№48(7724) газет 1940 жылғЫ 1 Қыркүйектен шығады



жүктеу 453.18 Kb.

бет4/5
Дата09.01.2017
өлшемі453.18 Kb.
1   2   3   4   5

***

Индонезияда  мемлекетшілдіктің  негізгі 

арнасы  –  ұлтшылдық.  Біз  Мәңгілік  Ел 

идеясын  мемлекетшілдік  негізінде  іске 

асырудамыз,  онымыз  инновациялық  идея. 

Үндістан,  Индонезия,  Қытай  елдерінде 

ұлтшылдық жаңғырып, ол мемлекетшілдікке 

айналған, соның нәтижесінде аталған елдер 

қарқынды дамып барады. Әрине, көп халық 

болған  соң,  елде  кедейлер  де,  байлар  да, 

орта  тап  та  бар.  Бірақ  та,  мұсылман  елі 

болғандықтан бұл мәселелер өзінше шешім 

тапқанға  ұқсайды.  Джакартада  жүргенде 

аңғарғаным,  қайыр  тілеп  жүрген  адамды 

көрмедім, мүмкін біз жүрген жерде болмады 

ма екен?


Индонезияға  барғанда  есіңізде  болсын, 

мұнда  тағамды  оң  қолмен  алады.  Дәстүр 

бойынша қасық, шанышқы қолданылмайды. 

Қазіргі  кезде  Батыс  өркениетінің  әсерінен 

қала мейрамханаларында шанышқы қояды, 

бірақ  пышақ  деген  мүлдем  жоқ.  Дәмнен 

кейін оң қолын лимон салған сумен жуады. 

Тағамды  банан  жапырағымен  береді.  Бұл 

елде  ішімдік  ішу  жоқтың  қасы,  тек  Бали 

сияқты мұсылмандық дәстүр орнатылмаған 

жерде болмаса. Мұнда дәстүрлі пальмадан 

жасалған  ішімдікті  «арақ»  дейді  екен, 

шайтанның есімі ортақ деген осы.

***

Біздің  лексикаға  салсақ  Индонезияның 

«мемлекеттік философиясы» бар, ол «Панга 

сила» деп аталады, оны 1945-жылдары бір 

жүйеге  келтіріп,  елге  ұсынған  президент 

Сукарно. Ол бес қағидадан тұрады: діншілдік, 

демократия,  ұлтшылдық,  гуманизм  және 

әлеуметтік әділеттілік.

Діншілдік  –  бір  құдайға  сену  (елдің  88 

пайызы  мұсылман,  яғни  Аллаға  сену). 

Демократия Батыс елдеріндегі қалыптасқан 

демократиялық  құндылықтарды  негізге  ала 

отырып ел ерекшелігін ескеру.

Ұлтшылдық  –  үш  мың  аралдан  құрылған 

елдің 

бірлігін, 



әрі 

тұрақтылығының 

сақтауының  кепілі.  Гуманизм  негізінен 

гуманитарлық, 

құқықтық 

мәселелерге 

қатысты және ол өнер мен әдебиетте көрініс 

табатын басты қағида.

Әлеуметтік  әділеттілік  мәселелері  аса 

күрделі,  ол  мемлекет  пен  қоғам,  партия 

мен  қоғам,  дін  мен  қоғам  және  байлық  пен 

кедейлік мәселелеріне тікелей қатысты.

Мүмкін  осындай  идеология  нәтижесі  ме 

екен,  Индонезияда  ұрлық  деген  атымен 

жоқ.  Ұмыт  болған  нәрсеңді,  сол  қалпында, 

айналып,  келіп  алып  кетесің,  сірә  бұл  да 

дәстүрге  айналған  мұсылмандықтың  ықпа-

лы  ма  деймін,  шариғат  талабы  бойынша 

ұрының  қолы  шабылады  екен,  сондықтан 

ұрлық  деген  әдет  жоқ,  коррупция  мәселесі 

өзгешелеу.

***

Бұл елден тағы бір аңғарғаным идеология 

да,  саясат  та,  дүниетаным  да  киім  киюден 

байқалады. Киімге ерекше көңіл бөледі екен. 

Индонезияны  «батиктер  елі»  деп  атауға 

болады.  Адамдар  қызмет,  шендеріне  қарай 

тиесілі батиктерді киеді. Оларды шатастыру 

әдепсіздік  болып  саналады.  Аңғарғаным, 

индонезиялықтар киімінде ұлттық идеология, 

саясат,  дүниетаным  жатыр.  Бізге  бекітілген 

Мәдениет  министрлігінің  қызметкері  күнде 

киімін  (батикті)  ауыстырып  келеді.  Батик 

түстері  қоңырқай,  жасыл  т.б.  Мен  де 

батик  киімін  сатып  алғым  келіп  Мәдениет 

министрлігінің 

қызметкері 

Абдулладан 

дүкенге апаруын өтіндім. Өзіме ұнаған күрең 

қызыл  түсті  батикті  170  долларға  сатып 

алдым. Одан кейін Абдулладан:

–  Мен  мына  батикті  сатып  алдым,  енді 

айтыңызшы, сіздердің түсініктеріңіз бойынша 

қандай адаммын, – дедім.

Сонда  Абдулла:  «Сіз  ауқатты  адамсыз, 

сіздің үлкен қызметіңіз бар, үлкен жиналысқа 

барасыз, сол кезде киіп барасыз» – деді де:

– Мен дәл айттым ба? – деп сұрады. Мен: 

«Иә,  дәл»  –  дедім,  амалсыз.  Аңғарғаным 

бұл  елде  киім  ұлттық  идея  дәрежесіне 

көтерілгенге  ұқсайды.  Бізде  қазақ  халқын 

біріктіретін ұлттық киім жоқ, шапандарымыз 

– декорация, ойланғанымыз жөн.

Индонезиялықтардың менталитетін түсіну 

үшін  арнайы  білім  керек.  Сірә,  бұл  елдің 

өнерінде,  философиясында,  әдебиетінде 

ұлттық  менталитеті  тұнып  тұр-ау  деп 

ойлаймын.  Менің  екі-ақ  күн  болғандағы 

байқағаным  осы.  Ал  ұзағырақ  болғанда 

мүмкін  тағы  өзге  сырларымен  танысуға 

болар еді.



***

Бұл елдің тағамдары ерекше. Кең тараған 

тағамы  –  күріш.  Нанси  –  деп  аталатын 

тағамды  таптым.  Ол  қуырылған  күріш,  кө-

көніс, ет. Кәдімгі кеспе де кең пайдаланады, 

ол  көрші  Қытай  әсері  болса  керек.  Ерекше 

тағам және өздері құмартып жейтін бақаның 

қуырылған  табандары,  балалар  судан  бақа 

ұстап  өткізіп,  табыс  табады  екен,  тағы  бір 

таң қаларлық нәрсе – қарлығаштардың ұясы 

айтулы  тағам  екен.  Қарлығаш  ұясын  берік 

ету үшін «түкірігімен» сылайтын көрінді, сол 

ұяны тауық сорпасына салып ішсеңіз, ол дәрі 

–  қаныңызды  тазартады,  астманы  емдейді, 

бұлшық  еттеріміздің  қалпына  келтірілуіне 

көмектеседі. Есіме түсіп отыр, бала кезімде 

қарлығаш ұясын талай көрдім, балапандары 

ұшып  кеткен  соң,  ұяны  орнынан  алып 

көргенде,  оның  тұп-тұтас  бұзылмайтынына 

таңғалғаным бар. Үлкендер қарлығаш ұясын 

бұзбаңдар  деп  отыратын,  сөйтсем,  қарлы-

ғаш ұясының беріктігі, оның шыбықтарының 

ерекше  бекітілуінде  екен.  Қарлығаш  ұясын 

қауіпсіздік  үшін  биік  жар-тастарға  салады, 

сондай  биіктіктен  қарлығаш  ұясын  алмақ 

болып,  талай  балалар  мерт  те  болған 

көрінеді, бірақ одан тосылып жатқан жан жоқ, 

ұяға сұраныс жоғары. Тағы бір ерекше тағам 

сатэ – деп аталады. Ол құс, сиыр, қой етінен 

жасалған Индонезия кәуабы.



***

Индонезиялықтардың  жүздері  жарқын, 

бауырмал,  қабағы  қатуланған  адамды 

көрмедім. Табиғатқа үйлесімділік, жақындық, 

су,  жел,  от  стихиясы  адамға  ерекше  сипат 

беретінге  ұқсайды.  Бұлар  төзімді,  бірақ 

төзімдерінің шегі бар екен. Қазақтар сияқты 

төзіп-төзіп  жүріп,  бір  күні  оқыс  мінездерін 

көрсетіп  те  жіберетін  көрінеді.  Өздерінің 

айтуынша, 

әсіресе, 

шетелде 


жүрген 

индонезиялық  қыздар  төзімді  әрі  көнбіс 

болғанымен,  олардың  намысына  тисе,  сол 

адамның басын шауып алуға бар, өздері бұл 

тек  индонезиялық  қыздардың  қолдарынан 

келеді  дейді.  Ойға  қалдым  –  су,  от,  желдің 

түрлері  көп  болғанымен  олардың  шегі 

бар  ғой.  Мысалы,  бұл  стихиялар  өртке, 

тайфунға,  дауылға  айналып  кетуі  мүмкін. 

Индонезиялықтардың  мінездері  де  солай 

болған  ғой.  Ел  саясаты  дегенге  келген,  біз 

естіген  Сукарно  1945-1968  жылдары,  ал 

Сухарто  1968-1998  жылға  дейін  президент 

болған,  екеуі  де  биліктен  еріктерімен 

кетпеген, ол арнайы әңгіме тақырыбы.

Индонезия 

мемлекетінің 

ұлттық 


тәуелсіздігі  1945  жылдың  17  тамызында 

жарияланған. Ең жоғарғы мемлекеттік билік 

Халықтық  ақылдастар  конгресі,  ол  өзінің 

сессиясына  5  жылда  бір  жиналады,  оның 

міндеттері  конституцияға  өзгерістер  енгізу, 

президентті (5 жылға) және вице-президентті 

сайлау,  «мемлекеттің  негізгі  бағыттарын» 

бекіту. Құрамында – 1000 депутат, олардың 

жартысы үкімет мүшелері, қалған жартысын 

президент  тағайындайды.  Бұл  ертеде  тең 

номиналды  билік  болған  еді,  бірақ  1998 

жылдың 20 қазанында бұл орган президент 

Хабибидің есебін қабылдамай тастады. 355 

депутат қарсы, 322-сі жақтаған содан бері бұл 

органдарға ерекше көзқарас қалыптасқан.

Парламент  атауы  Халықтың  өкілдері 

кеңесі, оның 500 депутаты бар, 400 сайланып 

келеді,  партиялардан,  100  (әскерилерден) 

оны  президент  бекітеді,  себебі,  әскерилер 

сайлауға  қатыспайды.  Президенттің  Ха-

лықтың  өкілдер  кеңесін  тарқатуға  құқы  жоқ. 

Мемлекет  басшысы,  вице-президент  және 

министрлер  парламент  алдында  жауапты 

емес, мәселелер шешімін таппаса Халықтық 

ақылдастар кеңесі істі қарастыруға құқылы.

Индонезия  –  зайырлы  мемлекет,  бірақ 

діннің,  әсіресе,  исламның  әсері  өте  күшті. 

Ол  саясатқа  да  өз  ықпалын  тигізуде. 

Президенттен  үміткер,  Үкендер  кеңесінің 

«батасын» алмаса, оның президент болуына 

үміт  жоқ,  себебі,  электораттың  дені  – 

мұсылмандар.  1974  жылы  «Ислам  отбасы 

туралы заң» қабылданған, онда отбасының 

басты  мәселелерінің  бәрі  қарастырылған, 

олар  орындалуда,  ажырасу  жоқтың  қасы. 

Мемлекеттік  оқу  орындарында  ислам 

этикасы  –  адаб  оқытылады,  ислам  пән 

ретінде көптеген университеттерде, мысалы 

медицина  институттарында  біршама  ислам 

ғылымдары пән ретінде жүреді.

Индонезияның  бізге  қажеттілігі  –  ислам 

дінінде.  Ислам  мәселесінде  үш  елді  үлгі 

тұтуымыз  табиғи  жағдай.  Біріншісі  Түркия, 

екіншісі Индонезия, үшіншісі Малайзия. Осы 

үш  ел  20  дамыған  мемлекеттердің  ішінде. 

Олар ислам дінінде бола отырып, өркениетті 

елдер  қатарында,  ислам  дінінде  бола 

отырып,  экономикалары  қарқынды,  ислам 

дінінде  бола  отырып,  технология  жетілген. 

Сондықтан  осы  елдердің  тәжірибесі  бізге 

қажет.

Индонезияның  этностық  құрамы  жағына 



келсек, мұнда 150-ден астам этнос бар, оның 

ішінде  явандықтар  (45%),  сундилер  (14%), 

мадурлықтар  (7,5%),  малайлықтар  (7,5%), 

қытайлар  шамамен  5  млн.  адам.  Өмір 

ұзақтығы ер адамдар – 71,8 жас, әйелдер – 

76,3 жас.

Мұсылмандық  деген  ол  –  қарапайымды-

лық.  Индонезияда  қарапайымдылық  бар. 

Индонезиялықтар  судың,  желдің  және 

оттың  қасиеттерін  жете  меңгерген,  тілін, 

дінін 

ұрпақтан-ұрпаққа 



шашып-төкпей 

жалғастырып  берік  сақтап  келе  жатқан, 

Адаматаның жер бетіне түскендегі алғашқы 

ізі қалған тарихи аңыз, дәстүрге бай халық, 

бұл  менің  Индонезия  елі  туралы  алғашқы 

пікірім.


Ғарифолла ЕСІМ,

академик, жазушы.

6

Индонезия: аңыз бен ақиқат елі



06.12.2014ж.  № 48 /7724/

А ќ ќ у   ‰ н і

7

Ө м і р д і ң   ө з і н е н . . .

Ғибрат

Үй шаруасындағы әйел 

Біздің  Қасым  жұмыстан  соң  үйіне  келсе, 

ауладағы  барлық  нәрсе  шашылып  жатыпты. 

Үш  баласы  далада  лас  топырақ  үстінде  ойнап 

жүр  екен  дейді.  Ауланың  іші  үйдегі  пештен 

шығарылған 

күл-қоқыстарға 

толы... 


Ал 

машинасы гараж жанында, бір есігі ашық, жүк 

салғышы да ашылған, балшық-батпақ жабысқан 

күйі тұр екен.

Үйіне кірсе, тіпті қорқынышты. Кіреберістегі 

кілем  жиырылып,  бір  шеті  аударылып  қалған, 

төбедегі люстра үзіліп түсуге шақ, салақтап тұр. 

Ал  қонақ  бөлмеде  теледидар  дауысы  шегіне 

қойылып,  мультфильм  көрсетіліп  жатыр  екен. 

Еденде  шашылған  балалар  ойыншығы,  киім-

кешектер...  Асхана  бөлмесінде  жуылмаған 

ыдыс-аяқ, таңертеңгі тамақтан соң сатпақ-сатпақ 

күйі  үйіліп  тұр,  ал  бір  кесе  шағылып,  еденде 

шашырап жатыр. Үйінің екінші қабатына қарай 

шықса, саты бойында қоқыс-қалдықтар...

Мұны көрген соң, әйеліме қандай бір жағдай 

болған екен немесе қатты ауырып қалған шығар 

деп ойлай бастайды. Жатын бөлмеге кіріп келсе, 

әйелі жайма-шуақ кітап оқып жатыр екен.

Күйеуінің кіріп келгенін көрген соң, кітабынан 

көзін аударып, күлімсіреп: «Жаным, бүгінгі күнің 

қалай  өтті?»  деп  сұрапты.  Сосын  күлімсіреген 

қалпы:  «Сен  күнде  кешке  үйге  келгенде  менен 

күні  бойы  не  істегенім  туралы  еш  сұрамайсың 

емес  пе!  Сондықтан  да  мен  сенің  онсыз  да 

сұрамайтыныңды  біліп,  күнделікті  істейтін 

шаруаларымды істеген жоқпын...» депті.

Төрт әйел

Бай  саудагер  төрт  әйелімен  бірге  өмір  сүреді 

екен.  Әйелдерінің  ішінен  төртіншісін  бәрінен 

де  артық  жақсы  көргенімен  қоймай,  оны 

барлық  қымбат  әшекейлермен  жарқыратып, 

қалағанының  бәрін  алып  береді  екен.  Бірақ  ол 

әйелінің  Саудагерге  көрсететін  жақсылығы 

шамалы болса керек.

Саудагер үшінші әйелін де жақсы көреді. Оны 

басқаларға қызықтырып, көрсетуге құмар болса 

керек. Өйткені үшіншісі өте сұлу. Сондықтан да 

басқа жан оны тартып алып қоя ма деп қорқатын 

көрінеді.

Екінші  әйелі  -  саудагер  үшін  нағыз  ақылды, 

білімді,  ойлы,  жақсы  адам.  Сондықтан  қандай 

бір мәселе шықса, басқа әйелдерімен емес, осы 

әйелімен  көбірек  ақылдасса  керек.  Бұл  әйелі 

қиыншылық  кездессе,  басына  іс  түссе,  үнемі 

жанында болатын көрінеді.

Ал алғашқы әйелін онша жақтыра қоймайды. 

Ол  -  өте  адал,  тірліктің  барлық  тауқыметін 

көтеріп  жүрсе  де,  күйеуі  оны  онша  елеп-

ескермейді.

Бір  күні  саудагер  ауыр  науқасқа  шалдығып, 

өзінің  бұ  дүниелік  болмайтынына  көзі  жетіпті. 

Сосын  өзіне-өзі:  «Менің  төрт  әйелім  бола 

тұра  өлімге  жападан-жалғыз  баруым  керек 

пе?  Жұмақта  болсам  да,  тозаққа  барсам  да, 

жалғызсырап жүргім келмейді» депті.

Сосын төртінші әйелін шақырып алып: «Мен 

сені  барлығынан  да  артық  жақсы  көремін. 

Қолымнан келетін барлық жақсылығымды саған 

арнайтынмын.  Бірақ  менің  өмірім  аяқталуда. 

Енді  о  дүниеге  сенімен  бірге  барғым  келеді» 

депті. Сонда сүйіктісі: «Ешқашан сенімен бірге 

барғым  келмейді»  депті  де,  бөлмеден  жүгіре 

басып шыға жөнеліпті. Оның бұл сөзі саудагердің 

жүрегіне пышақ сұққандай әсер етеді.

Кәрі саудагер үшінші әйелін шақырып алып, 

әлгі тілегін айтады. Ол да: «Жоқ, сенімен бірге 

бара  алмаймын.  Қазіргі  өмірім  өзіме  ұнайды. 

Жалпы мен сен өлген соң басқа адаммен тұрмыс 

құрамын»  деп  шығып  кетіпті.  Бұл  суық  сөз 

саудагердің жүрегін мұздай қариды.

Екінші әйелі кіріп келеді. Кәрі саудагер тағы да 

тілегін  айтқанда:  «Адал  некелескен  күйеуімсің 

ғой, бірақ мен осы жолы сенің қайғы-мұңыңмен 

бөлісе  алмаймын.  Сені  тек  соңғы  сапарыңа 

шығарып  салғанша  ғана  бірге  боламын»  деген 

жауап айтады. Бұл жауап бай Саудагердің көңілін 

құлазытқаны  сондай,  өлімге  қарай  біртабан 

жақындата түскендей болады. 

Ең  соңында  бөлмеге  арып-шаршаған,  күш-

қуаты әлдеқашан азайған алғашқы қосағы кіріп 

келіп: «Мен өзіңді ешқашан тастамаймын. Мен 

өмір  бойы  сенімен  бірге  болдым,  өлгенде  де 

бірге боламын» депті. Осы кезде саудагер көзіне 

жас алып: «Мен сені басқалардан артық жақсы 

көріп, сәт сайын қамқорлық жасай алмағаныма 

қатты өкінемін» деп құшақтай алыпты...

Шындығын айтсақ, төрт әйел дегеніміз біздің 

өміріміздің аз ғана бөлшегі болмақ.

-  Төртінші  әйел  –  біздің  денеміз.  Денемізді 

қанша  мәпелеп,  сәндеп,  жақсы  көрсетуге 

тырыссақ  та,  әлдебір  уақыт  болғанда  ол  бізден 

бөлініп, бөлек қалатын болады.

- Үшінші әйел – біздің лауазым. Дүние-мүлік, 

жинаған  байлығымыз.  Бірақ  біз  өлген  соң  ол 

басқа біреудікі болып кетеді.

-  Екінші  әйел  –  біздің  достары-мыз  бен 

отбасымыз.  Бізбен  үнемі  бірге  болса  да,  өлген 

кезімізде қоштасып, шығарып қана сала алады. 

Басқа ештеңе олардың қолынан келмейді. 

Ал алғашқы әйел – біздің бастан кешкен күллі 

өміріміз.  Оның  әрбір  сәті.  Сіз  оның  қадірін 

түсінбейтінсіз,  баға  жетпес  қымбат  екендігін 

ойға  да  алмайтынсыз.  Бірақ  ең  соңғы  сәтте, 

өлгенде  барлық  өміріміз,  сол  жақсы  сәттердің 

бәрі бізбен бірге еріп кетеді, көміледі... 

Дұрыс айтамын ба, әлде...

-  Түнімен  қорылдайтын  күйеуіңе  риза  бол, 

өйткені ол басқа бір жерде, қайдағы бір әйелмен 

бірге емес, Сізбен бірге ұйықтап жатыр емес пе?!

- Тамақ ішкен ыдысын жумай, еркелеп тұрған 

қызыңа  риза  бол,  өйткені  ол  көше  қыдырып 

жүрген жоқ, үйінде отыр емес пе?!

-  Зекет,  пітір-садақа  беріп,  салық  төлеген 

кездеріңізде қуаны-ңыз, өйткені сіздің ақшаңыз 

бар.


-  Киіміңіз  сыймай,  тарылып  қалса,  өзіңізге 

риза  болыңыз,  өйткені  сіздің  жеп-ішетін 

тамағыңыз бар.

- Сыпырып, жуып, тазалауға ерінбеңіз, өйткені 

сіздің үйіңіз бар.

-  Көршіңіз  улап-шулап,  маза  бермей  жатса, 

сабыр сақтаңыз, өйткені сіздің еститін құлағыңыз 

сап-сау екен!

- Күні бойы жұмыс істеп, шаршаған денеңізге 

риза  болыңыз,  өйткені  сіздің  талмай  жұмыс 

істейтін қабілетіңіз қайтпаған.

-  Таң  атпай  безілдеп  шақырған  сағаттың 

қоңырауына  қуаныңыз,  өйткені  сіз  тірі  болған 

соң оянып жатырсыз...



Жаннаттық болу оңай емес

Мен сіздерге есімде қалған бір тәмсіл әңгімені 

айтып берейін.

Ауылда  тұратын  өте  кедей  адам  дүниеден 

өтіпті. Көзін ашса, жұмақ қақпасының алдында 

тұр  екен.  Қараса,  өзінің  алдында  бір  бай  адам 

тұр  екен.  Осы  кезде  Періштелер  келіп,  алтын 

кілтпен  жұмақтың  есігін  ашады.  Алдымен 

әлгі  бай  ішке  кіреді.  Бай  адам  кірген  кезде  ар 

жағынан  әсем  музыка  ойнап,  жұмақтағылар 

оны аса қуанышпен қарсы алып жатқаны естіліп 

тұрыпты.


Сосын есік қайта ашылып, ішке қарай кедей 

адам  аяқ  басады.  Бір  Періште  келіп:  «Төрлет, 

ауылдан  келген  досым!»  деп  күлімсірепті. 

Әлгіндегідей  қуанышты  у-шу  жоқ,  жым-жырт 

екен.  Сонда  кедей:  «Әлгі  қуанышты  дауыстар 

қайда кетті? Неге би билеп, әндетіп мені қарсы 

алмайсыңдар?»  деп  айқайласа  керек.  Онымен 

қоймай:  «Сендер  бай  адам  кіргенде  ән  айтып, 

би билеп қарсы алдыңдар, мен - кедеймін, бірақ 

менің  кедейлігім  фәни  дүниеде  қалды  емес  пе, 

ал  жұмақта  барлығы  да  бірдей  болады  дейтіні 

қайда?» деп өкпелеген екен.

Сонда  періште:  «Иә,  жұмақта  бай  болса  да, 

кедей  болса  да,  барлығына  бірдей  қараймыз, 

бірақ, достым, жұмаққа күніне неше жүз кедей 

келеді, ал бай адамдардың жүз жылда біреуі ғана 

кіреді. Себебі ақша, алтын дегеніміз - аса үлкен 

сынақ, ол емтиханнан өту оңай емес екен ғой» 

деп жауап берген екен.

Бақыт кілті

Атақты  сиқыршы  Харри  Хоудиннің  атын 

естімеген  адам    жоқ  шығар,  сірә.  Ол:  «Тек 

бір  қабат  киіммен  ғана  кіріп,  ешбір  сайман 

қолданбастан,  мықты  түрменің  құлпын  бұзып, 

бір  сағаттың  ішінде  білдірмей  шығып  кете 

аламын»  деп  мақтанады  екен.  Англияның 

кішкентай  аралындағы  бір  кішкене  қаланың 

тұрғындары  оны  шақырып,  сол  айтқан  сөзін 

орындап беруді өтінген екен.

Сонымен  Харри  сонда  барған  кезде  оны 

түрмеге  отырғызып,  есігін  тас  қылып  бекітіпті.  

Қаланың ешбір тұрғыны оны мына қорқынышты 

бөлмеден босап шығады дегенге сенген жоқ.

Ал  сиқыршының  қалтасында  25  см-

лік  жіңішке  темір  бар  екен.  Ол  осы  құпия 

сайманымен  кез  келген  құлыпты  бұза  алушы 

еді.  Сайманына  сенген  Харри  құлыпты  қанша 

шұқыласа да, алғашқы 30 минутта ештеңе жасай 

алмады.  Оның  түрінде  қорқыныш,  сенімсіздік 

біліне  бастайды.  Ал  келесі  30  минут    өткенде 

оның бүкіл денесінен тер аға бастапты.

Екі  сағат  өткен  соң  осымен  бәрі  бітті  деп 

ойлаған  сиқыршы  есікке  арқасымен  сүйеніп 

отыра бергенінде есік өзінен өзі ашылып кетіпті. 

Себебі  ол  есік  құлыпталмаған  еді.  Басында 

құлыпты  шұқыламай,  тура  итерген  болса, 

ашылып  кетер  еді,  бірақ  сиқыршымыз  есік 

құлыптаулы деп толық сенгендіктен, оны итеріп 

көрмеген екен.

Иә,  бақыт  кілті  де  дәл  солай  болады.  Оны 

бекітулі  деп  ойласаң  ешқашан  ашылмайды.  Ал 

ашу үшін аздап итеру керек.

Кешегіден де жылдам жүгір! 

Ала  таңмен  таласа  қазақтың  даласында  бір 

қасқыр  оянады.  Оның  басында  жалғыз-ақ  ой. 

Ең  жүйрік  еліктен  де  жылдам  жүгіру.  Әйтпесе 

аштан өледі.

Орманды  алқапта  бір  елік  оянады.  Еліктің 

басында  да  жалғыз  ғана  ой  бар.  «Ең  жүйрік 

Қасқырдан  да  жылдам  жүгіру,  орғу,  секіру!» 

Өйтпесе қасқырдың тырнағына ілініп, өңешінен 

өтіп кетуі мүмкін...

  Сіз  қасқырсыз  ба,  еліксіз  бе,  бәрібір  таң 

атысымен  жүгіруіңіз,  бәріне  үлгеруіңіз  керек 

екендігін ұмытпаңыз.

Егер сіз қасқыр болып, кешегі күні ең жүйрік 

елікті ұстай алмаған болсаңыз, ал бүгін сол елікті 

ұстап алғыңыз келіп тұрса, бір нәрсені түсініңіз. 

Ол  -  «Ең  шабан  еліктің  өзі  сізден  де  жүйрік 

екендігі!..»

Олай  болса,  бүгін  кешегіден  де  жылдам 

шауып,  сіз  бүгінгі  бәйгенің  жеңімпазы  бола 

аласыз.

Егер сіз елік болып кеше қасқырдың аузынан 



аман қалған болсаңыз, бүгін де оған жем болуды 

тілемесеңіз, онда жылдамдығыңызды кешегіден 

де  арттыру  қажет.  Себебі  бүгін  сіздің  кезегіңіз 

келіп қалуы ықтимал.

Бір  сөзбен  айтқанда,  өмір  жарысында  артта 

қалмаудың жалғыз-ақ жолы бар. Ол - «Кешегіден 

де жылдам жүгіре білу!» Сіз солай ете аласыз ба?

Кім бай?

Бір  бай  адам  баласын  ертіп,  алыстағы 

ауылдарды  аралайды.  Оның  мақсаты  –  алыс-

қиырдағы  ауылдарда  тұратын  адамдардың 

тұрмыс-тіршілігінің  төмен  екендігін,  олардың 

кедей  де  жеткіліксіз  өмір  сүретіндігін  ұлына 

көрсету.  Ауыл  аралап  жүріп,  кеш  болып 

кеткендіктен, өте кедей адамның үйіне қонады. 

Ертеңінде  қаладағы  үйіне  қайтар  жолда  әкесі 

мен  баласының  арасында  төмендегідей  әңгіме 

болған екен:

«Балам, жол жүру саған ұнады ма?»

«Иә, әке, өте ұнады»

«Кедейлік  дегеннің  қандай  екендігін  көрген 

шығарсың?» 

«Көрдім, әке!»

«Олай 

болса, 


бұл 

сапардан 

көрген-

білгендеріңнен қандай қорытынды жасадың?»



«Біздің үйде жалғыз ит бар, оның өзін ұстайтын 

жер жоқ болғандықтан, үйдің ішінде бізбен бірге 

болады.  Ал  ол  үйде  4  ит  бар  екен.  Біздің  үйде 

еркін  жүгіріп  жүре  алмайтын  болсақ,  ол  үйдің 

баласы  екеуіміз  қалағанымызша  шалғында 

аунап,  асыр  салдық.  Біз  саяжайда  құбырдан 

су  алып,  бақшамызды  суаратын  болсақ,  ол 

үйдің  жанында  неше  жүз  шақырымға  жететін 

үлкен  өзен  ағып  жатыр  екен.  Біздің  аулада 

электр жарығы жанып тұратын болса, олардың 

аспанында  ай  мен  жұлдыз  жарқырап  тұр  екен. 

Біздің балкон үйдің бір жақ қабырғасында ғана 

орналасқан  болса,  ол  үйдің  терезесінің  алды 

көкжиекке дейін созылып жатады екен».

Ұлының айтып отырған сөзін таң қала тыңдап 

отырған әкесі ештеңе дей алмады.

Соңында  ұлы  «Үйде  қаншалықты  кедей 

тұратынымызды  көрсетіп  бергеніңіз  үшін,  әке, 

сізге рақмет!» депті.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал