№46 (7027) 15 қараша 2016 жыл



жүктеу 369.81 Kb.

бет4/4
Дата09.01.2017
өлшемі369.81 Kb.
1   2   3   4

15 қараша 2016 жыл

8

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Мектеп өмірі

Аудандық  «Нарын  жастары» 

жастар  қоғамдық  бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  әлеуметтік 

желілерді 

пайдаланушы­

лар  арасында  оздырылған 

«Менің  елім  –  Мәңгілік  ел» 

атты 

фотобайқауы 



өткен 

айдың  басында  жарияланған­

ды.  Ел  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығына  орайластырылған 

бұл шараның талаптарына сай 

қатысушы өз ауылының көрікті 

жерлерін  және  креативті  фотоларын  instagram 

желісіне  салуы  керек­ті.  Міне,  межеленген  уақыт 

өтіп,  жеңімпаздарды  анықтау  сәтінде  ең  үздігін 

бөліп­жару  қазыларға  да  қиынға  соққан  сыңайлы. 

Ол дұрыс та шығар, өйткені, қай кезде де әр қазақ 

үшін  туған  топырақтың  гүлі,  құмы  мен  қыры,  тіпті, 

тозаңы да қасиетті екені даусыз ғой. Ал, Мұратсай 

көлінің басында қимастықпен ұясына батқан күнге, 

жайқалған  қыр  қызғалдағының  ортасында  үлбіреп 

тұрған  кішкентай  бүлдіршінге, 

Нарын  құмының  қызығына 

батқан  балақайға,  жалпы, 

өзіндік 

әсемдігімен 

ерек­

шеленген  осы  байқауға  жі­



берілген  32  суретке  қалайша 

таңданбассың?! Десе де, бай­

қаудың аты байқау. Осылайша 

мұратсайлық  Айбек  Бисена­

лиев,  Ақерке  Қарағойшина, 

Тәттігүл Нәсиева, ханордалық 

Мират 

Қоржынбаев, 



На­

зерке  Байзонова  және  сайқындық  Бақытгүл 

Қонақбаевалар  үздік  деп  анықталып,  барлығы  да 

Дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жастарымыздың елге, жерге деген құрметін арт­

тыратын осындай шаралар жалғасын таба берсін. 

Әрі  көпті  сүйсінткен  көп  суреттің  ішінен  кейбірін 

газет  оқырмандарының  назарына  ұсынуды  жөн 

санадық.

Р.БАҚЫТОВА.

Туған топырақтың 

тозаңы да қасиетті

Отбасын кісіліктің кіші ордасы санаған 

дана халқымыз шаңырақтың шаттығы ерлі­

зайыптылардың бірі­біріне деген түсіністігі мен 

сыйластығынан тұрады деп ұғындырған. Осы 

жайды насихаттау мақсатында әрі Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай Орда ауылдық мәдениет үйінде «Отбасым 

– өнегем» атты байқау өтті. 

Айта кетелік, тақырыпқа сай шараны ерлі­зайыпты Медет­Венера Мусиндер 

жүргізді. Солардың хабарлауымен ең алдымен сахнаға еліміз егемендік алған 

жылы  шаңырақ  көтеріп,  күміс  тойды  Тәуелсіздіктің  ширек  ғасырымен  қатар 

мерекелейтін  жұптар  шықты.  Бүгінде    бала  өсіріп,  немере  сүйіп,  ынтымағы 

жарасқан жанұяларды Орда ауылдық округінің әкімі Медет Сисенов құттықтап, 

Алғыс хат пен ескерткіш сыйлық табыстады. «Тегін білу – тектілік» (танысты­

ру кезеңі, презентация, слайд), «Мақал – сөздің мәйегі», «Орда – өнерлілер 

өлкесі», «Екі жарты – бір  бүтін» (сұрақ­жауап, берілген тапсырманы орындау), 

«Отбасындағы бір күн» (отбасылық өмірден көрініс) атты кезеңдерден тұрған 

байқауға  ауылдық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Сисен  Байзонов  ағамыз 

бен оның зайыбы Жаңыл апа және түрлі шараларға қатысып, ауылымыздың 

үлгілі отбасы атанып жүрген Асылболат­Рита Оңаевтар қазылық етті. Барлық 

кезеңдерден  сүрінбей  өткен  Ғимран­Аяулым  Бердіғалиевтер  «Ең  үздік  отба­

сы»  атанса,  Мират­Арай  Қоржынбаевтар  «Өнерлі  отбасы»,  Мирхат­Жазира 

Қапизовтер «Өнегелі отбасы», Әділет­Нұрлыгүл Қойшыбаевтар «Жарасымды 

жұп»  номинациясын  иеленді.  Тәуелсіз  еліміздің  мәртебесін,  жанұяның  ме­

рейін көтеріп, отбасылық құндылықты бағалауға үндейтін осындай тағылымды 

шаңырақтар қатары көбейе бергей. 

А.БАЛАБАСОВА,

ауылдық мәдениет үйінің әдіскері.

Кісіліктің кіші 

ордасы – отбасы

Күз  –  берекелі  ай.  Осы  мерекеге  толы  жыл  мезгілін 

әр білім ордасында тиісінше атап өту, яғни, «Алтын күз» 

байқауын ұйымдастыру дәстүрге айналған.  Осы игі іс жуыр­

да біздің Қ.Сағырбаев атындағы мектеп­балабақшасында 

да жалғасын тапты. Тек «бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» 

болды.  Олай  дейтін  себебіміз,  мектебімізде  биыл  алғаш 

рет «Күзгі бал» байқауы оздырылған­ды. Сайыс 9­11 сы­

нып  оқушылары  аралығында  өтті.  Алғаш  рет  болғасын 

ба,  қатысушылардың  ерекше  құлшыныстары  дайындық 

кезеңінен­ақ анық көрінді. Шара барысында 23 жұп 4 би 

қойылымын (вальс, танго, ламбада, заманауи би) орында­

ды. Сайыс шартына сай балға лайық киім үлгісі де дайын­

далды.  Барлық  жұптың  арасынан  билеу  мәнерлерімен, 

жұптық  жарасымдылықтарымен  ерекше  көрінген  4  жұп 

соңғы айналымға жолдама алды. Финалда әр жұпқа жеке­

лей тапсырмалар берілді. 

Нәтижесінде  Бақдәулет  пен  Элеонора  «Жарасымды 

жұп», Нұрсерік пен Аяна «Өнерлі жұп», Рауан мен Жұлдыз 

«Көрермен  көзайымдары»    аталымдарын  иеленсе,  «Ең 

үздік жұп» атанған Аманбек пен Балнұрға тәж кигізілді. 

Ризашылығын  қошеметімен  жеткізген  жұртшылық  бұл 

кештен көңілді тарасты.

Айсезім АМАНГЕЛДІ, 

10-сынып оқушысы.

«Мектеп  –  білім  тірегі,  мұғалім 

оның  жүрегі»  деген  мақалдың 

мәні  шәкірт  зердесіне  көп  нәрсені 

ұқтырғандай. Ұстаздық – даналық пен 

көрегенділіктің  бейнесі.  Ол  –  күннің 

құдіретті  сәулесі  іспеттес  зор  тұлға. 

Алғаш  қолыңа  қалам  ұстатып,  сені 

білімнің  тереңіне  бойлатып,  үлкен 

өмір  арнасына  аяқтандырып  қосқан 

асыл жан әр жүректен лайықты өз ор­

нын табары хақ. 

Бала  шақтан  болашаққа  қанат 

қақтырған  менің  алғашқы  сүйікті 

ұстазым  –  Дариға  апай  Әбиева  кез­

дескен  қиындықтарға  мойымастан 

төтеп  бере  алатын  қайсар  адам. 

Оның 


бойындағы 

мейірімділігі, 

еңбекқорлығы  ізінен  ерген  бізге 

әрдайым  өнеге.  Биязы  үні  мен  ең 

алғаш  әріп    жазуға  баулыған  нәзік 

қолдары  әлі күнге көз алдымда. Сол 

сәттегі  толқыныс,  бүгінде  ұстазға 

деген  шексіз  сыйластыққа  ұласқан 

балаң  махаббат,  әттең,  тірліктің  кері 

оралмас шақтары ғой.

Кейін  сол  бастауышта  іргетасы 

қаланған  білімді  ту  қылып  ұстап,  әрі 

қарай үлкен белестерге қадам бастық. 

Өз ұстанымымда білікті адамдармен 

тығыз  байланыс  орнатып,  олардың 

жиған­терген өмірлік тәжірибелерінен 

үлгі  алуды  жетістік  санаймын. 

Жоғарғы  сыныпқа  келгесін  де  талай 

апай мен ағайларымнан тәлім алдық. 

Сыныбымызды  түрлі  сын­додаларға 

әзірлеп  жүрген  Нұрсәуле,  Аяжан, 

Бұлбұл  сынды  ұстаздарымызға  да 

алғысымыз  шексіз.  Олардың  ақ 

пейілі, шәкірттеріне, жұмысына деген 

сүйіспеншілігі адам жанын еліктірмей 

қоймайды. 

Шыны  керек,  биыл  ерекше  жыл. 

Өйткені,  алтын  ұядан  түлеп  ұшып, 

үлкен  армандарға  құлаш  ұрмақ  ни­

еттеміз.  Жылдар  бойына  рухани 

азық сыйлап, көкірегімізге нұр құйған 

алтын  жүректі  тәлімгерлерімізге 

«Ұстаз – ана, аялайтын барша жан, 

Ұстаз  –  дана,  бас  иетін  бар  ғалам» 

деп қимастық сезімді жеткізгіміз ке­

леді.


Балнұр РЫСҚАЛИЕВА, 

11-сынып оқушысы.

Берекелі айдағы мерекелі думан 

«Ұстаз – дана, бас иетін бар ғалам»

2014  жылдың  1  қыркүйегінде  басталған  мүлікті  жария  ету  акциясы  2016 

жылдың  31  желтоқсанына  дейін  жүргізіледі.  Жария  етуге  ақша,  құнды 

қағаздар,  заңды  тұлғалардың  жарғылық  капиталдағы  қатысу  үлесі,  жыл­

жымайтын  мүлік,  құрылыс  нормалары  мен  ережелеріне  сәйкес  келетін 

Қазақстан аумағындағы ғимараттар, сонымен қатар республика аумағынан 

тыс жерлердегі жылжымайтын мүліктер кіреді.

Қазақстан  аумағындағы  тиісті  түрде  ресімделмеген  жылжымайтын 

мүлікті жария ету үшін азаматтар тиісті өтініші мен заңнамада белгіленген 

құжаттардың  тізбесін  аудан  әкімдігі  жанындағы  комиссияға  ұсынады.  Ал, 

еліміздегі және шетелдегі мүлкін (ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғалардың 

жарғылық капиталдағы қатысу үлесі,  жылжымайтын мүлік) жариялау үшін 

тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгінеді.

Ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады. Біріншісі, оларды банк шотта­

ры арқылы көрсете отырып, өзінің кез келген мұқтаждықтарына пайдалану. 

Мысалы, бизнеске салу, жылжымайтын мүлікті сатып алу, т.б. Мұның барлығы 

10% алымды төлемей жүргізіледі. Екінші тәсіл, шетелдегі немесе қолма­қол 

айналымдағы  ақшаны  өтініш  беру  нысанында,  оларды  банк  шоттарында 

көрсетпей жария ету. Бірақ, бұл ретте бюджетке 10% алым төленеді.

Асығыңыз! Акцияның аяқталуына санаулы күндер қалды.



Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы.

С 1 сентября 2014 года по 31 декабря 2016 года в Казахстане проводится 

акция  по  легализации  имущества.  Легализации  подлежат:  деньги,  ценные 

бумаги,  доля  участия  в  уставном  капитале  юридических  лиц,  недвижимое 

имущество, здания находящиеся на территории Казахстана, соответствую­

щие строительным нормам и правилам, а также недвижимое имущество на­

ходящееся за пределами республики.

В Комиссии при акиматах граждане обращаются по вопросу легализации 

неоформленного должным образом недвижимого имущества, находящегося 

на территории Казахстана, предоставив соответствующее заявление и пере­

чень законодательно установленных документов.

Для легализации денег, ценных бумаг, доли участия в юридических лицах, 

недвижимого имущества, находящегося как на территории Казахстана, так 

и за его пределами, необходимо обратится  в Управление государственных 

доходов по месту жительства, представив соответствующую декларацию и 

перечень законодательно установленных документов.

Деньги можно узаконить двумя способами.

Первый:  Показать  их  через  банковские  счета  и  использовать  на  любые 

свои нужды, например: вложить в бизнес, купить недвижимость и т.д., и, на­

конец, просто снять. Причем все это будет производиться без уплаты 10%­го 

сбора.

Второй способ: Легализовать деньги, находящиеся за рубежом или в на­



личном обороте, в заявительной форме, не показывая их на банковских сче­

тах. Но при этом уплачивается в бюджет 10%­ый сбор.



Спешите! До конца акции осталось совсем мало времени.

Управление государственных доходов

 по Бокейординскому району.


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал