4 I. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір


Қазақ халқындағы ұлттық ойындар кезінде кездесетін заттың ұзындығы мен сыйымдылығын саусақпен өлшеу секілді жолдарын



жүктеу 470.5 Kb.
бет29/30
Дата14.02.2022
өлшемі470.5 Kb.
#17239
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Дип.-1-2-сыныпта-математика-сабақтарында-халық-педагогикасының-элементерін-пайдалану (1)
Қазақ халқындағы ұлттық ойындар кезінде кездесетін заттың ұзындығы мен сыйымдылығын саусақпен өлшеу секілді жолдарын

пайдалану.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Шәкірттер бойына халқымыздың қадір -қасиетін сіңіртіп ата - бабаның тыныс тіршілігінен хабардар етіп, есте сақтау.

Көрнекілігі: Қазақша ұзындық, сыйымдылық өлшемдерін өлшеу үшін пайдаланған әдістерді бейнелейтін суреттер: метірлік, литр ыдысы. Тұз, бидай, күріш.

Тәрбие сағатының барысы: 1. Ұйымдастыру.

Балалар, бүгін біз бұрынғы аталарымыздың өзі өмір сүрген дәуірде, өздерінің күнделікті тұрмыс - тіршілігіндегі заттарды алып, беру және қажетіне пайдалану үшін ұзындылықты, сыйымдылықты қалай пайдаланғанымен танысамыз.

Бұрын қазіргідей ұзындықты өлшейтін дайын метрлік, сыйымдылықты өлшейтін кг., метр өлшеуіш құралдары көп болмаған, болса да көп адамдар түсіне білмеген. Сондықтан көз қол, саусақ мөлшерімен заттарды дәл өлшеп отырған. Қазақ халқында ортақ өлшеуіштерге жалпы халық сенген және түсінген. Біз сол өлшемдерге көз жеткізуіміз керек. Мысалы: Үлкендер бес саусақты қалай атаған? Бір оқушы саусағын көрсете отырып атайды.

Оқушы: 1) Бас бармақ, 2) Сұқ саусақ, 3) Ортан саусақ, 4) Аты жоқ саусақ, 5) Шынашақ.



  • Дұрыс

  • Ал, саусақтар бірдей ме?

  • Жоқ

  • Here?

  • Білмейміз

Ендеше бес саусақ туралы халықтың аңызын әңгімелеп берейін. Ең алғашқыда саусақтар бірдей болып жаратылыпты. Бастары бір қосылғанда бас бармақ басқаларға қарап:

- Ұрлық жасаймыз ба? - депті.

Сұқ саусақ оның сөзін қолдап, - Жасасақ жасайық - депті Ортан саусақ:


  • Құдайдан қорықпайсыңдар ма? - депті.
    Аты жоқ саусақ:

  • Құдай не қылар дейсің? - депті.

Сонда шынашақ: - Алайық та қашайық, ұрлайық та сояйық - деп шыдамсызданады.

Содан саусақтардың осы айтқандарын жаратушы құдай естіп, оларды әр түрлі етіп жаратқан екен деседі.

Кейде өмірде адамдардың іс - әрекетін, қадір - қасиетін бағалап, басқамен салыстырғанда «бес аусақ бірдей емес» деген сөзді мәтел есебінде үлкендер жиі айтып отырады.


  • Балалар, математика сабағында ұзындық өлшемдерін өттіңдер,
    атандаршы.

  • Миллиметр, сантиметр, метр, дициметр.

  • Дұрыс, ал салмақ өлшемдері қандай?

  • Грамм, килограмм, центнер, тонна.

- Балалар, ертеде көшпелі қазақ халқының тұрмысында сызғыш, метрлік,
таразы әрбір үйде болмаған.

Міне, сондықтан олар өлшем бірлік ретінде саусақтарды пайдаланған.


Қазақша ұзындық өлшемдерін былай атаған.
1 Елі 4. Қарыс сүйем

  1. Сүйем 5. Қарыс

  2. Сынық сүйем 6. Түтам.

Қазақша ұзындық өлшемдеріне жеке - жеке тоқталайық. 1 - оқушы: Елі - саусақтың көлденең қалындығы.

2- оқушы: Сынық сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақтың буыны бүгіліп


барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің төрттен үш бөлігі.

  1. - оқушы: Сүйем - бас бармақ өлшем.

  2. - оқушы: Қарыс сүйем - бас бармақ пен ортан саусақтың аралық өлшемі.

  3. - оқушы: Қарыс - бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.

  4. - оқушы: Түтам бес саусақпен түтқандағы көлемге шамалас төрт еліге тең
    ұзындық.

- Дұрыс. Мысалы, пісіп тұрған сүтті мүздай жерге қойса, қаймак бетіне жиналады, үлкендер оны бір елі қаймақ жиналды дейді.

Ал, математикадағы ұзындық өлшемі бойынша айтсақ 1 см қаймақ жиналды дер едік.

Кішкентай аласа бойлы адамды бойы бір қарыс деп тілге тиек еткен. Сонымен бірге тәжірибеден сыйымдылық өлшемдерін былай атаған:


  1. Шымшым.

  2. Шөкім.

  3. Бір уыс.

  4. Қос уыс.

Осы өлшемдерге түсінік берейік.

  1. - оқушы: Шымшым - үсақ затты бас бармақ және сүқ саусақпен қосып
    алғандағы өлшем.

  2. - оқушы: Шөкім - үсақ затты үш саусақтың үшымен кысып алғандағы
    өлшем.

  1. - оқушы: Бір уыс - қол саусақтарын жымдастыра бүккендегі өлшем.

  2. - оқушы: Қос уыс - қос қолдың саусақтарын бірге жымдастарғандағы
    өлшем. Кеседегі тұрған тұзды өлшеп көрсету.

Тамақтың бір шымшым тұзы кем. Бір шөкім тұзы кем.

Бидай: Бір уыс бидайды тауыққа шаш. Қос уыс бидайды тауыққа шаш.

Сыйымдылық өлшемдерін сурет бойынша балалардың өздеріне орындату.

Қорытындылау.

- Балалар, бүгін сендер ата - бабалардың тыныс - тіршіліктері және

сыйымдылық өлшемдері қалай пайдаланғандығымен таныстыңдар.

1 - оқушы:

Бес саусақ

Бас бармағым бауға барды,

Сұқ саусағым суға барды,

Ортан саусақ орақ орып,

Аты жоғым ағаш жарды.

Жүмсамапты алақаным

Тек шынашақ балапаным.

(Он саусақ).




жүктеу 470.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет