№48(7724) газет 1940 жылғЫ 1 Қыркүйектен шығады


Айсұлу Қайроллақызы Бижанова (Сарбасова)



жүктеу 453.18 Kb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата09.01.2017
өлшемі453.18 Kb.
1   2   3   4   5

Айсұлу Қайроллақызы Бижанова (Сарбасова).

Әкемнің  әскер қатарында  жүрген кезіндегі сүретің  

Қайдаров Шарип аға берді. Мен жұмыс бабымен  

Екібастұз қаласына барғанымда, ол  кісімен кездестім. 

Шарип аға әкем туралы естелік айтып,  сүретін  сыйлады.

Онда «Туысым Шарипке ескерткіш ретінде осы 

жалғыз тұскен суретімді салып отырмын» делінген.                     

(ст Пери. 10. Х-58ж және өзінің қолын қойған).



06.12.2014ж.  № 48 /7724/

А ќ ќ у   ‰ н і

3

Сұхбат

«Төл өнерді төрде ұстау арманым...»

Қазақтың  бағына  берген  асыл  қазынасы 

дәстүрлі  өнеріміз.  Соның  ішінде  дәстүрлі 

ән  ұлтымыздың  бекзат  болмысы,  жүрек 

сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын 

шертер  сезімі,  мұң  шері,  қызық  қуанышы. 

Осындай  қасиетті  дәстүрлі  ән  құдіретін  

дәріптеу  жолында  жүрген  жастарымыз 

бүгінде, 

«шүкір» 

дейміз 

баршылық. 

Бұған  дәлел  болып  өткен  «Ғасырлар 

сарыны»  атты  облыстық  дәстүрлі  өнер 

байқауында  шеберліктерімен  сынға  түскен 

жас 

дарындардың 

таланттарымен 

таңдай  қақтырғаны.  Аталмыш  дүбірлі 

додада  ауданымыздың  намысын  қорғаған 

жерлесіміз,  жас  әнші  Есім  Бейбітханұлын 

әңгімеге тартқан едік.

-Есенсізбе  Есім?,  Байқауда  бағындырған 

белесіңіз  құтты  болсын!  Негізі  қай  өңірдің 

тумасысыз?

Көп рахмет. Мен Шығыс Қазақстан облысы 

Ұлан ауданында дүниеге келдім. Бірақ, өсіп, ер 

жеткен өңірім Павлодар облысы Аққу ауылы. 



-Жақында  дәстүрлі  әншілер,  жыр 

термешілер  мен  күйшілердің  басын  бір 

арнаға  тоғыстырған  «Ғасырлар  сарыны» 

атты  облыстық  байқауда  топ  жардыңыз. 

Осы жайында аз- кем тоқталып өтсеңіз?

Жыл  сайын  өтетін  дәстүрлі  өнерімізді 

дәріптеуге  арналған  бұл  сайыс  үстіміздегі 

жылдың қараша айының он төртінші жұлдызы 

күні Екібастұз қаласында өтті. Додада 30 –дан 

астам  өнерпаз  бақ  сынасты.  Соның  ішінде 

дәстүрлі  ән  орындау  өнері  бойынша  сынға 

түскен қатысушылардың ішінен екінші орынға 

табан тіредім. Қазақ ежелден дәстүрлі әндерге 

бай,  оны  нақышына  келтіре  орындайтын 

таланттарға  кенде  болмаған  халық.  Суырып 

салма ақындар мен жыршы-термешілер халық 

әндерінің негізін сақтап, ғасырлар қойнауынан  

тамыры үзілмей жалғасып келе жатқан ұлттық 

құндылығымыз.  Жобаның негізгі мақсаты да 

осы  және  өте  жоғары  деңгейде  өрбіді.  Мені 

қуантқаны асыл мұрамызды ұмыт қалдырмай, 

ұрпақтан ұрпаққа қалдыру жолында сайыстың 

жыл  сайын  өтетіні.  Осындай  игілікті  істерді 

ұйымдастыршыларға  деген  зор  ілтипатымды 

білдіргім келеді.

Қанша жасыңыздан бастап киелі өнердің 

тұтқасын ұстадыңыз?

Бала  кезімнен  бастап  ән  айтып,  домбырада 

ойнай  білетінмін.  Мектеп  қабырғасында 

жүрген кездерде де белсенді болдық. Аудандық, 

облыстық  деңгейде  өтетін  айтыстар  мен 

дәстүрлі әндер байқауларына қатысып, жүлделі 

орындарға ие болып жүрдім. Сол кездерде мені 

шабыттандырып,  демеушім  болып  отырған 

алғашқы ұстазым Асығат Тұрғанбек ағамызға 

алғысым шексіз.



Есім 

Бейбітханұлы, 

бүгінгі 

күні 

жастардың  көбі  эстрадаға  кетіп  жатқанда 

дәстүрлі әнді неге таңдадыңыз?

-  Заманның  талабына  сай  көп  жастар  қазір 

эстрадаға  кетіп  жатыр.  Эстрада  мен  халық 

әнінің  арасы  екі  бөлек  дүние.  Менің  қаным 

қазақ  болған  соң,  жаным  мен  жүрегім  осы 

дәстүрлі  әнге  қарай  бет  бұрды.  Қазақтың 

ұлттық  өнерін  өте  жақсы  бағалаймын  және 

бәрінен  де  биік  қоямын.  Кішкентай  кезімде 

домбырамен ән айтқан кісілерге қарап отырып, 

соларға қызығатынмын. Мен де осындай әнші 

болсам  деген  ой  болатын.  Ол  менің  балалық 

арманым еді, кейіннен өмірімнің бір бөлшегіне 

айналып кетті.

Түсінікті,  демек  сізді  тұма  дарын  иесі 

десек те болады ғой. Келесі сұрағым бүгінге 

дейін қандай биіктерді бағындырдыңыз?

Орта  мектепті  тәмамдағаннан  кейін  Семей 

қалалық  Мұқан  Төлебаев  атындағы  саз 

колледжінде  талабымды  шыңдап,  көптеген 

тәлімді  ұстаздардан  сабақ  алдым.  Шыңдалу 

барысында  бірқатар  байқауларға  қатыстық. 

Соның  ішінде    2013  жылы  Республикалық 

дәстүрлі  әншілер  олимпиадасының  лауреаты 

атандым,  Шығыс  Қазақстан  облыстық 

Әміре 


Қашаубаев 

атындағы 

дәстүрлі 

әншілер  байқауының  дипломанты  болдым. 

Бүгінде  белгілі  әнші,  композитор,  Қазақстан 

Республикасының Мәдениет қайраткері, «Сәби 

болғым  келеді»,  «Дариға  домбырамды  берші 

маған»  және  тағыда  басқа  әндердің  авторы 

Тұрсынғазы Рахимовтың шәкіртімін. 

Қазіргі  таңда  ән  қоржыныңзда  қанша 

дәстүрлі ән бар?

70  –  ке  жуық  дәстүрлі  әнді  шырқаймын. 

Барлық  өңірдің  әндерін  орындаймын.  Бірақ,  

ұстазым  Арқа  мектебінен  болғандықтан 

әндерімнің  көбісі  Арқанікі.  Ән  қоржынымды 

толықтыру  үстіндемін.  Қазақтың  көзге 

көрінбей,  мұрағаттарда  шаң  басып  жатқан 

дәстүрлі  әндері  қаншама,  алдағы  уақыттарда 

сол  әндерді  тыңдарман  қауымға  қайта 

қауыштыратын  боламын.  Барлығы  Алла 

еншісінде, бұйыртса.

Уақыт  керуені  тоқтаусыз  жылжып 

барады. Күн артынан күн өтіп, ай артынан 

ай өтіп әлем жаңару мен жаңғыру үстінде. Сіз 

сияқты жас дарын иелері қалаға бет бұрып 

жатқанда, не себепті ауылды  таңдадыңыз?

Сұрағыңыз  өте  орынды.  Әрине,  өз  білімін 

консерваторияда  жалғауды  кім  армандамайды 

дейсіз. Бірақ мен осы жерде өстім. Өз жеріме 

еңбек  етіп,  кішкентай  өнерпаздарға  киелі 

өнердің құдіретін түсіндіріп, асыл қазынамызды 

дәрітеп  үйреткім  келді.Сондықтан  оқуымды 

бітіріп,  аудандық  мәдениет  үйіне  қызметке 

тұрдым.  Қазір  шағын  үйірмем  бар. 

Оқушыларыма  бар  ынта  жігеріммен  өзімнің 

барлық білгенімді үйретуге тырысудамын.

Бәрекелді,  Міне,  сіздер  сияқты  ұлты 

мен  дәстүрін  қадірлей  білетін  жалындаған 

жастар  тұрғанда  асыл  мұраларымыз  еш 

уақытта өшпесі хақ. Керісінше қайнап, одан 

сайын күшейе түседі. 

Есім,  сіздің  ел  игілі  жолындағы  игі 

істеріңізге  тек  қана  толағай  табыстар 

тілейміз.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан өз тілшіміз.

Мектеп өмірі

Білім ұясындағы  қызықты шаралар

Адам өміріндегі ең бір тәтті, алаңсыз бақытты 

шағы - балалық шағы. Әр адамның балалық шақ 

кезінің  көп  бөлігі  мектеп  қабырғасында  өтеді. 

Балалардың  балалық  шақтары  мәңгі  естерінде 

сақталып, сол мезгілдің жақсы бір елесі есте қалу 

үшін отбасы мен мектептің алатын орны ерекше.                                    

Тәрбиелі  отбасынан  тәрбиелі  ұрпақ  тарайды. 

Бірақ отбасындағы тәрбиені біліммен ұштастыра 

отырып,  әрі  қарай  жалғастырушы  -  мектеп.  Сол 

себепті біздің мектебімізде ай сайын айлық жоспар 

құрылып,  әртүрлі  іс-шаралар  іске  асырылады. 

Осыған орай қараша айы басталысымен салауатты 

өмір салтын насихаттау мақсатымен мектебіміздің 

әкімшілігі  бастап,  дене  шынықтыру  пәнінің 

мұғалімі  Т.У  Магзумовтың  жоспарлауымен 

"Денсаулық  күні"  өткізілді.  Бұл  күні  балаларды 

таза ауаға серуенге шығарып, қозғалмалы ойындар 

ойнатып қайттық. "Денсаулық күні" мектебімізде 

тоқсанына бір рет өткізу жоспарланған. 

  Кезегі  келген  күзгі  демалыста  да  балалар 

бос  жатқан  жоқ.  Баланың  бос  уақытын 

тиімді  пайдалану  мақсатымен  тәрбие  ісінің 

ұйымдастырушысы  М.Н  Темиргалиева  сынып 

жетекшілермен  ақылдаса  отыра,  балалардың 

қызығушылықтарын  ескеріп,  демалысқа  өте 

қызықты  жоспар  құрды.  Бастауыш  сынып 

оқушылары  үнемі  кітапханамен  байланыста 

болды. Сонымен қатар күніне бір жарым сағаттай 

уақыттарын спортзалда қозғалмалы ойындардың 

түр-түрін ойнаумен өткізді. 

 Әртүрлі үйірмелер де жұмыстарын үзген жоқ. 

Соның бірі - бастауыш сыныптар оқушыларының 

қатысуымен өтетін "Сезам" қуыршақ театрының 

жұмысын атап өтуге болады. Өткен оқу жылының 

соңында  "Дос  іздеген  бота"  ертегісін  нақышына 

келтіріп  орындаған  бүлдіршіндер  осы  жолы 

"Жыл  басына  таласқан  хайуанаттар"  ертегісін 

көрсетіп,  көрермендерді  қуанышқа  бөледі. 

Қуыршақтарды  қолдан  тігіп,  балалардың  ойнау 

шеберлігін  шыңдауда  бастауыш  сынып  мұғалімі 

Р.Д Агинбаеваның еңбегі зор.

Орта  және  жоғарғы  буын  оқушылары  да 

үйірмелері  мен  секцияларын  босатқан  жоқ. 

Аудандық  пән  олимпиадалары  мен  алдағы 

уақытта  өтетін  оқуларға  дайындық  жұмыстары 

да  жалғасуда.  Нәтижесінде  аудандық  пән 

олимпиадасында  тарих  пәні  бойынша  6-  сынып 

оқушысы  Батталова  Құралай  мен  7-  сынып 

оқушысы  Болат  Айнаш,  информатика  пәнінен 

6-сынып оқушысы Ермуханов Ерназар  ІІІ  жүлделі 

орындардан көрінді. Ай бойы сыныптарда сынып 

жетекшілер  тарапынан  "Біз  экономика  жайлы 

не  білеміз?",  "Никотин  және  біз"  атты  сынып 

сағаттары  пікірталас,  дөңгелек  үстел  ретінде 

өткізілді.  Сыныптарда  сынып  жиналыстары 

өтіліп,  ана-аналар  І  тоқсан  қорытындысымен 

таныстырылды.

Мектеп ережесіне сәйкес әр сыныптар тарапынан 

кезекшіліктер қызықты ұйымдастырылуда. Үлкен 

үзілістерде қызықты ойындар өткізілуде. 

Осы  айда  "Зорлық  -  зомбылықсыз  өмір"  және 

АҚТБ/ ЖҚТБ - ға қатысты мектебіміздің психологі 

С.Р  Мазанова  "Пирамида",  "Батпақ",  "Мен  ең 

жақсымын"  атты  тренингтер  мен  сауалнамалар 

жүргізіп, аталған дерттерден сақтануға шақырды.  

Әрқашан  қоғамымызда  саналы,  тәрбиелі 

азаматтар  көп  болсын  десек,  әр  отбасымен 

байланыста  болып,  бірлесе  отыра,  жоспарлы 

жұмыс  атқарсақ,  нұр  үстіне  нұр  болар  еді. 

Мектеп пен отбасында сапалы білім мен саналы 

тәрбие  алған  ұрпақ  болашақта  мемлекетімізді 

гүлдендіреді деген сенімдеміз.

Айжан  Иманова,

Қызылқоғам ауылы.

Қаһарман Рахымжан 

Қошқарбаев - 90 жаста

2015  жылы  біздің  еліміз,  басқа  да  кеңес 

кезіндегі  елдер  сияқты  Ұлы  Отан  соғысы 

1941-1945  жылдарынан  кейінгі  Жеңісімізге 

70  жыл  толуын  атап  өтеді.  Осы  үлкен,  әрі 

айрықша  мәнді  оқиғаға  дайындықтарды 

мектебімізде  өткізуде.  2014  жылы  27  қазан 

күні  «Қаһарман  Рахымжан  Қошқарбаев-  90 

жаста» атты линейка өткізілді. 6 «а» сыныбы 

оқушылары  Есболат  Оразгүл  өмірбаянына 

тоқталса, Құсаин Айгерім  «Соғысқа қарсы 

балалар» атты өлеңін оқыды. 

Аталмыш шарада елі мен жері үшін өмірін 

қиып,  туған  жерге  оралмаған  қаһармен 

ерлерді  еске  алып,  бір  минут  үнсіздікпен 

рухтарына  тағзым  етті.  «Тарихи  тұлға- 

Рахымжан Қошқарбаев» атты кітап көрмесі 

ұйымдастырылды.  Рақымжан  Қошқарбаев 

Ұлы  Отан  соғысында  алғашқылардың  бірі 

болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл 

туды  тікті.    Берлин  операциясы  кезінде 

лейтенант  Р.Қошқарбаевтың  жасаған  ерлігі 

әлем  көрмеген  ерлік болып, тарихта қалды. 

1945 жылғы 30 сәуірде ол жауынгер Григорий 

Булатовпен  бірге  Кеңес  әскерлері  арасынан 

Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. 

Бұл  жөнінде  Алматының  бір  мектебінде 

оқушылармен  болған  кездесудегі  батырдың 

өз  әңгімесі  аса  әсерлі:  «Үш  жүз  метр.  Иә, 

осы  шағын  қашықтықты  біз  6  сағат  бойы 

еңбектедік.  Бір  сәт  көк  түтін  бе,  көтерілген 

шаң  ба,  алдымыз  бұлыңғыр  тұман  болып 

кетті. «Тағы да кеттік», — деп мен алға қарай 

тұра  жүгірдім.  Серігім  Г.Булатов  та  құстай 

ұшты.  Рейхстагтың  сатылы  табалдырығына 

табанымыз  тиді-ау.  Екеуміздің  де  көзімізде 

жас. Денемізде әлсіз діріл бар. Бұл, шамасы, 

қорқу, толқу, қуаныш сезімі болар. Демімізді 

басып,  ес  жиған  соң,  Гриша  алып  келген 

жалауды  Рейхстаг  қабырғасына  қададық. 

Аз  уақыт  өткен  соң,  біздің  артымыздағы 

негізгі  күш  те  келіп  жетті».  Иә,  бұл 

ержүрек  қазақ  жігітінің  бойындағы  ата-

бабасынан  қалған  нағыз  ерліктің  көрінісі 

еді.  Кітап  көрмесінде  қойылған  «Жалын» 

баспасымен  шыққан  «Жеңіс  жалауы»  атты 

еңбегін  Р.Қошқарбаев  Берлинге  жасалған 

шабуыл шайқасында өшпес ерлік көрсеткен 

майдандас достарына арнады. Р.Қошқарбаев 

жайлы  «Алматыкітап»  баспасынан  жырық 

көрген  «  Тарихи  тұлғалар»  атты  танымдық 

басылымнан 

оқуға 

болады. 


Халық 

қаһарманы атағы Р.Қошқарбаевқа 2001 жылы 

берілді. Ал Рақымжан 1988 жылы дүниеден 

өткен  еді.  Батырдың  жұлдызын  тапсыру 

сәтіне  Қошқарбаевтың  жары  Рахила,  қызы 

Әлия  және  майдандас  досы  Ж.Жанасов 

шақырылды.  Награданы  тапсыру  кезінде 

еліміздің  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев 

Қошқарбаевтың 

батырлық 

ерлігіне  барынша  жоғары  баға  берді,  оның 

тәрбиелік және патриоттық мәнін атап айтты. 

Шара  соңында  5А  сынып  оқушысы  Риза 

Райымбектің  орындауындағы  «Жеңіс  туы 

желбіреп»  атты  өлеңін  балалар  қуанышпен 

қарсы алды.

Бүгінгі  ұрпақ  тәуелсіз  елде,  бейбіт  аспан 

астында  өмір  сүріп  жатыр.  Осы  күндерді 

сыйлаған,  ел  ертеңі  үшін  кеудесін  от  пен 

оққа  тосып,    соғыста  қаза  тапқан  батыр 

жауынгерлер ешқашан ұмытылмақ емес. 



Үміт Әмірғалиқызы,                                               

 мектеп кітапханашысы.  Қарақала ауылы.

06.12.2014ж.  № 48 /7724/

А ќ ќ у   ‰ н і

4

ЕҢБЕК АДАМЫ

ҚОЛА ЖҮЛДЕЛІ БАРЫС



Аламан

Кіл мықтылар 

күресті

Оразалинов  Нұрлан  Қабыкенұлы  1947  жылдың  20 

сәуірінде  Павлодар  облысы,  Лебяжі  ауданы,  Лебяжі 

ауылында дүниеге келді. 1966 жылы Потанин орта мектебін 

тәмамдағаннан  кейін  Павлодардағы  педагогикалық 

институттың  дене шынықтыру және спорт факультетіне 

түсті.  1970  жылы  педагогикалық  институтты  бітіріп 

Лебяжі  ауданының  Жамбыл ауылындағы Жамбыл орта 

мектебінде дене  тәрбиесі  пәнінен  мұғалімдік еңбек  жолын  

бастайды.  1971 жылы тұңғыш рет  еркін күрес бөлімшесін 

ашады.  1971  –  1978  жылдар    аралығында  Жамбыл 

мектебінің  оқушылары еркін  күрестен спорт  шеберлігіне  

үміткерлер Оразалин Мардан, Тейц Владимир, Есімханов 

Серікбай, Сейтенов Қаныш, Аманжолов Қадыржан, спорт 

шеберлері  Очередной  Александр,    Святечов  Александр 

аудандық  облыстық    спартакиада  жеңімпаздары  мен 

жүлдегерлері.  Облыстық  оқушылар  спартакиадасында  

Волейболдан қыздар  командасы 3-ші орынға, қол добынан  

ұлдар командасы 2-орынға, жеңіл атлетикадан  оқушылары 

Баранов Евгений, Давыдов  Женя, Первушев Петр бірнеше 

дүркін жүлдегерлері.  1978 жылы Лебяжі аудандық  атқару 

комитетінің  жанындағы  спорт  бөлімінің төрағасы  болып  

тағайындалады.  Осы  жылдан  бастап  аудан  орталығында 

еркін  күрестен  тұңғыш рет бөлімше ашады. 1984 жылы  

БЖСМ-не  еркін  күрестен    штаттағы    жаттықтырушы 

–  болып  ауысады.  1978  –  1984  жылдар    аралығында  

Лебяжі ауданынан  Оразалинов  Нұрлан  Қабыкенұлының  

шәкірттері ағайынды  Ерлан, Ерсайын, Ержан Бегимовтар, 

ағайынды Жұматай, Досбек Кенжегалиевтер СССР спорт 

шебері атағына ие болады.  Бегимов  Ерлан  1987 жылы 

СССР  чемпионатында    2-ші  орын  алып  СССР  құрама 

командасының  мүшелігіне  енеді.  1992  жылы    Лебяжі 

ауданының  БЖСМ-нің шәкірттері Павлодар облысының  

намысын  Қостанай    қаласында  өткен  Республикалық 

оқушылар  спартакиадасында    абыроймен  қорғап  

жалпыкомандалық 1 –ші орынға  ие болып, жеке салмақ 

дәрежелерінде  Кабиденов  Руслан,      Кабиденов  Рустам, 

Темірғалиев Азат, Михайлюченко Михаил,  Михаилюченко 

Иван, Оразалинов Ерғанат  1 – ші  орындарға ие болып 

жеңімпаз  атанса  Жапаров  Берік,  Калиев  Қуат,  Шегебаев 

Еркін және Вакорин Игорьлар жүлдегер атанды. 1991 жылы 

Михайлюченко  Михаил  Нижнекамск    қаласында  өткен  

СССР чемпионатында  1-ші  орын алып  жеңімпаз атанды. 

1992 жылы Стайка қаласында өткен СНГ чемпионатында 

Қабиденов Руслан 2 - ші орын, Михайлюченко Иван 3 - 

орындарға  ие  болды.  1992  жылы  Қарағанды  қаласында 

өткен  ҚР жастар арасындағы чемпионатында Оразалинов 

Ерғанат  пен  Темірғалиев  Азат  1-ші  орындарға  ие  болып 

жеңімпаз  атанды.  1992-96  жылдары  ҚР  жасөспірімдер 

арасындағы  аға жаттықтырушысы ретінде  тағайындалып  

қызметін    атқарды.  Нұрлан  Қабыкенұлы  көпжылдық  – 

шығармашылық  спорттық  өмірінде    Лебяжі    ауданының  

БЖСМ-нің  шәкірттерін    АҚШ,  Германия,  Болгария, 

Иран,  Венгрия,  Үндістан,  Монғолия,  Канада,  Қытай, 

Қырғыстан, Украина, Белоруссия, Ресей мемлекеттерінде 

өткен әлем чемпионаттары мен халықаралық  турнирлерге 

қатыстырып  жүлделі    орындардан    көрсете  білді.  ҚР 

аға  жаттықтырушы    қызметін  атқарып  жүрген    кезінде 

шәкірттері  Алматылық  Алиев  Жамболат  1993  жылы 

Дюзбург  (Германия) қаласында өткен  әлем чемпионатының 

жеңімпазы, Қарағандылық Бижанов Жақсыбек  1994 жылы 

Чикаго  (АҚШ) қаласында  әлем чемпионатының   күміс  

жүлдегері, Алматылық Муртазалиев Н 1996 жылы  Мәскеу 

қаласында  әлеем чемпионатының жеңімпазы, Лебяжілік 

Оразалинов Ерқанат Дюзбург  (Германия) қаласында әлем  

чемпионатының    5  жүлдегері,  Михайлюченко  Михаил 

Алма  (Канада)  қаласында  әлем    чемпионатының    4 

(жүлдегері) орынға ие болды.

1997  жылы  БЖСМ  –і  жабылғаннан  кейін    Нұрлан 

Қабыкенұлының    қолдануға  келмейтін    спортзалды 

өз  күшімен    жөндеуден  өткізіп,  өзінің    жеке  меншігіне 

аударады.  Сол  жылдан  бастап    қазіргі    таңға      дейін  еш 

бір  төлем  ақысыз  балалар  спортзалда  еркін  күреспен 

шұғылдануда.

Нұрлан  Қабыкенұлы    өмірін    спортпен  өрнектеген 

еңбек  жолында  28  спорт  шеберін,  100-ден  астам  спорт 

шеберлігіне  үміткер  дайындады.    Биылғы  жылы  Нұрлан 

Қабыкенұлының  шәкірті    болған,    қазіргі  таңда  БЖСМ-

нің  жаттықтырушысы  Жүкей  Жарылғап  қазақ  күресінен 

Қарағанды  қаласында  өткен  ҚР  чемпионатында  2-ші 

орынға  ие  болып  ҚР  спорт  шебері  атағына  ие  болды. 

БЖСМ-дің    түгелі,  Қазақстан  Республикасы  Төтенше 

жағдайлар жөніндегі министрлігінің  Көкшетау техникалық  

институттың  түлегі    Тасымов  Ернұр  Төлегенұлы  қоян  

қолтық  ұрысы  (по  рукопашному  бою)  бойынша  Ақтөбе 

қаласында өткен  Азия чемпионатының  жеңімпазы атанды. 

Нұрлан  Қабыкенұлына 1985 жылы «Қазақ ССР  халық 

ағарту  ісінің  озық  қызметкері»  атағы.  1992    жылы    ҚР 

еңбегі    сінген  жаттықтырушы  атағы,    2010  жылы    ҚР 

Құрметті  Спорт  қайраткері  атағы  берілді.  2011  жылы 

желтоқсан    айында  Тәуелсіздіктің    20-жылдығына  

арналған  арнайы  мерекелік  медальмен  марапатталды. 

2012 жылы 7 желтоқсанда «Облыс алдында сіңірген еңбегі 

үшін» облыс әкімінің  белгісімен наградталды. 2012 жылы 

13  желтоқсанда    Лебяжі  ауданының    «Құрмет  азаматы» 

атағына  ие болды. 2012 жылғы желтоқсанның  5- іңдегі  

Жарлық бойынша Қазақстан Республикасының  Құрметті 

грамотасымен    наградталды.  1991  жылы    оқушысы 

Михаилюченко  Михаил  жасөспірімдер    арасында  ССРО  

чемпионы    болды.  Чемпионды    жаттықтырғаны  үшін, 

тәрбиелегені  үшін  ССРО  спорт  комитеті  КСРОның  

үздік    жаттықтырушы  –  тренері  деп    Алтын  медальмен  

марапаттады.  Аққу  ауылының    тұрғыны,  зейнеткеріміз 

біздің    ардагеріміз,  аудан  халқының  мақтанышы  Нұрлан 

Қабыкенұлы Оразалинов 26 – 28 тамызында  2014 жылы  

Сербия  мемлекетінің    орталығы  Белград  қаласында 

еркін күрестен ардагерлер арасында өткен  Дүниежүзілік 

чемпионатқа    қатысып,  жүлделі,  мәртебелі    3  орынды 

иеленіп келді. 

Дүниежүзінің  56  мемлекетінен  келген  еркін  күрестің 

балуандары    қатысқан.  Нұрлан  Қабыкенұлы  күрескен 

76  кг.  салмақ  категориясында  21  балуан  қатысқан.  Жас 

мөлшері  60  жастан  70  жастың  аралығында.  Нұрлан 

Қабыкенұлы    еркін  күреспен    өткізген    өмірінде  үздік  

дәрежеден дәрежеге  қалай жетті десек. Оның  да құпиясы 

бар. Ол отбасына  байланысты. Жыл он екі айдың  көбін 

жарыстарда  өткізген кезінде өзі жарысқа қатысып жүрді, 

кейін    тәрбиелеген  балаларды  жарысқа    апарып,  анда  – 

санда  ғана  үйіне бас көрсетіп жүргенде, келініміз  Баян 

бірде – бір рет қабақ тыймай, түсінікпен  қарап  барлық 

жарыстарға  шығарып  салатын,  Жарысқа    апара  жатқан 

балаларын,  Нұрланның  амандығын  тілеп,  сөмке  сөмке 

жылқының етін, қазы – қартасымен  пісіріп беріп жіберетін. 

Үйде қалып, үйдің  ауыртпашылығын  өзі  көтеретін. Мал 

– жан бәрі  Баянның  мойнында болатын. Үш ұл, бір қызды 

жалғыз тәрбиеледі десек те болады. Бейнеттің де зейнеті 

бар  дейді.  Қазір  балаларынан  11  немере  -  жиен  сүйіп 

отыр. Балаларының  бәріне  жоғары білім әперіп, оқытты. 

Балаларының әрқайсысы жеке-жеке отбасын құрып отыр.

Қазір  Нұрлан  Қабыкенұлы  күрестен    өткен  өмірін,  

жеткен жетістіктерін еске  түсіріп отырады. Тәрбиелеген 

оқушыларының  ішінде  спорттағы ең биік шыңға  шыққан 

Бегимов  Ерлан  Ғазизұлы  еді.  Екі  мәрте  еркін  күрестен 

ССРО  чемпионатының    Кубогін  жеңіп    алды.  Ересектер 

арасында  еркін  күрестен  ССРО  чемпионатының  1987 

жылы  Орджонокидзе  қаласында    өткен    жарысында  2 

орынды иеленді. Бұл сол кезде  үлкен жеңіс еді.  Одан кейін 

де  Ерлан  ССРО  көлеміндегі  үлкен,  жоғары  деңгейдегі  

жарыстардың алтын медальдарын иеленді.

Өмірін спортқа  арнаған Нұрлан Қабыкенұлы, мұрнын 

жөндеп  сүрте  алмай  жүрген  кішкентай  балалардан,  ел 

намысын қорғайтын азаматтарды тәрбиелеп шығарды.



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 453.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет