5В011300 «Биология» (3 жылдық) мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесі бойынша сырттай бөлімде


Əдебиеттер:    1. Ə.Əметов 502-505 б.  2. М.В.Марков 391-407 б.        Дəріс №14



жүктеу 0.78 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата14.09.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Əдебиеттер:

  

1. Ə.Əметов 502-505 б. 



2. М.В.Марков 391-407 б. 

 

 



 

Дəріс №14 

Дəрістің тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік формалары. 

Қарастырылатын сұрақтар:  

Раунклер бойынша тіршілік формалары. Н. Высоцский бойынша жіктелу. 



Дəрістің  мақсаты:  Қосжарнақтылар  класына  жалпы  сипаттама,  айрықша  ерекшеліктері. 

Географиялық таралуы. Магнолиялар тұқымдасына жалпы сипаттама жəне  географиялық 

таралуы.  Анатомиялық  жəне  морфологиялық  ерекшеліктері.  Гүлдерінің  құрылысы  мен 

жемістерінің қарапайым белгілері. Тұңғиық тұқымдасына тəн белгілер. Гүлі мен жемісінің 

құрылысы. Сарғалдақтар тұқымдасына жалпы сипаттама, тіршілік формалары. Гүлдер мен 

жемістер, олардың алуан түрлілігі. Тұқымдастар тармағына бөлінуі.  

Kөп жемістілерге 30-дай тұқымдас жатады, олардың біреулері негізінен ағаштар, сиректеу 

бұталар, ал екіншілері - суда жəне құрғақта өсетін шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар. 

Көп  жемістілердің  гүлінің  сыртқы  құрылысы  ашық  тұқымдылардың  стробилдеріне 

(шишки) ұқсас болады. Гүл табаны ұзынша болып келеді, оған спиральдің бойымен саны 

жағынан  аса  көп  болып  келетін  гүлдің  əртүрлі  мүшелері  орналасады.  Өмірлік 

формаларының  басым  көпшілігі  ашық  тұқымдылар  секілді  мəңгі  жасыл  ағаштар.  Көп 

жемістілер  Евразияның,  Солтүстік  жəне  Оңтүстік  Американың  тропикалық  жəне 

субтропикалық   аймақтарында   кеңінен   таралған   өсімдіктер.   

Магнолиялар тұқымдасы – Magnoliaceae 

Бұл түқымдаста 200-ден аса түр бар (20 туыс). Қазіргі кезде магнолиялардың ареалы үзік, 

оның  өзі  осы  тұқымдастың    бүтіндей    ертеде    пайда    болған    өсімдіктер    екендігін 

көрсетеді.  Қазіргі  кездегі  түрлерінің  ең  көп  таралған  Қытайдың  Онтүстік-Шығысы, 

Индоқытай,  Индияның  Солтүстік-Шығысы  жатады.  Гүлдері  үлкен,  əдетте  өсімдіктің 

сабағының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған болып 

келеді  жəне    шеңбердің  бойымен  орналасады.  Аталықтары  мен  аналықтары  жеке-жеке 

тұрады,  олардың  сан  мөлшері  ерекше  көп  жəне  спиральдың  бойымен  орналасады. 

Жемістерінің  дəні  көп  жағдайда  үлкен  болады.  Олар  таптамалардың  жиынтығынан 

(сборная листовка), сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан тұрады. 

Магнолия  туысы  (магнолия  -  Magnolia).  Бұл  туыста  70-тей  түр  бар,  олардың  20-дайы 

сəндік  өсімдіктер  ретінде  мəдени  жағдайда  өсіріледі.  Солтүстік  Америкада  (мəңгі  жасыл 

түрлері)  жəне  Азияның  Оңтүстік  шығысында  (жапырақты  түрлері)  кең  таралған.  Гүлінің 

формуласы: * Са

3

Со



 А

G



Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында табиғи жағдайда сібір магнолиясы 



(магнолия сибирская - M.obovata) деп аталынатын бір ғана түр өседі (курил аралдарында). 

Мəдени  жағдайда  ең  көп  отырғызылатын  түріне  үлкен  гүлді  магнолияны  (магнолия 

крупноцветковая - M.grandiflora) жатқызуға болады. Ол Флоридадан шыққан мəңгі жасыл 

ағаш, гүлі үлкен, түсі балауыз (воска) тəрізді ақ жəне жағымды иісі болады. Магнолияның 

кесілген  бөренелері  əртүрлі  бұйымдар  жасауға  қажетті  аса  құнды  материал  болып 

саналады. 

Тұңғиықтар тұқымдасы – Nymphaeaceae 

 

Түрлерінің жалпы саны 60 (4 туыс). Шыққан жері - тропиктер. Бұлар суда жəне батпақты 



жерлерде  өсетін  көпжылдық  шөптесін  өсімдіктер.  Жапырақтары  судың  бетіне  көтеріліп 

тұрады  немесе  судың  қабаттарында  жүзіп  жүреді.  Барлық  түрлерінің  жақсы  жетілген 

тамырсабақтары  болады,  гүлдері  аса  үлкен,  олардың  диаметрі  35  см  дейін  жетеді  жəне 


судың бетінен көтеріліп, көрініп тұрады. Гүлінің құрылысы алуан түрлі болады. Гүлсерігі 

қарапайым  немесе  қосарланған  болып  келеді,  ал  күлте  жапырақшаларының  саны  ересен 

көп. Гүлінің формуласы: * Са

3-5


Со

3-∞


A

6-∞


G

3-∞


.  

Ақбоз тұңғиық (кувшинка белая, или белая водяная - Nymphaea alba)  Европада, Алдыңғы 

Азияда  таралған  өсімдік.  Тамырсабағы  үлкен,  сабағы  болмайтын  шөптесін  өсімдік. 

Жапырағы суда жүзіп жүреді, тамырсабағынан кететін жапырақ сағақтары аса ұзын болып 

келеді. Гүлдері аса үлкен, аздаған жағымды иісі болады; тостағанша жапырақшаларының 

саны  əдетте  4  (3-5),  күлтежапырақшаларының,  аталықтарының  жəне  жеміс 

жапырақшаларының  саны  өте  көп  болып  келеді  жəне  спиральдың  бойымен  орналасады. 

Гүл түйіні төменгі болып келеді. Гүлінің формуласы: * Са

4

Со



A

G



(∞)

Жемістері көп ұялы, үлкен, шар тəрізді, сыртының барлығын тігістер каптап тұрады. Олар 



күлтежапырақшылары  мен  аталықтарының  іздері  болып  табылады.  Тамырсабағында 

крахмал мен танидтер жиналады. Оларды қоректік жем ретінде жəне илік заттарды алуға 

пайдаланады. Аппақ қардай тұңғиық (кувшинка белоснежная – N.condida) осыған дейінгі 

сипатталып  жазылған  ақбоз  тұңғиықка  (N.  alba)  жақын  түр.  Египет  лотосы  (лотос 

египетский- N. lotos) Африкада, əсіресе Нил өзенінің саласында кеңінен таралған, тамаша 

сəндік өсімдік. Кəдімгі сары тұңғиық (кубышка, или кубшинка желтая - Nuphar luteum) - 

үлкен,  жуандығы  5-6  см  келетін  тамырсабағынан  кететін  жапырақтары  ұзын  сағақты 

болып келетін су өсімдігі. Гүлдері жалғыздан орналасады, түсі сары немесе қызғылт сары 

түсті  болып  келеді.  Тостағаншасы  5-6  жасыл  жапырақшадан,  күлтесі  13-15-сары  немесе 

қызғылт сары жапырақшадан тұрады; гүл түйіні үстіңгі, 10-16 ұялы болып келеді. 

Сарғалдақтар тұқымдасы – Ranunculaceae 

Бұл тұқымдаста 2 мындай тур бар (45 туыс). Олардың көпшілігі қоңьыржай жəне салқын 

климатты  аймақтарда  кеңінен  таралған  өсімдіктер,  кейбір  түрлері  тропикада  өседі. 

Caрғалдақгүлділер  көп  жағдайда,  əсіресе  ылғалы  мол  шалғындарда  жəне  ормандарда 

өсімдіктер жабының негізгі компоненттерінің бірі. Негізгі өмірлік формасы - көпжылдық 

шөптесін  өсімдіктер,  олар  тамырсабақ  жəне    түйнек    түрінде  жердің    астында  қыстап 

шығады, сиректеу кішігірім бұталар немесе лианалар. 

Жапырактарының  жапырақ  cepiгi  болмайды,  олар  қарапайым  тілімделген  немесе  терең 

қалақша тəрізді тілімделген (лопастные) болып келеді, сабаққа кезектесіп немесе қарама-

қарсы орналасады. Гүлдері алуан түрлі - ациклді, гемициклді, циклді; актиноморфты жəне 

зигоморфты,  гүл  cepiгi  қарапайым  немесе  қосмарланған;  гинецейі  апокарпты  немесе 

ценокарпты.  Гүлдерінің  алуантүрлілігі  осы  тұқымдасқа  біріктірілген  туыстардың, 

эволюциялық дамудың əртүрлі сатысында тұрғандығымен тікелей байланысты. Сонымен 

бір  туыстарының  гүлдерінің  құрылысы  көпжемістілерге  тəн  қарапайым:  гүл  cepiгi 

қарапайым,  гүлінің  компоненттерінің  саны  өлшеусіз  көп,  спиральдың  бойымен 

орналасқан,  тəтті  шырыны  (нектарнигі)  жоқ  (сарғалдақ  -  Trollius,  желайдар  -  Anemone, 

қалтагүл  -  Caltha);  екінші  біреулерінің  гүлдерінің  құрылысында  насекомдармен 

тозаңдануға  бейімделуіне  байланысты  жоғарғы  деңгейде  маманданғандықтың  белгілері 

байқалады.  Мысалы,  гүл  тепкісі  бар  (шпорцелері),  шөмішгүл  (водосбор  -  Aquilegia, 

тегеурін  гүл  -  живокость  -  Delphinium),  гүл  cepiгi  зигоморфты  (у  қорғасын  -  борец  - 

Aconitum,  тегеурінгүл  -  живокость  -  Delphinium),  кейбір  туыстары  желмен  тозаңдануға 

маманданған, шамасы екінші peт болса керек, - гүл cepiгi редукцияға ұшыраған (маралоты 

-  василистник-  Thalictram).  Сондықтанда,  туыстарды  анықтағанда  гүлдің  құрылысының 

белгілері маңызды роль атқарады. 

Жемістері  көп  жағдайда  құрама  -  таптамалардың  жиынтығынан  (сборная  листовка), 

жаңғақшалардың 

жиынтығы 

немесе 


қарапайым 

жидектəрізді 

болып 

келеді. 


Сарғалдақгүлділердің  бойында  көп  жағдайда  улы  алколоидтар  болады,  сондықтанда 

оларды  мал  жемейді.  Пішенге  орылатын  шалғындарда  жəне  жайылымдарда  олар  қажет 

емес  компоненттердің  бірі  болып  табылады.  Бұлар  негізінен  сəндік  жəне  дəрілік 

өсімдіктер. 



Бақылау сұрақтары: 

1. 

 Қосжарнақтылардың қандай маңызы бар? 

2. 


Магнолиялардың гүліне, жемісіне тəн қандай айрықша белгілері бар? 

3. 


Тұңғиықтар тұқымдасына тəн қандай ерекше белгілерін білесің? 

4. 


Сарғалдақтар тұқымдасының басқа тұқымдастардан айырмашылығы неде? 

5. 


Бұршақ тұқымдасына ғана тəн қандай айрықша белгілер бар? 

6. 


Бұршақ  тұқымдасына  қандай  туыстар  жатады?  Табиғатта  ең  көп  таралған  

өкілдері.  

7. 

Құлқайырлар тұқымдасының қандай шаруашылық маңызы бар? 



8. 

Шатыргүлдердің қандай практикалық маңызы бар? 



Əдебиеттер:  

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 170-180 б. 

2. Ə.Əметов 174-476 б. 

3. А.Е.Васильев 447-461 б. 

4. М.В.Марков 267-276 б. 

 

 

Дəріс № 15 

Дəрістің тақырыбы: Тірі табиғатқа əсер. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

Əсер ету коэффициентін есептеу. 



Дəрістің  мақсаты:  Алаботалар  тұқымдасына  жалпы  сипаттама.  Географиялық  таралуы. 

Гүлшоғыры,  гүлі,  жемісі.  Олардың  адам  тіршілігіндегі  маңызы.  Ерінгүлділер 

тұқымдасының  географиялық  таралуы  жəне  экологиясы.  Тіршілік  формалары  жəне 

вегетативтік органдарының негізгі ерекшелігі. Гүлшоғыры, гүлі, жемісі. Табиғат пен адам  

тіршілігіндегі маңызы. 

Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы - Labiatae, Lamiaсеае 

Тұқымдаска  4  мыңдай  түр  жатады  (200-ден  астам  туыс).  Көпжылдық  жəне  біржылдық 

шөптесін  өсімдіктер,  жартылай  бұталар,  сиректеу  бұталар.  Антарктидадан  басқа 

құрлықтардың барлығында өседі, бірақ түрлерінің ең көп тараған жерлері Жерорта теңізі 

жағалауының, Алдыңғы жəне Орта Азияның шөлді жəне шөлейт аудандары. 

Сабағы  4-қырлы.  Жапырақтары  кезектесіп  орналасады.  Жапырақтары  қарапайым  (жай 

жапырақтар),  қосалқы  жапырақшалары  болмайды.      Сабақтары  мен  жапырақтары  безді 

түктермен  немесе  қабыршақтармен        жабылған,  олар  эфир  майларын  бөліп  шығарады. 

Гүлшоғыры  əртүрлі        тирстен  тұрады.  Гүлдері  зигоморфты,  көп  жағдайда  екі  ерінді, 

сиректеу  актиноморфты  гүлге  өте  жақын  болады.  Тостағанша  жапырақшалары  біріккен, 

қоңырау тəрізді, түтік тəрізді немесе екі ерінді, өдетге 5-мүшелі. Күлтесі барлық уақытта 

5-мүшелі. Желектердің бірігуінің нəтижесінде күлтенің төменгі жағы трубка, ал жоғарғы 

жағы  отгиб  (күлте  алақаны)  түзеді.  Қалыпты  жағдайда  отгиб  екі  ерінді  болады,  жоғарғы 

ерін  2  желектен,  ал  төменгі  ерін  3  желектен  тұрады.  Сиректеу  ол  4-мүшелі  немесе  бір 

ерінді болады. Түтіктің іші жалаңаш жəне жылтыр немесе аталықтардың біріккен жерінен 

сəл  төмендеу  түктердің  (үлпектердің)  шеңбері  болады.  Осы  бейімделушілікің  болуы 

немесе  болмауы  —  аса  маңызды  систематикалық  белгі  болып  табылады.  Андроцейі 

күлтенің  трубкасына  бекінген  4  аталықтан  тұрады,  оның  2  ұзын,  2  қыска  болады. 

Андроцейі  2  аталықтан    тұратын    туыстарыда  кездеседі.  Гинецейі  барлық  уақытта  2 

біріккен  жеміс  жапырақшаларынан  тұрады.  Гүлтүйіні  жоғарғы,  бірақ  4-ұялы  (бөліп 

тұратын  пердесінің  2-жалған),  əр  ұяда  1-ден  тұқымбүрі  болады.  Аналықтың  мойны 

біршама  ұзын  болады  жəне  2-жақтаулы  аналық  аузымен  (2-лопостным  рыльцем) 

аяқталады. Ақ тауқалақайдың гүлінің формуласы:  

↑ Са

(5)


Со

(2+3)


A

2+2


G

(2)


Жемісі 4 жаңғакшаға бөлінеді. 

Тауқалақайлар  тұқымдасына  жататын  өсімдіктер  бойында  көп  мөлшерде,  жағымды  иіс 

шығаратын  эфир  майының  болуына  байланысты  парфюмерия  өндірісінде  (розмарина  - 



Rosmarinum  жəне  лаванда  -  lavandula),  тамақ  өнеркəсібінде  (мускат  шалфейі  -Salvia 

sclarea) жəне медицинада (бұрыш жалбызы - мята перечная - Mentha piperita, сасықшөп – 

пустырник - Leonurus, шалфей туысының түрлері - Salvia, насыбайгүл - базилик - Ocimum, 

жебір  –  тимьян  -  Thymus)  кеңінен  қолданылады.  Кейбір  өсімдіктер  сəнді  болып  келеді, 

сондықтанда  оларды  гүл  өсіру  шаруашылығында  пайдаланады  (шалфей  блестящий  - 

Salvia  splendes  дəрілік,  сайсағыз  -  иссоп  лекарственный  -  Hyssopus  officinalis).  Мынаай 

түрлері  арамшөптер  болып  табылады:  ақ  тауқалақай  (Lamium  album),  қайызғақшөп 

туысының түрлері (чистец - Stachys), пикульник (Galeopsis) жəне басқалар. 

Алабұталар тұқымдасы – Chenopodiaceae 

 

Тұқымдасқа  1600-дей  түр  (105  туыс)  жатады.  БОР-дың  флорасында  350  түрі,  ал 



Қазақстанда  225  түрі  кездеседі.  Олар  жершарының  барлық  кеңістіктерінде,  негізінен 

субтропикалық  климаты  құрғақ  жəне  топырағы  тұзды  болып  келетін  елдерінде  көптеп 

өседі  (Орта  Азияда,  Солтүстік  Американың  оңтүстік-батысында,  Оңтүстік  Америкада, 

Орталық  Австралияда).  Гүлдері  ұсақ,  көріксіз,  циклды  немесе  гемициклды, 

актиноморфты, 5 мүшелі (гинецейден басқасы), қосжынысты немесе даражынысты болып 

келеді.  Соңғы  жағдайда  редукцияға  ұшыраған  не  аталық,  не  болмаса  аналық  жыныс 

органдарының  іздерін  көруге  болады.  Гүлсерігі  қарапайым,  тостағанша  жапырақша 

түрінде  болады,  аталық    гүлдері  кейде  редукцияға  ұшыраған.  Андроцейі  5  аталықтан, 

гинецейі ценокарпты 2-3 (4-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, кейде 

жартылай  төменгі,  1-ұялы.  Жемісі  1  тұқымды-жаңғақша,  тұқымша,  қалған 

тостағаншаларымен қоршалған болып келеді. 

Қызылша  туысы  (Beta).  Туыстың  құрамында  13  түрі  бар,  оның  5-уі  БОР-дың 

территориясында,  ал  Қазақстанда  1  ғана  түрі  өседі.  Олар  жерортатеңізі  жағалауында 

Европаның батысы мен оңтүстігінде, Алдынғы Азияда жəне Орта Азияда өседі. 

Қант қызылшасы (свекла обыкновенная - B.vulgaris) - екіжылдық   өсімдік. Бірінші жылы 

өсімдік  тамыр  мойнының  айналасында  топтасып  жертаған  түзетін  жапырақтар  береді 

жəне  тамыр  жеміс  түзеді,  ал  екінші  жылы  тамыржемістен  сабақ  кетеді,  оның  басында 

гүлшоғыры тирс түзіледі. Қызылшаны өндірістік мақсатта қант алу үшін, көкөністік жəне 

малға азық болатын өсімдік ретінде көптеп себеді. Кейде олар жабайы өсімдікке айналып 

кетеді де, арамшөп ретінде өседі (əсіресе Закавказьеде). 

Алабұта  туысы  (марь  -  Сhenopodium).  Дүние  жүзі  бойынша  250-дей  түрі  бар,  БОР-дың 

флорасында  60  түрі,  ал  Қазақстанда  -  20  түрі  кездеседі.  Біржылдық,  екіжыддық  жəне 

көпжылдық  шөптесін  өсімдіктер,  сиректеу  бұталар.  Олардың  көптеген  түрлерінің 

жапырағының сыртын ұн сепкендей болып тұздардың кристалдары тұтып бұрады. Ал жас 

сабақтарының сыртында көптеген бүртіктері, яғни түктері (пузырчатые волоски) болады. 

Гүлдері  негізінен  қосжынысты,  5-мүшелі  болады  Бірқатар  түрлері  арамшөп  ретінде  кең 

тараған:  ақ  алабұта  (марь  белая  -  Сh.  album)  жəне  дуал  алабұтасы  (марь  стенная  - 

Ch.murale). Ақ алабұтаның гүлінің формуласы мынадай: * Р

(5) 

A

5



 G

(2)


Көкпек туысы (лебеда - Atriplex). Түрлерінің жалпы саны 230-дай, БОР-дың флорасында 

30 түр, ал Қазақстанда 25 түрі өседі. Боз көкпек (лебеда седая - A.cana) жартылай бұта, ол 

Орта  Азияның  жартылай  шөлдерінде  ландшафт  түзетін  өсімдік.  Бақ  көкпегі  (лебеда 

садовая  -  A.hortensis)  мен  жылтыр  көкпек  (лебеда  лоснящаяся  -  A.nitens)  біржылдық 

арамшөптер болып табылады. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1. 


Алаботалардың құрылысында қандай ерекшеліктер бар? 

2. 


Алаботалар  тұқымдасына  қандай  туыстар  жатады?  Олардың  бір-бірінен 

айырмашылығы қандай?  

3. 

Ерінгүлділерге ғана тəн қандай сыртқы белгілері бар? 



4. 

Ерінгүлділер тұқымдасының қандай практикалық маңызы бар? 



 

Əдебиеттер:  

1. М.С. Двораковский «Экология растений»  180-187 б. 

2. В. Лархер «Экология растений»  12-21 б. 

3. М.В.Марков 31-149 б. 



 

 

7. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ (ЖОҚ) 



8. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ƏДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 

 

1 апта 

№ 1 лабораториялық сабақ.  

Тақырыбы: Өсімдік экологиясы пəні. 

1. Өсімдік экологиясы пəні, міндеттері.  

2. Өсімдік экологиясы жəне пəнаралық байланыстар. 

3. Өсімдіктердің қоршаған ортамен байланысы. 



Зертханалық  жұмыстың  мақсаты:  Студенттерге  өсімдік  эколгиясы,  зерттеу  нысаны, 

обьектілері, пəні, пəнаралық байланыстармен таныстыру 



Негізгі сұрақар:  

1.  Қандай пəндермен байланысы қалыптасады? 

2.  Өсімдік экологиясы нені зерттейді? 

3.  Өсімдік эколгиясы пəнінің мақсаты қандай? 



Əдістемелік нұсқаулар: ауызша сұрақтарға жауап беріп, талқылау 

Əдебиеттер:  

1. М.С. Двораковский «Экология растений»  3-8 б. 

2. В. Лархер «Экология растений»  5-8 б. 

 

2 апта 



№ 2 лабораториялық сабақ.

 

Тақырыбы: Жарық жəне оның экологиялық маңызы. 

1. Өсімдіктердің жарықты пайдаланудағы бейімделушіліктері. 

2. Өсімдіктердің жер бетіндегі көміртегі айналымындағы ролі. 

3. Көміртегі айналымының сызбанұсқасын жазу. 

Зертханалық жұмыстың мақсаты: Студенттерді жарық экологиялық фактор ретінде түсінік 

қалыптастыру 



Негізгі сұрақар:  

 

1.  Жарықты пайдаланудағы бейімделушіліктері қандай? 

2.  Жер бетіндегі көміртегі айналымындағы  өсімдіктердің ролі қандай? 

3.  Жарыққа байланысты өсімдіктердің қандай топтары бар? 

Əдістемелік нұсқаулар: ауызша сұрақтарға жауап беріп, талқылау 

 

Əдебиеттер:  

1. М.С.Двораковский «Экология растений»  25-27. 

2. В. Лархер «Экология растений»  130-136 б., 119-128 б. 

 

3 апта 

№ 3 лабораториялық сабақ. 

Тақырыбы: Өсімдіктердің көміртектік айналымы. 

1. Циклдік жəне циклдік емес фосфорлану. 

2. Көміртегінің қос тотығуының фиксациясы жəне қайта қалпына келуі. 

3. Органикалық жəне бейорганикалық көміртегі. 



Зертханалық жұмыстың мақсаты: Көміртек айналымымен танысу 

Негізгі сұрақар:  

 

1.  Фотофосфорланудың қандай кезеңдері бар? 

2.  Фотобірлік қызметтерін ата? 

3.  Органикалық көміртегінің табғаттағы маңызы қандай? 

Əдістемелік нұсқаулар: ауызша сұрақтарға жауап беріп, талқылау 

 

Əдебиеттер:  

1. М.С.Двораковский «Экология растений»  20-25 б. 

2. В. Лархер «Экология растений»  136-139 б. 

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы жəне биохимия негіздері» 111-113 б. 

4. Ж. Жатқанбаев «Өсімдіктер физиологиясы» 104-137 б. 

 

4 апта 

№ 4 лабораториялық сабақ. 

Тақырыбы: ТМД-ның табиғат зоналары. 

1. Тайга, тундра, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, дала, шөлейт, шөл зонасы. 

2. Өсімдіктердің төменгі температураға бейімделушіліктері. 

Зертханалық жұмыстың мақсаты: Табиғат зоналары жəне өсімдік экологиясы арасындағы 

байланыстылықты тану 



Негізгі сұрақар:  

 

1.  Өсімдіктердің төменгі температураға бейімделушіліктері қандай белгіліреден көрінеді? 

2.  Тайга зонасысында өсімдіктерде қандай бейімделушіліктер байқалады? 

3.  Біздің аймақта қандай зоналар таралған? 

Əдістемелік нұсқаулар: ауызша сұрақтарға жауап беріп, талқылау 

 

Əдебиеттер:  

1. М.С.Двораковский «Экология растений»  51-56 б. 

2. В. Лархер «Экология растений»  301-326 б. 

3. В.В.Алехин «География растений» 401-482 б. 

 

5 апта 



№ 5 лабораториялық сабақ. 

Тақырыбы: Су экологиялық фактор ретінде.  

1. Су режиміне байланысты өсімдіктер типтері. 

2. Жасушадағы су жəне оның күйлері. 

3. Транспирация жəне оның түрлері. 



Зертханалық жұмыстың мақсаты: Су экологиялық фактор ретіндегі қызметін анықтау 

Негізгі сұрақар:  

1.  Су режиміне байланысты өсімдіктер типтері қандай? 

2.  Жасушадағы су түрлері қандай? 

3.  Транспирация түрлері қандай? 

 

Əдістемелік нұсқаулар: ауызша сұрақтарға жауап беріп, талқылау 

 

Əдебиеттер:

  

1. М.С.Двораковский «Экология растений»  64-67 б. 



2. В. Лархер «Экология растений»  209-218 б. 

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы жəне биохимия негіздері» 67-69, 80-86 б. 

4. Ж. Жатқанбаев «Өсімдіктер физиологиясы» 59-70 б. 

 

6 апта 



№ 6 лабораториялық сабақ. 

Тақырыбы: Микроэлементтер қызметі жəне олардың жетіспеушілігінің белгілері. 

1. Өсімдіктердегі микроэлементтердің жетіспеушілігінің белгілері. 



2. Минералды заттар айналымы. 

3. P, S айналымы. 



Зертханалық  жұмыстың  мақсаты:  Өсімдік  тіршілігіндегі  микроэлементтер  маңызын 

анықтау 


Негізгі сұрақар:  

 

1.  Микроэлементтердің жетіспеушілігінің белгілірі қандай? 

2.  Минералды заттар айналымына не жатады? 

3.  Күкірт айналымына не қатысады? 



Əдістемелік нұсқаулар: ауызша сұрақтарға жауап беріп, талқылау 

 

Əдебиеттер:  

1. М.С.Двораковский «Экология растений»  124-132 б. 

2. В. Лархер «Экология растений»  167-184 б. 

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы жəне биохимия негіздері» 159-167 б. 

4. Ж. Жатқанбаев «Өсімдіктер физиологиясы» 146-149 б. 

5. К.А.Лукомская «Микробиология с основами вирусологии» 150-156 б. 

 

7 апта 



№ 7 лабораториялық сабақ.

 

Тақырыбы: Микроэлементтер жəне макроэлементтер. 

1. Минералды жəне органикалық тыңайтқыштар. 

2. Тыңайтқыш түрлері. 

3. Тыңайтқыштарды енгізу нормалары. 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.78 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет