5В010800 – «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған


 ПƏН БОЙЫНША ДƏРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/12
Дата23.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
5. ПƏН БОЙЫНША ДƏРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ 
№1 дəріс тақырыбы: Педагогиканың ғылым ретіндегі жалпы түсінігі. 
  Жоспары:  
1.  Педагогика жайында жалпы түсінік. 
2.  Педагогика ғылымының обьектісі жəне пəні. 
3.  Педагогика - тəрбие жайындағы ғылым. 
 
 1.  Педагогика  өз  атауын  гректің  «пайдагогос»  (пайда-бала,  гогос-жетектеймін)  сөзінен 
алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің 
тікелей  мағынасында  қолданылған  болатын.  Ең  алғаш  педагогтар  деп  қожайындардың 
баласын  мектепке  апарып-əкелетін  құлдарды  атаған.  Кейін  педагогтар  деп  балаларды 
үйрету, тəрбиелеу жəне оқытумен айналысатын адамдарды атады.  
   
Əрбір  адам  тəжірибе  негізінде  белгілі  бір  педагогикалық  білімдерді  жинақтайды, 
түрлі  педагогикалық  құбылыстар  арасында  байланыстарды  орнықтырады.  Осылайша, 
алғашқы  қауым  адамдары  балаларды  тəрбиелеуде  белгілі  бір  білімге  ие  болған.  Ол 
ұрпақтан-ұрпаққа  салт-дəстүр,  ойын,  ережелер  түрінде  жеткізіліп  отырған.  Бұл  білім 
мақал-мəтелдерде, аңыз-əңгімелерде, ертегілерде сақталған, ол халық педегогикасының 
мазмұнын  құрайды.  Мысалы,  қазақ  мақал-мəтелдерінің  тəрбиелік  мəнділігі  ерекше:  «Ата 
көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»,  «Шешесін көріп - қызын ал, аяғын көріп - асын 
іш», «Ұлтыңды сақтаймын десең - қызыңды тəрбиеле, руыңды сақтаймын десең - ұлыңды 
тəрбиеле» жəне т.б. Сонымен қатар, қазақ халқында ата-əже, əке-шеше тəрбиесімен бірге 
арнайы,  дарынды  адамдарда  (белгілі  ақын,  жыршы,  əнші,  күйші,  молда,  емші,  шебер 
адамдар) да тəрбиелену кең таралған. 
   
 
 
                         Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 
1.  «Педагогика» ұғымына ерте ежелгі жəне қазіргі мағынада анықтама беріңіз. 
2.  Ғылыми педагогикалық білімнің тұрмыстық білімнен қандай айырмашылығы бар? 
3.  Педагогиканы ғылым жəне өнер деп таниды. Сіз қалай түсінер едіңіз? 
4.  Педагогиканың ғылым ретінде дамуына не түрткі болды? 
5.  Ғылымның обьектісі жəне пəні дегеніміз не? 

6.  Педагогиканың тəжірибесі мен пəнін негіздеңдер. 
7.  Берілген  əдебиет  тізімі  бойынша  «педагогика»  ғылымын  түсіндірудің  кестесін 
құрыңыз. Есеп беру формасы: кесте. 
8.  «Адамзат  тарихында  педагогикалық  ойлардың  дамуы»  атты  хронологиялық  кесте 
құрыңыз. 
 
№2 дəріс тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. 
 
Мақсаты: педагогиканың ұғымдық аппараты туралы ұғым беру; педагогика-  
                   лық пəндердің мазмұнын ашып көрсету; педагогиканың басқа ғы-  
                   лымдалмен байланысын көрсету. 
Тірек  ұғымдар:  педагогиканың  категориялары,  категориялық  аппарат,  ұғым,  тəрбие, 
білім беру, оқыту, жүйе. 
Жоспар. 
1. Педагогиканың ұғымдық аппараты. 
2. Педагогикалық ғылымдар жəне олардың мазмұны. 
3.Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. 
 
1.  Педагогика  пəнін  жəне  оның  зерттейтін  салаларын  толық  түсіну  үшін  ең 
алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық: 
Пеяагогиканың болмыс ұғымдарына тəрбие, білім беру, оқыту жатады. Ұғымдар 
объективтік құбылыстарды, қасиеттерді жəне қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. 
Педагогикалық  ұғымдар  арқылы  педагогикалық  құбылыстарды,  олардың  өзара 
байланысын  көреміз.  Педагогикада  "мадсат",  "құрал",  "тəсіл",  "даму"  жəне  қалыптасу" 
сияқты  ұғымдар  да  кездеседі.  Бірақ  олар  барлық  ғалымдарға  ортақ  ұғымдар.  Біз  оларға 
тоқталмай оқу, тəрбие тақырыптарына сəйкес қарастырамыз. 
Педагогика  ұғымдарының  бірі  -  тəрбие.  Тəрбие  -  қоғамның  негізгі  жеке  адамды 
мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі больш табылады. Тəрбие жайында осы уақытқа 
дейін  əр  түрлі  теориялар  мен  пікірлер  айтылып  келеді.  Тəрбиені  ересек  адамдардың 
балаларға  ықпал  жасауы  деп  түсіңдірушілерде  бар.  Бұл  жағдайда  бала  пассивті  обьект 
түріңде қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс - 
əрекет жасау рөлін атқармайды. 
Тəрбие  баланың  өздігінен  табиғи  жəне  еркін  дамуы  үшін  жасалатын  жағдай  деп 
анықтама  берушілер  де  кездеседі  Бұл  жерде  балаға  толық  ерік  беру  мəселесіне  ерекше 
көңіл аударылып, ал тəрбиенің рөлі бүркешеленіп, елеусіз қальш отыр. 
Педагогика  ғылымы  тəрбиені  қоғамдық  құбылыс,  қоғамдық  категория,  тəрбиесіз 
өмір  сүре  алмайтындығын  философия  тұрғысынан  қарастырьш  түсіңдіреді.  Егер  қоғам 
тəрбиеден қол үзсе, оңда адамзаттың мол тəжірибесі мəңгілік елеусіз қалып, тəрбие ілгері 
баспас еді. "Тəрбие" термині əрдайым тар мағынада, "тəрбиеші тəрбиелейді, кең мағынада 
"өмір  тəрбиелейді"  деп  қолданьш  келеді.  Оның  тəрбие  жайындағы  жалпы  ұғымды 
анықтауда зор мəні бар. 
Тар  мағынада,  тəрбие  деп  мұғалімнің  жəне  тəрбиешінің  ата-аналармен  бірігіп, 
мақсатты түрде жүргізетін тəрбие жұмыстарын айтады. Əрине тəрбие жұмыстарымен бір 
ғана  мұғалім  жəне  ата-аналар  шұғылданып  қоймайды.  Тəрбие  -  көптің  ісі.  Сондықтан 
тəрбие  мəселелерімен  кəсіподақ  ұйымдары  қоғамдық  мекемелер,  еңбек  ұжымдары  жəне 
бүкіл  жұртшылық  больш  айналысады.  Олай  болса,  тəрбиені  кең  мағынада  табиғат  жəне 
əлеуметтік  органың,  мектеп  пен  ата  -  аналардың,  бүкіл  бұқараның  тұлғаның  дамуы  мен 
қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек. 
 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 
1.  Мына  ұғымдарға  анықтама  беріңіз:  педагогикалық  процесс,  педагогикалық  жүйе, 
тəрбие, оқыту, білім беру, даму, қалыптасу. 

2. Білім берудің мəні неде? 
3. Білім берудің əлеуметтік мəні неде? 
4. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы қандай формаларда өтеді? 
5. Қазіргі педагогика ғылымының құрылымы қандай? 
 
 
 
 
№3 дəріс тақырыбы: Педагогиканың əдіснамалық негіздері. 
Мақсаты: мұғалімнің теориялық жəне практикалық іс-əрекетін ұйымдасты-  
                 руда əдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру. 
Тірек ұғымдар: əдіснама, əдіснамалық негіз. 
 Жоспар. 
1. Педагогикалық зертеудің əдіснамалық негіздері. 
2. Педагогиканың жаңа əдіснамасы 
3. Аксиологиялық əдіснамаға сипаттама. 
 
1.  Əдіснама  (методология;  грек.  мethodos  –  зерттеу  жолы,  теория,  ілім  жəне  ,,,, 
логия)  –  1)  ғылыми  таным  əдісі;  2)  ғылымда  қолданылатын  негізгі  принциптер. 
Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, əдісі, нысаны мен таным амалдары 
арқылы  педпгогикалық  болмысты  өзгеріске  түсіру.  Зерттеуші  педагогиканың  нəтижеге 
жетуі  оның  ғылыми-құрал  жабдықтармен  қарулануымен  қатар,  түрлі  тəсілдерді  əдіснама 
қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен 
құбылыстарын практика жəне теория жүзінде игеруге жəне өзгертуге бағытталған таным 
принциптерінің  жиынтығы.  
Əдіснама  -  əдістер  туралы  ілім,  əдістер  теориясы.  Зерттелетін  обьекті  жөніндегі 
мəліметтерді  жəне  ғылыми  жаңалықтарды  бір  ізге  келтіру  тəсілдерінің  жүйесі;  ғылыми 
əдістің  негізгі  мақсаты  -  обьективтік  ақиқатты  ашу.  Əдіснаманың  негізіне  белгілі  бір 
білімдер  (ұғымдар  мен  заңдар)  жүйесі  жатады.  Ғылыми  теория  мен  əдіснама  өте  тығыз 
байланысты. Теория -  обьективтік шындықтың идеялық бейнесі. 
   
Педагогика ғылымының əдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп 
отыратын  педагогикалық  шындықты  шынайы,  дұрыс  көрсететін  білімді  табудың  ыңғайы 
мен тəсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері жəне құрылымы, 
бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі. 
   
Əдіснама  –  зерттеу  процесі  туралы  ілім.  Бұл  нақты  философиялық  жүйемен 
байланысты.  Ғылым  əдіснаманың  негізін  Гегель  салған.  Əдіснаманы  меңгеру  арқылы 
дүниетанымдық  көзқарас,  ұстаным  қолданылды,  ол  кейін  зерттеу  нəтижесінде  жасалған 
ғылыми  идеяларды  кəсіби  тəжірибелік  іс-əрекеттер  арқылы  жүзеге  асырылады.  Ғылыми 
білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады. 
   
 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1.Педагогика əдіснамасының мəні неде? 
2.Əдіснамалық  білімнің  деңгейлерін  атаңыз,  олардың  педагогикадағы  спецификасын 
көрсетіңіз? 
3.Ғылымның əдіснамасы деген не? 
4.Педагогика ғылымы - əдіснаманың іс-əрекеттің теориясы мен практикасын дамытудағы 
маңызы қандай?  
1. Неліктен педагогиканың жаңа əдіснамасын жасау қажеттілігі туындайды? 
2. Білім берудің гуманистік философиясының мəні неде? 
3.  Педагогикалық  құбылыстарды  зерттеуде  аксиологиялық  тұрғыны  қолданудың 
спецификасы қандай? 
4.  Аксиологиялық принциптерді атаңыз, оларды педагогикада қолдануды көрсетіңіз. 

 
№4 дəріс тақырыбы: Педагогикадағы мақсат қою. 
Мақсаты: педагогикада мақсат қоюдың ерекшелігін түсіндіру 
Тірек ұғымдар: мақсат, міндет,  т.б. 
Жоспары: 
1.  Тəрбиенің  мақсаты. 
2.  Тəрбиенің  міндеттері. 
         1.  Кез-келген    тəрбие    мақсатты    түрде    жүргізіледі.    Мақсатқа    мазмұн,  
ұйымдастыру,    тəрбиенің    формалары    мен    тəсілдері    бағынышты.    Сондықтан,  
педаогикадағы  тəрбиенің  мақсатын  анықтау  маңызды  мəселе. 
          Тəрбиенің  жалпы  жəне  жеке  мақсаттарын  белгілейді.  Жалпы  мақсаты  -  барлық  
адамдарға  тəн,  қалыптасуы  қажет  қасиеттерді  белгілесе,  жеке   мақсат  тек  бір  адамды  
тəрбиелеуде    ғана    белгіленеді.    Дамушы    педагогика    ғылымы    жалпы    жəне    жеке  
мақсаттарды  біріктіре  қарастырады. 
           Практикада  мақсат  -  бұл  нақты  міндеттер  жүйесі.  Мақсат  жəне  міндет  өзара  
тұтастық  жəне  бөлік,  жүйе  жəне  оның  компоненттері  ретінде  байланысты  болады.  
Сондықтан,  тəрбиенің  мақсатын  -  тəрбие  арқылы  шешілетін  міндеттер  жүйесі  деп  
анықтауға  болады. 
           Мақсат  -  тəрбие  жүйесінің  анықтаушы  сипаттамасы.  Мақсат  арқылы  тəрбиелік  
жүйелер  бір-бірінен  ажыратылады. 
            Тəрбиенің    мақсаты    қалай    пайда    болған?    Олардың    қалыптасуында    көптеген  
объективті  факторлар  көрінеді: 
-  ағзаның  физиологиялық  жетілу  заңдылықтары; 
-  адамдардың  психикалық  дамуы; 
-  философия,  педагогика  ғылымдарының  жетістіктері; 
-  қоғамдық  мəдениеттің  дамуы. 
-           Басты  факторы  -  идеология,  мемлекеттің  сасясаты.   
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Тəрбие ұғымына анықтама беріңіз. 
2. Тəрбиенің мақсат-міндеттерін атаңыз. 
3. Тəрбиенің мақсатының анықталуына қандай факторлар əсер етеді? 
4. Мақсат пен міндет терминдерінің айырмашылығ неде? 
5. Қоғам дамуындағы тəрбие мақсатының өзгеруіне қандай факторлар əсер етеді? 
6. Ақыл-ой тəрбиесінің міндеттерін атаңыз. 
7. Дене тəрбиесінің міндеттерін атаңыз. 
8. Еңбек тəрбиесінің міндеттерін атаңыз. 
9. Эстетикалық тəрбиесінің міндеттерін атаңыз. 
10.Адамгершілік тəрбиесінің міндеттерін атаңыз. 
 
№5 дəріс тақырыбы: Шетел  педагогикалық  тұжырымдамалары. 
Мақсаты: Студенттерді шетел  педагогикалық  тұжырымдамаларымен таныстыру . 
 
Тірек ұғымдар: Прагматизм, Неотомизм, Экзистенциализм, Бихевиоризм 
 
 Жоспары: 
1.  Қазіргі  шетел  педагогикалық  тұжырымдамалары. 
2.  Шетел  педагогикасындағы  тəрбиенің мақсаты. 
        Философиялық  теориялар  педагогикалық  концепциялар  мен  тəрбие   жүйелеріне  
негіз    болды.    Философиялық    бағыттарға    негізделген    басты    педагогикалық  
концепциялар: 
1.  прагматизм 
2.  неопозитивизм 
3.  экзистенциализм 
4.  неотомизм 

5.  бихевиоризм  
          Прагматизм  (грек  сөзі  «прагма»  -  іс)  -  философиялық-педагоги- калық  бағыт.  
Ол    тəрбиені    өмірмен    ұштастыра,    тəрбиенің    мақсаты    практикалық    іс-əрекетте  
жүзеге  асырылады  дейді.  Прагматикалық  философия  негізін  қалаушылар  Ч. Пирс  
(1839  –  1914),    У.  Джеймс    (1842  –  1910),    Дж.  Дьюй  (1859  -1952).  Оның    басты  
қағидалары:    мектеп    өмірден,    оқыту    тəрбиеден    алыс    болмауы    тиіс.    Оқу-тəрбие  
процесінде    оқушылардың    белсенділігіне    сүйену    керек.    Тəрбие    жəне    оқыту  
практикалық    іс-əрекеттер    көмегімен    жүзеге    асырылады.    Оқу-тəрбие    процесінің  
негізінде  баланың  қызығушылықтары  болуы  керек.  «Біз  баланың  орнына  өзімізді  
қойып,    содан    шығуымыз    керек.    Бағдарлама    емес,    оқытудың    саны    мен    сапасын  
бала  өзі  анықтағаны  жөн». 
           Неопозитивизм  -  ғылыми-техникалық  құбылыстар  жиынтығын  ұғыну. 
          Ол    Платон,    Аристотель,    Юм,    Канттың    этикалық    идеялары    негізінен  
туындаған.    Қазіргі  педагогикалық    неопозитивизмді    «жаңа    гуманизм»    деп    атайды,  
немесе    «сциенцизм»    (ағыл.    «ғылыми»)    өкілдері    -    П.  Херс,    Дж.  Вильсон,  
Р.С.Питерс,  А.Харрис,  М.Уорнок,  Л.Кольберг  жəне  т. б. 
           Басты    идеялары:    «рационалдық    ойлау»,    интеллектіні    дамыту,    тəрбиенің  
мақсаты  -  рационалды  (ақыл-ойға  жеңдіруші!  Ойлайтын  адамды  құрастыру.  Олар  
сезімге  емес,  логика  мен  ақылға  сенеді.  Адамдық  «мен»  дамуы  тиіс. 
 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Прагматизм концепциясындағы тəрбиенің мəні неде? 
2. Неотомизм концепциясындағы тəрбиенің мəні неде? 
3. Экзистенциализм концепциясындағы тəрбиенің мəні неде? 
4. Бихевиоризм концепциясындағы тəрбиенің мəні неде? 
 
№6 дəріс тақырыбы: Тұлғаның дамуы, тəрбиеленуі, қалыптасуы мен 
əлеуметтенуінің өзара қатынасы. 
Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру. 
Тірек ұғымдар: тұлға, жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тəрбие, қалыптастыру, жеке 
тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары, қозғаушы күштер, əлеуметтену. 
Жоспар. 
1. Жеке тұлға туралы түсінік. 
2. Тұлғаның тəрбиеленуі мен қалыптасуы. 
3. Тұлға дамуындағы оқытудың орны. 
4. Тұлғаны əлеуметтендіру жəне қалыптастыру факторлары. 
1.  Тұлға  -    1)  дербес  əрекет  жасайтын  субъект  ретіндегі  нақты  жеке  адам 
болмысының  қайталанбас,  ерекше  əдісі,  адамның  қоғамдық  өмірінің  дара  нысаны. 
тұлғаның  мəні  нақты  индивидтің  өзіндік  ерекшелігінде,  оның  əлеуметтік  жүйе 
шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады; 
2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін жəне жауапкершілікпен анқытайтын, 
қоғамның  өкілі  ретіндегі  адам.  Қоршаған  ортамен,  қоғамдық  жəне  адами  қарым-
қатынастар жүйесімен, мəдениетпен өзара əрекеттестікте қалыптасады. Адам əлеуметтену 
процесінде тұлғаға айналады. 
Индивид (лат. individuum – бөлінбейтін) – 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo 
sapiens  түрінің  өкілі  филогенездік  жəне  онтогенездік  дамудың,  туа  біткен  жəне  жүре 
біткеннің біртұтастығының өнімі, тəн сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) 
адамзат  қауымдастығының  жеке  бір  өкілі;  табиғи  шектелу  шеңберінен  асып  шыққан, 
құралдарды,  белгілерді  пайдаланатын  жəне  осылар  арқылы  өзінің  мінез-құлқы  мен 
психикалық процестерді меңгеретін əлеуметтік тіршілік иесі. Индивидтің сипаттамалары: 
-  психофихиологиялық ұйымдасуының тұтастығы; 
-  қоршаған ортамен өзара əрекетестіктегі орнықты тұрақтылығы; 

-  белсенділігі. 
Тұтастық  белгісі  индивидтің  өмірлік  қатынастарын  жүзеге  асыратын  сан  алуан 
функциялар  мен  механизмдер  арасындағы  байланыстардың  жүйелі  сипатын  көрсетеді. 
Тұрақтылық  индивидтің  шындық  болмысқа  деген  негізгі  қатынастарының  сақталуын 
анықтайды.  сонымен  қатар,  икемділік,  вариативтілік  жайттарының  болуын  көздейді. 
Белсенділігі оынң өзін өзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. 
 
 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 
1. Тұлға дамуының мəні неде? 
2. «Жеке тұлға» жəне оның құрылымдық ұғымдарының мағынасын ашыңыз. 
3. Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негізгі ұғымдарды сипаттаңыз. 
4. Тұлға дамуының қозғаушы күштері қандай? 
5. Тұлға дамуы мен қалыптасуының негізгі теориялық-əдіснамалық амал-тəсілдерінің 
сипаттамаларын беріңіз. 
6. Тұлға қалыптасуына əсер ететін негізгі факторларды атаңыз. 
7. Тəрбие мен дамудың өзара байланысты екенін дəлелдеңіз. 
8. Өз бақылауларыңызға сүйене отырып (отбасындағы, мектептегі, қоршаған ортадағы), 
əртүрлі факторлардың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына əсер етуінің нақты 
мысалдарын келтіріңіз. 
9. Əлеуметтену процестерін атаңыз, олардың мəні неде? 
10. Əлеуметтену кезеңдері қандай жəне олар тұлғаның əлеуметтік даму кезеңдерімен 
қандай байланыста? 
 
№7 дəріс тақырыбы: Мектепке дейінгі жəне кіші мектеп жасындағы балаларды 
дамыту мен тəрбиелеудің ерекшеліктері. 
Мақсаты: мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай жəне жеке басына тəн 
ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру жəне осы ерекшеліктерді оқу-тəрбие 
процесінде ескеру. 
Тірек ұғымдар: жеке тұлға, жас мөлшері, жеке ерекшеліктер. 
Жоспар. 
1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы мен тəрбиеленуінің ерекшеліктері. 
2.Кіші мектеп жасындағы балалардың дамуы мен тəрбиеленуінің ерекшеліктері. 
 
1.  Адамның  мектепке  дейінгі  кезінде,  жасөспірім  шақта  жəне  əлеуметтік  ортада 
қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.  
Мектепке  дейінгі  балалық  шақта  жас  баланың  4-7  жас  аралығындағы  өзіне  тəн 
ерекшеліктері, оның айналасында болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен 
сезгендерін  зердесіне  хаттай  жазып  ескерген  жөн.  Əрдайым  қозғалыс  үстінде  жетіле 
дамыған балалардың денесі мен салмағы да өсіп отырады. Баланың 4 жастағы салмағы 15-
16 кг, ал бойы 100 см болса, 5 жастағы салмағы 17-18 кг, бойы 106-107 см болады. 
4-5  жасар  балалардың  салыстырмалы  ойлай  алатын  қабілеттері  ерекшелене  түседі. 
Əжептəуір  санамақтарды  игеріп,  аз  жəне  көп  сандарды  айдың,  күннің,  жылдың 
мезгілдерін айыратын халге жетеді. бұл жастағылардың ойыны, əрбір əрекеттері мазмұнға 
айналып,  белгілі  бір  мақсаттарды  орындауға  ұмтылыс  жасайды.    баланың  мектепке  6-7 
жасында баруы негізінен биологиялық жəне физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа 
алудан  деп  түсіндіріледі.  Дендері  сау  болып  дүниеге  келеген  балалар  қашан  да  алғыр, 
зерек, ұғымтал болып келеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап, қабылдауға 
бейімделеді. жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайды. 
Мектепке  дейінгі  тəрбие  –  жалпы  педагогиканың  бір  саласы.  Мектепке  дейінгі 
педагогика  –  мектеп  жасына    дейінгі  балаларды  тəрбиелеу,  оқыту,  дамыту  туралы  жəне 
оның  негізгі  заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым.  Бұл  кезеңде  баланың  дамуы  тез,  үдемелі 
болғандықтан, əлсіз де нəзік, кінəшіл болып келеді. Бала осы шақта сөйлеуді меңгереді. 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 
1.  Оқушының «дамуы», «тəрбиесі», «жеке тұлғалық қалыптасуы» деген түсінікті 
ашыңдар. 
2.  Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық жəне физиологиялық 
ерекшеліктерін атаңыз. 
3.  Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы мен тəрбиеленуінің ерекшеліктеріне 
сипаттама беріңіз. 
4.  Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық жəне физиологиялық 
ерекшеліктері қанджпай? 
5.  Кіші мектеп жасындағы балалардың дамуы мен тəрбиеленуінің ерекшеліктерін есепке 
алу қалай жүзегше асырылады? 
 
№8 дəріс тақырыбы: 
Орта жəне жоғары мектеп жасындағы балаларды дамыту мен тəрбиелеу 
ерекшеліктері. 
Мақсаты: мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай жəне жеке басына тəн 
ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру жəне осы ерекшеліктерді оқу-тəрбие 
процесінде ескеру. 
Тірек ұғымдар: жеке тұлға, жас мөлшері, жеке ерекшеліктер, акселерация, дарындылық, 
девиация. 
Жоспар. 
1. Орта жəне жоғары мектеп жасындағы баланың дамуы мен тəрбиеленуінің 
ерекшеліктері. 
2.Жастық шақ - əлеуметтік-психологиялық құбылыс. 
3.Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері жəне оның педагогикалық процесте ескерілуі. 
 
1.  Педагогикалық  тəжірибеде  баланың  жан-жақты  дамуы  мен  мінез-құлқы  жағына 
қалыптасуының  жасөспірімдік  шағы  (10-15  жас)  ең  қиын  кезең  болып  есептеледі. 
Жасөспірімдердің  мінезіндегі  ауытқушылықтар  осы  жастағы  соматикалық  жəне 
психикалық  дамуда  жатыр.  Бұл  кезде  баланың  бойы  тез  өседі.  Жүректің  көлемінің  өсуі 
бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар əлдеқайда жіңішке 
болады,  қан  қысымы  артады.  Бала  жасөспірім  шаққа  өткен  кезде  оның  нерв  жүйесінің 
құрылым морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның əрі қарай дамуы ағзаның барлық 
қызметіне  жəне  екінші  сигналды  жүйенің  жетілуіне  бақылау  жасауды  күшейтеді. 
Жасөспірім  өзін  қоршаған  əлемге  баға  береді  жəне  оған  деген  өзінің  қарым-қатынасын 
орнықтырады.  Ол  өмірдің  тұрмыстық  қарым-қатынастарына  еніп,  енді  тек  өзінің 
қажеттіліктерін  қанағаттандыру  бойынша  ғана  емес,  сонымен  бірге  өзі  теориялық 
жағынан  игерген  қағидалар  бойынша  қарым-қатынасқа  түседі  жəне  адамдардың  мінез-
құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда сыни көзқарасқа бейім болып келеді.  
Бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, 
əлемдегі  өз  орнын  табу.  Жасөспірімдер  қоғамдық-өндірістік  еңбекке  қатысады.  Ол  тек 
еңбек арқылы қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Жасөспірім өзіне дос 
болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады.  Жасөспірімдермен 
жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-əрекет түрлеріндегі жетістіктерге жағдай жасау, 
құндылықтарын қалыптастыру.  
 
  
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 
1. Мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай жəне жеке басына тəн ерекшеліктері 
туралы не білесіз? 
2.Жас жəне жеке ерекшеліктерді оқу-тəрбие процесінде ескерудің мəні неде? 
3.Орта мектеп жасындағы баланың дамуы мен тəрбиеленуінде қандай ерекшеліктер бар? 

1.  Жоғары мектеп жасындағы баланың психологиялық жəне физиологиялық  
ерекшеліктерін атаңыз. 
2.  «Жастық шақ - əлеуметтік-психологиялық құбылыс» дегенді қалай түсінесіз? 
3.  Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін білу жəне оны педагогикалық процесте ескеру 
мұғалімге не үшін қажет? 
4.  Жеке ерекшеліктер дегеніміз не? 
5.  «Акселерация», «дарындылық», «девиация» ұғымдарына сипаттама беріңіз. 
 
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет