40 ОҚушылардың танымдық белсенділік пен қызығушылығЫ



жүктеу 78.11 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.02.2017
өлшемі78.11 Kb.

 

40 


УДК373.167.1 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ  БЕЛСЕНДІЛІК  ПЕН  ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ 

 

Балабекова К.Т. 

(С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия) 

 

 

 

«Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» 

деп Ж.Ж. Руссо бекер айтпаған. 

 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  оқыту  формасын,  әдістерін, 



технологияларын  таңдауда  көп  нұсқалық  қағидасы  бекітілген,  бұл  білім  мекемелерінің 

мұғалімдеріне  өзіне  оңтайлы  нұсқаны  қолдануға,  педогогикалық  процестерді  кез  келген 

үлгімен,  тіпті  авторлық  үлгімен  құруға  мүмкіндік  береді.    Биология  –  бұл  орта  буында 

алғаш  қосылатын  пән.  Сондықтан  оқушы  орта  буында  өсімдік  құрылысы,  өсімдік 

жайындағы  білім  берудің  алғашқы  баспалдығымен  танысады.  Осы  пәнді  оқытуда  жаңа 

технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл 

ойын  дамытатын  оқуға  көшу,  мұғалім  мен  оқушының  тең  субъектіге  түсіп 

ынтымақтастықта  болуын  қажет  етеді.  Ынтымақтастық  идеяларында  тұжырымдамада 

қаралған  азаматтандыру  мәселесі,  еркін  беруде  оқушының  және  тұлғалық  күшінің 

дамуына  шығармашылық  деңгейінің  өсуіне  көмектесетін  жоба  қажет  болады.  Осы 

тұрғыдан сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор 

үлесін  қосады.Оқыту  үрдісінде  балалардың  сыртқы  дүние  нәрселері  мен  құбылыстарын 

саналы түрде қабылдауының нәтижесінде балалардың сезгіштігі күшейіп, түйсігі дамиды. 

Оқушылардың  оқу  материалын  қабылдауын  дұрыс  ұйымдастыру  үшін  мұғалім  оқыту 

үрдісінде көрнекілікті кеңінен пайдалануы керек.  

Таным-адам санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны 

игеруге де үйренеді. 

«Таным»  -  философиялық  ұғым:  «айналадағы  материалдықтың  адам  санасында 

бейнеленуі».  Таным  арқылы  заттар  мен  құбылыстардың  басты  белгілері,  ұқсастықтары 

мен айырмашылықтары жайындағы бейнені қабылдау нәтижесінде ұғым туады. 

Қызығу  —  әр  қырынан  алып  қарауға  болатын  күрделі  ұғым,  адамныңбелгілі  6ip 

объектіні ұнатып, білуге ұмтылган ic-әрекетін қуаттандыратын психикалық, ерекшелік" 

деген пікір айтады ғалымдар М. Беляев, Н. Морозова, С. Рубинштейн. Қызығу адамды 

жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарландырады. Сондықтан адамның 

қызығуы 6ip icпен шұғылданғанда, әр түрлі әрекеттерде көрініс табады. 

Оқыту  әдістері  оқушылардың  танымдық  белсенділіктерінің  дамуына  зор  ықпал 

етеді.  Өйткені  оқыту  әдістерінің  білімдік,  тәрбиелік  қызметтерімен  қатар, 

дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. 

Оқыту  әдістері  -  мектеп  педагогикасында  талас  тудырып  жүрген  өте  күрделі 

мәселелердің бірі. Көптеген авторлардың пікірінше, оқыту әдістері - оқушылардың оқу 

- танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілі. 

 

И.Я.Лернер және М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушының оқу - танымдық әрекетіне 



байланысты былай жіктейді: 

а)  түсіндірмелі  иллюстративтік  немесе  ақпаратты  рецептивтік  (рецепция  - 

қабылдау)  әңгіме,  дәріс,  түсіндіру,  оқулықпен  жұмыс,  кино,  диафильмдерді 

демонстрациялау, т.б; 



 

41 


ә) ішінара – іздену немесе эвристикалық әдіс; 

б)  зерттеу  әдісі,  оқушыға  танымдық  тапсырма  беріліп,  оны  өз  бетінше,  қажетті 

әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегемен орындау. 

Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін 3 негізгі топқа бөлді:  

а) оқу - танымдық әрекетті жүзеге асыру және ұйымдастыру әдістері;  

ә) оқу - танымдық әрекетте мотивация және реттеу әдістері; 

б) оқу - танымдық әрекеттегі бақылау және өзіндік бақылау әдістері. 

Дидактикалық  тұрғыдан  алып  қарағанда  М.А.Данилов  және  Б.П.Есиповтың 

жүйелеуі тиімді. Егер бұл әдістер оқушының дидактикалық мақсаттары мен танымдық 

міндеттерін  шешуде  оқыту  әрекетін  ұйымдастыру  ретінде  көрінсе,  онда  оларды 

мынадай топтарға бөлуге болады:  

а) жаңа білімді игеру әдістері

ә) білімді практикада қолдану білігі мен дағдысын қалыптастыру әдістері; 

б) білімді, білік және дағдыны бағалау, тексеру әдісі. 

Көптеген  жүйелеулер  оқытудың  негізгі  міндеттерімен  сәйкес  келіп,  олардың 

негізгі  белгіленген  қызметін  жақсы  түсінуге  көмектеседі.  Егер  көрсетілген 

жүйелеулерге дәлдік енгізсек, онда түрлі әдістерді мынадай 5 топқа бөлуге болады:  

а)  мұғалімнің  білімді  ауызша  баяндауы  мен  оқушының  танымдық  әрекетін 

белсендіру  әдісі:  әңгіме,түсіндіру,  мектеп  дәрісі,  әңгімелесу,  оқу  материалын  ауызша 

түсіндірудегі иллюстрациялау, демонстарциялау; 

ә) материалды бекіту әдісі: әңгіме, оқулықпен жұмыс

б) жаңа материалды игерудегі оқушының өзіндік жұмыстары; 

в)  білімді  практикада  қолдану  және  біліктер  мен  дағдыларды  бекіту  әдісі: 

жаттығулар, зертханалық сабақтар. 

г) оқушының білімдері, біліктері мен дағдыларын бағалау және тексеру әдістері: 

оқушыны күнелікті бағалау, ауызша сұрау (жеке, фронтальді), сабақ кезінде балл қою, 

бақылау  жұмыстары,  үй  тапсырмаларын  тексеру,  бағдарламаланған  тексеру,    тест 

арқылы тексеру. Оқушыларға сапалы да тиянақты білім берудің негізгі-өз пәніңді жан - 

жақты  игеру,  оқушы  санасына  жеткізе  білу,  шығармашылық  ойлауын  қалыптастыру, 

оқытудың белсенді әдістерін қолдану.  

Оқушы  белсенділігі  оқушының  ой  дербестігіне  сүйенеді.  Оқыту  үрдісінде 

оқушылардың  белсенділігін  арттыруды  мақсат  еткен  мұғалім  сабақтың  барлық 

кезеңдерінде олардың дербестігін дамытуға тырысады. Оқушының белсенділігі әр түрлі 

болады.  

Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар. 

1-дәреже  –  жаңғыртушы  белсенділік  –  шәкірттің  материалды  жадылап,  қайта 

жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен  

сипатталады.  Белсенділіктің  1-дәрежесіне  тән  көрсеткіш  –  оқушының  бойында 

білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.  



2-дәреже – түсіндіруші белсенділік – оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне 

белгілі  ұғымдармен  байланыстыруға,  білімін  жаңа  жағдайларда  пайдалану  жолдарын 

меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. 2-дәрежеге тән көрсеткіш - оқушының бастаған істі 

аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап  

болғанда оны жеңудің жолдарынан қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі. 

3-дәреже – белсенділіктің шығармашылық дәрежесі – оқушының тапсырманы 

шешудің  тың  жолдарын  іздеструге  деген  ұмтылысымен  сипатталады.  Бұл  дәреженің 

ерекшелігі-  мақсатқа  жетудегі  табандылық,  танымдық  ынтаның  негіздері  мен  әр 

алуандылығы. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  оқу-танымдық  белсенділігінің  4  деңгейін 

анықтауға болады. 



 

42 


1. Жоғары – белгілі құбылыстың маңыздылығына қызығушылығы бар, белсенді 

оқу-танымдық  ұмтылыстың  болуы.  Білімін  практикалық  жағдайда  оңтайлы  қолдана 

отырып,  оқу-танымдық  тапсырмаларды  шешудің  жолдарын  болжап,  жаңа  нәтижеге 

жетудің  нұсқаларын  өз  бетінше  айқындайды.  Білімін  шығармашылық  тұрғыда 

қолданады,  белсенді  іс-әрекет  дербестігін  сақтап,  өз  әрекетін  бақылап,  өздігінен 

бағалайды. Зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. 



2.  Жеткілікті  –  оқу-танымдық  материал  мазмұны  мен  тапсырма  мақсатына 

байланысты  шығармашылық  ізденістер  ұйымдастырады.  Объектіні  таниды  және 

сипаттай  біледі:  ішкі  және  сыртқы  құбылыстарға  қатынасын,  байланысын  табады; 

дәстүрлі жағдайларда білімі мен іс-әрекет тәсілдерін қолданады. 



3.  Орташа  –  оқу-танымдық  әрекет  деңгейін  өз  бетінше  таңдайды, білімі  мен  іс-

әрекет  тәсілдерін  қолданады.  Ынталылық  пен  бейімділіктің  өзара  байланысы  толық 

емес,  білімді  меңгеруді,  проблеманы  шешуді  үлгіге  қарау  арқылы  немесе  мұғалімнің 

көмегімен орындайды. 



4.  Төмен  –  оқушы  оқу-танымдық  тапсырмаларды  өз  бетінше  орындай  алмайды, 

оқу үрдісінде мұғалімнің көмегін қажетсінеді. Танымдық тапсырмаларды үлгі бойынша 

баяу  орындап,  кейін  нәтижесін  талдайды.  Танымдық  әрекеттің  қандай  да  бір  түріне 

ынтасы қалыптаспаған, оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығы толымсыз. 

Мен    биология    сабақтарында    оқушылардың  танымдық    белсенділігін  мен 

қызығушылығын    арттыру  үшін    түрлі    тапсырмалар    мен    қызықты    биологиялық  

ойындарды    ұйымдастырып    жүрмін.    Мысалы,  7    сыныптарда  құстар    тақырыбына 

мынадай  суретті  тест  арқылы  баланың  сабаққа  қызығушылығын   ояту  мақсатында 

берем. 

 

Суретті тест 8 сынып «Құстар классы» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл  тапсырмалар  оқушының  байқағыштығын,  логикалық  ойлауын  дамытады, 



шапшандыққа,  тез қимыл-әрекеттеріне үйретеді. 

 

 



 

н 

а 

н 

д 

у 

 

 



Т  О  Т  Ы  Қ  Ұ  С 

 


 

43 


Ал,  10  сыныптарда  баланың  логикалық  ойлау,  ес,  жады  және  т.б.  қасиеттерін 

дамыту  мақсатаныда  шытырмандар,  анаграммалар,  иннвордтар,  лото  деген  танымдық 

ойындарын ұйымдастырамын. Мысалы, 

 

№ 4. БИОЛОГИЯЛЫҚ ШЫТЫРМАН 



 

У.1. 

Мендельдің бірінші 

заңы – біркелкілік 

заңы 



О.8. 

Генетикалық зерттеулер 

қолайлы жүргізетін 

жәндік – шаян 



Ц.15. 

Басым гендер 

доминантты деп 

аталады 


Ы.22. 

Мендель тәжірибені 

асбұршаққа жасады 

Ия -3 


Жоқ -7 

Ия -4 


Жоқ -5 

Ия -18 


Жоқ - 16 

Ия -24 


Жоқ -17 

Б.2. 

Бірінші ұрпақта 

ажырау арақатынасы 

фенотипі бойынша 

3:1, ал генотипі 

бойынша 1:2:1 

болады 

А.9. 

Екі қабатты ұрықты 

гаструла деп атайды 

Ф.16. 

Екі жұп белгілері 

арқылы удандастыруды 

– моногибридты 

будандастыру дейді 

В.23. 

Қайталап таруды 

оқы! 

Ия -1 

Жоқ - 4 

Ия -14 

Жоқ - 8 

Ия -17 

Жоқ -20 

 

 

А.3. 

Жыныссыз көбею – 

гаметалар арқылы 

жүреді 


У.10. 

Ұрықтану деген –

гаплоидті  хромосома 

жиынтықтары бар аналық 

пен аталық жыныс 

жасушаларының 

ядроларының қосылуы 

Ц.17. 

Гендердің өзара 

әрекеттесуін төрт түрі 

бар:комплементарлық, 

эпистаз, полимерия, 

көпаллельдік 



Қ.24. 

Цитоплазмалық 

тұқым қуалауды 

Т. Морган ашты 

Ия -2 

Жоқ -6 

Ия -12 

Жоқ -11 

Ия -20 

Жоқ - 23 

Ия -17 

Жоқ - 26 



Э.4. 

Мутация деген 

фенотиптің  өзгеруі 

Ш.11. 

Вегетативті көбею екіге 

бөлінеді: табиғи және 

қолдан 


Қ.18. 

Генетика атасы де Фриз 

болып есептеледі 

Н.25. 

Т. Морган дрозофила 

шыбынына тәжірибе 

жасады 


Ия -6 

Жоқ -8 

Ия -1 

Жоқ – 13 

Ия -12 

Жоқ -21 

Ия -20 

Жоқ - 27 



Ю.5. 

Тіркес гендердің 

орналасу  

сызбанұсқасын 

генетикалық  

карталар дейді 



М.12. 

Тригибридті 

будандастыруда сегіз 

түрлі  фенотип  түзіледі 



К.19. 

Цитоплазманың 

құрамындағы  гендер 

арқылы жүретін тұқым 

қуалауды 

цитоплазмалық тұқым  

қуалау дейді 

Ұ.26. 

Эпистаз деген бір ген 

екінші генді басып, 

белгісін  жойып 

жібереді 

Ия -6 

Жоқ -7 

Ия -10 

Жоқ - 15 

Ия -20 

Жоқ - 21 

Ия -19 

Жоқ -28 

Л.6. 

Қосарлы  ұрықтануды 

С.Г. Навашин ашты 

Е.13. 

Телу деген бір өсімдіктің 

бөлігін екінші өсімдікке 

ұластыру 



Ч.20. 

Партеногенез – 

ұрықтанбаған 

жасушалардан 

аталықтар дамиды 

М.27. 

Ген деген терминді 

Г. Мендель  енгізді 

Ия -9 

Жоқ -7 

Ия -11 

Жоқ - 15 

Ия -21 

Жоқ - 27 

Ия -12 

Жоқ - 

26 



Г.7. 

Жасыл асбұршақ 

сары асбұршақты 

басып қалады 



У.14. 

Генетика 

тұқымқуалаушылықты 

зерттейді 



М.21. 

Гибридологиялық әдісті 

адамға  қолданады 

Т.28. 

Генотип – гендердің 

жиынтығы 

Ия -8 

Жоқ - 14 

Ия -18 

Жоқ -16 

Ия -13 

Жоқ - 22 

 

 

 

Бұл  тапсырмалар өте күрделі емес, сондықтан оқушылардың барлық деңгейлерін  



қамтиды. Тек оқушы  тезистерді білу қажет. 

Немесе осы сыныптарда мынадай тапсырмалар түрлері; 

 


 

44 


АНАГРАММА - 1:«ГЕНЕТИКА» 

 

АГЕКНИТЕ    - 

 

ДЕМНЕЛЬ  - 



 

ШАСҚАРҰБ   - 

 

КІЛІРЛЕКБІК АҢЫЗ  - 



 

АЛДАЙТ ДАСБУТЫРУДАН –  

 

МИДОТТЫНАН  -  



 

КАЛГЕНЫҚЕТИ АРТАК – 



 

 

 

 

Әдебиет: 

1.

 



Құдайбергенова  К.С.  Құзырлылық  білім  сапасының  критерийі:әдіснамасы  және  ғылыми-

теориялық негізі. Алматы, 2008. 

2.

 

Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе. М.: Просвещение, 1977. 



3.

 

Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. М.: Педагогика, 1972. 



4.

 

Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М.: Педагогика, 1972. 



5.

 

ЭльконинД.Б.  Психология игры.  M., Педагогика, 1976. 



6.

 

Пидкасистый  П.И.,  Арыстанов М.Ж.,  Хайдаров   Ж.С.  Проблемно-модельное  обучение:  вопросы 



теории и технологии. Алматы. Мектеп. 1980. 

7.

 



Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С. Игра, как процесс обучения. Алматы. Знание.1985. 

 

 



 

РЕАЛИЗАЦИЯ ЛОГИЧЕСКОГО СОДЕРЖАНИЯ ЗНАНИЕ ЦЕНТРИЗМА 

В ПЕДАГОГИЧЕСКОМ ПРОЦЕССЕ ПО БИОЛОГИЧЕСКОЙ ХИМИИ 

 

Беккужин А.Г., Абилова Ж.М., Галымжанова Г.Т. 

(ЗКГМУ имени Марата Оспанова) 

 

 



 

В  современной  системе  технологии  образовательного  процесса  актуально 

решение  проблем  повышения  эффективности  обучения  и  качества  подготовки 

высококвалифицированного  специалиста,  компетентность  которого  структурируется 

научным содержанием практически всех без исключения дисциплин [1]. Сейчас жестко 

действуют объективные ситуации, требующие безотлагательного позитивного решения 

выше указанной концепции:  

-  усиление  конкурентной  борьбы  в  мире  и  стремление    в  связи  с  этим  повысить 

образовательной потенциал нации и государства;  

-  требование социума - усиление акцента на воспитание гражданина;  

-  неготовность  выпускников к  адаптации  в  условиях  стремительно меняющегося 

мира. 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                               

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

жүктеу 78.11 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет