4-7-бет. «Ер Тарғын» елдің болашағы



жүктеу 1.21 Mb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата05.03.2017
өлшемі1.21 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 №49 (1284)  3 желтоқсан

 

2015 жыл, бейсенбі



www.z-taraz.kz

 4-7-бет.

«Ер Тарғын»  

елдің болашағы 

үшін

Үздіктер үзеңгі 

қағыстырған 

байқау

 

„



ҚР Тұңғыш Президенті 

күніне орай Тараз 

қаласында 280 орындық  

жаңа балабақша бой 

көтерді.

 

„



Осымен екінші 

рет халықаралық 

«Тұңғышбай Әл-Тарази 

Таразға шақырады» атты 

театр фестивалі өтті.

 

2-бет.

 

8-бет.

ҚАЗАҚСТАН 

ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: 

ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

 

„



Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. 

Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз 

жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!                       

  Мен халқыма сенемін.   



Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Қала-Қарбалас

2

//   «ЖаМБыл - ТаРаз»  //  №49 (1284),  3 ЖЕлТоқсан 2015 Жыл  //



Елдігімізді сақтаған 

көшбасшы 

 

„

Облыс орталығындағы Елбасы атындағы 



саябақта ҚР Тұңғыш Президенті күніне 

арналған  «Елдігімізді сақтаған көшбасшы» 

атты мерекелік кеш өтті.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Бүгінде ұлт көшбасшысының биік саяси бейнесі, зор тарихи тұлғасы ұлтымен 

ажырамас егіз ұғымға айналғаны ақиқат. Елбасының сындарлы саясаты арқасында  

елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалар табысты жүзеге 

асып, Қазақстанды жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде әлемге паш етті.

Биыл еліміз үшін мерекелі, арнаулы даталарға толы жыл болды. Қазақ хандығының 

550, Ұлы Жеңіске 70 және Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата Заңымызға 20 жыл 

толды. «Бірлік болған жерден береке қалмайды» деген аталы сөзді ұстанған мемлекетіміз 

бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан көп ұлтты 

мемлекетпіз. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде еліміз бірліктен бір елі ажыраған емес. 

Осындай өресі биік байлық пен алған асулардың барлығының басында мемлекет басшысы 

Н.Ә.Назарбаев тұрғаны сөзсіз. 

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта өткен мерекелік концерт «Достар» 

тобының орындауындағы «Елбасы» әнімен түндігін түрді. Мұнан соң Қазақстан 



«ЕР ТАРғЫН»  

ЕЛДІҢ бОЛАшАғЫ ҮшІН

 

„

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз қаласында 280 орындық  жаңа 



балабақша бой көтерді. 

Тәлім-тәрбиенің алтын бесігі. 

  Суретті түсірген В.Алсуфьев

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Бүгінгі бала – елдің ертеңі. Тарихтың ама-

натын жалғастыратын болашақ. Сондықтан, 

ел  ертеңінің  кемелдігі  бүгінгі  ұрпаққа 

тікелей  байланысты.  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  «Балапан»  бағдарламасы 

аясында  ел  аумағында  бірнеше  заманауи 

балабақшалар бой көтеріп, ұлт ұрпағының 

игілігіне  берілді.  ҚР  Тұңғыш  Президенті 

күні  қарсаңында  «Арай»  алқабында    280 

орындық  №44  «Ер  Тарғын»  балабақшасы 

пайдалануға берілді. Жаңа нысанның жалпы 

сметалық құны 536 миллион теңгені құрайды. 

Құрылыс  жұмысын  «Нұр  Тұрсын»  ЖШС 

жүргізді. Тұрғындардың сұранысы бойын-

ша  бой  көтерген    білім  беру  мекемесінің 

салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің 

бірінші  орынбасары  Бекболат  Орынбеков 

қатысып,  ата-аналар  мен  бүлдіршіндердің 

қуанышымен бөлісті.

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш 

Президенті  күні  мерекесі  қарсаңында 

қуанышты  сәттің  куәсі  болып  отырмыз. 

Пайдалануға  берілген  бұл  балабақша  – 

Мемлекет  басшысының  тапсырмасымен 

қолға алынған «Балапан» бағдарламасының 

жемісі.  Заманауи  үлгіге  сай  салынған 

ғимаратта сәбилердің  жан-жақты жетіліп, 

тәрбие мен білім алуы үшін барлық жағдай 

жасалған.  Бүгінде  облыстағы  420  мек-

тепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде 

44719  бала  тәрбиеленуде.  Жыл  басынан 

бері  осымен  екінші  балабақша  ғимараты 

пайдалануға  берілді.  Таяуда  Жамбыл 

ауданының  Жалпақтөбе  ауылында  да  дәл 

осындай 280 орындық балабақша ашылады 

деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, облы-

ста  5  балабақшаның  құрылыс  жұмыстары 

жүргізілуде,– деген Бекболат Серікбекұлы 

жаңа  нысанның  құрылыс  жұмыстарына 

атсалысқан азаматтарға алғыс айтты.

–  Балабақша  -  балаларды  әдептілікке, 

инабаттылыққа баулитын алғашқы баспалдақ. 

Алтын  ұя.  Бұл  –  біз  үшін  үлкен  қуаныш. 

Менің мектепке бармаған немерелерім бар. 

Енді  оларды  осы  балабақшаға  беремін. 

Мұнда  бүлдіршіндерді  ізгілікке  баулып, 

жақсы тәлім-тәрбие беретініне сенімдімін. 

Бүлдіршіндерімізге  осындай  кең,  таза, 

жарық,  еңселі  ғимарат  салып  берген 

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа, об-

лыс басшыларына айтар алғысымыз шексіз,– 

деді қала тұрғыны Гүлнар Төлешова.

Бұдан әрі «Нұр Тұрсын» ЖШС дирек-

торы  Талғат  Тұрдымұрат  балабақшаның 

кілтін салтанатты түрде табыс етті. Облыс 

әкімінің  бірінші  орынбасары  Бекболат 

Серікбекұлы мен қалалық мәслихат хатшысы 

Балабек    Нарбаев, Тараз қаласының әкімі 

Нұржан Календеров жаңа нысанның тұсауын 

кесіп,  ұстаздар  мен  ата-аналар  қауымын 

мерекелерімен  құттықтады.  Бүлдіршіндер 

әр тілде тақпақ айтып, әннен шашу шашты. 

Бүгінде  облыста  449  мектеп  пен  420 

балабақша  жұмыс  істеуде.  2015-2016  оқу 

жылында облыстың 449 мектебінде 199 231 

оқушы білім алса, 420 мектепке дейінгі білім 

беру ұйымдарында 44 719 бала тәрбиеленуде.



Негізсіз жалақы 

алғандар бар

 

„

Жемқорлық - жегі құрт. 



Мемлекеттің қарыштап 

дамуына тосқауыл қоятын 

бұл індетпен ел үкіметі 

күресіп келеді. бұл бағытта 

түрлі бағдарламалар 

қабылданып, жазықтылар 

ашық жағдайда 

жазаланғанмен, әлі 

де таза қолдарын 

былғайтындардың қарасы 

азаймай тұр. Мемлекеттік 

қызмет істері және 

сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл 

агенттігінің облыстағы 

Тәртіптік кеңесінің 

кезекті отырысында 

заңды белшесінен басып, 

қызметтерін асыра 

пайдаланған  мемлекеттік 

қызметкерлер лайықты 

түрде жазаланды.

Индира ТӘЛІПҚЫЗЫ

Агенттіктің  Жамбыл  облысы  бойынша 

департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік 

кеңестің  төрағасы  Ғалым  Тұрсынбаевтың 

төрағалығымен  өткен  жиында  бас-аяғы  22 

тәртіптік іс қаралды. 

Алғашқы болып Жуалы ауданы әкімдігінің 

сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 

басшысы  Ж.Дәуренов  және  осы  бөлімнің 

бухгалтері  Ж.Жанғазиеваның  мәселелері 

тыңдалды. Бұл екі азамат та бірнеше ай бойы 

өздеріне  заңсыз  жалақы  аударып  келген.  

Нақтырақ айтқанда, бөлім бухгалтері бірнеше ай 

бойы өзіне заңсыз сыйақы аударып келген. Жуалы 

ауданы прокуратурасының ұсынысымен бөлім 

басшысы Ж.Дәуренов «Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-ші 

тармағының 4 және 10 тармақшаларына, ал бух-

галтер Ж. Жанғазиева аталған тармақтың 2-ші 

тармақшасына сай заң бұзғаны үшін қызметінен 

босату туралы аудан әкіміне ұсыныс жолданды. 

Ал Сарысу ауданы, Үшбас негізгі мектебінің 

директоры К.Айнабеков осыдан бірнеше жыл 

бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін үш 

жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, тиісті 

жазасын алған екен. Ол ішімдік ішкен күйінде 

жол сақшыларына ұсталған. Бірақ сотқа өзін 

жұмыссызбын деп көрсетіп, соттың шешімімен 

120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған. Ал 

оның ауданда тал-дарақтарды бұтап, әктеу, сыр-

лау жұмыстарымен айналысып жүрген кезінде 

мектептегі директорлығы үшін де толық жалақы 

алып  отырған.    Тіпті,  мұндай  бассыздыққа 

аудандағы білім бөлімі де жол берген. Тәртіптік 

кеңес  мүшелері    бір  ауыздан  Қ.Айнабековті  

атқарып отырған қызметінен босату туралы тиісті 

органдарға ұсыныстарын жіберді.

Тәртіптік кеңесте  Байзақ ауданының заңға 

бағынбаған бірқатар мемлекеттік қызметкеріне 

жаза қолданылды . Аудан әкімі М.Шүкеевтің 

жары К.Жанбекова аудан әкімдігінің жұмыспен 

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің  бас  маманы  болып  жұмыс  істейді. 

Алайда ол өз міндетіне жауапсыздық танытып, 

жұмыс уақыты кезінде еш құжаттық негізсіз 

Араб Әмірліктеріне, Қызылорда қаласына сапар 

шеккен.  Прокуратура өкілдері анықтағандай, 

азаматшаға бұл уақыттарда жалақысы  толық 

аударылған. Заңды белшесінен басқан әкімнің 

жарына  мемлекеттік  қызметшілердің  Ар-

намыс кодексінің талаптарын бұзып, жұмыста 

болмағаны  үшін  қызметінен  босату  туралы 

аудан  әкіміне  ұсыныс  жолданса,  осындай 

өрескел қателікке жол берген бөлім басшысы 

А.Саққұловаға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күрес туралы» Заңның 12-бабы 1-ші тармағының 

4  және  10  тармақшаларында  қарастырылған 

жұмыс уақытын есепке алу табеліне дәйексіз 

мәлімет  енгізу,  К.Жанбекованың  жұмыста 

болмаған фактісі бойынша шара қолданбағаны 

үшін  атқарып  отырған  қызметіне  толық  сай 

еместігі туралы ескерту берілді.

Отырыс соңында Байзақ ауданының әкімі 

М.Шүкеев бірқатар бөлімдерде заң бұзушылыққа 

жол бергені де анықталды. Тәртіптік кеңестің 

төрағасы Ғалым Тұрсынбаев пен кеңес мүшелері 

аудан әкімінің ісін зерделеу үшін облыс әкімі 

Кәрім Көкірекбаевқа жолдады.

халқы Ассамблеясы облыстық филиалының мүшелері мемлекеттік тілде жиналған 

жұртшылықты мерекелерімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. Олар өз сөздерінде 

Елбасының ұстанған сарабдал саясатының арқасында еліміз бірлігі мен тірлігі 

үйлескен елге айналғанын қуанышпен жеткізді. Жүрекжарды тілектен соң сахна 

төріне «Ақ кербез» би ансамблі көтеріліп «Достық» биін билеп, көрермен ықыласына 

бөленді. Сондай-ақ концерт барысында сахнада орналасқан лед-экран арқылы соғыс 

ардагерлерінің құттықтауы көрсетілді.  Сонымен қатар «Оңтүстік» өңірлік оркестрінің 

сүйемелдеуімен әскерилердің орындауында соғыс кезіндегі әндерден попурри орын-

далды. Сонымен қоса Қайсар Көкішов пен Әлішер Балтаев «Туған жер», Жанатбек 

Қадіров және «Кәусар» вокалдық тобы «Елім менің», «Атамекен» әндерін нақышына 

келтіре орындады. Концерт мерекелік отшашумен қорытындыланды.   


 

„

1 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 



«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында «Елін сүйген, 

елі сүйген Елбасы» тақырыбында салтанатты жиын өтті.  

ғибРАТТЫ ғұМЫР 

Индира БАЙҚОНЫС

Мерекелік басқосуға Партия Төрағасы, Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевпен қызметтес және сұхбаттас болған 

азаматтар қатысып, өмірі өнегеге толы тұлға туралы 

естеліктерімен бөлісті. 

Алғаш болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы  

Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынба-

сары Шәбден Тілеумұрат жиналған жұртшылықты 

ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, егемен 

еліміздің  іргесін  бекіткен  Елбасының  табанды 

еңбегін саралап берді. 

Мерейлі мерекеге орай Шәбден Тоқтасынұлы 

мемлекет басшысының салиқалы саясатын халыққа 

кеңінен насихаттап келе жатқан «Нұр Отан» парти-

ясына мүшелікке өткен 7 азаматқа салтанатты түрде 

куәлік табыс етті.

- Бүгінде облыс бойынша бас партияға 64 мың 

адам мүше. Міне, енді қатарымыз тағы да 7 адаммен 

толығып отыр. Жалпы, біз санға емес, сапаға жіті 

мән береміз. Сіздер де партияның жұмысына өз 

үлестеріңізді қосып, елге адал қызмет етесіздер деп 

сенемін, - деді ол.

Беделді  партияның  мүшелігіне  өткен  Ринат 

Нұрақбаев  өз  кезінде,  тәуелсіз  еліміздің  шека-

расын  бекітіп,  мемлекетімізді  дамудың  даңғыл 

жолына түсірген, бас қала Астананы салып, күллі 

қазақстандықтардың мерейін асқақтатқан  Тұңғыш 

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген 

басшылығын тілге тиек етіп, Елбасының Қазақстан 

халқына жолдаған кешегі Жолдауында айтылған  

негізгі жұмыстардың жүзеге асуында «Нұр Отан» 

партиясына зор жауапкершілік артылып отырғанын, 

партия  мүшесі  ретінде  бұл  абыройлы  міндетті 

атқаруда білек сыбана жұмыс істеуге дайын екенін 

жеткізді. 

Қала-Қарбалас

3

//   «ЖаМБыл - ТаРаз»  //  №49 (1284),  3 ЖЕлТоқсан 2015 Жыл  //



Азаматтар еңбегі 

еленді

 

„

Тараз қалалық мәслихатының 



кезектен тыс 46-шы сессиясында 

қаланың қоғамдық өміріне белсене 

араласып жүрген бір топ азаматтарға 

«Тараз қаласының Құрметті азаматы» 

атағы берілді.

Ерман ӘБДИЕВ

Күн тәртібіне бірнеше мәселе шығарылған сессияның 

жұмысына қала әкімі Нұржан Календеров қатысып, оны де-

путат Самат Мырзалиев жүргізіп отырды. Алғашқы мәселе – 

Тараз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 

№37-3 «2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет тура-

лы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Тараз қаласы әкімдігі 

экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының 

міндетін атқарушы Талғат Мұқанов хабарлама жасады. Бұдан 

бөлек сессияда Тараз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 

16 сәуірдегі №26-4 «Тараз қалалық аумақтық, округтік және 

учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау тура-

лы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы, 2015 жылғы 29 

қыркүйектегі №44-6 «Қалалық эвакуациялық комиссиясының 

құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, 

2013 жылғы 25 желтоқсандағы №22-10 «Тараз қаласының 

төтенше  жағдайлар  жөніндегі  аумақтық  комиссияның 

құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, 

2013 жылғы 13 қарашадағы №20-4 «Тараз қаласы әкімдігі 

жанындағы «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағын 

беру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне 

өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ сес-

сияда бірқатар мәселелер қаралып, қаланың қоғамдық өміріне 

белсене араласып жүрген 20 азаматқа «Тараз қаласының 

Құрметті азаматы» атағы берілді. Ал кезекті 47-ші сессияның 

төрағалығына Самат Мырзалиев қайта сайланды.



«ұлы тұлға – ұлт аманаты»

 

„

Қалалық мәдениет үйінде қала әкімі Нұржан 



Календеров шаһардың бір топ шығармашыл 

жастарына дәстүрлі сыйақысын табыстады.

Айсана НҰРБАП

«Қазақстан-2020:  Болашаққа  жол» 

ҚР  Мемлекеттік  жастар  саясатының 

2020  жылға  дейінгі  тұжырымдамасын 

іске  асыру  мақсатында  шығармашыл 

жастарға қолдау көрсету, олардың кәсіби 

өсуін  ынталандыру  үшін  ғылым  мен 

білімді, мәдениет пен өнерді, бұқаралық 

спорт  пен  ақпаратты  дамытуға  елеулі 

үлес  қосқан  жастарға  жыл  сайынғы 

қала әкімінің сыйақысы тағайындалған 

болатын.  Биыл  мереке  қарсаңында  қала 

жастары жеті аталым бойынша марапаттал-

ды. Қалалық мәдениет үйінде өткен шара 

ҚР  Мемлекеттік  Әнұранымен  ашылып, 

әр саладағы белсенді жастарға қала әкімі 

дәстүрлі сыйақысын өз қолымен табыс етті. 

Атап айтсақ, «Жас ғалым» аталымы бойын-

ша ТарМУ-дың «Жерге орналастыру және 

кадастр»  кафедрасының  аға  оқытушысы 

Қуаныш Абдешев,  «Жас спортшы»  дзю-

до  күресінен  жасөспірімдер  арасында 

ҚР  чемпионы,  Жамбыл  политехникалық 

колледжінің  1  курс  студенті  Архат                                                                                             

Ануарбек, «Жас қаламгер» номинациясы бой-

ынша облыстық «Арай» және халықаралық 

«Қазақстан  -  ZAMAN»  газетінің  тілшісі 

Саятхан Сатылғанов, «Жас ақын» аталымы 

бойынша  халықаралық,  республикалық 

жыр мүшәйраларының жеңімпазы, қалалық 

«Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі  Нұржан 

Қадырәлі,  «Жігерлі  жас»  аталымымен 

мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен 

республикалық додалардың бірнеше дүркін 

жеңімпазы  Зарина  Мурзагалиева,  «Жас 

дәрігер» аталымымен Жамбыл облыстық 

балалар  ауруханасының  дәрігер-хирургі 

Ғазиз    Айтуаров және «Жас көшбасшы» 

номинациясымен республикалық бірнеше 

пікірсайыстардың  жүлдегері,  №40    мек-

теп  –  гимназияның  11-  сынып  оқушысы                                                                                    

Танзиля  Елеусизова  марапатталды.  Сал-

танатты  рәсімнен  кейін  белсенді  жастар 

қала әкімімен бірге естелік суретке түсті. 

«Жас  ақын»  номинациясының  иегері 

Нұржан  Қадырәлі  Елбасыға  арнау  өлең 

оқыды. Бұдан әрі «Жас Ұлан» балалар мен 

жасөспірімдер ұйымына бірқатар оқу озатта-

ры, мектепаралық олимпиада жеңімпаздары 

қабылданды. Оларға арнайы галстук пен 

төсбелгілерді қалалық мәслихаттың хатшы-

сы Балабек Нарбаев пен қалалық ақсақалдар 

кеңесінің  төрағасы    Алдиярбек  Түсіпов 

салтанатты  түрде  табыс  етті.  Жастарға 

жігер сыйлаған салтанатты шара мерекелік 

концертке ұласты.

Жақсының жақсылығын айт... 

  Суретті түсірген В.Алсуфьев

Мұнан кейін Елбасымен дидарлас, дастархандас, 

тіпті студенттік шақтарын бірге өткізген азаматтар 

әсерлі әңгіменің тиегін ағытты. Сондай жанның бірі  

Жуалы ауданының тұрғыны, Мемлекет басшысының 

курстасы  Рахымжан  Мырзахметов  Нұрсұлтан                                                

Назарбаевпен Украина жерінде өткен студенттік 

шақтары туралы баяндап берді. 

- Нұрсұлтан Әбішұлы екеуміз Украинадағы 

Днепродзержинск  техникалық  училищесінде 

бірге оқыдық. Ол біздің топтың старостасы бол-

ды. Өте белсенді, білімді,  спортпен де тұрақты 

шұғылданушы  еді.  Уақытты  босқа  өткізбейтін 

ізденімпаз,  еңбекқор,  жігерлі  жігіт  еді.  Мұны 

ұстазымыз    Дмитрий  Погорелов  те  аңғарып,  

Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ Республикасының 

бірінші хатшысы болғанын да үлкен көрегенділікпен 

болжағаны есімізде. Айтқаны айнымай келді, -дейді 

Елбасының түйдей құрдасы Рахымжан ақсақал 

өткен күндерді сағынышпен еске алып. 

Сондай-ақ, көнекөз қария 1960 жылы оқуларын 

ойдағыдай аяқтаған соң, Теміртау қаласындағы 

қазақ металлург құрылысына қарасты «Домеск-

строй» тресінде 5 жыл бірге жұмыс істегенін, сол 

қарым-қатынастары әлі күнге дейін үзілмегенін 

айтты. 

«Қазфосфат»  жауапкершілігі  шектеулі 



серіктестігі Минеаралды тыңайтқыштар зауытының 

ауысым шебері Болатхан Көптілеуов Елбасымен 

«Нұр  Отан»  партиясының  14-15  съездерінде 

болған кездесуін зор бақытқа балайтынын тебірене 

жеткізді.  Оның  айтуынша,  Президент  оның 

түсіне еніп, өзінің жұмыс барысында қолданатын 

қаламсабын сыйға тартқан. Осы түсін жақсылыққа 

жорыған ол Астанадағы келелі кездесуде Мемлекет 

басшысына осы түсін баяндап берген. Президент 

жалындап тұрған жас жігітке ақ батасын беріп, 

қаламсабын өз қолымен ұсынған екен. Болатхан 

тағы да аңыз тұлғамен жүздесуді армандайтынын, 

ол кісінің бойындағы ұлтжандылық, еңбекқорлық 

қасиетін өзіне үлгі тұтатынын айтты.  

Елбасы  туралы  естелігімен  Жамбыл  ауда-

ны  Жалпақтөбе  ауылының  тұрғыны  Гүлжахан                                                                                                                                        

Исмайлова  да  бөлісті.  Көпбалалы  ананың 

шаңырағында  Нұрсұлтан  Әбішұлы  2005  жылы 

облысымызға жасаған сапарында, арнайы ат ба-

сын бұрып, дастарханынан дәм татқан. Мемлекет 

басшысының адамгершілігіне, қарапайымдылығына 

қайран  қалған  Гүлжахан  апай  Қазақ  елінің 

Көшбасшысына аналық жүрегімен зор денсаулық, 

ұзақ өмір тіледі. 

Ал  белсенді  жастардың  бірі  Ихтияр                               

Мырзахметов  ҚР  Тұңғыш  Президенті  ұдайы 

жастарға жанашырлық танытып, өскелең ұрпақтың 

болашағы баянды болуы жолында сіңірген өлшеусіз 

еңбегіне алғысын білдіріп, замандастарын табан-

ды еңбектенуге, бұл ретте, жастарға Елбасының 

ғибратты  ғұмыры  үлгі-өнеге  болатынын  алға 

тартты. 


Басқосуда  Қазақстан  Республикасының 

Тұңғыш Президенті күнін атап өту арқылы жас 

ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, ел бірлігін, 

халықтар достығын нығайту жолының маңызы мен 

мәнін біз де тағы да түсіндік.


Жолдау-2015

4

//   «ЖаМБыл - ТаРаз»  //  №49 (1284), 3 ЖЕлТоқсан 2015 Жыл  //



ҚАЗАҚСТАН 

ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:        

ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті Парламент депутаттары мен 

 Үкімет мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

 Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз 

мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз.  Бұл – 

тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек 

ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті ба-

янды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын 

мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі 

көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.

Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, 

қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері 

қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Ал-

пауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені 

тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің 

дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – 

біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт 

тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай 

тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген 

қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. 

Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. 

Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де 

заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды 

жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген 

қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең 

дамыған 30 мемлекеттің  қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен 

иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті  түрде жетеміз. Мен бүгін 

жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық 

нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын  Қазақстан 

халқына Жолдауымды жария етпекпін.



Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 1.21 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет