№6 (74), 2015 Қараша-желтоқсан


Әбжет Б. Қазақ хандығының қалыптасуы жолындағы діни



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет17/17
Дата08.02.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Әбжет Б. Қазақ хандығының қалыптасуы жолындағы діни... 
 
Қара  су-50-үй.  Аппақ  ишан  өз  мүриттерінің  санын  әлде  неше  рет 
қысқартып  айтып  отырғаны  көрініп  тұр.  Соның  өзінде  мына  атаудың 
арғы  шеті  Қостанай-Атбасар  -  Шығысы  Қарағанды-Павлодар, 
Қарқаралы, Семей, Алматы, Қарасу - Өзбекстан Андижан маңы болса, 
Баяут,  Мырза  шөл  -  Жетісай,  Жызақ  маңы,  Қызылорда  -  мынау 
Орталық Азияның көп жерін қамтып жатқан аймақ. 
Осылайша  бір  ғана  Аппақ  ишанның  өзі  күллі  қазақ  жұртын 
мұсылманшылыққа  ұйыстыру  жолында  қаншама  жұмыс  атқарған. 
Артында пірге қол берген көптеген көптеген мүридтері қалды. Кешегі 
Кеңес  дәуірінде  Аппақ  ишанды  Созақта  болған  көтерілісті  астыртын 
қолдады  деп  айып  тақты.  Оған  себеп  те  жоқ  емес  еді,  себебі  Созақ 
көтерілісін  бастаған  «Аллаһулар»  пірге  қол  берген,  сопылық  жолға 
түскен мүридтер болатын. Олар Кеңестің дінсіз зұлым идеологиясына 
қарсы шықты, өзінің ары үшін арпалысқа түсті, осылайша Алланың ақ 
жолында жандарын құрбан етті. Қызыл империя қаншама діни сауатты 
молдалар  мен  көзі  ашық  зиялы  азаматтарды  қуғындағанмен  тарихы 
терең қазақ халқын тарих қойнауына көшіруге шамасы жетпеді. Қазақ 
даласында  сақталып  қалған  санаулы  медреселердің  бірі  кезінде  өзі 
ұстаздық  еткен  Аппақ  Ишан  медресесі  қазіргі  кезде  ұрпақтар 
көзайымына  айналған  тарихи  жәдігер  ретінде  аса  зор  маңызға  ие,  
болашақ ұрпақ үшін де асыл да құнды дүние болып есептеледі. Қазақ 
даласында  жұмыс  жасаған  осындай  ірі  медреселер  елдің  рухани  жан-
дүниесінің қалыптасуы, адамдық, моральдық қасиетінің жоғары болуы 
жолында  толайым  жұмыстар  атқарды.  Қай  кезеңде  де  діни 
идеологияның мемлекеттің мемлекеттілігі жолында және халық рухын 
тәрбиелеуде  алатын  орны  айрықша  болғандығы  өткен  тарихи 
оқиғаларға көз жіберген тұста анық байқалып тұрады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақ  хандығы.  Энциклопедиялық  анықтамалық  жинақ.  Жауапты  редакторлар: 
т.ғ.д., профессор Қожа М., т.ғ.д., профессор Тұрсұн Х.М. – Алматы: «Қазығұрт» 
баспасы. – 2015ж. - 
2.
 
Сейфуллин  Сәкен.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы.  –  Алматы:  «Қазығұрт» 
баспасы, 2007. Т.7. – 416 бет. 
3.
 
Э.Н.Наджип.  Регионы  и  этапы  формирования  тюрксих  писменных  языков  и 
литератур:  Исследования,  транскрипция,  текстологические  примечания  и 
анализ письменных литературных памятников ХІ-ХV вв. МКТУ им.Х.А.Ясави, - 
Туркестан, типография «Туран», 2007. – 268 с. 
4.
 
Әбдірасылқызы  А.  Қожа  Ахмет  Йасауидің  ақындық  әлемі  (монография).  – 
Алматы, 2007. – 264 бет. 

148 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
5.
 
Бұлұтай М.Ж. Ата-баба діні? Түркілер неге мұсылман болды? – Алматы, Білім, 
2000. – 504 бет. 
6.
 
Ер  Едіге.  Қ.Сатпаевтың  алғы  сөзімен  1927  жылы  басылған.  Алматы:  Ғылым, 
1995. 152 б. 
7.
 
Шораяқтың  Омары.  Шығармалары.  Терме-толғаулар,  өсиет-мысалдар, 
айтыстар мен дастандар. –Астана: Фолиант, 2009. –336 б.  
8.
 
Кенжетай  Д.  Қожа  Ахмет  Ясауи  дүниетанымы.  –  Алматы:  «Арыс»  баспасы, 
2008. –360 б. 
 
 
 

149 
 
  
СЫН 
 
ЭТНОТАРИХҚА ҚОСЫЛҒАН СҮБЕЛІ ҮЛЕС 
PONDERABLE CONTRIBUTION TO ETHNIC HISTORY 
 
Х.ТҰРСҰН
*
 
 
Түйіндеме 
Мақалада  автор  әлеуметтану  ғылымдарының  докторы,  профессор  Оразбек 
Нұсқабаевтың  2015  жылы  жарық  көрген  «Маңғытай,  Маңғыт,  Ноғай  тарихы»  атты 
зерттеу еңбегі туралы пікірін білдірген. 
 
Summary 
In the article the author offers an opinion of research work of doctor of sociological 
sciences,  professor.  О.  Nuskabaev,    that  is  published  in  2015  «History  of  Mangitay, 
Mangit, Nogay». 
 
Қазақ 
халқының 
ұлт 
болып 
қалыптасуының, бүгінгі таңда әлемдік өркениет 
жүйесінде  алдыңғы  қатарлы  дамыған  елдердің 
санатында 
көрінуінің 
күш-қуаты 
оны 
құрылымдаған  ру-тайпалар  мен  ұлыстық 
бірлестіктер 
жұрттарының 
лайықты 
молшылықта  өмір  сүруге  талаптылықтарының 
өміршеңдігінде,  жемістілігінде  және  нәтижелі 
болуында жатса керек.  
Ал,  бұл  өміршең  талаптылық,  жемістілік 
және  нәтижелік  егеменді  ел  болғалы  еселеп, 
арта  түсті.  Өткенді  пайымдауға,  бүгінгіні 
түсініп-ұғынуға, ертеңгіге үмітті талпынысты тасқындатты.  
Осыған орай, ата-бабаларымыздың басынан өткен тар жол, тайғақ 
кешулерімен  қатар,  олардың  жасампаздыққа  толы  игілікті  іс-
әрекеттерінің, әлемдік өркениет дамуына қосқан қомақты үлестерінің, 
сондай-ақ олардан қалған рухани және материалдық құндылықтардың 
салмағын таразылап, бағымдау қажеттілігі өзінен-өзі туындады.  
Себебі, тарихтан сабақ алмайынша бүгінгі күнгі де, болашақтағы 
да  ел  болып  ұйысу,  мемлекет  болып  ірге  бекітудің  бағыты  дұрыс 
бағдарланбайды.    Сол   үшін   де тарихымызды таразылап, оның әрбір  
                                           
*
 тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университеті, Түркістан-Қазақстан.  
Doctor of historical sciences, Professor, International Kazakh-Turkish University named Ahmat 
Yassawi. e-mail: tursunhazret@mail.ru 
 

150 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
тарихи  оқиғасы  мен  құбылыстарын  ғылыми  негізде  қалпына 
келтіруіміз, деректік тұрғыда шынайы тұлғаландыруымыз керек.  
Төл  тарихымызды  саралап,  тарихи  жадыны  жаңғыртпайынша 
өткеніміз  түгелденбейді.  Тарихымыз  түгелденбей  ұлттық  рух 
орнықпайды. Ұлттық мақтанышты оятатын ұлттық намыс майырылып, 
ұлттық  сана-сезім  деформацияланады.  Ұлтқа  тән  бірегейлік  көмескі 
тартады.   Бұл   дегеніміз, «Негіздердің негізін» тозаң басады деген сөз.  
Осындай  келелі  ойларды  өзек  еткен  ұлттық  рухты  ұлықтауға 
арналған  зерттеулер  аз  емес.  Биылғы  жылы  «Қазақстан»  баспасынан 
жарық  көрген  әлеуметтану  ғылымдарының  докторы,  профессор 
Оразбек  Нұсқабаевтың  «Маңғытай,  Маңғыт,  Ноғай  тарихы»  атты 
зерттеуі  этнотарихымыздың  олқы  тұстарын  толықтыруға  арналуымен 
құнды.  Олай  дейтініміз,  «Алаш»  тарихи  зерттеу  орталығының 
бастамасымен  «Қазақ  ру-тайпаларының  тарихы»  сериясымен  жарық 
көріп  келе  жатқан  зерттеулердің  қатарына  ілінбей  қалған  маңғытай, 
маңғыт, ноғай тайпаларының тарихы (олар қазақ жүздерін құраған ірі 
тайпалардың  құрамында  ғана  аталады)  арнайы  зерттеу  нысанына 
айналған.  Өйткені,  бір  кездері  ортағасырлық  мемлекеттердің 
құрылуында  шешуші  рөл  атқарып,  айбыны  асқан  бұл  тайпалар  түрлі 
тарихи  жағдайларға  байланысты  кейінгі  жүздік  құрылымды 
орнықтырған  қазақ  шежірелерінде  ірі  тайпаларға  сіңіріліп,  шежірелік 
таксономиядан  тыс  қалған.  Бұндай  дәйектер  аз  емес  ата  шежіреде. 
Солай  екен  деп,  бұл  ру-тайпалардың  тарихы  біртұтас  тарихымызды 
түгендеуде назардан тыс қалмауы керек. 
Қазақ  ұлтының  өзіндік  бітім-болмысы,  рухтық  қайнар 
бастаулары,  ділі,  тілі,  мінез-құлқы,  іскерлігі  мен  жасампаздығы  оны 
құрылымдаған  ру-тайпалар  мен  ұлыстық  бірлестіктердің  өмір  сүру 
салты,  іс-әрекеттері,  өсіп-өніп  көбейу,  шаруашылық  жүргізу  қалпы 
негізінде  қалыптасып,  тұрақтанды.  Сол  себепті  қазақ  халқын 
құрылымдаған 
ру-тайпалар 
мен 
ұлыстық 
бірлестіктердің 
әрқайсысының  тарихын  жеке-жеке  алып  зерделеу  халқымыздың  ұлт 
болып  қалыптасуын  ұғынумен  қатар,  өсіп-өніп,  көбейу,  өркендеп 
гүлдену  тарихын  түсінуге  негіз  қалайды.  Сол  себепті,  есте  жоқ  ескі 
замандардан  бері  қарайғы  ата-баба  тарихын  деректік  негізде  қалпына 
келтіру  ұлттық  тарихи  сананы  қалыптастырудағы  қажеттіліктің 
қажеттілігі  саналады.  Бұндай  қажеттілік  мемлекеттік  деңгейде 
көтерілген  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  теориялық  тұғырын 
орнықтырудан туындайды. 

151 
 
Тұрсұн Х. Этнотарихқа қосылған сүбелі үлес. 
 
Зерттеуде бірде Маңғытай, бірде Маңғыт, бірде Ноғай аталынып 
жүрген тайпалық бірлік жұртының шығу тегі, генеологиялық түзілімі, 
айбатты  жауынгер  Орда  халқы  атанған  шарықтау  шағы,  онан  кейінгі 
құлдырау кезеңдері тарихи деректер, құжаттық мәліметтер, шежірелік 
мағлұматтар  және  жыр-дастандарда  шығармаланған  сюжеттік 
көріністер  негізінде  мазмұндалған.  Ғылыми  айналымға  алғаш  рет 
енгізіліп  отырған  сілтемелік  айқындамалар  аясында  «Маңғытай», 
«Маңғыт»,    «Ноғай»    этнонимдерінің     мән-мағыналары      жаңаша  
термеленген.  Бірлік  жұртының  рулық  құрамы,  қоныстық  өңірлері, 
сондай-ақ  бүгінгі  таңдағы  түбі  түрік  текті  ұлттар  мен  ұлыстар 
құрамындағы тіршілік иірімдері екшеленген.  
Зерттеудің  мазмұндалуы  ғана  емес,  құрылымы  да  қызықты. 
Оқуға,  түйсініп-ұғынуға  қызықтыра  түседі.  Мысалы,  «Маңғытайлар 
моңғол  текті  ме,  жоқ  әлі  де  ...»,  «Маңғытайдың  бір  бұтағы  маңғыт 
деген», «Маңғыттардың ноғай атануы», т.т.  
Сонымен  қатар  зерттеуде  Едігенің  шығу  тегі  туралы  толғамдар 
осы  уақыттарға  дейін  айтылып,  жазылып  келгендерден  өзгеше,  жаңа 
пайымдаулар ұсынылған. Қисынды дәлелдер мен шынайылықты қажет 
ететін  осы  шетін  мәселеге  автордың  ұсынған  тың  тұжырымдарымен 
келіспейтін  де  тұстары  бар.  Әйтсе  де,  ғылыми  негізделген 
тұжырымның  «өмір  сүруге»  құқы  бар.  Пікірталас  –  шындыққа 
жеткізетін жолдың бірі. Демек, батыл тұжырымдар ұсынған автордың 
ізденістері бұл еңбекпен шектеліп қалмаса керек.  
Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейінгі Маңғыттар мен Ноғайлардың 
қасіретті тарихы, олардың Бұхара, Хорезм-Хиуа, Сібір, Қазақ, Қырым 
хандықтары  құрамындағы  ау-жайларының  бұрындары  ғылыми 
айналымға  енгізілмеген  құжаттық  мәліметтер  негізінде  талдануы 
тіптен  қызықты.  Автордың  баяндауындағы  Анадолы,  Румыния  және 
Еуропаның  бірқатар  елдеріне  ауып,  қоныстанған  ноғайлар  тарихы, 
олардың  басынан  өткен  тауқыметі  мол  ауыртпалықтар,  олардың 
жергілікті  халықтарға  сіңісу,  өсіп,  өніп,  кемелдене  келіп,  толысуы, 
жоғын  іздеп,  ата-баба  тарихын  тірілтуге  ұмтылыстары  көңілді 
тербетпей тұра алмайды.               
Қазақ,  қарақалпақ,  қырғыз,  башқұрт,  өзбек  және  осылар  сияқты 
ондаған  түркі  текті  ұлттар  мен  ұлысты  елдерге  сіңісіп  кеткен  түбі 
маңғытайлық  ру-тайпалардың  оларға  кірігу  себептері,  салдары  және 
маңыздылығы  екшеленген  бөлімдегі  талдаулар  да  тартымды.  Оқылуы 
жеңіл, мысалға келтірілген мәліметтері де көңілге қонымды.  

152 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
16  мың  жылдан  бері  қарай  сабақтастығы  үзілмей  жалғастықта 
келе  жатқан  Маң  (тайпа)  >  Маңнай  (тайпалық  одақ)  >  Маң  (ғ)  тай 
(ұлыстық бірлестік) тарихының деректік мәліметтері шынайылығымен, 
және алғаш рет жеке тақырып болып қарастырылуымен бағалы.   
Түбі түрік текті халықтардың өсіп-өнуінің түп бастауында тұрған 
жұрағаттар – қаңлы, қоңырат және тағы да басқа ондаған ру-тайпалар 
тарихы топтамасы, олардың түпкі шығу тегінің баяны, ішғұз /сақ-скиф/ 
және   сиуңну   /ғұн/   туралы    талдауларда    автордың     әлеуметтану  
ғылымының  зерттеу  тәсілдерін  тарихи  талдаулар  жасауда  қолдануы 
барысында аса нәтижелі болып шыққан.  
Шежірелік  деректерді  талдағанда  азаматтық  тарих  деңгейінде 
қалып қоймай, оны интеллектуалды тарих сапасына жеткізе қарастыру 
этнотарихқа  қалам  тартқан  екі  жазарманның  бірінің  қолынан  келе 
бермейді.  Білімі,  білігі  жетпегендіктен  емес,  әрине.  Өз  руының 
тарихын  әспеттеуге  бейімділіктен.  Оның  мәні  –  өз  ру-тайпасынан 
өзгелерді  көзге  ілмеу.  Профессор  О.Нұсқабаев  маңғытай,  маңғыт, 
ноғай  тарихын  жеке  дара  емес,  түркі  тайпалары  тарихының 
құрамында,  тығыз  бірлікте  қарастырады.  Асыра  дәріптемейді,  жерге 
ұрып  айыптамайды.  Елдікті,  ұлттың  ұлы  бірлігі  идеясын  алға  сала 
отырып,  салиқалы  ойлар  айтады.  Міне,  сондықтан  да  ғылыми 
байыптылықпен  жазылған  еңбекті  этнотарихқа  қосылған  сүбелі  үлес 
деп бағалайтынымыз осы. 
 
 

153 
 
 
 
А.З.ВАЛИДИ ТОҒАН 
ЕСТЕЛІКТЕР 
 
Мелеуздегі ұждан еркіндігі мерекесі 
 
 
Үш  күннен  соң  Мелеуз  ауылына  жеткенімізде  бұл  жердегі 
мұсылман  мерекесіне  қатысуға  келген  бұрыннан  таныс  башқұрт 
ұстазымды  кездестірдім.  Ол  маған  жолшыбай  ұшырағандардың  бұл 
башқұрттың  менімен  кездескенін  әкеме  жеткізгенін,  әкемнің  сол 
заматы  атына  мініп  мені  іздеуге  аттанғанын,  бірақ  Азнай  ауылында 
Қазый  есімді  бай-батша  досын  кездестіргендігін  және  оның  ұлды 
күштеп  үйге  қайтару  ойынан  баз  кешуге  көндіргендігін  әңгімелеп 
берді. Бұл хабар мені, әрине, қуантты. 
Мелеузде  бір  кездері  патша  әкімшілігі  тарапынан  күштеп 
шоқындырылған  татарлар  тұрған.  Бірақ  олардың  жан-жүрегі  исламға 
бұрылып тұратын еді. Олар 1905 жылғы революция берген  шектелген 
еркіндіктен  пайдаланып  мұсылмандыққа  ашықтан  ашық  бет  бұрды 
және үлкен мешітін салып алды. Құрылыс аяқталғаннан соң мешіттің 
ашылуын атап өтті. Бұл ретте жақын ауылдардан имамдар, башқұрттар 
мен  татарлар  арасынан  шыққан  қадірменді  кісілер  шақырылды.  
Құрбандыққа  арнап  бірнеше  жүз  қой,  бірсыпыра  бұқа  мен  сиыр 
сойылды. Көпшілігі маңайдағы ауылдардан қымыз әкелді. Мереке күні 
мені  молдалардың  арасына  отырғызып  қойды.  «Алеми  Ислам» 
газетінде  Жапонияда  исламның  кеңінен  таралуы  туралы  хабарлардың 
берілуіне байланысты сөз қозғалды. Исламның ілімінен ауытқып, оның 
жалған  тармақтарының  бірін  ұстанып  жүргендерді  мұсылман  деп 
атауға  бола  ма,  деген  сұрақ  туындады.  Ислам  өткінші  емес 
құндылықтар  болып  табылатын  бірнеше  идеяға  негізделіп, 
мұсылмандықтағы  жекеленген  бағыт  –  мазхабтардан  жоғары  тұрады 
дей  бергенімде  және  сөзімнің  дұрыстығын  дәлелдеу  үшін  исламның 
Ибн Таймия, Ибн Кайим әл-Джази сияқты ортодокстық
*
  көзқарастағы 
авторлар  шығармаларынан  үзінділер  келтіруім  мұң  екен,  фанатик 
молдалар  дүрсе  қоя  берді.  Нәтижесінде  әр  түрлі  пікірлер  айтылып, 
қызу  таласқа  ұласты,  исламды  түрлі  секталарға  бөлуді  айыптай 
сөйлегендер де, мені қолдағандар да болды. 
 
                                           
*
 Ортодоксия – алған бағыттан, ұстанған принциптен қайтпайтын. 
ТҰЛҒА 

154 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
Менің  тарапымнан  айтылған  пікірге  Ильяс  (Ильяситдин) 
Баязитов  есімді  татар  көпесі  назарын  аударды.  Ол  мерекеде  отырған 
прогрессивті бағыттағы молдаларды және мені үйіне шақырды. 
Ильяс  ағаның  бұл  тақырып  бойынша  адамдарды  байыпты 
әңгіме-дүкенге  тартуды  қалағандығы  түсінікті  болды.  Әңгіме  қыза 
түсті.  Мен  жиналған  молдаларға  басқа  елдерге  барып  оқуымды 
жалғастырғым келетінін айттым. Олар діни танымымды кеңейту үшін 
Мысырға  баруға  кеңес  берді.  Сол  кездегі  Башкортостанның  шалғай 
бұрышында Ибн-Таймияның ой-пікірлеріне қызыға қарайтын көпестің 
табылуы  башқұрттар  мен  татарлар  арасында  ұлттық  сана-сезімнің 
оянуы мен білімнің таралуын айғақтайтын қуанышты фактілер еді. Бұл 
кісі маған жолыңа деп тағы да төрт-бес рубль берді. Мұның өзі қандай 
жақсы жәрдем болды десеңізші! 
 
Қонақбайдың сұлуы 
 
 
Мелеузден  мен  жаяу  шығып  кеттім.  Әкем  іздеу  салады  ма  деп 
қауіптеніп,  үлкен  жолға  жақын  бармадым.  Егінді  жерде  түнеп 
шықтым.  Бір  күні  Қонақбай  ауылының  шетіндегі  шағындау  салынған 
жай  қора-қопсы  маңынан  бір-ақ  шықтым.  Үй  иесі  үйінде  жоқ  боп 
шықты.  Олар  өте  кедей  жандар  екен.  Інісімен  қалған  он  төрттер 
шамасындағы  қыз  бала  шай  қайнатып,  дастархан  жайды.  Екеуі  де 
таңғаларлықтай  сұлу  еді.  Ол  жерде  қайтыс  боп  кеткен  қайыршының 
шапанынан тігілген көрпе бар екен. Құдайым-ай, қандай кедейшілікті 
бастан  кешіруде  еді  бұл  жандар,  әрі  қарай  қалай  өмір  сүрер  екен  деп 
ойладым.  Мен  оларға  өзімнің  дорбамдағы  нанымды,  қазымды  және 
құртымды бердім. Менің басынан бір ой кетпей қойды: «Бұлар қандай 
керемет  сұлу  жандар,  сонымен  бірге  не  деген  қайыршылық  өмір 
сүруде».  Түрік  тұрмысының  ащы  кереғарлығы  туралы  кезінде 
Жалалиддин  Руми  мына  жолдарды  жазған  екен:  «Түріктің  киіз  үйі 
қаншалықты қараңғы және жұтаң көрінсе де, ондағы сұлудың жүзі ай 
сияқты  жарқырайды».  Бұл  лашық  тұрғындарының  сауып  ішетін  бір 
ғана  ешкісі  бар.  Дегенмен  де  башқұрттардың  қонақжайлығының  шегі 
жоқ  және  егер  де  бұл  балалардың  әкесіне  рухани  жақын  досы  ишан 
немесе шейх келе қалса, ол ойланбастан қонағына өзінің жалғыз ғана 
ешкісін  сойып  тастар  еді.  Егер  мен  оқуды  ойламағанымда  бұл  қызға 
үйленген  де  болар  едім.  Ол  «Сен  тағы  да  келесің  бе»  деп  ұялып 
сұрағанда,  «Мен  алысқа  оқуға  бара  жатырмын»  деп  түсіндірдім.  Ол 
«Алыс  жол  жүргенде  керек  боп  қалар»  деп  маған  ақ  жібімен  қоса 
инесін   берді.   Мұның    өзі    жолаушыны    бір    кезде  кері қайтаруға  

155 
 
А.З.Валиди Тоған. Естеліктер. 
 
ниеттенгендігін  білдіретін  біздің  халқымыздың  әдет-ғұрыптарының 
бірі болуы мүмкін екендігін кейініректе білдім. 
Үлкен  жолдан  бір  бұрылыстағы  Мұса  ауылында  әкемнің 
Набиқажы  атты  досын  кездестірдім.  Бұл  толықтау  келген  адам  еді. 
«Егер сенің әкең ізіңе түсіп жүрсе, қашып кетуіңе жәрдемдесем», - деп 
сендірді ол. Ол да менің деревняда байланып қалып кетуімді қаламаған 
жандардың  бірі  еді.  Келесі  күні  ол  аттарын  жегіп,  Қарғалыға  дейін 
жеткізіп  салды  да,  жолыңа  деп  азғантай  ақша  берді.  Сен  дұрысырақ 
киініп  жүр  деп  тағы  да  бір  мата  берді:  «Орынборда  киім  тіктіріп 
аларсың», - деді. Мен бұл матаның орнына Қонақбайдың балаларының 
қиын  жағдайын  тілге  алып,  менің  атымнан  оларға  көрпе  тапсыруын 
өтіндім.  Ол  қыздың  есімі  Зүлейха  еді.  Қызбен  сүйісу  деген  біздің 
ауылда өмірі болмаған жағдай. Сүйісу туралы мен орыс романдарынан 
ғана  оқыған  едім  және  бұл  құштарлығымды  басып  тастап  жүргенім 
қандай жақсы болды.  
Уақыт  өтіп  жатты.  1913  ж.  мен  Орынбордағы  Стерлитамак 
жаққа  салт  атпен  бардым,  жолым  Қонақбай  ауылына  жақын  жерден 
өтетін  еді.  Ол  кезде  Зүлейха  есімді  қызға  арнап  Гетенің  жазған 
өлеңдерін оқығаным бар. Немісше үйрене бастаған кезім: 
«Сүюдің  тәтті  ләззатындай  махаббат  күнәһарлығының  азабын 
өшіруге мүмкіндік бергейсің, 
Сенің  маған  сыйлаған  фетишің,  сенің  жүрегіңде  менің 
талисманым болып қалсын». 
«Зүлейха берген ине мен ақ жіп мен үшін сол фетиш болды-ау» 
деп ойладым. 
Станциядағы  почтада  бұл  ауылдың  тұрғынын  кездестіріп: 
«Бірде  бұл  жерлік  Зүлейха  есімді  қызды  інісімен  бірге  көрген  едім, 
олар  деревняның  шетіндегі  лашық  үйде  тұратын-ды,  олар  қалай  өмір 
сүріп  жатыр»  деп  сұрадым.  Ол:  «Олар  қазір  отбасын  құрған,  екеуінің 
де  балалары  бар  және  оларға  бір  шәкірт  келген,  содан  соң  оларға  екі 
көрпені беріп жіберген. Сол адам сен емессің бе?» – деп сұрады. Мен 
«олар  өте  кедей  тұратын  еді»  дей  салдым.  Набиқажыдан  оларға 
сыйлық беріп жіберген едім. Ол: «Сенің өзің кедей шәкірт бола тұрып, 
қалайша басқаларға жаның ашып, жәрдем беруге ықыласты жан едің», 
- деді. 
 
Орынборға келіп жетуім, 
«Хұсайния» шәкірттері 
Менің  ақшам  өте  аз  қалып  еді  және  оларды  тек  тамаққа  ғана 
жұмсадым.  Муэдзиннің   келісімімен  мен  шөп  базарының қасындағы  

156 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
мешіттің бұрышынан орын алдым. Мешіт кішігірім бөлме сияқты еді. 
Таңғы намаз басталмастан-ақ тұратынмын және ақшам намазынан соң 
ғана ұйықтауға жататынмын. Киімім кірлеп кеткен соң оны жуу үшін 
Сакмараға  бардым.  Ағын  су  көйлегімді  ағызып  әкетті.  Ауыстыратын 
көйлекті  алмап  едім.  Оны  алам  деп  жүріп  өзімнің  суға  батып  кетуіме 
сәл-ақ қалды. Ағаштың су шайған тамырына қолым тиіп, әйтеуір содан 
соң  жағаға  шығып  алдым.  Ағын  су  мені  алысқа  қарай  әкетіп  еді. 
Көйлегімді  ағызып  әкетті,  ал  мен  аман  қалдым,  бұл  үшін  де  құдайға 
мың  да  бір  рахмет  айттым.  Жолда  «Хусаиния»  медресесінің  бір  топ 
шәкірттерін кезіктірдім. Олармен бұрынырақ танысқан едім. Олар мені 
толқынның ағызып әкете жаздағанын көріп өзенге жүгіріп келген екен. 
Олардың арасында Бектемір атты башқұрт жігіті бар екен. Кейініректе 
ол  қайтыс  болып  кеткенге  дейін  біздер  достасып  жүрдік.  «Аллах  сені 
құтқарды,  оған  рахметіңді  жаудыр»,  -  дейтін  ол.  Мен  де  оның  сөзін 
қоштап:  «Малтуды  білместен  ағын  суға  түсіп  кеттім,  өзіме  де  сол 
керек,  және  сол  үшін  құдай  мені  жазалады,  бірақ  та  соңғы  сәтте 
құтқарылуым  үшін  суда  тырбиып  өскен  ағашты  (коряга)  ұстата 
салды»,  -  деп  едім,  ол:  «Ештеңе  етпейді,  қорықпа,  жүзуді  өзім 
үйретермін»,  -  деп  мені  жұбата  сөйледі.  Мені  жатақханасына  әкеліп, 
көйлегін берді. Түстеніп алдық. Оның  достарының арасында кіші інісі 
Ғабдолла Баттала да бар еді. Жазушылығымен танылған бұл  адаммен 
мен кейініректе таныстым. Оны Кави деп атап кеткен, ол қазіргі тілмен 
айтқанда,  «өз  бетімен  кеткен  жастардың»  бірі  еді,  сол  кезде  елде 
оларды  «материалистер»,  «атеистер»  деп  атаған.  Бұдан  кейін  мен 
онымен достасып кеттім. Оларға менің сыртқы пішінім бір түрлі қызық 
көрінді, өйткені мен нағыз ауылдық башқұртша киінген едім; басымда 
аң  терісінен  әдіптеліп  тігілген  бөрік  және  тебетей,  иығымда  бешпент 
және елян, аяғымда – етік (ичиг) пен ката (тері шәрке), үстімде кенеп 
көйлек  (түйме  орнына  пайдаланылатын  бау),  шалбар  дегенің  жоқ, 
оның  орнына  шын  мәніндегі  қолайсыз  әрі  күлкілі  фасонмен  тігілген 
ерекше  бір  кенеп  дамбал,  оның  белбеуі  де  жоқ,  жай  ғана 
байланатындай  жіп  өткізіліп  қойылған.  Медреседегі  жаңадан  келген 
қалжыңбас достарымның бірі  менің кенеп дамбалының бауын тартып 
қалып  еді,  ол  түсіп    кетті.  Мен  ыңғайсыз  жағдайда  қалдым.  Бәрі  де 
көздерінен жасы аққанша күлісті, Олар ешуақытта мұндай киімді киіп 
жүруге  болмайтынын  ескертті.  Бектемір  қалалықтарша  тігілген 
шалбарын  берді.  Бұл  менің  бірінші  рет  еуропа  үлгісімен  тігілген 
шалбарды киген кезім. Біздің ауылда шалбарды тек қыстың күні  ғана 
киетін-ді.   Менің   сыртқы  түрімді  көрген  шәкірттер шалғай ауылдан  

157 
 
А.З.Валиди Тоған. Естеліктер. 
 
келген  аңқаулау  біреу  екен  деп  әжуалап  жүрді.  Олардың  арасында 
орысшаны  аздап  білетіндер  және  социализм  туралы  түсініктеме 
беретіндер  де  болды.  Менің  парсы  және  араб  тілдерінде  сөйлесе 
білетінімді, ал орысшаны олардан жақсырақ білетінімді білгеннен соң 
олар  қатты  таңқалысты.  Үйден  шығып  бара  жатқанымда  дорбама 
Абу’ль  Ала  әл-Мааррдың  кітабын  («Әл-Лузумият»),  Ядринцевтің 
«Положение  инородцев  в  Сибири»,  Аттардың  «Шейхтардың 
өмірбаянын»  сала  салғам.  Орыстың    кітап  сатушысынан  Гараб 
Навзидің  «Орысша-арабша  сөздігін»  сатып  алғам.  Бұл  кітаптың  өте-
мөте  пайдасы  тиді.  Жұмыс  арасында  жаңағы  сөздікті  пайдаланып, 
Ядринцевтің
12
  кітабынан  жекелеген  үзінділерді  түрік  (шағатай)  тіліне 
аударып  жүрдім.  Оны  Бектемірге  көрсеттім.  Түсінігім  бойынша, 
кітаптың «Причины гибели нерусских народностей и их способность к 
культурной  жизни»,  «Значение  кочевой  жизни  в  истории  развития 
културы  человечества»  атты  екі  бөлігін  аудардым.  Осы  себепті 
«жұрттың ыңғайына жығылмайтын жастардың» маған деген көзқарасы 
елеулі өзгерді.  
Бектемір  ауыл  имамының  ұлы  еді.  Ол  тағы  да  маған  өзі  киіп 
жүрген жазғы пальтосын берді. Сөйтіп, мен қалалық адамның кейпіне 
кірдім.  Басқа  шәкірттер  орыс  және  араб  тілдерінен  дәріс  беруімді 
өтінді.  Бірақ  мен  білімім  әлі  де  жеткіліксіз  деп  көнбедім.  Сонда  олар 
өздері  тұрған  жатақханаға  барып,  олармен  бірге  тұруымды  қалады. 
Бірақ 
та 
олардың 
ішінде 
шарап 
ішуге, 
қарта 
ойнауға 
құмартатындардың  барын  білгеннен  кейін  оларға  жақындағым 
келмеді.  Мешіттен  шығысымен  біздің  ауылдан  кетіп  саудамен 
айналысып жүрген мишарлық түріктің үйіне бардым.  
Бектемір  маған  әжептәуір  жүзуді  үйретті.  Біздер  күн  сайын 
Сакмараның  баяу  ағатын  жеріне  барып  шомылып  жүрдік.  Шәкірттер 
бұл жігіт әрі қарай немен айналысар екен деп қызықты, бірақ мен ары 
қарай  не  істейтінімді  өзім  де  анық  білмейтін  едім.  Алайда  оқуымды 
міндетті түрде жалғастыра беретініме сенімім кәміл еді. 
 
Камал-байдың 
емтиханы 
 
Нақ  сол  күндері  Түркияда  революция  болған  еді.  Татарлар 
ашқан  оқу  залына  келіп  Парижде  жас  түріктер
13
  тарапынан 
шығарылып  жатқан  «Шура»  және  «Уммат»  газетінде  жарияланған 
жаңалықтармен  таныстым.  Орыс  газеттері  де  бұл  жөнінде  егжей-
тегжейлі   хабар   таратты.   Түркиядағы   бұл    оқиға менің көңілімнің  

158 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
төрінен  орын  алды.  Мұса-қажының  кеңесімен  мен  татар  байларының 
бірі  Камал-бай  Ғабдуллинмен  таныстым.  Ол  менің  Стамбұл,  Бейрут 
немесе  Мысырға  оқуға  барғым  келетінін  мақұлдамады.  Өздерінің 
мүмкіндіктеріне  қарай  менен  емтихан  алды.  «Қырық  парыз  туралы 
түсінігің бар ма?» - деп сұрады ол. Намаздан, зекеттен, оразадан және 
қажылықтан  басқа  парыздарды  білмегендіктен,  оның  сұрағына  жауап 
бере  алмадым.  Бұдан  соң  ол  кейбір  намаздар  –  дога  туралы  сұрады, 
алайда оларды да білмейтін болып шықтым. Әңгіме мынада еді: Менің 
тәлімгерім  Хабибназар  маған  ең  алдымен  әдеби  арап  тілін  үйреткен. 
«Діни  мәселелерді  кейін  біле  жатарсың»,  -  деген  еді  ол,  бірақ  та  ол 
мәселелермен  кейініректе  де  айналысуыма  тағдыр  маған  жазбаған 
екен.  Либералдық  көзқарасты  ұстанған  бұл  адам  намаздың 
парыздарына, міндеттеріне мән бергенмен, суннаға кіретін бөлімдерге 
назар  аудармапты.  Камал-бай  менен  бұл  туралы  да  сұрады.  Мен  бұл 
ретте  білмейтінімді  байқаттым.  Бұл  жерде  оның  іс  басқарушысы  да 
болып  еді,  ол  маған  кінәлай  қарады.  «Құранның  бір  жерінде 
мұсылманның  жеуіне  болатын  малдың  төрт  жұбы,  басқа  жерінде  -  
сегіз жұбы аталған», – деді менен емтихан алушым. 
– Араб тілін түсінеді екенсің, оларды атай аласың ба? 
Мен Құранның кейбір жерлерін түсінемін, бірақ «асбаби нузул» 
және «ахкамға» әлі жеткенім жоқ дедім. «Стамбұлға немесе Мысырға 
барудан  алдын,  саған  бұл  жердің  өзінде  әлі  көп  нәрсені  біліп  алуың 
керек,  -  деді  маған  Камал-бай.  –  Осы  жылы  Зағит  хазіреттің 
медресесінде  оқи  тұр,  мен  жәрдем  беріп  тұрамын.  Бірақ  Стамбұлға 
жетуіңе  мен  ақша  бере  алмаймын,  өйткені  үлкен  құрылысты  бастап 
жібердім». Бұл ретте Абу’ль Ала әл-Маарридың «Бұл дүниеде бәрінен 
кедей  адам  –  бұл  жеткілікті  ақшасы  болмай  тұрып  ұлы  да  қуатты 
әскерді жасақтауды ойлаған патша» деген өлең жолдары есіме түсті. 
Камал-байдан  алыстаған  бетте  мен  тәлімгерім  Хабибназарды 
кінәлай  бастадым:  Сен  маған  молда  Джами  мен  Тефтазанидың 
«Мутаууал»  және  «Нехж  әл-белаг»  кітаптары  бойынша  синтаксис, 
әдебиет, риториканы үйреттің, Ибн Халликанның
14
 тарихи кітаптарын 
оқуымды  қаладың,  ал  міне  «қырық  парыз»  мәселесінде  менің  ұяттан 
бетім қызарды. Міне, маған жасаған жақсылығың. Бұл жөнінде досым 
Ибрагим  Қасқынбайға  жазып  жібердім.    Камал-бай  өзінің  іс 
басқарушысымен  маған  көмектесуге  уәде  еткен  болса  да  және  оларға 
барып тұруыма болатын еді, алайда Орынборда жүрген кезімде бірде-
бір  рет  оның  үйіне  кіріп  шықпадым.  Бірақ  Камал-байдың  сөзі  менің 
басыма құлағы бар ағаш шелекпен суық суды құя салғандай әсер етіп,  

159 
 
А.З.Валиди Тоған. Естеліктер. 
 
іштегі  толқыныстарымды  басып  тастады,  өйткені  ол  менің 
надандығымды көрсетіп, білім қуу мақсатында дереу Мысырға немесе 
Бейрутқа  жол  тарту  жөніндегі  жоспарымнан  бас  тартуым  керек 
екендігін  айқындап  берді.  Камал-байдың  пікірінше,  Хабибназардың 
үйреткені ұсақ-түйек қана жайттар. 
 
Ризаитдин Фахретдин 
 
Бұл жылы Орынборда Ризаитдин Фахретдиннің жетекшілігімен 
«Шура»  журналы  шыға  бастаған-ды.  Сол  жылы  ол  мәшһүр  ғалым 
Абу’ль  Ала  әл-Маарридың  өміріне  және  философиялық  іліміне 
арналған  еңбегін  жарыққа  шығарды.  Оның  кітабын  ауылда  жүрген 
кезімде-ақ  оқыған  тұғынмын.  Сөйтіп,  әкемнің  жақын  досы 
Р.Фахретдинге  бардым.  Ол  мені  жылы  шыраймен  қарсы  алды. 
Журналды  қаржыландырған  Рамиевке  тиісті  жеке  үйде  тұрып  жатқан 
екен.  Біз  тарих,  әдебиет,  әсіресе  әл-Маарри  туралы  ұзақ  әңгімелестік. 
Әрине, мен оған «Қырық парыз туралы қиссаны» айтпадым. Ары қарай 
оқығым  келетінін  жеткіздім.  Ол  орысшаны  аздап  білетін-ді,  орысша 
тарихи  кітаптарды,  оның  ішінде  Соловьевтің  тарихын  көрсетті.  Мен 
оған  орыс  мектебінде  немесе  Сирияға  барып  оқысам  ба  екен  деп 
толқып  жүргенімді  айттым.  Ол  елімізде  қалып  қызмет  ету  керектігін 
нұсқады. 
Р.Фахретдин 1926 ж. қажылыққа сапар шеккен бойда жолшыбай 
Стамбұлға  тоқтаған  және  Саматья  қонақ  үйінде  тұрған  еді.  Ол  біздің 
1918 жылғы Орынбордағы әңгімемізді есіне алды. «Сол кезде Ресейден 
кетіп  қалғаның  қандай  өкінішті  болар  еді,  -  деді.  –  Өйткені,  Сирияға 
барғаныңда революция жылдары өзіңнің шығыс түркілері арасындағы 
тарихи  миссияңды  орындай  алмас  едің.  Біздің  Түркияға  кеткен 
зиялыларымыздың ішінен тек Юсуф Акчура мен Ахмет Ағаоғлы ғана 
бұл аймақтың мәдениетінде қомақты, елеулі ізін қалдыра алды». 
Мен  «Шура» журналын қаржыландырған ақын Зәкір Рамиевтің 
үйіне  бардым.  Онымен  мен  Ирендық  тауларының  шығыс  беткейінде 
орналасқан  «Сұлтан»  атты  алтын  кен  орнында  танысқан  едім.  Мен 
әкеммен бірге Троицкіге бара жатқанда ол жерге аялдаған едік. Оның 
өлеңдері керемет еді, ол шағатай әдебиетін жетік білетін-ді. 
Бұл жылы  «Шура» журналының мұқабасында Әлішер Науаидің 
төрт  жолды  өлең  шумағы  басылған  екен:  «Ей  Құдайым-ай  менің 
махаббатымды  біле  тұрып  және  менің  ынтықтығыма  орай,  сен  менің 
сүйіктімнің  бұрымының  ұзындығын  оның  бойымен  бірдей  етіп 
жаратыпсың» (бірақ шын мәнінде бұл өлеңдер ХІ ғасырда  өмір  сүрген  

160 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
алтынордалық  ақын  Хорезмийдің  қаламына  тиісті  болуы  керек).  Мен 
Зәкір-бейге  бұл  поэтикалық  үзіндінің  сондай  әсерлі  екендігін  айттым 
және  Науаиден  есімде  қалған  тағы  бірдемені  жатқа  айтып  бердім.  Ол 
бірден бұл өлеңдерді өзінің дәптеріне жазып қойды. Айтқандай менің 
өзіме  қатты  ұнаған  Науаидің  тағы  да  мына  бір  өлеңдерін  оқыдым: 
«Бөтен  жерде  адам  шаттыққа  бөлене  де  алмайды,  еңбегімен  де, 
ғалымдығымен  де  алғыс  ала  алмайды.    Алтын  торда  әдемі  гүлдің 
гүлдеуі  мүмкін,  бірақ  та  жат  жерде  бұлбұлға,  тіпті  тікенектердің 
арасында  да  ұя  салуға  мүмкіндік  берілмейді».  Ол  үнемі  жабырқаулы  
жүреді. 
Зәкір Рамиев өлеңнің мән-мағынасы менің жағдайым мен көңіл-
күйіме  сәйкес  айтылғанын  бірден  түсінді.  Мен  оған  Қазанға  барып, 
ондағы  бұратаналар  мектептері  үшін  орыс  тілінің  оқытушыларын 
дайындайтын  мектепке  түскім  келетінін  айттым.  Ол  менің  ойымды 
құптады.  Мен  оны  өзімнің  бейшара  материалдық  жағдайымнан 
хабардар  еткім  келмеді.  Соған  қарамастан  «Вақыт»  (Уақыт)  газетінің 
редакторы  Ярулла  Валиевпен  кездесуіме  кеңес  берді.  Келесі  күні  сол 
адам Зәкір-бейдің атынан маған 50 рубльді табыстады.  
Зәкір-бей  ағынан  жарыла  сөйлесті.  Ол  менен  Науаидің 
өлеңдерін  қай  жерден  оқығанымды  сұрады.  Мен  ««Диуан»  әкемде 
және  Қасқынбайда  бар,  ал  тасқа  басылған  «Хамса»  Сайрамдық 
Бекболат-хазіреттен  табылады»,  –  дедім.  Ал  Зәкір-бей  Әлішер 
Науаидің  «Хамсасы»  мен  «Диуанын»  әлі  көрмеген  екен,  оның  тек 
«Мухакамасын» ғана оқыған болып шықты. 
 
Астраханға саяхат. 
Гумердің ұлы Ғабдрахман 
 
Наби  қажы  мен  Зәкір  Рамиевтен  алған  ақшаға  алдымен 
Астраханға барып, содан соң Қазанға жолға шығу үшін Орынбордағы 
товар поезына отырдым. Бузулук қаласынан түсіп, Ғалиәскер Шағатай 
атты  имам  және  редактормен  кездестім.  Либералдық  көзқарасты 
ұстанған  бұл  адам  Пайғамбардың  Айшасының  абыройын  төгуге 
тырысқан  еңбек  жазған.  Әңгімесінен  белгілі  болғанындай,  мұндай 
мәліметтерді  ол  орыс  миссионерлерінің  шығармаларынан  алған 
көрінеді.  Оның  үйінде  ислам  тарихы  бойынша  ешқандай  деректердің 
жоқ екендігін байқадым. 
Самара қаласында мен «Иқтисад» журналының баспагері, зиялы 
және  сүйкімді  жан  имам  Фатих  Муртазинмен  кездестім.  Біз  онымен 
халқымыздың  өмірі  туралы  сөйлестік.  Ол бұратаналар үшін ашылған  

161 
 
А.З.Валиди Тоған. Естеліктер. 
 
мектептегі  оқумен  шектеліп  қалмастан,  экономикалық  ғылымдармен 
де шұғылдануым және университетке түсудің жолын іздестіруім керек 
екенін  айтты.  Емтихандарды  тапсыра  алуым  үшін  өз  бетіммен  оқуым 
керектігін  ұқтырды.  Мұндай  кеңесті  өз  кезінде  д-р  Зайнаб 
Абдрахманова мен адвокат Сұлтанов та берген еді. Хазірет Фатихтың 
да маған нақ осындай кеңес бергені таңғалдырды. 
Мен кемеге отырып Астраханға қарай бет алдым. Бұл сапардағы 
бір ғана мақсатым  – бұл қалада  «Идел»  атты газетті  шығара бастаған 
Ғабдрахман  Гумеровпен  кездесу  еді.  Ол  Қара-ноғай  түріктерінен 
шыққан және менің немере  ағам Хабибназардың Қазандағы Маржани 
медресесінде сабақ беріп жүрген кездегі шәкірті болатын. Бірде өзінің 
ұстазын іздей жүріп Ғабдрахман біздің деревняға келген-тін. Ол кезде 
мен  кішкентай  едім.  Олар  әкеммен  және  оның  інісі  Қали  молдамен 
бірге Агидельдің және Жайықтың бойымен серуендеп, ежелгі ноғайлар 
дастандарында  әңгімеленетін  Шықмамай,  Иремел  жайлауларын  кезіп 
шыққан.  Әкем  және  немере  ағаммен  ұзақ  жылдар  бойы  хат  жазысып 
тұрды. 
Гумеров  Астрахан  қаласының  шетіндегі  Тияқ  атты  махаллада 
тұрған. Ол мені үйіне апарып, содан соң Астрахан маңайындағы ноғай 
ауылдарын  аралатып  көрсетті.  Ол  да  ежелгі  түрік  дастандарын  сүйіп 
оқыған,  зерттеулер  де  жүргізіп,  олардың  бірсыпырасын  жариялаған 
жан  еді.  Мен  одан  оқуымды  жалғастыруым  жайында  кеңес  сұрадым, 
бірақ  ол  редактор  болғандықтан  менің  әдеби  мүмкіндіктеріме 
қызығып,  Астраханда  қалып  газетте  қызметке  тұруға    және  осында 
үйленуіме кеңес берді. Бірақ мен өз ниетімнен қайтпай, Қазанға барып 
оқуымды  жалғастыруым  керек  деп  тұрып  алдым.  Содан  соң  кемеге 
міндім. 
Қазанға  теңдер  арасында  отырып  әзер  дегенде  жеттім.  Қазанға 
біраз  ақша  тауып  алып  бару  үшін  жұмысқа  тұрмақшы  болдым  да, 
Саратовқа  жетпестен  Балаковкадан  түсіп  қалдым.  Біреулердің 
айтуымен  орыс  байы  Прохоровтың  қожалығына  тарттым.  Астраханда 
тігіп  алған  қысқы  киімдерім  мен  кітаптарым  салынған  дорбаны 
асынып,    сапарға  шықтым.  Әлі  де  отыз  шақырым  жол  жүруім  керек. 
Жаяу  жүріп  келем,  аяқтарым  қажалып  кетті.  Кешке  қарай,  ақырында 
бұл  қожайынның  тұрағына    да  жетіп  алдым.  Бір  шайханаға  кіріп, 
Ибрагим  Қасқынбай  мен  анама  хат  жаздым.  Жолшыбай  көрген 
азабымды  жаздым,  бірақ  оқуым  үшін  бәріне  де  шыдайтынымды 
жеткіздім.  Әкеме  маған  деген  ашуы  әлі  тарқамағандықтан  хат 
жазбадым. 

162 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
Сол  орыс  байының  қожалығында  астық  бастырғышта  15  күн 
істедім.  Мен  20  күн  істеймін  деп  ойлап  едім,  астық  бастырғышы 
құрғыр  бұзылып  қалды.  Сол  үшін  басқарушыдан  сөгіс  естідім.  Бұл 
менің  намысыма  қатты  тиді.  Қорлық  көріп  тапқан  ақшасы  құрысын 
дедім  де,  істеген  күндерім  үшін  есеп  айырыстым.  Ақшаны  босқа 
шығындамау үшін Балаковоға жаяу кеттім. Онда күні бойы пристанда 
кемені  күтуіме  тура  келді.    Гузайр  есімді  камалектік  башқұрт  үйіне 
өзінің  жүк  арбасымен  баруға  ыңғайланып  жатқан  еді.  Оған:  «Мені  де 
ала  кетші.  Камалек  башқұрттарының  отанын  көргім  келеді.  Ол  жерде 
менің Иштуған атты бабаларымның бірі жерленген»,  - дедім. Ол шын 
көңілімен  мені  арбасына  шақырды.  Біз  башқұрт  ауылдарының  Солақ 
атты жеріне келіп жеттік. 1917 жылы біздің қозғалысымызға Камалек 
башқұрттарының ішінен өте абыройлы кісілер келіп қосылған еді. Бұл 
саяхатымыздың 9 жылдан кейін басталған саяси қозғалысымызда  көп 
пайдасы тиді. 
Келесі  күні  азанда  тағы  да  Балаков  пристанына  аттандым. 
Кемеге үлгермедім. Келесісін күтуіме тура келді. Сондықтан Ибрагим 
мен анама ұзыннан-ұзақ хат жаздым, онда бастан кешкендерімді өлең 
жолдарымен  жеткіздім.  Кемеде  Пушкиннің  «Пугачев  көтерілісінің 
тарихын» аударумен болдым. 
 
Маржани және оның шығармалары 
 
Қазанға  әупірімдеп  жетіп  алғаннан  соң,  менің  немере  ағамның 
ұстазы  Шигабутдин  Маржанидің  медресесіне  және  оның  ұлы  молда 
Бұрханға  баруға  асықтым.  Медресенің  мударисі  Сафи-хазірет  және 
оның  шәкірттерімен  сөйлестім.  Маржани  –  Ресей  мұсылмандарының 
арасынан  соңғы  ғасырларда  шыққан  ең  ұлы  ғалым.  Ол  орыс 
ориенталистерін де мойындатқан жан. Орыстың ғылыми конгрестеріне 
қатысқан.  Бірақ  оның  медресесін  басқарып  жүрген  хазіреттен  мен 
түңіліп кеттім. 
Қасым-хазірет  және  оның  төңірегіндегілермен  менің  қарым-
қатынасым  жақсы  еді.  Маржани  менің  тәлімгерім  Хабибназардың 
ұстазы  болғандықтан,  оның  айналасындағы  рухани  атмосфераны 
жақсы білетін едім. Молла Бұрханның және Қазанның басқа бір атақты 
ғалымы Ғалымьян Барудидің кітапханасында Маржанидің осы уақытқа 
дейін жарияланбаған сегіз томдық еңбегін – «Вафиятел аслафты»  араб 
тілінде  оқыдым.  Ол  еңбекке  кіріспе  ретінде  бұл  шығарманың  тек 
бірінші томы ғана басылып шыққан еді.  

163 
 
А.З.Валиди Тоған. Естеліктер. 
 
Араб  философы  Ибн  Халдунның
15
 
стилінде  жазылған 
«Муқаддима» деп аталатын өзінің осынау еңбегінде Маржани бірқатар 
либералдық  ой-пікірлерді  алға  тартқан.  Өзінің  осынау  ұлы  еңбегін, 
сондай-ақ  1881  ж.  баспадан  шыққан  бұл  еңбектің  қысқа  нұсқасын 
Маржани халифалардың тарихына, ислам ғалымдарының өмірбаянына 
арнап жазған,  соңғы томдарында Волга бойы, Түркістан және Осман 
империясының  ғылыми  қайраткерлері  туралы  жазылған.  Кішкентай 
жас  бала  болғандықтан  мен  бұл  ұлы  шығармалар  туралы  ештеңені 
білмеген  едім,  сондықтан  оларды  оқу  маған  орасан  зор  ләззат 
бағыштады.  Ресей  академиясының  хабарламасынан  бұл  мәшһүр 
еңбектердің  Қазан  университетінің  кітапханасында  сақталғанын, 
олардың  әлі  күнге  дейін  баспадан  шықпағанын,  каталогы 
жасалмағанын біліп алуға болады. Бұларды қысқартылған түрде, тіпті 
орыс тілінде шығаруға болар еді.  
Өткен  ғасырларда  өмір  сүрген  шығыс  түріктері  мәдениетінің 
бұл  ескерткіштерін  дұрысырақ  аудара  алатын  бірде-бір  адамның 
табылмауы  таң  қалдырарлық  жайт.  Қазіргі  уақытта  қазан 
татарларының    арасынан  араб  тілін  жақсы  білетін  мамандарды 
дайындау қолға алынса игі іс болар еді. 
 
Қазан реформистері 
 
Сол  жылдары  қазан  татарларының  арасынан  ауқымды 
реформалар  жүргізуді  қалайтын  жандар  шыққан  еді,  мектептерге 
өзгеріс  енгізуге  ұмтылатын  жастардың  ұйымдары  да  бар  еді.  Жалпы 
алғанда,  Қазанда  мен  адамдармен  жан-жақты  байланыс  орнатудан 
қашқақтайтынмын.  Реформаторлар  «Ислах»  атты  газет  шығарып 
тұрған. Мен олармен біршама кездесіп тұрған едім, алайда олардың іс-
әрекеті  мақсатсыз,  жоспарсыз,  ал  идеяларының  негізі  жоқтай  көрінді 
және  табандылық  танытып  әрекеттенген  жандар  емес  еді.  Олар  татар 
медреселерін 
гимназияларға, 
техникалық 
мектептерге, 
университеттерге  айналдырмақшы  ниетте  еді.  Ол  кезде  мен  шын 
мәніндегі ескірген медресені екі типтегі орта мектепке айналдырғанды 
жөн  деп  ойладым.  Олардың  бір  бөлігі  – христиан  типіндегі  «Илахият 
семинарияларына», басқасы – мұғалімдерді дайындайтын мектептерге 
айналдырылса мақсатқа сай болар еді. Бұл ойымды «Баянел хақ» атты 
татар  газетінде  жариялап  жаздым  да.    Бірақ  оны  реформистер  ұната 
қоймады.  Ақын  Ғабдолла  Тоқай  маған  өлеңдерімен  жауап  қатты,  ал 
жазушы  Фатих  Әмірхан  мақалаларын  жариялады.  Олар  менің  жазған 
мақаламның   авторы   журналист   Ғабдолла   Ғисмати   екен деп ойлап  

164 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
қалған.  Сондықтан  сөздерінің  сарыны  зілді  еді.  Менің  мақаламды 
келемеждеп  Тоқай  өлеңдерін  эпиграмма  жанры  түрінде  жазды:  «Бұл 
зиялы  адам  жоғары  мәдениетті  сатып  кетті».  Кейініректе  мен  оған 
мақаламның  авторы  Ғабдолла  Ғисмати  емес  екенін  есіне  салып  едім, 
ол  эпиграмманың  кейбір  тұстарының  жөнсіз  екенін  мойындады.  Бұл 
ақынмен сырлас болып жүрген адамдар (Фатих Әмірхан тобы) ішімдік 
пен  құмар  ойындарына  әуес  еді,  сондықтан  мен  олармен  оншалықты 
жақындаса  қоймадым.  Ақын  тұрған  «Бұлғар»  қонақ  үйінде  онымен 
кездесіп  жүрдім.  Және  ақынның  «қ»  әрпімен  (қазы,  қыз,  қымыз) 
басталатын  өлеңдері  өз  бастауын  Шайбек-Ханнан  алады  деп 
түсіндіргенімде  ол  шағатай  әдебиетіне  қызыға  қарады,  бірақ 
достарынан  қолдау  таппаған  соң,  қызығушылығы  лезде  басылып 
қалды.  
 
Менің Яруллах Бигиевпен және  
Кади Ғабдрашитпен танысуым 
 
«Ислах»  газеті  редакциясының  жоғарғы  қабатында  атақты 
ислам  ғалымы  Мұса  Яруллах  тұрды.  Көп  өтпей  онымен  танысып 
алдым.  Менің  араб  әдебиетіне  ден  қоюым  оған  өте  ұнады.  Біз  әл-
Маарридің  кейбір  идеялары  мен  оның  осынау  газетте  жарияланған 
мақалалары туралы сөйлестік. Оның үйінде мен атақты саяхатшы және 
редактор  Ғабдрашит  Ибрагиммен  таныстым.  Ол  менің  әкемді  біледі 
екен,  қажылыққа  онымен  бірге  барған.  Ғабдрашит  Қазанның  «Янги 
бистэ»  аталатын  ауданында  орналасқан  үйіне  шақырды.  Мен  оған 
оқығым  келетінін  айттым.  Ол  да  Ризаитдин  Фахритдиннің  сөзін 
қайталады;  араб  тілі  мен  әдебиетін  меңгеру  үшін  Сирия  немесе 
Мысырға барудың қажеті шамалы; бұл жерде, Қасым молданың үйінде 
араб  тілінің  көрнекті  білгірі,
 
тегі  Мағрибтық  жұрттан  шыққан  Ахмет 
Шанкити тұрады. Оның Қазанда бір жыл бойы қалатын ойы бар. Араб 
тілін сол кісіге барып жүріп үйреніп аларсың. Және Мұса Яруллах та 
бар. Ал орыс тілін үйрену үшін орыс мектебіне түсудің қажеті жоқ, бұл 
дегенің  ахлақсыздықтың,  моралсыздықтың  ошағы,  оны  өз  бетіңмен 
үйрен, емтихан тапсырарсың, мүмкін гимназия бағдарламасы бойынша 
емтихан  тапсыруға  дайындалатын  боларсың.  Қостанайлық  татар 
Ғабдолла Ғисмати да осы жолдан барды, - деді Ғабдрашит. Сөйтіп, екі 
жылдан бері шешімін таба алмай келе жатқан мәселем – Ресейде қалып 
орысша оқуым керек пе, әлде ислам елдеріне барып білім алуым керек 
пе  деген  мәселеде  біріншісін  таңдадым.  Өмірімнің  бетбұрыстық 
кезеңдерінде   маңызды   шешімдерді   әдетте сенім артқан адамдармен  

165 
 
А.З.Валиди Тоған. Естеліктер. 
 
ақылдасып  барып  қабылдауды  әдетке  айналдырған  едім.  Мұның  өзі 
жақсы нәтижелерге қол жеткізуіме жәрдемін тигізді. 
Ақшам  қалмағандықтан,  мен  «Қасымия»  медресесіне  түстім. 
Ондағы  дәрістер  мені  қанағаттандыра  алмады.  Фатих  Мухамедиярова 
мұғалиманың  математика  сабағына  қатыстым.  Араб  тілі  мен  әдебиеті 
бойынша  Ахмед  Шанкитидан  дәріс  алдым,  арап  жазушысы 
Харриридің  әзіл-оспақты  әңгімелерін  оқи  бастадым.  Кейде  Ахмед 
Шанкити, кей-кейде Мұса Яруллах немесе Қасым хазірет материалдық 
көмегін  көрсетіп  тұрды.  Мұса  әпендіден  арап  ақыны  Тарфа  Ибн  Әл-
Абданың  диуандарын,  Ибн  Дурайданың  мадақ  өлеңдерін  оқып 
үйрендім.  Мұса  әпенді  менің  орыс  тілін  қаншалықты  меңгергенімді 
тексеріп  жүрді  және  қажетті  кітаптарын  бері  тұрды.  Баспаға 
дайындалып жатқан, корректорға берілетін арап шығармаларын маған 
оқытып, бұл үшін төлем ақысын беріп тұрды.  
Ғабдрашиттің  ұлы  Мунир-бей  «Баянел  хақ»  газетінде  хаттар 
бөлімінің меңгерушісі болып істейтін-ді, ол да басылымға дайындалып 
жатқан  ғылыми  мақалаларды  маған  оқытып,  мұның  ақысын  беріп 
тұрды.  Бірде  Мұхаметьян  Сайдашев  бұл  газетке  шығатын  альманахқа 
мақала  жазуымды  тапсырды.  Мен  мақаланы  орыс  деректері  негізінде 
дайындадым. 
Бір  күні  Мұхаметьян  Сайдашев  қожайын  Ғабдрашит  әпендінің 
ұлы  Мунир-бейге  менің  орысша,  арабша  және  парсышаны  меңгерген 
жігіт екенімді, сонымен бірге ауылдық киімде жүретінімді және маған 
дұрысырақ  киім  тіктіріп  бергісі  келетінін  айтты.  Мен  қалалық  татар 
киімін  кигім  келмейтінін,  орысша  тігілген  киімді  ұнататынымды 
айтқанымда  ол  қатты  ренжіп  қалды.  Сол  күні  Қазан  базарына  барып, 
орысша үлгіде тігілген киім алдым. Мұхаметьян Сайдашевтің бөліміне 
осы  киімде  кіргенімде  ол  маған  тиісті  ақшаны  да  бермеді.  Сайдашев 
сияқтылар өте тәкаббар жандар еді. 
 
Орыс тілінен жеке дәріс алуым және  
ислам ғылымдарын оқып білу 
 
Мен  орыс  тілінің  дәрістерін  «Қасимия»  медресесінің 
жанындағы бұратаналар үшін орыс тілінің мұғалімдерін дайындайтын 
«Мектепте» істейтін Емельянов атты кісіден алдым. Қазан қоғамында 
бұл  мектепте  бұратаналарды  христиан  дінін қабылдауға  дайындайды-
мыс  деген  қауесет  тарағандықтан,  мен  орысша  сабақты  оның  үйіне 
барып жүріп үйрендім.  

166 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
Қазанда  жүрген  кезімде,  1)  Маржанидің  жарияланбаған 
еңбектерін  оқумен,  2)  арап  тілін  үйренумен,  3)  бұратаналар 
мектептерінде  сабақ  бере  алатын  орыс  тілі  мұғалімі  деген  атақ  алу 
үшін  емтихандарға  дайындалумен  уақытымды  өткіздім.  Басқа  жаққа 
бұрылуға  шамамды  келтірмейтін  тағы  да  бір  қосымша  сабақтарым 
болды: бұл – біздің ислам  діні мен білімінің негізін құраған «Құран» 
мен  «Фикхтың»  орысшаға  ыңғайлап  жазылған  нұсқасын  үйрену  еді. 
Мұны Құранды жақсы білетін адам арқылы оқуға тырыстым және арап 
деректерін  орысша  аудармасымен  салыстырып  оқуды  мақсат  тұттым, 
ондағы ойым  – нағыз шынайы сенімге ие болу еді. Ғабдрашит әпенді 
мұның  үшін  түсіндірмелерімен  берілген  Құранды  баспадан  шығарған 
имам Садық Иманқұловқа жүгінуің керек деп кеңес берді. Немере ағам 
баяғыда  алдымен  әдебиетті  оқы,  содан  соң  ғана  барып  Құран  және 
«Фикхпен»  айналысарсың  деген  еді.  Сондықтан  да  мен  исламияттың 
негізін қалаған білімдерден жырақта қалған едім. Менің дініміз туралы 
ең  жалпы  және  терең  танымға  ие  болуға  ықыласым  ауды.  Имам 
Иманқұли  аптасына  екі  реттен  Құран  және  «Фикх»  бойынша  арнайы 
дәріс  беруге  келісті.  Үйде  мен  Құранның  Г.С.Саблуковтың
16 
орысша 
аударған  нұсқасының  үзінділерін,  сондай-ақ  намазға  қатысы  жоқ 
Ташкентте басылған «Хидаидың» бөліктерін қайта-қайта оқып жүрдім. 
Оларды  имам  әпендімен  бірге  арапша  мәтінмен  салыстыра 
қарастырдым.  Үш  ай  бойы  салыстырмалы  оқудың  нәтижесінде  мен 
біріншіден,  Бұхарада  оқыған  Садық  моллаға  мәтіннің  барлық  нәзік 
жерлерінің  бүге-шігесіне  дейін  толық  жетпегендігін,  екіншіден,  арап 
тіліндегі  біздің  дініміздің  негізгі  деректерінің  барлық  егжей-тегжейлі 
терең  иірімдерін  білу  –  менің  тағдырыма  жазылмаған  жайт  екендігін 
білдім.  Мұның  өзі  өте  көп  уақытты  алып,  сондықтан  мұны  жүзеге 
асыру  маған  қиынға  соғар  еді.  Егер  мұнымен  шындап  айналыссам 
орыс  мектебіне  түсу  нәсіп  етпейтініне  және  орта  білім  алу  жөніндегі 
ойды тәрк етуім керек болатынына көзім жетті. 
Егер  де  Құран  мен  «Фикхтың»  терең  иірімдеріне  бара 
алғанымда,  олар  туралы  нақты  білімді  ала  алғанымда  нелерге  қол 
жеткізер едім деп те ойлаған едім. 
Үш  айдан  соң  мен  бұл  дәрістерімді  бір  сағатқа  азайттым  да, 
содан  соң  мүлдем  тоқтаттым.  Бірақ  Саблуков  аударған  Құранды  өз 
бетіммен  оқумен  және  «Хидаи»  туралы  жалпы  мәліметтермен 
танысумен ғана шектелдім. Сөйтіп, ислам жөніндегі білімімді біршама 
молайттым. 

167 
 
А.З.Валиди Тоған. Естеліктер. 
 
Ислам  тарихын,  оның  мәдениетін,  тарихи  географиясын  түрлі 
дәуірлердегі  экономикалық  жағдайларын  жақсы  білгендіктен,  мен 
1935-1939 
жылдары 
Германияда 
Бонн 
және 
Гëттинген 
университеттерінде  ислам  ғылымдары  бойынша  профессор  міндетін 
атқарушы  болып  істедім,  сондай-ақ  менің  ұсынысым  бойынша 
Стамбұл  университетінде  ашылған  исламды  зерттеу  институтын 
басқардым.  Менің  ғылыми  қызметімнің  негізін  түріктер  тарихы 
құрағандықтан,  мен  бұған  барлық  зерттеушілік  күш-қайратымды 
жұмсауға  ықыластанып,  1953  ж.  Стамбұлда  негізі  қаланған  Ислам 
институтының  директоры  міндетін  атқарудан  бас  тарттым.  Бірақ  та 
алты ай ішінде бұл лауазымға  лайықты профессор табылмады. Қалай 
болғанда  да,  менің  бұл  институтты  басқаруыма  тура  келді,  мұның өзі 
исламтанудың  Түркияда  соңғы  жылдары  артта  қалғандығының 
көрсеткіші  еді.  Жалпы  алғанда,  Түркияда  ислам  мәдениеті  саласын 
зерттеуге құлшынған адамдар өте аз еді: Европа және шығыс тілдерін 
меңгерген адамдар болғанда, олар университеттерде профессор болып 
істеп жүретін еді. Өкінішке орай, бізде Үндістандағы сияқты Мұхамед 
Шафи,  Зәкір  Хұсейн,  Иранда  аты  шыққан  Такизаде  сияқты  мамандар 
әлі де өсіп шықпаған еді. Мен 1925 ж. Түркияға алғаш рет келгенімде 
мұнда қызмет етіп жүрген Исмаил Саиб, Бабанзаде, Наим бей, Халиди 
Ақсекили сияқты ірі ғалымдарды көрген едім. Ол кезде университетте 
мамандар  сабақ  бағдарламасына  теологияның  орнына    ислам 
мәдениетінің  тарихын  енгізген  еді,  сол  себепті  олар  кафедра 
профессоры  міндеттерін  атқара  да  алмайтын  еді.  Бізде  тек  соңғы 
жылдары  ғана  шығыс  және  батыс  тілдерін  білетін,  бүгінгі  талаптар 
деңгейінде  ғылыми  проблемаларды  түсінетін  исламтанушылар 
қалыптаса бастады.  
Бірақ  тағы  да  Қазанға  қайтайын.  Мен  Ахмед  Шанкитиден  көп 
нәрсені  үйрендім.  Оның  үйінде  арап  авторы  әл-Хариридің 
«Мақаматасының»  үлкен  бөлігін,  Джахиздің  мәшхүр  «Атақты  түрік 
тұлғалары» еңбегін, ежелгі Джаһили ақындарынан «Он орын» кітабын 
оқыдым.  Сондай-ақ,  бұл  адамның  кеңесімен  Қазан  ғалымы 
Ш.Маржанидің  еңбектері  жайында  32  беттік  мақала  жазып  бердім. 
Шанкити  менің  түрік  тарихы  мәселелерімен  қатты  әуестенгенімді 
білер  еді.  Отанына  барғаннан  соң  ол  түріктерге  арналып  жазылған 
кейбір өлеңдерін жазып маған жіберді. 
 
 

168 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
Түрік даласында газелдер
*
 бағылады.  
Сексеуіл ағашын олар кеміреді.  
Сол жануардың қаны төгілсе,  
Сол заматы ол мускусқа
**
 айналады.  
 
Бұл    өлең  жолдарын  Равалпиндиде  өткен  конгресте  маған 
«Филистаның»  мүфтиі  Мұхаммад  Әмин  әл-Хұсейн  оқып  берген  еді. 
Қалай  болғанда  да  олар  араб  әдебиетіндегі  белгілі  өлеңдердің 
үзінділері болуы керек. 
 
Ескертулер 
12.
 
Ядринцев  Н.М.  (1842–1894)  –  русский  публицист,  исследователь  Сибири, 
археолог  и  этнограф.  В  начале  60-х  годов  входил  в  кружок  сибирких 
областников,  был  арестован,  провел  в  тюрме  и  ссылке  9  лет.  Совершил 
комплексные  экспедиции  на  Алтай,  в  Минусинский  край  и  к  верховьям 
Орхона,  где  открыл  развалины  Хара  Балгаса  и  Каракорума,  а  также 
памятники  древнетюркской  письменности  (орхоно-енисейские  надписи). 
Этнографическое  изучение  Сибири  ученый  связывал  с  практической 
борьбой  за  улучшение  быта  коренных  народов  Сибири.  Важнейшие 
этнографические  труды:  «Сибирь  как  колония»  (1882)  и  «Сибирские 
инородцы, их быт и современное положение» (1891). 
13.
 
Младотурки  –  участники  турецкого революционного движения  в  конце ХХ 
вв., ставившие своей задачей замену султанского самодержавного правления 
конституционным  строем,  в  более  узком  смысле  –  члены  организации 
«Единство и прогрес». 
14.
 
Ибн  Халликан  (1211–1282)  –  перс.  по  происхождению,  автор  обширного 
биографического словаря  «Некрологи выдающихся людей», где содержится 
много достоверных сведений о современных ему государственных деятелях 
и писателях Ближнего востока. 
15.
 
Ибн Хальдун (1332–1406) – видный средневековый арабский историк. Свой 
важнейший  труд  –  «Книга  назидательных  примеров  по  истории  арабов, 
персов, берберов и народов живших с ими на земле» – он написал в 1370-х 
гг.  Западноевропейские  ученые  считают  Ибн  Хальдуна  «первым 
социологом»  за  его  попытку  установить  зависимость  расцвета  и  упадка 
государства  от  географических  и  других  факторов.  Ученый  выдвинул 
теорию  исторических  циклов,  согласно  которой  в  странах  с  умеренным 
климатом  наиболее  активной  силой  истории  являются  кочевники,  якобы 
обладающие  физическими  и  моральными  преимуществами  над  оседлым 
населением.  Поэтому,  по  Ибн  Хальдуну,  кочевники  периодически 
завоевывают страны с оседлым населением и образуют обширные империи.  
                                           
*
 Газель – қарақұйрық (киіктің бір түрі) 
**
 Мускус – жұпар су (бірқатар жануарлардың ұрық безінен шығатын хош иісті зат) 
 

169 
 
А.З.Валиди Тоған. Естеліктер. 
 
Но  через  3–4  поколения  потомки  кочевников  завоевателей  в  условиях 
городской цивилизации утрачивают свои положительные качества. Тогда из 
степей  и  пустынь  появляются  новые  волны  кочевников  завоевателей  и 
история повторяется. 
16.
 
Саблуков  Г.С.  (1804–1880)  –  русский  востоковед,  арабист,  родился  на 
Архангельском  заводе  близ  Уфы  в  семье  священника.  Написал  ряд 
нумизматических,  историко-археологических  и  этнографических  работ, 
связанные с изучением истории Поволжья, кипчаков и Золотой Орды, автор 
первого печатного русского перевода Корана с арабского языка. 
 
                                                                        Аударған – Сайран Ә. 
                                 
(Жалғасы. Басы өткен сандарда) 

170 
 
МАЗМҰНЫ,  CONTENTS 
 
КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ  
Бутанаев В.Я. 
(Абакан) 
Butanayev V.Ya. 
(Abakan) 
Литературное наследство  енисейских  кыргызов                 
времен  древнетюркских каганатов 
Literal heritage of Enisey Kyrgyz from Early Turkish Kaganat 
 
 
3-13 
ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОР 
Турдугулов А.Т. 
(Бишкек) 
Turdugulov A.T 
(Bishkek)
 
Аксиологические  парадигмы  акынской  поэзии  ( к вопросу о  структуре, 
поэтике, форме и содержания) 
Axiological paradigms akyn poetry (to the question about the 
structure, poetics , form and content)
 
 
14-20 
Карамашева В.Н. 
(Абакан) 
Karamasheva V.N. 
(Abakan) 
Хакасская литература  1920-х – 2000 –х годов 
 
Hakas literature between 1920-2000 
 
 
21-42 
Ислам Д.А. 
(Түркістан) 
Islam D.A. 
(Turkistan) 
Қазақ  өлеңіндегі  дәстүр мен жаңашылдықтың  зерттелуі 
Investigation of Tradition and Innovations in the Kazakh 
Poetry 
 
 
43-53 
ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ  
Нұсқабаев О. 
(Түркістан) 
Nuskabayev O. 
(Turkistan) 
Қоңыраттар: түпкі ататек тарихнамасы 
 
Konyrats: historiography of relationship 
 
 
54-82 
Абушарипов С. 
(Түркістан) 
Abuzharipov S. 
(Turkistan) 
Кочевая цивилизация в Центральной Азии 
 
Nomadic Civilization in Central Asya 
 
83-90 
Альжанова Э.Е. 
(Туркестан) 
Alzhanova E.E. 
(Turkistan) 
Туркестанский 
сборник 
– 
письменный 
источник 
культурного наследия среднеазиатских тюрков XIX века
 
Turkestan collection is a written source of the cultural 
heritage of Central Asian Turks in the 19 th century 
 
91-109 
Салғараұлы Қ. 
(Астана) 
Salgarauly K. 
(Astana) 
Аңыз ел Атлантида 
 
Epic state is Atlantis 
 
110-130 
ЭТНОМӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ 
Құлжаева Б.Ж. 
(Шымкент) 
Kulzhayeva B. Zh. 
(Shymkent) 
Қуатты  мәдениеттердің  тілдік  ықпалы  және  ұлттық 
дәстүрді сақтауда патриоттық рухтың маңыздылығы 
Linguistic Impact of Dominant Cultures and Importance of 
Patriotic Spirit in Preservation of  National Tradition 
 
 
131-137 
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ДІН 
Әбжет Б. 
(Түркістан) 
Abzhet B. 
(Turkistan) 
 
Қазақ хандығының қалыптасуы жолындағы діни 
идеологияның атқарған қызметі  
Function of Religious Ideology in Formation of Kazakh 
Khanate 
 
 
138-148 

171 
 
СЫН 
Тұрсұн Х. 
(Түркістан) 
Tursun H. 
(Turkistan) 
 
Этнотарихқа қосылған сүбелі үлес  
 
Ponderable contribution to Ethnic History 
 
149-152 
ТҰЛҒА  
З.В. Тоған 
Z.V.Togan 
Естеліктер 
Memoırs 
153-169 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

172 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАЙЛАНЫС 
Түркология ғылыми-зерттеу институты 
Түркістан/ҚАЗАҚСТАН 
e-mail: 
turkologi@mail.ru
 
Басылым: Ахмет Ясауи университетінің «Тұран» баспаханасы 
 
 
Редакцияның мекен-жайы: 
161200, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы 
Тәукехан даңғылы № 7 
Телефон. 8 (72533) 3-21-17 
Факс: 8 (72533) 3-31-63 
Журналдың электрондық нұсқасын turkology.iktu.kz сайтынан оқуға болады. 
 
 
 
 
Авторлардың мақалаларындағы ой-пікірлер редакцияның 
 көзқарасын білдірмейді.  
 
 Техникалық редактор Ж.Танауова 
 
Көлемі 70х100 1/16. Қағазы офсеттік. Шартты баспа табағы 11,5. 
Таралымы 500 дана. Тапсырыс 630.
 

Document Outline

  • bookmark1
  • bookmark2

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет