№6 (74), 2015 Қараша-желтоқсан



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет14/17
Дата08.02.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Түркология, № 6, 2015 
 
бірге  болған    одақтастарының    соғыс  алаңын  тастап,  шегініп    кетіп, 
өздерін  жау  өтінде  жалғыз  қалдырғанына  қарамастан,    жеңіске  жетіп,  
тойтарыс  беруі  дәлел.  Абыздың:  «город  ваш  то  воевал  во  главе 
эллинов,  то,  когда  другие  отступались,  противостоял  по 
необходимости  один  и  подвергал  себя  крайним  опасностям»  деуі 
осыны  көрсетеді.  Мұның  бәрі  сол  заманда  сондай  айтулы  өркениетке 
қол  жеткізген  тек  атланттар  ғана  емес,  солармен  бірге  сондай 
деңгейдегі  басқалардың  да,  яғни  Еуропа  мен  Азия  елдерінің    де 
болғанын  айғақтайды.  Олардың  өркениеттілігі  және  қай  тұрғыдан 
алғанда  да    атланттықтардан  кем  еместігіне  ежелгі  грек 
мемлекеттерінің,  жоғарыда  айтылған,  атлантидалықтардың    біріккен 
қарулы  күшіне  тойтарыс  беріп,    бұдан  бес  ғасыр  бұрын  қарудың 
басымдығымен  Америка  үндістерінің    ержүрек  жауынгер  ұландарын 
қырып-жойып,  жаулап  алған  еуропалықтардың      басқыншылығындай  
сұмдықты  жүзеге  асыруларына  жол  бермеуінің  өзі-ақ  нақты  кепілдік 
береді. 
Абыз  сөзінің  бұдан  кейінгі  берер  келесі  дерегі  де  біз  үшін  өте 
маңызды. Онда Сонхес  атланттар жеңілісінен соң, көп ұзамай: «... көз 
көрмеген  жер  сілкіністері  мен  топан  су  уақыты  келген  кезде  бір 
ғана  сұм  тәуліктің  ішінде  сіздердің  бүкіл  күш-қуаттарыңыз  жігі 
ашылған  жердің құшағына енді. Сөйтіп дәл солай Атлантида  да 
тұңғиыққа батып, жоқ болды. Осыдан кейін ол жердегі теңіз  осы 
күнге  дейін  саяздығымен,  шөгіп  қалған  тұнбаның  әсерінен    пайда 
болған аралдың  кесірінен  кемелер жүзбейтін теңізге айналды»,   - 
дейді.  Бұдан,  қазіргі  кезде  айтылып  жүргеніндей,    сұрапыл  табиғи 
апаттың  тек  Атлантида  аралында  ғана  болмағанын,  тек  соларды  ғана 
жалмап  тынбағанын,  оның  зардабын  бүкіл  жершары    түгел  бірдей 
тартқанын көреміз. Егер олай болмаса, Сонхес: «...когда происходили 
страшные  землетрясения  и  потопы,  в  один  день  и  бедственную 
ночь,  вся  ваша  воинская  сила  разом  провалилась  в  землю»,-
дегенді айтпас еді және онысын:. «Сөйтіп дәл солай Атлантида  да 
тұңғиыққа батып, жоқ болды» деп, нақты дерекпен тиянақтамас еді 
Мұндағы  абыздың: «вся ваша воинская сила разом провалилась в 
землю,-  деп  отырғаны  аталанттарға  қарсы  күреске  шығып,  жеңіске 
жеткен  грек  қалаларының  жауынгерлері    және  олардың  да    сол 
сұрапыл  табиғи  апаттың  атланттар  сияқты  құрбандығы  болғандығы 
екені  кім-кімге  де  түсінікті  болса  керек.      Бұл  –  сол  кездің  тарихи 
шындығын дұрыс тануға қызмет ететін өте маңызды дерек. 

117 
 
Салғараұлы Қ. Аңыз ел Атлантида. 
 
Осы орайда жастау кезімде оқыған  үнді ғалымы Тилактың бір 
кезде «Бізге беймәлім орасан зор құдыретті күштің әсерінен Жер өзінің 
осінен (кіндігінен) ауытқып барып, қайта орынына түскен. Осы ауытқу 
кезінде  бұрынғы  солтүстік,  оңтүстік  полюстер  қазіргі  экватормен,  ал 
бұрынғы  экватор  қазіргі  солтүстік,  оңтүстік  полюстермен  орын 
алмастырған.  Қазіргі  Арктика  мен  Антарктиданың  мәңігі  мұзының  
астында  бір  кезде  қайнаған  өмір,  дамыған  өркениет  болған»
1
 деген 
болжамы  ойға  оралады.  Бірақ  кезінде  ғылым  бұл  болжамға  мән 
бермеген  еді.  Енді,  міне,  қарап  отырсаңыз,  уақыт  өзгеріп,  ғылым 
дамып, техника жетіліп, соның арқасында  бұрынғы беймәлім  болып 
келген    құпиялардың  тылсым  сыры  ашыла  бастаған  қазіргі  заманда  
үнді  ғалымының  сол  болжамының  негізсіз  еместігі  айқындала 
бастағандай.  Кейінгі  космостан  зерттеудің  нәтижелерімен  бірге  жер 
бетінен табылған көзбен көріп, қолмен ұстар нақты айғақтар да  біраз 
жұмбақтың  шешуін  табуға  көмектесіп  отыр.  Соның  бірі  -  1929  жылы  
табылған түрік флотының аты тарихқа белгілі адмиралы Пири Реистің 
1513  жылы қолданған картасы. Картада Африканың батыс жағалауы, 
Оңтүстік  Американың  шығыс  жағалауы    және  қазіргі  мәңгілік  мұз 
басып жатқан Антарктиданың солтүстік беті бейнеленген. 
Міне,  осында    қазіргі  мұз  құрсанған  Антарктида  құрылығы  
кәдімгі көкжелек жамылған, жап-жасыл жер етіп көрсетілген.  Қазіргі 
ғылымға  Антарктиданың өзі Пири Рейс өмір сүрген кезден кейін  300 
жылдан  соң    танылса,    түрік  адмиралы  пайдаланған  картаны 
жасаушылар  бұл мәліметті қайдан алған? Үлкен жұмбақ! 
Ал  Антарктиданы  зерттеген  кейінгі  ғалымдар    болса,  осы 
деректің шындығына үн қосқандай,  онда, яғни Антарктидада осыдан  
6000    жыл  бұрын    «Мод  корольдігі    болған»  дегенді  айтады.  (Мұның 
символдық  таңбалардың    дұрыс  оқылмауынан  сәл  өзгеріске  түскен, 
жоғарыда  айтылған,  Джеймс  Черчвардтың  «Му  мемлекеті»  немесе 
соның отары  болуы да бек мүмкін. Қ.С.). 
Осы    мәселеге  қатысты    өз  пікірін  білдірген  зерттеуші  Б. 
Бейсенбай:  «қазіргі біздің білуімізше ең алғашқы өркениет орындары, 
мысалы,  Месопотамияда  Шумер,  Кіші    Азияда  Хаттар,  Африкада  
Египт бұдан 5000 – 6000 жылдардың арасында пайда болған. Ал негізгі 
дамыған  өркениеттің  белгілері    х.э.  дейінгі  3000  жылдардың 
маңайында   басталады. Бірақ онда да олар жер шарын шарлап, картаға 
                                           
1
  Бұл  түпнұсқадан нақты көшірілген дәйек сөз емес, есімде қалған мазмұн мағынасы 
ғана екенін ескертемін.Қ.С. 

118 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
 
 
Адмирал Пири Реистің 1513  жылы қолданған картасы. 
 
 
 
 

119 
 
Салғараұлы Қ. Аңыз ел Атлантида. 
 
 
 
1587  жылы  Герард  Меркатор  жасаған  әлемнің  картасы. 
Арктикадағы аралдар табиғаты басталғанға дейін. 

120 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
 
 
Арктика табиғи апатқа дейін. 
 
 
 
 
 
 

121 
 
Салғараұлы Қ. Аңыз ел Атлантида. 
 
 
 
 
Арктика табиғи апаттың бастапқы кезеңінде. 
 
түсіре  алатындай  деңгейге  жете  қоймаған  секілді.    Сонда  шумерлер 
мен  египттіктерден      мың  жыл  бұрын    ғаламның  картасын  жасаған 
кімдер?»,  -  деп  сұрақ  қойып,  оған:  «Бұл  қазіргі  ғылым  үшін 
шешілмеген  жұмбақ»  деп  жауап  береді  (Бейсенбай  Б.  «Атланттар 
туралы    аңыз  бен  ақиқат».  Ас.  2014.  48-б.).  Солай  дей  тұрғанмен,  
автордың кейінгі  дәйектеулері,  оның өзі   ашып  айтпағанымен,  ондай 
картаны  жасаушыларды    «атланттар»    деп  білетінін    айғақтайды.  
Мұның солай болу мүмкіндігін біз сондай-ақ есімдері әлемге әйгілі Ян 
Бушмехерс,  Герард    Меркатор  және    Оринт    Финей  секілді 
ортағасырлық  картографтардың  бір-бірімен  байланыссыз  жасаған 
Арктика  картасынан  да  көреміз.  Өйткені  бұл  карталарда  да  қазіргі 
қалың  мұз  астында  жатқан  Солтүстік  полюс  өзендері  ағып  жатақан  
құрылық ретінде көрсетілген. Ортасында ішкі теңіз қоршаған биік тау 
бар.    Осы   тауды   қоршаған   ішкі   теңізден  төрт  өзен  ағып шығып,  

122 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
құрылықты  төрт  бөлікке  бөлген.    Сол  секілді  әйгілі  географтардың 
карталарын зерттеген ғалымдардың  арктикалық аралдардың бұдан 10-
12  мың  жыл  бұрын  Еуразиядағы  Таймыр  жартыаралы  мен 
Америкадағы  Канаданың  арктикалық  архипелагын    бір-бірімен 
жалғастырып жатқан деген қорытындыға келулері де  осы бәріне ортақ 
бір шындықты айғақтап тұрғандай. 
Осы 
орайда 
жоғарыда 
айтылған 
тұжырымдар 
мен 
болжамдардың  бәрін  бір  арнада  түйістіріп,  зерделей  қараған  жан  бір 
кезде  «Атлантида»  деген  құрылық-аралдың  болғандығына  көз 
жеткізумен  бірге,  оның  жойылып  кетуіне  себепкер  болған    сұрапыл 
зілзаланың    тұтас  жершарын  түгел  шайқап,  жер  бетінде  орасан 
өзгерістер  жасағанын    да  байқар  еді.    Саис  храмында  сақталған  көне 
жазбаның    Египет  абызының  ауызымен  айтылған:  «...  көз  көрмеген 
жер  сілкіністері  мен  топан  су  уақыты  келген  кезде  бір  ғана  сұм 
тәуліктің  ішінде  сіздердің  бүкіл  күш-қуаттарыңыз  жігі  ашылған  
жердің құшағына енді. Сөйтіп дәл солай Атлантида  да тұңғиыққа 
батып, жоқ болды» деген дерек,  сол куәлікке басылған мөр секілді.  
Осыдан  кейін  біздің  Жарты  Шарда  жердің  жігін  ашып,  атланттарды 
жеңген    гректердің  бүкіл  күш-қуатын  жалмаған    апаттың  дәл  солай, 
дәл  сол  «бір    сұм  тәуліктің  ішінде»  Атлантиданы  да  тұңғиыққа 
батырып  жоқ  қылып  отырғанына  күдіктенуге  бола  ма?!.  Демек, 
дүниежүзілік    орасан  апатқа  дейін    бүгінгі  «мәңгілік  мұз  басқан»  деп 
жүрген  Солтүстік  Арктикада  бір  кездерде  қайнаған  өмір  болғаны  да 
шындық  қой.  Сол  секілді  бүгінгі  бізге  жұмбақ  дүние  болып  келген 
гректердің  Гипербореясының  да,  Египт  абызының  Солонға    айтқан 
Атлантидасының  да,  Джеймс  Черчвардтың  Му  контнентінің  де, 
парсылардың  Эранвезінің  де,  үнділердің  Шведатвипасының  да, 
шумерлердің  Дилмунының    да  -  бәрі-бәрінің  де    дүниежүзілік  апат 
алдында    өркениеті  өрге  басып,  дәуірлеген  елдер  болғаны  тарихи  
шындыққа айналмай ма?! 
Иә, олардың бәрі  де бір кезде, Египт абызының сөзімен айтсақ, 
«бір  сұм  тәуліктің  ішінде»  дүниежүзілік  алапат  зілзаладан  кейін 
жойылған,  жоқ  болған.  Бұл  мерзім  -  ғалымдардың  ортақ  пікірінше, 
христиан эрасына дейінгі 12 000 жылдардың шамасы. 
Рас,  қазіргі  ғылым  мұның  бәрін  ғылыми  тұрғыдан  мойындап, 
нақты  айқындығын  әлі    алға  жайған  жоқ.    Бірақ  жекелеген 
ғалымдардың зерттеулерінде бұлардың бос қиялдан туған жалаң аңыз 
еместігіне  иландырар  нақты  деректер  баршылық.  Олардың  бәрін 
бірдей  жоққа  шығару  мүмкін де емес.  Мысалы, саналы ғұмырын Му  

123 
 
Салғараұлы Қ. Аңыз ел Атлантида. 
 
өркениетінің болғанын және оның қалай  жойылып кеткенін анықтауға  
арнаған  британ  әскерінің  полковнигі  Джеймс  Черчвард        сол  Му 
мемлекетінің  кем  дегенде  елу  мың  жыл  өмір  сүргендігін  дәлелдеу 
мақсатында  біраз  жанама  деректерді алға тартады. 
Колумбқа 
дейінгі 
Америка 
өркениетін 
зерттеудегі 
алғашқылардың  бірі Огюст Ле Плонжо (1825- 1908)  Юкатанның көне 
қаласы  Чечен-Ицедегі    Кхан  (Хан)  патшаның  үлкен  ұлы,  майя  елінің 
бас  абызы  Каяның  (Кайдың)    мавзелейінің    ортасынан    он  екі  басты 
жыланның    бейнесі  мен  осы  бейненің    Кхан  әулетіне  дейінгі  жалпы 
жиынтығы 18 000 жыл майя халқын билеген  он екі   әулеттің сиволы 
екенін  айғақтайтын  жазуды  тапқан.  Бұл  ретте  бізге    «Троан 
Манускриптінің»  мәліметі  бойынша    Кхан  әулетінің  соңғы 
патшасының    одан  16 000  мың  жыл  кейін  өмір  сүргені  белгілі.  Сонда 
осы деректерде көрсетілген  екі мерзімді (18000+16000) қоссақ,  Майя 
патшалығы    Кхан  әулетінің  билігі  құлағанға  дейін  34 000  мың  жыл 
өмір  сүрген  болып  шығады.  Бұл  бізге  белгілі  деректер  бойынша.  
Мұның  сыртында    билігі  18000  жылға  созылған  он  екі  әулеттің  
болғанын айғақтайтын жазу Япониядан да табылған. Сондай-ақ  билік 
жүргізген мерзімі 18000 жылға созылған  он екі патша әулеті жөнінде 
көнеүнді  храмдарынан  табылған  тас  тақтайшалардағы  жазулар    мен 
қолжазбалар  да  нақты    мәлімет  береді.  Осыларға  Джеймс    Черчвард 
айтатын  он  екі  патша  әулеті  жөніндегі  Индия  мен  Қытай  аңыздарын 
қосыңыз.    Тек,  бұл  арада,  бір  ескерерлік  жай:  осылардың  ішінде  
Чечен-Ицеден  басқа  деректердің  ешқайсысында    он  екі  патша 
әулетінің    нақты    кімдер  екені  аталмайтыны.  Мұны  да  есте  ұстаған 
жөн. 
Африка  елі  тарихының  атасы  деп  есептелінетін  египттік  абыз 
Манефон  өзінің  папирустарының  бірінде  «Антлантида  Даналарының 
билік  жүргізуі  13 900  жылға  созылды”  деген  дерек  береді
1
.  Осыны 
ғалымдардың Атлантиданы мұхит астына кетті  деп көрсететін мерзімі  
12 000  жылға  апарып  қоссақ,  сонда  Атлантиданың  да  кем  дегенде  
25 000  жыл  өмір  сүргені  анықталады.    Бұл  жанама  деректер  де 
дүниежүзілік  апатқа  дейін    бір-бірімен  сабақтаса  жалғасып,  сан 
мыңдаған  жылдар  бойына  қатарласа,  тартысып  таласа  өмір  сүрген 
үлкен өркениеттердің болғанын  жоққа шығармайды. 
                                           
1
 Бұл  деректі де Манефонның   ежелгі Египет храмдарының бірінде сақталған 
жазбаның мәліметіне сүйеніп айтып отырғанын аңғаруға болады.  

124 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
Міне,  осы  жоғарыда  айтылғандардың  бәрін  бір  арнада 
тоғыстырып,  соның  нәтижесіне  сүйене  отырып,    пайымдау  бағытын  
негізгі  тақырыбымызға  қарай  бейімдесек,  аты  аңызға  айналған 
Атлантиданы    ендігі  жерде    «болған  ба,  болмаған  ба»  деп,      оған  
күдіктене  қаруадың  еш  қисыны  жоқ  сияқты.    Атлантида  болған! 
Африка  абызы  айтқан  бұрын-соңды  болып  көрмеген  сұрапыл 
зілзаланың салдарынан із-түзсіз жоғалған! Сондықтан алдағы уақытта  
палеографтар,  геологтар,  тарихшылар,  лингвистер,  генетиктер  және 
басқа  да  осыған  қатысы  бар  ғылым  салаларының  білікті  түрлі 
мамандары  күш  біріктіріп,  жоғалған  өркениеттің    шынайы  тарихын 
жан-жақты  зерттеуге  кіріскені  жөн  бе  дейміз.  Ғылыми  орта  осылай 
күш  біріктірсе,  қазіргі  жетілген  ғылымның    өткеннің  тұңғиығында 
жатқан талай құпияның сырын ашып, жалғанның жарығына шығарып, 
ортақ  тарихымыздың   шынайы  жазылуына    жол  ашылар  еді.    Кейінгі 
кездің  бір  жаңалығы  -  Испания  жағалауынан  суға  батқан      қаланың 
орынының табылуы да  үміт отын тұтата түседі. Өйткені ғалымдар оны  
Атлантиданың  астанасы  Атлас  қаласы  болуы  мүмкін  деген    жорамал 
айтуда.  Сондай-ақ  Куба  жағалауынан  атақты  Бермуд  үштағанына 
жақын  тұстан  тағы  бір  суға  батқан  үлкен  қала  құрылысының    орыны 
анықталған.    Бұрын  ғалымдар    жер  бетіндегі  алып  пирамидаларды 
атланттар  салды    дегенді  айтатын.  Міне,  осы    Куба  жағалауынан 
табылған қала құрылысының ішінде ерекше үлкен төрт пирамида бар 
көрінеді.  Олардың  біреуі,  тіпті,  шыныдан  жасалынған    дейді.  Оның 
көлемінің үлкендігі  Египеттегі атақты Хеопс пирамидасынан да  асып 
түсетінге  ұқсайды.    Ал  мұның  бәрі    зерттеушілер  үшін  ортақ 
тарихымыздың ақтаңдақтарын толтыруға мүмкіндік берер   жаңалықты 
жаңа  деректердің  қоймасы  тәріздес.    Тек  сол  қойманы  ашар  кілт  
тезірек табылғай делік. 
Сонымен, ерте замандарда Атлантиданың болғанын және оның 
дүниежүзілік    орасан  зор    зілзаланың  салдарынан  мұхит  суының 
астына  кеткенін  тарихи  шындық    ретінде  қабылдау  мүмкіндігіне    ие 
болғандаймыз.  Енді  бізге  қалатыны  өз    заманында  сондай  гүлденген 
өркениетке  қол  жеткізіп,  «таңданарлық  патшалар  одағын»  құрып,  
Еуропа  мен  Азияны    жаулап  алуға    күш  біріктіріп,  шабуыл  жасап  
жүрген  «атланттар»  деп  жүргеніміз  кімдер?    Олар  қазіргі  жер  басып 
жүрген  бүгінгі  адамзат баласынан тегі бөлек ерекше жандар ма, жоқ, 
әлде осылардың  бірімен нәсілдес, бауырлас жұрт па? Бауырлас болса, 
олар  кімдер?  Сондай-ақ  олардың  «түріктектес»  деп  аталатын  
халықтарға  қатысы  бар  ма? Бар болса, оны  қазіргі таңда өзі  түгілі ізі  

125 
 
Салғараұлы Қ. Аңыз ел Атлантида. 
 
де  қалмаған    атланттардан    қандай  айғақ  тауып,  дәлелдеуге  болады? 
Енді осы сауалдарға жауап іздеп көрелік. 
Бұл  ретте,  ең  алдымен,  шешілер  мәселе  -  алапат  апаттан  жер 
бетінде  атланттардан  ұрпақ  жалғастырар  тұқым  қалды  ма,  жоқ,  әлде 
олардың бәрі  мұхит суының астына кеткен   арал-континентпен бірге  
түгі қалмай түгел құрдымға кетті ме деген  сұраққа жауап іздеген жөн.  
Бірақ оған «қалды», «қалмады» деп бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. 
Өйткені  олай  деп  нақтылауға  мүмкіндік  берер  ешқандай  нақты  дерек 
жоқ.  Сондықтан  қалайық,  қаламайық,  бәрібір  естен  өшкен  ескі 
замандардан    мәлімет  берер  мифтер  мен  аңыздардың  дерегіне, 
осыларға  қатысты    жекелеген    ғалымдардың  болжамдарына  сүйенуге 
мәжбүрміз. 
Мәселеге  осы  тұрғыдан  келгенде,  алдымен,  тілге  тиек  етіп, 
жүгінеріміз,  жоғарыда    сөз  болған,  атланттар  жөнінде  кейінгілерге 
жеткен  алғашқы деректі беруші  Египеттегі Саис храмының бас абызы 
Сонхестің    гректің  атақты  даналарының  бірі  Солонға    айтқандары 
болмақ.  Онда  ол:  «Атлантида»  деп  аталатын  осы  аралда  басқа  
аралдарға  және  құрылықтың  жарытысына  билігі  тараған  
таңданарлық  ұлы  патшалардың  одағы  пайда  болды.  Сөйтіп  олар 
бұғаздың  бергі  жағында  Ливиядан  Египетке  дейін,  Еуропадан 
Тирренияға  дейін  иеленді.  Бұл  топтасқан  күш-қуат  бір  соққымен 
сіздердің және біздердің елдерімізді құлдыққа айналдырмақ болды». 
-  деген  дерек  берген.  Бұл  деректен  атланттардың  өз  заманында  тек 
Атлантида  аралында    ғана  емес,  сонымен  бірге  іргелес  «құрылықтың 
жартысына»  билік  етіп,  сонда  олардың    белгілі  бір  бөлегінің  өмір 
сүргенін  де  көреміз.  Олай  болса,  Атлантида  түгелдей    құрдымға 
кеткенімен,    басқа  құрылықта  өмір  сүріп  жатқан  атланттардың      бұл 
қырғыннан аман қалуы  әбден мүмкін ғой. Оны теріске шығарар басқа 
дерек те жоқ. Сол себепті  Сонхес абыздың  айтқандары  атланттардың 
түгел  жойылып  кетпегенін,  олардан    белгілі  дәрежеде  ұрпақ 
жалғастырар тұқым қалғанын куәлендірер бірден-бір дереккөзі болмақ. 
Осы арада айтылар ойда  екіұштылық   болмас үшін басын аша 
кетер  бір  мәселе  бар.  Ол  -    жоғарыда    талдауға  талшық    еткен  Египт 
абызының  сөзіндегі   «құрылықтың жартысына билігі тараған» деген 
дерегіне  қатысты.    Абыз  өз  сөзінде    атланттар  жартысына  билік 
жүргізген құрылықтың қай құрылық екенін ашып айтпаған. Тек  «басқа 
аралдармен  бірге  құрылықтың  жартысына  билігі  тараған»  дейді. 
Осыдан  келіп      зерттеушілер  арасында  әркім  өзінше  түсіндірген 
кереғар   пікірлер    туындаған.    Мысалы,   соңғы   зерттеулердің   бірі,  

126 
 
Түркология, № 6, 2015 
 
«Атланттар  туралы  аңыз  бен  ақиқат»  атты  еңбектің  авторы  Б. 
Бейсенбай бұл  құрылықты «Америка құрылығы» деп түсіндіреді.  Сол 
себепті  ол  осы  орайдағы  өз  ойын:  «Демек,  Америка  құрылығының 
жартысы  атланттарға  қараған»,  -  деп  түйіндейді  (Бейсенбай  Б. 
«Атланттар  туралы  аңыз  бен  ақиқат».  Ас.  «Фолиант»  баспасы. 
2014.  55-56  –  бб).  Бірақ,  біздің  пайымдауымызша,  автор  бұл  ретте 
атланттарды      түпкі  тегі  түріктектес  халықтардан  екені  ДНК 
зерттеулері  арқылы нақты  анықталған майялардың арғы аталары деп 
қабылдаған    өз  түйсігінің  ықпалымен  кетіп,  негізгі  айғақ      Египт 
абызының    атланттар  жартысына  билік  жүргізген  құрылықтың  қай 
құрылық  екенін  Солонға    ашып  айтқан  келесі  сөзіне  мән  бермеген 
секілді. Онда абыз: «Сөйтіп олар бұғаздың бергі жағында Ливиядан 
Египетке  дейін,  Еуропадан  Тирренияға  дейін  иеленді»,  -  деп, 
атланттар  билік  жүргізген  құрлықтың    Америка    еместігін      ап-анық  
көрсеткен  ғой.  Бірақ  бұл  айтылғандар  абыздың  «құрылықтың 
жартысы»  деп  отырғаны,  біз  айтқандай,      Америка  болмаған  күннің 
өзінде,  онда  атланттар    болмады  дегенді  білдірмейді.  Өйткені 
Атлантида  апатқа  ұшыраған  кезде  оның      Америка  құрылығы  жақ 
жағалауларындағыларының      бассауғалып  сонда  бару  мүмкіндігін 
ешкім де жоққа шығара алмаса керек.  Бұлай ойлауға негіз де бар және 
ол  жалғыз  да  емес.  Оның  біріншісі  –  КСРО  Ғылым  Академиясы 
шығарған «Әлем тарихының» («Всемирная история») І-ші томындағы 
Американың  ежелгі  тұрғындары  жөніндегі    антропологиялық 
зерттеулерге негізделген: «Установлено, что американские индейцы по 
своему  физическому    облику  ближе  всего  стоят  к  монголоидам.  Их 
сближают  прямые  и  жесткие  волосы,  слабый  волосяной  покров, 
относительно  выдающиеся  скулы»  [1,  83],  -  деген  дерегі.  Мұндағы 
совет ғалымдарының  тегін «монголоид» деп танып отырған үндістері  
түріктектес майя халықтарының кечуя, сиу секілді тайпаларының арғы 
аталары  екенін  және  олардың  түрік  тілінің  қыпшақ  диалектісінде 
сөйлегенін  кейінгі  зерттеушілердің  (Отто  Рериг,  Ю.  Кнорозов,  А. 
Кармуллин,  О.  Сүлейменов,  А.Ахметов  және  т.б.)    лингвистикалық 
нақты деректер арқылы  дәлелдеп бергені қазір жұрттың бәріне белгілі. 
Екіншісі    -    Му  мемлекетінің  тарихын  зерттеушілер  атап 
көрсеткеніндей,  дүниежүзілік    сұрапыл  зілзаланың    болатынынан 
алдын  ала  хабарланып,  дер  кезінде  дайындық  жасағандардың    қашып 
құтылып,    Америкаға  да,  Азияға    да    барғандығы.  Мысалы,  Му 
тарихын  арнайы  зерттеген   Джеймс   Черчвард  бұл ретте: «Му елінің  

127 
 
Салғараұлы Қ. Аңыз ел Атлантида. 
 
патшайымының    қабірін    зерттеп,    сонда  табылған    жазуды  оқыған 
археолог 
Ле 
Плонжоның: 
«первосвещенник 
Страны 
Му 
пророчествовал  ее  гибль,  и  некоторые,  прислушавшись  к 
предсказанию,  покинул  эти  земли,  отправились  в  колони  и  так 
спаслись»  деген  дерегін  келтіреді.    Атлантидалықтардың  да  бір 
бөлігінің осы   мулықтар секілді   алдын ала хабарланып, апаттан аман 
қалуы    және  олардың      Америка  құрылығы  жақ  беттегілерінің    сонда 
баруы әбден мүмкін екендігін біз де жоққа шығара алмасақ керек. 
Мұның  бәрі  әңгіменің  өрбу  жүйесіне  қарай  айтылып  жатқан 
қисындық  тұжырымдар.  Сондықтан  бұларды    нақты  тарихи  дерек 
ретінде  қабылдау  қиын.    Бірақ,  солай  дей  тұрғанмен,    бұлардың 
атланттарға  қатысты    басқа  жанама  деректерді  жандандыруға,    аңыз 
айғақтарын  анықтауға  септігі  тиетінін  де    ескермеске  болмайды. 
Жалпы  ғылым    ақиқатын  ашып,  алға  жаймаған  кезкелген  мәселенің 
шындығына жету үшін  ізденушінің   ізденіс барысында соған  қатысы 
бар    мәліметтің  қай-қайсысында    назардан  қағыс  қалдырмай,    таным 
таразысына  тартып,  құндылық  салмағын    өзінше  анықтауға  ұмтылуы 
табиғи заңдылық. Атланттардың  түріктектес халықтарға  қатысы бар-
жоғын  анықтау  барысында  біз  де  осы  заңдылықты    сақтауға 
мәжбүрміз.  Көпшіліктің  көзін  жеткізер  талассыз  нақты  тарихи 
дерегіміз болмағандықтан,    көне заманнан жеткен миф деректерінен, 
халық жадында сақталған аңыздардың  берер мәліметтерінен шындық 
дәнін  іздеп  табу  парыз.  Бұл  ретте,  алдымен  жүгінеріміз,  хатталып 
қағазға  түскен  миф  деректері  екені  де  мәлім.  Соның  ішінде,  әрине,  
жалпы  жұртқа  кеңінен  белгілі  грек  мифологиясының  деректеріне  
назар аударылатыны да шындық. 
Ежелгі  грек    мифологиясының  деректері  бойынша  ғаламдық 
хаостан Аспан мен Жер  жік ашып, бөлініп шыққанан кейін  аспанның 
құдайы Уран мен жер құдайы Геяның  жұптасуы нәтижесінде   Океан, 
Кой,  Крий,  Гиперион,    Иапет,  Кронос  атты  алты  ұл    және  Тефида, 
Феба,  Мнемосина, Тейя, Фемида, Рея атты алты қыз титандар өмірге 
келеді. Мұның сыртында жер-ана Гея  аспан-ата Ураннан  үш киклоп 
пен    үш  жүзқолдыны    жарық  дүниеге  әкеледі.  Бірақ  соңғы  алтауы  
көруге  ұсқынсыз,  құбыжық  кейпінде  болғандықтан,  Уран  олардың 
бәрін сырт көзге түспеуі үшін жер астына қамап тастайды.  Ал қалған 
балалары  өсіп,  ер  жетіп,  бір-бірімен  некелесіп,    құдайлардың  үшінші 
ұрпағына өмір сыйлайды. 
Ұсқынсыз  балаларын  жер  астына  қамап,  жанын  қинағанына 
төзе   алмаған   жер-ана   Гея   кенже   баласы  Кроносты  үгіттеп,  әкесі  
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет