2
ДҮРБІ
30 ҚАҢТАР 2015 жыл.
Жақында Ұлытау се-
лосындағы Тәуелсіздіктің
20 жылдығы және Тайжан
көшелерінде жаңадан пайда-
лануға берілген 20 үйдің кілті
тапсырылды. Кезекте тұрған
осыншама отбасы қуанышқа
бөленіп, қоныс тойын тойла-
ды. Әрқайсысы үш бөлмелік
бұл 20 коммуналдық үйдің
құрылысы 2013 жылдың
қыркүйек айында басталған
еді. Құрылысқа бөлінген 244
млн.теңге қаржы ойдағы-
дай игеріліп, мердігерлер
белгіленген межеде бітіріп
берді. Енді үйлердің ауласын
абаттандырып, айналасын қор-
шау үшін аудандық бюджеттен
тағы да 51,8 млн.теңге бөлінді.
Бұл жұмыстар көктем айында
басталмақшы.
Биылғы жылы да ауқымды
құрылыс жұмыстары жүр-
гізілмекші. Тәуелсіздіктің 20
жылдығы атындағы көшеде
2 пәтерлік 10 тұрғын үй салу
жөніндегі сметалық-жобалық
құжаттары дайындалды. Жаңа
ықшам ауданның іргесін кеңей-
те түсетін бұл жобаның құны
— 280 млн.теңгеге жоспарла-
нуда. Сонымен қатар, биыл
аудан орталығында жалпы
құны 333,7 млн.теңге болатын
«Денешынықтыру-сауықты-
ру кешені», 270 млн.теңге
көлемінде жобаланған орталық
мұражай құрылыстары қолға
алынады. Кешенді жоспар
аясындағы Ұлытау селосында
орталық кәріз жүйесін салу
жобасының да тиісті құжаттары
жасалып, мемлекеттік сарапта-
маның қарауына берілді.
Құлшыныстар қатары тек
мұнымен шектелмейді. Көптен
бері әлеуметтік түйінге
айналып жүрген басқа да
мәселелер оң шешімін таба
бастады. «Ақбұлақ» бағдар-
ламасы бойынша өткен
жылы басталған «Ұлытау
— Саламат» және Алғабас
ауылы су құбырларын қайта
жаңғырту жұмыстары жақын
арада аяқталады. Биылғы
жылы Егінді ауылының су
құбырын қайта жаңғыртудың
жобалық құжаттары жасалып,
128 млн.теңге қаржы қаралып
отыр. Сондай-ақ, Алғабас
селолық округіндегі Бет-
бұлақ ауылында жалпы құны
255 млн.теңге болатын 80
орындық орта мектеп салуға
жергілікті бюджеттен өткен
жылы 128 млн.теңге бөлініп,
құрылыс жұмыстары кестеге
сай жүргізілуде. Үстімізде-
гі жылы қалған қаржысы
бөлініп, мектеп 2015 жылдың
жаңа оқу жылына дейін толық
аяқталуға тиіс.
Ал, рухани саладағы өр-
кенді істер бөлек бір әңгіме.
ҰЛЫТАУ.
Амандық РАХҰЛЫ.
Қасиетті Ұлытау өңірінде айтарлықтай құлшыныс
пен ұмтылыстар бар. Аудандағы соны серпіндер қа-
тарында тұрғын үй құрылысы да қанат жайып келе
жатыр. Жезқазған — Бейеу және Арқалық-Шұбаркөл
теміржолдарының Арқа төсімен кесіп өтуіне байла-
нысты бірнеше елді мекендердің тіршілігі жанданып,
жаңа құрылыстар бой көтерді. Ал, аудан орталығын-
да «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарла-
масы аясында сәулетті жаңа ықшам аудан қатарға
қосылды.
Ардақты пайғамбарымыз
Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған
күніне орайластырылған
«Тәлімі мінсіз тәлімгер»
деген атаумен өткен шара
барысында оның ғибратқа
толы өмірбаяны туралы
бейнефильм көрсетілді.
Пайғамбарымыздың істеген
игі амалдары кеңінен
насихатталып, хадистері
бойынша көрермендер
арасында сұрақтар қойылды.
Сауалдарға дұрыс жауап
берген қала тұрғындарына
ұялы телефон сыйлығы да
үлестірілді.
Кеш барысында теолог
қари Н.Мамедалиев құран
оқыса, Сәтбаев қаласындағы
қос мешіттің имамдары
мен олардың шәкірттері
қиссалар оқып, ардақты
пайғамбарымызға салауат
айтты. Жиналған қауымды
Сәтбаев қаласының әкімі
Әнуар Омар құттықтап,
асыл дінімізді насихаттауда,
адамдардың бойында
мейірім мен көркем
мінездерді қалыптастыруда
бұл мерекенің маңызы зор
екеніне тоқталды. Қала
басшысы сондай-ақ ислам
дінінің атын жамылған түрлі
теріс ағымдардың ықпалына
түсіп, адасып жүрген
жастар үшін алаңдаушылық
білдіретінін жеткізіп, қала
тұрғындарын хақ жолмен
жүруге шақырды. Қазақстан
Мұсылмандары Діни басқар-
масының Жезқазған аймағы
бойынша өкіл имамы Қ.Жұ-
мабеков өз сөзінде бүгінгі
жастардың тәрбиесі тура-
сында мазмұны мол әңгіме
қозғап, бірқатар қала тұрғын-
дарын Қазақстан Мұсылман-
дары Діни басқармасының
және Кеншілер қаласындағы
мешіттер атынан Алғыс
хаттармен марапаттады.
Рухани кеште «Кеншілер
сазы» фольклорлық ұлттық
аспаптар оркестрі күмбірлетіп
күй орындаса, «Алға,бас!»
жастар театры имандылыққа
бет бұру жайында көрініс
қойды. Кеншілер қаласының
өнерлі жастары А.Маханбет,
Қ.Мақсат, М.Құлашев,
Т.Халифа, М.Тілеубай діни
тақырыптарда ән шырқаса,
республикалық мәнерлеп оқу
байқауларының жеңімпазы
Б.Кетебаев «Ана» монологын
оқыды.
Рухани кеш аяқталған соң
Б.Балқыбайұлы атындағы
орталық мешіттің кіші
залында қайырымдылық ас
берілді.
СӘТБАЕВ.
Айым БЕКТАС.
Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында
Сәтбаев
қаласы
әкімдігінің,
Б.Балқыбайұлы
және
С.Ошақұлы
атындағы
мешіттердің
ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесіне орай рухани
кеш өтті. Кеш «Тәлімі мінсіз тәлімгер» деп аталды.
Оған Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары,
ақсақалдар алқасының мүшелері, жастар қауымы
және қала тұрғындары қатысты.
Қазақстанның кен-металлур-
гия кешені Тәуелсіздік жылда-
рында елеулі асуларға қол жет-
кізді. Бүгінде бұл сала еліміздегі
өнеркәсіп өнімдерінің ширектен
астам көлемін бере отырып,
жүздеген мың жұмыс орын-
дарымен қамтамасыз етуде.
Алайда, әлемдік рынокта қалыптасып оты-
рған экономикалық дағдарыс жағдайында
металлургия өнімдері бағасының құлдилап
түсіп кетуі байқалуда.
Осыған қарамастан, «Қазақмыс» ұзақ
жылғы қызметінің ерекшелігі ретінде жер-
гілікті өнім өндірушілерді қолдау және өн-
дірісшілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
есебінен жергілікті экономиканы әртарап-
тандыруға көмектесіп, аймақ тұрғындары-
ның жұмыспен кеңінен қамтылуына үлесін
қосуда. «Қазақмыс» тауарларды өндіру және
жеткізу, қызмет көрсету жөніндегі кепілді әрі
ұзақ мерзімдік тапсырыстары арқылы отан-
дық тауар өндірушілерге елеулі қолдау көр-
сетуде. Сонымен қатар, шағын және орта
бизнесті кеңейту мақсатында орындар мен
кешендерін беріп келеді. Осындай игі қа-
дамның арқасында компания айналасында
жергілікті тауар өндірушілер мен қызмет
көрсетушілердің белдеуі қалыптасуда.
Корпорация сервис пен қызмет түрлерін
жетілдіріп, жақсарта білетін компаниялар-
мен серіктесіп жұмыс жасауда. Биылғы
жылы қала ішіндегі автокөлікпен тасымал-
даудың тұрақты маршруттары бойынша
қызмет көрсету жөніндегі қалалық тендерді
«Қазақстан Транссистемасы» ЖШС жеңіп
алды. Қазіргі таңда корпора-
ция кәсіпорындары «Қазақ-
мыс корпорациясы» ЖШС
еңбеккерлеріне жеңілдікпен
жол жүру билетін беру ту-
ралы көлік компаниясымен
келісімге қол қою үстінде.
Осылайша,
корпорация
кәсіпорындарының бухгалтериясы өз ең-
беккерлерінің еңбекақасынан ай сайын жол
жүру билеті үшін 1680 теңге көлемінде ұстап
қалып, ұсталған соманы «Қазақстан Транс-
системасы» ЖШС есепшотына аударады.
Еңбеккер еңбек демалысында немесе бір
айдан аса ауырып қалған жағдайда жол
жүру билеті үшін жалақыдан ақша ұстал-
майды.
«Қазақстан Транссистемасы» ЖШС қала
ішілік автокөлікпен жолаушылар тасымал-
дау бойынша мына бағыттарда қызмет көр-
сетуге құқы бар: № 2 «Байыту фабрикасы —
автовокзал — РМСУ — теміржол ауданы»,
№ 4 «Байыту фабрикасы — 6-ықшам аудан
— РМСУ — теміржол ауданы; № 7 «Байы-
ту фабрикасы — мед.орталық — РМСУ —
теміржол ауданы; № 12 «91-93 орамдар
— РМСУ — теміржол ауданы — байыту
фабрикасы; № 108 «Мыс зауыты саяжайла-
ры», № 109 «Спутник саяжайлары».
Барлық туындаған мәселелер бойынша
өздеріңіздің тікелей басшыларыңызға жо-
лығыңыздар.
Құрметпен,
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
әкімшілігі.
Құрметті
«ҚазаҚмыс корпорациясы»
ЖШс еңбеккерлері
«ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ» ШАПАҒАТЫ
А.ӘЛМЕНОВ.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасының әлеу-
меттік тұрақтылықты сақтаудағы маңызы айрықша. Өткен жылы Жезқазған қала-
сында осы бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылды.
Аталмыш бағдарлама аясында 770 жұмыссыз еңбекпен қамтылды. Елбасының тапсы-
рмасына орай мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша көңіл бөлініп, 27 мүгедек азамат
жұмысқа орналастырылды. Жұмыс орындарын ашу үшін кәсіпкерлік пен тірек ауылдарын
дамыту бағыты бойынша 33 адам шағын несие алып, өз кәсіптерін ашты. Инфрақұрылым
мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту бойын-
ша да берекелі істер атқарылды. Мәселен, осы бағдарлама шеңберінде өткен жылы 96
млн.теңге қаржы Кеңгір мен Талап ауылдарының ішкі жолдарын жөндеуге бөлініп, осы
жұмыстарды атқаруда біршама адам нәпақасын айырды. Көшелерді жарықтандыруға
да 26 млн.теңге қаржы қаралып, жарықтандыру желілері жөнделді, энергия үнемдейтін
шамдар орнатылды. Жұмыс берушінің сұранысына қарай оқытып, мамандық алуға да
қырыққа жуық адам тартылды.
ЖЕЗҚАЗҒАН.
3
МЕРЕЙ
30 ҚАҢТАР 2015 жыл
Владимир ОДИНЦОВ.
БҰҰ-ның қолдауы арқылы
Еуропалық сапа ұйымы
1990 жылы белгілеген Дүни-
ежүзілік сапа күні қарашаның
екінші бейсенбісінде атап
өтілетін. Осы атаулы күн-
нің 25 жылдығы қарсаңында
«Қазақмыстың» кәсіби ме-
рекелері күнтізбесіне енген
сапа күнінің маңызы ерекше.
Өйткені, корпорация еңбек
ұжымы үшін өнім сапасы
басты орында екені белгілі.
«Қазақмыс корпорациясы»
ЖШС басшылығы Сапа күнін
қаңтар айында атап өту
туралы шешім шығарыпты.
Сапаны бақылау және тех-
нологиялық процестерді қа-
дағалау департаменті соған
орай бұл күнді өздерінің
төл мерекесі ретінде атап
өтетін болды.
Қаңтар айында мерекелеудің
де өзіндік мәні бар сияқты. Бұл
— өткен жылды қорытындылап,
алдағы жоспарларды белгілейтін
кезең. Сапаны бақылау және
технологиялық процестерді қа-
дағалау департаментінің қызметі
«Қазақмыс» корпорациясының
кен өндіру мен шикізатты өңдеу,
өнім шығару және жөнелтудің
барлық технологиялық үдері-
стерін қамтиды. Бизнесте кәсіпо-
рынды дамытудың қозғаушы
күші сапа болып табылады. Осы
орайда «Қазақмыс» компани-
ясының халықаралық рынокта
сапалы өнімімен танылып,
тұрақты дамып келе жатқанын
атап айту керек. Сапаны бақылау
департаментінің құрылуы да осы
мақсаттан туындаған.
Өткен аптада сапа үшін
күресуші сала қызметкерлері төл
мерекені Қарағанды қаласындағы
«Ариста» мейрамхана кешенінде
атап өтті. Салтанатты шараға
корпорацияның Қарағанды,
Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш
өңірлеріндегі қызметкерлері
қатысты. Оларды алғашқы болып
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
бас директоры Бақтияр Қрықпы-
шев құттықтады.
— Зауыт, фабрика немесе қы-
рқаға кен шығару саласы болсын,
барлық өндірісшілермен қатар
соған сіздер де атсалысасыздар.
Жаңа басталған жылымыз-
дың өндірістік көрсеткіштерді,
қауіпсіздік техникасы мен өнім
сапасын қамтамасыз етуде жаңа
табысқа жол ашуына тілектеспін.
Компания жетістіктері әлемге әй-
гілі. Сіздердің жемісті еңбектеріңіз
бен лайықты үлестеріңіздің арқа-
сында біз сапалы өнім шығаруда-
мыз. Сапа — маңызды көрсеткіш.
Бұл мерекені осындай кең ауқымда
биыл бірінші рет атап отырмыз.
Алдағы уақытта дәстүрге айнал-
сын дейік, — деп бас директор
Компания президенті Владимир
Кимнің және Директорлар кеңесінің
төрағасы Эдуард Огайдың атта-
рынан, сондай-ақ өз тарапынан да
құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Бұдан соң Б.Қрықпышев депар-
таменттің құрметке лайық, еңбек
сіңірген қызметкерлерін марапатта-
ды. Директорлар кеңесінің төраға-
сы қол қойған Құрмет грамотасы
Жезқазған байыту фабрикасының
байытылатын өнімдер бақыла-
ушысы Шолпанкүл Сейіловаға,
Балқаш фабри-
касының бақылау
учаскесінің бастығы
Жанна Әлібаеваға,
Қарағанды өңірін-
дегі технологиялық
бақылау бөлімінің
жетекші экономисі
Сымбат Атымтае-
ваға, «Борлы» көмір
департаменті
сынама алу
машина-
сының маши-
нисі Лариса
Жылқыба-
еваға,
Жезқазған
өңіріндегі
орталық
химиялық
зертхана бастығы Ғалия Бай-
жақановаға, Балқаш өңіріндегі
орталық химиялық зертхананың
инженер-зертханашысы Алексан-
дра Мельникке, Қарағайлы байыту
фабрикасы химзертханасының
инженер-химигі Әсел Төлеубаеваға
және маркшейдерлеу жөніндегі бас
инспектор Бүркітбай Нұрсұлтанға
тапсырылды.
Корпорация бас директоры-
ның грамотасына Жезқазған мыс
қорыту зауытының түсті метал-
лургия өнімдерінің бақылаушы-
сы Кенжекүл Төкірова, Балқаш
өңіріндегі ОТК жетекші инженері
Ольга Валиулина, Қарағайлы
фабрикасының байыту өнімдерінің
бақылаушысы Бағдат Аданова,
«Қушоқы» разрезінің технологи-
ялық сапа учаскесі ауысым шебері
Алла Есауленкова, Жезқазған
орталық химиялық зертхана
зертханашысы Гүлнұр Сүлейме-
нова, Балқаш орталық химиялық
зертхананың жабдықтарды жөндеу
учаскесінің механигі Евгений Цой,
Нұрқазған байыту фабрикасының
химиялық сынамалар зертхана-
шысы Марина Абуова, шикізат
және дайын өнімдерді қадағалау
басқармасының жетекші инженері
Айгүл Әбдікәрімова, металлургия
жөніндегі бас инспектор Гүлназ
Оспанова және технологиялық
процестерді қадағалау басқарма-
сының бастығы Әлхади Сүттібаев
ие болды. Департаменттің тағы
елуден аса қызметкері ұзақ
жылғы тыңғылықты еңбектері
үшін бас директор Б.Қрықпы-
шевтың қолынан Алғыс хат пен
ақшалай сыйлықтар алды.
Сапа саласы саңлақтарының
еңбегі салмақты екенін әріп-
тестері жақсы біледі. Корпора-
цияның жер-жерге жөнелтетін
барлық дайын өнімдері осы
салада еңбек ететін сергек
жүректі, шебер қолды әйел-
дердің сараптауы арқылы өтеді.
Негізінен аталмыш департамент
саласында еңбек ететіндердің
95% әйелдер құрайды. Олар
әрбір кәсіпорында кеншілермен,
байытушылармен, металлург-
термен және басқа да маман-
дық иелерімен иық тіресе еңбек
етуде. Өз істерін тыңғылықты
атқаратын жандардың ортақ
жетістігі тұтастай корпорация
абыройын көтеруде. Өнім сапасы
жөнінен қуатты компанияның
жерге қараған кезі болған жоқ.
Сонымен қатар, айшықты сал-
танат үстінде бақылау қызметінің
ардагерлеріне де айтарлықтай
құрмет көрсетілді. Өмірзақ Әл-
мағанбетов, Мария Громак, Сақы-
пжамал Мамахова, Валентина
Фурны, Таисия Терехина, Алина
Ефимочева, Валентина Крашен-
никова және көптеген басқалары
өнім сапасына бақылау жасауды
жоғары деңгейге көтерумен қатар
өздерінің лайықты ізбасарларын
даярлады. Бүгінде соның игі
жемісі көрініп тұр. Әсерлі кешті
арнайы шақырылған артистер
ән-күйге бөлеп, сапа саласының
саңлақтары әдемі демалды.
ҚАРАҒАНДЫ.
Сапа саласының саңлақтарын корпорация бас директоры Б.Қрықпышев құттықтады.
Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өңірлеріндегі сараптамалық зертхана қызметкерлері.
«КәсіпҚазақмыс» төрағасы Т.Тілемісовтің
құттықтауы.