№48(7724) газет 1940 жылғЫ 1 Қыркүйектен шығады



жүктеу 453.18 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата09.01.2017
өлшемі453.18 Kb.
  1   2   3   4   5

06.12.2014ж.  № 48 /7724/

А ќ ќ у   ‰ н і

2014 ж.

№48(7724)

ГАЗЕТ 1940 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН ШЫҒАДЫ

 

 



 

БЕРЕКЕ. БІРЛІК. ЫНТЫМАҚ.

 

6

Еркін баға

желтоқсан

сенбі

 Марапаттаулар

Елбасы,  партия  төрағасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

сындарлы  саясатын  жүзеге  асыруға  атсалысып,  партияның 

бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындауға қатысқаны және 

азаматтық  белсенділік  танытқаны  үшін  «Нұр  Отан»  партиясы  Лебяжі 

аудандық  мәслихатының  депутаты  Сейітов  Төлеген  Тасымұлына 

алғыс білдіреді. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті,  «Нұр  Отан»  партиясының 

төрағасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  стратегиялық  бағытын 

және  партияның  бағдарламалық  мақсаттары  мен  міндеттерін  іске 

асыруға,  сондай-ақ  аймақтың  қоғамдық,  саяси  өміріне  белсенді  ат 

салысқаны  үшін  аудандық  мәслихат  депутаты  Жиеналин  Қуаныш 



Жұмабайұлы  «Нұр  Отан»  партиясының  облыстық  филиалының 

Құрмет грамотасымен марапатталады. 

Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке 

үлесі  үшін  Лебяжі  аудандық  мәслихатының  хатшысы  Әлтаев  Қанат 



Мынтайұлына    Павлодар  облыстық  білім  беру  басқармасы  алғыс 

білдіреді. 

 

Қазақстан  Республикасы  мәслихаттарының  20  жылдығына  орай 



аймағымыздың  қоғамдық,  саяси  өміріне  белсенді  қатысқаны  үшін 

аудандық  мәслихат  депутаты  Жұмабаев  Ерғанат  Төлеуұлына  аудан 

әкімінің Алғыс хаты жолданады. 

Осындай  мәтіндегі  аудан  әкімінің  Алғыс  хаты  аудандық  мәслихат 

депутаты Мұқашев Тұрлыбек Серікбайұлына жолданады.  

Қазақстан  Республикасында  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және 

өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін 

«Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен:

1.  Екінші,  үшінші,  төртінші  шақырылымдағы  аудандық  мәслихат 

хатшысы,  ауданның  Құрметті  азаматы  Смағұлов  Мұратбек  Әбуұлы 

марапатталады.

2. 4 шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты, ауданның Құрметті 

азаматы  Молдакәрімова Майкен Жұмабекқызы марапатталады.

3. І шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты, ауданның Құрметті 

азаматы Тастамбек Серік Рүстемханұлы марапатталады.

4.  Аудандық  мәслихат  аппаратының  басшысы  лауазымын  атқарған 

еңбек ардагері Жетібаев Сайлаубек марапатталады. 

5. №1 Ямышев сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты 

Мусин Руслан Қожанұлы марапатталады.

6.  №2  Қызыләскер  сайлау  округі  бойынша  аудандық  мәслихат 

депутаты Сейтов Төлеген Тасымұлы марапатталады.

7.  №3  Шабар  сайлау  округі  бойынша  аудандық  мәслихат  депутаты 

Есімов Қазбек Ғарифоллаұлы марапатталады.

8. №4 Жамбыл сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты 

Шаймарданов Асылбек Уахитұлы марапатталады.

9.  №5  Абай  сайлау  округі  бойынша  аудандық  мәслихат  депутаты 

Жиеналин Қуаныш Жұмабайұлы марапатталады.

10. №6 Хамзин сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты 

Тлеуғабыл Қуандық Жұматайұлы марапатталады.

11. №8 Шарбақты сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты 

Жұмабаев Ерғанат Төлеуұлы марапатталады.

12. №9 Малыбай сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты 

Осумханова Балжан Молдағалиқызы марапатталады.

13.  №10  Майқарағай  сайлау  округі  бойынша  аудандық  мәслихат 

депутаты Мұқашев Тұрлыбек Серікбайұлы марапатталады.

14. №11 Шақа сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты 

Сагадиев Ержан Ғазизұлы марапатталады.

15.  №12  Баймолдин  сайлау  округі  бойынша  аудандық  мәслихат 

депутаты Бисмельдинов Бауыржан Зейнолаұлы марапатталады.

Үлгілі  мемлекеттік  қызметі,  өкілді  органдардағы  жемісті  еңбегі, 

облыстың  әлеуметтік-экономикалық  дамуына  қосқан  қомақты  үлесі, 

жоғары  біліктілігі,  белсенді  қоғамдық  қызметі  және  Қазақстан 

Республикасы  мәслихаттарының  20  жылдығына  орай  Павлодар 

облыстық  мәслихатының  Алғыс  хаты  аудандық  мәслихат  депутаты 



Есімов Қазбек Ғарифоллаұлына  жолданады.  

Осындай  мәтіндегі  Павлодар  облыстық  мәслихатының  Алғыс  хаты 

аудандық мәслихат депутаты Мусин Руслан Қожанұлына жолданады. 

  

Осындай  мәтіндегі  Павлодар  облыстық  мәслихатының  Алғыс  хаты 



аудандық мәслихат депутаты Осумханова Балжан Молдағалиқызына 

жолданады. 

Осындай  мәтіндегі  Павлодар  облыстық  мәслихатының  Алғыс  хаты 

аудандық  мәслихат  депутаты  Тлеуғабыл  Қуандық  Жұматайұлына 

жолданады. 

Адамдық айнасы

АНА БАҚЫТЫ

Әйел – үйдегі ырысың,

Ұл – айбарлы қылышың,

Қыз – түздегі өрісін,

Келін – кеңейген тынысың.

Қазақ әкені асқар тауға,  ананы  ағып жатқан бұлаққа тенесе, 

баланы  жағалай  өскен  құраққа  балаған.  Әрқайсысының   өз  

орны  бар екені  талассыз.  Десек те, Алла  тағала  әз – Ананы  

бөлекше етіп  жаратқан  ғой.  Дүниеге шыр етіп келген сәбиі  

үшін  түн  ұйқысын төрт  бөліп,  табанына  қадалған  тікен  

маңдайыма    қадалсын  деген    өмір    бойғы  тілеумен    өтетін  

аяулы  да  қастерлі  жан  алдындағы  перезенттік парыздың  

ешқашан  өтелмесі анық.  «Жұмақ ананың аяғының астында» 

деген  даналық сөз   бар.  «Алдымен  жақсылықты анаңа, тағы 

да анаңа,  тағы да анаңа жаса» деп пайғамбарымыз өсиет еткен. 

Бар жақсылық  атаулыны  жұдырықтай  жүрегіне  сыйдырып,  

жан – дүниесі тек  мейірімнен  суарылған,  жан – жағына  күнің 

көзі сияқты  нұр – шуақ сеуіп  тұратын  3 ұл және 3 қыздың 

анасы  Нұрғалиева (Бектасова) Мағмөр Тастемірқызы  отбасы  

тұтастығын  сақтау,  үлкендерге  құрметпен  қарау,  жастарды 

жақсы    қасиеттерге    баулу  төнірегінде    әңгімелескен    едік.  

(Мағмөр апа  9 құрсақ көрген,  3  қайтыс болған).

Ұлттық  салт – дәстүріміздің, әдет – ғұрпымыздың  қаймағы  

бұзылмаған  біздің  заман   өзгеше еді, - деп бастады әңгімесін  

кейуана.    –  Сүттей    ұйыған,  ынтымақты  бір  қауым  ел  

болатынбыз.  Әжелерімізбен  аналарымыздың  биязи мінезі, 

иманды  көңілі  жібектей  төгіліп  тұратын.  Еңбектің жампозы 

еді- ау, шетінен!  Оларды  ойласам,  жүрегім езіліп,  қолқамды 

біреу    суырып    алғандай    болады.  Еңсеміз    енді    көтеріле 

бастағанда сұм соғыс  талай  шаңырақты күйретіп,  тыныш  

өмірді  айран – асыр етті.  Тұлымшағымыз  желбіреп, құлын – 

тайдай асыр салып жүрген   балалар  бұғанасы қатпаған күйі   

ауыр  жұмысқа  жегілді.  Өгіз айдап,  жер жыртты.  Балалық 

шақтын не екенін білмей  өсті.  Желдей  есіп,  бөкендей  желіп, 

көзден  бұлбұл  ұшқан  заман  десеңші!

-Мағмөр  әже, іргесі мықты, босағасы берік  көпбалалы 

отбасының  тұтқасына айналып,  құт – береке  дарытқан, 

ырыс,    бақыт  әкелген  ай  маңдайлы  аналарымыз  ел  

намысы,    абырой  –  беделі  жолында  бар  күш  –  қуатын,  

тіпті, денсаулығын да,  бала – шаға қызығын да сары  еткен 

еңбегін  тілмен  жеткізу қиын. Ұжымшардың  тынымсыз  

тірлігіне  қара  нардай  жегіліп,  артына  ұлағатты  ұрпақ  

қалдыра  алмағандары да жоқ емес  қой. Осындай  абзал, 

қайратты, қайсар  аналардың  рухын  асқақтататын еңселі 

ескерткіштер әр  өңірде  тұрғызылса,  артықтық  етпес еді.

- Сөздің жаны бар. «Өлі риза  болмай тірі  байымайды».  Еске  

алып,  дұға  бағыштап тұрса,  аруақ  риза  болмай ма? Қалай  

қадірлесек те  жарасымды.  Кейінгі  толқын біздің  осындай  

ата  –  әжелеріміз    болған    екен    деп    еске    алып,    тәу    етіп  

жүрсе,  соған  шүкіршілік.   Зұра, Пану тағы басқа келіншектер  

керемет  еңбекқор  еді.  Жұмысты  жапырып  жіберетін.

- Сіздер  еңбекке  неше  жастан  араластыңыздар? 

- 12 – 13 – тегі  шикіөкпе  баламыз  ғой.  Үлкендердің  бәрі  

соғыста.  Ауылда  қалғандар  шал – шауқан,  біз сияқты  бала 

– шаға  ғана.  Танмен  таласа  тұрамыз. Содан  кеш  батқанша  

дамыл    таппай,    сүрініп    жығыламыз.  Ол  кездің  адамдары 

анау – мынауға  жаси қоймайтын  жігерлі, қуатты болатын. 

Ауыртпалық  жандарына  қанша  батса да,  еш  қынқ  деместен   

көтеретін.    

Мен  Шарбақты    ауданы    Арбиген    ауылында  (Келдіқыз 

деген жерде)  дүниеге келдім.  Нақтылап айтсам   Уахит Хазрет 

жерінде.  Мектепке  де сол жерде  барып,  7 сынып  бітірген 

соң  (1942 жылы)   ауылдық  советтің  хатшысы  болып  жұмыс  

істедім.    Ауыл    ауылдарға  барып,  өзім    сияқты    жастармен  

халықпен   бірігіп  аталарымыздың,  ағаларымыздың  неше  

түрлі  қылықтарын  айтып,  майданнан  аман – есен  келулерін  

тілейтінбіз.  

«Бәрі де майдан үшін, бәрі  де  жеңіс үшін!»  деген  сталиндік  

ұран  қиындық  атаулыны  ұмыттырып  жіберетін.

1946  жылы    жерлесім    Қажымұрат    Теміржанұлы  

Нұрғалиевқа  тұрмысқа  шықтым.  (Ағамыз  9 сынып  оқып  

жүрген  кезінде  соғысқа  аттаныпты. Ол  кісі  туралы  бөлек  

мақала дайындалуда авт.)



-  Сол    кездегі    жастарды  «тыл  батыры»    деп    атауға  

әбден  болады. 

- Президентіміздің: «Тек  еңбекпен  ғана  жеміс өнбек, тек  

еңбек қана  бар  қиындықты  жеңбек»  деген   сөзі  есімде  

қалыпты.  Бүгінгі   жастардың  ауыр  еңбектен   қашатынын,   

жеңілге  қарай  ұмтылатынын,  жайлы, тыныш  жер  іздейтінін  

түсінбеймін.  Үйленбей  жатып  ажырасып  жатуларының  бір  

сыры  қиындыққа  шыдамауында,  отбасылық  сынаққа  төтеп  

бермеуінде  болса керек.  Әрине,  бәрін  кінәлаудан  аулақпын.  

Десек   те,   дәстүрімізге,  салтымызға   қайшы  келетін  жат  

құбылыстарға  әуес  болып  бара  жатқаны  шындық.  Тағы 

бір  айтарым,  отбасылық – өнегелік  құндылықтарды  жеріне  

жеткізе  насихаттаудың  орнына   атыс – шабыс,  кісі  өлтіру, 

тонау    секілді    жиренішті    дүниелерді    көрсетуге    бейілміз.  

Қоғамға    да,    адамға    да    залалы  мол  ішімдік    ішу,    араққа  

салыну,   темекі  шегу,  баланы  тастап  кету  секілді  жаман  

әдеттерден    жирендірудің      жолдарын  талмай    қарастырған   

жөн.   Безбүйрек   әкелер  мен  көкек аналардың,  өз  баласынан  

безуі  сұмдық  емес пе?  Мұның  бәрі   отбасы  тәрбиесінде  

ұлттық    тамырымыздан    ажырап,    алыстап    кеткенімізді  

аңғартады.  Бізде  не  көп,  ұйымдар көп.  Осылардың  жабыла  

қолдауымен   теріс  көріністерді  қатаң  айыптап,   төзбестік  

ахуал    қалыптастыру      керек.    Кейбір    жастардың    отбасы,  

ошақ қасының  тірлігін  өз  күштерімен  атқарудың  орнына  

масылдық  пиғылдан аса  алмай  жататыны да   қабырғама  

аяздай   батады.  Қос жүрек   бір – бірін  тапқанан  кейін  бірі  

отағасы,  бірі  отанасы  ретінде  отбасының  бірлігін   алдымен  

ойлау  қажет.  Бұған  ұл – қыздарын  үлкілдетіп  өсірген  ата – 

аналардың  да кінәсі бар.

Қазақ  ұл балаға  он үште  отау иесі  деп  қараған.  Қызға  

қырық  үйден   тыйым  салып,  жастайынан  келін,  ана  болу  

әліппесін  үйреткен.  

- Сіз  бақытты анасыз ба?

- Құдайға  шүкір.  Ұлдарым да, қыздарым да жоғары  білім  

алып,    өмірден    өз    орындарын    тапты.    Түрлі    мамандық  

иелері.    Отанға    үлгілі    қызмет    етіп    жүр.    Атап    айтсам, 

Шолпан – есепші,  көп жылдар бойы  осы  салада абыройлы  

қызмет атқарды.  Айгерім педагогика   ғылымының  докторы, 

профессор ПМПИ деканы,  Ақмарал  педагогика  ғылымының  

кандидаты,  бүгінгі    күні    ПМПИ    педагогико  –  психология  

пәндерінен      дәріс    береді,    ұлым    Рахметолла    Павлодар  

облысы    бойынша    ауыл    шаруашылығы    дақылдарының  

сынау  инспектурасының  бастығы  болса,  келінім  Нәзира  сол 

мекеменің бас  агроном – инспекторы,  Шора-инженер   электр 

өнеркәсібінің  қызметкері,  Раис – орман  шаруашылығының 

инженері,    бір  кезде    Шарбақты    ауылының    әкімі    болған,  

қазіргі  кезде   кәсіпкер. (Мағмөр апа  ұлы  Раис пен келіні  

Зейнептің    қолында    тұрып    жатыр).    Келіндерім,    күйеу  

балаларым  шетінен  ибалы,  құрақ  ұшып  тұрады.   9 немере, 5  

шөбере   қызығын  көріп   отырған   өзімді  бақытты  санаймын.  

Әркім  өз  ұрпағын  баққанға,  олардың  қызығың   көргенге   

не  жетсін!! 

Отан отбасынан  басталатынын,  береке – бірлік,  ынтымақ  

орнаған  жерде  ғана   сыйласымдылық,    түсініктік  болатынын  

кейінгі  жастар  ұқса  деймін. 

Мағмөр  апа    СССР  Жоғарғы    Советінің    Президиумы, 

Қаз  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының    Указы  негізінде  

медальдармен  марапатталған  («Медаль  материнства  I,  II,  III 

степеней).

(Автордан:  құжаттардың  тұпнұсқасына    негізделіп  

жазылды).

 Сондай – ақ, ҚР  Президентінің 2004 жылғы  14 қыркүйекте 

№1439  Жарлығы    бойынша    1941-1945  ж.  Ұлы  Отан 

соғысындағы Жеңіске 60 жыл медальімен  марапатталған.



Мағмөр    апамыз    үстіміздегі    жылдың        желтоқсан  

айында  89 жасқа  толады. Кейуананы  туған   күнімен  

құттықтап, Алла  берген  жасын  жасай  беріңіз  демекпін.

Әңгімелескен   А. Бижанова.

06.12.2014ж.  № 48 /7724/

А ќ ќ у   ‰ н і

2

Еліміз  егемендік    алған  күннен  бас-



тап,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

халықтың  ата  –  дініне  қайтып  оралуына 

қамқорлық  жасап  келді.  Алматы,  Астана 

мешіттерінен  бастап,  мыңдаған  ғибадат 

үйлерінің    көтерілуіне,  медреселердің  

ашылуына, жастардың шетелдерде  оқып 

келуіне,  діни    әдебиеттердің    таралуы-

на    мүмкіндік    тудырды.  Ең  бастысы 

Құран  Кәрімнің    қазақша    нұсқасын  өз  

қаржысына  шығарып, тегін таратты.

Сондай – ақ президент назарынан басқа 

діндер  де  тыс    қалған  емес.  Естеріңізде 

болса,  кезінде  Рим  папасының    келуі  

үлкен  саяси оқиға болды.

Астанамызда  дінаралық  үлкен  құ-

рылтайлар,  форумдар,  кездесулер  өті-

луде.  Осыған  орай  бүгін  Елбасымыздың 

дінге  қатысты  әр    кездерде  айтқан  пі-

кірлерінен үзінділер беріп отырмыз.

Дін – мәңгілік

Біз – тегіміз түрік, дініміз – Ислам екенін 

ұмытпауымыз  керек.  Ол  үшін    Қасиетті 

кітап – Құран Кәрімді насихаттауды естен 

шығармауымыз керек.

***

...халық  Алласына,  Тәңіріне  сеніп, 

ертеңгі  күнін,  ар  жақтағы  ана,  дүниеге 

баратын 


күнін 

ойлап, 


дүниедегі 

мынау  бүгінгі  күннің    күйбеңімен  жүре 

бермей,  Мұхаммед  пайғамбарымыздың 

хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін.



***

Фундаментализм    тек    Исламға  ғана 

қатысты нәрсе емес. Мәселен,  христиан  

дінінде  ол Исламға қарағанда анағұрлым 

күштірек.

***

Ислам, Қасиетті Құран әрқандай саяси 

күрестерге  қарсы.  Керісінше,  Құранда 

«дінде зорлық жоқ» деген қағида бар.



***

Халық    өзінің    ұлттық    қайнарларына, 

иман    тазалығына    қайтып    оралу    үшін  

мен  кеңес  өкіметі    тұсында  жабылып 

қалған  жүздеген  мешіттерді  еліміздің 

мұсылмандарына қайтарып  бердім. 



***

Қазір  бүкіл  Қазақстан  бойынша  – 

жүздеген мешіттер бой көтеруде.

 ***

Ислам  –  тек  дін  ғана  емес,  ол  –  біздің 

мәдениетіміз.

 ***

Шыншыл,  иманды  болу,    адамдарды 

әділдікке    шақыру  өте  жақсы  іс,  бұған 

менің сенімім кәміл.



***

Біз  суннит  (Пайғамбар  жолын  ұстаған) 

мұсылмандарымыз  және  осы  жолдан 

айнымауға тиіспіз.



***

...біз  терроризімді  ешқашан    қолдаған 

емеспіз  және  осы  тұжырымды  мықты 

ұстанамыз. 

«Свобода» 

радиосына 

берген 

сұқбатынан.



***

...біз  дінді  қару  етіп  үкімет  басына 

келушілерді  құптаймыз.  Қазір  жалған 

діндер  көп және соларға еріп жүргендерді 

де құптаймыз.

***

Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік 

1999  жылы  29  шілдеде  Алматыдағы 

Бас    мешітті    көруге  келгенде  сөйлеген 

сөзінен.

***

Дінді  зорлық  пен  құдалау  қаруы  етіп 

пайдалану біздің жүрегіміздегі  Құдайдың 

айтқанымен  емес,  саяси  әзәзілдердің 

айтқанымен  етек  алып  жүрген  әдет. 

«Ғасыр тоғысы» кітабынан



А.Бижанова.

Қазақстан 

Республикасы 

Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевтың 

ислам діні туралы 

айтқандарынан

Мен бүгін әкемді ойлап толғанамын...

«Әкеміз  Сарбасов  Қайролла  арамызда  жүргенде 

80  жасын  тойлауға  қамданар  едік  –  ау»  дегенімше 

ойымды  телефон  шылдыры  бұзып  жібергені.  «Мен 

Лаура  Ерсайынқызымын  ғой    (аудандық  мәдениет,  

тілдерді    дамыту  және    спорт  бөлімінің    басшысы). 

Әкеңіз туралы мақала керек  еді, кітапқа шығару үшін»,  

дегенде,  уақыттың    желдей  есетініне    таңғалдым.  Бір 

сәт  балалық  шағымды,  ата  –  анаммен  бірге  өткен 

күндерді еске түсірдім...

Ойландым, толғандым, осы мақаламды қағаз бетіне  

түсіруге  шешім  қабылдадым.  Әкем  көп  сөйлемейтін, 

мінезі    салмақты,    бірақта    көңіл    көкжиегі    кең,  жай 

сөйлеп  көп    мағына    ұқтыратын,  қашан  да  дауыс 

көтеріп, эмоцияға  берілмейтін. Ол кісі  өте  қарапайым  

адам ретінде  есімде қалды. 

Кейде жұрт  мына  жалған  дүниені  керуендер жан – 

жақтан ағылып  келіп – кетіп  жататын  бейне  бір  керуен 

–  сарайға    теңейді.  Онысы  дұрыс    та  шығар.  Өйткені  

өткінші өмірдің  байлауы  жоқ базарына, қайнауы жоқ  

қазанына  әрбір  тірі жанның  көш – керуені  кезегімен 

келіп,    тәңір    берген  талқаны  таусылған  соң    ретімен 

кетіп    жатуы  да  заңды  құбылыс.  Мұны  кейде    атамыз 

қазақ: «Бұл дүниеге келген жұмыр басты пенденің бәрі 

– қонақ» - деп әспеттеп қояды.

Сондықтан    қамшының  сабындай  ғана  қысқа    ғұ-

мырды  барынша  мәнді  де  мағыналы,  кейінгі  ұрпаққа 

үлгі    тұтатындай    өнегелі  де  өрелі  істерімен,  қолдан 

келгенше  есте  қалатындай жақсы  жұмыстармен  өт-

кізгенге  не  жетсін!  Міне,  осындайда  қазақ  қауымының  

рухани      көсемі,    даланың  дара  данышпаны  атанған 

А.  Байтұрсынов  туралы  ұлы    Мұхтар  Әуезовтың 

«Жалпақ  елдің    сынына    толып,    мейірін      қандырған  

кісілер  санаулы» деп айтқан айшықты сөзі еріксіз  ойға 

оралады. Сондай  өзінің ғазиз ғұмырында  бойындағы 

бар  қарым – қабілетін,  игі қасиетін  егемендік  алып 

отырған  еліне,  туған  халқына,    тәуелсіз  мемлекетіне 

бағыттаған  үлкен  азаматтық  пен  биік  парасаттың, 

ерекше  дарын    мен  қайыспас  қайраткерліктің    иесі, 

көшелі  кісілігі  мен  ұлағатты  ағалығы,  кішіпейіл  інілігі 

қатар  жүретін  шын  мәніндегі  «нағыз    құрылысшы»,  

«батыр»  әкеміз  Қайролла  Сарбасұлы  Сарбасов 

болатын. 

Әкемнің өнегелі  өмірінің сәулелі  тұстарының басы 

–  қасында  жүріп  куәсі    болған    достары,  таныстары,  

әріптестері  есте    қаларлық  естеліктер,    ұлағатты 

оқиғалар,  ғибратты  әңгімелер,   жарасымды жайттар 

арқылы  естелігімді өрбиткім келеді.

Сарбасов  Қайролла  Сарбасұлы  1935  жылы  Семей 

облысы,  Бесқарағай  ауданына  қарасты  Семиярка  

ауылында дүниеге келген. Алғашқы  білімін  Семиярка 

мектебінде    алып,  орта    білімді  Павлодар  облысы, 

Лебяжі  ауданындағы  Қызыл – Қоғам  (қазіргі Сатыбалды 

атындағы)  орта  мектебінде    жалғастырып,    аяқтаған. 

Әке  –  шешесінен  ерте    қалған    әкеміз  нағашысы  

Ахметжанов  Балтабайдың    қолында    кәрі      әжесімен 

бірге    тұрып,  тәрбиеленген.  Еңбекке  ерте    араласқан 

ол мықты, шымыр бөліп өскен. 

Балтабай    атамыздың    нұсқауымен    Семей 

қаласындағы    құрылыс    техникумына    түсіп,  орта  

арнаулы білім алып  ауданымызға  жас  маман  болып 

оралады.    Еңбек  жолын    мамандығы      бойынша  

Шарбақты  ауылында  бастаған. 

1957-1959 жылдары әскери борышын өтеген.

Студент  кезінде  әкеміз    өзіне  тән  байсалдылықпен 

жақсы оқуымен қатар  еркін күреспен  де айналысады. 

Содан    ауданымызда  көп    жылдар    бойы  кәсіпқой 

балуан ретінде  танылған.

25  жылдан    астам    құрылыс    жұмысын  басқарушы 

(прораб)  болып    қызмет  істеген  кезінде    көптеген  

нысандар  бой    көтеріп,  үйлер  салынған.  Атап  айтсақ, 

қазіргі    Зор  –  Октябрь    негізгі    мектеп,  Шарбақты 

мектебінің  жанындағы  интернат т.б. ғимараттар  сол 

кісінің    тікелей  қатысуымен    көтерілген.    Адал  еңбегі 

бағаланды деуге  болады.  Бірнеше рет  үздік  жұмысы  

үшін  сыйлық  алған  (премия),  сондай  –  ақ,  Болгария 

еліне  жолдама  алып,  демалып    та  келді.  Жоғарыда 

айтып  кеткендей,  тұтас    ғұмырын    күрес    өнеріне  

арнамаса да, күреске түсіп жүрген кездері  көпшіліктің 

есінде  қалған.  Ол  кісі    меңгерген  әдіс  –  тәсілді 

қолданып,  өзінен  салмағы  ауыр    қарсыластарын  таза  

жеңетін.  Кеудесін  ешкімге    бастырмаған,  жауырыны 

жерге  тимеген  екен.  Жас  кезінде    жауырыны  жалпақ, 

белі    жіңішке    болған,  сондықтан    дүбірлі    додаларда 

бақ  сынап  жүргенде  оған    «құмырсқа  бел»  деген  ат 

тағылған.

«Құмырсқа бел» күреске түседі десе жас – кәрісі бар 

барлығы  тамашалауға барады екен.

Ең  басында  оқу    орнының,  содан  кейін  Семей  

қаласының  намысын  қорғап    жүрген    кезінде  туысы 

Құлжанов  Совет  ағамыз  қасында  жүріп,  әкеміздің 

жекпе-жегінің куәгері, күрестерін  өз  көзімен көрген  

адам.  Жасы  алпыстан  асқан  Совет  аға  ол  кісінің 

күреске  түсіп, елге  көрініп,  жас «батыр» деген атқа  ие 

болғанын айтады. Ал ауданымыздың  атынан  шыққан 

кезде    үлкен    өрістердің    куәгері    болған    Жамбыл 

ауылдық  округінде    тұратын,    ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы  Исагүлов  Өмірзақ  ағамыздан    көп    нәрсені 

естіп    білдім.  Ол  кісі  менің    тегімді  білгенде,  «сен  

Қайролла ағамыздың баласы емессін бе?»  деп бірден  

таныды және  Шарбақты  ауылының  тумасы деп  естіген 

екен.  Өмірзақ  аға    әкеміздің    күреске  шыққан    кезде  

алғашқы  секундтарда  бірден    жеңіп  шығатынын,  өзі 

100 кг салмағы бар әкеміз, 105 – 110 ауыр салмағы  бар  

палуандармен  күш таластырған. Бірақ әрқашан  жеңіп  

шығатын    дейді.    Соңғы    кезде    тіпті    онымен    ешкім  

күресуге    шықпаған.    Қарсыластары  болмағандықтан,  

жүлдені  алып  қайтады  екен.  Ол  кісі  кезінде    «еркін 

күрестің шебері» атағын  алған адам. Өкінішке  орай,  

алған медальдары, күрескен  және  марапаттау  кезінде 

түскен  сүреттері  жоқтын қасы. Біз кішкентай кезімізде 

жоғалтып,  жыртып  тастаппыз.  Әкем  туралы    естелікті 

жазып отырған кезде редакцияға аудандық ардагерлер 

кенесінің  төрағасы Макин Төлебай ағамыз келді.  Мен  

әкем    туралы  мақала  жазып    отырғанымды  сөз  еттім. 

Ол  кісі  1965  жылы  жаз  айында  бірге  Ақтөбе  облысы 

Мартук  ауданына  барғанын  айтты.  Олар  Павлодар 

облысының құрамының  күрес командасының  мүшелері 

ретінде  қазақша  күрес түрінен өткізілген  біріншілікте 

қатысып,    әкемнің  жүлде  алғанын  жеткізді.    Ол  кезде  

марапат ретінде ақшалай сыйлықтар берілген.  Әкеміз 

жарыстан  келген  кезде  көп  сыйлықтар  әкелетін.  Бала 

болғандықтан есімде  қалғаны ойыншықтар,  сондай – 

ақ алма және  тәтті  тоқаш (рулет) әкелетін.

Шіркін, сол кез қайта бір  сәт  келсе ғой!!!    

Әкеміз қызметте, жарыстарда  жүрген кезінде тілегін  

тілеп,  бізді    тәрбиелеп  өсірген    анамыз  Баянның  да  

еңбегі  шексіз. Жұпыны тұрсақ та, балаларын ешкімнен 

кем қылған жоқ. Әкеміз жасынан еңбекке  араласса да,  

біздің  үйде  қымбат жиһаз немесе көлік  болған емес. 

Тіпті мотоцикл мен велосипед те болған жоқ.  

Барды  қанағат  қылып,  ұқсатқан  анамыз  ерекше 

жан  еді.  Бар  байлығымыз  5  баламыз,  5  жұлдызымыз 

дейтін  ата  –  анамыз.  Ең  үлкен  марапат  –  елдің  және 

өскен ортаның кіршіксіз сенімі мен ілтипаты деп  айтып 

отыратын олар. 

Әкеміз  зейнеткерлікке  аса  жауапты  еңбек  нұсқаушы-

сы қызметінен шықты. Өмірден  69 жасында озды.

Біз, ұрпағы  әкемнің  туған еліне,  ана тіліне,  ата дініне, 

ұлттық діліне еткен ерен еңбегі мен өміршең  өнегесін  

үлгі  етеміз! 

Өмірден ерте озған өлең сөздің  дүлдүлі, халқымыздың  

талантты ақыны Т. Айбергеновтің: 

Бұл қазақта жігіттер бар марқасқа,

Дейсің – ау, дейсің жарқылдаған алмас па,

Айырып кетсе жол басқа

Орны мүлдем толмас та... – деп келетін жыр жолдары  

дәл  осы    Әкем  секілді  ер  көңілді,  салмақты,  алмас 

қылыштай жарқылдаған ерен тұлғалы  адамдарға, алты  

Алаштың ардақты  азаматтарына  арнағандай сезіледі.



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 453.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет