбысы  дыбысталмайды. 
Осыны  білгендіктен  біз  «қуяң»  болып  дыбысталған  ұғымға  «р» 
дыбысын  қосып,  айтар  болсақ  «құяң»  «қояңр»  (қоңыр)  болып 
дыбысталып шыға келеді. 
 
Хунгурлар көшпелі халықтар арасында өте беделді, текті тайпа 
ретінде  танылған.  Сондықтанда    болар  олармен  аралас-қоралас  қатар 
қоныстанған  көршілес  тайпа  билеушілері  тек  хунгурлармен 
/қоңыр(ат)тармен/  құдандалы  болып,  тек  солардан  қыз  алып,  тек 
соларға қыз ұзатып жекжатсынуды өздеріне мәртебе санаған [4, 25]. 
 
Хунгурлар  /қоңыр(ат)тар/  хяньюньдермен  (қияндармен)  қатар 
тек  ғұн  этнонимінің  қалыптасуына  ғана  емес,  сонымен  бірге  Ғұн 
империясының  құрылымдалып,  шарықтауына  да  айтарлықтай  үлес 
қосқан.  Сондықтан  осы  арада реті келіп тұрғандықтан өздері тәріздес  

57 
 
Нұсқабаев О. Қоңыраттар: түпкі ататек тарихнамасы. 
 
түптері  түрік  текті  басқа  ру-тайпа  жұрттарымен  қатар  Хунгурлар  да 
/қоңыр(ат)тар  да/  шаңырағын  көтерісіп,  уықтарын  шаншысып, 
босағасын бекімдеген  Ғұн империясы туралы қысқаша  мағлұмат бере 
өтелік. 
 
Ғұндар ж.с.д. 3 ғасырдың соңына таман бірігіп, Ғұн империясын 
орнықтырды. Қағанат 24 тайпалық бірліктен құрылымдалды. Олардың 
әрқайсысының  өз  билеушісі  болды.  Тайпа  билеушілері  Бек  деп 
атамаланды.  Әр  тайпаның  көшіп  жүретін  өз  жері  болды.  Қағанат 
билеушісі  «тәңірқұт»  деп  ұлықталды.  Ал,  ғұн  қағанаты  «тәңірқұтын» 
ежелгі  қытайлар  өз  тілдерінде  «шаньюй»  деп  атамалады.  Ғұндардың 
өмірінде  көшпелі  мал  шаруашылығы  басты  рөл  атқарды.  Жылқының 
асыл  тұқымдарын  өсіріп,  ат  баптауды  жетік  меңгерген  ғұндардың 
ішінде  отырықшы  тұрмыс  кешіп,  егіншілікпен  шұғылданғандары  да 
болған.  Ғұндар  дәнді-дақылдардың  ішінде  тарыны  көп  өсірген.  Кен 
қазып,  металл  қорытқан.  Қол  өнері  мен  бейнелеу  өнері  жоғарғы 
деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. 
Ат сайыс ойындарының негізін салған. Көк тәңіріне табынып, ата-баба 
рухына  сиынған.  Өздерінің  дәстүрлі  құқық  жүйесін  қалыптастырған. 
Онда  негізінен  мыналар  көзделген:  «Ұрлық  жасап  кінәлі  болғанның 
жері  алынады,  шайқаста  жаудың  басын  шауып  алған  немесе  оны 
тұтқынға  алған  адамға  бір  кеспек  шарап  сыйланады,  қолға  түсірілген 
олжа  соған  беріледі,  ал  тұтқынға  алынғандар  соның  құлдары  мен 
күңдері  етіледі;  ұрыс  алаңында  қаза  тапқан  адамның  сүйегін  кім 
әкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады». Ғұндар өз арасында 
қылмыс  жасап,айыпты  болғандардың  бетін  тілген.  Тілінген  беттің 
тыртығы  бұрынғы  қылмысын  білдіртіп  тұратындықтан,  ондай 
адамдардың  қайта  қылмыс  жасауға  батылы  бара  бермеген.  Себебі, 
келесі  жазаланғанда  өлім  жазасына  кесілетін.  Ғұндар  соғыс 
тұтқындарын  құл  қылып,  оларды  үй  қызметшілері,  бақташылар, 
қолөнершілер  және  жер  жыртушылар  ретінде  пайдаланған.  Ер 
азаматтарының барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұндар 
әскерінің  негізі  атты  әскерден  тұрды.  Салт  атты  жауынгерінің  қару-
жарағы,  садақ,  семсер,  қанжар,  найза,  бұғалық  (ұры-құрық). 
Ғұндардың  жауынгерлік  құдіретінен  сескенген  Қытайлықтар  Ұлы 
Қытай қорғанын салып алды. 
Бірақ,  соған  қарамастан  әбден  күшейіп  алған  ғұндар  шет 
отырған Қытай кінәздіктерін жиі-жиі шауып, олардың ойран-топырын 
шығарып кетіп отырды. Осыған әбден ашынып, күйінген қытайлықтар 
ғұндарды  «Сиуңну»  деп  атамалап  кетті.  Мұнысы олардың ғұндарды  

58 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
иттің  етінен  де  жек  көріп,  «Өркөкірек  кекшіл  құлдар»  дегендері 
көрінеді.  Ұғым  екі  сөзден  құрылымдалған.  Алдыңғы  сөйлем,  яғни 
«сиуң»  кеуделі,  соңғы  «ну»  құл  деген  мағынада  түсінілген.  Екеуі 
қосылып, «сиуңну» аталып «өркөкірек құл» делінген.  
 
Осыған қарағанда жоғарыдағы «ғұн» атауы да, «суиңну» атауы 
да  көшпелілердің  төл  атаулары  емес.  Қытайлықтардың  елдерінің 
ойран-топырын шығарып, жиі-жиі шауып кетіп отырған көшпелілерді 
кемсітіп, 
анайы 
«балағат» 
сөздермен 
атамаулары, 
жек 
көрушіліктерінен туындаған атаулар болса керек. 
 
Сонда  көшпелі  халықтар  өздерін  қалай  атамалаған.  Ол  жағы 
белгісіз. Құжатталмаған. 
 
Сондықтан да ресми тарих осы уақытқа дейін көшпелі халықтар 
туралы  тек  көне  қытай  жылнамаларында  хаттамаланып  қалған 
халықтар атауларын, мәліметтерді ғана пайдаланып келеді. 
  
Сиуңну  (ғұн)  империясы,  әсіресе  ұлы  билеуші  тәңірқұт  деп 
ұлықталған  Мау-Дүн  (Модэ,  ж.с.д.  209-176)  билік  құрған  тұста  өте 
күшейді. Ғұндар осы уақыттарда Қытайды түгелге жуық бағындырып, 
50 жылдан астам уақыт олардан алым-салық алып отырды. 
 
Қытай  патшасы  Гао-ди  ж.с.д.  198  жылы  сиуңнулардан 
(ғұндардан) біржола жеңілгендігін мойындап, тәуелділік шартына қол 
қойды.  Шарт  бойынша:  Ақ  қорғаннан  (Ұлы  Қытай  қорғанынан) 
сыртқы  барлық  жерге  және  елге  сиуңну  билеушілері  иелік  етеді.  Ал, 
Ақ  қорғанның  ішіндегі  жер  мен  елге  сиуңну  билеушілері  рұқсат 
бергенде ғана қытайлық патшалардың билігі жүреді. Оған дәлел Хань 
мемлекетінің  міндеттемелік  құжаты.  Онда  былай  делінген:  «Ұзын 
қорғанның  (аққорғанның)  сыртындағы  садақ  ұстап,  қылыш  асынған 
шошақ  тымақтылар  әулеті  Шаньюйдің  /Тәңірқұттың/  айтқанына  еріп, 
айдағанына  жүрсін.  Ал,  ұзын  қорған  ішіндегі,  шапан-тымақтыларды 
мен  басқаратын  болайын,-деп  Ханьдық  қытайдың  /Орталық 
мемлекеттің/ патшасы мойын ұсынып ант берді».  Ханьдық патшалығы 
Суиңну  мемлекетіне  50  жыл  бойы  алтын-күміс,  торғын-торқа,  жібек 
мата, арпа-бидай сияқты дүние-мүлік, азық-түлікпен алым-салық төлеп 
тұрған. 
 
Қытайды  өзіне  тәуелдендіріп,  көңілін  бір  демдеп  алған  Модэ 
артын  ала  қағанатының  шығысында  көшіп-қонып  жүрген  сянбилер 
мен  ухуаньдарды  өзіне  бағындырды.  Одан  әскерін  батысқа  қарай 
жылжытып Юечжи тайпаларын тәуелдендірді. 
 
 

59 
 
Нұсқабаев О. Қоңыраттар: түпкі ататек тарихнамасы. 
 
Сөйтіп ол қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан 
Хуанхэнің  орта  ағысына  дейін  созылып  жатқан  аумақты    Ғұн 
империясының қол астына қаратты. 
 
Ж.с.д. 201 жылғы жаугершілік жорықтарында ғұндар алтайлық 
барлық  ру-тайпаларды  өздеріне  бағындырды.  Ал  ж.с.д.  177  жылға 
қарай  Тынық  мұхиттан  Каспий  теңізінің  жағалауларына  дейінгі 
жерлерді  өздеріне  бағынышты  етті.  Осылайша  ғұн  империясының 
құрамына  түбі  түрік  текті  ұлыс  жұрттары:  дунхулар,  қырғыздар, 
қаңлылар т.б. түгелге дерлік кірді.   
Ж.с.д.  I-ғасырдың  орта  шеніне  қарай  империяға  айналған  Ғұн 
мемлекеті толассыз қанды соғыстан, ушыға түскен тақ таласынан, бір 
орталыққа  бағынғысы  келмеген  күштердің  әсерінен  әлсірей  түсті. 
Нәтижесінде  ж.с.д.  56  жылы  ғұн  Хуханье  бастаған  оңтүстік  және 
Чжичжи (Шөже) басшылық еткен солтұстік топтарға бөлінді. Оңтүстік 
ғұн  Ордос  өңірінде  қоныстанып  қалды  да,  солтүстік  ғұн  өз 
тайпаларының қысымымен  Саян және Байкал өңірлеріне ығысты. 
Ж.с.д. 49 жылы Чжичжи Хань империясына бодандыққа түскен 
оңтүстік  ғұндардың  жерін  басып  алуға,  сол  арқылы  бірлікті  қайта 
орнатуға  әрекет  жасады.  Бірақ  оның  бұл  ниетінен  нәтиже  шықпады. 
Солтүстік ғұндарды 87-93 жылдары қытайлардың, сяньби және динлин 
тайпаларының  бірлескен  одағы  талқандады.  Жеңіліске  ұшыраған 
солтүстік  ғұндардың  бір  бөлігі  V-ғасырда  Оңтүстік  Қазақстан  мен 
Орта  Азияда  өз  мемлекетін  құрып,  Ауғанстан  мен  Иранды, 
Үндістанның  біраз  бөлігін  жаулап  алды  (Ақ  ғұндар).  Хань 
империясының  бодандығынан  құтылған  оңтүстік  ғұндар  304  жылғы 
көтеріліс  нәтижесінде  Лю-хан  атты  өз  мемлекетін  құрды.  318  жылы 
Лю-Хан  мемлекеті  Үлкен  Чжао  және  Кіші  Чжао  болып  екіге  бөлінді. 
329  жылы  Кіші  Чжао  Үлкен  Чжаоны  және  Солтүстік  Қытайды 
бағындырды.  350  жылы  Чжаоның  шыққан  тегі  қытай  болып  келетін 
қолбасшысы Жан Мин мемлекет билігін тартып алып, Кіші Чжаодағы 
ғұндардың көп бөлігін қырып тастады. Бұл көп ұзамай Кіші Чжаоның 
құлауына алып келді. Оңтүстік ғұндар IVғасырдың соңына қарай қайта 
күшейе  түсті.  V-ғасырдың  бас  кезінде  олардың  әйгілі  қолбасшысы 
Хэлян  Баба  Ся  патшалығын,  ал  Мэн  Сун  көсем  Бэй  Лян патшалығын 
құрды.    Ордос  пен  Наньшан  (қазіргі  ҚХР-дің  Ганьсу  провинциясы) 
өңірінде  құрылған  осы  екі  мемлекет  439  жылы  Табғаштардың  (тоба) 
шабуылы  нәтижесінде  қирады.  Солтүстік  ғұндардың  Еділ-Жайықтағы 
үлкен бөлігі IVғасырдың 2 жартысында Қара теңіз жағалауын, Днепрге 
дейінгі     өлкені    бағындырды.   Сарматтарды   тізе    бүктірген     соң,  

60 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
аландармен күрес жүргізді. 375 жылы Остгот, герул, генид тайпаларын 
бағындырып, Қап тауына жорық жасады. ғұндардың батысқа жорығы 
«Халықтардың ұлы қоныс аударуына» түрткі болды. Ғұндар Еуропада 
өз империясын құрды [5, 111-112]. 
 
Жалпы ғұн билеушілері  әлеуметтік теңдік, экономикалық қуат, 
саяси бірлік құра білген, ру-тайпалық, ұлыстық басқарушыларды жыл 
аралата  шақырылып  тұратын  құрылтайда  бұқара  көпшіліктің  ашық 
дауыс  беруімен  сайлататын  реформашыл  қағандар  болды.  Олардың 
барлығы  дерлік  әр  отбасынан  алынатын  салық  мөлшерін  өте  төменгі 
деңгейде белгілеп, салықтың солай жиналуын қатаң бақылап отырды. 
Әкімшілік жүйені үнемі жетілдіріп, жаңалап отыруды ұнатты. 
 
Сондықтан  да  болар  ғұндар  тоқшылықта  өмір  сүрді.  Көп  өнер 
туындыларын  өмірге  келтірді.  Оған  Солтүстік  Қытай  мен  Қиыр 
Шығыстан  бастап,  Дунай,  Карпат  өлкелеріне  дейінгі  аралықта  ғұндар 
дәуірінен  қалған  (жс.д.II  ғ.-ж.с.  Vғ.  аралығы)  қоныстар,  обалар, 
ғұрыптық  құрылыстар,  металл  өндіру  орындары,  ұстаханалар,  ұн 
уататын  диірмендер,  кездейсоқ  табылған  көмбелер  мен  жекелеген 
зергерлік бұйымдар дәлел бола алады.  
 
Оларды тауып, қазу, зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін үзілмей 
жалғасып келеді. 
 
Ал,  ғұн  дәуірінен  Байкал  көлі  маңында  қалған  100  обаны 
алғашқы болып XIX ғасырдың соңына таман тауып, қазған Ю.Талько-
Грынцевич деген ғалым болды.  
 
Десек  те  1924-25  жылдары  П.Козлов  экспедициясы  Солтүстік 
Моңғолиядағы Ноян-Ола үлкен обаларын зерттегеннен кейін ғана ғұн 
мәдениеті  айшықталып,  айқындала  түсті.    Шығыс  ғұндардың  негізгі 
ескерткіштері  Ордос,  Моңғолия,  Бурятияда,  ішінара  Саян-Алтай, 
Енесей,  Қиыр  Шығыс  өлкелеріне  тараған.  Оларды  С.Руденко, 
Л.Кызыласов, 
С.Киселев, 
П.Конавалов, 
С.Вайнштейн, 
А.Мандельштам, 
А.Давыдова, 
С.Миняев 
(Ресей), 
Х.Пэрлээ, 
Ц.Доржсурен  (Моңғолия)  және  қытай,  жапон  Еуропа  ғалымдары 
зерттеді.  Мұндағы  ғұн  ескерткіштері  ж.с.д.  ІІ  -  ж.с.д.      І  ғасырлар 
аралығын қамтиды және  «суджа»,  «дерестуй» деп екі мерзімдік топқа 
бөлінеді.  20-ға  жуық  қоныс,  мыңдаған  оба  тіркелген.  Бірнеше  қоныс 
пен 900-ге жуық оба қазылды. Бурятиядағы Селенга өзенінің бойынан 
қазылған  Иволга  қалашығының  маңызы  зор.  Мұнда  орташа  аумағы 
5х4м. балшық қабырғалы, төбесі екі қанатты ағаш шатырмен жабылған 
54  үйдің  орны  анықталды.  Қабірлер  ұзынша  пішінде  қазылған, 
мүрделер   ағаш   табытқа   салынып,  басы солтүстікке қаратыла 1-2 м.  

61 
 
Нұсқабаев О. Қоңыраттар: түпкі ататек тарихнамасы. 
 
тереңдікте    жерленген.  Ал,  үлкен  обаларда  ағаш  табыт  бөренеден 
жасалған  қима  ішіне  салынған.  Қабірдегі  заттар  арасында  қытай 
бұйымдарынан    айна  мен  теңгелер  жиі  кездеседі  және  олардың 
ескерткіштердің  уақытын  анықтауда  үлкен  мәні  бар.  Ноян-Оланың 
үлкен обалары  тас пен топырақтан үйілген. Бұл жерде жерленген ғұн 
көсемдерінің  мүрделері  өте  терең  шұңқыр  ішіне  орнатылған  қос 
қабатты  бөрене  қималарға  қойылған.  Тақтай  табыт  пен  бөрене 
қималар,  қабірдің  бас  жағына  мал  бастарының  салынуы  ғұндар 
мәдениетінің  тұрақты  белгілеріне  жатады.    Темірұшты  жебелерге 
сүйек  ысқырғыштар  қондырылған,  белдік  қапсырмаларына  аңшылық 
сюжеттер  мен  зооморфты  бейнелер  тән.    Қыш  ыдыста  толқынды 
сызықтар  түріндегі  оюлар  жиі  кездеседі.  Сондай-ақ,  ағаш,  металл 
ыдыстарда да көптеп қолданылған.  «Ғұн садағының» ұзындығы 1,5м. 
Сүйек  пластиналармен  мейлінше  күшейтілген,  күрдеі  әрі  ауыр 
садақтың  осы  түрі  жебені  сақ  садағына  қарағанда  әлдеқайда  алысқа 
атқан.  Ғұн  мәдениетіне  тән  айрықша  үлгілер,  негізінен  үлкен 
обалардан алынды. 
 
Ғұн  дәуірі  ескерткіштерінің  келесі  топтарына  Қазақстан, 
Орталық  Азия,  Батыс  Сібір,  Орал  мен  Еділдің  оңтүстік  өлкелеріндегі 
түрлі  жәдігерлер  және  IV-V  ғасырларда  Еуропаға  барған  ғұндардан 
қалған  қабірлер  мен  көмбелер  жатады.  Шығыстағы  тарихи  ғұн 
мәдениетінің  таза  сипаттағы  ескерткіштері  бұл  өлкелерге  тән  емес. 
Жергілікті  қаңлы,  сармат,  т.б.  мәдениеттердің  ескерткіштері  тараған. 
Бұларға шығыстық ғұн элементтері қосылып, кей өлкелерде  «кеңқол»  
тәрізді  аралас  сипаттағы  ескерткіштер  тобы  пайда  болған.  Жалпы, 
шығыстық  элементтерден,  әсіресе,  қару-жарақтағы,  қыш-ыдыстағы, 
жекелеген  бұйым  түрлеріндегі  ықпалдарды  айтуға  болады.  Жерлеу 
ғұрпында 
да 
өзгерістер 
байқалады. 
Оларды 
А.Бернштам, 
Ю.Заднепровский, 
С.Сорокин, 
К.Ақышев, 
И.Қожамбердиев, 
А.Максимова, 
М.Қадырбаев, 
Б.Нұрмұханбетов, 
Л.Левина, 
В.Могильников,  И.Засецкая,  М.Мошкова,  О.Обельченко,  т.б. зерттеді. 
Кеңқол  ескерткіштері  Шу  мен  Таластың  жоғарға  алқаптарында 
ашылды,  олардың  кейбір  ықпалдары  Оңтүстік  Қазақстандағы 
Жамантоғай, Шәуші  құм, Бөріжар зираттарынан байқалады. Сонымен 
қатар,  ғұн  әсері  бар  Жетіасар  мәдениетінің  (Арал  маңы),  Құлажорға 
(Шығыс  Қазақстан),  Қорғантас  (Орталық  Қазақстан)  кезеңдерінің 
ескерткіштері  зерттелуде.  Жетісудағы  Қарғалы,  Теңдік  зираттарынан 
көптеген сәнді алтын бұйымдар, Ақтастағы қоныс пен зираттан құнды 
деректер   алынған.   Батыс   өлкелердегі   сармат  тайпаларының соңғы  
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет