№39 (1347) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет



жүктеу 7.73 Mb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата15.09.2017
өлшемі7.73 Mb.
1   2   3   4

ДЕМАЛЫСТА 

ЖҮРГЕНДЕ 

НАУҚАСТАНЫП 

ҚАЛҒАНДА

—  Кезекті  еңбек  демалы-

сында  жүргенімде  ауырып 

қалдым.  5  күнтізбелік  күн-

ге  берілген  науқастанға-

ным  жөніндегі  парағым  бар. 

Бұл  күндеріме  медициналық 

орталықтың  берген  нау- 

қастанғандығым туралы пар- 

аққа  орай  маған  ақы  төлене 

ме?

— Ақылы жыл сайынғы еңбек дема-

лысы еңбек заңдылығына сәйкес ауы-

стырылуы,  ұзартылуы  немесе  үзілуі 

мүмкін. Қазақстан Республикасы Еңбек 

Кодексінің 108-бабында атап көрсетіл-

гендей, жыл сайынғы ақылы еңбек де-

малысы мынандай жағдайларда толық 

немесе  оның  бір  бөлігі  ауыстырылуы 

немесе ұзартылуы мүмкін:

—  қызметкер  еңбекке  уақытша  жа-

рамсыз болған жағдайда;

—  жүктілікке  және  босануға  байла-

нысты;


—  қызметкер  жыл  сайынғы  ақылы 

еңбек демалысы уақытында мемлекет-

тік  міндеттер  атқарған  жағдайларда, 

егер бұл үшін заңда жұмыстан босату 

көзделсе.

Жалпы  қызметкер  еңбек  демалы-

сы  кезінде  еңбекке  жарамсыз  болған 

жағдайда  оның  еңбек  демалысы  ауы-

стырылуы да мүмкін, ауыстырылмауы 

да  мүмкін,  яғни  бұл  жұмыс  берушінің 

қалауына  байланысты.  Осы  ретте  ең-

бек  демалысын  ауыстырудың  немесе 

ұзартудың  мынандай  тәртібі  қарасты-

рылған.  Бұл  жағдайда  қызметкер  ең-

бекке  жарамсыз  болып  қалғанда  де-

малысының қалған бөлігін ауыстыруға 

орай  өтініш  жазуға  тиіс,  ол  өтінішінде 

басқа  мерзімді  көрсете  отырып,  сол 

күндері  демалыс  алғысы  келетін  тіле-

гін  білдіруі  керек.  Егер  жұмыс  беруші 

еңбек  демалысын  ауыстыруға  келіс-

се,  онда  демалыс  үзіледі  және  на-

уқастанғандығына  орай  ақы  төленеді, 

ал демалыстың қалған бөлігі келісілген 

мерзімде  беріледі.  Егер  қызметкердің 

еңбек демалысын үзуге және ауысты-

руға  жұмыс  беруші  келісім  бермесе, 

қызметкер  еңбек  демалысынан  кейін 

жұмысқа шығуы керек. Мұндай жағдай-

да  науқастығы  туралы  парақты  ұсын-

баса да болады, өйткені бұл жағдайда 

ақы төлеуге жатпайды. Егер қызметкер 

еңбек демалысы кезінде ауырса және 

еңбек  демалысы  біткеннен  кейін  де 

науқасынан  айықпаса,  онда  оған  де-

малыстан кейінгі ауруына байланысты 

болмаған  жұмыс  күндеріне  міндетті 

түрде төленуге тиіс.   



«КәсіпҚазақмыс» кәсіподағы 

Жезқазған филиалының 

баспасөз қызметі.        

ынғы үзіліссіз тынығуын қамтамасыз ету 

немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қыз-

меткерді  белгілі  бір  кезеңге  жұмыстан 

босату.

Бұған  қоса,  Кодекстің  23-бабындағы 



2-тармақтың  15-тармақшасына  сәйкес, 

жұмыс  беруші  қызметкерге  жыл  сай-

ынғы ақылы еңбек демалыс беруге мін-

детті.


Сондықтан кадрлар жөніндегі қызмет-

кердің  қарсылық  білдіруі  орынды,  тек 

қызметкер  жұмыстан  шыққан  жағдайда 

ғана пайдаланылмаған демалысы үшін 

өтемақы төленеді.

Сонымен,  қызметкерге  еңбек  дема-

лысы  үшін  өтемақы  төлеу  еңбек  заң-

дылығында  қаралмаған,  ал  екі  жыл 

қатарынан  қызметкерге  ақылы  еңбек 

демалысын бермеуге Кодекстің 108-ба-

бындағы  3-тармаққа  сәйкес  тыйым  са-

лынады.


ЕҢБЕК 

ДЕМАЛЫСЫНАН 

ШАҚЫРТЫП АЛУ

— Жыл сайынғы кезекті ең-

бек  демалысына  кетіп  бара 

жатып, кадр бөліміне мені ең-

бек демалысым бітпей шақыр-

тып алуды өтінгім келді. Өйт-

кені,  демалысымның  қалған 

күндерін  басқа  бір  уақытта 

алғым келеді. Бұл заңды ма?

—  Қазақстан  Республикасының  Ең-

бек  Кодексіне  сәйкес,  жұмыс  беруші 

жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысын 

тек  қызметкердің  жазбаша  келісімімен 

ғана  үзуі  мүмкін.  Қызметкердің  жұмыс 

берушінің ұсынысына бас тартуы еңбек 

тәртібін бұзу болып табылмайды.

Он  сегіз  жасқа  толмаған  қызметкер-

лерді,  жүкті  әйелдерді  және  ауыр  жұ-

мыстарда,  еңбек  жағдайлары  зиянды 

(ерекше  зиянды),  қауіпті  жұмыстарда 

істейтін  қызметкерлерді  жыл  сайынғы 

ақылы  еңбек  демалысынан  шақыртып 

алуға жол берілмейді.

Жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  дема-

лысынан  шақыртып  алуға  байланысты 

пайдаланылмаған  бөлігі  жұмыс  беруші 

мен  қызметкердің  келісімі  бойынша 

ағымдағы  жыл  ішінде  немесе  келе-

сі  жұмыс  жылында  кез  келген  уақытта 

беріледі.  Не  келесі  жұмыс  жылындағы 

жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына 

қосылады.

Қызметкерді  жыл  сайынғы  ақылы 

еңбек  демалысынан  шақыртып  алған 

кезде  демалыстың  пайдаланылмаған 

бөлігін  басқа  уақытта  берудің  орнына 

қызметкер  мен  жұмыс  берушінің  ара-

сындағы  келісім  бойынша  қызметкерге 

жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысы-

ның пайдаланылмаған бөлігінің күндері 



11

                                                                                                                                                                                                                                         26 ҚЫРКҮЙЕК 2014 жыл.

ТІРШІЛІК


Тойхана 

«Бақыт»


Үйлену  тойлары,  сүндет 

той,  шілдехана,  ұзату  той-

ларына, 

құдайы-ас 

беруге 

тапсырыстар қабылдайды. 



Дәмді әрі арзан

Мекен-жайымыз:  92-орам,  Уәли-

ханов көшесі 41. 

Тел. 78-11-25, 72-32-77, 78-16-91. 

ұялы: 87776521702,

            87773131970.

Құрметті 

ОҚЫРМАН!

«Мысты  өңір»  газетіне  Еске 

алу,  Хабарландыру,  Құттықтау, 

Ас  беру  тұрғысындағы  мате-

риалдарды  сол  рәсімдер  бо-

латын  күннен  бір  апта  бұрын 

бергендеріңіз  өзіңізге  де,  жал-

пы  хабардар  етер  жамиғатқа  да 

тиімді болатынын еске саламыз. 

Ерте  хабардар  болған  шараның 

қам-қарекеті  де  жеңіл  соғары 

белгілі. 

Тел. 72-23-63,  74-14-80, 

                         74-41-19.  

Эл. пошта:   

mysty_onir@mail.ru.

Үйлену тойларын, 

мерейтойлар  өткізуге 

тапсырыстар  қабылдайды. 

Үлкен зал — 250 орындық,  

Кіші зал —   100 орындық. 

Бізде дәмді  

әрі арзан. 



Мекен-жайымыз: Жезқазған қаласы, 

Пугачев көшесі, 18.

 Тел: 76-87-43.

Салтанатты жағдайға орай  банкетке тапсырыстар 

берсеңіз Сізде шараны ұйымдастыруға байланысты 

проблема болмайды: 

теледидар экраны бойынша тікелей трансляция, бейнежазба, музыканттардың, 

бишілер тобының қызметтері және асаба тапсырысы бойынша. 

Бір адамға — 2000-нан 2500 теңгеге дейін. 

Салаттардың салқын және 

ыстық тағамдардың түрлері мол. 



Мекен-жайымыз:  Жезқазған қаласы, Сәтбаев көшесі, 

50«а».  Тел: 72-18-14, 72-20-01. Факс: 72-45-06.

САЛТАНАТ ҮЙІ 

ШАҚЫРАДЫ 

ҮЙЛЕНУ ТОЙЛАРЫН, МЕРЕЙТОЙЛАР 

ӨТКІЗУГЕ ТАПСЫРЫСТАР ҚАБЫЛДАЙМЫЗ 

250 — 300 ОРЫН 

Той дастарханының бағасы — 

1500 теңге. 



Мекен-жайымыз:     С.Сейфуллин көшесі, 38.

                                   (бұрынғы Некрасов). 

                                   Тел: 76-51-21, 76-92-34

т о й х а н а с ы н а 

келіңіздер! 

(300  орын) 

Үйлену тойлары, қыз ұзату

құда шақыру, шілдехана сияқты 

алуан түрлі салтанатты мерекелік 

кештерге тапсырыстар қабылдаймыз. 



Мекен-жайымыз: 

 

Жезқазған қаласы, Гоголь көшесі, 5-үй., 

 

телефондары: 76-88-92, 76-22-92., 

 

ұялы: 8701-201-17-29.

«Қазақмыс» 

корпорациясы» 

ЖШС-нің басшылығы «Қазақмыс» 

корпорациясы»  ЖШС-нің  салық 

жөніндегі  директоры  Мәкеш  Жү-

минқызы Бекмахановаға, туысқан-

дары мен жақындарына анасы



Күлзайра  Әбдірахманованың

қайтыс болуына байланысты қай-

ғысына ортақтасып, көңіл айтады.

«Жезқазғантүстімет» 

ӨБ-нің 

басшылығы  «Қазақмыс»  корпора-



циясы»  ЖШС-нің  салық  жөніндегі 

директоры  Мәкеш  Жүминқызы 

Бекмахановаға анасы

Күлзайра Әбдірахманованың

қайтыс болуына байланысты қай-

ғысына ортақтасып, көңіл айтады. 

«Кен өндіру, металлургия өнер-

кәсібі  және  аралас  өндіріс  ең-

беккерлерінің 

«КәсіпҚазақмыс» 

салалық  кәсіптік  одағы»  Респуб- 

ликалық қоғамдық бірлестігінің Ор-

талық комитеті «Қазақмыс» корпо-

рациясы»  ЖШС  салық  жөніндегі 

директоры  Мәкеш  Жүминқызы 

Бекмахановаға анасы

Күлзайра  Әбдірахманованың

мезгілсіз  қайтыс  болуына  байла-

нысты  қатты  қайғырып,  көңіл  ай-

тады.


Жезқазған  аймақтық  «Мысты 

өңір»  газетінің  ұжымы  «Қазақмыс» 

корпорациясы»  ЖШС  салық  жөнін-

дегі  директоры  Мәкеш  Бекмахано-

ваға  анасы,  газетіміздің  бұрынғы 

қызметкері  Ибраһим  Бекмаханұлы-

на енесі

Күлзайраның

дүниеден 

озуына 

байланысты 



қайғыларын  бірге  бөлісіп,  көңіл 

айтады.


Ағымдағы  жылдың  1  қыркүйегінде  шарттардың  барлық 

түрлері бойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) 

жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10 031 668 бірлікті 

(алдыңғы аймен салыстырғанда 34 510-ға өскен), зейнетақы 

жинақтарының  сомасы  –  4  319,77  млрд.  теңгені  (65,49  

млрд.  теңгеге  өскен)  құрады.  Жылдың  басынан  бергі  таза 

инвестициялық  табыс  –  188,14  млрд.  теңгеден  асып  түсті 

(15,38  млрд. теңгеге өскен) құрады. Зейнетақы төлемдерінің 

сомасы – 52,18 млрд. теңге (6,31млрд. теңгеге өскен).  

Өңірлік желі 

2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ-ның өңірлік 

желісі  239  қызмет  көрсету  офистерінде  көрініс  тапқан.  Қордың 

өңірлік  желісіне  әрбір  облыс  орталығында,  республикалық 

маңызға  ие  қалаларда  (Алматы  және  Астана),  сондай-ақ  облыс 

қарамағындағы  ірі  қалаларда  (Жезқазған,  Семей)  бір-бірден 

барлығы 18 филиал кіреді.   Филиалдар жанынан 24 бөлімше және 

197  Қызмет  көрсету  орталығы  ашылды.  Тамыз  айында  Алматы 

облысының Кербұлақ ауданында (Сарыөзек кенті) қызмет көрсету 

орталығы  ашылды.  Сондай-ақ,  күздің  аяғына  дейін  Қарағанды 

облысының  Ұлытау  ауданында  (Ұлытау  кенті)  қызмет  көрсету 

орталығын ашу жоспарланып отыр.  

Барлық филиалдар мен көптеген қызмет көрсету орталықтары 

таңғы  сағат  8-ден  бастап  кешкі  сағат  19-ға  дейін  үзіліссіз  және 

сенбі  күндері  таңғы  сағат  9-дан  күндізгі  сағат  13-ке  дейін  жұмыс 

істейді. Қалғандары жұмыс күндері сағат 9-дан сағат 18-ге дейін 

ашық.   

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы  

Міндетті  кәсіптік  зейнетақы  жарналары  (МКЗЖ)  бойынша 

шартқа отыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың 

01 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылардың осы санаты 

үшін 319 530 ЖЗШ ашылған (+11,2 мың). Жылдың басынан бергі 

МКЗЖ  бойынша  зейнетақы  жинақтарының  сомасы  15  млрд. 

теңгеден асып түсті.   

Анықтама үшін:    

«Бірыңғай  жинақтаушы  зейнетақы  қоры»  АҚ  қолданыстағы 

зейнетақылық  заңнамаға  сәйкес,  міндетті,  міндетті  кәсіптік 

және  ерікті  зейнетақы  жарналарын  тартумен  айналысады; 

зейнетақы жинақтарын төлеуді және зейнетақы активтері мен 

инвестициялық портфельді есептеуді жүзеге асырады. Бірыңғай 

жинақтаушы  зейнетақы  қоры  зейнетақымен  қамсыздандыру 

туралы  барлық  шарттар  бойынша  құқық  мирасқоры  болып 

табылады  және  бұған  дейін  жеке  жинақтаушы  зейнетақы 

қорларына  бөлініп  кеткен  барлық  зейнетақы  активтерін 

жинақтайды.

Зейнетақы  активтерін  сенімгерлік  басқаруды  Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  Банкі  жүзеге  асырады.  Зейнетақы 

активтерін 

инвестициялық 

басқару 

инвестициялық 

декларацияға  сай  іске  асырылады.  Сонымен  қатар, 

инвестициялық  шешімдер  БЖЗҚ-ның  зейнетақы  активтерін 

басқару  жөніндегі  кеңесінің  (консультативтік  –  кеңесші  орган) 

ұсыныстарына, соның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы 

қорының  зейнетақы  активтерін  орналастыру  үшін  рұқсат 

етілген  қаржы  құралдарының  тізбесіне  сәйкес  қабылданады. 

Кеңестің дербес құрамын мемлекет басшысы бекіткен.  

БАҚ үшін байланыс көздері:

marina_a@enpf.kz, teplih_m@enpf.kz, a.kuanov@enpf.kz

2014 ЖЫлғЫ 1 ҚЫРКҮЙЕККЕ 

ҚЫЗМЕТ ҚоРЫТЫНдЫСЫ ТУРАлЫ  

 Айым БЕКТАС.

Сәтбаев 

қаласында 

қала 

Күніне  орай  футболдан  қала 

әкімінің  кубогы  үшін  өткен  ашық 

біріншілік  өз  мәресіне  жетті. 

Екі  айға  созылған  біріншілікте 

қаладағы  әуесқой  командалар 

бас  жүлде  үшін  тартысты  ойын 

өрнегін  көрсетті.  19  команданың 

арасынан  топ  жарған  төртеуі  

Кубок үшін тартысқа түсті.

Біріншілікті 

қорытындылаған 

салтанатта 

 

футболшылар 



әртүрлі 

номинациялар 

бойынша 

марапатталды.    Ерубай  Ұлықбек 

«Үздік  жас  ойыншы»,  Вадим  Кобер 

«Үздік  футбол  ардагері»  атанды.  

«Футболдың  дамуына  қосқан  үлесі 

үшін»  номинациясымен  біріншіліктің 

бас  төрешісі  Рафаэль  Мазитов 

марапатталды.

Ақтық  тартысқа  дейін  жетіп,    үздік 

«төрттікке» 

ілінген 

«Надежда» 

командасы  20 мың теңге көлеміндегі 

сыйақымен 

марапатталды. 

Ал, 


жүлделі  3  орын  және    40  мың  теңге 

көлеміндегі  сыйақысы  «Макс  М» 

командасына  тиесілі  болса,  2  орын 

және  60  мың    теңге  көлеміндегі 

сыйақы 

«Үміт» 


командасына 

бұйырды. Жүлделі бірінші орын және 

100 мың теңге көлеміндегі сыйақыны  

«Ұлытау»  командасы  жеңіп  алды. 

Сонымен бірге «Ұлытау»   қала әкімінің 

ауыспалы Кубогын да жеңіп алды. 

Қала  әкімі  Ә.С.Омар  барлық 

футболшыларға алғыс сезімін білдіріп, 

оларға  алдағы  уақытта  жаңа  жеңістер 

тіледі.


біз дәнекер ғанамыз

12

КӨКЖИЕК


Таралымы: 

5500 дана



Директор Абдолла ДАСТАНОВ

МЕНШІК ИЕСІ: «Мысты өңір» газеті редакциясы ЖШС



Газет 2011 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпа-

рат министрлігінде қайта тіркеліп, тіркеу туралы №11422-Г куәлігі берілген. 

Газетте жарияланған мақала авторларының пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы 

болып табылмайды. 

А — Материалдың жариялау ақысы төленген

Газет «Мысты өңір» редакциясының компьютер орталығында беттелді, «Қарағанды полиграфиясы»

ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қаласы, Әлімхан Ермеков көшесі, 33.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 

Жезқазған қаласы, 

Бейбітшілік даңғылы, 2-үй. 

Факс: 72-23-63. 

Бухгалтерия: 74-41-19. 

Тілшілер: 74-80-36.

Эл.пошта mysty_onir@mail.ru (74-14-80).

 

РНН 302600003170, 

 

ИИК KZ679261201113447000

 

АО «Казкоммерцбанк»

 

БИК KZKOKZKX 

 

БИН 000240005443 

Газет  табыс  етілмесе  74-80-36,  76-16-08 

(«Қазпошта»)  телефондарына  хабарласу 

керек.

Көлемі — 3 баспа табақ 

Сату бағасы келісімді. 

Тапсырыс 38 

Газет әр аптаның жұма күні 12 бет болып таралады.

Газет Жезқазған, Сәтбаев, балқаш, Қарағанды қалаларына, Ұлытау және Жаңаарқа аудандарына тарайды

                                                                                                                   26 ҚЫРКҮЙЕК  2014 жыл

Халық емшілері 



Нафиса  қажы  Мамадалықызы  ЮЛЧИЕВА  (лицензия  

№ 0096375) және 



Мададжон  қажы  Мақсұтұлы  ЭШАНЖАНОВ  (22.08.2014-

те  берілген  сертификат  №0648)



  Жезқазған  қаласы,  Сәтбаев 

көшесі,  8-үйде  («Дастархан»  мейрамханасының  жанында) 

емделушілерді  қабылдайды.  Ем  қабылдауға  дәрет  алып,  таза 

келу  керек.  Сонымен  бірге,  ГАЗДАЛМАҒАН  1литр  су,  1  ПАЧКА 

шай ала келу де керек. 

Қабылдау уақыты:  

 

күн сайын сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін. 

 

Сенбі күні: 10.00-ден – 15.00-ге дейін. 

 

Жексенбі күні – демалыс. 

Телефондар: 8777-576-69-96,

                         8701-264-40-00, 8701-469-63-62.

Емшілер  бүйрек,  жүрек,  асқазан,  жүйке,  белсіздік,  зәр 

тоқтамаушылық, тұтықпа, семіру және арықтау, құлақ, көз, тыныс 

жолдарының  ауруларын, әйел және еркектің жыныс әлсіздігін, 

қол, аяқ сырқырауын және т.б. ауруларды 



емдейді. 

Емшілер  аты  жаман  ауру,  яғни,  рак,  туберкулез,қояншық, 

бүйрегі  іскендерді,    СПИД-пен,  сары  аурудың  бастапқы  кезеңімен 

ауыратындарды, аяғы ауыр әйелдерді 



қабылдамайды. 

Денис  Островерхов:  Алты  жылдан  астам  тұтықпаның 

зарын  тарттым.  Осы  емшілер  туралы  естіп,  қаралуға 

келген едім, алғашқы сеанстан соң-ақ жағдайымның жақсара 

бастағанын  байқадым.Әр  күн  сайын  кешкілік  дастархан 

жайып,  үстіне  ұн,  қант,  тұз,  шай  қойып  жүрдім.  Бірінші  күні 

ұн мен шайдың үстіне әлдебір іздердің түсіп қалғанын көрдім. 

Емшілер бұл іздердің менің дүниеден өткен туысқандарымның 

рухы екенін айтты. Сеанстың ақырғы күніне де жеттім-ау... 

Міне, ғажап, алты жыл бойы жүйкемді тоздырған тұтықпадан 

құлан-таза  айығып  шыға  келдім.  Алдымен  Құдайға,  сосын 

емшілерге  рахмет!  Құдайдың  құдіреті  арқылы  кез  келген 

аурудан айығуға болатынына еш күмәнім қалмады. 

Зейиле Аспондиярова: Мен Шахтинск қаласында тұрамын. 

Газеттегі хабарландыру бойынша емшілерге келіп қаралдық. 

Қызыма дәрігерлер «псориаз» деген диагноз қойған болатын. 

Ол  ауруынан  бес  сеанс  қабылдағаннан  кейін  жазылып  кетті.

Құдайға  және  Құдай  жолындағы  емшілерге  сену  керек.  Сонда 

бәрі де жақсы болады. 

Әлия  Рақымжан:  Менің  ұлым  4  жасында  тұтықпаға  тап 

болды.  Дәрігерлерге  қаралдым,  дәрі-дәрмек  қабылдадым, 

бірақ, көмегі тимеді. Нафиса апай мен Мададжон қажы туралы 

естіген  соң,  сол  кісілерге  барып  көріндік.  Қазір  енді  ұлым 

тұтығып сөйлетінін қойды. Аллаға мың мәрте мадақ!

Абдолла НҰРТАУҰЛЫ.

«Жезқазған  әТҚЖ»  филиалында 

Қазақстан  халқы  Тілдері  күніне 

орай  «мен  болмасам  болмайын 

сен  аман  бол,  Қазақ  елі!»  деген 

тақырыпта  әдеби  композициялы 

сағат  өткізілді.  бұл  іс-шараны 

бейнелі  тілде  «дәмештің  дәрісі» 

десе  де  жарасымды  болғандай. 

Өйткені...

Дәмеш  Мәдетханқызы  осы  мекемеде 

мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жетекші 

маман  болып  қызмет  атқарады.  Оның 

өз  міндетін  ойдағыдай  атқарып  жатқаны 

мекеменің  кіре  берісінен-ақ  байқалып 

қалған.  Өйткені,  көп  жерлерге  барғанда 

көзге шалына қоймайтын қазақша жазулар 

тұтас  қабырғаны  алып  тұр  екен.Ішіміз 

жылып сала берді.Әсіресе, оқыған кісіге ой 

салмай  қоймайтын  Елбасымыздың  «Қазақ 

пен  қазақ  қазақша  сөйлессін»  деген  сөзі 

көзге бірден шалынады. Мекемеде мемлекеттік 

тілге  деген  жақсы  көзқарас  қалыптасқанын 

айтпай-ақ түсіндік. 

Д.Мәдетханқызы  жиналғандарды  Тілдер 

күнімен  құттықтап,  өзі  ұйымдастырған  әдеби 

композициялы сағатты бастап жіберді.Көгілдір 

экран арқылы ел, жер туралы белгілі әншілердің 

патриоттық 

рухтағы 

бейнебаяндары 

көрсетілді.  Әдетте  байқай  бермейді  екенбіз, 

тыңдап отырғанда ерекше күйге түседі екенсің. 

Ұланғайыр  далаң,  тамаша  табиғатың  үшін 

мақтаныш қана кеудені кернемейді, ел, халық, 

туған  жер  алдындағы  перзенттік  парызың  да 

есіңе оралады екен. Сондай-ақ, шет елде өсіп, 

ержеткен  жігіттің  сол  жақта  жүргендегі  көңіл 

күйі  мен  ата-баба  жеріне  оралғандағы  асқақ 

сезімі  сыр  болып  төгілген  естелік  жазбасы  да 

жиналғандарды  бейжай  қалдырмағаны  анық. 

Бірақ,  туған  жер  мен  елдің  қадірін  тек  сыртта 

жүріп  қана  сезінуге  болмайды.  Біздіңше, 

Дәмеш  тақырыпты  дөп  таңдаған,  тыңдаушыға 

нақты  әсер  беретін  тұсты  тап  басқан.  Сабақ 

сонысымен де әсерлі өтті.

Мұны әдеби композициялық сағат аяқталған 

соң,  өз  пікірлерін  бөліскен  жедел  взвод 

командирі Қаныш Ибраев, директордың жедел 

алдын-алу  жұмыстары  жөніндегі  орынбасары 

Атымтай Бабағұловтар да атап көрсетіп, ойлы 

сабақ  өткізгені  үшін  Дәмеш  Мәдетханқызына 

рахметтерін  айтып,  Тілдер  күні  мерекесімен 

құттықтап, гүл шоқтарын ұсынды.  

Жансая  қазір  Жезқазған  индустиралды-гуманитарлық  колледжінің 

3-курс  студенті.  Ол  жастығына  қарамастан  каратэ-кекушинкайдан 

елімізде  өте  танымал  спортшылардың  қатарынан  орын  алады.   

Өйткені,  осы  спорт  түрімен  кішкентай  кезінен  айналысатын  Жансая 

қазірге дейін көптеген биіктіктерді бағындырып та үлгерді. Айталық, ол 

2011-2012 жылдары жастар арасында екі мәрте,  2013-2014 жылдары 

әйелдер  арасындағы  тағы да  екі рет    чемпиондық тұғырға көтерілді. 

2013 жылы әйелдер арасында Азияның күміс жүлдегері атанды. 2011 

жылы  Францияда  өткен  Европа  чемпионатында  жастар  арасында 

жеңімпаз  болды.  2013  жылы  Болгарияда  өткен  әйелдер  арасындағы 

әлем чемпионатына қатысты. Бірқатар халықаралық және республика-

лық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді. Жансая Есіркепова  — 

каратэ-кекушинкайдан Қазақстан республикасының спорт шебері. 

Биылғы  жылғы  сәуір  айында  Алматы  қаласында  өткен  55  кг 

салмақ  дәрежесіне  дейінгі  Қазақстан  чемпионатында  алматылық 

Жадыра Қабдолованы таза жеңіспен жеңді. Ал, Ж.Қабдолова әйелдер 

арасындағы  еліміздің  5  дүркін  чемпионы,  халықаралық  деңгейдегі 

спорт  шебері,  2012  жылғы  Азия  чемпионы  болатын.  Осы  жарыста 

Жансая  «Қазақстан  чемпионатындағы  ең  үздік  техникасы  үшін 

-2014»  номинациясымен  де  марапатталды.  Тамыз  айының  соңында 

Қырғызстанда әлемдік чемпионатқа жолдама берілетін Халықаралық 

турнир өтті. Мұнда Жансая барлық жекпе-жегін нокдаунмен жеңіп, ақтық 

сында Ресей мен Қырғызстанның чемпионы Валентина Благодарованы 

жер қаптырып, жеңіс биігінен көрінді. Сөйтіп, Жапонияда өтетін әлем 

чемпионатына  жолдаманы  жеңіп  алды.  Жансаяны  халықаралық 

деңгейдегі  спорт шебері, қара белбеудің 3-дан иегері Жанат Сәменов 

жаттықтырады. 

—  Жансая  —  жанып  тұрған  жұлдыз,  тұнып  тұрған  талант.  Біз 

оның  келешегіне  үлкен  үмітпен  әрі  нық  сеніммен  қараймыз.  Осы 

орайда,  жаттықтырушылардың,  спорттық  қауымдастықтың,  ата-

аналар  комитетінің  атынан  спортшылардың    Европаның,  әлемнің 

чемпионаттарына , басқа да дүбірлі жарыстарға қатысуларына үнемі 

демеушілік қолдау көрсетіп келе жатқан «Қазақмыс» корпорациясының 

басшылығына, «Қазақмыс» Тобының Президенті Владимир Сергеевич 

Ким,  корпорацияның  Басқарма  төрағасы  Эдуард  Викторович  Огай 

мырзаларға  орасан  зор  алғыс  айтамыз.  Біз  өз  тарапымыздан 

көрсетілген қамқорлықты сезіне отырып, Жезқазған аймағының атағын 

биіктете беруге ұмтыламыз – дейді Ж.Сәменов. 

Біз Жансаяның алдағы әлемдік додаға тыңғылықты әзірленіп, жеңіс 



тұғырынан табылуына тілектеспіз. 

Абдолла НҰРТАУҰЛЫ.

Алдағы 

қараша айының 

3-6 күндері 

Күншығыс елі 

–Жапонияда 

каратэ- 

кекушинкайдан 

әлем чемпионаты 

өтеді. Осы дүбірлі 

додада Жезқазған 

– Ұлытау 

аймағының 

намысын Жансая 

Есіркепова 

қорғайтын 

болады.

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 7.73 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет