46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет26/41
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Ellet W. The case study handbook: how to read, discuss, and write persuasively about cases. Harvard 
Business School Publishing Corporation, 2007. // 
http://www.academia.edu/ 8050389/How_to_ Analyze_a_ 
Case_The_Case_Study_Handbook_How_to_Read_Discuss_and_Write_Persuasively_About_Cases_H_A_R_V_
A_R_D_B_U_S_I_N_E_S_S
 
2.  Покушалова  Л.В.  Метод case-study как  современная  технология  профессионально-
ориентированного
 обучения студентов // Молодой ученый. -2011. -№5. Т.2. -С. 155-157. 
3. 
Багирова И.Х.,  Бурыхин Б.С. Кейс-стади как интерактивный метод в образовании студентов // 
Вестник Томского государственного университета. Экономика. -2012. -№ 3. –С. 119. 
 
 
 
 

203 
 
Мұсабеков Қ.Б., Артыкова Д.М-К., Тәжібаева С.М., Тюсюпова Б.Б. 
 
БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДА ЖАҢА МОБИЛЬДІК  
ТЕСТ АЛУ ӘДІСТЕРІ 
 
Білім беру процесінің бірден бір үздіксіз бөлінбейтін құраушысы – білімді бақылау мен 
бағалау  болып  табылатыны  баршамызға  белгілі.  Білімді  бағалау  мен  бақылау    әдістерін 
студенттердің  біліктілігін  көтеруге  әкелетін  мотивация  түрінде  қарастыруға  болады.  Оған 
классикалық  әдістер:  ауызша  тікелей  сұхбаттасу,  жазбаша,  тест  алу  т.б.  әдістерді  жатқызуға 
болады.  Бірақ  әрбір  әдістің  артықшылықтары  мен  кемшіліктері  бар.  Мысалға,  тікелей 
сұхбаттасу  аз  топ  мүшелерінен  тұратын  студенттер  жиынтығына  қолданған  ыңғайлы,  бірақ 
барынша нақты және объективті бағалауға болады. Кемшілігі - әрбір студентпен сұхбаттасуға 
минимум 5-10 минут  қажет  ететіндіктен  бұл  әдіс  көп  уақытты  және  оқытушының  оқушыға 
қажетті жеке назарын яғни, жеке уақытын талап етеді. Жазбаша әдістің де орындалу бойынша 
аз  уақытты  талап  еткенмен  де,  бағалау  процесінде  нақты  баға  қою  мүмкін  емес.  Себебі 
алдыңғы әдіс сияқты студент тұлғасымен тікелей байланыс жоқ. Студент бұл жерде ең сорақы 
шпаргалка қолдану мүмкіндігі артып, кейбір төмен бағаға оқитын студенттер жақсы баға алып 
қалу мүмкіндігі арта түсіп, сонымен бағалау объективтілігі төмендей түседі. Тест жағдайында 
жауапты  шатастыру  сияқты  немесе  кездейсоқ  жүйелі  қателердің  арқасында  бағалау 
объективтігі  төмен  болғанымен  жазбаша  әдістен  қарағанда  бұл  әдістің  объективтілігі  жоғары 
деп  айтуға  болады.  Және  бағаны  қорытындылау  мен  бағалаудан  шыққан  нәтижелердің 
графигін  тұрғызуда  тест  әдістері  оңтайлы  және  жылдам  әдіс  болып  табылады.  Бірақ  әрбір 
әдістің бір түрін ғана қолданып қана қоймай әдістердің түрлілігі арқылы өткен материалды аз 
уақыт  аралығында  қайталап  отыру  білім  нәтижесін  анықтай    отырып,  студенттердің 
қорытынды емтиханға дайындалуы мен білімді сіңіруде жақсы нәтижелерге әкеледі. Бұл жерде 
білімді  бақылау  мен  бағалау  әдістердің  алуан  түрлілігі  мен  жүйелілігі  міндетті  түрде 
орындалуы қажет. 
Сонымен  қатар,  оқытушы  мен  студент  арасындағы  өзара  байланысқан   іс-әрекеттерінің 
соңғы нәтижесінде  білім беру процесінің жемісті болуы үшін ынталандыру мен білімді бағалау 
әдістерініңжаңалығы  да  болуы  қажет.  Сонымен  қатар  бұл  әдістер  студент  тұлғасы  үшін  тым 
көп  тапсырмалар  санын  көп  болатындай  ауыр  түрде  болмау  керек.  Егер  осы  бақылау  түрлері 
жиі  аралықтарда,  аз  уақытқа  ғана  және  аз  сұрақтар  түрінде  периодты  түрде  өткізіліп  отырса, 
осы  жағдайда  берілген  білім  автоматты  түрде  студент  тұлғасының  жадында  еріксіз 
сақталатынына  күмәніміз  жоқ.  Әдістердің  көптүрлілігі  студент  білімінің  деңгейін  және  әрбір 
кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға көптеген мүмкіндіктер береді.
 
Қазіргі  таңда  тест  түрінде  қолданылып  жүрген  бақылау  түрі  біздің  білімді  бағалау  мен 
емтихан  алу  үдерістеріне  толықтай  өзгеріс  енгізіп  үлкен  орын  алып  отыр.  Оқушылардың 
жетістіктерін  диагностикалап,  сапалық  қасиетін  фиксациялауға  мүмкіндік  беретін  әдеттегі 
тесттік  тапсырмалароқушылардың  оқу  жетістігін  өлшеуде  және  бағалауда  зор  мүмкіндіктері 
бар  болғанмен  де,  қазіргі  технологияның  даму  шартында  білімді  бағалаудың  жаңа  әдістерін 
енгізу аса қажеттілікті талап етеді. 
Қазіргі таңда мобильдік қосымша бағдарламалар мен 4G  интернеттің, смартфондардың 
күнделікті  өмірімізге  толықтай  және  жаппай  енуімен  білімді  бағалау  мен  бақылауда 
қолданылатын  заманға  сай  көптеген  мобильдік smart бағдарламалардың  да  дамуына  жол 
беріліп  отыр.  Осы  бағдарламаларды  сабақ  өту  процесінде  қолдану  және  баға  қою  жалпы 
студенттік  топты  ынталандыруды  күшейтеді.  Бұл  бағдарламалар  барша  халыққа  қолжетімді 
және шынымен де мобильді болып табылады. Олар мыналар: surveymonkey [1], kahoot[2] және 
т.б.  Ұсынылған  бағдарламалар  көптеген  алыс-жақын  шетел  университеттерінде  жаңадан 
белсенді  түрде  қолданылып  келеді [3]. Осы  тұрғыда  біздің  мақсатымыз – мобилді  тест  алу 
бағдарламаларын қолдану бойынша тәжірибемізбен бөлісу. 
Яғни,  көптеген  бағдарламалар  бар  болғанымен,  негізгі  осы  екі  бағдарламаларды 
салыстыра  отырып,  тәжірибеде  қолданылған  нәтижелерді  көрсетуге  тырысамыз.  Ең  бірінші 
қолданушы  тұлға 1-суреттегідей  онлайнтүрде kahootсайтында  оқытушы  статусында 
университеттің  атынан  тіркелу  қажетнемесе surveymonkeyсайтында  қарапайым  тұтынушы 
ретінде тіркелу қажет.  
 

204 
 
 
 
 
1-сурет. Бағдарламаларда онлайнтіркелу 
 
Тіркеліп  болғаннан  кейін  оқытушы  өзіне  қажетті  тесттің  атын  қойып,  мысалға  біз 
«Бақылау сұрақтар №1» атадық, осындай бірнеше тест түрлерін құрастыра алады. Осы тесттің 
ішіне 2-суреттегідей видеоматериалдар, суреттер мен әр түрлі медиафайлдар енгізуге болады. 
Химиялық формулаларды jpg форматында енгізуге болады. Медиафайлдардың ашылу уақыты 
мен  келесі  сұраққа  ауысу  уақыты  оқытушы  тұлғасымен  реттелінеді.  Дұрыс  жауап  санын  да 
оқытушы өзі белгілей алады. Яғни ашып айтқанда жауаптар санын 7 қойып оның ішінде 3-ін 
дұрыс жауап ретінде де қою мүмкіндігі бар. 

205 
 
 
 
2-сурет. Сұрақтарды құрастыруды қазақ тілінде де орындауға болады. 
 
Тесттік  түрдегі kahoot онлайн  бағдарламаны  қолдану  үшін  келесі  құралдар  болса 
жеткілікті: 
а) ноутбук; 
ә) проектор; 
б) 3Gинтернет немесе смарфондарға қажетті мобильді бірліктер. 
Байқап отырғанымыздай бұл kahoot мобильдік тест алу әдісін ұйымдастыруға күнделікті 
қолданыстағы құралдар болса жеткілікті. 
Қолдануға қойылатын талаптар келесідей:  
  студенттер  регламентке  сай  оқытушы  бекіткен  уақыт  аралығында  (мысалға, 10 сек 
ішінде) дұрыс жауапты таңдауға дайын болу керек. 
  сәйкесінше қажет материалға толық дайындалып келу қажет. 
Surveymonkey сайтында жұмыс жасау үшін барлық қатысушылар бір үақыт аралығында 
жұмыс жасауға мүмкіндігі шектелген. Себебі барлығы синхронды түрде жұмыс жасай алмайды. 
Сонымен қатар,  kahoot мобильдік тест алу әдісімен салыстырғанда бұл ортақ экранға шығару 
мүмкіндігі  жоқ.  Жалпы  айтқанда surveymonkey бағдарламасы  жеке  өз  уақытында  орындауға 
арналған  бағдарлама  болып  табылады.  Негізінде  тәжірибе  көрсеткендей  жұмыс  орнында 
анонимдік  әлеуметтік  пікірлерді  талқылауға  (автор:  орысша - соцопрос)қолданыс  тапқан 
бағдарлама болып табылады.  

206 
 
Негізінде kahoot мобильдік  тест  алу  әдісінің  артықшылығы  қолдану  кезінде 
компьютердегі  экранды  студенттер  бірден  оз  смартфондарынан  қарап  параллельді  осы  сайтта 
жұмыс жасай алатындығы (3-сурет): 
 
 
3-сурет.Студенттердің тест өту алдында өз смартфондарында тіркелуі 
 
Сайтта  синхронды  жұмыс  жасау  үшін  оқытушының  талабымен  виртуалды  бөлмелерге 
тіркеледі  және  ол  бөлменің  нөмірі  көрсетіледі.  Тестке  жауап  беру  оқытушының  талабы 
бойынша белгілі бір уақытқа қойылатындықтан  (мысалға, біздің жағдайымызда бір сұраққа он 
секунд берілді) студенттің ешқандай шпоргалка қолдану мүмкіндігі болмайды. Бұны тағы бір 
артықшылық ретінде қарастыруға болады.  
Бұдан  басқа  қазіргі  таңда  мобильдік  бірліктің  арзандығы  мен  университетіміздің Wi-Fi 
ауданында отырған адамға бұл бағдарламаны қолдануға еш кедергі жоқ екені тағы бір оңтайлы 
жағы екенін баса айта кету керек. 
Бұл kahoot мобильдік  тест  алу  әдісін  қолданудың  тағы  бір  артықшылығы  шыққан 
нәтижелерді  компьютер  өзі  есептеп  береді  және  әр  қатысушы  студенттің  смартфонына 
шығады. Яғни, оқытушының жұмысты тексеруге кеткен уақытын үнемдейді. Атап өтетін тағы 
бір  оңтайлы  тұсы – сұрақтар  мен  жауаптарды  жазу  кезінде  формулаларды  жазуға  қажетті  әр 
түрлі шрифтерді таңдауға мүмкіндігі мол. 
 
 
4-сурет. Сұрақтарды құрастыру осы түрде жасалады 
Тура осы қызметте kahoot сайтына смартфондар мен планшеттерге компьютермен қатар 
параллельді  қолдану  талап  етілсе, surveymonkeyсайтын  қолдану  үшін  смартфонда  жаңа 
surveymonkey  бағдарламасын  орнату  талап  етіледі  және,  әрине,  бұл  осы  бағдарламаның 

207 
 
кемшілігі  болып  есептеледі.  Сонымен  қатар, surveymonkey бағдарламасын  негізінен kahoot  
бағдарламасыныкімен  функциясы  бірдей  болғанымен surveymonkeyбағдарламасында  формула 
жазу мүмкіндігі жоқ. Осы себепті гуманитарлық пәндерге қолдану барынша қолайлырақ.  
Осындай мобильді бағдарламаларды тұтыну студент тұлғасына қандай пайда әкелетінін 
қорытындылайық: 
1.  Дәрістерде пассивті немесе бос отырған студенттерді тапсырмамен жүктеу, яғни дәріс 
аяқталардан бұрын 5 минуттік бақылау болатынын білген студент дәрісті мұқият тыңдайды; 
2.  Студенттің бүкіл дәріс бойында белсенділігін бірден көтеріп алуға болады; 
3.  Еш пассивті студент болмайды; 
4.  Тестілеу түрі студенттер көзқарасында ойын түрінде өтеді; 
5.  Дәріс оқушы тұлғаның материалды анализдеуі мен дәріске дайындалуы, материалдың 
ұғымдылығын арттыртуы сияқты процестердің дамуына жол береді; 
6.  Екі жақты байланыс орнатылады – оқытушы тарапынанжәне студент тарапынан; 
7.  Қолданылуы өте оңай қолжетімді әдіс; 
8.  Нәтижелерін  студенттер  әркім  өзі  көруге  асығады,  яғни  оң  көңіл-күй  бүкіл 
аудиторияға таралады; 
9.  Оқу үлгерімін арттырады, яғни өткен материалды бірден қайталауға мүмкіндік береді. 
Себебі нәтижені бірден айқындап береді; 
Сонымен,  мобилді    сұрақтар  көмегімен Prof. Alf Inge Wang(Norwegian University of 
Science and Technology)зерттеу  жүргізу  барысында  сабақ  үлгерімін 1-2 пайызға  арта  түскенін 
дәлелдеген  екен [4]. Негізінде  бұл  бағдарлама  мектепте,  университетте,  жұмыста,  сонымен 
қатар,  тәрбие  сағаттарын  ұйымдастыру  мен  жүргізу  кезінде  де  үздік  қолданыла  алатын 
бағдарлама болып табылады, себебі бұл жерде тест қабылдау ғана емес қосымша функциялары 
да  бар.  Бұл  орайда  психологиялық  тесттер  жасауда,  қарапайым  халықтың  пікірін  дискуссия 
функциясын қолдану арқылы білуге, бірнеше дұрыс жауабы бар тест түрлерін жасауда оңтайлы 
әдіс болып табылады. Қорытындылай келе осындай жаңа әдістерді университет қабырғасында 
дәстүрлі түрде қолданылып жүрген алуан түрлі интерактивті әдістер қатарында қолданылуын 
арттыру  осы  мақаланың  негізінде  жүзеге  асады  деген  үміттеміз.  Жалпы  осы  әдіс  біздің 
тәжірибемізде жиі қолданыс тауып жүр. Бастапқыда тәрбие сағаттары мен 100 кітап аясындағы 
интеллектуалды  ойындарды  ұйымдастыру  мен  жүргізу  мақсатында  қолданған  едік.  Кейінірек 
дәріс  алды  немесе  дәріс  материалын  соңынан  қорытындылау  мақсатында  қолдану  іске 
асырылды.  Шынымен  де  студенттердің  бірден  белсенділігі  арттырылып,  осы  бағдарламаны 
қайта  қолданатынымызды  білгеннен  соң  келесі  дәрістерді  мұқият  тыңдауға  тырысты.  Жалпы 
осы kahoot мобильді  тест  алу  әдісі 2 жыл  бұрын  Норвегия  ғылым  және  технология 
университетінің профессоры Alf Inge Wang  құрастырған жас әдіс болғандықтан бүкіл әлемге 
танымалдығы енді ғана өсіп келе жатқан әдіс болып табылады. 
 
Қолданылған интернет мәліметтер: 
1.  http://surveymonkey.com официалды сайты; 
2.  https://getkahoot.com/ официалды сайты; 
3.  http://edtechreview.in/news/1490-how-kahoot-can-help-teachers-to-engage-students 
4.  Alf Inge Wang өз жеке дәрісі «Game-based Learning in the Classroom» - Alf Inge Wang. 
https://www.youtube.com/watch?v=nI1ljwFVyjY 
 
 
 
Мырзабеков М.С., Мырзабекова Р.С. 
 
ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ТӘСІЛДЕР ЖӘНЕ 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ 
 
Жоғары  білім  қоғам  өмірінің    ең  маңызды  және  мәні  бойынша  оның  стратегиялық 
бөлігі.  Жоғары  білімнің  бірінші  деңгейлі  маңыздылығы  көптеген  жағдайлармен  анықталады. 
Ол – жоғары  білікті  мамандарды  дайындау  механизмі,  қоғамда  білімді  мүшелерді 
қалыптастыратын құрал, болашақтың интелектуалды потенциалын ұдайы өндіретін тәсіл және 
рухани мәдениеттің маңызды элементі болып табылады. Университет үнемі саяси қоғамға әсер 
етеді, сонымен бірге саяси қоғам да жоғары білімге маңызды ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың 

208 
 
формалары  алуан  түрлі  және  оның  тиімділік  дәрежесі  де  әртүрлі.  Сондықтан,  саясат  пен 
жоғары  білімнің  өзара  ықпалдасуы  ұлттық  білім  беру  жобасының  жолдарын  сараптау 
көзқарасы бойынша да жалпы саяси мәдениеттің даму тарихын зерттеу көзқарасы бойынша да 
өзекті.  Қазіргі  социумда  жүзеге  асып  отырған  сапалық  өзгерістер  мәдениетке,  саясатқа 
байланысты жоғары білімнің саналы түрде нақтылануын талап етеді.  
ХХІ  ғасырдағы  адамзат  қоғамының  сипаты  және  даму  бағыттары  ғаламдық 
құбылыстармен  айқындалып  отыр.  Олар – барлық  адамзатқа  ортақ  гуманитарлық,  экономи-
калық   мәселелерден  туындайтын  қарама-қайшылықтардың  көбеюі;  қоғамдық-экономикалық 
қарым-қатынас  жүйесіндегі  жаһандану  және  ірі  геосаяси  өзгерістер  үрдісінің  кеңеюі; 
ақпаратқа,  білімге,  көп  мәдениеттілікке  негізделген  қоғамның  құрылуы;  адам  капиталы 
құнының артуы. 
Бұл  шарттарды  орындау  үшін  Қазақстан  ең  алдымен  Батыс  Еуропа  тәжірибесіне 
сүйенуі маңызды. Себебі, дәл осы мемлекеттерде жоғары білім саясаты ежелден қалыптасқан. 
Екіншіден,  Батыс  Еуропа  елдері  қазіргі  заман  талабына  сай  әлемдік  жоғары  білім  жүйесін 
құрған.  
Қазіргі  кезеңде  әлемдік  қауымдастықтағы  мемлекетердің  бір-бірінен  салыстырмалы 
тұрғыда  артықшылығы,  бәсекелестік  күш-қуаты,  олардың  табиғи  қорларымен  емес,  көбінесе 
адам  капиталымен,  инновациялық  технологияларды  және  ақпарат  ағымын  ұтымды 
пайдаланумен  анықталып  отыр.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың 
халыққа  жолдауында  да,  еліміздің  болашағы  шикізат  қорлары  мен  табиғи  байлықтарға  емес, 
зияткерлік  әлеуетке,  ғылымның,  жоғары  технологиялардың  дамуына  байланысты  деп  көр- 
сетті [1].     
Бұндай  жағдайды  қалыптастыру  үшін  білім  мен  ғылым  саласы  дәстүрлі  білім  беру 
жүйесінің  артықшылықтарын  сақтай  отырып,  білім  беру  жүйесінің  дамуындағы  әлемдік 
ұстанымдарды ескеретін, отандық білім беру жүйемізді әлемдік нормалар мен стандарттармен 
салыстыра  отырып  дамытатын  ерекше  инновациялық  даму  тәртібіне  өтуі  керек.  Осы 
мүмкіндіктерге  қол  жеткізетін  құралдардың  бірі – инновациялық  технологиялар.  Яғни, 
оқытушы  мен  білім  алушының  арасындағы  ықпалдастықтың  іргелі  жаңа  тәсілдері  және 
нәтижелерге  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету.  Қазіргі  тағда  прогрессті  алдыға  жылжытатын 
ғылыми инновациялар адамзат білімінің барлық салаларын қамтиды.  
Білім берудің интерактивті технологияларын қолдануда оқытушы мен оқушының және 
мәліметтің де рөлі ауысады. Мысалы, оқытушы енді мәлімет беруші емес, ол ұйымдастырушы, 
ал студент ықпал ету аймағы емес, ықпалдасу субъектісі. Мәліметтің өзі мақсат емес, әрекет 
ету құралы болып табылады [2].      
Жоғар оқу орындарында тарих пәндерін оқытуда қазір бірқатар тәсілдерді қолданамыз. 
Оларды  дәстүрлі  тәсілдер  деп  айтуға  болады.  Мысалы, «Мәселелік  дәріс» – мәселені  қойып, 
оны  шешу  жолдарын  қарастыру.  Мәселелік  дәрісте,  шынайы  өмірдегі  қарама-
қайшылықтардың  шешімі  теориялық  концепциялардан  ізделеді.  Бұндай  дәрістің  негізгі 
мақсаты – студенттің тікелей араласуы арқылы білім алу.  
Кеңірек қолданысқа  ие  болатын келесі  тәсіл – семинар-диспут. Семинар-диспут – бір 
мәселенің  нақты  шешімін  табу  жолдарын  анықтау  үшін  қолданылатын  ұжымдық  талқылау. 
Семинар-диспут қатысушылардың арасында диалогтық пікірлесу арқылы іске асады. Ол ақыл-
ой  қабілетінің  жоғары  болуын,  пікірталасқа  түсе  алу  қабілетін,  мәселені  талқылай  алу 
мүмкіндігін,  өз  көзқарасы  мен  сенімін  қорғай  алуды  және  өз  ойы  мен  пікірін  қысқа  жеткізе 
алуды талап етеді. Семинарға қатысушылардың  атқаратын қызметі мен  орны әр түрлі болуы 
мүмкін.   
Оқу барысында пікірталасқа түсу – тарихты мәселелік тұрғыда оқытудың бір тәсілі. Ол 
– сұраққа қарапайым, біржақты жауап талап етілгенде және оған альтернативті жауаптары бар 
мәселелік  жағдайларды  сараптағанда  қолданылады.  Пікірталасқа  барлық  қатысушыларды 
тарту мақсатымен оқытудың кооперативті тәсілін (оқу барысындағы ынтымақтастық) қолдану 
қажет.  Бұл  тәсіл – студенттердің  кіші  топтарда  бірлесе  жұмыс  жасау  мүмкіндігін  тудырады. 
Оқу  барысындағы  ынтымақтастықтың  негізгі  идеясы  қарапайым:  студенттер  өздерінің 
зияткерлік күштерін біріктіріп, ортақ мақсатқа жету үшін күш салады.              
Енді  халықаралық  тәжірибеге  сүйенсек.  Жоғары  білім  беру  саласында  Ұлыбритания, 
Германия  және  Франция  сиқты  батысеуропалық  елдердің  тәжірибесі  ерекше  қызық  болып 
табылады  және  екі  себеппен  түсіндіріледі.  Біріншіден,  бұл  елдер  қазіргі  уақытқа  дейін 
қалыптастырылған  жоғары  білім  беру  модельдерін,  атап  айтқанда,  англосаксондық 

209 
 
(Ұлыбритания)  және  континентальді  (Германия  мен  Франция)  құрайды.  Екіншіден,  дәл  осы 
мемлекеттер  (Италияның  қолдауымен) «Біртұтас  Еуропалық  Білім  Кеңістігін»  құруға  ниет 
білдірген.  Басында  экономикалық  интеграцияға  үміт  артқан  олар,  жоғары  білім  жүйесінің 
мақсатты, мазмұнды, ұйымдық әрі әлеуметтік нұсқауларын жаңарту деңгейіне жетіп, жоғары 
білім саясатын қалыптастыруда бірегей тәжірибе жинақтағаны анық [3].  
Мысал ретінде Германияның білім беру жүйесін алуға болады. Германияның білім беру 
жүйесінде төмендегідей ерекшеліктер бар:  
–  Германияда  мамандық  беретін  білім  беру  жүйесі  дуальдік  жүйеге  сүйенген.  Яғни, 
Германияның  жоғары  оқу  орындарындары  мамандарды  жұмыс  берушімен  бірлесе 
дайындайды.  Жұмыс  беруші  мамандарға  сұранысты  айқындайды.  Ал  университет  білім  беру 
стандартын  сақтауға,  біліктілігі  жоғары  оқытушылармен  қамтамасыз  етуге,  заманауи 
сұраныстарға  жауап  беретін  материалдық-техникалық  базаны  қамтамасыз  етуге  жауапты. 
Диплом алатын маманның біліктілігін анықтайтын емтиханды тәуелсіз комиссия қабылдайды; 
–  Германияның  жоғары  оқу  орындарындағы  білім  беру  жүйесі  студенттен  бастап, 
бірінші  жетекшісіне  дейін  демократиядан  тұрады.  Яғни,  студент  білімді  диплом  үшін  емес, 
болашақ  тәжірибеде  қолдану  үшін  алады.  Олардың  біліктілігі  маман  ретіндегі  болашағына 
ықпал ететінін, яғни, қоғамдағы орнын, игілігін анықтайтынын олар жақсы түсінеді; 
–  Сапа – немістердің  өзі,  өз  еңбегі,  өз  елі  үшін  мақтаныш  сезімін  қалыптастыратын  
көрегенді ұстаным. 
Сонымен  қатар,  Германияның  кәсібіи  білім  беретін  мектептерінде  жаңа  бағыттар  да 
қалыптасқан.  Бұл  лозунг,  шақыру  емес,  бюджетті,  материалдық  қорларды    тиімді 
пайдаланудың соңғы нәтижеге қол жеткізетін біртұтас жүйеі. Сондықтан кез-келген жоба мен 
кәсіби  білім  үшін  ұсынылатын  жаңалықтар  университет  кеңесі,  жұмыс  берушілер,  қаржы 
жағына  жауаптылар  арасында  жан-жақты  талқылауға  түседі.  Шешім  орынды  деп  табылған 
жағдайда ғана оны іске асыру үшін қаржы бөлінеді.  
Экономикасы  дамыған  елдердің  тәжірибесіне  сүйенсек,  мемлекеттің  игілігі  еңбек 
нарығында сұранысы жоғары жастардың игілігімен тығыз байланысты екендігін көреміз. 
Еуропада  білім  және  ғылым  үрдістерінің  ажырамастығы  қатаң  түрде  ұсталынады. 
Жоғарғы оқу орындарына үш аспектінің маңыздылығы бар.  
Бірінші  аспект – ЖОО  оқытушысы  оқытуды  ғылыммен  сабақтастыратын  ғылыми 
қызметкер, ғалым болып табылады. Студентке ғылыми процеске белсенді қатысатын оқытушы 
білім  береді.  Бұл  дәстүр  университеттің  қалыптасуынан  бастап  өмір  сүріп  келе  жатқан  салт 
болып табылады.  
Екінші  аспект – бірінші  аспектпен  үзіліссіз  байланыса  отырып,  студенттің  оқытушы 
жетекшілігімен  ғылымға  бет  бұруына  алып  келеді.  Курстық  және  дипломдық  жұмыстар, 
студенттердің ғылыми қоғамдарға қатысуы – осындай әрекеттердің қарапайым формалары.  
Үшінші  аспект –  іргелі  сипат.  Студент  ғылыми  білімнің  зерттеу  логикасына,  соның 
ішінде тәжірибе логикасына ие болуы тиіс.  
Еуропалық білім беру процесінің қағидалары элективті курстарды таңдауды қолдайды. 
Сондықтан оқытушылар бәсекелестік жағдайында болады.  
Қазіргі таңда біздің мемлекетте де әлеуметтік институттар мен жеке тұлғалардың білім 
беру  әлеуеті  белсенді  болып  отыр.  Қазақстанда  да  білім  беру  бағыты  өмір  сүруге  қажетті, 
қоғамдағы  жеке  тұлғаның  адаптациясына  мүмкіндік  беретін  білімді,  дағдыны,  іскерлікті 
қалыптастыру  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  білім  беру  саласы    жеке  тұлғаға  ықпал  ету 
технологиясын қалыптастыруда әлеуметтік және жеке қажеттілікке сүйенеді. Өзін-өзі дамыту 
механизімін  қоса  отырып,  жеке  тұлғаның  өзіндік  тұлғалық  қасиеттерін  қоғам  өзгерісіне 
икемделуге  итермелейді.  Білім  берудің  негізгі  қағидалары  қолжетімділік,  ашықтық,  сапа, 
үздіксіздік, тұрақты түрде жаңару, бәсекеге қабілеттілік болып табылады.  
Қазіргі  таңдағы  жоғары  білім  берудің  екі  деңгейлік  жүйесі  біршама  тиімді.  Себебі, 
білім тез ескіріп кетеді. Сондықтан бітірушіге кең дайындық беріп, оның білімі, қабілеті мен 
дағдысын  толықтырып,  жаңартып  отыруға  үйрету  аса  маңызды.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру 
бакалавриат 
міндетіне 
кіреді. 
Ал 
магистратура 
мақсатқа 
бағытталған 
терең 
мамандандырылуды мақсат етіп, әдетте магистрант ғылыми-зерттеу немесе оқыту жұмысына 
бейімделеді.  
Қазіргі білім берудің жетекші әлемдік тенденциясы информациялық қоғамның негізін 
қалыптастырады.  Тарих  пәнін  оқытуда 1972 жылдан  бері  танымдылық  алған  «модульдік 
жүйе» қолданылады [4]. Қазіргі білім беру жүйесінің оқу бағдарламалары шамадан тыс қанық: 

210 
 
бір  күннің  ішінде  бір  пәнді  екінші  пән  ауыстырады.  Кейбір  пәндерді  оқуға  аптасына 1 сағат 
ғана  бөлінеді.  Материалды  дәстүрлі  тәсілмен  жеделдетіп  өту  оны  игеруге  кедергі  келтіреді. 
Бұл  жерде  тек  бағдарламаны  игеру  ғана  негізге  алынады.  Бұндай  жағдайлар  қоғамдық 
пәндерді,  соның  ішінде  тарих  пәнін  оқыту  үшін  тән.  Сондықтан,  материалды  ұсынудың 
модульдік  ұйымдастыруын  берген  жөн.  Модульдік  жүйенің  тәсілі  кез-келген  сабақта  жаңа 
мәліметті игерумен қатар, мәліметті өңдейтін іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік 
береді.  Модульдік  технологияның  бір  бөлігі  рефлексия – оқу  қызметінің  құрамдас  бөлігі 
ретінде  түсіну,  оқыған  материалды  ой-санасынан  өткізу  деңгейін  арттырады.  Бұл 
технологияны  қолдану  оқытушы  мен  студенттің  біліктілігін  арттыруға  мүмкіндік  береді. 
Модульдік технологияның белгілері: 
-  Оқу әрекетін мақсатқа мотивациялау; 
-  Тәуелсіз, шығармашылық әрекетке мүмкіндік беру; 
-  Өзін-өзі бақылау және сыртқы бақылауды ұйымдастыру; 
-  Рефлексия негізінде оқу материалын игеру [5].   
Модульдік технологияның дәстүрлі оқыту түрінен бірқатар артықшылықтары бар: 
Икемділік,  саралау,  дараландыру  мүмкіндіктері.  Оқыту  мазмұнының  интеграциясы; 
оқыту  тәсілдері,  студенттің  жетістіктерін  бақылау  және  бағалау  жүйесі.  Оқу  әрекетін  оқу 
материалының  ерекшелігіне,  ұжымның  ерекшелігіне    сай  болжау  мүмкіндігі,  құрылымның 
ашықтығы,  динамикасы,  технология  сатыларының  сабақтастығы,  біртұтастығы.  Мәселелік, 
дамытушылық,  логикалық  сұрақтар  оқу  материалына  деген  күнделікті  дайындықты  қажет 
етеді. Қосымша әдебиеттерді қолданудың талап етеді. Нәтижесінде студентте жауапкершілік, 
мақсатқа ұмтылушылық сияқты қасиеттер пайда болады.    
Модульдік  технологиялар  мазмұнының  негізгі  ерекшелігі – әрекеттің  мақсаттық 
жоспары. Оқытушы модульді қалыптастырған кезде мақсат анықталады және сабақта модуль 
өңдеуден  өтеді.  Оқытушы  модульді  мақсатты  анықтап  қояды.  Ең  алдымен  кешенді 
дидактикалық  мақсат  қойылады.  Осының  негізінде  жақындастыратын  дидактикалық  мақсат 
қойылады.  Осында  кейін  модуль  пайда  болады.  Яғни,  модульдік  бағдарлама,  мақсат 
иерархиясы негізінде құрылады. 
Жұмыс тақырыптық жобалаудан басталады. Ол – білім беру мақсатына және сипатына 
сүйенеді.  Курстың  негізгі  идеясы,  мақсаты  анықталады.  Мысал  ретінде  «Орта  ғасырлар 
тарихы»  бойынша  тақырыптық  жоспарлауды  қарастырайық.  Пәнді  оқытуда  тарихты 
оқытудың өркениеттік танымына, ортағасырлық еуропалық өркениет хронологиясына (V–XV) 
сүйенеді.  Осы  өркениеттің  ерекшеліктерін,  феодалдық  қатынастарды,  қоғамның 
корпорацияларға  бөлінуін,  мемлекеттің  монархиялық  формасын,  дін  өкілдерінің  рухани 
өмірінің үстемдігін ескереді.  
Кіріспе  сабақта  студенттің  «өркениет»  түсінігіне  қатысты  білімі  жетілдіріледі  және 
«орта  ғасырлық  өркениет»  деген  түсінік  енгізіледі.  Оның  хронологиялық  шеңберлері 
анықталады, антикалық өркениетке қатысты материал қайталанады. Кіріспе сабақ материалын 
талқылау  барысында  анықталған  мәселе  негізінде  келесі  модульдің  мақсаты  анықталады. 
Осылай  алғашқы  екі  мордуль  қалыптастырылады.  Осыдан  кейін  екінші  деңгейлі  модуль 
қалыптастырылады, оалрдың оқу элементтері анықталады.  
Гуманитарлық  сабақтарды  оқытуда  оқу  материалының  молдығы  оқытушыны  жоба 
тәсілдерін  қолдануға  итермелейді.  Латын  тілінен  аударғанда  «проект» – «жолды  өз  бетінше 
ізде»  деген  мағына  береді.  Жоба  студенттің  зияткерлік  мүмкіндігін,  коммуникативті  және 
адамгершілік қасиеттерін, білім деңгейін, дағдысын, мақсатқа ұмтылуын, өзін-өзі дамыту және 
ұйымдастыру әрекеттерін көрсетеді. Жоба технологиясына «ой-талқы» әдісін қолдану дұрыс. 
«Ой-талқы»  әдісі  идеялардың  көптеп  қалыптасуына,  шығармашылық  ойлауын  белсендіруге, 
мәселені  шешу  үшін  дәстүрлі  ой-санадан  өзге  жолдар  іздеуге  мүмкіндік  береді. «Ой-талқы» 
әдісі  оқу  тобында  жаңа  идеялардың  тиімділігін  арттырады.  Жобалық  технология  америка, 
жапония мектептерінде кең қолданысқа ие.   
Дүние  жүзі  тарихын  оқытудағы  кең  қолданысқа  ие  болып  жүрген  келесі  тәсіл 
компьютерді  тарихты  оқытуда  қолдану. «Ежелгі  дүние  тарихы»  бойынша  әрбір  тақырыпқа 
қатысты  тесттер  дайындап,  үйрету  және  бақылау  бағдарламасын  қолдануға  болады.  Ежелгі 
дүние тарихына қатысты құжаттар, фильмнен үзінді, тағы басқа көрнекіліктер тақырыптың тез 
игерілуіне  мүмкіндік  береді.  Дүние  жүзі  тарихына  қатысты  көптеген  тақырыптарды  ашуда, 
дағды мен біліктілікті қалыптастыруда компьютерді қолдануға болады.  

211 
 
Жалпы,  қазіргі  кезде  тарих  сабағына  өзгеше  міндеттер  қойылып  отыр.  Ол  жеке 
тұлғаның  әлеуметтік  адаптациясымен,  қоғамдық  өмірге  белсенді  дайындықпен,  жалпы 
адамзаттық  құндылықтармен  байланысты.  Тарихтың  негізгі  мақсаты  жастардың  бойында 
патриоттық сезімді қалыптастыру, өткенге сын көзбен қарай алу және болашаққа бағдар жасай 
алуды үйрету болып отыр.  

1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал