4 I. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір


Математика сабағында халықтық педагогиканы оқыту іс -



жүктеу 470.5 Kb.
бет28/30
Дата14.02.2022
өлшемі470.5 Kb.
#17239
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Дип.-1-2-сыныпта-математика-сабақтарында-халық-педагогикасының-элементерін-пайдалану (1)
2.7. Математика сабағында халықтық педагогиканы оқыту іс - тәжірибесі.

1 - сынып.

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау. Сабақтын білімділік мақсаты:

а) Математикадан өткен сабақтарды пысықтау;

б) Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып оқушылардың білімін
тексеру.

Тәрбиелік мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ойындарын қастерлей білуге, ұжым намысын қорғай білуге, өз халқының салт - дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыруға, дәлдікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Ұлттық салт - дәстүр, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушының ой - өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Көрнекілігі: Әйтеке би ауылының, Қазыбек би ауылының киіз үй сызбалары: ұлттық ойындардың жеке - жеке суреттері: қыз қуу, көкпар, тай жарыс, дастарқан, әр түрлі ұлттық тағамның жеке - жеке суреттері.

Істелінген заттар: Кішкентай киіз үй, бесік (жабдығымен), сандық, домбыра және қамшы, ер - тұрман.

1. Сабақтың жұру барысы: - Балалар, сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені қайталау сабағы болғандықтан, қазір «Наурыз тойын» тойлау арқылы білімімізді көрсете аламыз.

- Наурыз тойын тойлау үшін қандай дайындықтар жасау керек?

а) киіз үй құру;

ә) дастархан жасау;



б) ұлттық ойындарға дайындалу.

Ендеше 1- топ оқушылары Қазыбек би ауылының той дайындығын, 2 – топ Әйтеке бй ауылының той дайындығын жасайсыңдар-. Тале би ауылы киіз үй құрмайды. Олар қонақтар - сабаққа қатысқан ұстаздар. Сендердің математика пәнінен білім дәрежелерің арқылы той қалай өткендігін бағалайды.

1. Екі топ кезек - кезек ауызша жауап беру арқылы киіз үйлерін құрады. Сұрақтар киіз үй суреті сыртындағы сандар, өрнектер және геометриялық фигураларға байланысты қойылады.


  • Шаңырақтағы өрнектерге қарап азайтудың және қосудың компоненттерін
    атау.

  • Қосындының мәні 7 болатын өрнек құр-

  • Айырманың мәні 4 болатын өрнек құр.

  • Шаңырақ геометриялық қандай фигура болады? (Дөңгелек)

  • Киіз үй құрған арқандар қандай сызықтар? (Тұзу және қисық сызықтар)

  • Киіз үйдің есігі қандай геометриялық фигура? (Төрт бұрыш)

  • Ең үлкен бір таңбалы сан қандай сан?

  • Басқадай киіз үй сыртында қандай геометриялық фигуралар бар?
    (Үшбұрыштар)

2. Дастархан жасау.

Екі ауыл да дастарханына тоғыз түрлі ұлттық тағам қояды. Екі ауылдан да тоғыз бала өз - өз карточкасына берілген екі өрнекті шешіп, азайту, қосу компоненттерін ауызша айтып дастархандарына суреттерді жапсырады. Осылайша дастарханда әсем салынған тағам суреттерімен жасалып болады.

3. Ұлттық ойындар ойналады.

Қазыбек би аулынан ер бала шығады. Әйтеке би ауылынан кыз бала шығады. Қыз қуу ойыныныңтәртібі таныстырылады.

Кітаппен жұмыс № 1.

Азайғышы 10 болатын айырмаларды жаз және мәнін тап. Ер бала айырма мәндерін өсу ретімен, қыз бала кему ретімен шешеді.

I. 10- 1 II. 10- 10

10-2 10-9

10-10 10-1

Айырма мәндерінің шешілгеніне қарап ұпай беріледі.

Ал, балалар, киіз үй құрып, дастархан әзірлеп, ойындар ойнап біраз шаршадық.

Енді сергіту сәтін жасайық.

- Бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек. Бас бармағым - үйде қал, Балалы үйрегім - жылқыңа бар. Ортан терегім - сиырыңа бар, Шылдыр шүмегім - түйеңе бар, Кішкене бөбегім - қойыңа бар - деп үйге тапсырма беріп, қорытындыладым.


жүктеу 470.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет