№48(7724) газет 1940 жылғЫ 1 Қыркүйектен шығады


Т. Макин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



жүктеу 453.18 Kb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата09.01.2017
өлшемі453.18 Kb.
1   2   3   4   5

Т. Макин,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.  

Өткен  сенбі-жексенбі  күндері  павлодарлықтар 

тағы  бір  ауқымды  жарыстың  куәсі  болды.  Еркін 

күрестен  КСРО  спорт  шебері,  спорттағы  дарынды 

балаларға  арналған  мамандандырылған  мектеп-

интернатының  жаттықтырушысы  болған  Жұматай 

Кенжеғаливті  еске  алуға  арналған  республикалық 

турнирге кіл мықтылар жиналды.

Осымен  он  екінші  мәрте  жалауын  желбіреткен 

додаға  Қазақстанның  әр  аймағынан,  Қырғызстан  мен 

Тәжікстаннан,  Өзбекстан  мен  Қарақалпақстаннан, 

Ресей  Федерациясының  Кемерово  және  Новосібір 

облыстарынан,  Тыва  Республикасынан  420-ға  жуық 

спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде ел біріншіліктерінің 

жеңімпаздары  мен  жүлдегерлері  бақ  сынағанын  атап 

өткен  жөн.  Спортшылар  13  салмақ  дәрежесінде  сынға 

түсті.


Жұматай  Кенжеғалиев  -  Лебяжі  ауданының 

тумасы.  Еліміздің  еңбек  сіңірген  жаттықтырушысы 

Ораз  Мұхамедәлінов  пен  Нәдір  Әділхановтан 

тәлім  алған.  Еркін  күрестен  ел  біріншілігінің 

жеңімпазы.  Кейіннен  спорттағы  дарынды  балаларға 

арналған  мамандандырылған  мектеп  интернатында 

жаттықтырушы болып жұмыс істеді.

Турнирдің қорытындысы бойынша 35 келіде бақ сынаған 

спортшылар  арасында  талдықорғандық  Ғалымжан 

Жұмақан  жеңіске  жетті.  Бұл  салмақта  өнер  көрсеткен 

павлодарлық Данил Горбулько үшінші орынды иеленді. 

Астаналық Айдар Жылқайдаров 38 келіде алдына қара 

салмаса, павлодарлық Зекен Мұқышев үшінші орынды 

қанағат тұтты. 42 келіде ресейлік Андрей Рязанцев топ 

жарды.  Осы  салмақта  бақ  сынаған  қос  павлодарлық 

Елдос  Сайлаубеков  пен  Қанағат  Ыдырышев  үздік 

үштікті қорытындылады. 46 келіде Павлодар қаласының 

өкілі Мақсат Қадыр жеңімпаз атанды. Ол финалда Качир 

ауданының балуаны Бекзат Қимановтан айласын асырды. 

50  келіде  белдескен  балуандар  арасынан  астаналық 

Абзал Өкеновтің жұлдызы жанды. Ал Павлодар балуаны 

Нұралы Қайырбеков үшінші орынды місе тұтты. Сондай-

ақ,  шығысқазақстандық  Мұхтар  Сейітов  (54  келі)  пен 

Ресей Федерациясы Кемерово облысынан келген Никита 

Миличенков  (58  келі)  өз  салмақтарында  жеңімпаз 

атанды.  58  келіде  белдескен  екібастұздық  Джахар 

Мержуев  те  олжалы  болды.  Ол  қола  жүлдені  мойнына 

ілді.  Тыва  Республикасынан  келген  Сайын  Казырык 

63  келіде  өнер  көрсетіп,  алтыннан  алқа  тағынды.  Ал 

павлодарлық  Дамир  Қамитов  үшінші  орыннан  көрінді. 

Алматы  облысының  өкілі  Шыңғыс  Рысменді  (69  келі), 

теміртаулық Владислав Миколайчук (76 келі), ресейлік 

Владимир  Калашников  (85  келі),  алматылық  Әділбек 

Ботабек (100 келі) және тәжікстандық Сухров Ахмадов 

(120  келі)  -  Ж.Кенжеғалиевті  еске  алуға  арналған 

турнирдің  жеңімпаздары.  Сонымен  қатар,  облыс 

спортшыларынан Сағи Иманәли мен Темірлан Сағитов 

(екеуі  де  Павлодар  қаласы),  Мәди  Аралбаев  (Ертіс 

ауданы) пен Аман Бексұлтан (Ақсу қаласы), Жақсыбай 

Жабибаев  (Екібастұз  қаласы)  жүлдегерлер  қатарынан 

көрінді.

Жарыс  жеңімпаздарына  арнайы  белбеулер  табыс 

етілді.  Сондай-ақ,  жүлдегерлер  медальдармен  және 

бағалы  сыйлықтармен  марапатталды.  Турнир  келесі 

жылы  да  жалғаспақ.  Байрақты  бәсекені  Жұматайдың 

жора-жолдастары ұйымдастырғанын атап өткен дұрыс.



Фархат ӘМІРЕНОВ.

06.12.2014ж.  № 48 /7724/

А ќ ќ у   ‰ н і

5

Аламан

Көкейтесті

Біздің баһадүр

ауыр атлетші Жасұлан Қыдырбаев - 

қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы!

Тәуелсіздік мерекесі және жаңа жыл

Бүгінгі күн ертеңгі  тарих

Жасыратыны  жоқ,  кезінде  Илья  Ильин, 

Зүлфия  Чиншанло,  Майя  Манеза,  Владимир 

Седов  сынды  толағайларымыз  дүние  жүзілік 

додада  топ  жарған  сәттерде:  «Қазақтан  бір 

әлем  чемпионы  шықса  ғой,  шіркін!»,  «Биік 

тұғырда қазақтың бір қара баласы тұрса ғой!» 

деген ойлар шырмап алатын. Иә, ол арман да 

орындалды.  Қарашаның  14-і  -  ел  тарихында 

алтын  әріптермен  жазылған  күн.  Дәл  осы 

күні  Алматыда  өткен  әлем  чемпионатында 

94  келіге  дейінгі  салмақта  өнер  көрсеткен 

Жасұлан Қыдырбаев чемпион атанды.

Шыны керек, есімі ел-жұртқа онша-мұнша 

танымал  емес  атлеттен  ешкім  де  мұндай 

ерлік күткен жоқ еді. Тіпті, оның әу баста бұл 

бәсекеге  қатысушы  спортшылардың  тізімін-

де  болмағанын  да  білеміз.  Тек,  бапкерлер 

соңғы  сәтте  ғана  Рүстем  Сыбаевтың  орнына 

Жасұланды  шығаруға  бел  байлады.  Негізі, 

отандас-тарымыз  дәл  осы  салмақтағы  әлем 

чемпионы  Владимир  Седовқа  сенім  артты. 

Седов  та  сенімді  ақтады.  Алғашқы  жаттығу 

–  жұлқа  көтеруде  Владимир  жеңіске  жетіп, 

кіші алтын медальға ие болды. Ол 188 келілік 

зіл темірді басынан асырып, грек спортшысы 

Акакий  Какиашвилидің  1999  жылы  жасаған 

әлемдік  рекордын  қайталады.  Екінші  орынға 

185 келіні бағындырған Литва атлеті Ауримас 

Дидзбалис  жайғасты.  Ал  үздік  үштікті 

Жасұлан түйіндеді.

Серпе  көтеруде  де  Седов  жеңіске  жетеді 

деп  топшылады  жұртшылық.  Ол  219  келіні 

басынан асырды. Жан күйерлер енді оны ешкім 

де  қуып  жете  алмас  деп  ойлады. 

Ал  Жасұлан  Седов  тан  асып,  әлем 

чемпионы  атануы  үшін  229  келіні 

бағындыруы  тиіс.  Айырмашылық 

-  10  келі.  Былай  қарағанда  10  келі 

дегенің түк те емес секілді. Алайда, 

ауыр  атлетикада  бір  келінің  өзі 

айрықша  маңызға  ие.  Сондықтан 

Жасұлан мұндай ерлікке бара қоймас 

дедік.  Жоқ.  Ол  «не  бел,  не  бел  беу 

кетеді»  деп,  229  келіге  тапсырыс 

берді.  Өзі  де  ер  екен.  Еш  қиындық-

сыз  еңсерді.  Осылайша,  22  жастағы 

Жасұлан  тәжірибелі  қарсыластар-

ын,  жиналған  жанкүйерлерді  қай-

ран қалдырды. Ол – әлем чемпионы.

Қазақтан  шыққан  тұңғыш  чемпион. 

Қуан, қазақ! Мейірлен, Алаш!

94  келіде  өнер  көрсеткен  Жасұлан  мен 

Владимир  бірінші,  екінші  орындарды  өзара 

бөлісті. Литвалық Ауримас Дидзбалис үшінші 

орынды қанағат тұтты.

105  келіде  сынға  түскен  Илья  Ильин 

төртінші  рет  әлем  чемпионы  атанды  әрі 

серпе  көтеруде  әлем  рекордын  жаңартты. 

Илья  халықаралық  аренада  105  келісалмақ 

дәрежесінде  алғаш  рет  өнер  көрсетті. 

Сондықтан  осы  салмақтың  үздіктері  мен  ре-

кордшылары  арасында  топ  жарып,  чемпион 

атану  оңай  болған  жоқ.  Әйтсе  де,  ол  сенімді 

ақтап,  Қазақстан  халқын  қуанышқа  бөледі. 

Сондай-ақ,  қазақтың  шымыр  қызы  Жазира 

Жаппарқұл  әлем  чемпионатының  күміс 

жүлдегері  атанды.  Бұған  дейін  Зүлфия 

Чиншанло  өз  салмағында  жеңімпаз  атанған 

болатын.


Сегіз  күн  бойы  төрткіл  дүние  назарын 

Қазақ  еліне  аударған  әлем  біріншілігінің 

жалпы  командалық  есебінде  Қытай  ауыр 

атлеттері 10 медаль (4 алтын, 1 күміс, 5 қола) 

олжалап,  үздік  шықты.  Солтүстік  Корея 

зілтеміршілері  8  медаль  (4  алтын,  1  күміс, 

3  қола)  жеңіп  алып,  көпшілікті  сүйсіндірді. 

Қазақстан қыз-жігіттері 5 жүлдемен (3 алтын, 

2  күміс)  жалпы  командалық  есепте  үшінші 

орынға  ие  болды.  Саф  алтынды  Зүлфия 

Чиншанло (53 келі), Жасұлан Қыдырбаев (94 

келі) және Илья Ильин (105 келі) өңірлерінде 

жарқыратса,  Жазира  Жаппарқұл  (69  келі) 

мен Владимир Седов (94 келі) күміс медаль 

еншілеп, қазақстандықтарды қуантты.

Осылайша,  алтынның  көбін  Азияның  үш 

мемлекеті  өзара  бөлісіп  алды.  Қалған  төрт 

алтынның екеуін әлем чемпионатының соңғы 

күнінде Ресей спортшылары олжаласа, Иран 

мен Албания ерлер арасындағы сайыста бір-

бір алтыннан еншіледі. Әлем чемпионатына 

72  елден  538  спортшы  қатысып,  15  медаль 

жиынтығын  сарапқа  салды.  Осы  72  елден 

15  мемлекеттің  спортшылары  медальға  ие 

болса, 57-сі отандарына медальсыз қайтты.

2015  жылғы  әлем  чемпионаты  АҚШ-тың 

Хьюстон қаласында өтеді.

Бұл  –  көптен  бері  жаза-жаза  жауыр  болған 

тақырыптың  бірі.  Жыл  сайынғы  үрдіс  бойынша 

қарашаның  ортасынан  бастап  қаңтар  айының 

ортасына  дейін  әрқаланың  қақ  ортасында 

орнатылған  алып  шыршадан  көз  алмай  «қор 

болған  қайран  Тәуелсіздік...»  деп  налып 

жүретініміз  өкінішті.  Жүзімізден  жаңа  жылдық 

көңіл-күй  байқалмайды...  Тек  қана  өкініш 

өзегімізді  өртейді...  Мұндай  сорақылықтардың 

алдын алатын азаматтар қайда деп мұңаясың...

Tәуелсіздік  -  қасиетті  ұғым.          Мұны 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  халыққа  Жол-

дауында:  «Өткен  тарихымызға  тағзым  да, 

бүгінгі  бақытымызға  мақтаныш  та,  гүлденген 

келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті 

ұғымға  сыйып  тұр.  Отанды  сүю  –  бабалардан 

мирас  болған  ұлы  мұраны  қадірлеу,  оны  көздің 

қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту 

және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау деген 

сөз.  Барша  қазақстандықтардың  жұмысының 

түпкі  мәні  –  осы!»  -  деген  еді.  Елбасының  бұл 

сөзі  шын  мәнінде,  Тәуелсіздіктің  қасиетін  айқын 

аңғартып тұр емес пе?!

Біздің қазақ бір әдетті бойына сіңіріп алса, одан 

қайтып құтылуы екіталай. Мысалға, шырша қою 

дәстүрі. Атқамінерлер Президент, әкім шыршасы 

деп, жыл сайын желтоқсан айы басталмай жатып 

әбігерленеді  және  ол  нағыз  бәсекеге  айналған. 

«Кімнің  шыршасы  биік  болады  екен?»  -  деп, 

әкімдер өзара жарысқа түседі. Бәсекенің қызығы-

на  түскені  соншалықты  —  Қазақстанның  ең 

ұлық Тәуелсіздік мерекесін ұмыт қалдырады. Бұл 

енді  турасын  айтар  болсақ,  қазақ  елінің  Тәуелсіз 

мемлекет  екендігін  мойындағысы  келмейтін 

адамдардың  арнайы  жасайтын  акциясы  деуге 

болады.  Бұл  арға  салсаң,  желтоқсанның  16-сы 

мен  17-сін  күнтізбеден  мүлдем  алып  тастағысы-

ақ  келеді.  Сол  үшін  де  Тәуелсіздік  мерекесінің 

берекесін кетіріп жүр.

Түсіне 

білген 


адамға 

тарихымыз 

бен 

дәстүрімізге  ешқандай  қатысы  жоқ  Жаңа  жыл 



мерекесі мен ғасырлар бойғы арманымыз болған 

Тәуелсіздіктің  арасын  салыстыруға  мүлдем 

келмейді. Ал бүгінгі күні Тәуелсіздік мерекесінің 

Жаңа  жылдың  көлеңкесінде  қалып  қойғаны 

алаңдатады.  Анығын  айтар  болсақ,  жаңа  жылға 

дейін  белгіленуі  тиіс  Тұңғыш  Президент  күні 

мен Тәуелсіздік күні тәрізді ұлттық мерекелердің 

сол  бір  далбаса  даңғырақтардың  көлеңкесінен 

шыға алмай келе жатқаны қынжылтады. Әкімдер 

орталық  алаңға  шырша  орнатып,  шеткі  жағына 

елеусіздеу етіп «Тәуелсіздік күні құтты болсын!» 

деп жазумен құтылғанды жөн көреді.  

Пасханы  бүкіл  халық  болып  тойлап  жатқан 

арабты не түрікті, я болмаса Наурызды жалпы ұлт 

болып тойлап жатқан немісті не орысты елестетіп 

көріңіздерші. Өте күлкілі жағдай.  Шын мәнінде 

қарапайым  халық  христиандардың  мерекесін 

тойлаймыз  деп  ормандағы  жасыл  шыршаларды 

аяусыз  кесіп,  табиғатқа  қиянат  жасап  жатқанын 

да біле бермейді. Ал ата-бабаларымыз жыл басы 

Наурызда жас көшеттер отырғызып, көрегенділік 

жасаған емес пе?

Біз  тойлап  жүрген  Жаңа  жыл  мейрамы  — 

Христиан  дінінен  енген  мереке  екендігі  белгілі. 

Оның  үстіне,  бұл  мерекеде  Аязатадан  сыйлық 

күту,  одан  тілек  тілеу  сияқты  әрекеттер  Аллаға 

серік  қосу  әрекетіне  жақын  келіп  қалады. 

Мұсылмандар  үшін  Жаңа  жыл  Хижра  жыл 

санауының  басталуымен  есептеледі.  Ал  қазақ 

халқы  және  Шығыс  халықтары  ежелден  Жаңа 

жылды  көктемнің  алғашқы  айында  тойлаған. 

Себебі  осы  кезде  күн  мен  түн  теңесіп,  табиғат 

жаңарып, Самарқанның көк тасы ериді. Өкінішке 

қарай, бұл үрдісімізден отарлаушы Ақ патша ен-

гізген христиандық Жаңа жыл мерекесінен кейін 

қол  үзіп  қалған  болатынбыз.  Міне,  Тәуелсіздікке 

қол жеткізіп өшкенімізді қайта жаңғырттық, тәуба 

делік.  Десе  де,  бүгіндері  Тәуелсіздік  тойы  мен 

Наурыз меркесіне қарағанда Жаңа жылға көбірек 

көңіл бөлеміз.

Бұл  –  халқымыздың  ұлттық  құндылықтарын 

мойындағысы  келмейтін  солқылдақ  саясаттың 

солақай  ықпалы  мен  ұлтқа  дір  тұтатын  қасиетті 

ұғымдардан  қашқақтап,  оны  мойындағысы 

келмейтіндердің  әрекеті  дер  едім.  Шырша  - 

тек  тілге  тиек  етілген,  көпшілікті  мезі  қылған 

көп  тақырыптың  бірі.  Оның  астарында  «қазақ 

мемлекеті  қазақы,  ұлттық  құндылықтарға  көшіп, 

көпшіліктің сөзін қашан сөйлейді?» деген қыжыл, 

реніш,  түсінбеушілік  жатыр.  Бұл,  ең  алдымен, 

келешек  ұрпақтың  бойында  патриоттық  сезімнің 

қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Шын мәнінде, 

Тәуелсіздік мерекесі өткеннен кейін де Жаңа жыл-

ға  дейін  бақандай  он  шақты  күн  бар.  Дайындық 

жасаймын деген адамға бұл аз уақыт емес.

Негізінен  жаңа  жыл  мерекесі  үшін  соншалық-

ты  шабылмасақ  та,  ол  өз  уақытында  келеді, 

өз  деңгейінде  мерекеленеді.  Бірақ  Тәуелсіздік 

мейрамымен  салыстыруға  келмейді.  Апталап, 

айлап  шашылып,  барымызды  салып  әспеттеудің 

қажеті жоқ. Керісінше, сол күшімізді Тәуелсіздік 

күніне  жұмсағанымыз  абзал.  Өйткені  өзіміздің 

ұлттық  мерекемізді  өз  елімізде  жоғары  деңгейде 

ұлықтай алмауымыз - елдігімізге сын. 

Ал  жаңа  жылдық  шыршаны  Тәуелсіздік  күні 

өткен  соң  да  жағуға  болады!  Сондықтан  сөз  

соңында еліміздің бас мерекесі болған - Тәуелсіздік 

күні өтпей жатып, жаңа жылға қатысты шаралар-

ды қолға алмай тоқтата тұрса деген ұсынысым бар.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.

Биыл  елімізде  үшінші  жыл  қа-

тарынан  Қазақстан  Республикасы 

Тұңғыш  Президентінің  күні  аталып 

өтуде.  Күнтізбеден  айырықша  орын 

алаған  бұл  күн  –  әрбір  қазақстандық 

үшін орны бөлек  мереке.

Осы  мерекеге  орай  аудандық  ор-

талықтандырылған 

кітапханада 

«Президент  күні  –  халық  күні» 

атты  тәрбие  сағаты  өткізілді.  Іс 

– 

шараны 


аудандық 

кітапхана 

оқу 

залының 


кітапханашысы 

Қ.Тасымова 

ұйымдастырды. 

Ша-


раға  Лебяжі  орта  мектебінің  9  «а» 

сынып  оқушылары  және  де  сынып 

жетекшісі 

Г.Омашева 

қатысты. 

Шара 


барысында 

кітапханашы 

Қ.Тасымова  Елбасының  өмірбаянын, 

қызмет  жолын,  өмірлік  ұстамдарын 

насихаттап  берді.  Сондай  –  ақ  оқу-

шылардың  назарына  «Елбасының 

өмір    жолы»  атты  слайд  шолу  көр-

сетті.  «Ел  бағына  туған  Елбасы  »  атты  кітап  көрмесіне  библиографиялық 

шолу  жасады.  Кітапханашы  М.Амренова  оқушылардың  біліктілігін  артты-

ру үшін викториналық сұрақтар қойды. 9 сынып оқушылары Ә.Рамазан мен 

А.Тлеужан  өз  білімдерін  көрсеттіп,  сұрақтарға  белсенді  жауап  беріп,  өз 

ойларын ортаға салды.

Келешек  ұрпақ  біздің    әр  басқан  қадамыздан,  қолға  алған,  тыңдырған 

ісімізден үлгі алатын болады. Сондықтан, Елбасы секілді кемеңгер тұлғаның 

өмірбаянын насихаттау біздің парызымыз.

А.Канафина,

библиограф.


06.12.2014ж.  № 48 /7724/

А ќ ќ у   ‰ н і

Осы  жылдың  мамыр  айында  Қазақстан-

ның  Индонезиядағы  мәдениет  күндеріне 

қатысып  қайттым.  Мені  ертеден  Азияның 

Оңтүстік-Шығыс аймағы қызықтырып жүруші 

еді.  Тайвань,  Малайзия,  Қытайдың  Шығыс 

өлкесінде  болдым,  бірақ  Индонезияға 

сапардың  сәті  түспеп  еді.  Бұл  ел  туралы 

білімім  отбасынан  басталған.  Атам  Есім: 

«Сукарно  деген  басшы  бар  мемлекетте 

сонау  заманда  Адамата  мен  Хауаана 

жұмақтан  сол  жерге  түскен,  іздері  бар», 

дейтін.  Джакарта  қаласындағы  мұражайда 

осы  аңызды  бізге  мұражай  қызметкері 

баяндап  беріп,  Адаматаның  тасқа  түскен 

«ізін»  көрсетті.  Индонезия  сол,  атам  ертегі 

етіп  айтатын  –  ел.  Ертегі  десе  ертегі-ақ  ел 

екен.

* * *

Индонезия  әлемдегі  мұсылмандары  ең 

көп мемлекет, 250 миллиондай халықтың 88 

пайызынан астам мұсылман-сүниттер. Атам 

сірә,  индонезиялықтардың  мұсылмандығы-

на  іш  тартса  керек.  Есейе  келе  білгенім, 

Сукарно  Индонезияның  бірінші,  Сухарто 

екінші 


президенті. 

Студент 


кезімде 

«Индонезияда  «30  қыркүйек»  деген  ұйым 

төңкеріс жасамақ болып, соның нәтижесінде 

өкімет  миллионға  жуық  коммунистерді 

қырып салыпты», деген суыт хабар естігем. 

Төңкерісті  жасамақ  болған  коммунистер 

болса  керек.  Индонезияның  коммунистік 

партиясы Қытайдың, Солтүстік Вьетнамның, 

КСРО-ның  ықпалы  арқылы  құрылып,  күш 

алған.  Коммунистердің  мақсаты  –  Индо-

незияда  социализм  орнату.  Индонезия 

халық  саны  жағынан  дүниежүзінде  төртінші 

орынды  алады  және  оның  дені  мұсылман, 

демек,  осындай  елге  социализмді  орнатып, 

«социалистік  лагерьді»  нығайту  коммунис-

тер үшін идеологиялық қажеттілік болған.

Коммунистік  идея,  әсіресе,  социализм 

қоғам  өміріндегі  кептеліс.  Коммунизм 

деген  дерт  Индонезияны  да  шарпыды. 

Елдің  тұңғыш  президенті  Сукарно  Батыс 

елдерінен  қол  үзіп,  көрші  Малайзиямен  де 

араз болды, Қытай, КСРО-мен жақындасып, 

коммунистерге  арқа  сүйей  бастады.  Бұл 

саясатты қолдамайтын ислам қауымы, елдің 

ірі  байлары  және  әскерилер  Сукарноның 

жүргізген  саясатына  наразылық  білдірді. 

1965  жылдың  «30  қыркүйегіндегі»  оқиға 

отқа май құйды. Мемлекеттік төңкеріс жасау 

мақсатында  коммунистер  қарулы  көтеріліс 

жасады.  Оны  генерал-майор  Сухарто 

тиімді  пайдаланып,  коммунистік  партияның 

тас-талқанын  шығарды.  Компартияға  заң 

жүзінде  тыйым  салынды.  Батыс  елдерімен, 

көршілес 

Малайзиямен 

қарым-қатынас 

орныға 

бастады. 



Индонезия 

Біріккен 

Ұлттар  Ұйымына  мүше  болды.  Социализм 

кептелісінен  Индонезия  осылайша  аман 

қалған.  Егерде  Индонезияда  социализм 

орнаған  болса  олардың  қазіргі  жағдайы 

бізден  де  төмен  болар  ма  еді  деген  ойға 

келемін.


Карл  Маркс,  Владимир  Ленин  ілімін 

білмеген, 

социализмге 

ұрынбаған 

елдердің  бәрі  алда,  олардың  «бұғауында» 

болғандардың  жағдайлары  төмен,  соның 

бірі  біз.  Индонезияны  «3  мың  аралдың 

елі»  деп  те  атайды.  Негізгі  өнімі  (ІЖӨ) 

бойынша әлем елдерінің ішінен 16-орында. 

Сарапшылардың  айтуынша  2030  жылғы 

ішкі  өнімі  1,8  млн.  болып  7  орынға 

көтеріліп,  Германия,  Британия  елдерінің 

алдына  шықпақ.  Бұл  ел  голландықтар 

мен  ағылшындардың  қоластында  болған. 

Индонезия  тәуелсіздікті  осылардан  арылып 

барып  алды,  мүмкін  елдің  экономикасы 

қарқын¬ды болуы да сол жағдайға қатысты 

ма екен?


Индонезияның  астанасы  Джакартада  18 

миллионға  жуық  халық  тұрады,  Қазақстан 

халқынан  бір  миллионға  артық.  Қала 

аралап келе жатқанда, біздің жолбасшымыз 

Абдулла  деген  индонезиялық  жігіт:  «ой, 

трафик» – деумен болды. Traffic (ағылш.) – 

кептеліс. Сондағы олардың жол кептелісі 10-

15 минуттық. Ал, Алматы, Санкт-Петербург, 

Мәскеу 

көшелеріндегі 



кептеліс 

нағыз 


трафиктің өзі. Қалада метро жоқ, оның үстіне 

сырттан  күніне  5  миллион  адам  келіп-кетіп 

жатады делік, мен тап болған кептеліс 10-15 

минут шамасында.

«Сонда  Джакарта  көшелерінің  сыры 

неде?»  –  деген  сұрақ  мені  мазалаумен 

болды.  Анығында  Индонезия  суда  тұр, 

халықтың 

түсінігінде 

де, 


әдебиетінде 

де,  өнерінде  де  су  ерекше  орын  алады. 

Айта  кететін  жағдай,  бізше  су,  Индонезия 

тілінде  су  деген  «жақсы»,  «керемет»  деген 

мағынаны білдіреді. Мысалы, Сукарно деген 

атта бір ерекшелік бар, Карно деген мифтік 

батыр  екен.  Сукарно  балалық  шағында 

әлсіз,  аурушаң  болған  соң,  оған  Карно 

деп  батырдың  есімін  қойған,  белгілі  қоғам 

қайраткері болған кезде Су дегенді жалғаған. 

Қазақта да жақсы, жаңа нәрсені «су жаңа», 

«судай» демейміз бе?



***

Су  философиясымен  өмір  сүретіндер 

–  индонезиялықтар,  оны  ескермейтін  – 

біздерміз, жоқ жерден кептелісті қолдан жа-

сап аламыз. Су деген саға іздейді ғой, біздің 

көшелерде  саға  деген  жоқ,  тек  қиылыстар 

ғана бар, осы орайда есіме, Париж көшелері 

түсіп отыр, қаланың орталық көшелері саға-

саға, еш кептеліс жоқ.

Архитекторлар 

ең 

алдымен 


су 

философиясын  меңгерулері  қажет  пе 

деп  ойлаймын.  Барып  келу  –  кептеліс.  Су 

философиясы  –  «келу  кету»,  яғни,  келесің, 

еш  қиналыссыз  саға-сағамен  кете  бересің. 

Су  деген  айналыс.  Ол  планетаны  айнала 

бергенде  —  мұхит,  теңіз,  көл,  өзен,  бұлақ, 

жаңбыр  болып,  үш  күйде:  мұз,  су  және  бу 

түрлерінде  «өмір  сүреді».  Айналым,  бұл  – 

әлем  заңы.  Галактика  осындай  айналыста, 

абсолютті түзу жоқ.

Ғалымдар судың жады бар деп дәлелдеуге, 

адамның миының 80 пайызы судан тұрады 

екен. Қазақ кейбір сөз ұқпайтындарға қарата 

«мынаның миы кеуіп қалған» – деуі тегін емес. 

Су – ақпарат каналы, ойлаймын, келешектің 

биофизик 

мамандары 

технологтармен 

бірлесіп қазіргі қолданып жүрген ақпараттық 

құралдарды (қалта телефон, компьютерлерді 

тағы  басқаларды)  судан  жасап,  олардың 

ақпараттық  мүмкіндіктерін  кеңейтіп,  әрі 

экология  жағынан  таза  болатын  жаңа 

құралдар туғызатындарына кәміл сенемін.

Қазақ  «судың  да  сұрауы  бар»  дейді.  Бұл 

коррупциялық  әрекеттерге  қарсы  айтылған 

даналық,  яғни  әркім  судай  таза  болса  – 

адамшылық,  ізгілік  үстем  болатын  дәуір 

болмақ.


***

Су мінезі – жел. Су жел арқылы неше түрлі 

құбылысқа  түседі:  тайфун,  шторм,  циклон, 

цунами,  т.б.  болып.  Индонезиялықтар 

аралдарда  тұратындықтан  су  мен  жел 

стихиясына әбден қалыптасқан.

Елде  300-дей  вулкан  бар,  оның  200-

дейі оянған, «жұмыс» істеп тұр, қалған жүзі 

«ұйқыда». Вулкан дегеніміз – от. Индонезия 

су,  жел,  от  —  үш  стихия  құшағында. 

Жер  сілкінісі  әдеттегі  жағдай,  әсіресе, 

Суматра,  Ява  аралдарында  жер  сілкінісі 

жиі  болып  тұрады.  Табиғаты  ерекше  елдің 

азаматтарына сауал қойдым:

–  Мыңдаған  аралдардың  тұрғындарын 

қалай  топтастырып  бір  мемлекет  болып 

отырсыздар?  –  дедім.  Олардың  айтуынша 

соншама жұртты бір ел етіп біріктіріп тұрған 

сауда  мен  дін.  Сауда,  дінмен  қатар  ортақ 

тіл  жүрген.  Мемлекет  тілі  –  индонезиялық 

тіл,  оны  заманында  президент  Сукарно 

бірыңғай  білім  беру  жүйесіне  айналдырған, 

негізгі  диалекті  –  малай  тілі.  Бұл  тілді 

малайзиялықтар, 

филиппиндіктер, 

син-


гапурлықтар  да  түсіне  алады,  индонезия-

лық тілдің өрісі 300 миллионға дейін жетеді-

ау  деймін.  Елде  140-тай  этнос  өкілдері 

тұрады,  барлығын  топтастырып  тұрған  осы 

индонезиялық тіл және дін.

Индонезия  тілі  бұл  елде  –  дін  тілі. 

Ғұрыптардың 

барлығы 


осы 

тілде 


өтетін  көрінеді.  Халықтың  дені  –  ислам 

болғандықтан,  қалғаны  еріксіз  осы  тілді 

қабылдауға  мәжбүр.  Ойға  қалдым:  бізде 

тіл мен дін байланыспай тұр, дін бір жақта, 

тіл  бір  жақта,  ал  бұлар  тіл  мен  дінді  қалай 

үйлестірген  тегі,  бұл  мәселені  арнайы 

зерттеу қажет шығар.


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 453.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет