46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет23/41
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41

Молдасан Қ.Ш. 
 
БОЛАШАҚ МАМАН ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, 
дамыту  мақсаттарын  қойып  отыр.Бұндағы  мақсат  білім  беру  жүйесін    заман  талабына  сай 
әлеуметтік-  экономикалық  бағытқа  лайық    бейімдеу  болып  табылады. 
Ғылым  мен  техниканың 
дамуы  және  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуға  қабілеттілігі  жалпыға  бірдей  бәсекелестік  жағдайында 
басты  фактор  ретінде  қарастырылуда.
Бүгінгі  таңда  нарық  талабына  сай  терең  білім  беру 
жүйесінің ерекшелігі – тұлғаны тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды 
дамыта  отырып,  үздіксіз  білім  алу  мен  өз  бетінше  ізденуіне  қажеттілік  тудыру.  Осы  аталған 
бағыт-бағдар  тұрғысынан  көріну  үшін  білім  беру  жүйесінде    жаңалықтар  мен  өзгешеліктер  де 
айқындалуда.  Жалпы  алғанда,  оқу  мазмұнының  мақсаты – тұлғаның  қабілеттілігі  мен  табиғи 
алғырлығын, ынтасын дамыту, мүддесі мен қызығушылығының жүзеге асыруын қамтамасыз ету, 
шығармашылық  ойын  қалыптастыруға  қажетті  білім,  білік    дағдыларын  арттыру    арқылы  кез 
келген  салада  қызмет  етуге  және  тез  өзгеріп  отыратын  заман  талабына  бейімделе  алатын 
маманды тәрбиелеу.   
Заман талабы үдерісіне байланысты білім беру саласындағы  өзгешеліктермен қатар білім 
беруді  жаңаша  ұйымдастыру,  оқу-тәрбие  мекемелерінің  заманауи  басқарылуы,  бағыттай 
үйлестіру,  білім  беру  мекемелерінің  құрал - жабдықтарындағы  және  ақпараттық  технология-
ларды  қолданудағы  талаптарды  жүзеге  асыру,оқытудағы    жаңаша  өзгерістер,  сондай-ақ,  бас-
қарудағы оң ізденістер де маңызды рөл атқарады.  
Осыған орай, педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру 
мен  тәрбие  бірлігін  сақтай  отырып,  білім  алушыға  берілетін  білімнің  үйлесімділігімен  қатар, 
әрбір  жеке  тұлғаның  ерекшелігін  ескере  отырып,  бағыт-бағдар  беру,  танымдық  ізденім-
паздығын  дамытудағы  оқытудың  прогрессивтік  қадамының  бірі  инновациялық  технология-
ларды  оқу  үрдісінде  пайдалану  болып  табылады.Инновациялық  технология – алға  қойған 
мақсатқа  жетудің  тиімділігіне  сай  оқытудың  әдіс-тәсілдері  арқылы  оқыту  мазмұнын  жүзеге 
асыру  болып  табылады.  Инновациялық  технология  мазмұн,  әдіс  және  құралдардың  өзара 
байланысы  десек,  ал  аталған  озық  әдістемені  сабақ  барысында  бағдарлама  мен  қойылған 
педагогикалық  міндетке  сәйкес  іріктей  білу  оқытушының  педагогикалық  шеберлігіне 
байланысты  болады.  Осы  ретте    білім  беру  технологияларын  әдіскер-ғалымдар    тұлғалық-
бағдарлы   білім  беру технологиялары, дамыта оқыту технологиялары, ұжымдық өзара оқыту 
технологиялары, проблемалық оқыту,т.б жіктейді.  
Ғылыми-техникалық  прогрестің  негізгі  басты  бағыттарының  бірі – білім  беру  үрдісін 
ақпараттандыру.  Бұл  бағыт  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту, 
қашықтықтан  оқыту,  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-тәрбие  үрдісінің 
барлық  деңгейлерінің  тиімділігімен  қатар  сапасын  жоғарылатуды  көздейді.
Ал,  дамыта  оқыту 
негізінде таным теориясы  арқылы тұлғаның  ойлау әрекеті   басшылыққа алынады.  Деңгейлеп 
оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік 
береді. Бұл тұлғаның  шығармашылық  белсенділігін арттырады. 
Проблемалық  оқыту  аясында  ғылыми  таным  нәтижелерімен  қатар    нәтижелерге  жету 
жолында білім алушының таным дербестігі қалыптасады әрі оның шығармашылық қабілеттерін 
дамытуға   болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 
 
"Қазақстан Жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" Жолдауында: «Қазір 
техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, 
талмай  ғылым  іздеген,  жалықпай  техника  меңгерген  адам  озады.   Тұрмысы  жақсы,  абыройы 
асқақ  болады.  Біз  жүзеге  асырып  жатқан  түбегейлі  реформалар  мен  атқарып  жатқан  қыруар 
істердің  бәрі  сендер  үшін,  болашақ  үшін  жасалуда»,  −    деп  атап  көрсетті.[1]  Яғни,  бiлiм    беру 
реформасындағы  бетбұрыстардың  жасалуы    білім    саясатының  негізгі  көрсеткіші  болып 
саналады.  
Білім беру жүйесін дамыту мен білім беру мазмұнына өзгеріс енгізу –  заман талабы. Бұл 
ғылыми  білімнің,  іскерліктің  жүзеге  асуы  болып  табылады.  Аталған  жүйе  негізінде  тұлғаның 
ақыл-ойы,  қабілеті  дамиды,  өзіндік  көзқарасы,  мінезі  қалыптасады.  Жаңа  ақпараттық 
технологиялардың  дамуы,  жеке  тұлғаның  жалпы  коммуникативті  мәдениетін  қалыптастыруда 

181 
 
білімнің  халықаралық  дәрежесінің  жоғарлауына    байланысты  білім    беру  жүйесінде,  сондай-ақ 
оның  мазмұны  мен  оқыту  технологиясында  да    көптеген    талаптар  мен  өзгешеліктер  енуде. 
Қоғамда болып жатқан  мұндай өзгерістердің жоғары білім беретін оқу орындарына  әсері  білім 
үрдісіне  ізгілік  және  демократиялық  бағыттарды  енгізуді  қажет  етуінен  айқын  көрінеді. 
Сондықтан,  бүгінгі  педагогикалық  білім  берудің  мақсаты  мен  мазмұны  қазіргі  заман  талабына 
сай  білім  беру  жүйесін  реформалау  арқылы  жоғары  кәсіби  педагогикалық  білім  жүйесінің 
құрылымдық  және  мазмұндық  өзгертілуін  талап  етеді.Болашақ  маман  тұлғасын  қалып-
тастырудағы  инновациялық  технологияның  тиімділігі  технологиялардың  оқыту  талаптарымен 
үндес  болуы;  білім алушылардың  мүддесiне басымдылықтың берілуі;технологиялардың бiлiм 
сапасын  арттыруға  ықпалының  айқын  болуы;  студент    бiлiмiн  объективтi  бағалаудағы  
тиiмдiлiгi;технологиялардың  студенттің  әрекетiн  белсендiруге  ықпалын  болуы,  яғни, 
педагогикалық технологияның негізгі мақсаты–  білім алушылардың   даралық тұлғасын дамыту 
деп санаймыз. 
Баланың тұлғалық дамуы туралы белгілі психолог Д.Б. Эльконин: «Ересектердің қылығы, 
олардың өзара қарым-қатынасы, олардың затпен іс-әрекеті бала үшін қабылдаудың үлгісі болып 
табылады.  Бұл  нәрестелік  кезеңнің  соңына  таман  рөлдік  ойындардың  пайда  болуымен  толық 
мазмұнға  ие  болады.  Бұл  процесте  бала  өзінің  іс-әрекетінен  ересектердің  іс-әрекетін  таниды, 
өзінің  іс-әрекетін  ересектердің  іс-әрекеттерімен  ұқсастырады  және  соның  негізінде  өздерін 
ересек кісілердің атымен атайды»дейді. [2;147]  
Тұлғаның  бір-бірімен  қарым-қатынаста  тез  әрі  шапшаң  тіл  табысу  қабілетін  қалыптас-
тыру  үшін  педагогикалық  теория  мен  тәжірибеде  диалогтік  және  пікірталастық  әдістемелер- 
дің  топтамасы  қолданылып  келеді.  Мұндай  әдіс  тұлғаның  қарым - қатынас  барысындағы 
икемділігін  көрсете  білуін  және  өз  көзқарасын  дәлелдеуде,  ойын  жеткізе  білу  қабілеттерін 
қалыптастырады. 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында  
білім  берудің  мақсаты:  «Жылдам  өзгеріп  отыратын  дүние  жағдайларында  алынған  терең 
білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі 
дамытуға  және  өз  бетінше  дұрыс,  адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға 
қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру»,−  деп  айқын  көрсетілген. [3] Бұндағы  негізгі  мақсат – 
білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға 
қабілетті тұлға тәрбиелеу арқылы білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіру, ұлттық рухымызды 
әлемдік  деңгейге  жақындату.Бұл  міндеттерді  орындау  үшін  болашақ  мамандарды  даярлауда 
қазіргі  қоғам  үрдісіне  сай  жаңа  технологияларды  қолдана  отырып  білім  беру  қажеттігі 
туындайды.   
Қазіргі  таңдағы  егеменді  еліміздің  болашағы  дарынды,  білімді,  ізденімпаз  жастарға 
байланысты.  Осыған  орай,  бүгінгі  тұрған  басты  міндет - өзіндік  айтар  ой-пікірі  бар,  жоғары 
сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен 
еркіндігін  кеңейту,  олардың  өз  бетімен  білім  алуға  деген  ынтасын  арттыру,  оны  өз 
тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру 
және дамыту болып табылады.  
Педагогикалық  жаңа  технология – іс-әрекетке,  оқыту  барысында  жүзеге  асатын 
педагогикалық жүйе. Ол – дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында қажетті 
әдіс-тәсілдер.  Ендеше,  педагогикалық  технология – оқу-тәрбие  үрдісінің  шығармашылықпен 
оқытумен  тәрбиенің  тиімділігін  қамтамасыз  етеді.  Жаңа  педагогикалық  технология  баланың 
жетілген  тұлға  ретінде  дамуы  үшін  маңызы  зор.Қазіргі  уақытта  педагогика  ғылымының  бір 
ерекшілігі – баланың  тұлғалық  дамуына  бағытталған  жаңа  оқыту  технологияларын  өмірге 
енгізуге  ұмтылуы.  Жаңа  технология  түрлерін  сабақта  пайдалану,  тұлғаның    шығармашылык, 
интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына 
әкеледі.  
Жаңа  педагогикалық  технология  мақсаты – оқытуды  ізгілендіру,  яғни  оқу  құралдары 
тұлғаның  өздігінен  танымдық  іс-әрекетін  жүргізе  алатындай  болуы  керек.  Білім  беру  жүйесін 
ақпараттандыру  бағыты  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта 
оқыту,дара тұлғаға бағыттап оқыту, қашықтықтан оқыту,т.б мақсаттарын жүзеге асыра отырып, 
оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарылатуды  көздейді.  
Оқыту  әдістері:  әңгіме,  дәріс,  кітаппен  жұмыс,  көрнекілік  әдіс  (бақылау,  демонстрация, 
иллюстрация),  зерттеу,  өзіндік  оқу  жұмыстары,  танымдық  ойындар,  ситуация,  сұхбат),бақылау 
және өзіндік бақылау әдісі (бағдарламалы оқыту, білім беруді бақылау) жатады. Сонымен оқыту 

182 
 
әдісiнiң  атқаратын  қызметi  бiлiмдендiрудегi  тиiстi  мақсатќа  жету,  ал  мақсатқа  жету 
оқытушының  шеберлiгiне,  бiлiмділігіне,  оқу  процесiн  тиiмдi  ұйымдастыра  бiлуiне,  білім 
алушыны ынталандыра алуына байланысты жүзеге асады. 
Болашақ  маманның  өмірге  көзқарасы,  дүниетанымы  кең  болуы  керек.  Дүниетаным - 
адамның  табиғат,  қоғамдық  өмір  туралы  білімдерінің  жүйесі.Дегенмен,  қазіргі  кезеңде  жоғары 
оқу  орындарының  негізгі  мақсаты    оқу  мен  тәрбие  жұмысын  дамыту  ғана  емес,  еліміздің 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайын  жетілдіру  бағытында  студенттерге  нақты  білімнің  берілуі 
нәтижелі  болып  табылады.  Білім  беруде    білім  алушының  өмір  сүру  сапасына  сай  кәсіптік 
білімді меңгеруі  айырықша сипатқа ие.  Бұл  берілген  білімнің  қоғамдағы  жаңа әлеуметтік-
экономикалық  талаптарға  сәйкестігіне  келіп  ұласады.  Әрине,  бұл  қойылған  мақсатқа  толық 
жетуді  қамтамасыз  етуде  сабақты  инновациялық  технологиясыз  түсіндіру  және    оны  қайта 
айтқызудан  тұратын  продуктивті  оқумен  ғана    шешу  мүмкін  емес.  Дәстүрлі  оқыту  әдісіне  қа-
рағанда,  электронды    оқулық,  инновациялық  технология  арқылы  білім  беру  студенттің  пәнге 
деген  қызығушылығын,  ізденісін  арттырады.  Оқытушының    инновациялық  іс-әрекеті – өз 
қызметіне жаңа технологияларды енгізуі десек, 
жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас 
ұрпаққа-адамгершілік-рухани  тәрбие  беруде 
оқытушылар  осы  талапқа  сай  оқытудың 
инновациялық технологияларының мән-мағынасын түсініп, өз тәжірибелерінде қолдана білуінің 
маңызы зор.   
Жалпы педагогикалық технологияның дамуының қайнар көздерiн педагогикалық психоло-
гияның,  әлеуметтану  ғылымының,  этнопедагогиканың  жетiстiктерi  мен  озық  педагогикалық 
тәжiрибелер, сондай-ақ, отандық, шетелдiк педагогикадағы жинақталған асыл қорлары құрайды.  
Сол  себептi  де  технология  өткеннiң  жетiстiктерi  мен  жаңашылдықты  тоғыстыратын,  оқыту 
жүйесiнiң  барлық  мүмкiндiктерiн  оқушының  дамуына  пайдалануды  көздейтiн  бiртұтас  ұғымға 
айналады.Бiлiм  беру  саласында  инновациялық  үрдiстi  жүзеге  асыруда  мүмкіндіктерді 
түрлендiрудi талап  етеді. Білім  беру жүйесінде  оқытуды  басқару  үдерісінің  негізгі  бағыты XXI 
ғасырдың  талаптарына  сәйкес  қоғамды  дамытудың  жоғары  тиімді  технологияларына  сүйенген 
жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. 
Қорыта    айтқанда,  замана  жетiстiктерi  негiзiнде  жас  ұрпаққа  сапалы  бiлiм  берудi  мақ- 
сат  ете  отырып,  жаңа  қоғамға  лайықты  өмірден  өз  орнын  табатын,  зерделі  тұлға  тәрбиелеу  − 
бүгінгі  күннің  басты  ерекшелігі,  сол  талап  тұрғысынан  шығу  жолы  сапалы  да  нәтижелі  білім 
беру.  Осы  айтылған  технологиялардың  қайсысы  болмасын,  қазіргі  заман  талабына  сай 
интерактивті  оқытуды  қамтамасыз  етуге  (модульдер  құру,  жағдаяттар  түзу,  блоктарға  бірік- 
тіру,  мақсат  пен  нәтижені  үйлестіру,  рөлдік  ойындар,  пікірталастар,  ой  қозғаулар,  зерттеу- 
шілік-ізденістік  жұмыстар  т.б.)  қызмет  етеді.  Бұл  педагогикалық  технологияларды  тиім- 
ді  қолдану,  жаңаша  (инновациялық)  оқытуға  жеткізетін  жол  болып  табылады.  Оқу  үрді- 
сінде  инновациялық  технология  арқылы  білім  беру  жеке  тұлғаның    өзіндік  көзқарасын 
қалыптастырады,  сондай-ақ,  білім  алудың  негіздерін,  кәсіби  шеберлігін,  жаңа  ақпараттық 
технологияны  қолдануды  білдіреді.  Қоғамның  сұранысына  сай  жаңа  технологияларды 
пайдалану  арқылы  білім  беру    бәсекеге  қабілетті  мамандар  даярлау  мәселесі  де  айқындала 
түспек. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. «Қазақстан  Жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму»  Жолдау.  Егемен 
Қазақстан.30 қараша 2015ж. 
2. Психология.  Адамзат  ақыл-ойының  қазынасы. 10томдық:  Дамыта  оқытудың  мәселелері: 
теориясы  және  практикасы.  Том./  Жетекшісі  акад.  Ә.Н.Нысанбаев.  Алматы: «Таймас»  баспа  үйі, 2006 
−448 бет. 
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен 
Қазақстан, 2003. 26 желтоқсан. 
 
 
 
 
 
 
 
 

183 
 
Молдабеков Ж. 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПӘНІНІҢ ҰСТАНЫМЫ, ҰТЫМДЫЛЫҒЫ 
ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ 
 
Жоғары  оқу  орындарына  арналған  «Мәңілік  Ел»  оқулығы  қазақ  және  орыс  тілдерінде 
тұңғыш рет жарық көрді.  Авторлар алқасын ұйымдастырушы және оқулықты басып шығарған 
Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті.  Оқулық  әзірге  «педагогика» 
мамандығы аясында сынақтан өтуде. 
Окулықтың  арқауын  Елбасы  Н.  Назарбаевтың  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясы 
құрайды.  Жаңа  пәнді  оқытудың  маңызды  жақтарына, (1) оны  болмыстық  құбылыс,  тарихи 
кезең,  әлеуметтік  арман,  ұлттық  идея,  қоғамдық-адамгершіл  бағдар  ретінде  түсіну,  түсіндіру; 
(2) ұлттық сана-сезім мен ұрпақтық рух тұтастығын қалыптастыру тәсілдер; (3)  жаңаша ойлау 
машығын жетілдіру, тура да толық сөзді түгендеу мәселелері жатады.  Мәңгілік Ел ұстанымын 
төрт  іргелі  талап  тұрғысынан – (1) қазақ  халқының  тарихи  құбылыстары  аясында 
талқылаудың, (2)  қазақ  елінің  әлеуметтік-мәдени  үрдісі  құрамында  түсінудің, (3)  Қазақ-
стандағы дәстүр мен ұлттық тәжірибе инновациясының арақатынасы арқылы   түсіндірудің, (4) 
болашақ  Қазақстанның  қоғамдағы  және  адамзаттық  өркениеттегі  алатын  орны  мен  рухани 
маңызын анықтаудың қажеті артуда.  
Мәңгілік  Ел  ұстанымы (1) бүгінді  бұрынғымен  және  болашақпен  теңестіретін  тарихи 
кезең  мен  қоғамдық  көрініске  сүйенеді; (2) ұлттық  рух  пен  ұлттық  сана-сезімді  топтастыруға 
ұйытқы  боларлық  ауқымды  да  жүйелі  өлшемге  негізделмек; (3) ел  мұраты  мен  болашағына 
лайықты  реформаларға,  егеменді  елдің  іргетасын  әлемдегі  күшті  мемлекеттермен  иық 
тірестіретін  қарқындарға  бағытталмақ.  Ұлттық  қонымдар - қоғамдық  құбылыстың  жасампаз 
әлеуетінде  және  пәрменді  күштерінде;  жалпыұлттық  мұрат  пен  ұлттық  бағдардың  біртұтас  
өресінде;  ел    болашағына  арналған  реформа  мен  инвестиция  қуатында;  егеменді  елдің  ірге-
тасын  әлемдегі  күшті  мемлекеттермен  иық  тірестіруге  лайықты  қарқындарда.  Әрқайсысы 
болашаққа деген сенімді нығайтатын талпыныстар.  
Мәңгілік Ел ұстанымының іргелі міндеттері:   тарихи құбылыстар кезеңдері мен арқауын 
дер кезінде  талқылау;   Ұлы даладағы әлеуметтік-мәдени маңызы зор қозғалыстың қайнар кө-
зін  тереңірек  зерттейтін  технологияны  ендіру;  Қазақстандағы  дәстүрлі  мұра  мен  инновация 
арақатынасының    ұлттық  ағымын  зерделеп  айқындау;  қазақ  халқының  қоғамдағы  және 
адамзаттық  өркениеттегі  орны  мен  рөлін  дәйектеп  толықтыру;  -  қазақстандық  дәуірдің 
болашақ өрлеуіне ықпалдас тұлғалық  және әлеуметтік жауапкершілікті күшейту. 
Әлеуметтік-гуманитарлық  және  қоғамдық  пәндерге  бірдей  қатысты  іргелі  де  келелі 
міндеттер. Осы тұрғыдан оқулықтың маңызын -  тарих пен тағдыр тұтастығына, ел мен заман 
бірлестігіне, адам  мен  халық  тектілігіне  тұрақтайтын  бағдарламадан;  білімдарлықтың дүние-
танымдық,  қоғамдық,  болжамдық,  тәлімдік  маңызы  зор  функцияларынан;  философиялық-
әдістемелі  желіге,  интегративті-инновациялық  оқыту  әдістеріне  тәуелділігінен;  пәнаралық 
әдістемеге, әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесін мазмұндауға демеулік ететін әлеуетінен 
анықтауға болмақ.  
«Мәңгілік Ел» пәнін оқытудың мақсаты: 
 -  адамның  болмыстық  құбылысының,  қауымдастықтың  тарихи  кезеңінің,  тұлғаның 
әлеуметтік  арманының,  ұлттық  идеяның,  қоғамдық-адамгершіл  бағдардың  өмірлік  маңызын  
түсіндіру;  
-  адам  мен  ел,  ел,  халық  пен  қоғам  арасындағы  татулықты,  болашаққа  деген  сенімді 
нығайту; 
-  ұлттық  сана-сезім  мен  ұрпақтық  рух  тұтастығына,  ұлттың  өрлеу  дәуіріне  лайықты 
векторлы жұйені сабақтау;  
-  ел  болашағына  жақындатқызатын  жаңаша  ойлау  машығын  жетілдіру,  тура    сөзді 
толықтыратын өнерді түгендеу.   
Талап нақты, таңдаулы, тұрлаулы. Ол дегеніміз Мәңгілік Ел идеясының танымдық және 
әлеуметтік  маңызын  әр  оқырман  тұтас  та  толығырақ  түсінуі  керек,  әр  ұстаз  оны  дәйекті  де 
дәлірек түсіндіруі керек, ел азаматы оны елдік дамудың болашақ бағдарымен ұштастыра білуі 
абзал.  Жаңа  да  жасақтаулы  деәгейде  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  ғылыми  негіздері  мен 
жолдарын жасақтау - күн тәртібіндегі келелі мәселе.  

184 
 
Ендігі  «Мәңгілік  Ел»  пәнін    оқытуды  жаңа    деңгейге  көтергізетін    факторлар 
жинақталуда. Олар:  оқу  орындағы  ағартушы-педагогикалық  қызметті  уақтысында      құзырлы 
деңгейге  көтеретін  талпыныстар;  оқулықтың    идеялық  мазмұнын,  әдістемелі  мағынасын, 
тәрбиелік маңызын айқындай түсетін ұтымды ұсыныстар;  оқулықты әлеуметтік-гуманитарлық 
білім  саласына  енгізетін  жүйенің  уәжді  бастамалары;  білім  саласының  жаңа  субъектілерін 
қалыптастыруға бағытталған келісімді де кешенді педагогикалық жұмыстар. Болашаққа деген 
сенімді нығайтатын мұндай талпыныстар Мәңгілік Ел идеясын ілгері ұластырмақ.  
«Мәңгілік  Ел»  идеясы  - азаттықты  аңсаған  ата-бабаларымыздың  арманы  және  нұрлы 
жолы;  халық қазынасының жиынтығы, тарихи жәдігерліктің тұрлаулы өрісі; қоғамның рухани 
жаңғыруын, 
адамгершіл 
қалпын 
толықтыратын 
халықтық 
дәстүр 
мен 
мәдени 
ынтымақтастықтың басым қалпы;  елдікке бастау, ерлікке арқау, тәуелсіздікке тірек  болатын 
тартымды тұжырымдар желісі;  жалпыхалықтық бірлестікті нығайтуға, адами құндылықтарды 
жаңғыртуға  бағытталған  ұстаным.  Табандылық  пен  сауаттылыққа  мұқтаж  қомақты  да 
тұрлаулы талаптар. 
Ұлттық  идея  әлеуметтік  саясаттың  әділетті  талап-тілектерін  түсіндіретін  ғылыми 
қағидалардан,  интегративті  тәсілді  түрлендіретін,  мәдениеттануды  толықтыратын  жүйелі 
көзқарастардан өріс тапқан, ұрпақтардың рухани құндылықтарынан демеулік таппақ. Бұл елдік 
идеяда  адамды  тенсіздіктен  шығару,  тәуелсіздікке  жеткізу  алғышарттары,  қоғамда 
тұрақтылықты орнықтыру жолдары іріктелінеді, елдік пен ұлттық негізді тиянақтау тәжірибесі 
сарапталынады,  қоғамдық  өркендеудің  төрт  түбірлі  тиегі – тарихи,  тілдік,  мәдени  және 
этникалық дамудың кеңістігі адамгершілік аясына топтастырылады. 
Ұлттың  өрлеу  дәуірі    өміршең.  Оның  мекем  идеяларының    арқауын - Қазақстанды 
мекендеген  халықтың қасиетті ортақ Отанында ширата аламыз;  ертеңгі болашақтың қорғаны 
болатын  жас  ұрпақтар  қабілетінен  табамыз;  қазақстандық  патриотизмді  сергітетін  тартымды 
іс-әрекетте  ұластырамыз;  азаматтық  қоғамдағы  белсенділікті  орнықтыратын    халықтық 
талғамынан өткен тәлім-тәжірибеде өрбітеміз. Әрбір елдік бетбұрыс пен бастаулар - жасампаз 
елдің  жаңғыруын  үдететін  үрдістер,  орайлы  сәттер,  төте  жолдар.  Елеулі  бетбұрыстар  мен 
бастаулар Қазақстанның стратегиялық нысаналы нұсқамасында тоғысады. 
Осындай  нысаналы  биік  тұғырдан, (1)   «Мәңгілік  Ел»  идеясының,  оны  оқытудың 
ғылыми  негіздері  мен  жолдарын    жүйелі  сараптамамен  жасақтаудың, (2) жүйелі  білімдар-
лықтың  дүниетанымдық,  қоғамдық,  болжамдық,  тәлімдік  функцияларына  тән  төрт  қызметті 
бір-бірімен  толықтыратын  жаңа  дәйекті  сараптаманы  жасау,  ұсыну  қажеті  артуда.  Оқу 
жүйесіндегі әдістемелі сараптама - балғын жастарымызды нағыз ер мінезді жігіттер етіп немесе 
қыз  мінезді  биязыны  тартымды  жан  етіп  тәрбиелеу  үшін;  жарасымды  жастарға  лайықты 
жұғымды  қасиеттердің  қажеті  мен  қадірін  көтермелейтін  кейіпкерлерді  қалыптастыру  және 
тәрбиелеу  үшін;  инновациялық  ізденіс  пен  әлеуметтік  өзгерістерді  іріктеу,  оларды  басқару 
үшін керек болуда. Содан «Мәңгілік Ел» пәніндегі жүйелі сараптау дегеніміз:  
-  келелі  міндетті    нақты  түсіну,  дұрыс  түсіндіру,  шешудің  тартымды  мүмкіндіктерін 
іздестіру, тиянақты жолдарын іріктеу;   
- бойда ұқыптылықты, үйлестікті, үнемшілдікті, ұстамдылықты қалыптастыру, ұлағатты 
ұмтылыстың қонымды арнасын ашу;   
-  тұлғалық  қайсарлықты  қамшылау,  қарым-қатынаста  шыдамдылықты,  шымырлықты, 
шынайылықты  мінез  тірегіне  айналдыру,  ал  сын  сағатта - өзін-өзі  белесенділікте 
қорғатқызатын дағдыны демеу;  
- адамның жан дүниесін жақындатқызатын сырластық, пікір алмастыратын, адамдармен 
тіл табысуға үйрететін ашық сұхбат, оның жұғымды жөн-жоралғысын қошаметтеу; 
-  әріптесті  көңіл  күйді  түсіретін  бос  кеуделіктен,  жалған  абыройдан,  аяқ  шалыстан 
сақтандыру,  көрінгенге еліктеушілікке ұрындырғызбау;  
- адамгершілікті әлдендіру, оның  айбарлы әдебін  үйрету арқылы иманды, ибалы, икемді 
болу, серіктесті кертартпа ішкі дағдарыстан шығаратын іргелі әрекеттерге белбуу; 
-  елдік  үшін  ерліктен,  еңселілік  пен  ептіліктен  тайынбайтын  ұстанымға,  тапқырлыққа, 
тәжірибеге  оралу,  отандық  рухқа  дем  беретін  елдік  түйсікті,  адамгершіл  байлықты 
ұлағаттайтын халықтық дәстүр-салтты жандандыру; 
-  әр  шаңырақтың  ақылшысы  да  қамқоршысы,  әр  әулеттің  көшбасшысы  болатын 
азаматты баптау;  
- отбасындағы  бірлік  пен  береке  тетіктерін  сабақтау, арақатынастағы  ортақ  ықылас  пен 
ырысты дер кезінде бағалау; 

185 
 
-  күнделікті  тіршілікте  өзін-өзі  ұстай,  көрсете  алатын,  өмірде  өзін  ширақ  та  сергек 
ұстайтын отағасы мен отанасын тәрбиелеу;   
- өнімді де өнегелі іс-әрекеттердің тәлімдік мөлшерін айқындау, тәлімді өмірлік бағдарға 
айналдыратын талпынысты таңдай білу; 
- қазақтың ескіден келе жатқан құндылықтарын сақтау - ұлағатты салт-дәстүрді әрдайым 
жаңғырту,  ал  сабақтау – жастардың  мерейлі  де  саналы  міндеті  екеніне  көзін  жеткізу.  Осы 
іспетті бағдарлы да әдістемелі ізденістерге дүниетанымдық және әлеуметтік сұраныс артуда. 
Әлеуметтік-гуманитарлық  білім  мен  кәсіби    білгірлікті  бір-бірімен  толықтыру,  қазақ 
елінің  сұранысын  мақсатты  ізденіспен,  іс-әрекетпен  туралау - қазақ  елін  тұлғалы  елге 
айналдыру мүмкіншілігін арттыру деген сөз.  Тиынақтылық - салааралық білімдер синтезінде, 
тұлғалық пен кәсіби деңгейдегі өзара түсінікте. 
«Мәңгілік  Ел»  пәні  әлеуметтік-гуманитарлық  білімдегі  салааралық  принциптердің 
қолданысын  кеңейтуге  жол  ашады.  Бұл  пәннің  жаңа  мәртебесі    заттық  танымды,  мінез-
құлықтағы  және  әлеуметтік  қарым-қатынастағы  іс-әрекетті,  болашақ  туралы  болжауды  ортақ 
бір  жүйеге  ырықтау  бағдарында  қалыптасады;  тарихи-мәдени  мұраларды  сақтау,  мұра 
құндылықтарын  қоғамдық  қажеттілікпен  сабақтастыру  әдістерінде  білінеді;  бастаманы 
интеллектуалды  дамыған  ортаның  мүддесіне  орай  қалыптастыратын  интегративті  жүйеде 
тұтастанады;  бүгінгі  және  болашақ  ұрпақтардың  мүдде-мұратын  есепке  алу,  солармен 
есептесу  үлгілерінде  жаңғырады;  халықаралық  мәдениет  пен  әлемдік  өркениетпен  үйлестіру 
тәжірибесін іріктеуде және ілгерілетуде қомақтанбақ. 
Ұлттық бұл ұстанымдар нақты, терең, берік, жүйелі білімді игеруге;  оқырманның өзін-
өзі  бейімдеу  мен  жетілдірудің  әлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктерін  қатар  өрбітуге, 
зерттеудің инновациялық бағыттарын әр қырынан көрсетуге бағытталған. Елдегі және әлемдегі 
күрделі  бетбұрыстар  мен  дағдарыстар  әлеуметтік-гуманитарлық  білімдердің,  олардың 
дүниетанымдық,  қоғамдық,  тәрбиелік  қызметін  жаңа  ұлттық  идея  тұрғысынан  жаңғыртуды, 
бүгінгі оқу практикасының гуманитарлық мазмұнын жетілдіруді  қажет етуде.  
 Халықтық тәжірибе мен ұлттық тәрбие - қазақ елінің тірегі әрі ұрпақ құндылықтарының 
тұтқасы. Қазақ елі мен халқының ұлттық, ұлағаттық үлгісін жүйелеу, қазақтың өзіндік танымы 
мен  тәжірибесін  мемлекеттік  және  өркениеттік  деңгейге  көтермелейтін  қазақтану,  елтану, 
өлкетану,  тұлғатану  ілімдерін  жас  ұрпақты  тәрбиелеуге  бағыттаудың  нысаналы  жақтары  
анықталуда.  Қазақ  елінің  осы  тектес  пайымшылдығы  мен  ұстамдылығына,  батылдығы  мен 
батырлығына  тағзым  ету,  ұлттың  рухани    бірлігінен  тәлім  алу - ел  қадірін  жоғарылатудың, 
маман құзырын мазмұндаудың  кепілдігіне  айналары хақ.   
   
 

1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал