5В010300 «Педагогика жəне психология»


№ 8 дəріс  Тақырып:Психикалық дамуы баяу балалар



жүктеу 1.13 Mb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата25.04.2017
өлшемі1.13 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

№ 8 дəріс 

Тақырып:Психикалық дамуы баяу балалар  

Дəріс мазмұны: 

1.Психикалық  дамуы баяу түсінігі 

2.Психикалық дамуы баяу балаларға психологиялық- педагогикалық сипаттама 

3.Психикалық дамуы баяу балаларға кешенді көмек ету жүйесі 

         Мектепте  қиындықпен  оқылатын  балалар  тобының  көп  бөлігі  психикалық  дамуы  баяу  балалар  тобын 

құрайды. Мұндай көпсандық топтың 50% жуығы бастауыш класс оқушыларын қамтиды жəне бұл оқушылар 

тобы педагог –психологтарды өздеріне еріксіз назар аудартады. 

 Психикалық  дамуы  баяу  түсінігі  (ПДБ)  -  бұл  балада  танымдық  əрекеттің  жеткілікті  дəрежеде  дамымауы 

жəне  эмоционалдық  ерік  сапаларының  анық  сипат  алмауымен  сипатталады.  Арнайы  түрде  психикалық 

дамуы  баяуды  кешенді  түрде  зерттеу  жəне  балалар  ауытқушылығының  дамуын  білу  арнайы  психологияда 

60-70-ші  жылдарда  қарастырылды.  Бұл  мектеп  практикасының  қажеттілігінен  көрініс  алып  туындады. 

Психикалық  дамуы  баяу  болып  балалардың  сипатталуы,  яғни  баланың  жалпы  дамуында  психикалық 

дамудың    қалыс  қалуы  болып  саналанады.Г.Е.Сухарев,Т.А.Власов,  М.С.Певзнер  зерттеулеріңде 

В.И.Лубовский,  К.С.Лебединский    төменгі  класс  үлгірмеушіліктерінің  негізгі  категориясы  бұл  оқытуда  

қиыншылыққа  ұшырауы,  психикалық  дамудың  баяу  қарқындылығымен  қамтылған.Көпшілік  жағдайда 

балаларда  психикалық  дамудың  баяу  болуының  себебі  ең  аз  мөлшердегі  органикалық  бұзылыстар  немесе 

орталық  жүйке  жүйесінің  функционалдық  қызметінің  əлсіздігі,  дуниеге  келу  сəтіндегі  жəне  бала  өмірінің 

алғашқы  жылындағы  түрлі  қолайсыз  əсерлер  нəтижесі,  ұзақ  созылмалы  аурулар,  əлеуметтік-мəдени 

жабығулар  (отбасындағы,  балалар  үйіндегі  қолайсыз  жағдайлар),  стрестік,  психотравмалық  факторлар 

əсері.Психикалық  дамуы  баяу  –    тұрақты  тузетуді    педагогикалық-  психологиялық  тұрғыдан  үйлесімді 

жағдай жасауды жəне медициналық емдеу шараларын да қажет етеді. 

        ПДБ  балалардың  барлығына  тəн  ерекшілік  қоршаған  орта  дүние    жəне  өзі  жайында  ұғым  түсініктері 

үзік-үзік шектеулі, моральдық норма туралы түсінігі  анық емес,  танымдық  қызығушылығы əлсіз, танымдық 

белсенділіктері  төмен,  ақыл-ой  операциялары  мен  əрекеттері  жеткілікті  қалыптаспаған,  сенсорлық 

жаңалықтарды  қабылдауда  жəне  оны  өндеуде  жылдамдығы  жай  болу  жиі  байқалады,  əрі  коммуникативті 

қарым-катынастары жеткіліксіз дамымағандықтарымен сипатталады.  

        Балалардың  сөйлеу  тілінде  қалыс  қалушылық,  сөйлеу  белсенділігі  төмен,  əсіресе  дыбыстау    кемшілігі, 

аграмматизм, сөздік қорлары шектеулі, сөзді реттей алу  функциясы баяу  деңгейде көрініс  береді.Оқу  жəне 

ойын  мотивациясын  игеруде    əлсіздік  байқала  отырып,  өз  мінез  құлығын  реттеуде  мағынасыздық 

қалыптасып  көрініс  береді,  эмоционалдық    ерік-сфераларында  қозғыштық,  сезгіштік  жəне  тұрақсыздық 



байқалады. 

Балалар 


моторикасының 

жетіспеушілігі, 

əсіресе 

ұсақ 


қол 

моторикасы, 

қозғалыс  

координациясының  қиыншылығы,  гипороктивтілік  байқалады.Психикалық  дамуы  баяу  балаларды  қалыпты 

дамыған  балалармен  салыстырып  қарағанда  жас  жағынан  сəйкес  келгенімен,  танымдық  əрекетерінің  дамуы 

зейіні,  қабылдауы,ойлауы,  сөйлеуі,  есте  сақтаулары  жағынан  қалыстық  байқалады.    Мұндай  балаларға  дер 

кезінде  дамуына  үйлесімді  педагогикалық  тұрғыдан  көмек,  əрі  бағыт  беріліп  жақын  арада  дамытылса, 

олардың дамуында ілгері басушылық болады.  

      Психикалық дамуы баяу балаларға кешенді көмек ету жүйесі жүзеге асырылады: 

• 

Арнайы  білім  беру  мекемелерін  құру,  оны  жабдықтау  (мектепке  дейінгі  мекемелердегі  арнайы 



топтар, арнайы мектеп –интернат, жалпы мектептердегі түзету –дамыту класстары); 

• 

Дамуында  кемшілігі  бұзылысы  бар  балаларды  ерте  анықтау,  бастауыш,  жалпы  білім  беру  негізінде 



оларды  білім  қажеттілігімен  қамтамасыз  ете  отырып,  түзету  жұмысының  формасымен  жəне 

əдістерімен қамту; 

• 

Түзету-білім  беру  ісінде  балалардың  денсаулығын  нығайтуда  педагогикалық,  медициналық  жəне 



психологиялық диагностика жүйесін мақсатты түрдегі келісімділікпен қамту; 

• 

Жалпы білім беру мекеме жағдайында емдеу-сауықтыру жəне алдын алу шаралар жүйесін құру; 



• 

Психикалық жағынан  дамуы баяу  балаға  білім беруде оқу –əдістемелік  жəне  практикалық тұрғыда 

қамтамасыз ету;  

• 

Мектепке дейінгі жəне мектептегі білім беру жүйесінде түзетуге арналған педагогикалық кадрларды 



əзірлеу; 

• 

Отбасына арналған ақыл-кеңестік қызмет үлгілерін əзірлеп отыру; 



• 

Кəсіби мамандыққа бағдарлау мазмұны мен міндетін анықтау. 



№ 9 дəріс  

Тақырып: Есту   қабілеті  бұзылған  балалар 

1.Сурдопедагогиканың мақсаты мен міндеттері 

2.Есту қабілетінің бұзылу себептері 

3.Есту бұзылысының жіктелуі 

  Сурдопедагогика (латын сөзі  «surdus»-саңырау) арнаулы педагогиканың бір бөлігі, бұл естуі бұзылған 

тұлғаларды    зерттейді.  Мүмкіндігі  шектелген  балалардың  көпшілігі  есту  түрлерінің  ауытқушылығының 

салдарынан айналадағы ортада ерекшеленіп байқалады . 

        Есту  –дыбыстық  құбылыстар  формасының  қабылдаудағы  шынайы  анық,  дəл  түрдегі  бейнеленуі. 

Дыбыстарды  ажырату  тірі  организмге  тəн  қабілеттілік  болып  табылады.  Бұл  қабілеттілік  -  есту  органының 

немесе есту анализаторының қатысуымен таратылады. Есту анализаторының қалыпты дəрежеде қызмет етуі 

баланың  жалпы  дамуына  үлкен  əсерін  тигізеді.  Есту  жағдайының  қалыпты  болуы  балалардың  сөйлеуі  мен 

психологиялық   жағынан  қалыптасуында шешуші орын алады. Есту   анализаторының бұзылуы ең алдымен 

көп мөлшерде баланың сөйлеуіне əсер етеді, оның танымдық  қызметіне жалпы дəрежеде мүкістік келтіреді. 

Құлақ-дыбыс тербелісін күшейтеді жəне оны қайта өндейді. Дыбыстар негізінен үш қасиетпен сипатталады: 

Олар күші, биіктігі жəне тембірі. 

         Есту қабілетінің үлкен қызметі  болып табылатын естудің жəрдемімен бала өзінің сөйлеу тілін бақылап 

қана қоймай, оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға мүмкіншілігі болады. Жалпы қоршаған 

орта дыбыстарға толы боып келеді, əрі олар əртүрлілігімен ажыратылады. Біздер музыкалық,  шулы,  табиғи 

дыбыстарды  естиміз. Сонда адамның дамуында естудің үлкен орны бар екендігі белгілі. Ал баланың жалпы 

дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады.  

         Баладағы  есту  қабілетінің  бұзылыстары  іштен  туа  жəне  жүре  пайда  болады.  Іштен  туа  біткен 

саңыраулық  өмірде  сирек  25  %  шамасында  ғана  кездеседі.Мұның  пайда  болу  себептері;  ана  құрсағындағы 

даму  кезеңінде есту   мүшелерінің дұрыс дамымауынан, тұқым  қуалау себебінің ықпалынан жəне анасының 

жүктілік кезінде  тұмау, қызылша немесе  басқада жұқпалы аурулармен ауруы,  дамудың алғашқы айларында 

зиянды  зақымданудың  əсерінен  болады.  Кейіннен  пайда  болған  саңыраулық  əртүрлі  аурулардың  зиянды 

əсерінен, есту жүйкесінің немесе құлақ ішінің асқынып ауруы нəтижесінен пайда болады.  

         Саңыраулық  пайда  болу  уақытына  байланысты    ерте  саңыраулану  жəне  кеш  саңыраулану  болып 

бөлінеді.Ерте  саңыраулану  бұл    бала  тілі    шыққанға  дейінгі  кезеңінде  пайда  болуы,  ал  кеш  саңыраулану 

баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан басталған саңыраулану болып табылады. 

Есту    ақаулықтарының  жіктелуі  есту  қабілетінің  бұзылу  ерекшеліктерімен  анықталынады.  Саңырау  

дегеніміз  –есту    қабілеті  қатты  бұзылғандықтан  адамның  сөйлеу  тілін  анық  түсініп  болмайтын  

ақаулық.Өмірде көп жағдайда  есту қабілетінің аз да болса саңылауы сақталатын болады.Осы болмашы ғана  

сақталған  саңылаудың  жəрдемімен  бала  өте  қатты  айғайлап  анық  айтқанды,зыңылдаған,  шаңқылдаған 

дыбыстарды, сөздің үзіліп шыққан   дыбыстарын, ал кейде құлақтың түбіне тақап қатты айтқан қысқа таныс 

сөздерді  естіп  түсіне  алады.Саңырау  балалар  арнайы  өқытудан  өтпейінше  сөйлеу  тілін  өздіктерінен 

меңгермейді. Олар дыбысты, сөзді анық, дəл қабылдай алмайды, дыбыстық бейнені естімейді.Нашар еститін  

балалардың  сөйлеу  тілдері  өрескел  бұзылып  келеді  .Балада  есту  кемшілігінің  болуы  сөздегі  дыбыстауды 

реттей  алмайды.  Осыдан  оның  аузша  сөйлеуі  қалыс  қалады.Барлық  осы  жағдайлар  баланың  қоршаған 

дүниені тануын, сөйлеуді игеруін қиындатады. Сондықтан оның ой қызметінің дамуында бұзылыс көрінеді. 

Қалыпты  ести  алатын  балалармен  салыстырғанда  мұндай  балаларда  ауытқушылық  айқын  көрінеді.  Мүлде 



естімейтін  тас  саңыраулар  өмірде  өте  сирек  кездеседі  .Түзету  оқу  жұмысы  2  жастан    6  жасқа    дейінгі 

балалармен  арнайы  балабақшаларда  жүргізіледі.  Мектеп  жасына  жеткеннен  бастап  мұндай  балалар  оқуын 

нашар    еститін  арнайы    мектептерде  жалғастырады.  Оқыту  жұмыстарының  барлық  түрлерінде  балалардың 

сақталған  есту  қабілеті  міндетті  түрде  пайдаланылады,  өйткені  бұл  естуді  арнайы  аппараттың  жəрдемімен 

күшейтуге болады.  

Дəрігер отоларинголог  есту қабілетінің бұзылуынан тексере отырып, алдын алу сақтандыру шараларын 

да  жүргізетін  болады.  (құлақты  таза  ұстау,  кенеттен  шыққан  қатты  айқай,  топ  шуылынан  құлақты  сақтау, 

дəрігерге жылына екі рет тексеріліп отыру). 



№ 10 дəріс  

Тақырып: Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру. 

Дəріс мазмұны: 

1.Есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұны 

2.Естуі бұзылған балалардың тілдік бұзылыстары 

3.Саңырауларға арналған арнайы техникалық құралдар. 

Кеңестер  одағында  жəне  Ресейде  көптеген  жылдар  бойы  тек  бір  ғана  дəстүрге  айналған  саңырауларға 

арналған  педагогикалық  оқыту  жүйесі  қалыптасқан  –  ол  тілдік  негіздегі  сөздік  сөйлеуі  болып 

табылады.Саңыраулардың  қазіргі  сурдопедагогикасы  жаңа  оқыту  парадигмасын  іздеу  үстінде  болып 

табылады,  себебі  демократиялық  жəне  гуманистік  тенденцияның  тереңдігімен  жалпылығы  жағынан  соңғы 

жылдары əлемдік байланыста нашар еститіндерге арналған жаңа білім тəжірибесі интеграцияны алып келді. 

Сонымен  қатар  жесттік  тілді  лингвистикалық  жəне  психолингвистикалық  жаңа  ғылыми  негізде  зерттеу 

болып  табылады.Ежелгі  сурдопедагогикада  нашар  еститін  балаларға  арналған  жаңа  оқыту  концепциясын 

ойлап  табу  көзделген,  ол  көптеген  бағыттарға  негізделеді.  Педагогикалық  оқыту  жүйесінің    2  негізгі  түрін 

қарастырайық, ол қазіргі кезде өзге елдерде де жəне Ресейде қолданылады. 

  Педагогикалық  жүйесінің  билингвистикалық  ыңғайы-сурдопедегогиканың  жаңа  бағыты  болып 

табылады,ол 

өмірде 


 

80-жылдардың 

басынан 

бастап 


пайда 

болған.Латын 

тілінде 

«билингвистикалық»,билингвизм қазақ тілінде аударғанда «екітілдік,екітілді»деп аударылады.  

  Билингвистикалық  оқытудың  методологиялық  платформасының  негізі  болып  əлеуметтік-

политикалық  жəне  философиялық  ойлар  қосылысы  болып  табылады,цевилизациялық  қоғам  менталитетінің 

өзгерісі бейнесі жəне саңыраулардың шағын социумына жəне ымдау тіліне жаңа қарым-қатынасы. 

  Қазіргі  ғылыми  парадигма  барлық  білім  процесінің  байырғы  құрылысы  дəлелдігін  қамтамасыз 

етеді. 

  Əлемде  5000-нан  астам  тілдермен  200-дей  мемлекет  бар  деп  есептеледі.Кейбір  елдерде  екі  тілді 



қатар пайдалану заңда көрсетіліп бекітілген.Мыс:Европада мұндай елдер саны-6.Көптеген мем лекеттерде екі 

тілмен бірдей пайдаланылатын халықтарда бар. 

  Еститіндерге 

қатысты 


билингвистикалық 

оқыту 


идеясы 

жаңа 


болып 

есептелмейді:ортағасырда,мысалы:көптеген 

университеттерде 

сабақ 


латын 

тілінде 


өткен; 

қазіргі 


педагогикада 2 тілді қатарынан оңай меңгеру білімді  алуда да жəне  ары қарай карьераны жалғастыруда да  

өзінің зор  үлесін көрсетеді. 

Саңырауларға    қатысты  билингвизм  термині  25  жыл    бұрын  қолданыла    бастаған.    Естімейтін 

адамдардың көпшілігі біруақытта жесттік жəне  сөздік тілдеріне ие бола  алады.  Кейбіреулері өзінің негізгі 

тілін  жесттік  тіл    деп    ойласа,  кейбіреулері  сөздік  тіл    деп    есептейді,    бірақ  саңыраулар    қарым  –  қатынас 

жағдайында екеуін қатар пайдалана  алады. 

Саңырауларды  оқытудағы  билингвистикалық  ыңғай  білім  процесінің  екі  тең  құқылы  жəне 

теңқұндылықты  тəсілдерін  қарастырады-олар  орыс  немесе  өзге  ұлттық  тілінде  аызша,жазбаша  жəне 

тактильді формада жəне орысша немесе өзгеше жест тілі. 

Еститін  жəне  естімейтін  мұғалімдер,оқушылар  жəне  ата-аналар  арасында  екі  тілді  бірдей 

қатарластырады.Саңырауларды  Биленгвистикалық  оқыту  Батыс  Европа  пайда  болған.Сурдопедагогикадағы 

осы бағыттың пайда болуына əсер еткен кейбір факторларды атап кеткен жөн. 

1-ден,жесттік  тілге  деген  қатынасының  өзгеруі.Саңыраулар  бір-бірімен  қарым-қатынасы  үшін 

жесттік  тілді  қолданған  жəне  де  жесттік  тілгеалғаш  рет  4  ғасырда  сипаттама  берген  Августин  еді.Франция 

Қаласында  жəне  Ресейде  жесттік  тілдің  қолданылуы  жайында  оқулықтар  енгізілді.Ұлттық  жесттік  тілдің 

қалыптасуы  70-жылдарда  жасалады.20-ғасырда  В.Стоку,М.Бреннон,Г.Л.Зайцевтің  айтуынша,жест  тілдері-

жалпықұндылықты,қиын,өзінің грамматикалық,лексикалық, морфологиялық негізі жағынан лингвистикалық 

жүйеге  бай  болып  табылады.Жесттік  тіл  орыс,ағылшын,қытай  тілдерінен  ешқандай  айырмашылығы 

жоқ.Жесттік тілді оқу процесінде кең қолдануға болады.Осы пікірді Л.С.Выготский 30-жылдардың басында 

атап кеткен. 

2-ден,  «Басқа  адамдарға  ұқсамайды»  деген  пікір  өзгереді.  «Басқалар»  əлемін  түсіну  Қажеттілігі 

пайда 


балды.Саңырауларға 

 

«Мүгедек» 



ретінде 

қарау 


сияқты 

көзқарастар 

өзгерді.Оларға 

индивид,қалыптасқан жеке тұлға ретінде көңіл бөле бастайды. 

3-ден,екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  елдерде  миграция  көбейді.Мысалға  АҚШ-пен 

Ұлыбританияда  Азия  жəне  Африкадан  келген  имиграндтар  көбейді.Осының  иəтижесінде  оқыту  процесі 

өзінің туған тіліне сүйенгенде ғана тиімді балады. 


4-ден,бұл ауызша оқыту əдістерініңнəтижелерінің жəне тотальды комуникативті əдістерінің жалпы 

талымсыздығы.  Конрада  1979  жылғы  зерттеулерінде  Англия  қаласында  саңырауларға  арналған  мектептің 

түлектерінің оқу қабілеті қалыпты 9 жасар балаға тəн. 

5-ден,  АҚШ-та  жүргізілген  зерттеулер  бойынша  саңырау  ата-анадан  туған  саңырау  балалар  IQ 

тестісін  жақсы  меңгеріп  жақсы  нəтиже  шығарады.  Себебі:  осындай  жестік  тілде  олар  туғаннан  бастап 

қолданған. 

Осылайша,  прогрессивті  ата-аналар  балаларын  бұрынғыша  оқытқысы  келмеді.Нəтижесінде 

саңырау  балаларды  оқытудың  лингвистикалық  ыңғайлы  Скандинавиядағы  мемлекеттік  жүйе  болып 

табылады..Қазіргі уақытта Ұлыбританиада жарты мектеп билингвистикалық ыңғайды қолданып келеді жəне 

осы ыңғайды Австралия, Африка, Галландия Бельгия, Германия, Швецария, Эстония қолданып келеді. 

Ал  Ресей  қаласында  тек  ғана  бір  билингвистикалық  мектеп  бар-ол  Мəскеулік  билингвистикалық 

гимназия, 1992жылы пайда болған (ғылыми жетекші профессор Г.Л.Зайцева)  

Г.Л.Зайцеваның айтуынша(1988)оқу тəрбиелеу процесінде жест тілін кеңіненқолдану нəтижесінде 

ғана мұғаліммен оқушының арасындағы қарым-қатынас нығайтылынады.Осының нəтижесінде білім аумағы 

кеңейтіледі жене 10жыл ішінде білім  алып шығады. 

Саңырауларды  оқытудың  жаңа  педагогикалық  жүйесінде  шешілмеген  тапсырмалар  қатары  көп. 

Олар:оқыту процесінде жесттік жəне сөздік тілді дұрыс қолдану талабы, жесттік тіл негізінде дидактикалық 

оқыту процесін жасапм  шығару арнайы сурдопедагог маманларын дайындау жүйесін құру. 

Саңырауларды  оқытудың  екінші  бағыты  сөздік  тілімен  байланысты.  Түрлі    тарихи  кезеңдерде  бұл 

бағыт лингвистикалық білімге  сүйенді. Оқытудың негізгі мақсаты саңырау, бірақ сөздік тілді меңгерген адам 

болып  табылады.    ХҮШ-ғасырдың  екінші  жартасында    ХХ-ғасырдың  басында  сурдопедагогтардың  зейіні 

саңыраулардың сөйлеу жағдайында болды.  Оның негізгі  тапсырмасы таза ауызша  сөйлеу болып табылады. 

ХХ-ғасырдың  50-жылдар  ортасында  дейін  саңырау  балалардың  сөздік  дамуын  –  олардың 

айтылуын, сөздік қорын, грамматикасын, синтаксисін зерттеп  қарастырады.  Бəріне  танымал сурдопедагог, 

профессор  С.А.Зыков  жəне  оның  əріптестерінің  айтуынша,  саңырау  балалардың  сөздік  тілдің 

коммуникативті  функциясы  жəне  əлеуметтік  есептеуі  арқылы  зерттеп    білуге  болады.    Бұл    жүйе 

коммуникациялы    жүйе  деп    аталады.  Саңырау    балалар  жүйені  меңгеріп  жəне  əлеуметтік  ортада 

қолданылуын үйрену керек.  Коммуникациялы жүйенің аса маңызды  жағдайы заттық – сарамандық іс-əрекет  

жағдайында  саңырау балалардың тілдік дамуын қалыптастыру жəне дамыту; 

Коммуникациялы  жүйенің  пайымдауынша,  тілді  зерттеп  білудің  жүйесі  болып  қарым-қатынас 

тілдік  формасын  сарамандау  болып  табылады.  Балада  тілдік  қабілет  тіл  белсенділігінің  негізгі  түрі  болып  

даму керек. 

Коммуникациялық жүйелік тілдік оқытудың аса маңызды орны қарым-қатынас даму идеясындағы 

іс-əрекет сияқты орын алады. 

Саңырау  балалардың  тілдік  құрылым  жүйесін  меңгеруі  басқаша    жүреді.  Саңырау  балаларға 

арналған  мектептерде  сөйлеуді  меңгеру  құрылымды-самантикалық  принцип  негізінде  жүреді.    Бұл  

принципті Л.П.Носков жасап шығарды.  Бұл принцип берілген материалды меңгеруге ықпалын тигізеді. 

Генетикалық  принципі  арқылы  саңырауларды  онтогенез  немесе    филогенез  кезеңдердже 

оқытады.Сурдопедагог саңырау баламен жұмыс кезінде балалық (шақтық) даму ерекшеліктері ескерілді. 

Оқытудың  тілдік  іс-əрекет  принципі  негізінде  сөздік  тіл  қажеттілік  болған  жағдайда  ғана 

қолданылады. Мектептегі оқытудың заттық – сарамандық бағыты арнаулы сабақтарда қолданылады. 

Саңырау  балаларды  тілге  үйрету  жаттығулары  заттық  –  сарамандық  оқытуда  ғана  жүргізілмейді, 

сондай-ақ айтылуының қалыптасуына жəне есту қабілетін дамытуда қолданылады. Заттық  əрқайсысы тілдік 

іс-əрекет компоненттерін бекітеді. 

Саңырау  балаларды  оқытудағы  комуникативті  жүйенің  дамуы  жəне  қалыптасуы  СССР-да  есту-

аймағындағы техниканың жетістігінің болмауы кезінде қолданылады.  Дыбысты күшейтетін аппараттар  70-

жылдардың аяғында  ғана енгізілген. Сондықтанда  комуникациялық  жүйе кеңестік ғалымдармен жасалады.  

1958  жылы  Манчестерде  саңырауларға  арналған  арнайы  білімнің  проблемалары  туралы  халықаралық 

конгресс  өтті.    Бұл  конгрестің  негізгі  тақырыптары  болып      саңырау  балаларға  арналған  педагогиканың  

көмегі  жəне  олардың  ерте  шақтағы   дамуы  қарастарылды. 

Манчестердегі  халықаралық  форумның  негізгі  нəтижесі    АҚШ-ғы  диагностикалық  жəне 

педагогикалық көмегі болып табылады, педоаудиолық кеңес беру (1959) 

Осы  бағыттң4  дамуы  негізінен  сөздік  тілге  негізделген,  50-жылдардың  аяғы  ,60-жылдардың  бас 

кезінде дыбыс күшейтетін аппараттардың ұжымға қолдану түрі пайда болады. 

50-60  жылдарда  академик,  доктор  П.Губерина  Загребе  қаласында  Ұбұрынғы  Югославия,  қазіргі 

ХорватияҚ  есту  қабілеті  бұзылған  балаларды  оқытудағы    верботоналдық  жүйені  жасап  шығарды,  осы 

аппарат арқылы балаға оптимальды естуді таңдап алуға көмектеседі. 

СССР-да  пайда  болған  есту  аппараттары  ерте  шақтағы  оқытуға  қолданылмайды.  Негізінен  бұл 

аппарат  нашар  еститін  тұлғаларға  жəне  орта  жастағы  адамдарға  негізделген.Сондықтанда  мектептегі  оқыту 

процесі 70-жылдардың аяғына дейін дыбыс күшейтетін аппаратсыз оқытылды. 

70-жылдары АПН СССР типологиясын НИИ қызметкерлері есту қабілеті бұзылған оқушылардағы 

есту  қабілетін  дамытуда  жаңа  жүйе  енгізді.Бұл  жүйе  саңырауларға  арналған  мектептерде  кең  қолданылып 



келеді.Дыбыс  күшейтетін  аппаратты  жалпы  білім  беретін  процесте  қолдану  негізінде  түзету,  дамыту 

жұмыстары жүргізіледі. 

Есту  қабілетін  күшейтетін  жəне  дыбысты  күшейтетін  аппараттар  арнайы  білім  беретін 

техникасының  құралдары  болып  табылады.  Олардың  негізінде  ақпараттар  алмасады.Бұл  динамикалық 

немесе  статистикалық  проекция  құралдары,видеотехника,  лазерлі  дискілер,  дыбыс  сигналдары  болып 

табылады.Қазіргі  кезде  саңырау  балаларға  арналған  арнайы  телекомуникативтік  құрылғылар  ерекше  орын 

алады.  Теледидаар  бағдарламалары  қазіргі  кезде  видеотекстермен  немесе  сурдоаударумен  қамтамасыз 

етілген.Сонымен қатар саңырау балалар видеотелефондармен, пейджинг байланысымен қолданылады. 

Саңырау  балалардың  дамуында  да  компьютер  ерекше  орын  алады.Жекелеген  компьютер 

бағдарламалары  арқылы  саңырау  балалар  оқу  аппараттарымен  алмасып  отырады.Дұрыс  құрылған 

компьютерлер  бағдарламалары  арқылы  сурдопедагог  балалардың  сөйлесу,  есту  сақтау,зейін  сияқты 

құрылымдарын дамытады. 



№ 11  дəріс 

Тақырып:Көруі бұзылған балалар  

Дəріс мазмұны: 

1.Тифлопедагика пəні, міндеттері 

2.Көру бұзылысының түрлері 

Арнайы педагогикада көруі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тəрбиелеу мəселесін зерттейтін ғылымды – 

тифлопедагогика деп атайды. 

     Тифлопедагогика грек сөзінен алғанда «tiflus» - соқыр деген мағынаны білдіреді,педагогика-тəрбиелеймін 

деген  мағынада.Көруі  бұзылған  тұлғалар,соқырлар  жəне  нашар  көретіндер  тұлғалар  арнайы  педагогикада 

психоденелік  бұзылысты  қамтиды.Бұларда  көріп  қабылдаудың  шектеулілігі  анық  байқалады.Болу  себептері 

көруі  бұзылған  тұлғалардың  бұзылу  себептері  мынандай:туғаннан  соқыр,көруі  бұзылған,жүре  бара  пайда 

болу. 


    Туғаннан ішкі даму жағдайы тұқым қуалаудан,зақымдану əсерінен созылмалы ауруға шалдығудан болады. 

    Жүре бара:көру мүшесінің ауруға ұшырауы,организмнің жалпы асқынып ауруы,мидың трамвалық соққыға 

ұшырауы(əсіресе көру аймағы) мұнда (бастың жарылуы,көздің жарақаттануы,көзге тиген қатты соққы).Көруі 

бұзылған  тұлғалардың  жалпы  қоршаған  ортамен  қарым-қатынаста  өзіндік  сипаты  анық  байқалады.Көруі 

бұзылған  тұлғалар  соқырлар,нашар  көретін.Көру  ақаулығының  болуы  жалпы  жеке  тұлғаның  қалыптасуына 

өз ықпалын тигізеді. 

     Соқырлар-  көру  қабілетінен  мүлдем  айырылған  тұлғалар  немесе  толықтай  көру  түйсігі  мүлдем  бұзылған 

тұлғалар.Бұлар  бұзылу  дəрежесіне  қарай  абсолюттік  жəне  практикалық  соқыр.Абсолюттік  соқырларды  кей 

əдебиеттерде  тотальдік  деп  атайды.Бұл  екі  көзі  соқыр  көрмейтін  көру  түйсігі  мүлдем  болмайтындар  (түсті 

ажырату  жəне  жарықты  түйсінуі  болмайды).Ал  практикалық  соқыр  бұлар  жарықты  жəне  түсті  аз  да  болса 

түйсініп  қабылдай  алады.Жарықты  қараңғыдан  айыру  зат  пішінін  ажырату,оны  қабылдай  алу  аз  да  болса 

саңылау болады. 

    Нашар көретіндер- көруі бұзылған тұлғалар,бірақ көзілдіріктің көмегімен көре алатын тұлғалар. 

   Бұларға  кеңістікті  бағалау  қиынға  түседі.Жалпы  көру  анализаторы  іс-əрекетте(ойын,оқу,еңбек)  жəне 

айналадағы  ортамен  қарым-қатынаста  негізгі  орын  алады.Көруі  бұзылған  тұлғаның  айналадағы  ортамен 

қарым-қатынас  жағдайы  қалыс  қалады,кеңістікті  бағдарлай  алуы  бұзылады.Ұғым  түсініктер  жайындағы 

білімнің  қалыптасуы  заттармен  іс-əрекеттік  қызметі,эмоциялық  ерік  сапасы,еңбекке  бейімделу  əлеуметтік 

комуникациясы  бұзылып  келеді.Бұл  тұлғалармен  арнайы  жұмыс  жүргізу  қажет  болып  табылады.Көруі 

бұзылған  тұлғалардың  оқу  жəне  жазу  əрекетінде  қиындыққа  ұшырауы  байқалады.Дер  кезінде  көру 

бұзылысын  түзету  бойынша  алдын-ала  шаралар  өтілмесе,көру  ақаулығы  асқына  түседі.Көруі  бұзылған 

тұлғалармен түзету жұмычсын жүйелі жүргізуді қажет етеді. 

   Тифлопедагогика көру мүшесі бұзылған адамның оқыту жəне тəрбиелеу туралы ғылым.Олар өз кезегіенде  

нашар көретін жəне мүлдем көрмейтін болып 2-ге бөлінеді.Соқыр-бұл адамдарда көру мүшесі,түйсігі мүлдем 

жоқ.Тек 


жарық 

түйсігі 


бар.Бұлар 

негізінде 

екіге 

бөлінеді:1) 



екі 

көзі 


мүлдем 

көрмейді;2)жарықты,түсті,бейнені қабылдай алады. 

   Нашар  көретіндер-  бұл  көрудің  бұзылуы  көру  өткірлігі  0,05-0,02  дейін  түзету  көзілдірік  көмегі  арқылы 

нашар көретін басқа көру қызметінің ауытқуы болуы мүмкін. 

   Тифлопедагогика  арнайы  педагогиканың  бөлігі  болып  табылады.Тифлопедагогиканың  негізін  салушы 

француз ғалымы В.Галюи жəне Д.Дидро болып табылады.19ғ. бойынша соқыр балаларға арналған мектептер 

ашылды.1917  ж.  Қазан  революциясынан  кейін  соқыр  балаларға  арналған  халықтық  білім  беру  жүйесінің 

қосымша бөлігі болды. 

  1928ж.    1-ші  советтік  соқыр  балаларға  арналған  мектеп  программалары  шығара  бастады.30ж.ж  басында 

нашар  көретін  балаларға  арналған  топтық  жалпы  білім  беру  мектептерінде  алғаш  кластар  пайда 

болды.Ал,30ж  аяғында  нашар  көретін  балаларға  арналған  тұңғыш  мектептер  ашылды.Бұл  жаңа  бағыттың 

дамуына  Ю.Жаринцова  өз  үлесін  қосты.30ж.осы  мектептерде  физика,математика,жаратылыстану  пəндері 

оқытыла басталды.Жалпы осы тифлопедагогикаға өз үлесін қосқан жəне де көптеген əдістемелерін өңдеуде. 

Б.И.Коваленконың маңызы зор. 

 «Тифлопедагогика»  (грек  сөзі  «typhlos» –соқыр) –көруі бұзылған  тұлғаларды оқыту мен тəрбиелеу туралы 

ғылым.Олар көруі бұзылу деңгейіне қарай соқырлар жəне нашар көретіндер болыпбөлінеді.Соқыр жəне көруі 



нашар  болуы  арнайы  педагогикада  психоденелібұзылысты  қамтиды,  көріп  қабылдаудын    шектеулілігі 

байқалады  немесе  олтіпті  болмайды.  Бұл  жалпы  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  өз  əсері  тигізеді  .  Мұндай 

тұлғадағы  балалардың  қарым-қатынас  жағдайы  қалыс  қалумен  қатар,өлардың  өзіндік  белсенді  қозғалысы 

бұзылады  кеңістікті  бағдарлай  алуы  ,ұғым  түсініктер  жөнінде  білімінің  қалыптасуы,  затың-іс-əрекеттік 

кызметі  ,эмоц-қ  ерік  сапасы  еңбекке  бейімделуі  ,əлеуметтік  коммукациясы  бұзылады.  Көрудің  бұзылу 

себептері ;1.туғаннан, 2.жүре бара пайда болады. 

Туғаннан:  ішкі  даму  жағдайында  тұкым  қуалаудан,зақымдану  əсерінен  ,созылмалы  ауруға  шалдығу  .Жүре 

бара  көру  мүшелерінің  ауруға  ұшырауы  ,орталық  жүйне  жүйесінің  ауруға  ұшады  ,орғанизмнің  жалпы 

асқынып ауруы, мидың травмалық соққыға ұшырауы. (бастың жарылуы,көздің жарақатталуы). 

 Соқыр балалар –толықтай көру түйсігі бұзылған   тұлғалар.Көруі бұзылған дəрежесіне қарай абсолюттік 

(тотольдік)  –екі  көзі  соқыр  көрмейтін,  көру  түйсігі  (жарықты  түйсіну  жəне  түсті  ажырату  )  толықтай 

болмаған  ;практикалық  соқыр,  яғни  жарықты  түйсіну,  жарықты  қаранғыдан  айыру  ,зат  пішінін  ажырату, 

аздап қарай отырып жарық, түс,затпішінін қабылдай алуы. 

Нашар  көретіндер;  көруі  бұзылған  бырақ    қарапайым  түзету  көзілдіректердің  көмегімен  көре  алатын 

тұлғалар.Көзі  нашар  көретіндерге  кеңістікті  бағдарлау  қиынға  соғады.  Оқу  əрекетінде  əсіресе  оқуда  жəне 

жазуда  көру    анализаторы  негізгі  орын  алады.  Қазіргі  кезде  көруді  тузетуге  арналған  арнайы  оптикалық 

құралдар  пайдалануда .Контакт линзолар, лупа ,проекторлар, жарықты күшейту . 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 1.13 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет