№5 (223) 28 мамыр 2015 жыл


№42  орта  мектебінің  тарих  пәнінің



жүктеу 483.73 Kb.
Pdf просмотр
бет5/5
Дата26.04.2017
өлшемі483.73 Kb.
1   2   3   4   5

№42  орта  мектебінің  тарих  пәнінің

мұғалімі

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономи-

калық өзгерістер,күннен - күнге үдеп келе жат-

қан  ақпараттар  ағымдары  оқытуға  деген  та-

лапты күшейтуде.Қазақстан тарихы пәні әлеу-

меттік пән болғандықтан, интерактивті әдіс менің

сабақтарымда өте оңтайлы әдіс деп айтар едім.

Өтетін  кез-келген  тақырып  оқушыға  міндетті

түрде оқиғаларды қазіргі таңда болып жатқан

оқиғалармен салыстыра отырып саралай білу-

ге,өзіндік  көзқарастарын  қалыптастыруға,жә-

не оқиғаның оң және теріс жақтарын өз деңгей-

леріне  сай  барынша  талдауға  жағдай  жасай-

ды..Интерактивті  әдіс–  бұл  баланың  жеке

өздігінен  ізденуіне  мүмкіндік  беру;Топтасып

оқып үйренуге жағдай жасау;Өздерін – өздер-

іне бағалату; Іс – әрекет барысында білім алу.-

Диалог  негізінде  білім  беру  мен  білім  алу  да

о қушылардың  өзара  сұхбаттасуы  және

мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  диалогтің

шәкірттердің өз ойын жүйелеуі мен дамытуына

көмектесетін амал. Осы негіздерді басшылыққа

ала  отырып  мен 9«б»  класында  «Қазақстан-

ның  мәдениеті» (1900-1940жж.)  тақырыбын

өткен кезде оқушылар ерекше  белсенділік та-

ныта отырып тақырыпты жан-жақты бар қызы-

ғушылықтарымен талдап,талқыға салды.Тақы-

рып  бойынша  оқушылар  1. «Халыққа  білім

беру», 2«Қазақстан  зиялыларының  қалыпта-

суы», 3 «Қазақ тілінің дамуы,қазақ әдебиеті»,-

4«Қазақстан және Ресей мәдениеттері арасын-

дағы байланыстар»,болып топқа бөлінді.Сабақ

барысында  «Миға  шабуыл»  әдісі  бойынша

бірнеше сұрақтар қойылды. Келесі тапсырмаға

көшу үшін оқушыларға міндетті түрде сол бе-

рілген  уақыт  аралығын    қазіргі  таңмен  салыс-

тыра отырып талдауға бағыт-бағдар көрсетті-

м.Қазақстанның мәдениеті туралы айтқанда ең

алдымен өткен дәуір мәдениеттеріне де тоқта-

лып  көз  алдымызға  елестетеміз.  Алдарына

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА

ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ

таратылған постерлер арқылы оқушылар бер-

ілген  тақырыптарды,әр  қайсысы  өз  ойларын

білдіре  отырып,жұмыстануға  кірісті.1топ«Ха-

лыққа білім беру»:Оқиға КСРО кезіндегі Қазақ-

станда бұқара халықтың мәдени өркендеуі білім

беруді  қолға  алынғаннан  бастап  жүзеге  аса

бастағанын және кеңестік білім берудің оң жақ-

тарын  санамалап,нақты  деректерге  сүйене

отырып  жұмыстарын  қорғап  шықты. 2топ

«Қазақ тілінің дамуы,қазақ әдебиеті» тақыры-

бын  сол  ғасырдағы  жетістіктеріне  тоқталып

әдебиетіміздің  бай  қорларына  то қталып

өтті.Гүлнұр  деген  оқушы  тіл  мәселесі  қазіргі

таңда актуальдылығын жоя алмай жүрген мәсе-

ле дей келе,туған тілімізді өз жерімізде өз қаза-

ғымызға  қашан  үйренер  екен  деген  сұрақтар

қынжылтады деп толғанысын білдірді.Оқушы-

лардың  әр  тақырыптың  оң  және  теріс  жақта-

рын,бүгінгі  күнмен  байланыстырып  отыруы

саяси мәдениеттілігін  қалыптастыруға көмегін

береді.3 топ«Қазақстан және Ресей мәдениет-

тері  арасындағы  байланыстар»  тақырыбын

қарсы пікірлерге жол бермей отырып дәлелдеп

шықты  деуге  болады.Өйткені  «Мәдениетте

шекара  жо қ», «Достық-  ұлы  ұғым»  деген

сөздерді  басшылыққа  алыпты.  Нәтижесінде

оқушылар тақырыпты аша алды, қазіргі заман-

мен  салыстыра  сараптап,интернет  желісінен

тапқан нақты мәліметтерін жариялап қорғаған

кезде  топ  арасында  өзара  ынтымақтастықпе-

н,түсінушілікпен    жұмыстанып  жатқаны  тақы-

рыпқа  деген  қызығушылық,  пәнге  деген

сүйіспеншіліктеріне  риза  болдым.  Болашақта

білім  беруде  қандай  жаңа  технология  болма-

сын  оқушыны  топ  ішінде  жұмыстана  отырып-

,дербес пікір қалыптастыра алатын,өзіндік ойы

бар,алған білімін өмірде қолдана алатын,озық

ойлы, қабілетті, шығармашыл, ынталы, уақыт-

пен  есептесетін,  құзіретті,  өзіндік  уәжі  қалып-

тасқан  тұлғаға  бағытталған  болуы  керек  деп

ойлаймын.

Ақтөбе  қаласы

ПОЧВА И ЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ.

ПЛОДОРОДИЕ ПОЧВ.

А.Г.Тимошина

учитель  географии  Пригородной  СШ

А.А.Алиева

№39  қазақ  орта  мектебінің  тарих  пәнінің  мұғалімі

Ақтөбе  қаласы


14

АШЫҚ САБАҚ

ОТКРЫТЫЕ  УРОКИ

28 мамыр 2015 жыл

Денешынықтыру

Е.Ш.Умаргалиев

Пригород  орта  мектебінің

дене  тәрбиесі  пәнінің  мұғалімі

Мақсаты мен міндеттері: Қарапайым дене жаттығулары арқылы

оқушылардың  денсаулығын  нығайту;  Оқушылардың  икемділігін  ар-

ттыру;Салауатты  өмір  салтын  ұстануға  тәрбиелеу.

ЖАЛПЫ ДЕНЕ

ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Ақтөбе  қаласы

Мақсаты:  Оқушыларды  доп  беру,қабылдау  әдістеріне  машық-

тандыру.Допты оң және сол қолмен еркін алып, беруді қалыптасты-

ру.Допты екі қолмен төменннен, жоғарыдан дәлдеп беруге жаттық-

тыру.


Ақтөбе  қаласы

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды футбол ойынының ережелерімен және ойынның кауіпсіздік

ережелерімен  таныстыру.Оқушыларды  достыққа,  бірін-бірі  сыйлауға  тәрбилеу.

Оқушылардың жүгіру арқылы, допты алып жүру әдістерін арттыру қимыл-қозғалыстарын да-

мыту. Жылдамдықты, төзімділікті, ептілікті, икемділікті тәрбиелеу.



А.А.  Ахатова,  №34  орта  мектебінің  дене  тәрбиесі  пәнінің  мұғалімі

Мақсаты:Салауатты  өмір  салтын  насихаттау,оқушылардың  денсаулығын  нығайтужәне  шы-

нықтыру;  Волейбол  ойынынының  әдіс-тәсілдерін  үйрену;  Салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу;

Қимыл- қозғалыс,шапшаңдық, икемділік  қабілеттерін дамыту.

Ақтөбе  қаласы

ФУТБОЛ ОЙЫНЫ.

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ.

ДОПТЫ АЛЫП ЖҮРУ



Махамбетов  Айдос,

Елек  орта  мектебінің

дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімі

БАСКЕТБОЛ

Г.  Оразғалиева

№42  орта  мектебінің

дене  тәрбиесі  пәнінің  мұғалімі

ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫ

Ақтөбе  қаласы

28 мамыр 2015 жыл

15

АШЫҚ САБАҚ



ОТКРЫТЫЕ  УРОКИ

Мақсаты:  Рухани  адам-

гершілік  тәрбие  берудегі  адам

бойындағы  құндылықтарды

қалыптастыру

Жалпы адамзаттық құндылық

дегеніміз-  белгілі  адамдар  үшін

ғана  емес,жалпы  адамзат  үшін

маңызды  құндылықтар.Мәңгілік

жалпы адамзаттық құндылықтар

адам  бойына  тумысынан  беріл-

ген сый. Олар: Ақиқат,дұрыс әре-

кет,  сүйіспеншілік,  тыныштық,

қиянат жасамау.

Ақиқат-  құндылықтың  түп  та-

мыры.  Үнемі-  түп  тамырды

сүйіспеншілікпен  суарып  отыру

керек. Ақиқатпен жүріп әр затқа

сүйіспеншілікпен  қарайтын  бол-

сақ, дұрыс әрекет болады.

Дұрыс  әрекет  болса  ішкі  жан

дүниемізде тыныштық орнайды.

Ішің тыныш болса ешкім қиянат

жасай алмайды. Бүршігін береді.

Бұл 


құндылықтар 

өзара


бөлінбейді.  Бір-бірімен  тығыз

байланысты.

Ақиқатқа  ұмтылған  адам  өз-

өзіне мынадай сұрақтар қояды:

-

Мен кіммін?



-

Менің  өмірдегі  мақсатым

не?

-

Қазіргі  сәтте  қалай  өмір



сүре  аламын?

-

Өзімнің ішкі «Менменімді»



қалай  өзгерте  аламын?

Қане балалар осы сұраққа сен-

дер  қалай  жауап  берер  едіңіз-

дер.  Өз  ойымызды  білдірейікші.

Адам  ақиқатты  сезініп  сүйіспен-

шілікпен  дұрыс  қадам  жасаса,

онда  оның көңілі  мен  ішкі жан

тыныштығы хош иісті гүлдей бал-

бұл  жайнайды.

 Осыған орай мына бір видио

роликті  тамашалайық. «Рахмет

саған  ана»

Б.М. Сисенгалиева

Пригород орта мектебінің педагог-

психологі

Мақсаты: Мектеп бітіруші түлектердің ата-

аналарының  эмоция  жағдайын  жақсарту.

Психологиялық көмек көрсету.

Өткізілу  түрі: психологиялық жаттығу, тре-

нинг түрінде.



Аудитория: ата-аналар, мұғалімдер.

Қаралатын  жағдай:  ата-ана  бала  қарым-

қатынасы, эмоциялық жағдай.

1.Релаксация:  психолог  сөзі -  «Шаттық

шеңбері»  жаттығуына  шақырамын. Дөңге-

лене  отырып  бүгінгі  күннің  қуанышын  бірге

бөлісейік.

Мыс: Мен  бүгін  осы  аудиторияда  мектеп

бітіруші  түлектердің  ата-ана

ларын    көргеніме    қуаныштымын. /келесі

ойыншы  жалғастырады/

2. «Бала - ата-ана  тірегі» - шағын ойын

сауал.  /сауалнама  арқылы  ата-аналар

өздерін тексеріп алады/.

Психолог сөзі: Баяғыда бір шаруа адам-

нан  сұраған  екен -.сіз  осы  табысыңызды

қалай  және  қай  жаққа  жұмсайсыңыз  деп.

Сонда,  «Шаруа мен өз табысымды  төртке

бөлем: бір бөлігін-қарызыма беремін, екінші

бөлігін-қарызға беремін, үшінші бөлігін-тере-

зеден лақтырып тастаймын, төртінші бөлігін-

өзіме  қалдырамын  деп  жауап  беріпті»  Бұл

дегеніңіз-1)  ата-анамды  асыраймын, 2) ба-

лама жинаймын 3) қызыма көмектесемін, 4)

өзімді  қанағаттандырамын  деген  екен.

Қазіргі  біздің  қоғамымызда  әйелдер  мен



ЖАН  ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ

ФОРМУЛАСЫ

ОҢ НИЕТ+ ЖАҚСЫ СӨЗ+

АДАЛ, ІЗГІ  ІС  =

БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР.



 БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР =

ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ

Жан  тыныштығы-кез  келген

сыртқы  жағдайда  ақыл-ойдың

тазалығын сақтау.

Жан  тыныштығы-ол  адамға

кез-келген  жағдайдан  шығуға

көмектесетін күш.

Жан  тыныштығына  қалай  қол

жеткіземіз?

Жан  тыныштығы  не  үшін  ке-

рек?


Осы  сұрақтарға  екі  топқа

бөлініп  плакатқа  өз  ойларыңды

жазып  білдірсеңіздер.

Тыныштық- Ақиқат пен Дұрыс

әрекеттің  сәулесі.  Ақиқат  пен

Дұрыс  әрекет  жолындағы  адам

Тыныштықта-ішкі  Тыныштықта

болады. Ойында тыныштық жоқ

адам    үнемі  қиындыққа  тап  бо-

лады.  Тыныштанған  адам-  ол

бақытты,  оның  өмірінде  ешқан-

дай  қиындық  жоқ.  Тыныштық

адамның болмысқа қатынасына

байланысты.  Ляззат  сыйлайтын

нәрсеге  деген  құштарлық  Ты-

ныштықты  жоғалтудың  басты

себебі.  Жан  тыныштығы  таза

жүректе  орнайды.  Сондықтан

жүрегіміз әрдайым таза болсын.

Ешкімге жамандық ойламай, жа-

мандық  жасамай  жүрсек  біз  ба-

қытты боламыз.

Осымен  сыныптан  тыс  шара-

мыз  аяқталды.  Келгендеріңізге

рахмет.

Ақтөбе облысы

Алға  ауданы

«АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ»

сыныптан  тыс  шара

сыныптан  тыс  шара

сыныптан  тыс  шара

сыныптан  тыс  шара

сыныптан  тыс  шара

Б.А.Аяпбегенова

Маржанбұлақ орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

ТАБЫСҚА


ЖЕТЕР ЖОЛ

ерлердің    әлеуметтік  жағдайлары  ұштасып

жататын  мамандық  салалары  инженер,

жүргізуші, мұғалім, дәрігер т.б. болса, табы-

сымыздың  екінші  үшінші    бөліктерін  қосып

ұлға  да  қызға  да  жинасақ,  ертеңгі  күні  ол

өзімізге  оралары  сөзсіз.  Зерттеулер  нәти-

жесі көрсетіп отырғандай, ең қымбат табыс-

тың көзі-ол білім. Сондықтан бүгінгі табысы-

мыздың  жемісі  ол - «ҰБТ-табысқа  жетер

жол».

Сіздерге  ұсынылып  отырған  сауалнама



сіздің  балаңызға  көрсетер  психолгиялық

көмегіңіз.



3.Ассосация «Жанұя» (доп беру арқылы

жалғасады)

-  Қызықты  сұрақтар:  Балаңыздың  туған

күні?


- Сынып жетекшісінің аты жөні?

- Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

- Балаңыздың  парталас  көршісі  кім? т.с.с.

Психолг сөзі: Баланы  жастан бақпасаң

Жамандықтан  қақпасаң.

Қадірден  жұрдай  қасқа  боп,

Кешкенің  өмір  босқа  тек,-дегендей,  ба-

ланың  ыстық  суығына  күймейтін,  жақсы-

лығына  сүйінбейтін  ата-ана  жоқ  шығар.



4. «Қол»  Қатысушылар  үнсіз    көзбен

жұбын  тауып  бір біріне  қолын  созу арқылы

жұптасады.

5. «Сиам егіздері» жұптардың  бір  қолда-

ры  байлаулы, екінші қолдарын  жұптастыру

арқылы  жаттығулар  орындайды: алма  жа-

сау, шаш өру, ине  сабақтау.

Рефлексия: «Өрмекші  торы»

Ақтөбе қ.

ҰБТ


Өзін-өзі тану. Психология

МЕНШІК ИЕСІ:

«Ұстаз» оқу-әдістемелік

орталығы ЖШС

Бас редактордың міндетін атқарушы

Бектурган МАКЕШЕВ

Газет  Қазақстан  Республикасы-

ның  Байланыс  және  ақпарат

министрлігінде 2013  жылғы

28  қазанда  қайта  тіркеліп,

№13951-Г  куәлігі  берілді.

Газет  материалындағы  автор  пікірі  редакцияның    түпкілікті  көзқарасы

болып  есептелмейді.  Редакция  оқырман  хаттарына  жауап  бермейді,  оны

(суреттерін  де)  қайтармайды.  Жарнама  мен  хабарландырулардың  мазмұ-

ны  мен  мәтініне  жарнама  беруші  жауапты.

Басылым  сапасы  жөнінде    баспаханадағы  мына  телефонға  хабарласы-

ңыз: 56-21-54

Газет «А-Полиграфия» ЖШС

баспаханасында (Ақтөбе қаласы,

Т.Рысқұлов көшесі, 190 үй) басылды.



МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

030000,  Ақтөбе  қаласы,

Маресьев  көш., 95-28 (3-қабат)

Тел.: 56-23-31

E-mail: ustaz2007@rambler.ru

www.ustazgazeti.kz

Индекс 64595



Көлемі 6 баспа табақ

Таралымы  1000

Тапсырыс  №919

Би-Фатима  Шакіржанқызы - сүйікті  жар,

аяулы ана, қымбатты әже!

Анашым  1938  жылы 22 қарашада  дүниеге

келіп,  1958  жылы  әкеміз  Өмірбаев  Достанға-

лимен отбасын құрған, 12 бала дүниеге әкеліп,

10  баласын  мәпелеп,  бағып-қағып  өсірген  -

Батыр Ана -2015 жылдың 22 сәуірі күні қапыл

дүниеден өтті. Артында  туған бауыры – Фар-

хад, 4 ұлы, 6 қызы, күйеу балалары мен келі-

ндері, 30 немересі, 11 шөбересі қалды.

Анашым бар өмірін балаларының тәрбиес-

іне арнаған – аяулы ана, немере бағуға үлкен

үлесін қосқан – қымбатты әже, жолдасына әр

кез  сүйеу  болған – сүйікті  жар,  домбырасы

жанынан қалмаған – әнші, өнер иесі, жан-тәні

сырқат  жандарға  алақан  жылуын  аямаған  –

емші болған жан.



Анашым - ақ көңіл адам еді аңқылдаған,

Болсын  деп,  бәрі  жақсы  жарқылдаған.

Сөздерің жүректе тұр айта салған,

Ұмытпайды  ұрпақтарың  артта  қалған.

Анашымның  ендігі  орнын  Алла  тағалам

Жұмақта  қылғай..

Еске  алушылар:  жолдасы – Достанға-

ли, бауыры – Фархад-Ақзия, ұлдары –

Нұрлан-Роза,  Тұрлан-Шынар,  Қобылан,

Данияр-Әлия,  қыздары – Айсұлу,

Гүлжиhан,  Гүлбаhрам-Рахат,  Гүлжұпар-

Райдолла,  Жаңылсын-Берік,  Дина-

Аллаберді.

ӨМІРБАЙ КЕЛІНІ БИ-ФАТИМА

ШАКІРЖАНҚЫЗЫН ЕСКЕ АЛУ

Қай  қоғамда  болмасын  адамзат  үшін  ең

қажетті , ең  киелі  мамандық  иесі  ол - ұстаз.

Білімді  дәрігер  тәннің  шипагеріболса,  білікті

ұстаз  ой-сананың  бапкері.  Тәлім-тәрбие-ата-

анадан,  оқу-білім - ұстаздан.  Демек  осы  екі

үрдіс ынтымақтасқан жағдайда кез келген жеке

тұлға адам болып қалыптасып, мәртебесі биі-

ктейді.Ал осындай өрелі істер істер атқарылғ-

ан тұста  мемлекетіміздің іргесі берік болаты-

ны анық.

Мектебіміздің тыныс тіршілігіне, оқушылар-

дың  саналы  тәрбиеленуіне  өзіндік  қолтаңба-

сын  қалдырған  ардақты  ұстазымыз  Ыбырай

Алтынсарин атындағы білім беру ісінің үздігі, І

дәрежелі  төреші    Кужениязов  Қуаныш.

Қуаныш  Зейнулұлы  жолдасы  Мәншук  екеуі

Ақтөбе  облыстық  есту  қабілеті  бұзылған  ба-

лалар  арналған  мектеп-интернатында  1997

жылдан бастап еңбек етті.Бір жерде тапжыл-

май 20 жыл еңбек ету деген еңбекке деген та-

залықты, іңкәрлікті мойындатады. Тұрақтылық

та өмір заңында бар қағида. Дене шынықтыру

пәнінің бетке ұстар маманы, жасы үлкенге іні,

кішіге  аға,  шәкірттеріне үлгі тұтар ұстаз бола

білді.  Ата-аналар  қауымы  да  Қуаныш  ағай-

дың  қандайұстаз,  бапкер,  әділ  төреші  болға-

нын өте жақсы біледі.Жаны қалап алған ұстаз-

дық  еңбегін  бар  қайғы-қуанышымен  атқара

білді.  Есту  мүмкіндігі  шектелген  оқушыларға

өз  туған  ата-аналарынан  артық  қамқор  бола

білді.  Есту  қабілеті  бұзылған  оқушыларды

спортқа баулыды.Көптеген шәкірттері жеңіл ат-

летикадан және еркін күрестен  Қазақстан чем-

пиондары, жеңіл атлетикадан Қазақстан құра-

масының мүшелері, спорт шеберлері.Шәкірті,

осы  мектептің  түлегі - Оңайбай  Маратты  өз

қамқорлығына  алып,  оқуға  түсуіне  себепкер

болды.Марат  ұстазының  жолын  қуып  қазір

мектебімізде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

және еркін күрестен бапкер. Мараттың бапта-

ған шәкірттері еркін күрестен  қазақстан құра-

масының  мүшелері,  қазақстан,  әлем  чемпи-

ондары.Қуаныш ағайымыз күн демей түн де-

мей мүмкіндігі шектеулі жандарға өмірінің со-

ңына  дейін  аянбай  еңбек  етті.Мектебімізде

мұғалімдердің арасында салауатты өмір сал-

тын ұстану жолында көп еңбек етті.Облыстық

мектеп-интернаттарының  арасында  өттетін

спартакиадаларда  үнемі  жүлделі  орындарға

ие болдық. Мектептегі әйел мұғалімдерді во-

лейбол  ойынына  дайындап  түрлі  жарыстарға

қатыстыратын.  Сондай  жарыстарға  қатысып

Қазақстанның  шипажайларына  барып  дема-

лғанымыз бапкер ағамыздың арқасы деп біле-

міз.Еңбегін  ұстаздар  қауымы  жақсы  біледі.

Ұстаздыққа  тән  жігерлілікті,  жақсы  мінезі,

ЕСКЕ АЛУ

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖАН ЕДІ...



Кужениязов  Қуаныш  Зейнулұлы

1961-2014

оқушыларға деген сүйіспеншілігі  ұстаздардың

да  ата-аналардың  даесінде  және  оны  ешкім

жоққа  шығара  алмайды.  Спорт  залдың  іші,

ішіндегі гүлдердің жайқалуы, тазалығы ешкім-

ге ұқсамаушы еді. Әріптестерім де бұл сөзімді

жерге  тастамас.Сол  еңбегі  бағаланып 2012

жылы Ы.Алтынсарин атындағы білім беру ісінің

үздігі атағымен  марапатталды.Осындай қар-

балас шақта ағайдың отбасы ғана емес мек-

теп  ұжымы  ақжарқын  азаматынан  айырыл-

ды.  Ағайымыздың  о  дүниелік  болғанын  есті-

генде  бүкіл  мектеп  ұжымы,  оқушылар,  ата-

аналар  түгел  қайғырды.  Үлкендер  ақжарқын

інісінен,  кішілер  ақылшы,  жанашырларынан,

оқушылар өздері қадір тұтатын ұстаздарынан

айырылғандарына  бір  жыл  да  зуылдап  өте

шықты.Көңілің құлазиды, бірақ қолыңнан еш-

теңе келмейді. Келмеске кеткен әріптес ағаны

сағынасың, содан кейін қу тіршіліктің артынан

дөңгеленіп  жүре  бересің.  Бар  саналы  ғұмы-

рын  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларға  білім

беру  мен  тәрбие  беру  ісіне  арнаған  ардақты

ағамыздың  жарқын  бейнесі  туған-туыс,  дос

жолдас,  әріптес,  шәкірттері  мен  ата-аналар-

дың жүрегінде мәңгі сақталады.



Әріптестерінің  атынан  Таласқалиева

Сая Алпысқызы

З.А. МАХАТОВА,

Ақтөбе орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2015  жылғы  облыстық  және  қалалық  білім  бөлімінің  «Ұсақ  құқық-  бұзушылыққа



мүлдем төзбеушілік» акциясы жоспарына сәйкес, Ақтөбе орта мектебінде жасөспірі-

мдер  арасында  құқықбұзушылықтың  алдын  алу  мақсатында    оқу – тәрбие  процесі

аясында оқушылар  арасында құқықтық мәдениет және құқықтық сана-сезімді артты-

руға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен тәрбие сағат-

тары, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Кездесуге  Ақтөбе  Мемлекеттік  Заң  институтының  оқытушылары:  полиция  подпол-

ковнигі М.М. Сапаргалиев, полиция капитаны З.А. Мухангалиев, кәмелет жасқа толма-

ғандар ісі жөніндегі мектеп  инспекторы  аға лейтенант Д. Байсанов қатысты. Жасөспі-

рімдер тарапынан жасалатын қылмыстың алдын алу және білім беру мекемелеріндегі

құқықтық тәртіптің бұзылмауына байланысты оқушыларға дәрістер оқылды. Мектеп

инспекторы  кәмелетке  толмағандарға  ішімдік  және  темекі  өнімдерін  сату  фактілерін

анықтау  мақсатында мектеп маңайындағы аймақтарды аралайды.

2015 жылдың 18 мамырында 7-11 класс оқушылар арасында құқық- бұзушылықты

алдын  алу  мақсатында  сауалнама  жүлгізілді.  Сауалнамаға  155  оқушы  қатысты.  12

жастағы -21  оқушы,  13  жастағы -35 оқушы,  14  жастағы-23  оқушы,  15  жастағы -24

оқушы, 16 жастағы -26 оқушы, 17 жастағы -22 оқушы, 18 жастағы-4 оқушы қатысты. 7-

11  класс  оқушыларына  «Жасөспірімдердің  құқығын  қорғау»  тақырыбында  класс  же-

текшілер дәріс оқыды.

Оқушылардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру мақсатында мектепте 2015 жы-

лғы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» принципін қолдану-

ды  қамтамасыз  етуді  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру  шараларының  жоспарына

сәйкес мақсатты түрде класс жетекшілер кешенді түрде түсіндірме жұмыстары мен іс-

шаралар  жүргізді.

5 «Б» класының класс жетекшісі « Права, обязанности и ответственность несовер-

шеннолетнего» тақырыбында класс сағатын өткізді, 4 «Ә» класының класс жетекшісі

«Мен және менің құқығым» атты класс сағатын өткізді, 7 «А» класының класс жетекшісі

«Жас құқықтанушылар» тақырыбында интеллектуалдық сайыс сабағын өткізді, 9 «Б»

класының класс жетекшісі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықтары мен

міндеттері туралы дәріс сабағын өткізді, 4 «Б» класының класс жетекшісі «Права де-

тей в сказках» атты тақырыбында класс сағатын өткізді.

Ақтөбе  орта  мектебі  бойынша  өткізілген  осы  іс-шаралар  жасөспірімдер  арасында

құқықбұзушылық  туралы  сауаттарын  арттыру,  оның  алдын  алу  және  оған  көз  жұма

қарамау мақсатында  жүргізілді.

Ақтөбе қаласы.

Светлана  Джалмухамбетова

Воспитатель  ДО № 11 «Ақбота»

Чтобы воспитать детей экологически грамот-

ными, необходимо подобрать подходящую ху-

дожественную  литературу  по  экологическому

воспитанию.

Давайте с вами обсудим следующую ситуа-

цию: гуляя в парке вместе с ребенком, вы ви-

дите стаю голубей. Ребенок бежит радостный

и разгоняет птиц.Каково ваше отношение к это-

му?Как  вы  считаете,  в  данной  ситуации  сле-

дует поощрять действие ребенка или же у вас

возникают другие чувства?И вот здесь можно

привести пример из книги Б.Рябинина «О люб-

ви к живому»: «Ребенок пугает голубей. На пер-

вый взгляд невинное занятие, но ведь он раз-

влекается, пугая. Ему нравится, что голуби при

его приближении взмахивают крыльями и уле-

тают, что его боятся, и вот тут-то, как говорит-

ся, и зарыта собака, здесь корень и первопри-

чина зла». Можно предложить понаблюдать за

птицами, что они делают, чем занимаются, как

они общаются, чем питаются, показать ребен-

ку, что у птиц своя жизнь, они живые существа

и не следует им мешать.Давайте посмотрим с

точки зрения отношения ребенка к природным

объектам,  что  получается,  если  ребенок  мо-

жет разгонять птиц и ему это доставляет удо-

вольствие.  В  этом  случае  он  действует  с  по-

зиции  силы,  он  сильнее  их,  и  мы  поощряем

его  действия.  У  ребенка  формируется  пред-

ставление о самом себе: с тем, кто слабее, я

справлюсь.  Таким  образом,  маленький  ребе-

нок  сильнее  червей,  бабочек,  кузнечиков,  он

может  их  ловить,  топтать.  Пока  неосознанно,

но  под  нашим  влиянием  это  закрепляется  и

становится  нормой  поведения  в  природе,  а  в

дальнейшем  это  может  стать  нормой  жизни.

Недоброжелательное отношение ко всему жи-

вому переходит в жестокость, не только к при-

роде, но и к людям. Наша задача заинтересо-

«ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ХУДОЖЕСТВЕННОЙ

ЛИТЕРАТУРЫ В ЭКОЛОГИЧЕСКОМ

ВОСПИТАНИИ ДОШКОЛЬНИКОВ В СЕМЬЕ»

«ҰСАҚ  ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА

МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК»

вать  ребят  жизнью  других  живых  существ  и

поддерживать этот интерес.Надо ли учитывать

возраст  детей  при  чтении  литературы? (Воз-

раст  учитывать  надо  и  стараться  не  читать

малышам  историй  страшных,  которые  могут

их  огорчить,  с  плохим  концом.)Вы,  наверное,

обратили внимание на то, что наши поэты, пи-

сатели  очень  нежно  описывают  и  комара,  и

мошку,  и  жучка.  Делают  они  это  правильно.

Необходимо,  чтобы  с  ранних  лет  малыша  ок-

ружали добро и ласка, чтобы у него возникло

желание  любоваться  всем  живым.После  чте-

ния  и  бесед  у  ребенка  меняется  мировоззре-

ние к окружающему миру.Итак, что необходи-

мо родителям, прежде чем читать: 

1)самим  познакомиться  с  содержанием. 

2) учитывать возраст ребенка, поймет ли ее

ребенок. 

3)постараться  выбрать  время,  чтобы  при

чтении  не  спешить,  не  отвлекаться  на  посто-

ронние дела. 

4)  обговорить  прочитанное,  задать  ребенку

2-3  вопроса,  выяснить,  понял  ли  он  содержа-

ние, как он относится к поступкам героев.И на-

конец, можно рассмотреть иллюстрации, но не

самим  рассказывать,  а  предложить  ребенку

самому  рассказать.  Вы  все  знаете,  что  ребят

интересует многое, не всегда мы можем отве-

тить  на  их  вопросы.  Поэтому  будет  очень  хо-

рошо,  если  в  вашем  доме,  кроме  детской  ли-

тературы о природе, будет подборка и литера-

туры для взрослых. Но при этом не забывайте

о  том,  что  нет  необходимости  сразу  отвечать

на все вопросы ребенка. Есть такие ситуации,

где мы должны ребенку предложить самостоя-

тельно  понаблюдать  и  сделать  вывод,  полу-

чить ответ на свой вопрос.И, наконец, никакие

книги, никакие разговоры не помогут, если мы

сами  будем  негативно  относится  к  животным

и растениям. Важно сделать так, чтобы встре-

ча с природой доставляла детям удовольствие.



город  Актобе.

Каталог: uploads -> archive
archive -> 235 25 желтоқсан 2015 жыл
archive -> 233 25 желтоқсан 2015 жыл
archive -> Конкурсы жарияланады. Конкурс мақсаты: діни экстремизммен күре суде педагогтардың қоғамдық белсенділіктерін арттыру
archive -> 232 25 желтоқсан 2015 жыл
archive -> 234 25 желтоқсан 2015 жыл
archive -> 239 25 желтоқсан 2015 жыл
archive -> Конкурсы жарияланады. Конкурс мақсаты: діни экстремизммен күресуде педагогтардың қоғамдық белсенділік
archive -> №11 (229) 27 қараша
archive -> Завершилось проведение единого национального тестирования в казахстане
archive -> №10 (240) 25 желтоқсан

жүктеу 483.73 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет