№46 (7027) 15 қараша 2016 жыл



жүктеу 369.81 Kb.

бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі369.81 Kb.
1   2   3   4

15 қараша 2016 жыл

6

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Семинар-кеңес

Қазақ діннен ажырамаған

Құдайсыздыққа 

тәрбиелеген 

атеистік  көзқарас  кезінде  де  таза 

тақуа  адамдардың  аз  болмағаны 

белгілі.  Қасиеті  мықты  молда­

лар,  сопылық  жолды  ұстанғандар 

заманның  тосқауыл  жасағанына 

қарамай,  Алладан  медет  етіп,  тірлік 

кешкен.  Тарихи  деректерге  үңілсек, 

ата­бабаларымыздың 

исламды 


қабылдағандарына  шамамен  1200 

жылдан  аса  уақыт  өтіпті.  Содан 

бері  бұл дін қазақ жерінде ұрпақтан 

ұрпаққа  жалғасып  келеді.  Тіпті  ке­

шегі  қылышынан  қан  тамған  кеңес 

дәуірінің  өзінде  қазақ  халқы  діннен 

безінбеген.

Қазақстан  тәуелсіз  ел  болып, 

өз  туын  көтерген  кезде  ғана  дін 

бостандығы  жаңа  арнаға  түсіп  жүре 

берді.  Қазақстан  Республикасы  өзін 

зайырлы  мемлекет  деп  жарияла­

ды.  Кезінде  патша  өкіметі  исламды 

тарату  саясатынан  бас  тартып,  рес­

ми  түрде  қазақ  халқын  шоқындыру, 

сол  арқылы  орыстандыру  саясатын 

ашық  жүргізгені  М.Мырзахметовтің 

«Қазақ  қалай  орыстандырылды?» 

атты  мақаласында  анық  жазылған. 

Конституциямызда:  «Қазақстан  Рес­

публикасы 

өзін 


демократиялық, 

зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік 

мемлекет  ретінде  орнықтырады, 

оның  ең  қымбат  қазынасы  –  адам 

және  адамның  өмірі,  құқықтары  мен 

бостандықтары»,­  деп  көрсетілген. 

Қазіргі  уақытта  ел  ішіне  іріткі  салып, 

халықтың  патриоттық  сезімін  аяққа 

таптап, мәңгүрт етуге тырысып жатқан 

дәстүрлі емес ұйымдар (секталар) да 

кездеседі.

Секталар...

Еліміз  тәуелсіздік  алған  жыл­

дары  –  қоғамдағы  идеологиялық 

тұрақсыздықты,  сондай­ақ,  заңды 

құқықтық  артықшылықты  ұтымды 

пайдалануға  тырысқан  жатжерлік­

тер дәстүрлі емес діни ұйымдар мен 

ұғымдарды бұқара арасына сыналап 

енгізді. Тек соңғы жылдары ғана «Діни 

қызмет  және  діни  бірлестіктер  тура­

лы» Заңға сәйкес елдің діни алаңы бір­

шама ретке келтірілді. Қазақстандағы 

діни  конфессиялардың  46  емес,  17 

екендігі  анықталды.  Діни  ұйымдар 

мен  бірлестіктер  саны  4551­ден  

3088­ге  дейін  азайтылды.  Осы­

лайша,  елдегі  діни  ұйымдар  саны 

32%  қысқарды.  Әділет  министрлігі 

ұсынысымен елдегі тіркеуден өтпеген 

32  діни  бірлестік  сот  шешімімен    та­

ратылды.  Қайта  тіркеуден  кейін  де 

елдегі  конфессияаралық  тепе­теңдік 

өзгермеді.  Ислам  діні  ұйымдары 

– 72, православия – 9, католиктік – 3, 

протестандық  –  14,  қалған  діни  кон­

фессиялар  2  пайызды  құрады.  Елде 

буддистік,  иудейлік  діни  конфессия­

лар да өз қызметтерін жалғастырды. 

Ұйып 

отырған 


отбасылардың 

жат  ағым  жетегінде  кетіп,  адам 

айтқысыз  айуандықтың  құрбаны  бо­

лып  жатқанын  көріп,  естіп­білудеміз. 

Алла  ондайлардың  бетін  әрмен 

қылсын. Діни сауатсыздықтың ақыры 

қаракөздерімізді  құлдыққа,  ауыр 

күнәға итермелеуде. Орал қаласында 

кәмелеттік  жасқа  толмаған  қызын 

ертіп  Сирия  асқан  байғұс  ана  мен 

оның  періште  сәбиін  қандай  қорлық 

өмір  күтіп  алды  десейші?!  Жетіл­

мей  жатып  жезөкшелікті  көрген  ол 

жалғыз емес. Оның артында тағы да 

арбаушылардың  тырнағына  ілінген 

қаншама  адасқандар  тағдыры  тұр. 

Егер әдемі сезім еліктірген жастардың 

махаббат  ойыны  осынау  теріс  ағым 

жетегінде  табысса  ше?  Ондай 

жағдайлар  да  аз  ұшырасып  жатқан 

жоқ.  Ең  қиыны,  сол  жанұялардың 

ұрпағы  да  осынау  қара  пиғылмен 

улануда. 

Арбалғандар..

Сонау 


бір 

жылдары 


Орал 

қаласында жаға ұстатар қорқынышты 

әңгіме  өрбіді.    Әке­шешесі  сектаға 

кіріп  кеткен  14­15  жастағы  қыз  бала 

кімнен  екені  белгісіз  әйтеуір  жүкті 

болып  қалған.  Сонда  ол  «баланың 

әкесі  кім?»  ­  деген  сұрақ  туындаған 

кезде  «Маған  Алла  өзі  берді»  ­  деп, 

кіммен  жақын  қатынаста  болғанын 

жасырған.  Сектанттар  иманы  әлсіз, 

діни сауаты жоқ халықты қуырдақтай 

қуырып,  олардың  өмірлерін  тозаққа 

айналдыруда.  Бұл  ащы  шындық. 

Ондай 


адасушылық 

студенттер 

мен  жаза  басып  темір  тордың  арғы 

жағында отырып келгендердің арасы­

нан жиі байқалады. Дегенмен, аудан 

жастарының  бүгінде  дәстүрлі  дінге 

бет алысы қуантарлық. Хақ Тағаланы 

танып,  Жаратқанның  шапағатына 

бөленуге  тырысатын  имандылар 

саны  жыл  сайын  артып  отыр.  Ауда­

нымызда  жұма  намазына  келушілер 

қатары  көбейіп  келе  жатқанын  бас 

имам  Назымбек  Иманғалиев  те  рас­

тайды.  Ішкі  саясат  бөлімінің  басшы­

сы  Асқар  Әжіғалиевтің  мәліметіне 

сүйенсек, ауданда өзге діннің шырма­

уында болған  екі жас тіркелген екен. 

Олардың  құжат  жүзінде    ғана  біздің 

ауданда туылғандары болмаса, қазір 

өзге өңірлердің тұрғыны көрінеді. 



«Алданған әйел»

Өзбек    режиссері  Хилол  Насимов­

тің «Алданған әйел» атты кинофильмі 

де көпке үлкен ой салады. Мұнда кіш­

кене  ұл­қызы  бар  қарапайым  өзбек 

отбасының басынан кешкен өте ауыр 

тағдыры баяндалады. Түсінде марқұм 

анасын  көрген  келіншек  жеті  шел­

пек  тарату  кезінде  бөтен  ағымдағы 

адамдардың  арбауына  түседі.  Ал­

дымен, «намаз оқыса, аруақтар риза 

болып,  жандары  тынышталады»,  ­ 

деген көрші келіншектің пиғылындағы 

залымдықты түсінбей, оның әр сөзіне 

иланып, ақыры ол мұны өз үйіріне оп­

оңай  қосып  алады.  «Намаз  оқысам 

анамның  аруағы  риза  болады»,­деп 

ойлаған  келіншек  басына  орамал 

байлап,  «иманды»  жолға  түседі. 

Бес  уақыт  намазын  оқып,  Құдайға 

құлшылық  қыла  бастайды.  Сөйтіп 

жүріп  ақыры  бірте­бірте  отбасын, 

мұғалімдік  қызметін  тастап,  өзіндей 

жас  келіншектермен  бірге  Сирияға 

аттанады.  Көңіліне  күдік  тек  шека­

ра  асқанда  ғана  кіреді.  Ол  кезде 

мүлдем кеш болатын. Шегінерге жер 

жоқ. Мұнда қорлыққа толы өмір күтіп 

тұрған­ды. Олар қаба сақалды, тілдері 

бөтен еркектердің ермегіне айналады. 

Ұнамаса  талақ  ете  салатындардың 

бірнешесіне әйел болып, қолдан қолға 

көшіп жүріп, мәжбүрлі түрде жезөкше 

болып  шыға  келеді.  Әкелеріне  әйел 

болған  соң,  оны  балалары  да  мазақ 

еткісі келеді. Етегі жасқа толып жүріп, 

сол    бақытты  күндерін  аңсайды.  Та­

лай сұмдықты көрген басты кейіпкер 

сол жерден қашып шығып, өзбек сау­

дагерлеріне  жолығады.  Олар  оны 

Пәкістан  елшілігі  арқылы  шекарадан 

өткізіп,  еліне  келгенде  сотталып  ке­

теді.  Қиындықпен  азап  өмір  кеш­

кен    келіншек  осылай  түрменің  де 

дәмін  татады.  Сол  сәттерінде  қайта­

қайта  өздерінің  шаңырақтарындағы 

бақытты тірліктері көз алдына үздіксіз 

елестиді.  Фильм  соңында  әбден 

қартайған,  уақытынан  бұрын  шаш­

тарын  қырау  шалған  ана  өзі  жоқта 

бойжетіп,  ержеткен  балапандары 

мен  сүйіп  қосылған  қосағын  сырттай 

ғана бақылап, қастарына бара алмай, 

үнсіз егіледі. 

Дәстүрлі  Әбу  ханифа  мәзһабын 

ұстанып,  тура  жолға  бағыт  бұрған 

имандыларымыздың қатары көбейген 

үстіне көбейе түссін. Жастарымыз жат 

діннен бойларын аулақ салып, еліміз 

еркіндіктің жалауын желбірете берсін, 

төбесі көрінген Тәуелсіздік тойы құтты 

болсын!


Г.ҚАДЫРОВА.

Арамзалардың арбауынан сақтанайық!



Қазақ  ежелден  діннен  ажырамаған  халық.  Әліпті  таяқ 

деп білмейтін адамдар сол бір кездің өзінде жайнамазды 

жайып, бар білген дұғасымен  Құдайға құлшылық қылған. 

«Тіпті  құран  оқуды  білмегеннің  өзінде  Аллаға  ниетіміз 

дұрыс  болса,  ол  біздің  білмегенімізді  кешіреді»,  ­  деп, 

әйтеуір, құбылаға бет бұрып, намазға жығылған.

Аудандық прокуратураның ғимаратында «Соттардың 

қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практи-

касы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 

жылғы 7 шілдедегі №4 нормативтік қаулысын кеңінен түсіндіру 

мақсатында семинар­кеңес оздырылып, оған аудан прокуроры 

Н.Е.Байменов, сот төрайымы Г.Т.Сағитова, ішкі істер бөлімінің 

басшысы А.Қ.Алдабергенов қатысты.

Алдымен аудан  прокуратурасының прокуроры Н.Саматовтың баяндамасы 

тыңдалып, жаңадан қолданысқа енгізілген процессуалдық келісім институтының 

негізгі бағыттары айтылды. Тарқатып айтсақ, кінәні мойындау туралы мәміле 

нысанындағы бұл процестік келісім жасасудың негізгі мақсаты – қылмыстарды 

жылдам және толық ашу, тергеп­тексеру және өзге де қылмыстық процесс мін­

деттерін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын 

сот арқылы қорғау, кінәсіздік презумпциясы және қылмыстық процестің басқа да 

негізгі бастапқы қағидаттарын қатаң ұстана отырып, жасалған келісімге сәйкес 

соттың  сотқа  дейінгі  жеделдетілген  тергеп­тексеруі  және  істің  қысқартылған 

тәртіппен сотта талқылауын жүзеге асыруы жолымен шұғыл орындау.

Семинарды қорытындылаған аудан прокуроры Нартай Елібайұлы аталмыш 

келісім  онша  ауыр  емес  немесе  ауырлығы  орташа  не  олардың  жиынтығы 

бойынша  ауыр  қылмыстарға  ғана  қолданылуы  мүмкін  екендігіне  тоқталып, 

қатысушылардың сауалдарына да жауап берді.

Н.САМАТҰЛЫ.

Жаңа есеп түрі

ҚР  кейбір  заңнамалық  актілеріне  ақпараттандыру  мәселелері  бойын­

ша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  ҚР  24.11.2015  ж.  №419­V 

Заңымен ҚР «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу ту­

ралы» Заңына жаңа есеп түрі – кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеу­

шілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа 

тартылған адамдарды есепке алуға қатысты өзгертулер енгізілді.

Осыған  байланысты  2016  жылдың  басынан  бері  Қазақстан  Республикасы 

Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі 

комитеті  1991  жылдан  бастап  кәмелетке  толмағандарға  жыныстық  тиіспеу­

шілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа 

тартылған, жазасын өтеген адамдар туралы мәліметтердің, олардың фотосу­

реттерінен тұратын электронды деректер қорын жасақтады. Қазіргі таңда қорда 

1 200­ге тарта деректер бар. Барлық деректер, тұрғылықты жерлері бойынша 

тыңғылықты тексерілуде. Деректер қорын құру жұмыстары аяқталғаннан кейін 

ол интернетте жалпы қолжетімдікке ұсынылатын болады. Сонымен қатар, бұл 

деректер қорында ТМД елдері бойынша педофилияға қатысы бар адамдар ту­

ралы мәліметтер енгізілгендіктен ондай қылмысқа қатысы бар шетелдіктердің 

Қазақстан аумағына кіруіне тосқауыл қойылады. Тиісті ақпарат тек құқық қорғау 

органдарына ғана емес, шекара қызметіне де түсіп отырады.

Бағдат ДӘУЛЕТОВ,

ҚР БП ҚСжАЕК БҚО бойынша басқармасының

 статист маманы.

Бостандығы шектелді

«Тек  жүрсең,  тоқ  жүресің»  деген  сөз  босқа  айтылмаса  керек.  Саралжын 

ауылының тұрғыны Е.Г. ештеңеден қаперсіз ауласында монша бұзып жатқан. 

Оған тентек суға тойып алған ауылдасы Е.К. келіп, былапыт сөздерімен маза­

сын алып, тиісе бастайды. Онысымен қоймай, жер­жебіріне жетіп, жұлқылап, 

ақыр аяғы үстіндегі көйлегін жыртып, жұмысына үлкен кедергі келтіреді. Тіпті, 

қолындағы күрегіне жабысқан сәтінде бұл ашуланып, «кет» деп, күрек сабы­

мен құлақ шекеден бір ұрады. Әлгі соққыдан  есеңгіреген жәбірленуші басын 

ұстап отырғышқа отыра қалады. Кешікпей оны ағайындары үйіне алып кетеді.

Осылайша,  қаннен­қаперсіз тірлік істеп жатқан азамат арақ деген әзәзілдің 

жетегіне  ілесіп,  мазасын  алған  жерлесінің  кесірінен  істі  боп,  қылмыстық 

жауапқа  тартылды.  Аудандық  сот  сотталушы  Е.Г.­ні    ҚР  ҚК­нің  106  бабы  1 

бөлігімен кінәлі деп танып, оған үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын 

шектеу жазасын тағайындады. 

З.ЗАЙНОЛЛИНА,

аудандық соттың 

кеңсе меңгерушісі.

Соңғы  уақытта  жол  апаты  оқиғасының  өсуіне  байланысты  оны  азайту,  сондай­ақ,  жол  ережесін  бұзушылықтың 

алдын  алу  мақсатында  ағымдағы  жылдың  10­12  қарашасы  аралығында  облыс  бойынша  «Қауіпсіз  жол»  жедел­

профилактикалық шарасы жүргізілді. Шараның алғашқы күнінде­ақ аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен 6 заң 

бұзушылық анықталып, көлік жүргізушілерге тиісті әкімшілік жаза қолданылды. 

Е.ИСҚАЛИЕВ,

аудандық ішкі істер бөлімінің МАИ аға инспекторы,

 полиция майоры.

Процессуалдық келісім

Құқықтық статистика

Сот іс қарады

МАИ хабары

«Қауіпсіз жол» шарасы



15 қараша 2016 жыл

7

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Газет  жарияланымдарындағы  автор  пікірі  редакцияның 

түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің 

дәлдігі үшін автор жауапты. 

Мекен­жайымыз:  090200  Батыс  Қазақстан  облысы,  Бөкей 

ордасы ауданы Сайқын ауылы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй. 

Телефондар: Редактор: 21­5­30. Тілшілер: 21­8­42 (факс).

Біздің электронды поштамыз: too­orda@bk.ru

ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есеп­

телінеді.



Меншік иесі:

«Жайық Пресс» ЖШС

Бас директор 

Жантас Сафуллин

«Жайық Пресс» ЖШС

Бөкей ордасы филиалы

«Орда жұлдызы» Бөкей ордасы 

аудандық қоғамдық­саяси газетінің 

директор­редакторы:

Бисенов Бауыржан  Махутұлы

Газет  БҚО  Әділет  департа­

менті,  Бөкей  ордасы  аудандық 

Әділет 


басқармасында 

09.01.2012 жылы тіркелген. Тіркеу  

№7­1926­15­ф­л.

Газет  Бөкей  ордасы  аудандық  «Орда 

жұлдызы»  газеті  редакциясында  компью­

терлік әдіспен теріліп, беттелді.

«Полиграфсервис» ЖШС баспаханасын­

да басылды. 

Орал қаласы, Л.Толстой көшесі, 27/6

Газет аптасына 1 рет сейсенбі күні шығады.

Көлемі 2 баспа табақ. Тапсырыс: 46

Таралымы: 1760 дана.

Корректор: Раушан Бақытова. 

Газетті 


есепке 

қою 


тура­

лы  №12259­Г  куәлікті  2012 

жылғы  19  қаңтарда  Қазақстан 

Республикасының  Байланыс  және 

ақпарат  министрлігінің  Ақпарат 

және мұрағат комитеті берген. 

Құттықтаймыз!

Демалыс сәтінде

Спорт – денсаулық кепілі

ЕСкЕ АЛу

Бисен  ауылының  тұрғыны  болған  адал 

жар,  ардақты  ана,  аяулы  әже 

Сариева  Лиза 

күншығарқызы  арамыздан  кеткелі  5  жыл  тол­

ды.  Наласы мен жаласы қатар өрілген мынау бес 

күндік  тірлікте  болмысы  биік  болған  жанның  рухы 

жұмақтың  төрінде  тербеліп,  аруағы  артындағы 

ұрпақтарын желеп­жебеп жатқай.

Сағыныштың жастары тамады үдеп,

Ойлаймыз сіз бар күнді, ана, жүдеп.

Көздеріңнен төгілген мейірімді,

Аңсайды әлі күнге бала жүрек.

Сағына еске алушылар: жұбайы Қуаныш, ұлы Дулат

қызы Гүлнұр, қыз-күйеулері Гүлмира-Мәдениет,  

Венера-Медет, жиендері және Елемесовтер әулеті.

*    *    *

Мұратсай ауылының тұрғыны болған аяулы ұл, қамқор әке, ақылшы аға, 

сүйікті жар 



Бектасов Талғат Маратұлы 7 жыл бұрын бақиға аттанбаса, 

бүгінде ер жасы 50­ге толар еді­ау. Қымбатты жан­

ды сағына да сарғая еске ала отырып, топырағың 

торқа, иманың жолдас болсын дейміз.

Қолды жайып, рухыңа дұға етеміз,

Аманат қылған армандарға жетеміз.

Ұрпағы өрбіп, бәйтерегі жайылды,

Жанымызда жоқ тек қана бауырымыз.

Сағыныштан жанардан жас тамады,

Қолдан келер адамның бар ма амалы?!

Шаңырағына жиналып, құран оқып,

Отбасы, ағайын­дос еске алады.



Еске алушы: Бектасовтар әулеті.

Сайқын ауылының тұрғыны, мекемеміздің қызметкері 



Мәди Бижанов-

ты асқаралы 60 жастың төріне озуымен шын жүректен құттықтаймыз.  Ме­

рейжас иегеріне мықты денсаулық, ұзақ өмір, еңбегіне табыс тілей оты­

рып, төмендегі жыр шумақтарын арнаймыз.

Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр, 

Бір жымисаң кетеді жайнап өңір. 

Ризамыз пейіліңе дархан аға

Айырмасын шаттықтан қайран өмір. 

Игі тілекпен: аудандық балалар жасөспірімдер туризмі 

және экология орталығының ұжымы. 

Аудандық  балалар­жасөспірімдер  туризмі  және  эко­

логия  орталығының  ұйымдастыруымен  «Еуропа­Азия 

–  2016»  аудандық  туристік  фестиваль  оздырылып,  оған 

аудандағы 9 орта мектептің арасынан тек М­С.Бабажанов, 

А.Құсайынов,  Б.Жәнекешев,  Т.Масин  атындағы  білім 

ұяларының педагогтері қатысты.

Жарыс  үш  бағытта  өтті.  Алғашқы  мен  соңғы 

кезеңдерде  нәтиже  бірдей  болды.  Яғни,  өткелден  өту 

мен  веложарыста  І  орыннан  құсайыновтықтар  көрінсе, 

ІІ  орын  бабажановтықтарға,  ІІІ  орын  жәнекешевтіктерге 

бұйырды.  Ал,  жеке  қашықтық  бағыты  бойынша  І  орын­

ды  құсайыновтық  Ақылжан  Ғұмаров  жеңіп  алса,  ІІ  орын 

бабажановтық Мерей Ғазезовке, ІІІ орын масиндік Жалғас 

Бакешовтің еншісіне тиді.

Жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырына А.Құсайынов 

атындағы  орта  мектеп­балабақша  командасы  көтеріліп, 

жүлделі ІІ мен ІІІ орындарға тиісінше М­С.Бабажанов және 

Б.Жәнекешев атындағы білім ұялары табан тіреді.

Д.КЕНЖЕБАЕВ,

жарыс төрешісі.

Оқушылардың күзгі демалысы кезін­

де  аудандық  балалар­жасөспірімдер 

спорт  мектебі  бірнеше  шараға 

ұйытқы болып, аудан орталығындағы 

ғимаратында    мүмкіндігі  шек­

теулі  балаларға  арнап  «Ашық 

есік»  күнін  өткізді.  Оған  аудандық 

психологиялық­педагогикалық  түзеу 

кабинетінің  шәкірттері  қызығушылық 

танытып,  бірқатары  жаттығу  залын­

да  түрлі  тренажерлермен  жаттықса, 

үстел теннисі, дойбы, дартс ойында­

рын  ойнап  көрушілер  де  аз  болма­

ды.  «Қуантсаң  баланы  қуант»  деген 

қағиданы ұстанатын ұжымымыз шара 

соңында  балғындарға  дәмді  дастар­

хан жайып, тәттілерін ұсынды.

Балалардың бос уақыттарын тиімді 

пайдаланбақ ниетте кіші топтар ара­

сында  «Көңілді  старт»  ойындары, 

шағын  футболдан  жарыс  өткізілді. 

Мұндай  шаралар мектебіміздің Орда, 

Бисен,  Мұратсай,  Ұялы  ауылдық 

округтеріндегі 

филиалдарда 

да 

жалғасын  тауып,  200­ден  астам  кіш­



кентай  спортшы  өз  дайындықтарын 

байқатты.

* * *

Қазақстан 



Республикасының 

Тәуелсіздігінің    25  жылдығына  орай 

Хан ордасы ауылында 2003­2004 ж.т. 

және  2005­2007  ж.т.  жасөспірімдер 

арасында  тоғызқұмалақтан  жекелей 

турнир  оздырылды.  Ашылу  салта­

натында  Жәңгір  хан  атындағы  орта 

мектептің  директоры  О.Түсіпқалиев 

ойыншыларға  сәттілік  тіледі.  Айта 

кету  керек,  бұл  бәсекеге    Орда 

және  Бисен  ауылдарынан  30­ға 

тарта  тоғызқұмалақшы  қатысты. 

Ұлттық  ойынды  серік  етіп  жүрген 

жас  тоғызқұмалақшылар  сайысын­

да  2003­2004  ж.т.  ұлдар  арасында 

ордалықтардың    бәсі  басым  түсіп, 

Темірлан  Жамбылов  І,  Бекжан 

Төлегенов  ІІ,  Асылжан  Маратов  ІІІ 

орындарды иеленді. Қыздар арасын­

да  да ордалықтар шоқтығы биік болып 

Айжан  Ақтөреева,  Дильназ  Хайыр­

лиева,  Лунара  Сәрсемалиевалар 

тиісінше  І,ІІ  және    ІІІ  орындарды 

еншіледі  (барлығының  жетекшісі 

Р.Денгизбаев).

2005­2007 

ж.т. 

жасөспірімдер 



арасындағы  сайыста  да  ордалықтар 

ешкімге дес бермеді. Сөйтіп, Оралбек 

Зайноллин  І,  Архат  Жасқайратов  ІІ, 

Диас  Серік  ІІІ  орынды  қанжығасына 

байласа,  қыздар  арасында  І  және 

ІІ  орындарды  тиісінше  бисен­

дік  Гүлбақыт  Меңдіғали  мен  Ару­

жан  Зайытова  иеленіп  (жетекшісі 

С.Нысанбаева), ІІІ орын ордалық  Ди­

ляра Темірболатоваға бұйырды. 

Жеңімпаздар дипломдармен мара­

патталды.



 Н.САРИЕВ,

БЖСМ директорының  оқу-

ісі жөніндегі орынбасары.

Қызықты каникул күндері

«Еуропа

­Азия – 2016»



Лагерьдің күзгі ауысымы

Жылдағы дағды бойынша биыл да «Арай» стационарлық туристік­сауықтыру 

лагерінің  күзгі  ауысымы  салтанатты  түрде  ашылды.  Онда  М­С.Бабажанов, 

М.Мәметова  атындағы  орта  мектеп  оқушыларынан  құралған  «Сұңқар»,  «Жі­

гер»  топтарының  топбасшылары  аға  тәлімгер  Досжан  Кенжебаевқа  баянат 

тапсырса, аудандық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығы 

директорының  оқу­тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Сәрсембай  Қуаншалиев 

лагерь демалушыларын құттықтап, алдағы демалыс күндерін мәнді де сәнді 

өткізуге тілектестік білдірді. 

Лагерь демалушыларын бір­біріне үйренісу, бейімдеу мақсатында алдымен 

«Өрмекші торы» атты психологиялық тренинг өткізілді. Негізінен күзгі ауысым 

экологиялық бағытта болғандықтан, біраз экологиялық шаралар жүзеге асы­

рылды. Тарқатып айтар болсақ, экология туралы жалпы түсінік беріліп, «Эколо­

гия – өмірдің соғып тұрған жүрегі» тақырыбында қалдық заттардан бұйымдар 

жасалды. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген ұранмен ғимарат 

ауласына теректер отырғызылып, «Бердинг – 2016» жарысы, «Экология және 

біз»  атты  конференцияға  да  демалушылар  аса  қызығушылықпен  қатысты. 

Қоршаған ортаны, табиғатты аялау мақсатында үздік плакаттар мен суреттер 

байқауы  ұйымдастырылса,  «Сенің  жұлдызды  сәтің»,  «Досы  көппен  сыйлас, 

досы жоқпен сырлас», «Күз – мерекем, күз – берекем» сынды тәрбиелік ша­

ралар  да  назардан  тыс  қалмады.  Ғимарат  ауласында  орналасқан  жасанды 

жартасқа өрмелеу, футбол жарыстары да көптің көңілінен шықты.



Айшагүл ЕРҒАЛИЕВА,

«Арай» стационарлық туристік-сауықтыру 

лагерінің меңгерушісі.

Туристік фестиваль




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал