5В010300 «Педагогика жəне психология»


№ 27 дəріс  Тақырып:Педагог психологтың іс-əрекет диагностикасын ұйымдастыру мазмұны



жүктеу 1.13 Mb.
Pdf просмотр
бет10/13
Дата25.04.2017
өлшемі1.13 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

№ 27 дəріс 

Тақырып:Педагог психологтың іс-əрекет диагностикасын ұйымдастыру мазмұны  

Дəріс мазмұны: 

1. Диагностикалық іс-əрекеттің жалпы мазмұны 

2. Педагогикалық психологиялық зерттеу мазмұны. 

      Кең  таралған  қажеттіліктердің  бірі  кез-келген  сөйлемейтін  баланы  аутисттер  қатарына  жатқызу.  Бұл 

жағдайда  дифференциалды  диагностика  күрделі,  себебі  обьект  болып  кіші  бала  табылады.  Ал  оның 

əрекетінде  патологиялық  белгілер  болмайды.  Аутизм  –  бұл  даму  бұзылысы,  онда  сыртқы  əлемімен  жəне 

басқа  адаммен  əлеуметтік  қатынас  қиындатылады.  Аутизм  кең  көріністер  спектріне  ие  болғанмен  басты 

симптомдар болып табылады. Бұл қатынастан əрекеттің стереотипті формаларына қарай өту тілегі. Сонымен 

қатар  ерекше  сөздік  даму,  сенсорлы  тітіркендіргіштерге  адекватты  емес  реакция  байқалады.  Аутизмде 

стереотипті  мінез-құлық  айқын  көрінеді.  Көбіне  аутизм  адам  бетіне  қараудан  үрейлену,  онымен  жеке 

сөйлесуден  көрінеді.  Бұндай  баламен  контактқа  түсуге  асығушылық  балада  үрей  туғызады,  ол  өзіне  немесе 

басқа  адамдарға  қатысты  өзін  агрессивті  ұстай  бастайды.  Дифференциалды  диагностика  жеңілдейді  егер 

алалиямен  науқастанған  балалар  экспрессивті  болатын  болса.  Аутизмі  бар  балаларға  қарағанда  олар 

вербалды жəне вербалды емес сөйлеуді белсенді қолданады жəне жақсы дамыған мимикаға ие.  



№ 28 дəріс 

Тақырып:Диагностикалық іс-əрекеттің ұйымдастырылу талаптары. 

Дəріс мазмұны: 

1. Зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар. 

2. Психологиялық-педагогикалық зерттеу процедураларының өзара байланысы. 


 Психолого-педагогикалық  тексеру  бірыңғай  кешен,  өзінің  арнайы  міндеттері  бар  3  өзіндік  бағыты  бар: 

клиникалық,  психологиялық,  педагогикалық..Тексерудің  соңғы  мақсаты  педагогикалық  шарттарды  анықтау 

жəне  жеке  тəсілдер,  көмектің  əдістері  болып  табылады.Бірінші  ереже  бойынша  клиникалық    тексерумен 

жүзеге  асады, клиникалық    анамнез бойынша   дизонтогенез түріндегі алдын ала гипотезаны құрастыруға 

бағытталған.  Детальдық  анамнез  клиникалық  тексерудің  маңызды  болжау  бөлігі,  диагност  отбасы  жөнінде 

жəне  туғаннан  пайда  болатын  аномалиялық  дамуы,  аурулары  мен  жарақаттары,  балабақшаға  (мектепке) 

адаптациясы жөніндегі мəліметтер жинақталады. 

   Клиникалық тексеру: 

• 

терапевтің  тексеруі  мақсаты  бойынша  баланың  соматикалық  денсаулығы    жөнінде    мəлімет  алады  



жəне осының негізінде режимін , емдеу-профилактикалық шаралар ұйымдастыруды анықтайды; 

• 

невропатолог  тексеруі  орталық  жүйке  жүйесінің  бұзылысын  жəне  сипатын  анықтайды.    Мидың  



органикалық 

бұзылысы 

анықталған 

жағдайда 

коррекциялық 

педагогикалық 

əсер 

етуде 


медикаментозды терапия жүргізіледі; 

• 

невропатолог  тексеруі  органикалық  бұзылыста  нейрофизиологиялық  тексерісте  алынған  объективті 



мəліметтерді толықтырады; 

• 

афазияда  нейропсихологиялық  тексеру  жүргізу  қажет,  себебі  ол  жоғары  психикалық  функцияның 



жағдайы жөнінде мəлімет алуға мүмкіндік береді; 

• 

Педагогикалық  тексеруде  педагог  баланың  оқу  дағдысының  деңгейін  жəне  оқу  материалын 



меңгеруін   анықтайды. 

• 

Педагогикалық диагностика процесі қажет: 



• 

баланың  даму  динамикасын  бағалау  үшін  жəне  коррекциялық  жұмыс  бағытталған  психикалық 

сипаттың жақсы нəтижесіне жету үшін; 

• 

«бала-педагог»  диадасындағы  тұлғааралық  қарым-қатынас  оптимальды  ұйымдастырылу  үшін,  бала 



мен оқытушылардың жеке –типологиялық ерекшелігін анықтау; 

• 

барлық  педагогқа    əсер  ететін  педагогикалық  əсер  етудің  нəтижесін  талдау,  баланың  ата-анасымен 



кеңес жүргізуге, əрі қарайғы жұмысты жоспарлау үшін. 

Психологиялық тексеру-  тексерудің басты түрі, бұның  міндетіне тұлға жөнінде мəлімет алу, баланың ақыл-

ой дамуы мен деңгейін анықтау кіреді. 

  Психологиялық  тексерудің    нəтижелілігі  психологиялық-  педагогикалық  міндет  шешетін  адекватты 

таңдайтын психодиагностикалық əдістерге байланысты.  

  Психологтың  диагностикалық  қызметі  психологиялық  модель  негізінде  жүзеге  асады.  Логопедтің  

диагностикалық  қызметі  тілдік  дамудың  бұзылысының  пайда  болуын  анықтау  мен  талдауға  оларды  түзету 

жолдарына бағытталған. 

  Логопед пен психологтың баланың тексеруін ұйымдастыруда жалпы кезеңдері бар.  

  Диагностикалық кезеңдер: 

1.  баланың  өзекті  проблемасына  бағдарлану,  зерттеудің      гипотезасын    қалыптастыру,  диагностика  

құралын анықтау, тексеру процедурасын жоспарлау; 

2.  маман жасаған гипотезаның сəйкестігіне диагностика өткізу 

3.  объективті нəтижені талдау жəне интерпретациялау, бұзылысқа сай   білім беру орындарында жеке   

білім беру маршруты негізінде коррекциялық шараның бағдарын анықтау; 

  Диагностикалық тексеру процедурасы анықтайтын проблемаға сəйкес жоспардан, тексерілушінің жасы мен 

оның өзекті мүмкіндігінен басталады. 

   Тексеруді  дайындау  алға  қойған  мақсатқа  сай  стимульдық  материалмен  нақты  əдістерді  таңдаудан 

басталады.Тілді  тексеру  логопедтің  əртүрлі  стандартты  емес  əдістермен,  тесттік  тапсырмалармен  жүзеге 

асады.Баланы логопедиялық тексеруде қолданылатын стимульдық материалдар: 

І. Тілдің фонетикалық жағын зерттеуге арналған материалдар: 

1. Заттық суреттер , сөздегі əртүрлі жағыдайлардағы дыбыс мазмұны (басы, ортасы, соңы); 

2. Тілдік материал; 

ІІ.  Тілдің  фонематикалық  жағын  зерттеуге  арналған  материал:  суреттер,  дыбыстың  дифференцировты 

қабілетін анықтауға арналған тілдік материал; 

ІІІ. Тілдің лексикалық жəне грамматикалық жағын зерттеуге арналған материал: 

1. 

лексикалық тақырып бойынша заттық жəне сюжеттік суреттер; 



2. 

əрекет бейнеленген суреттер; 

3. 

əртүрлі сандағы заттардың суреті; 



4. 

біржақты заттар салынған суреттер, белгілі бір белгісі бойынша ерекшеленеді; 

ІУ. Байланысқан тілдің жағдайын зерртеуге арналған материал: 

1. 


Сюжетті суреттер; 

2. 


Əртүрлі жасқа арналған сюжетті картиналар (2,3,4,5) сериясы; 

 У. Тілдік анализ бен синтезді зерттеуге арналған материалдар: 

1. тілдік материал (сөздер, дыбыс-буындық құрылымдағы сөздер); 

2. заттық жəне сюжетті суреттер; 

УІ. Жазбаша тілдің жағдайын зерттеуге арналған материал: 


1. оқуға   арналған  тексттер; 

2. буындық таблицалар; 

3. əріптер; 

4. диктант пен шығарма текстері; 

5. көшіруге  арналған  жазба жəне таспа түріндегі тексттер; 

Диагностикалық қызметті ұйымдастыруға арналған жеке талаптар. 

Тексеруді  жүргізуге  арналған  нақты  шарттар  (бақылау,  эксперимент,  əңгімелесу,  тестілеу)  алынған 

қорытындыға əртүрлі деңгейде əсер етуі мүмкін. Бұл  əсіресе  психологиялық тексеруді өткізгенде маңызды. 

• 

Психолог есепке алатын жағдай тексерілушінің жеке тұлғасына байланысты (жынысы, жасы, мотиві, 



позициясы, мінезі т.б.) жəне тексеру жүзеге асатын сыртқы шарттарға байланысты.Əсіресе көп көңіл аудару 

керек  денсаулығына,  əртүрлі  психосоматикалық,    физиологиялық  бұзылыстарға,    дамуындағы 

ауытқушылықтарға.  Психологқа  келетін  болсақ,  ол  керісінше  диагностикалық  материалға  сай  келетін 

психологиялық  құралдарды  қолданады.Психолог  баланың  жағдайын  түсіну  қажет.Сонымен  қатар  психолог 

тексеру  өтетін  сыртқы  жағдайларына  көңіл  бөлу  қажет:  дыбыстық  фон,  ауа  жағдайына,  жиһаз 

сапасына.Диагностиканың  сəтті  өтуі  алдын  ала  дайындыққа  байланысты.  Тексерудің  алдында  балаға  жаңа 

жағдайға  үйренуіне,  шынайы  түрде  жасауына  мүмкіндік  беру  керек.Алдын  ала  жасалатын  шарттарға 

стимулдық материалды дайындау болып табылады. Жеке тексеру кезінде əсіресе тест өткізгенде материалды 

дайындау қажет. Ереже бойынша материалдар столға жақын тексерілушінің мазасын алмайтындай жерге қою 

керек.  Топтық  тексеру  кезінде  барлық  тесттік  бланкалар,  жауап  парағы,  карандаштар,  т.б.  материалдар 

мұқият  тексеріліп,  орнымен  қою  қажет.Диагностиканың  нақты  процесімен  танысу-  бұл  аса  маңызды  болып 

келеді.  Жеке    тексеру  үшін  жəне  топтық  тексеру  кезінде  əркім  өзінің  қызметін  білу  үшін      алдын  ала 

нұсқауды дайындау керек.  

• 

Біріншіден,  стандартты  процедураның    маңызды    емес    жағы    болса    да  тексеру 



қажет.Психодиагностикалық      əдісті  жасаушы  процедураның  анық  жəне  толық  болуына  жауапкершілік 

алады. 


• 

Екіншіден, зерттеудің стандартты емес жағын тіркеу керек. 

• 

Үшіншіден, қорытындыны интерпретациялауда зерттеудің шартын есепке алу қажет. 



Психометрияда  «өзара  түсінісу»  термині  экспериментатордың  зерттелушінің  қызығушылығын  шаұыруы  

дегенді  білдіреді,  онымен  байланыс  жасау.Психологтың  дайындығы  тестті  өткізуіне  байланысты 

тексерілушімен  өзаратүсінісу  қажет.    Байланыс  орнатқан    жағдайда  жəне  басқа  да  тесттік  процедурада 

бірыңғай  шарт-  салыстырмалы  нəтиже  алу.Жеке  тексеруде  өзара  түсінісу  топқа  қарағанда  толық  болуы 

мүмкін,  бірақ бұл жағдайда белгілі бір қадам жасау қажет, зерттелушіден жағымды мотивация алу үшін жəне 

күйзелісін  төмендету  үшін.  Экспериментатордың  көңілді  жəне    жұмсақ  манері  баланың  сабырлы    болуына 

көмектеседі.   

  Тестілеу  балаға  ойын  түрінде  болуы  керек.  Ойын  əдісі  тестке  деген  қызығушылықты  көтеретін  тиімді 

əдіс.Тестілеудегі    үйлесімділік.  Зерттелушімен  байланыс  жасаудағы  көптеген  тəсілдер  тестілеу  кезіндегі 

үрейленушілігін  төмендетеді.  Экспериментатордың  мінезі,  тестілеу  процесін  жақсы  ұйымдастыру  мақсатқа 

жатады.  

  Жоғары  деңгейдегі  үрейленушілік  оқуға  жəне  интеллектуалды  дамуға  теріс  əсер  етеді.  Бірақ  тестілеу 

кезінде  бұл  жағдай  уақытша  сипатта  болады.  Тексеруді  əңгімелесуден  бастау  қажет,  баламен  байланыс 

жасаудың құралы проективті əдістер жəне ол жөнінде алғашқы бағдарланған ақпарат алуға мүмкіндік  береді. 

Кейбір  жағдайда  бұл  ақпарат  тексреу  жоспарын  өзгертуі  мүмкін,  сондықтан  өолда  жеткілікті  түрде  дайын 

материалдар  болған  дүрыс.Зерттеу  жүргізгенде  барлық  талапты  сақтау  үшін  негізгі  кезеңде  бізді 

қызықтырған  пəн  жөнінде  дəл  мəлімет  алуға  болады  жəне  жауапты  кезең-  зерттеу  нəтижесін  талдауға 

көшу.Талдау  кезеңінде  алынған  мəліметтерді    өңдеу.Талдау  поцесінде  топтау,  қосымша  есептеу,  себепті-

тексеру  байланыстары бекітіледі. Дəлелдеп реттеп  болған соң зерттеудің   нəтижесінің соңғы  процедурасы  - 

қорытынды жазу жəне зертелушіге  психологиялық диагнох қоюболып табылады. 



№29 дəріс 

ТақырыпКəсіби  қызмет жəне арнайы білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасы. 

Дəріс мазмұны: 

1.Арнайы білім беру жүйесіндегі кəсіби  қызмет мазмұны  

2.Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасы 

      ХХғ  басында  атақтынеміс  педагогы  П.Шуман  былай  деп  жазған  екен  ;  баланың  психологиялық  дамуы 

неғұрлым  төмен  баса,  соғырлым  мұгалімнің  білім  денгейіжоғары  болуы  керек.Педагогика  тарихында 

Германия  ең  алғаш  рет  жалпы  білім  беретін  мектептерде,  білім  беретін  мұғалемдерді    кəсіди  дайындау 

курсын ашты. Дəл осы тұстарда, яғни суропада тұңғыш мұғалімдер  семинариясы, сонымен қатар  Берменнің 

саңырау  балаларға  арналған  мектебіне  мұғалімдер  даярлау  курсы  ашылды.Ресейде  1898  жылы  педагог  – 

дефектологтарды  дайындау  курсы  Санкт-Петербургте  басталды.  Дмаытуында  ауытқұлар  кездесетін 

балаларға  дəріс  беретін  мұғалімдерді  арнаулы  мамандандырылған  даярлыққа  арналған  курс  ашпас  бұрын 

ғасырлар бойы дəрігерлер, лингвисттер, дінқызметкерлерінен құралған практикалық – педагогикалық қызмет 

атқарылды.  Қазігі  таңда    көптеген  жоғары    оқу  орындары  педагог-  деффектологтар  мен  психологтар 

мамандырылған  дайындық  курсын  өткізу  бағдарламаларын  ұсынуда.  Сонымен  АҚШ-та  230-дан  астам 

бағдарламаға  есептелген  мұғалімдерді  даярлау,  қайта  даярлау,  кəсіби  есептелігін  атрттыру  ұлттық  жүесі 



жұмыс атқарады. Университеттерде батыс европвлық жүйе бойынша жалпы білім беретін мектептерде  дəріс 

беретін мұғалімдерге арнаулы педагогика  пəнінен курстар жүргізіледі  курс саны ең кем дегенде 100-120 с 

құрауы  керек.ХХғ  аяғына  таман    Ресейдің  педагогиқалық  университеттерінде  логопедия  жəне 

алгофренопедогогика  мамандықтарының    бағдарламаларын  дайындаған  30  га  жуық  білімшілер  факультет  , 

кафедралар  құрылды.  Сонымен  қатар  Ресейде    арнаулы  білім  беру  жүйесі  бойынша  200  мыңнан  астам 

педагогтар,  (соның ішінде 10%- ы ғана педагог мамандығы бар) қызметатқарады. 

              Ерекше білім беру қажеттілігіне ие əрбір бала арнайы дайындығы бар педагог- дефектолог қана бере 

алатын педагогикалық көмек алуға құқұлы.  

              Арнаулы білім беру құрылымында педагогикалық  қызмет  үлкен  жетістікке  жету  үшін  қарапайым 

педагогикалық  даярлық  жеткіліксіз. 

              Педагог  –  дефектологтың    мамандандырылған    қызметі  дəстүрлі    мұғалімдік    қызметі    дəстүрлі  

мұғалімдік    қызмет    саласының    аясына    сыймай    отыр,  ол    əлеуметтік-педагогикалық,  психотерапевтік  , 

консультативтік-диагностикалық  жəне  тағы  басқа  мүмкіншілігі  шектеулі  балалардың  өміріне ,  арнаулы  

білім  алуына  бағытталған  мұғалімдік  емес  қызмет  көрсетулермен  тығыз  байланыста. 

               Қазіргі    педагогикалық    білім    беру    төмендегі    педагогикалық    мамандықтар    бойынша      дамып  ,  

қызмет  етуде.  

               Тифлопедагогика –соқырлар  мен  көздері  нашар  көретіндерге  дəріс беретін  педагог  мамандығын  

алып  шығады тифлопедагог. 

                Сурдопедагогика-  саңыраулар  мен    нашар    естейтіндердің    мұғалімі  мамандығы  бойынша  

сурдопедагог. 

                Олигофренопедагогика-  ақыл-ойы  дамуында  əр  түрлі  ауытқулар  кездесетіндерге  білім  беретін 

мамандық иесі  олигофренопедагог. 

                Логопедия- логопед мамандығы бойынша бітіреді. 

                Арнаулы  мектепке  дейінгі  педагогика  –  даму  процесінде  ауытқулар  кездесетін  мектепке  дейінгі 

жастағы балаларды оқытатын педагог маманы дайындалады. 

                Денсаулық  мүмкіншілігі  шектеулі  жəне  психологиянық    дамуы  нашар  адамдарды  біліммен 

қамтамасыз ету мақсатында  арнаулы психология мамандығы бойынша психологтар дайындалады. 

                Педагогикалық    колледждерде  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  балаларды  оқытуға  арналған 

мектепке  дейінгі  жəне  мектептерде  қызмет  атқара  алатын  тəрбиеші  мамандығын  алуға  болады.  Жоғарыда 

аталған  мамандықтар  ақыл-ойы  нашар  дамыған,  денсаулығы  ауыр  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардан 

бастап,  əлеуметтік  жұмыстарда  қызмет  ете  алатын  ересектермен  тығыз  байланыс  орнатуға  зор  ықпал 

тигізеді.Көптеген мамандықтар балалар мен ересектерге білім беруде үлкен педагогикалық көмек көрсетеді. 

             Педагог-дефектологтар  мынадай  арнаулы  білім  беру  оқу  орындарында  мектепке  дейінгі,  мектеп, 

кəсіптік  білім  беру  орындары  жұмыс  істей  алады.  Психологиялық-медициналық  -  əлеуметтік  , 

консультативтік  –  диагностикалық    орталықтарда  ,  логопед  пункттерінде  ,  балалар  үйі  мен  мектеп 

интернаттарда  т.б.  Сонымен  қатар  ,  педагог-дефектологтардың  үй  жағдайларында  дамуында  ауытқулар 

кездесетін балаларды жеке-жеке оқытып тəрбиелеуге мүмкіндігі жетеді. 

             Интеграциялық    даму    жағдайында  жəне  деференциялық    икемделуде  көпшілікті  білім  беру 

мекемелерінде  оқитындарға  ,  ортақ  білім  беру  мекемелерінде  ,  арнаулы  психологтар  мен  педагог- 

дефектологтар қажеттілігі артады.Педагог-дефектологқа кəсіби  білімнің  деңгейінің күшіне қарай балаларды 

оқыту  жəне  тəрбиелеу  барысында  коррекциялы-даму  жəне  компенсациялық  оқыту  кластарында 

ұйымдастыруда  аса  зор  еңбекті  талап  етпейді  ,  көпшілікті  мектептерде  мұғалім  өзі  мектептік  дезадаптация 

ауытқуы бар балаларды оқытуда қиындық сезінеді. 

             Педагог-дефектолог  сол  үшін  жан-жақты  жəне  терең  білім  алады.Антропологиялық    принципті 

педагог-дефектологтың  ғылыми  жəне  тəжірибелік  білімінің  комплексті  өзіндік  критериі  құрайды.  Ол 

принцип  адам  жөніндегі  қажетті  білімді  оның  мөлшердегі  социолизациясын  ,  сонан  соң  арнаулы 

педагогиканың  контекстіне  дамудағы  ауытқушылықтарды  айырады  жəне  арнаулы  пəндік  облыстарында                            

мысалы,  олигофренопедагогика,  сурдопедагогика  ортақ  мəліметі  кітаптың  1-3  бөлімдерінде  айтылған. 

Педагог-дефектологтың  кəсіби  көзқарасы  дегеніміз  ол  процестерге  өзіндік  бағаның  жəне  сезінудің 

қорытындысында  əлеуметтік  өмірде  болып  жатқаны  ,  қоғам  өмірінде  білімге  құштарлығы  мол  адамдардың 

орны мен роліне əсер ететіні. 

            Кəсіпкердің  іскерлік  қабілеті  оның  шектеулі  мүмкіндігі  бар  адамдарға  əлеуметтік  жəне  жақсы 

өзгерістерді шешуші факторлығынан өзіне қояр талаптарынан көрінеді. 

            Педагог-дефектологтың  кəсіби    тəжірибесі  шектеулі    мамандығын  көрсететін  салалар    алдын  алу 

істері, педагогикалық анықтамалық  диагностика  кеңес беру, арнаулы педагогикалық ағарту, психологиялық 

жəне  психотерапевтік  көмектерге  қатысу,  əлеуметтік-педагогикалық  қызметтер,  педагог-дефектолог  өз 

саласының  ғана  істерімен  шектелмейді.  Өз  саласынан  басқа  ол  əлеуметтік  ізгілік  акцияларының  белсенді 

бастаушысы  жəне  қатысушысы  болуға  тиіс,  шектеулі  мүмкіндігі  бар  адамдарды  құқығының  қорғаушысы 

болуға тиіс.   

           Педагог-дефектолог өмір бойы оқиды. Ол өзінің  кəсіби деңгейін, тəжірибесін дамытып отыруы  керек 

жəне жұмыстарымен, шектеулі мүмкіндіктері бар балалардың ата-аналарымен бөлісуі тиіс. 

           Педагог-дефектологтың  кəсіби  қызметтерінің  кəсіби  зияндылығын  ескеруі  керек,  сондықтвн  оның 

саулығында  ақаулықтың  болмауы  тиіс.  Көз,  құлақ,  нерв  жүйесі,  жүрек-тамыр,  имундық  жүйелерге  қатаң 


талап қойылады.Жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті, ауыртпалықтарды көтере білу қабілеті болуы тиіс. 

Мамандарға,  соның  ішінде  логопедтерге  дұрыс  сөйлеу,  дыбыстарды  ақаусыз  айту  талаптары  қойылады.  Ең 

керектісі  педагог-дефектолог  кəсібіне  жауапкершілік,  ізгілік,  өмір  сүйгіштік,  төзім,  өз  жұмысына  беріктік, 

шектеулі  мүмкіндігі  бар  адамдардың  өмірлік  қызығушылықтарына  адалдық,  тəрбиеленушілерге 

сүйіспеншілік,  сыйластық,  кəсіби  адалдық.Педагог-дефектологтың  жұмысының  қорытындысы  ғажапқа 

теңелетін кəсіптердің бірі болып табылады.  



№30 дəріс 

ТақырыпАқаулығы бар балаларға  арналған мекемелерді ұйымдастыру  

Дəріс мазмұны: 

1.Ақаулығы бар балаларға арналған мекемелерді ұйымдастыру 

2.Ақаулығы бар бала арналған мекемелердегі арнайы   білім    беру     принциптері   

Аса білім беруді қажет ететін мектеп кезеңіндегі  балалар арнайы білім беру мекемелер жүйесіне мектеп 

–интернаттарда    екеуі  мүмкін  балалрдың  əртүрлі  бұзылысын  дамытуға  арналған.Қазіргі  кезде    8  негізгі 

арнайы  түрдегі  мектептер  қызмет  істейді  .Бұрынғы  ақыл-ойы  (болу)  қалыс,  соқыраулар  мектебі  т.б. 

диагностық  сипаттарын  айтпай  қатардан  шығару  .Арнайы  мектептер  түріне  қарай  реттін  қатар  (номір) 

бойынша  нормативтік-құқықтық  жəне  арнайы  құжат  бойынша    олар  былай  аталады.Мұндай  мекемелердің 

қызметі    Ресей  Федерациясында  Үкіметінің  1997  ж.  12.03  \288  қаулысында  арнайы  білім  беру  түзету 

мекемелерінде оқытуға арналған тəрбиеленушілердің ақаулығын дамытуға арналған типтік жағдайын бектту 

туралы жəне  Р.Ф.білім беру министр бойынша арнайы б\б  мекемелерінің 1-8 түрінің өзіндік қызметі туралы 

тіркелді.Соңғы жылдары арнайы білім беру мекемелерінде басқа түрлі ақаулығы денсаулығы жəне өмір сүру 

жағдайы  дəйектелген  балалармен  жəне  тұлғасында  аутистикалық  белгісі  бар.Дауна  белгісі  балаларда  осы 

категорияғ  ақамтылады.  Сонымен  жиі  хроникалық  созылмалы  жəне  əлсізделген  балаларға  арналған 

санаториялық  (тоғайда  )мектептер  қызмет  етуде  .Барлық  балаларға  оқуға,тəрбиелеуге  емдеуге  ,əлеуметтік  

тұрғыдан бейімделуге қоғамға екуіне жағдай жасалуда. 

Принциптер    -  бұл  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  танымдық  əрекетін  басқару  мен  түзету  –білім 

беру  процесін  ұйымдастырудың  ерешеліктер  мен  мазмұнын  анықтайтын  жалпы  ,мəнді  жəне  тұрақты 

талаптардың жүйесі. 

1.Педагогикалық  оптимизм  принциптері  -əр    адамның  ерекшелігіне  жəне  өмірлік  əрекеттік  шектелген 

мүмкіндіктеріне  қарамай  білім  процессіне  қосылу  құқығын  мойындайтын  қазіргі  гуманистік  көзқарасқа 

негізделеді . 

2.Ерте  педагогикалық  көмек  принципі-баланың  дамуындағы  ерте  (диагностика  )аутқу    диагностикасымен 

жəне ерте анықтауды оның ероекше білім қажеттілігін байқау үшін қамтамасыз ету . 

3.Білімнің түзету –толықтырылу бағыттылық принципі –баланың сау күшіне тірек болады 

жəне сақталған анализаторларды ,организмнің жүйесі мен қызметін қолданып ,білім процесін құрады . 

4.Білімнің  əлеуметтік  –бейімделу  бағытталық  принципі-өзбеттілік  мүмкіндіктерінің  жəне  əлеуметтің 

көмегімен белгілі бір мөлшерде  «əлеуметтік төмендеуді» азайтуға (көмек ) мүмкіндік береді . 

5.Əлеуметтік  білім  тəсілі  ретінде  ойлаудық,тілдің  жəне  қарым-қатынастың  дамуы  принципі  –

ойлаудың,сөйлеудің  ,қар-қатынастың  дамуындағы  спецификалық  мəселелер  шектелген  мүмкіндіктегі 

категориялардың  барлығында  кездеседі  :Арнайы  білім  жəне  əлеуметтік  мəдени  бейімделу  реализациялық  

жағдай қажет . 

6.Оқыту  мен  тəрбиедегі  қызметтік  жол  принципі  –  арнайы  білімдегі  пəндеп  –практикалық  əрекет  баланың 

дамуындағы  компенсаториық  қамтамасыз  етілудің  арнайы  тəсілі  болып  табылады  жəне  ол  сабақта  ,тəрбие 

процестерінде жүзеге асады. 

7.Жекелей  жəне  салыстырмалы  жол  принципі-оқытуда  баланың  жеке  ерешелігін  есте  алып  жағымды 

жағдайларды құруға бағытталған . 

8.Арнайы педагогикалық .басшылықтың қажеттілік принципі түзету педагогикалық бағытында дамыту жəне 

түзету құралдары мен қызметін үйлесімді таңдап алу қажеттілігіне негізделеді. 

 

6..ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ 

 

№ 

Тақырып 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 1.13 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет