№6 (74), 2015 Қараша-желтоқсан


Ислам Д.А. Қазақ өлеңіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың зерттелуі



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет6/17
Дата08.02.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ислам Д.А. Қазақ өлеңіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың зерттелуі. 
 
тиесілі.  Бірақ  әдеби  дәстүрдің  жанрларда  қалыптасуының  сыртқы 
қалыбын аңдатқанымен оның ішкі тарихи көркемдік құрылымына ене 
қоймайды.  Дәстүр  мәселесін  оқырманға  ұғынықтырақ  түсіндіру  үшін 
оны  заттандырып,  табиғаттағы  тіршілік  процесімен  алмастырып 
жеткізген ғалым М.Қаратаев болды.  «Топыраққа еккен бидайдың дәні 
шөп болып өседі де басына жаңа дән салады. Бұл да бұрынғыдай бидай 
дәні,  бірақ  санасы  жөнінен  бұрынғының  дәл  көшірмесі  емес,  кейбір 
айырмасы  бар  –  не  құнарлырақ,  не  қасаңырақ.  Ол  өсімдіктің 
топырағына,  күннің  тағы  басқа  қоректің  аз,  көп  жағдайына 
байланысты»  [3,  5].  Бұл  мысалдан  дәстүрдің  өмір  сүру  заңдылығын, 
оның  жаңарып  жаңашылдыққа  бой  ұрып  отыратындығын  тануға 
болады.  Жаратылыс  заңдылығына  сай  табиғаттағы  не  жанды  нәрсе 
болсын ұрпақ алмасып өсіп, өніп отыратынындай. Дәстүрдің өмір сүру 
принципін табиғат тіршілігімен салыстыра қабылдап ой топшыладық. 
Бұл  да  дәстүр  ұғымын,  мәнін  жалпы  тіршіліктің  эволюциясымен 
айқындап  жеткізгендей.  Қарап  отырсақ  әдеби  дәстүр  де  табиғаттағы 
жанды заттардың өсімі секілді о бастағы нұсқалардың бойында түзіліп, 
дүниетанымдық  ерекшеліктерді  жинақтап,  көркемдік  тарихында 
екшеліп,  жаңарып,  жасарып  отыратын  процесс  иесі  іспетті.  Дегенмен 
әрбір  атау,  ұғымның  әртүрлі  ғылым  саласында  түсіндірілу,  сипатталу 
ерекшелігі  болатынындай  әдебиетте  де  өзіндік  даралық  қасиеттерге 
толы  дәстүр  мен  жаңашылдықты  жанр  өзгешелігіне  сай  жаңа 
танымдық  арнада  қарайтын  да  уақыт  жетті.  Бұған  зерттеу  барысында 
кеңірек  тоқталатындықтан  әзірге  мәселенің  зерттеу  жайы  мен  ондағы 
принциптерді  талдауға  ойысайық.  Қазақ  әдебиеті  тарихына  үңілетін 
болсақ  әрбір  кезеңнің  өзіндік  бағыт-бағдары  болып  дәстүрлі 
арналардың 
жолға 
түсе 
бастағанын 
бағамдаймыз. 
Ұлттық 
дүниетанымның  кемелденуіне  орай  эстетикалық  мәдени  талаптардың 
да  сұранысы  арта  түсті.  Дүниені  көркемдік  қабылдаудың  өнерде 
бедерленуінің  амал-тәсілдері  жанданды.  Әдебиетіміздің  ежелгі 
дәуірінен бергі әрбір кезеңнің иедеялық көркемдік құрылымының ішкі 
қабаттарының сыры әлі де ашыла  қойған жоқ. Кеңестік дәуір тұсында 
өнердегі  ұлттық  дәстүрлеріміздің  жаны  байырғы  дәуірлерде 
жатқандығын айта алмадық. Тек қана ауыз әдебиеті мен фольклордан 
бастау  алып  ақындық  поэзияда  кейбір  үлгілердің  болғандығын  сөз 
арасында  меңзер  күй  кештік.  Кеңес  дәуіріндегі  қазақ  өлеңтанушы 
ғалымдарының   бірегейі   Ә.Нарымбетов  дәстүр  мен  жаңашылдықты  

46 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
арнайы зерттеді. Ғалымның қазақ өлеңіндегі дәстүр табиғатын тексеру 
әдісі  тақырыптық  қырынан  даралап  алуымен  ерекшеленді.  Қазақ 
поэзиясындағы  табиғатты  жырлау  үрдісін  арнайы  сөз  етуі  біржақты 
көрінгенімен,  дәстүрдің  қалыптасуымен  жаңашылдық  арасындағы 
өзгешелікті  танытуда  қолайлы  екендігін  білгеніміз  жөн.  Дәстүр 
мәселесін  арнайы  сөз  еткен  бұл  ғалымның  да  өз  тұстастары  секілді 
идеологиялық  белгіленген  шекарадан  аса  алмағаны  заңдылық. 
«Ақындар 
орыстың 
классикалық 
әдебиетінен 
тікелей 
творчестволықпен  үйрене  отырып,  табиғатты  жырлаудың  белгілі  бір 
көркемдік  дәстүріне  жол  ашты.  А.Құнанбаевтың,  Ы.Алтынсариннің, 
С.Торайғыровтың,  С.Дөнентаевтың  таңдаулы  табиғат  лирикасы  бұған 
толық  дәлел»[3.5].  Зерттеуші  айтып  отырғанындай  аталған  ақындар 
шығармашылығынан  кейінгі  қазақ  ақындарының  үйренгені  жетерлік. 
Еңбекте  арнайы  сөз  болатын  Қалижан  Бекхожинның  табиғатты 
жырлаудағы өз өрнегінің айқындығы да дәл. Жыл мезгілдерін жырлау 
Абай  ендірген  дәстүр  екендігін  оны  Қ.Бекхожин  секілді  қазіргі  қазақ 
ақындарының  жалғастырып  жаңа  жеңімпаз  заманға  орайластырып 
суреттеуін  көрсете  отырып  зерттеуші  мынадай  қорытынды  ой  береді. 
«Әдебиетте  дәстүр  деп  біз  кейде  көне  ауыз  әдебиетінің  көркемдік 
амалдарын  жаңғырта  пайдалануды  айтамыз.  Ауыз  әдебиет  мұрасына 
творчестволықпен  арқа  сүйеудің  әрі  дәстүр  екені,  екінші  жағынан 
жаңашылдық екені рас. Өйткені ауыз әдебиеті сарынының қазіргі жаңа 
өмірді  жырлауға  қызмет  етуі,  әрине,  дәстүр.  Ал  сол  көне  сарынды 
жаңғырта,  жаңа  идеяны,  тың  кейіпкерді  жырлауға  қалауын  тауып 
ұтымды  пайдалану  -  жаңашылдық»  [3,  20].  Ғалымның  дәстүр  мен 
жаңашылдық  мәселесінің  көркем  әдебиеттегі  орны  мен  қолданылу 
қызметіне  орай  бағалап  отырғаны  дұрыс-ақ  бағыт.  Бұл  еңбектің 
аталмыш 
проблеманы 
зерттеуде 
ұсына 
алатын 
ғылыми 
бағдарламалары бар. Оларды сұрыптар болсақ: біріншіден ақындардың 
жыл  мезгілдерін  жырлау  дәстүріне,  еңбек  адамдары  мен  өз 
замандастарының 
портретін 
енгізуі, 
екіншіден 
табиғат 
лирикаларындағы  қалыптасқан  ұлттық  сөз  –  бейне,  сөз  –  образдарды 
заманына  лайық  сөз  мағыналарымен  түрлендіруі,  үшіншіден 
фольклордағы  аңыздық  желіні  пайдалану  шеберліктері,  даланы 
бейнелеудегі  Қ.Бекхожин,  Қ.Мырза  Әлі  жырларындағы  көркемдік 
амалдар  жаңалығы.  Ғалым  Ә.Нарымбетовтың  қазақ  лирикасындағы 
дәстүр  мен  жаңашылдықты  сөз  еткен  еңбегіндегі  негізгі  түйіндеулер 
социалистік    реализм  бағытында  қалған.  Бұл  дәстүр    мәселесінің 
ұлттық     поэтикалық     бірлікте   қарастырылуының        жүзеге     аса  

47 
 
Ислам Д.А. Қазақ өлеңіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың зерттелуі. 
 
қоймағандығын  көрсетеді    Қазақ  әдебиетіндегі  дәстүрді  Абай 
лирикасымен  сабақтастыра  қарап,  халық  ақындары    поэзиясының 
жаңалыққа бой ұруына үңілген ғалымның бірі Е.Ысмайылов. Дәстүрді 
социалистік 
реализм 
әдісі 
теориясымен 
халық 
ақындары 
шеберлігіндегі жазба әдебиеттің ролі арқылы таныған ғалым еңбегінде 
де  жаңалықты  қырлар  баршылық.  Халық  поэзиясының  негізгі 
ерекшеліктерін  жазба  әдебиетпен  қарым  қатынасын  саралай  келе, 
дәстүр табиғатына бастар ойлар қалдырды. «Біздің бұл айтқандарымыз 
ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиетінің  өзара  қарым-қатынасы  туралы 
проблеманың  бір  жағы  болса,  оның  екінші  күрделі  бір  саласы  –  ауыз 
әдебиетінің  жазба  әдебиетке  ықпалы,  анығырақ  айтқанда,  көркем 
әдебиеттегі  фольклоризм  мәселесі.  Бұл  мәселе  қазақ  әдебиетінің 
тәжірибесінде  бұл  күнге  дейін  өз  алдына  арнаулы  тақырып  болып 
зерттелген  емес.  Жазылған  кітаптар  мен  мақалаларда  біздің  көрнекті 
ақын  жазушылардың  ауыз  әдебиетімен  байланысы  жалпылама  түрде, 
сөз  болып  жүр»  [4,  83].    Ғалым  бұл  ойларын  жүзеге  асыруды 
М.Әуезовтен  бастап  белгілі  ақын-жазушылар  шығармашылығыннан 
іздеуге  үндейді.  Демек  ғалымның  дәстүр  поэтикасына  қатысты 
ойларының  тым  әріге,  ежелгі  мұраларға  бастайтыны  сезінуге  болады.  
Тек  оны  социалистік  реализм  әдісімен  тексеру  бағыты  жемісті 
нәтижелер  бере  қоймады.  Айтылған  ойлардың  бүгінгі  әдебиеттану 
ғылымының жаңа танымдық арналарына бастау жол болғандығын айта 
кетуіміз  керек.  Тәуелсіздікке  жақындай  түскен  жылдардан  бастап 
ұлттық  әдебиеттану  да  басқа  ғылымдар  секілді  тарихи  тегін  тануға 
ұмтылды.  Біз  әдеби  дәстүрдің  ежелгі  келбеті  арқылы  ұлттық  сөз 
өнеріміздің  поэтикалық  қуаты  әлдеқайда  күшті,  әрі  терең  екендігін 
ұғындық.  М.Әуезовтің  «Біздің  поэзия  өзінің  өткен  тарихтық  тегінен 
үзіліп,  төркінсіз  әдебиет  боп  кеткен  жоқ!  Халықтық  асыл  мұрасының 
үлкен арнасын, саналы мұрагер есебінде, үлкен көлемімен ілгері қарай 
жақсы дамытып, асырып өсіріп келеді. Сана да, сапа да, түр, көрік те 
солай. Екінші бір жай, ұлттық традиция мәңгі-бақи бір орында сілейіп 
қатып  тұратын  қалып  емес.  Ол  үлкен  қозғалыста,  өзгерісте»  [5,  375]-
деуінде  танымдық  мән  жатыр.  М.Әуезовтің  осы  бір  салихалы 
ойларының    жалғасы  социалистік  реализм  теориясымен  ұштасып 
кететіні қайырымсыз уақыттың бедеріндей көрінеді. Десе де, М.Әуезов 
қазақ поэзиясының ұлттық бояуының әлі де қанықтығына, мұрагерлік 
жолдан  айнымай  келе  жатқан  қалыбына  іш  тартса  керек.  Ғалымның 
«саналы  мұрагер»  -деп  бағалаған    сөздік  қолданысы  мен  «сана,  сапа, 
түр, көрік» секілді өлеңнің құрылым түзуші негізгі белгілерін даралап,  

48 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
атап    көрсетуінде  ғылыми  дәлдік  пен  позициясы  да  қылаң  береді. 
«Ұлттық  сана»,  «ұлттық  дәстүр»  ұғымдары  бір-бірін  толықтырып 
отыратынымен  де  көп  жағдайда  «сана»  атауы  осы  ұғымдар  салмағын 
таразы басып отыратыны белгілі.  
Оның үстіне М.Әуезовтей ғұлама замана ағымында ұлттық санаға 
салмақ түсіп отырғаны және бар мәселенің соған байланысты екендігін 
де  ескеріп  отырғандай.  Қазақ  поэзиясының  тінінен  ажырамауы  басқа 
да ұлттық құндылықтар секілді  «ұлттық санаға» тәуелді. Ұлттық сана 
уланған  тұста  өнерден  дәстүр  іздеудің  өзі  неғайбыл.  Ұлттық  сана 
қазығына  байланған  өнердегі  дәстүр  жаңарып,  дәуір  тынысын 
айшықтап отырары да сөзсіз. М.Әуезовтің қазақ әдебиетінің атасы қара 
өлеңнің  бойынан  сананы  іздеуі  астарлы  идеялық  мақсатты  да 
оятқандай.  Дәстүрге  сол  халықтың  дүниетанымы  мен  тіршілік 
белгілерімен  қарау  керек.  «Сөйтіп  әдебиеттегі  дәстүр  дегеніміз  – 
жылдарды  өткеріп,  әдеби  даму  үстінде  қырланып,  жұмырланып, 
сомдана  түсіп  барып  халықтың  таразысынан,  көркемдік  талғамынан, 
әдебиеттану  ғылымы  мен  эстетикалық  ақыл-ойдың  мойындауы, 
жалпылауынан  өтіп  барып,  кейінгі  дәуірге,  келер  ұрпаққа  көшіп 
отыратын  идеялық-көркемдік  тәжірибе  болса,  жаңалық  дегеніміз  - 
әдебиеттің  мазмұны  мен  түр  жағынан  –    жаңа  көркемдік, 
жетістіктерімен,  прогрессивтік  идеялармен,  жаңа  творчестволық 
әдістермен,  жаңа  геройлармен,  жаңа  амал-тәсілдермен,  көркемдеу 
құралдарымен  жаңарып,  молығып  –  толығып  отыруы»  [3,  75].  Бұл 
анықтамалық  дәстүр  ұғымының  әдебиеттегі  өміріне,  оқырман 
санасында мазмұн табиғатын ұялатуына жақын-ақ келеді. Әдебиеттегі 
дәстүр  ең  әуелі  сол  халықтың  ұлттық  ерекшеліктерімен,  әдет-ғұрып, 
салт-сана  белгілерімен,  тілдік  айшықтарымен,  мінез  психикасымен, 
тұрмыстық  тіршілігімен  байланысты.  Кез  келген  құбылысты 
суреттеудегі  тілдік  қолданыстардағы  көрік  амалдарының  мән-
мағынасында ұлттық поэтиканың колориті болады. Жалпы адамзаттық 
сананың  қабылдауында  биік  өре  танытып  ортақ  көзқарастарды 
қалыптастырар  поэтикалық  құрылым  қуаты  да  дәстүрден  екшеліп 
барып дараланса керек. Мұндай поэтикалық байламдарда дәуір, қоғам, 
уақыт  билігінің  тынысы  сезіле  қоймайды.  Біздің  кеңестік  дәуір 
тұсында да, қазіргі  уақытта да қайта-қайта Абайға соға беруіміздің де 
төркіні осындай өміршең поэтикалық дәстүрлі арналарды іздеуімізден. 
Кеңестік  дәуір  тұсында  да,  қазіргі  уақытта  да  кейбір  ғалымдарымыз 
ұлттық  поэзиядағы  дәстүр  табиғатының  жалпы  адамзатқа  ортақ, 
түсінікті   болуы   керек   дейтін   қағидатты  жиі   айтатындығын естіп  

49 
 
Ислам Д.А. Қазақ өлеңіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың зерттелуі. 
 
қаламыз.  Әрине,  бұл  бір  жағынан  дұрыс  та  талап.  Өлең  бойындағы 
адамгершілік,  азаматтық,  ғибраттық  сарындармен  қатар  түрлі 
тақырыптарды  жырлаудағы  адами  өреге  ортақ  дүниетаным 
белгілерінің  болатындығы  белгілі.  Мұның  әрқайсысында  тіпті  әрбір 
сарынның  дәстүр  құраған  өрнектері  бар.  Сонымен  қатар  сол  құрамда 
белгілі бір ұлттық танымға тиесілі ғана көркемдік өрнектің болатынын 
да ұмытпаған жөн.  
Ондай  ұлттық  дүниетаным  өресіне  тиесілі  нақыштармен  өрілген 
көркемдік бейнелеулердің салты басқа елдің оқырманына түсініксіздеу 
болып  жататыны  заңдылық.  Ойымызды  М.Базарбаевтың  пікірімен 
бекіте  түссек.  «Басқа  кәсіпті  ұстанған  елдер  үшін  «қойдың 
маңырағаны»  мен  «сиырдың  мөңірегені»  соншалықты  эстетикалық 
қанағат  бермеуі  мүмкін.  Тіпті  көп  халықтың  поэзиясында  бұл  қайта 
тұрпайы, ерсі көрінер еді. Әрі халықтың өз түсінігі, нанымы, бойынша, 
әдемілікті, жарастылықты білдіретін бейнелі суреттері әртүрлі болмақ» 
[6,  56].  Бұл  пікірлерден  халықтың  тұрмыс-тіршілігіне,  шаруашылық 
кәсібіне  т.б.  қатысты  қолданған  бейнелеу  сөз  өрнектерінен  өміршең, 
адами  өреге  тең  дәстүр  түзілмейді  деген  ой  тумау  керек.  Ұлттық 
ерекшелікке  кәсібіне  т.б.  қатысты  дүниетанымнан  да  түзілген  дәстүр 
адамзат  танымындағы  ортақ  ойлар  биігін  қанағаттандырарлығы  хақ. 
Сөз  басында  дәстүр  ұғымының  ауқымды  екендігін  айттық.  Ұлттық 
дәстүр  халықтың  бітім-болмысының  көрінісі  десек,  сол  халықтың 
әдеби  дәстүрінің  негізі  оның  өмір  сүрудегі  қалыптасқан  ғұрыптық, 
дүниетанымдық 
заңдылықтарынан 
да 
туындайды. 
Ұлттың 
этнографиялық өзгешелігі бірден пайда бола салған жоқ қой. Тіпті бір 
халықтың  ежелгі  ата  тегінен  бергі  тарихында  қаншама  діни  сенімдер 
мен  нанымдардың  болғандығы  да  белгілі.  Сан  ғасырлар  өткелдерінде 
өркениеттердің де бой көтеріп, белгілі бір тарихи кезеңдерде алмасып 
отырғанын  да  жоққа  шығара  алмаймыз.  Қоғамдық  формациялардың 
ауысуымен  жаңа  бір  жол  жоба  пайда  болғанымен  ескінің  бәрі  халық 
жадынан  шыға  қоймайды.  Демек  кез  келген  дәстүр  аясында  оның  о 
бастағы  мән-мағынасының  белгі  сипаттары  сол  ұғымның  материалы 
ретінде  өмір  сүрмек.  Ал,  әдеби  дәстүрді  қалыптастыратын  көркем  тіл 
болса, сол тіліміздің әрбір сөзінің өзінде поэтика бар екендігін де естен 
шығармаған  жөн.  Себебі 
әр  сөздің  заттық    атауымен  бірге  оның  мән-
мағына тудырар тірі организм секілді құбылыс екені ғылымға аян. Қазақ 
әдебиеттануында  қалыптасқан  «дәстүрлі  образ»  терминінің  өзі  көп 
нәрсені  аңғартады.  «Дәстүрлі  образ»    –    ұлттық  дүниетаным  аясында 
қалыптасқан тұрақты бейнелеу тілінің қолданылуын білдіреді.
 

50 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
Жоғарыда  айтылғандай  халықтың  әрбір  ұғымды  түсінуінің  негізінде 
келе-келе,  бейнелеу  құралдарының  әр  қырымен  тұрақты  көркем  тіл 
құрайды.  Дәстүрлі  поэзияның  тілі  негізінен  сол  зат  пен  ұғымға 
алмастырылып,  не  тура  мағыналардың  бейнеленуші  көркемдік 
атрибуттарынан  тұрады.  «Халық  санасының  сол  өмір,  тұрмысқа, 
еңбекке,  бір-бірімен  қатынасына  қарай  түзіліп,  ұзақ  эволюция 
жолымен дамитыны сияқты, көркем әдебиетте сананың сәулесі ретінде 
ұзақ  эволюцияны  бастан  кешіреді,  халықтың  сана-сазіміне,  дүние 
танымына  сай  образдар  мен  суреттер  негізінде  өрістейді.  Түбегейлеп 
келгенде  бұл,  әрине  халықтық,  ұлттық  дәстүрдің  ең  алғашқы  негізгі, 
атрибуты; сондықтан да ол аса тұрақты, айшықты белгі ретінде қазіргі 
әдебиеттің  де  ерекшелігі  болып  табылады»  [6,  67].  Ғалымның  бұл 
айтқандарынан  дәстүрдің  әдебиеттегі  көрінісі  қандай  процестермен 
жүзеге  асатындығын  байқаймыз.  Кеңестік  дәуір  тұсында  жазылған 
зерттеу  болса  да,  біз  М.Базарбаев  еңбегінен  дәстүр  табиғатын  ұлттық 
ерекшеліктерімен  қарастырудың  ғылыми  принциптерде  жүзеге 
асқанын көрдік. Әрине, бұл еңбекте де социалистік реализмнің әдістері 
басшылыққа  алынғаны  белгілі.  Дегенмен,  ғалым  дәстүрдің  халықтық 
сөз  өнерінің  фонында,  тіршілік  диалектикасымен  даму  эволюциясын 
айқындауға  көп  көңіл  бөле  алғандығы  қуантады.  Мәселен,  қазақ 
тағдырындағы  «дала»  ұғымының  қаншалықты  киелі  екендігі,  соған 
байланысты  даланы  суреттеудің  неше  алуан  көркемдік  байламдары 
өрнектелгенін  тілге  тиек  етеді.  Сондай-ақ  қазақ  сөздерінің  әуенділігі 
дала  табиғатымен  үндес  келіп  мекендік  ерекшелікті  танытуы  да 
талданады.  Ғалым  осындай  ерекшеліктерді  дәйектеп  «Жер  мен  суға, 
тау-тасқа, ен далаға, жаратылыстың осы өлкеге лайық көріністері мен 
ғаламаттарына  байланысты  түзіліп,  қалыптасқан  сөздер,  теңеулер, 
метафоралар қазақтың сөйлеу тіліндегі және поэзия мен әдебиетіндегі 
дәстүрлік  белгіні  байқатады.  Ауыз-екі  тілге  жүгінсек,  мұның  көп 
мысалдарын  көреміз.  Халықтың  көшпелі  өміріне,  тіршілігіне 
байланысты туып орныққан, немесе осыдан барып бейнелеу құралына 
айналған сөздер ұлттық тілдің, сөздік қордың негізгі мол бөлімі десек 
қате емес»  [6,  76], - деп ой түйіндейді.  Ғалым әдеби дәстүр мәселесі 
шығарманың  мазмұнымен  қатар  оның  сыртқы  құрылымында,  түр 
өрнектерінде  көрінетіндігін  баса  айтады.  Мазмұндық  тұрғыдан 
қарағанда  сөздік  қор  жаңалықтары  мен  көріктеу  құралдарында  жатса, 
формалық  тұрғыда  әуендік  өлшем-өрнегінде  көрінеді.  Идеялық 
жаңалық   ақындық  қиял  траекториясымен   сол  дәуірдің мақсатынан  

51 
 
Ислам Д.А. Қазақ өлеңіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың зерттелуі. 
 
туындаса, пішін сол идеяларды жеткізудегі ізденістерімен жүзеге асып 
жатады.  Бұл  тұста,  ұлттық  эстетикада  қалыптасқан  бейнелеудің 
дәстүрлі  өрнектері  де  жаңартыла  қолданысқа  түседі.  Мұнан  тілдік 
ұлттық  ерекшеліктердің  дәстүрлі  бейнелеуге  айналған  сілемдерін 
көреміз.  Ақынның  ұлттық  эстетикада  бар  дәстүрлі  бейнелеулерді  өз 
заманының  үніне  салып  көркемдікке  көтеруі  жаңашылдықты 
танытады.  Дәстүрлі  бейнелеу  мен  жаңашылдық  арасында  бір-бірін 
сабақтастыра  тұратын  тіл  поэтикасы.  Жаңашылдықты  танытатын 
көркемдік  бейненің  сөздік  мағыналық  қызметі  мәнін  күшейткенімен 
оның  көлеңкесінде  дәстүрлі  дүниетанымның  реңктері  сақталады.  Тек 
ақын сол реңкті өз идеясына жұмылдырып, рухани қажеттілікке жауап 
берерлік  уақыт  тілінде  безбендейді.  М.Әуезов  «Дәстүр  мағынасына 
характер де, түр де, оқу мен өсу де, дами түсіп өзгеру де, мазмұн мен 
сыртқы  сипат  көрік  күй  мәселесі  –  бәрі  де  түгел  кіреді»  [5,  375],  - 
дейді. Кез келген жақсы өлеңнің бойында мінез болуы тиіс. Сол мінез 
арқылы  өлеңнің  өн  бойынан  жаңалықтың  лебі  есіп  тұрады.  Ол  мінез 
оқу  мен  өсуге,  ақындық  қиял  мен  шабытқа  тәуелді.  Мінез  ақындық 
«меннің» не лирикалық бейненің бойындағы өлеңдегі көрініс десек бір 
жақты  кетеміз.  Мінез  әуелі  дүниетанымдық  түсінудегі  бетбұрыста 
жатыр. Рухани қажеттіліктен адамның өзін іздеуі, өмірде жанының ізгі 
сұранысын қанағаттандыруы. Жанның рухани ләззаты өзі өмір сүрген 
ортадан табылса мақұл, табылмаса рух, арман, мұрат үні жаңғырыққан 
дәстүрлі  өткенге  қарайлайсың.  Сол  бір  рухани  ізденіс  дәстүрлі 
поэзияның тынышын бұзады. Дәстүрлі поэзия рухани сұранысқа орай 
қозғалыс,  қимылға  көшеді.  Соның  күшімен  сөз  оянады.  Ақындық 
дүниетүсінікпен  сөз  мәнін,  мағынасын  күшейтуге  серпілген  мінез 
танытылады.  Сөзде  тірілген  мінез,  сөз  тіркестерімен  ой  құрып, 
ұйқасып,  үндесіп  өлеңге  айналады.  Ал  ондай  өлеңде  жаңалықты 
тіршілік  болмауы  мүмкін  емес.  Сөзге  қатысты  өлеңтанушы 
З.Ахметовтың  мына  пікірлері  жаңашылдықтың  бастауындай  көрінеді 
«...Жаңа  мағыналы  бейнелі  ой,  көркем  ұғым  түсініктер  үнемі  тың, 
бұрын  қолданылмаған  сөздер  арқылы  берілмейді.  Көп  жағдайда 
бұрыннан  бар,  белгілі  сөздер,  ұғымдар  мүлде  жаңа  мағына  алып, 
өзгеше  бейнелілік,  суреттілік  сипатқа  ие  болады.  Және  бұл  тәсіл-
поэзия  тілін  байыту,  өрістетудегі  аса  үлкен,  кең  арна»  [7,  84].  Қарап 
отырсақ жаңадан сөз пайда бола қоймайды екен. Жоғарыда айтқандай 
сөз,  сөз  тіркестері  келісті  өрнек  құрап  бейнелі  ой  тудырады.  Мәтінде 
әрбір сөздің ұғымы идеялық мақсатта жаңа бір түсінік танытып өзгеше 
мінез  көрсетеді. Сөздегі тосын мінездік қолданыстар дәстүрлі не жаңа  

52 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
бір  көркемдік  тәсілдер  келтіруі  де  мүмкін.  Дәстүрлі  көркемдік 
амалдармен  жүзеге  асса  да  өлеңдегі  мінез  құбылысы  жаңалыққа 
жуықтайды. Бұрынғы бар дәстүрлі бейнеліліктен өңге мінез танытпаса 
ол  қайталау.  Кеңестік  қазақ  өлеңінің  тарихында  жаңа  заманды 
бейнелеуде 
тілдік 
жаңалықтар 
болғаны 
рас. 
Бірақ 
ол 
табыстарымыздың  көпшілігі  жаңа  дәуір  бейнесін  жасаудағы 
идеялардың жетегінде кетті. Сөз өзінің тибиғи мінезін емес қоғамдық 
идеяны  жеткізуші  ретінде  жасанды  құрал  болды.  Жаңа  дәуір 
жаңалықтарын бейнелеуді сөз табиғатын сындырып жасадық. Онымыз 
сол  дәуірдің  керемет  жаңалығы  да  болды.  Сөздің  де  табиғи  мінез 
болмысы  ауысқан  жағдайда  жаңалығымыз  кезеңдік  қуаныш  болып 
қалатынын  кем  ұқтық.  Дәстүр  мен  жаңашылдықты  ақындық  тілден 
іздеген  зерттеушілеріміздің  көпшілігі  кезеңдік  жаңалықты  мадақ  етті. 
«Жаңалық  –  бұрын  құлағың  естіп  сол  байырғы  тіл  өрнектерімен 
жасалуында.  Өлеңді  оқып  отырғаныңызда,  бүгінде  кино,  телевизор 
арқылы күнде көріп, көзің қаныққан болат, шойын қорыту процестері, 
цехтары  көз  алдыңа  келеді.  Ақынның  «ұрпақтар  ойнап,  билеп  би», 
«машинада  қоңыр  күй»  деген  жолдары  зырлаған  станоктарды, 
«толғатқандай  отты  пеш,  салады  бебеу  ойбайды»,  «шұрқ-шұрқ  еткен 
шойын шоқ, қазанда қайнап» деген жолдары, домна, мартен пештерін 
көз  алдыңа  келтіреді...  Өлеңдегі  жаңа  жағдайда,  жаңа  мағынаны 
білдіру  үшін  жаңа  нагрузка  берілген  байырғы  сөздер,  суреткердің 
тапқырлығымен  тоғысып,  оның  ойын  әдемі  атқарып  шыққан»  [3,  87]. 
Сөз  жоқ  орынды  бағалау.  Ақын  теңеулері  мен  жаңалықты 
бейнелеулері  де  тың.  Бірақ  неге  ғалым  зерттеп  отырған  Ілияс,  Сәкен, 
Сәбиттің  осы  құралыптас  жаңалықтағы  өлеңдері  қазір  оқылмайды? 
Қазіргі  өндіріске  қатысты  да  аталған  ақындардың  өлеңдерін  оқысақ 
болмас па? Сол пеш те, темір балқыту да орнында емес пе? Ендеше бұл 
өлеңдер  неге  жаңалық  болып,  дәстүрлі  поэзия  сапында  тұрмайды. 
Мұның  себептерін  бәлкім  ол  «коммунизм»  дәуіріндегі  жаңалық 
болғандықтан  да  деп  түсіндірушілер  табылар.  Оларға  айтарымыз  ол 
дәуірде  жазылғанымен  бүгіннің  руханиятына  көшкен  өлеңдердің  де 
бар  екендігі.  Ондай  рухты  өлеңдерді  зерттеу  барысында  арнайы 
талдаймыз.  Ал,  мына  өлеңдердің  сол  «коммунизм»  көшімен  бірге 
кетуінің себебіне үңіліп көрсек. Кеше жаңашылдық деп саналған өлең 
бүгін  неге  көмескіленді  екен?  Біздің  ойымызша  оның  бірнеше 
айыптары  бар.  Біріншіден  өлеңде  мінез  жоқ.  Мінездің  болмайтыны 
өлең үгіт, насихатқа құрылған. Өлең сөздеріндегі ұғымдардың кейбірі 
белгілі   бір  идеяны  айту  үшін  зорлап, күштеп қиыстырылған. Ал, ең  
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет