5В010300 «Педагогика жəне психология»



жүктеу 1.13 Mb.
Pdf просмотр
бет4/13
Дата25.04.2017
өлшемі1.13 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Біріншіден,    Л.С.Выготский  аномалиясы  бар  балаларды  əртүрлі  əлеуметтік  маңызы  бар  əрекеттерге 

қатыстыруға көп көңіл бөлген. Оның айтуынша қандайды болмасын бір органның жұмыс жасамай қалғанда 

басқа мүшелер əдетте атқармайтын қызметті жасайды. 

Екіншіден, Л.С.Выготский ақаулық құрылым енгізді. Алғашқы бұзылыстар, мыс: естудің төмендеуі, көрудің 

т.б. төмендеуі екінші жəне үшінші ақаулықтарды тартады. 



Үшіншіден,  жалпы  тəрбие  міндеттері  мен  арнайы  əдістемелердің  өзара  байланысы  туралы,  олардың 

өзаратəуелділігі; 



Төртіншіден,  Л.С.  Выготский  əртүрлі  бұзылыстары  бар  адамдардың  компенсацияның  негізгі  жолы  оларды 

белсенді  еңбек  əрекетімен  қамтамасыз  ету.Ол  компенсацияның  денелік  мүмкіншіліктерін  жоғары  бағалады. 

Мыс,  сенсорлық  зақымы  бар  адамдарға  (көрмейтін,  естімейтін)  еңбектің  көптеген  түрлеріне  қол  жеткізе 

алады деді. Жұмысқа дұрыс ыңғай табу қоғамда толықтай қалыптасуыа бағыттайды. 



Бесіншіден,  соқырлық,  естімеу  т.б.  өздіктерінен  тасымалдаушы  емес.  Оның  ойынша,  тұлға  өмірін  дефект 

емес, оның əлеуметтік- психологиялық тұрғыдан іске асырылуы шешеді. 

Психолог, 

дефектологтар 

мен 

психологтарлардың 



зерттеу 

нəтижелерін 

жинақтай 

келе 


В.В.Лебединскии психикалық дамудың бұзылыстарының келесі түрлерін көрсетті. 

Дамымай қалу. Ерте уақыттағы бұзылыс, яғни мидің толымсыздығы  (ақыл-ойының қалуы). 

Дамудың кешігуі. Танымдық жəне эмоцианалды сфераның қалыптасу темпінің жай жүруімен сипатталады. 

Функцианалдық-  жетіспеуімен  жəне  сақталуымен  бірге  мозайкалық  бұзылыс  байқалады.  Системаның 

реттелуінің көп уақыт сақталуы –ең жақсы болжамды анықтайды. 

Дамудың  зақымдалуы.  Потологиялық  əсердің  миға  кешігіп  əсер  етуі  (2-3ж  дейін),  яғни  мидың  көпшілік 

бөлігі  қалыптасқаннан  кейінгі  əсер  етуі.  Мысал  ретінде  органикалық  деменция,  эмоционалды  сфера    мен 

тұлғаның бұзылыстарын келтіреміз. 

Дефецитарлы даму. Дара жүелердің: көру, есту, сөйлеу, қозғалыс аппараттарының күрделі бұзылыстарымен 

байланысты.  Бірінші  дефектпен  тығыз  байланыстағы  функцияның  дамымай  қалуы  басқа  функцияның  жай 

дамуына əсерін тигізеді. 



Дамудың  бұрмалануы.  Бұған  балалар  аутизмі  мысал  бола  алады.  Қазіргі  жағдайдағы  психикалық 

функцияның  қалыптасу  процесінде  қалыпты  дамумен  салыстырғанда  басқа  жүйелілік  байқалады:  онда 

балаларда    сөйлеудің  дамуы  қимылдық  дамуға  қарағанда  тез  дамиды,  ойлаудың  дамуы  заттық  дағдылардан 

бұрын қалыптасады. 



Дисгормониялық  даму.  Оның  негізгі  ерекшелігі    тұлғада  туғаннан  психиканың  эмоционалды  –ерікті 

сфераға  сай  келмеуі.  Бұндай  дамуға  психопатияны  алуға  болады,  адекватты  емес  тітіркендіргіш  негізінде 

бала қоғам өмірінің талаптарына бейімделе алмайды.Бұндай өзгерістер белгілі бір уақыт аралығында өтетін 

заңды  түрдегі  (өзгерістер)  сапалық,  сандық  жəне  құрылымдық  өзгерістерден  көрінеді.  Психика  дамуының 

ерекшелігі өзгерістердің қайтып қалпына келмеуімен сипатталады. 

   Арнайы  психология  мен  арнайы  педагогикада  Л.С.  Выготскидің  қорытындысы:  “Аномалиясы  бар 

балалардың 

психикалық 

дамуы 

қалыпты 


балалардың 

дамуында 

байқалатын 

заңдылықтарға 

бағынатындығымен”  түсіндіріледі.Келесісі  психикалық  даму  бір  қалыпты  еместігі.  Ескеретін  жай, 

біріншіден, бала өмірінің белгілі бір кезеңінде мидың белсенді түрде жетілмеуі, екіншіден дара психикалық 



функциялар ерте қалыптасқан базада дамиды. Психикалық функция байланыстары  əрбір жас кезеңінде қайта 

құрылады,  ал  əрбір  функцияның  дамуы  оның  қандай  система  байланысына  қосылғандығына  байланысты. 

Психиканың даму процесіндле оның бөлек компоненттерінің бірігуі арқылы жүзеге асады. 

   Арнайы психологияда психика дамуында маңызды орынды биологиялық жəне əлеуметтік факторлар алады. 

Биологиялық факторларға темперамент, қабілеттердің талабы, бала өмірінде ішкі атрибуттың өту ерекшелігі 

жатады.  Əлеуметтік  факторларға  баланың  өмір  сүретін  ортасы,  идеология  түрі,  мəдени  əдеп-ғұрыптар,  дін, 

ғылым  мен  өнердің  даму  деңгейі  жатады.  Л.С.Выготский  даму  процесіндегі  биологиялық  жəне  əлеуметтік 

факторлардағы  əрекет  бірлігін  ескерген,  бірақ  бұл  бірліктің  екі  ерекшелігі  бар:  біріншіден  ол  даму 

процесінде өзгеріске түсіп отырады, екіншіден осы факторлардың əрқайсысы əртүрлі  қалыптасады, əртүрлі 

салыстырмалы  сипатқа    ие.Қарапайым  психикалық  функцияның  дамуында  жетекші  орынды  биологиялық 

фактор, ал күрделі дамуда - əлеуметтік фактор алады.Психикалық дамудың бұзылысы жағымсыз əлеуметтік 

факторлардың ықпалына байланысты болуы мүмкін. Жағымсыз əлеуметтік талаптар ерте пайда болған сайын 

дамудың  бұзылуы  дөрекі  жəне  ол  тұрақты  болады.  Дамудың  артта  қалуы  микроəлеуметтік  педагогикалық 

қарасыздан,  интелекті  мен  эмоция  дамуының  кідіруіне  байланысты.  Бұл  ауытқудың  түрі  депривациямен 

ескеріледі  –  тəрбиенің  жағымсыз  талаптары,  ақпарат  пен  эмоционалды  тəжірибенің  онтогенезде  дефецит 

тудырады.  

   Анамалияның барлық түрлеріне ортақ заңдылықтар мыналар:  

Біріншіден,  бұзылыстардың  барлық  түріне  ортақ  қасиет  қабылдау  қабілетінің  төмендеуі,  ақпаратты  сақтау 

жəне оны қайта өңдеу. Бұл ерекшеліктер ұзақ уақыт бойы байқалуы мүмкін немесе əлде онтогенездің белгілі 

бір кезеңінде көрінуі мүмкін. 

Екіншіден, қиындықтың біріккен жаңа түрі. Ақыл-ойы кеміс балалар есте сақтауда үлкен қиыншылықтарға 

кездеседі. Бұндай балаларда тікелей жəне жанама есте сақтау арақатынасы өзгермелі болып келеді. 



Үшіншіден,  түсіну  процесінің  жай  түрде  қалыптасуы.  Мектепке  дейінгі  жастағы  ақыл-ойы  кеміс  балалар 

геометриялық  фигураларды  формаларына,  түстеріне  қарап  топтастыра  алмайды.  Бұндай  балалар  өздерінің 

өмірлік тəжірибелеріне қарай суреттерді сəйкестендіре алады: киімді шкафтың қасына қою, көбелекті гүлмен 

біріктіру. 

   Ақыл-ойы  кеміс  балалардың  жалпы  сөйлеуінде  ретардация  (осы  кезеңдегі  психикалық  функция 

қалыптасуының аяқталмай қалуы) байқалады. Атақты логопед Р.Е.Левина жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған 

балаларға  сипаттама  бере  отырып,  автономды  сөйлеудің  ұзақ  сақталған  патологиясын  байқаған.  Психикасы 

қалыпты  балалардың  автономды  сөйлеуі,  яғни  үлкендер  қолданбайтын  сөздерді  балалардың  қолдануы 

өмірінің екінші жылының белгілі айларында болады, əдетте үлкендер баладан сөздің анық айтуын талап етеді 

жəне  соған  сəйкес  үлгілер  беріп  отырады.Бұл  фонематикалық  есту  мен  артикуляцияның  қалыптасуына  жол 

ашады.  

 5 дəріс 



Тақырып: Арнайы  педагогиканың клиникалық  негізі  

Дəріс мазмұны: 

1.Арнайы  педагогикадағы клиникалық  негіздің мазмұны  мен маңызы 

2.Бала организмінің дамуы. 

3.Медициналық абилитация жəне реабилитация түсінігі. 

Дамудағы  артта  қалушылықтың  негізгі  себебі  қандай  да  болмасын  жағымсыз  процесс.  Ол  инфекция, 

ақаулық,  тұқымқуалаушылық  аурулар  болуы  мүмкін.  Ол  адам  организмінің  анатомиялық  жəне 

функционалдық ақаулыққа əкеледі. Ақаулыққа ие болған адам медициналық көмекті талап етеді. 

Кез-келген  медициналық  көмек  ақаулықтың  себебін  анықтайтын  диагностикадан  басталады.  Медициналық 

зерттеу  жүргізудің  нəтижесінде  дəрігер  ауруды  емдеудің  тəсілдері  мен  мүмкіндіктерін  анықтайды. 

Мединаментозды, физикалық жəне оперативті тəсілдер қолданылуы мүмкін.Егер олар нəтиже бермесе, толық 

өмір  əрекетін  қайтару  үшін  симптоматикалық  емдеу  қолданылады.  Арнайы  педагогикалық  медициналық 

көмегімен  жеткен.  Эффекті  дамытуға  көмектеседі,  сонымен  қатар  медицина  жолымен  жеңе  алмаған  ауру 

адамдарды ақаулықпен өмір сүруге үйретуде көмектеседі. 

Арнайы педагогика адамның биологиялық, медицинамен жəне əртүрлі бөлімдері  мен тығыз байланысты. Бұл 

ғылымдардың бірігуі арнайы педагогика үшін оның клиникалық негізін қалайды. 

Арнайы  педагогика  үшін  клиникалық  негіздің  мағынасы  психо-педагогикалық  диагностикамен  жүргізуде 

жəне индивидуалды түзету бағдарламаларын қалыптастыруда. 

дамудағы ақаулықтардың биологиялық жəне əлеуметтік себептерін көру; 



организмдегі  ақаулықтардың пайда болу түсінігі; 

баланың ақаулықпен дамуының ерекшеліктерін түсіну; 



баланың қалыптасқан анализатор жүйелері негізінде компенсаторлы  жолдарын анықтау; 

арнайы  педагогиканың  ішінде  арнайы  педагогикалық  жүйесі  мен  педагогиканың  классификациясын 



қалыптастыру; 

дамудағы  ақаулықтарды  педагогикалық  тəсілдер  мен  профилактикалық  жұмыстар  арқылы 



квалификациялау; 

білім  қажеттіліктерін  талап  ететін  адамның  дамуындағы  медицина-психологиялық  процеспен  түзету-



білім процесін кординаттау; 

Медицинаның  психологиямен,  педагогика  мен  байланысы  арқылы  адамның  дамуын  қалыптастыратынын 

жалпы ғылыми көзқарас дамиды. 

Бұл  жерде  дəрігер  аудуды  емдемейді,  ауру  адамды  арнайы  педагогикаға  қолдану:  ақаулықты  дұрыстау 

емес,  адамды  оның  проблемасымен  тəрбиелеу,  дамуын  жоғарлату,  ішкі  жəне  сыртқы  ортафакторларына 

бейімдеу.  Оған  тек  баланың  өзіне  ғана  емес,  сонымен  қатар  жанұясына  абилитация  жəне  реабилитация 

тəсілін сауықтандыру, тəрбиелеу, түзету, конпенсация, медико-педагогикалық көмекке бағыттайды. 

Медиктар  мен  педагогтардың  арнайы  білім  беру  процесіндегі  өзара  əрекеті,  аспектілі,  үзілмейтін  мінезге 

ие. 


Бала организмінің дамуы

Дамудағы  ақаулықты  шығару  үнемі  мағыналы  көрсеткіштер.  Белгілі  болғандай  адамда  биологиялықпен 

қатар ақаулықпен туылатын балалар жалпы қабылданған биоəлеуметтік нормаға сай болып келеді. 

Адамның  уивилизациялық  дамуы  əрқашан  балалық  жаста  самотикалық  сенсоматорлық,  эмоционалды  –

ерікті  жəне  психикалық  артта  қалушылықпен  бірге  жүріп  келеді.Бұл  құбылыстың  себебі  көптеген 

үстемеленіп  отыратын  факторлар  жиынтығы.  Олардың  ішіндегі  бастылары  ішкі  жəне  сыртқы  орта 

факторлары.  Олардың  бір-біріне  сəйкес  келмеуі  дизантездік  ішкі  утробты  дамудың  артта  қалуы-

бұзушылықтың  -əртүрлі  түрлеріне  алып  келеді.  Əртүрлі  мүшелер  жəне  организм  жүйелері,  соның  ішінде 

жүйке  жүйесінің,  мидың  сезім  мүшелері,    қозғалыс  сферасының  дамуына  биологиялық  факторлар  кері 

əсерін  хромосомалық  аурулар  сонымен  қатар  баланың  алғашқы  жылдарындағы  физикалық  жəне 

психикалық трамваларын туғызады. 

Патогенді  ішкі  жəне  сыртқы  факторлардың  əртүрлі  əсері  дамудың  бұзылуына  əкеліп,  баланың 

морфологиялық жəне функционалдық жүйке жүйесін өзгертеді. 

Эмбриональды кезең де организм айналадағы жағымсыз факторларды лезде қабылдауға бейім келеді. Осы 

кезеңде тууылу ақаулықтар мен гигиеналық жүйелердегі қателіктер көрінеді. Белгілі болғандай 30 дан 60%  

дейінгі эмбриондар ары қарай дамуға қабілетсіз, ол баланың түсіп қалуына əкеледі. 

Баланың  алғашқы  жылдары  оның  айналадағы  ортасына  бейімделуші  алып  келеді.  Бұл  оның  айналаны 

қабылдап қоғамда өмір сүруіне дəлелдейді. 

Алғашқы жылдардағы дамудың маңыздысы  психикалық процестердің базасы  болып табылатын сенсорлы 

жəне  моторлы  функциялардың  қалыптасуы  сенсо-моторлы  даму  айналадағы  заттардың  əртүрлілігі, 

олардың құрылымы мен құбылыстарын тануды қамтамасыз етеді. Баланың жаңа жағдайдағы өмірі тууылу 

механизмдерін қамтамасыз етеді. Ол арнайы жүйке жүйесінің дамығандығымен туылып, организмнің ішкі 

жағдайларына  бейімделеді.  Туылғаннан  кейін  организмнің  негізгі  жүйесін  жұмыспен  қамтамасыз  ететін 

рефлекстік  қосылады.  Жаңа  туылған  нəрестеден  қорғаныс,  бағыттау  рефлексін  байқауға  болады.  Жаңа 

туған  нəрестеде  бұл  рефлекстің  болмауы,  бұл  рефлекстерге  жауап  беретін  ми  мен  жұлын  жүйкелерінің 

бұзылушылығына алып келеді. 

Жаңа  туылған  нəресте  миының,  қалыптасуына    жағдай-сезім  мүшелерінің  стимуляциясы.  Бірінші  3-4 

жұмасында  заттарға  деген  көру  сезімі  пайда  болады.  Бұл  уақытта  есту  реакциясы  дамиды.  Біріншіден:3 

айға  дейін  балада  көру  жəне  есту  анализаторлары  ары  қарай  дамиды.  Көзді  қозғалту,  кеңістікте 

дыбыстарды иконизациялау дами бастайды. 

2-3  жаста  өз  бетімен  жүру  жəне  координациясы,  яғни  психикалық  жəне  тілдік  əрекеттің  негізі 

қалыптасады.  Бұл  кезеңде  оқыту  мен  мінез-құлықтың  күрделі  фундаменті  болып  табылады.  Ақпараттың 

болмауы, тітіркендіргіштерінің бір томдығы баланың психикалық дамуындағы біліктерге ие болуына кері 

əсерін тигізеді. 

3-5жаста  коммуникативті  функциялары  үлкейе  түседі.  Қарым-қатынасқа  түсу,қорқыныш  сезімінен  ерікті 

жігермен  ауысады.  Ішкі  өмір  қабылдау  мүмкіндіктерінше  шектеген  жағдайда  невротикалық  психогенмен 

соматикалық  мінез  байқалады.6-10  жаста  бойының  өсу  темпі  жоғарлап,  денелік  жəне  психикалық  даму 

жүреді.  7-8  жаста  бұлшықет  массасы  тез  өсіп,  əлеуметтік  қажеттілік  талап  ететін  баланың  қозғалыс 

координациясы  мен 10  жасқа сай маторика пайда болады. 

Ерте  жастағы  медициналық  абилитация  бұл  баланың  жасына  медициналық  тəсілмен  рефлекторлық, 

сенсорлық,  қозғалыс,  психо-эмоционалдық  жəне  тілдік    реакцияларын  дамытуға  бағытталған,  емдеу-

профилактикалық жүйе. 

Болашақ аналарды тəуекел факторлары медико-генетикалық немесе əйелдер консультацияларына барғанда 

жүзеге  асады.  Баланың  ақаулықпен  дамуы.  (12  жұмада)  жəне  ауру  баланы  алдын-алу  акушер  –

генекологтың бастауымен жүреді. Анадан тəуекел жоғары болса, арнайы туу үйлеріне бағытталады. 

Туылғаннан кейін бала сол сағатта ақ арнайы мамандарымен зерттеледі. 

Əртүрлі  мекемелердің  өткізген  контлектілі    шаралары  медициналық  абилитацияның  өтілуіне  комплексті 

қадамды қамтамасыз етеді. Реабилитациялық бағдарлама əрбір ауруға, оның позологиялық форма аурудың 

жасына  жəне  т.б.  байланысты  индивидуалды  болу  керек.  Реабилитациялық  бағдарламаның  соңғы  кезеңі 

үлкендер үшін  кординацияланады. Бейімделушілік пен еңбекке орналасу болып табылады. Балалар үнемі 

балалық жас əрекетке, оқытуды қосқанда күнделікті өмірге оралу. 

Балалар емханасы немесе жүйкелік клиникаларын жағдайында балалар күрделі кезеңдегі ауруларды емдете 

алады.  Аурудың  себебін  анықтауға  бағытталған  комплексті  мединаментозды  емдеуден  басқа,  емхана 

жағдайларында  оптималды  жағдайларға  бағытталған  шаралардың  барлық  арсеналдары  қолданылуы 

керек.Ортопедиялық емдеу, массаж, физиотерапиялар қолданылады. 


№ 6 дəріс 

Тақырып: Арнайы  педагогиканың лингвистикалық жəне психолингвистикалық негізі 

Дəріс мазмұны: 

1.Арнайы  педагогиканың лингвистикалық жəне психолингвистикалық негізі 

2.Лингвистика жəне психолингвистика мəселелері 

№ 7 дəріс 

Тақырып:Ақыл- ойы баяу дамыған балалар  

Дəріс мазмұны: 

1.Олигофрения жəне оның деңгейлері.  

2.Ақыл-ойы баяудамыған балалар 

3.Ақыл-ойы баяу дамыған балаларды оқыту жəне тəрбиелеу  

Ақыл-ойы баяу, кеміс деген сөз дефектологияда жиі айтылады. Бұл балалардың  ақыл –ой қабілетінің 

төмен болу екіндігін білдіреді.Ақыл-ой кемістігі орталық  жүйке жүйесінің əртүрлі деңгейдегі  зақымдауынан 

болады.Арнайы  педагогикада  ақыл-ойы    кеміс  балалардың  бұзылуын  зерттейтін,  оларды  оқыту  мен 

тəрбиелеуді 

қарастыратын 

жəне 


 

əлеуметтік 

ортаға 

бейімделу 



мəселесімен 

шұғылданатын 

олигофренопедагогика болып табылады.   

         Олигофрения  –бұл  ақыл-ой  сана  жəне  психикалық  түрдегі  дамымаушылық.  Орталық  жүйке  жүйесі 

қызметінің зақымдануының нəтижесінде балада ақыл–ой, сананың баяулығы байқалады, бұл ең алдымен бас 

миының дамымауы болып саналады. 

Преднаталдық (ішкі даму жағдайында);      

Наталдық (дүниеге келу сəтінде); 

Постнаталдық ( дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы кезенде). 

   Олигофренияның  болу  себептері  əртүрлі  факторлардың  əсер  етуінен  болады.  Бұлар  экзогендік  (сырттай)  

жəне  эндогендік ( ішкі )  сипатқа байланысты келеді. 

   Экзогендік  фактор  –  анасынын  жүкті  болу  негізіңде  түрлі    инфекциялық  аурулармен  ауруы  (  вирустік 

аурулар ), анасының организіміне түрлі  кеселдің тусуі, түрлі травмалар мен соққылар. 

    Эндогендік  фактор  –  туа  пайда  болатың  олигофренді  алып  келеді  .Бұған  патологиялық  тұқым  

қуалаушылық  (ата-анасының  түрлі  венерологиялық  аурулары,  сондай  –ақ  екеуінің  біреуінің  ақыл-ой 

кемістігі,  хромосом  тобының  бұзылуы,  резус-фактор  бойынша  кан  құрамының  сəйкес  келмеуі.  Ақыл-ой 

кемістігі болуының  3 сатысы бар. 

Идиотия, имбециль, дебил 

Идиотия –ақыл-ой кемістігі ауыр сатысы. Мұндай балаларда бұзылыстар өте ауыр, қиын болып келеді. 

Олардың өзіне-өзі  кызмет көрсетуі қиын жəне жай ,ал кейбіреулерінде  бұл дағдырлар тіпті қалыптаспайды. 

         Имбецил  -    идиотиямен  салыстырылғанда  жеңілірек  келеді.  Бұлар  белгілі  бір  дəрежеге  дейін  сөйлеуді 

игерген  күрделі,  емес  еңбек  дағдыларын  менгерген,  Бірақта  өрескел  кемістік  олардың  қабылдау,  ес,ойлау, 

коммуникативтік  қарым-қатынас  жəне  эмоционалдық  ерік  сапаларында  көрінеді.Имбецил  балалар  көмекші 

мектептерде оқуда үлгіре алмайды. 

        Дебил –ақыл ой кемістігінің жеңіл сатысы. Бірақта  интеллектісі төмен, эмоционалдық ерік сапасы əлсіз, 

жалпы  мектептегі  білім  беру  бағдарламасын  меңгере  алмайды.Оларға  білімді  меңгеру  қиындық  келтіреді 

жəне  күрделі  жазу  мен  оқуды  игермейді,  дыбыс  пен  əріп  арасындағы  байланысты  түсінбейді,  түсінген 

жағдайда  да  қиындықпен  игереді.Қарапайым  математикалық  операцияларды  үлкен  қиындықпен 

менгереді.Орта  мектепте  мұндай  балалар  оқыған  жағдайда  тарих,география,сызу,химия,физика    т.б. 

пəндерден үлгіре алмайды. 

Имбецил  жəне  идиотия  сатысындағы  ақыл-ой  кемістігі  бар  балалар  өз  отбасында,  арнайы  балалар  үйінде 

тəрбиеленіп, əлеуметтік жағдай жүйесімен қамтамасыз етіледі. 

        Оқытылуға  жатқызылатын  тұлғалар  қосымша  мектептерде  білім  тəрбие  алады.Оқыту-тəрбие  жəне 

түзету  жұмыстары  арнайы  бағдарлама  бойынша    жүргізіледі.  Қосымша  мектепте  оқытуға  жергілікті 

орындағы  педагогикалық  медициналық-психологиялық  кеңес  беру  мекемелерінің  мамандары  шешімімен 

жолданады.  Қосымша  мектептердің    негізгі  мақсаты  психологиялық  тұрғыдан  қоғамдық  ортаға  балаларды 

бейімдей  отырып,  олардың  өмірге,  айналадағы  ортаға  үйлесімді  көзқараспен  қарауға  деген  сенімін 

қалыптастыру,  еңбек  дағдыларын  меңгерте  отырып,  еңбек  етуге  тəрбиелеу,  болашаққа  сеніммен  қарауға, 

қоршаған  ортамен  жəне  адамдармен  үйлесімді  жағдай  қарым-қатынасына  келе  білуге  бағыттау  болып 

табылады. 

Қиындықпен  оқылатын  балалар  тобының  көпшілігі  ерте  басталатын  түзету  жұмысын  қажет  етеді.Өкінішке 

орай    нəрестелік  жəне  сəбилік  шақ    кезеңінде  балалардың  ауытқушылығының  барлық  формасы  анық  түрде 

зерттелмейді.  

       Ақыл  –ой  кемістігі    бар  балалар    сəбилік  шақтаөз  отбасында    немесе  денсаулық  сақтау  жүйесіндегі  

арнайы  яслилерде тəрбиенеледі. 

Балалар үйінде тəрбиелеу жəне түзету жұмыстары сəбилік шақ кезенінде жүзеге асырылады:       

балалардың эмоционалдық жəне жеке тұлғалық қасиеттерін  кеңейту;                           үлкендермен жəне 

құрбыларымен қарым-қатынас жасауға үйрету; 

заттар əлемін тануға жəне  психомоторлық дамуын ілгерілетуге бағыттау; 


Ал  арнайы  балалабақшаларда  мұндай    балаларға  кешеді  жағдайда  көмек  көрсетіледі  .  Балаларды 

тəрбиелеу,  емдеу  –сауықтыру  шараларымен  қамту  жəне  психолог,    логопед,  топ  тəрбиешілері,  музыка 

жетекшілері,  олигофренопедагогтармен  бірлесе  ұйымдастырылған  түзету  бағытындағы  педагогикалық 

шаралар жүзеге асырылады. Арнайы мектепке дейінгі мекемелерде ерекше  болып табылатын негізгі  міндет 

бала  денсаулығын  қорғау  жəне  күн  тəртібін  сақтау,    жылы  тыныс  жағдайдағы  атмосфераны  жасау, 

конфликтілік  жағдайларды  болдырмау,  əр  баланың  ерекшілігін  есепке  алуболып  табылады.  Балабақшадағы 

барлық жылда баланы тəрбиелеуде жəне оқытуда, оны мектепке əзірлеп даярлауда үш бағыт қамтылады:  

• 

баланың денелік дамуын қалыптастыру; 



• 

қарапайым түрдегі танымдық  қызығушылығын қалыптастыру;  

• 

танымдық белсенділігін жəне білім жəне іскерлігін жинақтау;                   



• 

адамгершілік-ерік əзірлігін қалыптастыру; 

Мектепке    дейінгі  кезеңде  ақыл-ойы  баяу  балаларға  қолайлы  жағдай  көрсетілсе,  олардың  дамуында 

алға  басушылық  болады,  бұл  олардың  арнайы  мектептің  оқу  бағдарламасын  меңгеруіне    көмегін  тигізеді. 

Мектепке  дейінгі  кезеңде  мұндай  балалар  жалпылама    балаларға  арналған    балалар  бақшасындағы  арнайы 

топтарда  білім алып тəрбиенеледі.Мектеп   жасына жеткен  кезден бастап, арнайы  мектептерде арнайы білім  

стандартна сай арнайы бағдарлама бойынша оқытылад. Сонымен бірге оларға  əлеуметтік еңбекке бейімдеу 

орталығыгынан көмек  көрсетіліп отырылады. Ал арнайы мектептердің негізгі міндеті мынадай:  

• 

ақыл-ойы  баяу  мектеп  оқушыларының  танымдық  қызметтерінің  жəне      эмоционалдық  ерік  



сфераларының,кемшіліктерінің алдын-алу;  

• 

өнімді еңбекке қатысуға, қазіргі қоғам жағдайына əлеуметтік тұрғыдан бейімдеуге бағыттау  болып 



саналады 

Арнайы  мектептің  төменгі  кластарында  тіл  дамыту    бойынша  (қоршаған  дуниемен    айналамен  таныстыру 

,заттармен  таныстыру),  арнайы    ритмика  сабақтары  өтіледі.Жоғарғы  кластарда  əлеуметтік(тұрмыстық 

шаруашылығы)  бағдарлау  сабақтары  өткізіледі.Оқыту  жұмысын  ұйымдастыруда  топтық  жəне  жекелей 

логопедиялық  сабақтар,  психомоторика  жəне  сенсорлық    қабілеттерін  дамыту,  емдеу-сауықтыру 

комплекстері    өткізіледі.  Арнайы  мектептерде  тəрбие  жұмысына  да  үлкен  мəн  беріледі.Мұндағы  негізгі 

мақсат - тəрбиенушілерді əлеуметтендіру болып табылады. Ал негізгі міндет- балалардың бойында жағымды 

сапаларды  айқындау,  өзін  жəне  қоршаған  ортаны  дұрыс  бағалай  білуін  қалыптастыру,  айналасындағыларға 

деген адамгершілік  қарым-қатынас сезімдерін қалыптастыру.Арнайы мектептегі тəрбие жұмысының арнайы 

міндеттері əртүрлі  іс- əрекеттер негізінде  жүзеге асырылады. 



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 1.13 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет