№46 (7027) 15 қараша 2016 жыл



жүктеу 369.81 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі369.81 Kb.
  1   2   3   4

Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№46 (7027)      15 қараша   2016 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

Орда жұлдызы

ordazhuldyzy.kz

-3

-3



Сәрсенбі, 16.11.2016

-2

-4



Бейсенбі, 17.11.2016

-4

-4



Жұма, 18.11.2016

-6

-11



Сенбі, 19.11.2016

-5

-10



Жексенбі, 20.11.2016

-6

-11



Дүйсенбі, 21.11.2016

-2

-13



Сейсенбі, 22.11.2016

Алғашқы отырыс

Қайырлы таң, қазақтың,

Арайланған аспаны!

Жиырма бес жыл – азат күн,

Алтын нұрын шашқалы.

Ақын  Жұбан  Молдағалиев  жыр­

лағандай,  «мың  өліп,  мың  тірілген» 

қазақ халқының шынайы бостандыққа 

қол  жеткізгеніне,  міне,  ширек  ғасыр. 

Көк  байрағын  көтеріп,  Әнұранын 

шырқап,  Елтаңбасын  бедерлеп,  ше­

карасын мығымдаған Қазақстан Рес­

публикасы  бүгінде  Елбасымыздың 

сарабдал саясаты арқасында жаһанға 

танылып,  дамыған  мемлекеттер 

қатарынан орын алуға ұмтылуда.

Тәуелсіздік  дегеніміз  дербестік, 

ой  мен  таңдаудың  еркіндігі.  Оның 

саяси,  экономикалық,  азық­түліктік, 

ақпараттық  және  басқа  түрлері  де 

бар.  Осылардың  бәрі  толық  жүзеге 

асып,  қажетті  заңдылық­құқықтық, 

экономикалық  тетіктерді  қамтамасыз 

ету  жолында  жұмыстар  істелуде. 

Оған өзіндік үлес қосу әр азаматтың 

парызы.

Бабаларымыздың  асқақ  арма­



ны  болып,  қаны  мен  тері  төгілген 

тәуелсіздікті 

бөкейліктер 

қалай 


бағалап,  оны  нендей  тартулармен 

қарсы  алғалы  отыр.  Газетіміздің 

бүгінгі  санында  біз  киелі  де  қасиетті 

мекен  Хан  Ордасы  ауылы  өмірінен 

сыр шертпекпіз. 

*      *      *

Алмағайып  заманда  қолдан  қолға 

өткен  атамекенді  Бөкей  сұлтан 

Нұралыханов  асқақ  дипломатиялық 

шеберлігімен қайтарып, 1801 жылдың 

11  наурызында  орыс  императоры  І 

Павелден  ресми  рұқсат  алғаны  та­

рихтан  белгілі.  Осылайша  бұл  күн 

Бөкей ордасының негізі қаланған күн 

саналады.  Ағымдағы  жылдың  қазан 

айында  Хан  ордасында  өлкеміздің 

215  жылдығы,  Жәңгір  хан  мектебінің 

175  жылдығы  аталып  өтілгендігінен 

барша жұрт хабардар.

Отанды  сүю  –  бабалардан  ми­

рас  болған  ұлы  мұраны  қадірлеу, 

оны  көздің  қарашығындай  сақтау,  өз 

үлесіңді  қосып  дамыту  және  кейінгі 

ұрпаққа  аманат  етіп,  табыстау  де­

сек,  ордалықтар  бұл  дәстүрге  ежел­

ден  берік.  «Тұңғыштардың  отаны» 

атанған  мекенде  «ордалық  патрио­

тизм»  терминінің  қалыптасуы  да 

заңды  құбылыс.  КСРО  атты  алып 

империя  ыдырап,  кеңшарлар  тарап, 

«өтпелі  кезең»  қос  өкпеден  қысқан 

қиын  шақтың  өзінде,  демеушілердің 

көмегімен  Жәңгір  хан,  Мұхамед­

Салық,  Дәулеткерей  кесенелерінің 

тұрғызылуы  ерлікке  пара­пар  іс 

емес  пе?!  «Өлі  риза  болмай,  тірі 

байымайды»  дегенде,  халқымыз 

өмірден  өткендердің  басына  ма­

зар  қойып,  құран  бағыштауды  ғана 

емес,  олардың  игі  дәстүрлерін 

жалғастыруды  да  меңзесе  керек. 

Ал,  аталмыш  тұлғалардың  нұсқаған 

жолы  ілім­білім,  ынтымақ­бірлік,  ел 

тұтастығы,  әлеуметтің  әлеуетін  арт­

тыру емес пе еді?!

Шүкір,  Қазақстан  халқы  басқа 

түскен  қиыншылықтарды  қасқая 

көтеріп,  «бұдан  да  жалаңашымда 

тойға  барғанмын»  дейтін  қазекемнің 

сабырлығына үн қосып, ауыртпалықты 

елмен  бірге  көрген  «ұлы  той»  жасай 

білді.  «Шықпа,  жаным,  шықпалап», 

бірде  аш,  бірде  тоқ  жүрген  күндер 

артта қалды. Сол дәуірді бастан кеш­

кен ұрпақтардың әңгімесі кейінгілерге 

ертегідей.

 (Жалғасы 4-бетте).

«...Бұл  –  тәуелсіздікті  нығайту  жолындағы  өлшеусіз 

еңбегіміздің  ширек  ғасырлық  белесін  қорытындылайтын  ме-

рейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. 

Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін біз-

ге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге 

тура келеді».

(Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан).

Тәуелсіздіктің алтын нұры



Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен 

күрес  мәселелері  бойынша  аудандық  комиссияның 

(төрағасы –  аудан  әкімі  Н.С.Рахымжанов) бұл  жолғы 

отырысында үш мәселе қаралды.

Алдымен, күн тәртібіне сай аудандық ішкі істер бөлімінің 

басшысы, полиция полковнигі А.Қ.Алдабергенов құқық қорғау 

органының  былтырғы  және  ағымдағы  жылдың  өткен  айла­

рында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  атқарған  жұмыстары 

жөнінде егжей­тегжейлі баяндап өтсе, аудандық сәулет, қала 

құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.М.Жанғалиев 

пен аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жола­

ушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 

Б.Ж.Насимоллин  өз  қызмет  салалары  бойынша  аталмыш 

бағыттағы шаралар туралы хабарлама жасады.

Талқыланып отырған тақырыпқа қатысты пікірін ортаға 

салған  комиссия  төрағасы  Нұрлан  Сағынтайұлы  мем­

лекеттік органдар қызметінің барлық негізгі бағыттары 

бойынша, оның ішінде, бюджет қаражатын тиімді пай­

далану, жер телімдерін беру жөніндегі жұмыстар ашық 

әрі  заңнамаларға  сәйкес  болу  қажеттігін  баса  айтып, 

талап  пен  тәртіпті  босаңсытпау  керектігін  ескертті. 

Сондай­ақ,  отырыста  мемлекеттік  қызметкерлердің 

тәртібі мен жауапкершілігі төңірегінде әңгіме қозғалып, 

олардың  билік  пен  қызмет  бабын  теріс  пайдаланбауы 

турасында белсенді іс­әрекет ету жәйі де назардан тыс 

қалмады.

Отырыста  тиісінше  хаттамалық  шешім  алынып,  оның 

орындалуы бақылау комиссия хатшысына жүктелді.

Комиссия іс үстінде



Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында жеке меншік құқығын қорғау 

және мүлікті ұрлаумен күресу бойынша ведомствоаралық комиссияның 

алғашқы отырысы өтті. Онда комиссия төрағасы, аудан әкімінің 

орынбасары Рүстем Зұлқашев комиссияның алға қойған мақсаты әрі 

жоспарымен таныстырып, мемлекетіміздің құқық бұзушылыққа мүлдем 

төзбеушілік қағидасының жергілікті жерде жүзеге асырылу барысынан 

хабардар етті. 

Кәсіпкерлердің  қатысымен  оздырылған  бұл  жиында  аудандық 

прокуратураның  аға  прокуроры  Руслан  Шәкіржанов  осы  іске  кәсіпкерлер  де 

атсалысса,  яғни,  көпшілік  шоғырланатын  дүкен,  шайхана  сынды  орындарда 

бейнебақылау  камерасы  қойылса  деген  ұсынысын  ортаға  салды.  Жергілікті 

полиция басшысы Ерлан Жоралиев заң бұзушылықты болдырмау және оның 

алдын  алу  бағытында  өзге  де  заманауи  құрылғыларды  шаруашылықтарына 

пайдаланған  жөн  екендігіне  тоқталды.  Ал,  экономикамыздың  локомативі  са­

налатын кәсіпкерлердің осынау жиынға қатысына көңілі толмаған «Нұр Отан» 

партиясы  аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары  Тілеген 

Арыстанбеков бизнеспен айналысуға мемлекет тарапынан біраз жеңілдіктер 

жасалғанын, енді халық үшін еңбек етудің уақыты келгендігін жасырмады. 

Жиынды  қорытындылаған  комиссия  төрағасы  аталмыш  бағытта  бірлесе 

қызмет  атқарып,  ортақ  іске  өзіндік  үлесімізді  қосқанда  ғана  оның  нәтижелі 

болатындығын жиналғандардың қаперіне берді.

Шынар апайдың шарапаты

Бүгінде Орал қаласында тұратын жерлесіміз, белгілі кәсіпкер Шынар Хай­

рошева  қайырымдылық  айлығы  аясында  өзінің  жеке  дүкенінен  әлеуметтік 

жағдайы төмен және жұмыссыз отбасыларына азық­түлік үлестіріп, сауапты 

іске бастамашы болды. Сайқын ауылдық округі әкімі аппараты мамандары Би­

сен Қадыров пен Аслан Бижанов игі шараны ашып, 40 адамның әрқайсысына 

25  келіден  астық,  4  келі  макарон,  5  келі  қант  таратылғалы  жатқанын  айтса, 

келушілер  арасынан  сөз  алған  Гүлбаршын  Арыстанғалиева  қайырымды 

жанның  жақсылығы  Алладан  қайтуын  тілеп,  жиналған  ауылдастары  атынан 

оған алғыстарын жеткізуді өтінді. 

Иә, «Кісіні кейде таршылық, кейде баршылық сынайды» демекші, ауқатты тір­

лік буына бой алдырмай, шүкіршілігін қасындағы жандарға қайырқомдығымен 

көрсетіп  жатқан  жанұяның  ақ  пейілін  ізгі  амалға  жазсын  Жаратқан.  Шынар 

апамыздың бұл қадамы барша ауқатты адамдарға жұғысты болғай!

Г.БАДЕЛОВА.

Аудан әкімдігінде

Жемқорлыққа жол жоқ

Аудан айнасы – әр үйге

Құрметті оқырман! 

Өз  ауданымыздың  тыныс­тіршілігінен  тұрақты  түрде  хабардар  болғыңыз 

келсе, «Орда жұлдызы» газетіне жазылыңыз. Басылымды «Қазпошта» акцио­

нерлік қоғамының аудандық бөлімшесі арқылы алдырта аласыз. Газеттің жа­

зылу бағасы бір жылға мекемелер мен кәсіпорындар үшін 4742 теңге 34 тиын 

(индексі 66003), жеке тұлғалар үшін 2242 теңге 34 тиын (65003).

Байланысымыз үзілмей, келер жылы да жарқын жүзбен жүздесуге жазсын. 

Жақсының жақсылығын айт...



15 қараша 2016 жыл

2

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


1. «Нұр Отан» партиясы аудандық 

филиалы  саяси  кеңесінің  2015­2016 

жылдарда атқарған жұмысының есебі 

(баяндамашы  –  «Нұр  Отан»  партия­

сы аудандық филиалының төрағасы, 

аудан әкімі Н.Рахымжанов);

2.Сайлаулар:

а)  партияның  аудандық  филиалы 

саяси кеңесінің құрамын бекіту;

б) партияның облыстық конферен­

циясына делегаттар сайлау.

Алғашқы  кезекте  баяндамашы 

Нұрлан  Сағынтайұлы  «Нұр  Отан» 

партиясы  халықтың  мұңын  мұңдап, 

тілегін  тыңдап,  ұсыныс­пікірі  мен 

талабын  назарға  алып  келе  жатқан 

елдегі басты және ең ірі саяси ұйым 

екенін  айтып,  11  бастауыш  пар­

тия  ұйымына  1477  мүшені  бірік­

тіріп  отырған  филиалдың  есепті 

мерзім  ішінде  атқарған  жұмысына 

тоқталды. Әрі саяси кеңес пен партия 

бюросының,  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күрес  жөніндегі  қоғамдық 

кеңестің,  депутаттық  фракция  мен 

партиялық  бақылау  комиссиясының 

атқарған 

жұмыстары 

кеңінен 

қамтылды. Сондай­ақ, есепті кезеңде 

298 адам тұрақты, 60­ы әлеуметтік, 47 

жас маман «Жастар практикасымен» 

жұмысқа орналасса, 27 адам кәсіптік 

оқуға  жіберілген.  «Жұмыспен  қамту 

–  2020»  бағдарламасы  аясында  26 

кісі  50  миллион  теңгенің  несиесіне 

қол жеткізіп, өз ісін ашқан. Үстіміздегі 

жылы  аудан  орталығы  –  Сайқында 

6  тұрғын  үй  пайдалануға  берілсе, 

жаңадан тағы 10 баспана тұрғызылып 

жатқаны  айтылды.  Баяндамашы  өз 

сөзін:  «Билік  пен  қоғам  бір  жағадан 

бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесіп 

жұмыс  істесе  ғана  алынбайтын  асу, 

бітпейтін іс жоқ. Елдің күші – бірлікте. 

Әрі біздің партиямыздың ұстанған не­

гізгі  бағыты  –  ел  үмітін,  жұрт  сенімін 

ақтау»,­ деп тамамдады.

Ұялы  бастауыш  партия  ұйымынан 

делегат,  ауылдық  мәдениет  үйінің 

директоры  С.Мұқтаров,  Т.Жароков 

бастауыш 

партия 

ұйымының 



төрайымы,  Бөкей  ордасы  колледжі 

директорының  орынбасары,  деле­

гат  Н.Омарова,  «Нарын  жастары» 

ЖҚБ  жетекшісі,  делегат  Ж.Әшенов, 

«Ақбота»  балабақшасының  дирек­

торы,  делегат  А.Түсіпқалиева  ой­

пікірлерін  ортаға  салып,  филиал 

жұмысына  «қанағаттанарлық»  де­

ген  баға  берді.  Күн  тәртібіндегі  екін­

ші  мәселе  бойынша  конференция 

делегаты  Г.Бисекенованың  кеңес 

құрамы  15  адамнан  жасақталсын 

деген 

ұсынысы 


бірауыздан 

қабылданды.  Мәслихат  депутаты 

Б.Бектелеуованың 

ұсынысымен 

Н.Рахымжанов, 

Т.Арыстанбеков, 

Е.Таңатов,  Ә.Ғаббас,  Н.Омарова, 

И.Құрмашев,  С.Садықов  облыстық 

партконференцияға  делегат  болып 

сайланды.

Айта 

кетелік, 



аудан 

әкімі 


Н.Рахымжанов  аудандық  жұмыспен 

қамту және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің  басшысы  Ж.Еркеғалиевке 

республикалық  кәсіподақтардың  «ҚР 

еңбек  ардагері»  медалін,  аудандық 

фитосанитариялық  бөлімінің  бас­

шысы  Ж.Дәуленовке  республикалық 

ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің 

салалық  кәсіподағының  ІІІ  дәрежелі 

«Еңбек даңқы» төсбелгісін, аудандық 

тұрғын  үй,  коммуналдық  шаруашы­

лық,  жолаушылар  көлігі  және  ав­

томобиль  жолдары  бөлімінің  бас­

шысы  Б.Насимоллин  мен  аудандық 

жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімінің үйден әлеу­

меттік  көмек  беру  секторының  мең­

герушісі С.Қойшекеновке «Нұр Отан» 

партиясының  облыстық  филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары 

С.Сүлейменнің «Алғыс хатын» табыс 

етіп, марапаттарымен құттықтады.

Конференция  «Елім  менің»  атты 

партияның әнұранымен аяқталды.



А.ХАМЗИН.

Суреттерде: аудан әкімінің 

Ж.Еркеғалиевті марапаттау 

сәті; залдан көрініс.

Суретті түсірген 

Д.ТАҢАТАРОВ. 

Жақында аудандық кітапханада «Тілге құрмет – елге құрмет» атты дөңгелек 

үстел оздырылды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытында өткен бұл 

шараға аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, мәдениет, тілдерді 

дамыту,  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімінің  басшысы  Әлібек  Айтқалиев, 

кәсіпкерлік  палатасы  аудандық  филиалы  директоры  Бибігүл  Жұмағұлова,  

М­С.Бабажанов,  М.Мәметова  атындағы  білім  ұяларының  оқушылары  мен 

Бөкей  ордасы  колледжі  студенттері,  еңбек  ардагерлері  Чарльз  Қойшыбаев 

пен Күләш Байжұмашевалар, өзге де қоғамдық ұйым мүшелері, оқырмандар 

қатысты. Алдымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бейнефильм 

көрсетіліп,  оқушылар  мен  колледж  студенттері  өз  туындылары  мен  ақын 

өлеңдерінен үзінділер оқыды. 

Жиында  мемлекеттік    тілдің    бүгінгі    жағдайы,  қадір­қасиеті,  маңызы 

төңірегінде  келелі  әңгіме  қозғалды.  Лариса  Тельманқызы  алдымен 

ономастикалық мәселеге байланысты ой қозғай келе, кітап оқуы азайып кет­

кен  бүгінгі  ұрпақтың  сөз  саптаудағы  кемшіндігін  айтып,  мемлекеттік  тілдің 

мәртебесін көтеруге атсалысу үлкен­кішінің ортақ парызы екендігіне тоқталды. 

Бұл  басқосуда  Әлібек  Қанатбайұлы  да  өз  пікірін  әдемі  жеткізсе,  осы  жердің 

келіні атанғанына жиырма жылдай болған башқұрт қызы Мензиля Хайрошева 

бастапқыда тек орыс және башқұрт тілін білсе, қазір қазақы ортамен араласып, 

оның тілін де тәп­тәуір үйреніп қалғанын жасырмады. М.Мәметова атындағы 

орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Дариға Мұхитова оқушылардың мемле­

кеттік тіл туралы түсініктерін ортаға салса, ауданның Құрметті азаматы Чарльз 

Хамитұлы әр ақынның өлеңдерінен үзінді келтіріп, сөзін әсерлі өрді. Аудандық 

мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы 

Данагүл Ғайноллина сәбилерге есім беру жәйін қозғап, адамдардың құжатқа 

жазылар  тегі  туралы  заң  тұрғысынан  түсінік  берсе,  библиограф  Айнагүл 

Төлеуова  кітап  көрмесіне  шолу  жасады.  Қысқасы,  дөңгелек  үстелде  көптің 

көкейіндегі ой ортаға салынды.

Г.ТҰРСЫНТЕГІ.

Аудандық соттың төрағасы Гүлжиһан 

Сағитова  өткен  жылы  қаралған  134 

азаматтық істің 29­ы, биылғы он айдағы 

102  істің  23­і  неке  бұзу  бағытында 

болғанын  жеткізіп,  соңғы  уақытта 

сотқа  арыз  берушілер  арасында  ер­

азаматтардың 

қатары 

көбейгеніне 



қынжылыс  білдірді.  Әрине,  бұл  көпті 

ойландырмай  қоймайды.  Сондықтан 

жиыннан  ойға  түйген  жайлар  туралы 

кеңірек  әңгімелеуді  алдағы  күндердің 

еншісіне қалдырдық.

Сонымен,  бұл  басқосуда  аудандық 

мәдениет,  тілдерді  дамыту,  дене 

шынықтыру  және  спорт  бөлімінің 

қызметкері  Әлима  Топасова  неке 

қиюдың  шарттары  жөнінде  түсінік  бер­

се,  кәсіпқой  емес  медиатор  Ноқаш 

Қадымов,  «Нарын  шуағы»  әйелдер 

қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжан 

Бисекенова  мен  өзге  де  қатысушылар 

пікірлерін ортаға салды.

Г.ТАСБОЛАТҚЫЗЫ.

Адвокаттардың тегін көмегі 

Әділет органдары Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы 

«Әділет  органдары  туралы»  Заңының  19  бабына  сәйкес  адвокаттардың, 

нотариаттардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заң қызметтерінің са­

пасын бақылауды жүзеге асырады. Облысымызда 140 адвокат болса, біздің 

ауданымызға Шауымов Ерболат Қайырұлы бекітілген. Ол Жәнібек ауылында 

тұрады. Ұялы телефоны – 87773726437. Сонымен қатар, тұрғындар облыстық 

адвокаттар алқасына 87112504654 телефоны арқылы хабарласа алады.

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 6 бабы­

на сәйкес адвокат мына тұлғаларға тегін заң көмегін көрсетеді:

1)  қуынушыларға  асыраушысының  қайтыс  болуы,  жұмыспен  байланысты 

мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиян­

ды өтеу туралы істерді соттар қараған кезде;

       2) қуынушылар мен жауапкерлерге (егер сот қарап жатқан дау кәсіпкерлік 

қызметпен  байланысты  болмаса),  Ұлы  Отан  соғысының  қатысушылары  мен 

оларға теңестірілген адамдарға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, І 

және ІІ топтардағы мүгедектерге, жасы бойынша зейнеткерлерге; 

3) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, 

босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, 

ата­анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға, қажет болған 

жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттарды жасауға. 

Жоғарыда белгіленген жағдайларда адвокатқа ақы төлеу бюджет қаражаты 

есебінен жүргізіледі.



Асхат АТАЕВ, 

аудандық әділет басқармасының басшысы

«Қазақстан заңгерлер одағы» облыстық 

филиалының мүшесі.

Ел үмітін, жұрт сенімін ақтау парыз

Дөңгелек үстел

«Тілге құрмет – елге құрмет»



Жақында округтер мен мекемелердің бастауыш пар-

тия ұйымдарынан сайланған делегаттармен қатар пар-

тия, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, бизнес, 

қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары 

өкілдерінің қатысымен аудандық аурухананың акт залын-

да оздырылған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиа­

лы ХVІІІ конференциясының күн тәртібіне төмендегі 

мәселелер ұсынылды. 

Келелі кеңес

Неке неге бұзылады?

Заңгер түсіндірмесі



Ерлі­зайыптылар  арасындағы  ажырасу  фактілерінің  көбейіп  кетуі-

не  байланысты  кәсіпқой  емес  медиаторлардың,  әйелдер  қоғамдық 

бірлестігі  өкілдерінің,  ішкі  істер  бөлімі  қызметкерлері  және  әлеуметтік 

педагогтердің қатысымен аудандық сотта «дөңгелек үстел» өтті.

15 қараша 2016 жыл

3

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Еліктеп  өсер,  өнеге  алар  тұлғаларымыз 

кеше де болған, бүгін де бар, алда да болмақ. 

Олар  ерлік  көрсетіп,  елге  сыйын  арттырайын 

деп  ойламайды,  тағдырдың  жазуымен,  ұлт  

қамы үшін ел тізгінін қолға алады. Соғыс жыл­

дарынан кейін елдегі басты мәселе – қираған 

шаруашылықтарды  қайта  жаңғырту  болды. 

Орда өңірінен шыққан Хамит Чурин, Тайыр Жа­

роков,  Айташ  Жұбаншәлиев,  Шүкір  Шағыров, 

т.б.  айтулы тұлғалардың бастамасымен «Орда» 

совхозы  қайта  құрылып,  директорлығына  Та­

уасих  Мырзағалиев  және  есепші,  зоотехник, 

мал  дәрігері,  агроном,  инженер,  экономист, 

бөлімше  меңгерушілері  тағайындалды.  Осы 

кезде Азғыр өңірінен шақыртумен келген Уәли 

(Уәлиахмет) Мырзағалиев ілкіде №3, кейіннен 

№4  бөлімше  меңгерушісі  болып  абыройлы 

қызмет атқарған.  

Уәли  Мырзағалиев  ескі  мен  жаңаның 

арпалысқан өлара шағы, 1916 жылы Жиекқұм 

ауылдық  кеңесіне  қарасты  Тінәлі  елді  ме­

кенінде  дүниеге  келген.  Әкесі  Мырзағали 

қос  ұлы  Жұмахмет  пен  Уәлиахметтің  білім 

алуларына  қолынан  келгенше  жағдай  жа­

сап,  Орда  ауылындағы  мектепке  береді. 

Кейін  Жұмахмет  педагогикалық  училище­

де  оқып,  мұғалімдік  қызмет  атқарып  жүрген 

кезде қудаланып, жер аударылады. Осылай­

ша,  төрт  жасында  анадан,  он  екі  жасында 

әкеден  айырылып,  содан  соң  ағадан  тірі­

дей көз жазып қалған Уәли нағашыларының 

тәрбиесінде өседі.

Еңбек  жолын  қарапайым  колхозшылықтан 

бастаған  ол  бойындағы  ұйымдастырушылық 

қабілетімен 

көзге 


түсіп, 

ел 


басқару 

баспалдақтарынан  сүрінбей  өтеді.  «Биік 

шыңның басына шыққан адам алды­артын, оң 

мен солын, яғни, жан­жағын түгел көреді, етек­

те тұрған адам екі жағын ғана көреді», ­ деген 

екен Төле би. Елінің ертеңін биіктен болжаған 

Уәли  Мырзағалиұлы  туған  жердің  гүлдеуіне 

көп тер төкті.

Өмір өткелінде ол есепші, ауылдық кеңестің 

хатшысы,  партия  комитетінің  нұсқаушысы, 

бөлімше  меңгерушісі,  колхоз,  ауылдық  кеңес 

төрағасы қызметтерін атқара жүріп, ел есінде 

есімі еңбекқорлығымен, өз ісіне адалдығымен, 

қарапайымдылығымен, 

көрегенділігімен 

сақталып  қалды.  Ат  жалын  тартып  мінген­

нен  өмірмен  етене  араласқан  тұлға  көргенін, 

естігенін  зердесіне  түйе  жүріп,  ауылдаста­

рын  шешендігімен,  ерді  кебенек  ішінен  та­

нитын  қасиетімен  таңдандырды.  Нарынның 

бөлтектерін  жатқа  білетін  жершілдігін  де 

көзкөргендер  сүйсіне  әңгімелейді.  Сондай 

азаматтардың  бірі  –  Ахметкерей  Салауатов: 

«Уәкең – ұзын бойлы, ат жақты, қырма сақал, 

еңгезердей  адам  еді.  Мінезі  жайлы,  басшы 

болса  да  қарамағындағы  қызметкерлермен 

жақсы  тіл  табысатын.  Ол  алғашында  қазіргі 

Сейітқали елді мекенінде бөлімше меңгерушісі 

болса,  кейін  жаңадан  №4  ферма  құрылғанда 

сонда меңгерушілікке жіберіледі. Ол кезде мен 

Сейітқалидан  №4  фермаға  жылқышы  болып 

келген  едім.  Кейіннен  трактор  бригадасының 

бригадирі  болдым.  Жаңадан  құрылған 

шаруашылықтың жоқ­жетігі көп­ті. Уәкең соның 

бәрін оңтайлы шеше білді»,­ деп біраз жайлар­

ды алға тартты.

Кісіліктің  кіші  ордасы  –  отбасы.  Уәли  ата­

мыз зайыбы Күнзира әжемізбен он бір ұл­қыз 

сүйіп, оның бесеуін жер қойнына беріп, өмірдің 

қатал сындарын бастан кешірсе, қалған алты 

баласының  өсіп­өркендеулеріне  бар  күштерін 

салған.  Сөз  арасында  Күнзира  Есенқызы  ту­

ралы  да  айта  кетсек,  ол  1926  жылы  Орда 

ауданы,  Жиекқұм  жерінде  дүниеге  келген. 

Балабақша  тәрбиешісі,  меңгерушісі,  мұражай 

қызметкері,  кітапханашы  қызметін  атқара 

жүріп, шаңырақтың түтінін түзу түтетіп, балала­

рына тағылымды тәрбие де берген. Олардың 

көзін  көріп  қалған  Батыров  Майдан  аға: 

«Күнзира апамыз толық келген сары, ажарлы 

кісі  әрі  үнемі  жымиып  жүретін.  Балаларының 

білім  алуына,  бойларына  абзал  қасиеттерді 

дарытуға  тырысқан  ана  қонақжайлылығымен 

де  ел  есінде  қалды.  Әсіресе,  күбіге  піскен 

қымызы мен қозы қарынға салып, жерге көміп 

сақтайтын  сары  майы  аспаздық  шеберлігінің 

шыңы еді»,­ деді өткенді еске алып.

Адамдар. Жылдар. Тағдырлар

Тінәліден шыққан текті тұлға

Әбухан  ағайдың  ішкі  мәдениеті, 

нақтылықты сүйетіні бірден байқалып 

тұрады. Сөзі мен ісі үндескендіктен де 

болар, елге сыйлы, беделді. Әсіресе, 

қайырымдылық 

шараларына 

үн 


қосып  жүретін  ізгі  ниеті  азаматтық 

ажарын  асырып  тұратыны  да  рас. 

«Жақсы  адам  –  жұрттың  ырысы» 

дегендей,  иманды  істерімен  көпке 

жаққан ақсақалдың біз жақында отба­

сында болып, өмір өткелдері туралы 

мәнді әңгімесін тыңдаған едік. 

Ол  1946  жылы  Шоңай  ауылын­

да  дүние  есігін  ашыпты.  Бала  кезі­

нен  зерек  болғандықтан  да  болар, 

1952  жылы  бөле  ағасына  ілесіп, 

алты жасқа жетпей Шоңай бастауыш 

мектебінің  табалдырығын  аттаған. 

Кейін оқуын Сайқында жалғастырған. 

Онжылдықтан 

соң 


Орынбор 

қаласындағы 

ауылшаруашылық 

институтының  зооветеринария  фа­

культетіне оқуға түсіп, оны ойдағыдай 

тамамдайды.  

1969  жылы  Астрахан  облысының 

Ахтуба  ауданына  қарасты  «15  лет 

ВЛКСМ»  колхозына  қызметке  кірісіп, 

алты  айдан  кейін  бас  зоотехник  бо­

лады.  Осылай  Ресей  жерінде  үш 

жыл  жүріп,  сол  жердің  қызы  Зай­

туна  (Зоя)  апаймен  отау  құрады. 

Дүрілдеп  комсомол  тойы  өтіп,  көңіл 

қосқан  жастарға  жаңа  үйдің  кілті 

де  табыс  етіледі.  Ол  кез  қой  үстіне 

бозторғай  жұмыртқалаған  мамыра­

жай заман еді ғой. Әйтсе де, жастар 

1971  жылдың  күзінде  қол  ұстасып 

атамекенге  оралады.  Ауылға  қоныс 

аударуына  М.Мәметова  атындағы 

совхоздың    директоры  Мұрат  ата  

Насимоллин  үлкен  ықпал  етіпті. 

Қызмет  барысында  бірнеше  мәрте 

ұшырасып    жүріп,  Ресейге  кезекті 

сапарларының  бірінде  Әбухан  ағаға: 

«Бала, шет жерде неғып жүрсің? Елге 

қайт, жұмыс, үй береміз»,­деп ұсыныс 

айтыпты. Шынында да, білікті басшы 

сөзіне тұрып, жас жігітті М.Мәметова 

атындағы  совхоздың  №6  фермасы­

на  қызметке алады. Онда он бір  та­

бын сиыр бағылып, жұмыс та қауырт 

жүріп  жатқан  кез­ді.  Әрі  1972  жылы 

қуаңшылық  болып,  мал  азығын  со­

нау  Жамбыл  облысынан  тасығаны 

да  есінде.  Әйтеуір,  әбүйір  болғанда 

қоғамдық малдан  шығын болмапты.

Кейін  Әбухан  ағай  Семей  қаласы­

нан  товаровед  (сауда  саласының 

маманы) 

мамандығы 

бойынша 

білім  алып,  1979­1981  жылдары 

Оралдағы шикізат базасында аға то­

варовед  қызметін  атқарады.  Жұмыс 

жауапсыздықты  көтермейтіні  өз  ал­

дына, өте қауырт жүретін. Тағдырдың 

жазмышы шығар, өмір ағысы оған тағы 

да  туған  жерге  оралуды  бұйыртып, 

аудандық  тұтынушылар  коопера­

циясы  басқармасының  төрағасы 

болып  сайланады.  Іскер  басшы 

облыстық  тұтынушылар  одағының 

басшылығымен жақсы қарым­қатынас 

ұстанып,  соның  арқасында  мол  та­

уар  алып,  халықтың  да  жағдайына 

қарайласады.  Бұл  кезең  ауыр  уақыт 

еді. «Рояль» деген бір литрлік спиртті 

бір  қойға  айырбастап,  ішімдікке  үйір 

топтың  қарасы  да  көбейген­ді.  Осы­

нау  қиын  мезгілде  ауылдастарының 

мәселін  қайтармай,  қолынан  келген 

жәрдемін  көрсетті.  Ол  жылдардағы 

қиындықтарды  жіпке  тізіп  жатуды 

Әбухан ағайдың жаны қаламайды...

Бертінде  лауазымдық  қызметтен 

өз еркімен бас тартқан алғыр азамат 

жан­жары  Зоя  апай  екеуі  азық­түлік 

дүкенін  ашады.  Волгоград,  Астра­

хан, Орал қалаларынан тауар тасып, 

кәсіпкерлікке дендеп  бет бұрады. Ол 

кісінің  Алланың  жердегі  үйі  –  Мешіт­

ке  де  демеушілік  жасап  жүргеніне 

жалпақ  жұрт  куә.  Мұратбек  Жаха­

тов  имам  болып  іске  кіріскенде  жеті 

жыл  бойы  бұл  ғимараттың  электр 

қуатын  төлеп  отырғаны  да    баршаға 

аян.  Иә,  сол  бір  сәттер  де  артта 

қалып,  қаңыраған  мешіт  іші  бүгінде 

жамағатқа  тола  бастағаны  көңілге 

қуаныш  ұялатады.  Осы  ретте  тағы 

бір айта кетер жәйт, Әбухан ағайдың 

Сайқындағы  қорымдарды  қоршауға 

мұрындық болып, істің басы­қасында 

жүргендігі.  Сол  сауапты  ісі  туралы 

сұрағанымызда ол:

–  Арғы  беттегі  қоршаусыз  жатқан 

бейіттерді  үнемі  көріп  жүретінмін. 

Моланың  ішінде  мал  да  жүреді. 

Әкемнің  бейітіне  барғанда  осынау 

көріністер  көңілге  қаяу  салды.  Осы­

лайша  қорымды  қоршау  керек  деген 

ойға  келдім.  Көптен  мазалаған  істі 

бас  имам  Назымбек  Иманғалиевке 

айтып,  оны  жеке  кәсіпкер  Сердіғали 

Айғалиев  қолдап,  біраз  шаруа  бітір­

дік.  Шәндекен  зиратынан  бастап, 

арғы  беттегі  бейіттер  де  атшапты­

рым  етіп  қоршалды.  Орыс  зиратын 

да  бөлек  тор  сыммен  айналдырып 

шықтық.  Айта  кетейін,  жеке  кәсіпкер 

Қуаныш  Бірмановтан  көмек  сұрай 

барғанымда,  ойланбастан  500  мың 

теңге  беріп,  мәрттік  жасаса,  алыста 

жүрген жерлесіміз Құсайынова Айжан 

Нұрлауқызы да бұл іске 100 мың теңге 

қосты.  Енді  «Жәрмеңке»,  «Мәмбет» 

елді  мекендеріндегі  қорымдарды 

қоршау жоспарланып отыр,­деді.

Кейіпкеріміздің  көптеген  ізгі  істің 

ұйытқысы  болып  жүргені  текті  ата­

лардан  алған  имани  тәрбиесі  екені 

даусыз.  Әбухан  ақсақалдың  нағашы 

әжесі  Әмина  Төменгі  Басқұншақтағы 

мешіт  имамының  қызы  екенін  айта 

кету артық болмас. Кішкентай кезінен 

кимешек  киген  сол  әжесінің  намазға 

жығылғанын  көріп  өсіпті.  Сондай 

тағылымды  тәрбиені  бойға  жастай 

сіңірген  ғазиз  жан  өз  ұрпағына  да 

қайырымды  қадамымен  үлгі­өнеге 

көрсетіп  жүр.  Зайтуна  апай  еке­

уі  үш  ұл,  екі  қызды  өсіріп,  өндірді. 

Балаларының бәрі де өмірден орын­

дарын  тауып,  әр  салада  абырой­

лы  қызмет  етуде.  Олардан  өрбіген 

сегіз немере, екі жиен қашан да ата­

әжелерінің  көз  қуанышы.  10  сынып­

ты  Америкада  оқыған  Аурита  есімді 

немересі кезінде Жәңгір хан ғылыми 

қоғамының  мүшесі  болған  Қазан 

университетінің ІІ курс студенті, Иса­

лиевтер әулетінің мақтанышы. 

Осындайда  атам  қазақтың  «Елдің 

көркі  –  қария,  жердің  көрі  –  да­

рия»  деген  қанатты  сөзі  еріксіз  ойға 

орала  береді.  Біздің  кейіпкеріміз, 

ауданымыздың Құрметті азаматы, ел­

жұртына сыйлы Әбухан аға да бүгінгі 

күні  жеті  қырдың  белесіне  көтеріліп 

отыр.  Алда  да  Алла  ұзақ  ғұмыр  жа­

зып,  ұрпағыңызбен  жасара  түсіңіз 

дейміз перзенттік пейілмен.



Гүлнар ТАСБОЛАТҚЫЗЫ.

Сайқын ауылы.

«Елдің көркі – қария...»

Иә, қазақтың «би болмаса да, би түсер  үй  

болған» деген мәтелі дәл осы  Уәли атамызға 

қаратып  айтылғандай  көрінеді.  Елге  кел­

ген  адамдар  пейілі  кең  Күнзира  апамыздың 

мол  дастарханынан  дәм  татпай  кетпеген. 

Жұбайы түзде ел қамымен жүргенде, сенімді 

тылы  болып,  еңбек  етіп,  қамқорлығымен, 

мейірбандығымен  жатты  жақын  ете  білген 

де  осы  апай  еді.  Жоққа  пана,  сүрінгенге  де­

меу  болған  абзал  жандардың  айналасы  да 

жайсаңдарға толы болыпты.

«Сұңқардан  сұңқар  туар  саңқылдаған, 

жақсыдан  жақсы  туар  жарқылдаған»  деген­

дей,  балалары  да  елге  сыйлы  азамат  бо­

лып,  ел  тізгінін  ұстап,  әкенің  сара  жолын 

жалғастырды. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Бір 

сөзбен  айтқанда,  Нарынның  нар  ұлдарының 

бірі  болған,  бүгінде  туғанына  ғасыр  толып 

отырған Уәли ата Мырзағалиев адалдығы мен 

адамдығына  қоса,  тәлім  аларлық  текті  тұлға 

еді. 

Л.ЕДІЛБАЕВА,

 Бөкей Ордасы тарихи музей  

кешенінің әдістемешісі. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал