№46 (7027) 15 қараша 2016 жыл



жүктеу 369.81 Kb.

бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі369.81 Kb.
1   2   3   4

Құм Нарын қойнауында...

15 қараша 2016 жыл

4

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


(Соңы. Басы 1-бетте).

Сонымен,  Кеңес  Одағы  ыдырап, 

оның  құрамындағы  15  республи­

ка  әрқайсы  өз  алдына  дербес  ел 

болғаны  күні  кеше  сияқты.  Содан 

бергі  мерзімдегі  олардың  шыққан 

биіктері,  даму  деңгейлері  әрқалай. 

Елбасымыз Н.Назарбаевтың көреген­

дігі  арқасында  Қазақстан  жайлап 

басып,  жалпақ  алып,  жаһанның 

қарқынды  даму  үстіндегі  мемле­

кеттері  қатарына  қосылуда.  Барша 

қазақстандықтар  сияқты  ордалықтар 

да Нұрсұлтан Әбішұлының саясатын 

біркісідей қолдап, «Қазақстан – 2050» 

стратегиялық 

бағдарламасының 

орындалуы 

жолында 

жұмыла 


еңбектенуде.  Ауылдың  тыныс­тір­

шілігін оның әкімінен артық кім біледі? 

Кеңшар  кезіндегі  директордың  да, 

парторг пен комсоргтың да, кәсіподақ 

төрағасының  да  міндеті  бұл  күнде 

соған  жүктелген.  Тамыз  айында 

ғана  Орда  ауылдық  округі  әкімдігіне 

сайланған Медет Сейсенов осындағы 

орта  мектепті  бітірген,  институтты 

тамамдағаннан  кейін  туған  жердегі 

«Хан  Ордасы»  ЖШС­інде  еңбек  жо­

лын  бастап,  соңғы  5­6  жылда  әкім 

аппаратында бас маман болып, ысы­

лып, тәжірибе жинақтаған мемлекет­

тік қызметкер.

– Меніңше ордалықтар – текті жұрт,­

деп  бастады  сөзін  Медет  Исаұлы. 

– Бөкей сұлтаннан бастап, оған еріп, 

осы аймаққа келгендер тектілік таныт­

паса,  ауызбіршілік  пен  ынтымақтаса 

қимылдамаса, орда тұрғызып, хандық 

құра  алар  ма  еді?!  Қазақ  халқына 

қарсы бағытталған геноцидтік саясат 

ұлтымыздың  беткеұстар,  көшбастар 

азаматтарын жойып, қалың бұқараны 

ашаршылыққа  ұшыратып,  азып­

тоздырған  тұста  да  ордалықтар  тек­

тілігін  жоймаған.  1952  жылы  аудан 

ажыратылып,  ең  кішісі  совхоз  не 

бөлімше  статусы  бұйырмаған  Орда 

селосы  тұрғындарының  жанқияр 

ерлігі,  патриотизмі  әлі  толық  ашыл­

май,  насихатталмай  жатыр.  Сол 

үрдіс  кеңшар  таратылған  тұста  тағы 

қайталанды.  Еңбекқор  жандар  құм 

өңірінен бір­бір шалаш салып, пайға 

алған малдарын бағып, өсіру қамына 

кірісті. 

Қайсыбірі 

жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестік  құрамына  кір­

се,  көбі  жеке  қожалық  болып  қалды. 

Саудаға, кәсіпкерлікке бетбұрғандары 

қаншама?!  Іске  төселіп,  аяғынан 

тұрып  кеткендері  туыстарына,  дос­

жарандарына  көмектесіп,  олардың 

да  қатарға  қосылуына  жәрдемдесті. 

Қазір жағдай түзелді. Үкімет белгіле­

ген бағдарламаларға үн қосып, игілігін 

көріп  жатыр.  Шаруа  қожалықтар 

саны  111­ге  жетсе,  35  адам  жеке 

кәсіпкер.  7  жігіт  жолаушы  тасыма­

лымен шұғылданады. Тұрғындардың 

мәдени­тұрмыстық  дәрежесі  үнемі 

жақсару үстінде. Орталықта орта мек­

теп, балабақша, дәрігерлік амбулато­

рия,  мәдениет  үйі,  тарихи  мұражай 

кешені,  «Қазпошта»  бөлімшесі,  ауа 

райын  зерттеу  станциясы,  ересек­

тер  мен  балалар  кітапханасы,  бір­

неше  сауда  орындары,  ал,  Қарасу, 

Үштерек, Сейітқали елді мекендерін­

де  бастауыш  мектеп  пен  шағын 

орталықтар, кітапхана мен медпункт­

тер бар. Жалпы округімізде 11 меке­

ме,  3  қоғамдық  ұйым  жұмыс  істейді. 

725  аулада  740  отбасы,  3113  адам 

тұрады.  Мал  санына  келетін  болсақ, 

ірі қара 18707, қой 13532, ешкі 2248, 

жылқы  5611,  түйе  741.  Хан  Ордасы 

ауылы,  Қарасу,  Үштерек  елді  мекен­

дері  табиғи  газ  желісіне  қосылған. 

Аймекеннен  табылған  «зәмзәм  су» 

округ  орталығы  арқылы  Қарасуға, 

одан  Мұратсай  арқылы  Сайқын  мен 

Жәнібекке  тартылып,  жолдағы  елді 

мекендерді  тұщы  да  мөлдір  сумен 

қамтып отыр. Енді облыс орталығына 

дейін  қатқыл  табанды  жол  салын­

са,  экономикамыздың  қарыштап 

дамыры  хақ.  Ұлт  жоспарында  ауыл­

дарды  түлетудің  нақты  бағыты 

қарастырылған.  Біз  оның  орындала­

рына,  Қазақстан  халқы  бірлігіне  се­

неміз.

Әкімнің  сөзі  туғанына  биыл  150 



жыл  толған  ұлт  көсемі  Әлихан 

Бөкейхановтың 

«Қазақ 

баласы 


бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтың 

мақсаты сонда орындалады» дегенін 

есімізге түсірді. 

Иә, болашағымыз – бірлікте.

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ алтын НҰРЫ

Қарттарын қадірлеген 

ел бақытты

Нәсіпқали ЖҰМАҒАЛИЕВ,

соғыс және еңбек ардагері,

ауданымыздың Құрметті азаматы:

– Жаратушының өзі «Сыйласаңдар 

кәріңді,  ризалармын  бәріңді»  депті 

ғой. Үлкенді сыйлау – адамгершіліктің 

белгісі,  қазақтың  ата­бабасынан 

сақталып келе жатқан салт. Үкіметіміз 

де  бұған  үлкен  мән  беруде.  Қажет 

етсеңіз 


әлеуметтік 

қызметкер 

тағайындап,  керегіңізді  тауып  бе­

реді. Бұл ненің арқасы? Ел әлеуетінің 

жетілгенінің  нәтижесі.  «Кемелден­

ген  социализм»  келмеске  кетіп,  ел 

нарықтық  экономикаға  бетбұрған 

тұста  Алматыда  тұратын  Ұлы  Отан 

соғысы  ардагерінің  немересі  атасы­

на:  «Сіздер  немістерді  бекер  жеңген 

екенсіздер. Егер олар басым түскенде 

әлдеқашан  капитализмнің  игілігін 

көріп отырамыз ғой» десе керек. Осы 

жайды газет тілшісіне баяндаған май­

дангер:  «Берлинде  қалған  қолменен 

бетінен  бергім  кеп  кетті»,­  деп  на­

лыпты.  Сонда  біздің  ұрпағымыздың 

қандай білім алып жүргені. Біле білген 

жандарға  қан  майданда  опат  болған 

боздақтар  қазіргі  егемендігімізге 

жол  ашқандар  ғой.  Әр  кезеңнің,  әр 

заманның  өз  ағымы,  азаматтарына 

жүктейтін  міндеті  бар.  Менің  заман­

дастарым,  қатар  өскен  құрбыларым 

мұздай құрсанып, елімізге тап берген 

қалың  жаудан  тайсалмастан  ашық 

айқасқа түсіп, Отанды қорғап қалды. 

Талайы қыршын кетті...

Бүгінгі  егемен  елдің  балалары  са­

налы  тәрбие,  сапалы  білім  алып, 

жан­жақты  жетіліп,  мемлекетіміздің 

бәсекелестік  деңгейін  арттыра  ала­

тын  нағыз  іскер,  қарсыласын  алып 

та,  шалып  та  жығатын  аптал  аза­

мат болуы тиіс. XXI ғасыр – ілім мен 

білімнің,  жерді  ғана  емес,  ғарышты 

игере  алатындардың  заманы.  Бұдан 

бір ғасыр бұрын алашорда зиялыла­

ры:  «Оян,  қазақ!  Мұжық  көші  жүріп 

кеткенде  жұртта  қалып  жүрме!» 

десе, мен немере­шөберелерім және 

олардың  замандастарына:  «Ұмтыл 

алға!  Меңгер  бәрін.  Қазақстанды 

Мәңгілік ел етуге сүбелі үлесіңді қос!» 

дегім келеді.

Ұлт рухы ана тілімен 

қалыптасады

Сейсен БАЙЗОНОВ,

зейнеткер­ұстаз, ауданның 

Құрметті азаматы:

–  Байыптап  қарасақ,  кез  келген 

буынның  өмірі  әке  заманына  жақын 

болғанымен,  ата  заманынан  көп 

алшақ  жатады.  Осы  жайды  қазекем 

«Елу жылда – ел жаңа» деп, бір ауыз 

сөзбен қысқа да нұсқа бере біліпті. Сол 

жаңалық, өзгеріс жақсы бағытта өрбуі 

үшін  ұрпақтар  өнер,  білім,  өмірдің 

қай  саласынан  да  болсын  алдыңғы 

лектен  асып  түсуі  ләзім.  Сонда  ғана 

прогресс  орнайды.  Алайда,  сол 

ұрпақ тілін, ділін, дінін өзгертсе, онда 

оның  жат  болып  кеткені.  Сонау  сақ, 

ғұн  дәуірінен  бастау  алатын  ұлттық 

құндылықтарымызға  ұлы  далаға 

тараған  ислам  діні  қабыса  кетті.  Ер­

теден  адалдықты,  әділдікті,  ізгілік 

пен қамқорлықты ұстанған халқымыз 

«Ар­ұят  –  иманнан»  деп  ислам  діні­

не  ұйыды.  Сол  бойынша  санасын, 

әлеуметтік  іс­әрекеттің  нәтижесінде 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан  мәдени 

мұраларын,  әдет­ғұрып  нормала­

рын  жетілдірді.  Несін  жасырамыз, 

ұлттық құндылықтың негізгі тіні – тіл. 

Ана  тілін  білмеген  адам  ұлттық  бол­

мысынан,  менталитетінен  айыры­

лады.  Патшалық  Ресейдің  саяси 

жалғасындай  болған  кеңес  дәуірінде 

рухани  ахуалымыздың  жүдеушілікке 

ұшырағаны көпке мәлім. 

«Тіл – рухани құндылықтардың ло­

комотиві»  дегенді  бір  басылымнан 

оқығаным  бар.  Мемлекеттік  мәртебе 

алған  ана  тіліміз  жоғары  мінбер­

лерден  толық  орнын  таппай  жатса, 

оған  алдымен  өз  қандастарымыз 

кінәлі  деп  ойлаймын.  Осындайда 

Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша 

сөйлессін»  деген  қастерлі  сөзі  ойға 

оралады. Мәңгілік ел құрғымыз келсе, 

қазақтар  шаңырақ,  өзге  ұлттар  уық 

бола берулері керек. Өзін ғана емес, 

қоңсы  қонған  өзгені  де  ойлаған  бір 

халық  болса,  ол  –  қазақ  халқы.  Тек 

ендігі  жерде  ана  тілінің  аясы  кеңей 

түссе деген тілек біздікі.



Туған жерді түлету – 

парызымыз

Еркін ЖАБАСОВ,

«Береке» шаруа 

қожалығының жетекшісі:

– 

Қазақстан 



Республиасының 

Тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаев 

Тәуелсіздіктің туын алғаш көтергеннен 

бастап  елімізді  дамыған  мемлекет­

тер  қатарына  қосып,  өркениетті  ел 

көшіне  ілестіруді  мақсат  тұтты.  Ол 

жариялаған  «Қазақстан  –  2030», 

«Қазақстан  –  2050»  стратегиялық 

бағдарламалар  әр  қазақстандыққа 

жақсы  таныс.  Елбасымыздың  ал­

дымен  экономика,  сосын  саясат 

ұстанымы  да  өзінің  өміршеңдігін 

дәлелдеді.  Тұралап  қалған  эко­

номикамыз  аяғынан  қаз  тұрып,  аз 

уақытта  әлемнің  алдыңғы  қатарына 

қосылсақ,  енді  алғашқы  отыздыққа 

ұмтылудамыз. Бұл, сөз жоқ, Нұрсұлтан 

Әбішұлының  алысты  болжай  білетін 

шыншыл саясаткерлігі мен Қазақстан 

халқының  ынтымақ­бірлігінің,  жара­

сымды  тірлігінің  арқасы.  Осындайда 

бұрын  қандай  едік,  қазір  қандаймыз 

деген ой келеді.

Өмір  жолымның  «советский  стан­

дарт»  аталатын  кеңестік  жастардың 

өмір  жолынан  еш  айырмашылығы 

жоқ. Октябрят, пионер, комсомол бол­

дым.  Әскери  борышымды  Қаратеңіз 

флотында  өтедім.  Кейін  жаппай 

жекешелендірудің 

науқанында 

әулетіміздің  пай  үлесіне  тиген  36  ірі 

қара,  1100  қоймен  «Береке»  шаруа 

қожалығын құрып, 1997 жылдың шіл­

десінде тың істі бастап кеттім. Келер 

жылы,  міне,  оған  да  жиырма  жыл 

толады. Негізінен ағам Өмірзақ екеу­

міз  бастаған  шаруашылығымызда 

мал  басы  өз  төлі  есебінен  өсіп, 

көбейді.  Бертін  келе  асыл  тұқымды 

бұқа,  қашарлар  сатып  алдық. 

Өмекеңнің  ұлы  Мағжан  да  есейіп, 

қатарымызға  қосылды.  Мал  бағуға, 

техника жүргізуге адамдар іздестіріп, 

қосымша  жер  алып,  жаңадан  мал 

орындарын сала бастадық. Бұл күнде 

жеті  қыстақта  малымыз  бар.  Ондағы 

тұрғын 


үйлердің 

жайлылығына, 

бөлек  ас  сарайы  мен  моншаның 

болуына  баса  назар  аудардық. 

Жұмысшыларымызбен  келісім­шарт 

жасасып,  айлығын  уақтылы  беріп 

тұрамыз.  Мал  басын  аман  сақтап, 

төлді  жақсы  алған  малшыларға  ын­

таландыру  шараларымыз  және  бар. 

Хабидолла  Дүйсемалиев,  Бейімбет 

Сәрсенов,  Ерлан  Есмахов,  Мұрат 

Есмұханов біздің озаттарымыз. Біраз 

жыл істеп, шаруасын түзеген Рахым­

жан Есмұханов Жәнібектен үй алып, 

қоныс  аударды.  Өзгелерге  айта­

мын, еңбек етемін дегендерге үкімет 

мол  мүмкіндік  жасауда.  Үйде  қарап 

жатпай,  жұмыс  істеңдер,  қатардан 

қалмауға  тырысыңдар.  Туған  жерді 

түлетуге үлес қосыңдар. Бұл – біздің 

борышымыз.

Материалдарды әзірлеген 

Каримолла ҒАЙСИН.

Суреттерді түсірген 

Дастан ТАҢАТАРОВ.


15 қараша 2016 жыл

5

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


15 қараша – Ұлттық 

валюта күні

1832  жылы  Ордада  жәрмеңке 

ашылғаны  белгілі.  Бұл  жөнінде 

М­С.Бабажанов: 

«Жәңгір 


хан 

қазақтардың  мұқтаждықтарын  тауып 

беріп,  кедергілерді  жою  мақсатымен 

Хан  ордасында  жылына  екі  рет 

жәрмеңке  ашып  тұруға  жарлық  бер­

ді.  Бірінші  жәрмеңке  қазақтардың 

бүкіл  жаз  айларына  қажетті  тауар­

ларын  сатып  алу  үшін,  екіншісі  қыс 

бойы  тұтынатын  бұйымдар  мен 

азық­түлік  қорын  жасаулары  үшін 

ұйымдастырылды.  Бұрынғы айырбас 

саудасы тоқтап, оның орнына малда­

рын  ақшаға  сатып,  оған  тауар  алып 

үйренді», ­деп Жәңгір ханның сауда­

ны дамытудағы рөліне қатысты тал­

даулар  жасайды.  Сол  кезеңдегі  сау­

да­саттықта  қолданыста  болған  ескі 

ақшалар,  монеталар,  яғни,  тиындар 

бүгінгі таңда Бөкей ордасы тарихи му­

зей кешені қорындағы жәдігерлердің 

бір жиынтығы болып табылады. Енді 

қолымыздағы  бар  деректерді  пай­

далана  отырып,  кешен  қорындағы 

жинақталған ақшаларды, тиындарды 

(монеталар) сұрыптап, зерделеп, са­

ралап  қарасақ,  шығу  тарихының  өзі 

әр кезеңнен сыр шертеді. 

Тарихи деректерге қарағанда, жез­

ден  және  күмістен  жасалған  ақша 

белгілері  біздің  жыл  санауымыздан 

3  мың  жыл  бұрын  Азия  елдерінде 

пайдаланылған.  Ал,  Ресей  тарихын­

да металл ақша ретінде ІХ ғасырдан 

бастап  қолданылды.  Монета  метал­

дан, алтын мен күмістен, түрлі қорыт­

палардан жасалған ақша – айналыс 

және төлем құралы. Монетаның беті 

аверс, теріс жағы реверс, бүйір жағы 

гурт  болады.  Негізінен  гурттің  6  түрі 

бар.  Олар:  қырлы,  баулық  І  және  ІІ, 

торлы, пунктирлі, тегіс. Гурттық жазу 

керту  арқылы  өрнек  немесе  арнайы 

жазудан  тұрады.  Монетаның  шетін 

өрнектеп  жүргізген.  Оның  бетінде­

гі  бейнеде  елтаңба  аты,  билеушінің 

бейнесі, атағы, қаланың, мемлекеттің 

аты, жасалған жылы, монетаның аты 

көрсетіледі.  Солардың  санаулысы­

на  тоқталсақ,  1726  жылғы  шыққан 

монетаның бетінде (аверс) «5» деген 

сан,  теріс  жағында  (реверс)  «Ека­

теринбургская  монета»  деген  белгі 

көрсетілген. Гурті керту арқылы өрнек 

белгісімен  бейнеленген.  Петр  І  пат­

шадан  кейін  оның  реформаторлық 

бағытын  1762  жылдан  Екатерина  ІІ 

жалғастырды. 1763 жылы Екатерина 

ІІ патшайымның құрметіне Екатерин­

бург  монеталар  сарайынан  («Ека­

теринбургский  монетный  двор») 

шыққан  ақшалар  мен  тиындардан 

және  бұл  монетадан  «ЕМ»  белгісін 

көруге  болады.  Жалпы  монетадағы 

герб 1699­1917 жылдар аралығында 

салынған. Үш басты қыранның суреті 

күміс  монетада  1699­1735  жылдары 

салынған болса, жез монетада 1700­

1755 жылдары бейнеленген. Аталған 

монетада  да  үш  басты  қыран  бей­

несі  бар.  «2  копейки  серебром  1842 

г.» деген жазулы монетада да  «ЕМ»  

белгісі бар. 

Ақшаның  өзі  екі  түрден  тұрады: 

заттық  (вещественные),  символдық 



«Біздің еліміздің экономикалық тәуелсіздігі­

нің жарқын туындысы – төл теңгеміз, енді ол 

халықтың  және    болашақ  ұрпақтың  игілігіне 

қызмет етсін». 

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

Қордағы тиындар һәм ақшалар



немесе теңге тарихы туралы

(символический). Музей қорында Ни­

колай ІІ тұсындағы 1905 жылғы «Три 

рубль»,  Александр  ІІІ  кезіндегі  1909 

жылғы 10 рубль, т.б. ақшалар көптеп 

кездеседі  және  1898  жылғы  «Госу­

дарственный кредитный билет Один 

рубль»  деп  аталатын  қазыналық 

билетті  де  көруге  болады.  Ол  бюд­

жет  тапшылығын  жабу  мақсатында 

қазынамен 

шығарылатын 

және 

металға  ауыстырылмайтын,  сондай­



ақ,  мемлекет  белгілеген  бағамы  бар 

құнның белгісін білдіреді.

Аталған  ақшалардың  гербтік  бей­

несіне  тоқталсақ,  Ресейдің  мем­

лекеттік  гербінде  екі  басты  қыран 

бейнеленген.  Бұл  бейне  ұлы  князь 

Иоанне  Васильевич  (1462­1505ж.

ж.) ел басқарған тұста пайда болған. 

Нақты дерекке тоқтала кетсек, Иоанн 

ІІІ  1497  жылы  Ресейдің  мемлекеттік 

эмблемасына  осы  екібасты  қыран 

бейнесін  енгізген.  Негізі  Шығыс  Рим 

империясы  нұсқасынан  алынған. 

Патша  Михайл  Федоровичке  дейін 

қыранның  екі  патшалық  тәжі  (ко­

рона)  болды.  Олардың  ортасында 

қарапайым орыстың кресі бейнелен­

ген. 1625 жылы ғана кресінің орнына 

үшінші  тәжді  қою  туралы  жарлығы 

шыққан. Бұл үш тәж үш ұлы даңқты 

патшалықтың  –  Қазан,  Астрахан, 

Сібірдің нышандық белгісін білдіреді. 

Ал,  Алексей  Михайлович  Романов 

патшалығы тұсындағы гербте қалқан 

ұстаған Ұлы Георгий Победоносецтің 

ақ 


аттың 

үстіндегі 

отырғаны, 

жыландардың  көрінісі  көрсетілсе, 

қыран  қолындағы  скипетр  мен  дер­

жава биліктің бірден­бір белгісі. 

Музей  қорындағы  Ресей  ақша­

сындағы  гербтен  көбінесе  екібасты 

қыранның  (тұмсығы  мен  аяғында) 

екі  жанынан  көрсетілген  бейне­

де  төрт  теңізді  көреміз.  Екі  басты 

қыран бейнесі – Еуропа мен Азиялық 

Ресейдің  бірлігін,  тұтастығын  білдір­

се,  ол  бүтіндей  бір  императорлық 

тәжге  біріккен.  Аталған  ақшалардан 

Апостолдың бейнесін де көруге бола­

ды. І Петр Ресейдегі алғашқы орденді 

де шығартты. Оған қасиетті Апостол 

(христиан  дінінің  уағыздаушысы) 

бейнесін салғызды.

Айта кетелік, 1865 жылдан қыран­

ның  қанатына  әр  губерниялардың 

гербін салу арқылы гербтың маңызы 

ашыла түсті. Қордағы 1865­1868 жыл­

дар  аралығындағы  200­500  рубль­

дерге  назар  аударсақ,  қыранның 

оң  жақ  қанатына  жоғарыдан  төмен 

қарай:  (сол  кездегі  атаумен  айтсақ) 

Қазан 

патшалығының, 



Польскі 

патшалығының, 

Херсонес 

Тав­


рич  патшалығының,  біріккен  ұлы 

Киев,  Владимир  және  Новгород 

княжествосының,  ал,  сол  жақ 

қанатына  Астрахан,  Сібір,  Грузин 

патшалықтарының,  ұлы  Финляндия 

княжествосының гербі бейнеленген. 

Енді  өзіміздің  төл  теңгемізге 

келсек,  ұлттық  валютаны  енгізу 

–  тәуелсіз  Қазақ  елінде,  Қазақстан 

халқы  өмірінде  үлкен  тарихи  оқиға. 

Сондықтан  да  Қазақстанның  ұлттық 

валютасы  Бөкей  ордасы  тарихи  му­

зей  кешенінің  «Тәуелсіздік  музейі» 

экспозициясында 

ерекше 

орын 


алған. Аталған музейді тамашалауға 

келген көрушілер бұл ақша белгісінің 

қашан,  қалай  пайда  болғаны,  кім 

ойлап  тапқаны,  олардың  қорғаныс 

дәрежесінің 

қаншалықты 

екені, 

қандай  өзгерістерге  ұшырағаны  ту­



ралы мәліметтер алады. Экспозиция­

дан Қазақстан ақшалары жинағында 

1993  жылы  басылып  шыққан 

алғашқы  үлгіден  бүгінгі  күнге  дейінгі 

ақшаларды  көре  аламыз:  алғашқы 

қағаз  тиындар,  қазақ  елінің  әйгілі 

тұлғаларының  бейнесі  басылған 

ақша  үлгілері,  мерейтойлық  күміс 

және алтын монеталар. 

Бүгін,  яғни,  15  қарашада  Ұлттық 

валютамыздың  қолданысқа  енгізіл­

геніне 23 жыл толып отыр. Тәуелсіздік 

музейінде  ұйымдастырылған  «Төл 

теңгеміз  –  еліміздің  белгісі»  атты 

көрмеге  Жәңгір  хан  атындағы  орта 

мектеп оқушылары қатысты. Көрмені 

дайындаған  қор  сақтаушы  Ғалия 

Әбдіразаққызы 

Қазақстан 

үшін 


өзіндік  ұлттық  валюта  енгізудің  тек 

экономикалық  қана  емес,  саяси  да 

үлкен  мәні  болғандығын,  теңгенің 

дүниеге  келуі  бір  жағынан  еліміздің 

саяси  тәуелсіздікке  қол  жеткізуімен, 

Қос құрлықтың қойындасып, геосаяси 

мүмкіндіктер мен мүдделік ниеттерінің тоғысқан 

ендігінде орналасқан Қазақстанның батыс бөлігі 

ежелден ерекше экономикалық, сауда қарым­

қатынастары қалыптасқан аймақтардың бірі бо-

лып саналады. Соның ішінде Ресейдің өндірісті 

сауда орталықтарына жақын орналасқан Бөкей 

хандығында ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 

бастап тауар, ақша қатынасы Қазақстанның 

басқа аймақтарына қарағанда тез дамыды.  

екінші жағынан қаржы­экономикалық 

тәуелсіздігіне 

ұмтылуымен 

байланыстылығын  терең  түсіндіріп 

берді.


– 1993 жылы 15 қарашада ұлттық 

теңге  айналымға  енгізілді.  Әр 

мемлекеттің  ақшасы  оның  тарихын, 

ерекшеліктерін  анықтайтын  нышан. 

Алғашқы  қазақстандық  теңгелер 

Англияда  басылып  шығарылды, 

монеталар  Германияда  жез  бен 

арнайы  мыс,  никель  және  цинк 

қорытпасынан 

жасалды. 

Төл 

теңгемізде  ұлт  қайраткерлерінің, 



батырлардың, хандардың, т.б. сурет­

тері салынды. Қазіргі күні  бұл қағаз 

ақшалар  металл  ақша  түрлерімен 

ауыстырылды. 

Номиналы 

500 


теңгелік  купюралар  болды,  кейіннен 

ірі  купюралар  да  шықты.  Номина­

лы  1000  теңгелік  купюралар  1995 

жылдың  14  ақпанында  айналымға 

шығарылды,­деп 

жалғастырды 

әңгімесін  ұйымдастырушы.–  Сол 

жылы  Қазақстанда  банкноттық  фаб­

рика  ашылды.  Содан  бері  ұлттық 

валюта  дизайны  бірнеше  рет 

өзгерді, оны қорғау деңгейі де артты. 

Халықаралық  банкнот  қоғамдастығы 

«Күлтегін»  түркі  жазба  ескерткішіне 

арналған  номиналы  1000  теңгелік 

ақша  «2013  жылдың  үздік  банкно­

тасы»  деп  танылды.  Ол  әдемі  жа­

салып,  жақсы  қорғалғандығы  үшін 

осындай  атақ  иеленді.  Ал,  жаңа  ди­

зайн  Қазақстанда  соңғы  жылдарда 

болып  жатқан  өзгерістерді  көрсетіп, 

еліміздің бай мәдени тарихын қазіргі 

заманғы  элементтерімен  ұштастыра 

отырып, біріктіреді. Ел Тәуелсіздігінің 

25 жылдығы қарсаңында теңге өзінің 

тарихи  міндетін  абыроймен  атқарды 

десек қателеспейміз. Өйткені, белгілі 

халықаралық  рейтинг  агенттіктерінің 

бағалауы  негізінде  еліміздің  қаржы­

банк жүйесі ТМД бойынша үздіктердің 

қатарында екен. 

Ұлттық  теңгеміздің  пайда  болу 

тарихын  білу  –  әр  қазақстандық 

азаматтың  парызы.  Себебі,  теңге 

біздің  қазіргі  өміріміздің  басты  ай­

налым  қаржы  көзі.  Қазақстан  өзінің 

ұлттық  валютасы  –  теңгені  күрделі 

жағдайда  әзірлеп,  қабылдағанын 

естен  шығармау  қажет.  Теңгені 

жасаудағы тұңғыш Президенттің ерен 

еңбегін әркімнің­ақ білгені абзал. Ен­

деше, барша жерлестерімді еліміздің 

елдігін  көрсететін  бүгінгі  Ұлттық  ва­

люта  күнімен  құттықтап,  бай­қуатты 

өмір  сүруге  талпына  берейік  дегім 

келеді.  

Бақыт ДӘУЛЕТОВА,

музейлік кешеннің бас қор 

сақтаушысы. 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал