№39 (1347) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет



жүктеу 7.73 Mb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата15.09.2017
өлшемі7.73 Mb.
1   2   3   4

                                  Шермұхамбет БАЙБОСЫНОВ,

Сәтбаев қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы,

                  Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.

Қатар  өстік,  бір  мектепте  оқыдық.  Әрине, 

бала  кезімізде  кейін  оның  халқының  даңқты 

батырларының  біріне  айналатынын  біл-

геніміз жоқ.

Жақсымбек ҮНШІБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚҚА!



Ш.Байбосынов (сол жақта) және Ж.Үншібаев.

6

БАСПАСӨЗ-2015



                                                                                                                                                                                                                                        26 ҚЫРКҮЙЕК  2014 жыл

Құрамында газет директоры  

Абдолла Дастанов, журналист 

Әлібек Әбдіраш, газеттің әрлеушісі 

Гүлзира Жанназарова бар газеттің 

көшпелі редакциясын аудан әкімі 

Хамит Омаров кабинетінде қабыл-

дады. Редакция қызметкерлерімен 

болған әңгіме кезінде Хамит 

Нұрланұлы ауданның экономи-

калық-әлеуметтік дамуы туралы 

қысқаша баяндап өтті. Журна-

листер қауымын әсіресе, қазіргі 

егін орағының жағдайы аса қатты 

қызықтырды. 

Әкім егін орағының  қызу жүріп 

жатқанына тоқталып өтті.   Ауданда 

45 шаруа қожалығы егінмен айна-

лысады екен. Биыл 23126 гектар 

алқапқа дәнді дақыл себіліпті. 

Оның 1555 гектары — арпа, 21571 

гектары — бидай. Журналистердің 

жолы түскен өткен аптаның бейсен-

бісіне дейін 14 мың гектарға жуық 

астықты алқап орылып, 12 мың 

тоннаға жуық дәнді дақыл басты-

рылыпты. Орташа түсім жаман 

емес көрінеді. Түсім гектарына 8,6 

центнерден айналдып жатқанын 

естіген «мыстыөңірліктер» бұл қуа-

нышқа өздерінің де ортақтастығын 

білдірді. 

Бұдан соң аудан әкімі мен газет 

басшысы «Өзара тиімді ынтымақта-

стық туралы» меморандумға қол 

қойды. Меморандум талаптары 

бойынша газет редакциясы өзіне 

ауданның тыныс-тіршілігі туралы 

жүйелі түрде жазып отыруға мін-

деттеме алса,   екінші тарап аудан 

көлемінде «Мысты өңір» газетінің 

барынша мол таралуына ықпал жа-

сауға міндеттенді. 

Биыл өзінің 75 жылдық торқалы 

тойын тойлағалы отырған Ұлытау 

ауданында оның құрылуы мен қалыпта-

суы, өсіп-өркендеуі жолында тер төккен 

ардагерлер аз емес. 

Солардың бірі ауыл-

дың қадірлі ақсақа-

лы —  Сәрсенбай 

Оспанов. 

Көкірегі ояу қарт 

— өңірдегі шежіре 

шертетін тұлғалар-

дың бірі.

— Одақ ыды-

раған тұста ел 

ептеп есеңгіреп 

қалғанымен, на-

рықтық қатынастар-

дың қалыптасуына 

қарай қазір көпшілігі 

кәсіп көзін тапты. 

Елбасымыздың  

бизнеспен айна-

лысатындарға қалай 

қамқор көңілмен қарай-

тынын, «мал бағамын, 

шаруа істеймін» деп 

талпынған адамға қалай 

көмектесетінін көзіммен  

көріп отырмын. Сондай 

мүмкіндікті пайдаланып 

менің балаларым да 

жұмысын жандандырып 

жатыр. Балам Саттар 

— аудандағы алғашқы 

кәсіпкерлердің бірі, – 

деп марқайды қария.

 «Көргені жақсы көш 

бастайды» деген емес 

пе бұрынғылар. Сәр-

сенбай ақсақал сынды 

еңбекпен есейіп, бүкіл 

саналы ғұмырын өзі 

туып-өскен жердің түле-

уіне жұмсаған адамның 

балалары да сондай 

елжанды болып ержетті. 

Қайсысы болсын әкені жерге қаратып 

көрген емес, бәрі — ел алғысын арқа-

лаған азаматтар.

Сәрсенбай ақсақал 50 жылға жуық 

ауданның есеп саласында жемісті 

еңбек етті. Ешкімнің ала жібін аттаған 

жоқ. Ешкімге есесін де жіберген жоқ. 

Балаларын тек адалдыққа, еңбекқор-

лыққа баулыды.

— Келесі жылдың баспасөзіне 

жазылу науқаны  — газет үшін аса 

жауапты кезең. Таралымың қанша 

болса, қазаның да соған орай қайнай-

тын болады.Сондықтан, үлкен жолға 

шыққалы тұрмыз. Осы жолға шығарда 

Ұлытаудың ең үлкен қариясынан бата 

алуды ырымдаған едік.  Өзіңіз секілді 

көпті көрген, көп жасаған қариямен 

кездескенімізге қуаныштымыз, – деген 

газет басшысы ардақты ақсақалды 

ауданның 75 жылдық торқалы тойымен 

құттықтап, «той тартуы» жоралғысын 

жасап, ақсақалдың  иығына оқалы 

шапан жапты. Ғұмырында тоқсан тарау 

жолды көріп, соның қай-қайсысында 

да сыр бермей ілгері басқан ақсақал 

газет қызметкерлеріне «Талаптарың оң 

болсын, таралымдарың мол болсын!» 

деген ақ батасын берді. 

Журналистер аудан орталығындағы 

білім ұясы – №1 Ұлытау орта мектебіне 

атбасын тіреді. Оларды қарсы алған 

мектеп директорының орынбасары 

Қазыбек Мұқанов білім ұясының ты-

ныс-тіршілігімен қысқаша таныстырып 

өтті. 


Қазыбек бауырымыздың сөзіне 

қарағанда, биыл аталмыш білім ұясына 

80 жыл толады екен. Ең алғаш барақ 

үйден басталған мектеп кейін кеңей-

тіліп, заманауи ғимаратқа көшірілген. 

Қазанда ауданның 75 жылдығы тойлан-

са, қарашада мектеп өзінің мерейтойын 

атап өтпек.

Тың жаңалық пен тосын оқиға десе 

құлақтары елеңдеп тұратын журналист 

ағайындарға «іздегенге — сұраған» 

болды. Жата кеп жабысты. Қарша жа-

уған сұрақтың астында қалған Қазыбек 

бауырымыз мектеп туралы толық ақпа-

ратты кейін редакцияның поштасына 

жіберетінін айтып, әзер құтылды. 

Кезек баспасөзге жазылуға ойысқан-

да, мұғалім жалақысының аздығын, 

басылымның көптігін көлденең тартқан 

ол:


— Азғантай айлық қысқа жіптей 

күрмеуге келмей жатады. Әйтпесе, 

жаздырып алып, оқуға болатын газет-

тер баршылық ғой. Мысалы «Мысты 

өңірді» Жезқазған, Сәтбаев қалаларына 

барғанда оқып, риза болып қаламыз. 

Біраз мәселе көтеріп жүрсіздер. Таным-

дық та, тарихи да мақалалар бар. Ат 

арылтып, арнайы келіп қалған екенсіз-

дер, мүмкіндігіне қарай келесі жылға 

«Мысты өңірге» жазылатын боламыз, 

– деп «мыстыөңірліктерді» бір қуантып 

қойды.

Жезқазғандық журналистерді аудан-



дық аурухананың ұжымы ыстық ықы-

ласпен қарсы алды. Аудандық аурухана 

бірлестігінің басшысы Урал Мазитов 

мән-жайға қаныққан соң ауруханаға 

тексеріс келіп жатқанын айтып, кешірім 

сұрады. Әйтсе де қалам ұстаған қа-

уымға қашанда құрмет көрсетіп жүретін 

басшы бұл жолы да уақыт тапты.

– Журналистердің келгеніне біз әрқа-

шанда қуаныштымыз. Сіздер жай келіп, 

жай кетпейсіздер. Елдің жақсылығын 

елге жеткізіп жүресіздер. Ал, біз өз та-

рапымыздан сіздерге қолдан келгенше 

көмек жасауға әзірміз, – деді ол.

Әрине, әңгіме барысында аурухана 

жайлы да ақпарат бере кетті. Орталық 

ауруханада барлығы 17 дәрігер, 74 орта 

буын маман жұмыс істейді екен. Бар-

лық дәрігер мен медбибі аттестациядан 

өтіп, тиісті сертификат алған.



Газет пен оқырман 

арасындағы байланыс- 

тың беріктігі — баға-

сы биік өлшем. Бұған 

жету оңай емес. Ол үшін 

уақыт талабына сай 

тірлік жасап, қоғамның 

тыныс-тіршілігін та- 

разылап, жұршылыққа 

жетелі сөз арнай білген 

жөн.

Оқырмандармен бай-

ланысты бұрынғыдан 

да нығайтуды көздеген 

«мыстыөңірліктер» 

биыл тың бастама кө-

терді. Газеттің көшпелі 

редакциясы ел іші-

не шығып, халықпен  

бетпе-бет жүздесіп, 

ой-пікір алмасуды мақ-

сат тұтып отыр.  Газет 

редакциясының жаңа 

бастамасы  Ұлт ұясы – 

Ұлытаудан бастау  

алды. 

МЕМоРандуМға 

Қол ҚоЙЫлдЫ

ҚаРияға — 

ҚұРМЕт

оРта МЕКтЕпКЕ — 

80 жЫл!

ауРуханадағЫ 

ашЫҚ әңгіМЕ

Сәрсенбай ақсақалмен бірге.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Ақышбеков. (сол жақта).

Ардагер-журналист  М.Машайықұлын  (сол  жақта)  

марапаттау.

Балалар медбибісі Сапура Әменова.

7

БАСПАСӨЗ-2015



                                                                                                                                                                                                                                           26 ҚЫРКҮЙЕК  2014 жыл

Ауданда 40 төсектік екі стационар 

жұмыс істейді. Оның 35 орындығы 

— Ұлытау селосында, 5 орындығы — 

Жезді қалашығында. Мұның сыртында 

1 клиникалық-диагностикалық емха-

на, 8 отбасылық-дәрігерлік емхана, 

6 фельдшерлік-акушерлік бекет, 5 

медициналық бекет халыққа қызмет 

көрсетеді.

Журналистер орталық аурухананы 

аралап көрді. Заманауи құрал-жаб-

дықтармен жабдықталған емдеу ме-

кемесі көңілден шықты. Бір өзгешелік 

— мұнда арнайы жабдықталған «Теле-

медицина» бөлмесі бар екен. Маман-

дардың айтуынша, мұнда кез-келген 

күрделі сырқатты емдеу кезінде облыс 

орталығындағы, Астанадағы, өзге де 

қалалардағы емдеу орталықтарының 

білікті мамандарымен осы «Телемеди-

цина» арқылы кеңесіп, ем-дом жасауға 

болады.

Ауруханада «Дипломмен ауылға» 



мемлекеттік бағдарламасы бойынша 

жұмысқа келген жас мамандар да бар. 

Журналистер олардың әрқайсысымен 

жеке-жеке әңгімелесіп, сұхбат құрды.

— Менің журналистерге жаным 

жақын. Бір кезде осы мамандыққа 

көңілім де ауған. Бірақ, жағдайға қарай 

есеп-қисап жағына кетіп қалдым. Түбі 

зейнеткерлікке шыққанда қолыма ала-

тыным — қалам, ермегім жазу болатын 

шығар, – деді журналистерге жолбас-

шы болған бас есепші Жанар Ысқаққы-

зы Жұмабаева.

Қазір, шүкір, кәсіпкердің көптігімен 

ешкімді таң қалдыра алмайсың. Алға 

ұмтылған адам, әйтеуір, бір тірлікті 

тындырады. Ал, ондай өрендердің 

қарасы Ұлытау ауданында да аз емес. 

Әйтсе де, солардың арасында Қайрат 

Байболовтың шоқтығы өзгелерден биік 

тұрғандай...

Кәсіпкерлікке ел кезінде жатырқай 

қарағаны жасырын емес. Батылы жетіп, 

осы іске қадам жасағандардың өзі 

неден бастарын білмей, көпке дейін то-

сылып жүрді. Міне, сондай алмағайып 

тұста жаңа жүйенің жалына жармасып

тізгінін ұстағандардың бірі осы Қайрат 

еді.

— Елдің бәрі әуелі дүкен ашудан 



бастады ғой. Менің де бастапқыда дүң-

гіршегім болды. Бірер жылда ісім алға 

жылжи бастады. Оның үстіне, кәсіп-

керліктің қыр-сырын жатпай-тұрмай 

зерделедім. Кәсіпкерлікті әбден меңгер-

гендердің тәжірибесін 

іздеп жүріп оқыдым. 

Сол кезде қазір 

тойхана болып тұрған 

ғимарат аукцион 

арқылы саудаға түсті. 

Бұл кезінде тұрмыс 

қажетін өтеу комбинаты 

болған. Соны сатып 

алып, бірнеше бөлмеге 

бөліп, сауда-саттықпен 

айналысатындарға 

жалға бердім. Пайдасы 

шамалы болды. Басқа 

жол іздестіре бастадым, 

– дейді Қайрат бізбен 

әңгімесінде.

Қандай кәсіпті баста-

саң да оны дамыту, 

түрлі бағытқа бейімдеу іскерлігіңе, алға 

қойған мақсатыңа байланысты. Қай-

рат та көп ізденді. Аудан орталығында 

тойхана, дәмхана деген жоқ еді. Мына 

ғимарат соған сұранып тұрғанын Қайрат 

бірден аңғарды. Дереу іске кірісті. 

Қаладан мамандар жалдап, «Тассай» 

деген атпен тамаша тойхана жабдықтап 

шығарды. Жұтындырып қойды. Қазір 

елдің алғысын алып жүр. Ұлытаулықтар 

той жасау үшін бұрынғыдай қалаға 

шабылмайды. Бәрі іргесінде.

—  Қолдан келсе кәсіпті әртарап-

тандыру керек. Мен соған бет бұрдым. 

Қазір біздің әулет мал шаруашылығын, 

сауда-саттықты, халыққа қызмет көрсе-

туді қатар жүргізіп келеді. Және қанатын 

кеңге жая түсуде. Мал басы өсіп жатыр,  

– дейді кәсіпкер жігіт ағынан жарылып.

Қайраттың кәсіпкерлік көкжиегі 

мұнымен шектелмек емес. Ол келешек-

те Ұлытау өңірінде туризм кластерін 

дамытуға үлес қосуға ынталы. Осы 

бағыттағы жоспары да бар екен.

— Ауылда демалыс орнын ашудың 

бір жобасын жасап қойдық. Бірақ оны 

іске асыруға жоғары жақтың шешімін 

күтіп отырған жайт бар. Біздің Ұлы-

тау өңірі табиғи, тарихи қорық аймақ 

қой. Мен демалыс орнын салсам деп 

ойластырған жерім сол қорық аймаққа 

кіріп кеткен екен. Бірер жылда осы 

аймақтарды рәсімдеу аяқталып, іскер 

азаматтарға жалға берілетін сияқты. 

Егер, бәрі біз ойлағандай болса, онда 

тамаша бір демалыс орны ашылмақ, – 

деп өзінің жоспарымен де бөлісіп қойды 

Қайрат. Осындай тың шаруалардың 

иесіне сәттіліктен басқа айтарымыз 

жоқ.


Әңгіме барысында Қайрат Байбо-

лов ауданның аз қамтамасыз етілген 

азаматтары мен көп балалы отбасы-

ларына қайырымдылық көмек көрсетіп 

тұратынын да айтты. Орайы келіп 

жатса сол ардагерлер мен әлеуметтік 

қолдауды қажет ететін ауылдастарының 

бір тобының «Мысты өңір» газетіне 

жазылуларына ықпал жасаудан шеткері 

қалмайтынын да сездірді.

Ел арасында болғанда жұрт-

шылықтың пікірін білу, ұсынысын 

тыңдау қай жағынан да пайдалы. «Мы-

стыөңірліктер» бұл жағынан да мүмкін-

дікті мүлт жібермеді.

 

Оқырмандармен кездесу аудандық 



білім бөлімінің мәжіліс залында өтті. 

Оған аудандық мекемелердің өкілдері 

мен ардагерлер қатысты. 

 Газет директоры Абдолла Дастанов 

жиналғандарды Ұлытау ауданының 

75 жылдық мерейтойымен құттықтап, 

редакцияның  Құттықтау хаты мен 

ескерткіш сыйлығын аудан әкімінің 

орынбасары Берік Ақышбековке салта-

натты түрде табыс етті. 

Сондай-ақ, ауданның құрдасы, аймақ 

журналистикасының ардагері, ұзақ 

жылдар бойы «Ұлытау өңірі» газетін 

басқарған, әлі де осы «терінің бір 

пұшпағын илеп» отырған әріптесіміз 

Мағзұмбек Машайықұлын да 75 жыл-

дық мерейтойымен құттықтап, Құт-

тықтау хатын тапсырып, иығына шапан 

жапты.

Бұдан соң кезек оқырмандармен 



ашық пікір алмасуға ойысты. Әңгіменің 

шымылдығын ауыл ақсақалы, еңбек 

ардагері Сәрсен Бектемісов ашты.

— Баспасөз — біздің рухани қуат 

берушіміз. Сондықтан да аудандық 

«Ұлытау өңірі» газетінен бастап об- 

лыстық, республикалық басылымдар-

ды үзбей оқып отырамын. Әрине, 

ең алдымен, өзіміз тұратын өңірдің 

жаңалығын көбірек білгіміз келеді. 

Осы жағын ескерсеңіздер. 

«Мысты өңір» газеті өзіндік бет-бей-

несі, бағыт-бағдары бар басылым. Де-

генмен, кейінгі жылдары ел арасында 

желдей гулеген «кен қоры таусылды, 

келешек қалмады» деген секілді сөз-

дер осы газетке жазылуға да салқы-

нын тигізді. Күні кеше ғана Елбасымыз 

келіп кетті, теміржолды іске қосты, 

Жезқазғанның мыс зауыты қайтадан 

жұмыс істейтін болды. Демек, ертеңге 

деген сенім нығайды. Сондықтан, мен 

аймақта өзіндік орны бар «Мысты 

өңір» газетіне келесі жылға міндетті 

түрде жазылатын боламын.Ел жайлы, 

жер жайлы жазылғанын қалаймыз. 

Өңіріміздің келешегі, өткені жайлы 

оқығымыз келеді. Бірыңғай өндірісті 

қуалап кетпей, осы жағына да назар 

салсаңыздар. Және біржақты емес, 

әр нәрсені қаз-қалпында ашығын 

айта жазса деген елдің тілегі бар. 

Жезқазған, Сәтбаев қалалары тұрғын-

дарының көбі осы Ұлытау өңірінің 

халқы. Өз жерлестеріміздің бүгінгі ты-

ныс-тіршілігін білгіміз келеді. Сөз реті 

келгенде, «Дидар» телеарнасының 

хабарларын көре алмай жүргенімізге 

де қапалы екенімізді айтқым келеді, 

–деді ақсақал. 

Түс ауа «Мысты өңір» газетінің 

көшпелі редакциясы Жезқазғанды 

бетке алды. Ауылда болып, ауыл-

дың ақжарқын халқымен кездесіп, 

өздері жайлы елдің пікірін тыңдап, 

көңілдері өсіп қалған журналистер 

мысты шаһарға көтеріңкі көңіл күймен 

аттанды. Үміт пен демеу дем берген 

олардың шабыты шалқып келеді...

Ізбасар ОЙБАС. 

Суреттерді түсірген



 автор.

Жезқазған - Ұлытау – Жезқазған.



КәСІпКЕРмЕн 

КЕздЕСу

Ұлытаулықтардың  

«Мысты өңірге» берген 

батасы — осындай



ОҚЫРмАн ОЙЫ

ТҮЙІн

Жас маман Ерген Арман.

«Дөңгелек стол» басында.

Кәсіпкер Қайрат Байболов.

Ақсақалдар ой бөлісті.

ҚҰҚЫҚ

8

                                                                                                                       26 ҚЫРКҮЙЕК  2014 жыл

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫН 

БӨЛІП АЛУ

—  Отбасы  жағдайыма 

байланысты  жыл  сайынғы 

ақылы  еңбек  демалысым-

ды  бөліп-бөліп  әр  уақыт-

та  алғым  келеді.  Менің  бұл 

өтінішім орынды ма? Жұмыс 

беруші  менің  жыл  сайынғы 

еңбек  демалысымды  өзім  қа-

лаған уақытта бөліп алуыма 

қарсылық  білдіруге  құқылы 

ма?

—  Қызметкерлер  тарапынан  жыл 

сайынғы ақылы еңбек демалысын бір-

неше  бөлікке  бөліп  алуға  өтініш  етуі 

бүгінде  жиі  кездеседі.  Бұл  ретте  ол 

демалыс  алатын  даталар  өтінішінде 

нақты  көрсетіледі.  Көп  жағдайда  әлгі 

даталар тек аптаның демалыс күндері-

не немесе мерекелік күндерге орайлас 

келетінін байқауға болады.

Осылайша,  қызметкердің  демалыс 

уақыты тиісті 28 күнтізбелік күннен әл-

деқайда көп болып шығады.

Заң  жүзінде  еңбек  демалысын  бір-

неше бөлікке бөліп беруге болады.

Мәселен,  Қазақстан  Республика-

сы  Еңбек  Кодексінің  105-бабындағы 

3-тармақшаға  сәйкес,  жыл  сайынғы 

ақылы еңбек демалысы қызметкер мен 

жұмыс  берушінің  арасындағы  келісім 

бойынша  бөліктерге  бөлінуі  мүмкін. 

Осы Кодексте атап көрсетілгендей, тек 

екі тараптың келісімі болғанда ғана ол 

өтініш  ескеріледі,  яғни  қызметкердің 

еңбек демалысын бөліп алуына жұмыс 

беруші келісім бермеуге құқылы.

Еңбек  Кодексінің  107-бабына  сәй-

кес,  қызметкерлерге  жыл  сайынғы 

ақылы  еңбек  демалысын  берудің  ке-

зектілігі  еңбек  шартында,  ұжымдық 

шартта,  жұмыс  беруші  қызметкер-

лердің  пікірін  ескере  отырып  бекітетін 

демалыс кестесінде белгіленеді.

Сондықтан жұмыс беруші Еңбек Ко-

дексінің  12-бабында  атап  көрсетілген-

дей,  қызметкерлер  өкілдерінің  пікірін 

ескере  отырып  немесе  келісе  отырып 

еңбек  демалысының  кестесін  жасауы 

қажет.  Бұл  демалыс  кестесінде  қыз-

меткерлердің өтінішіне орай нақты да-

талар  (әдеттегідей  ай  бойынша  емес) 

көрсетілуі керек және ол кестені қатаң 

сақтауға жұмыс беруші міндетті.

Сондай-ақ,  демалыс  беру  тәртібі 

ұжымдық  шартта  да  көрсетілуі  мүм-

кін,  егер  демалыс  бөліп-бөліп  берілуі 

ескерілсе, ол әр демалыс 7 күнтізбелік 

күннен кем болмауға тиіс.

Не  болмаса,  демалыстың  бөліп 

берілуі және оны берудің уақыты неме-

се  бөліп  берілмеуі  тәрізді  мәселелер 

әр  қызметкер  мен  жұмыс  беруші  ара-

сында  жасалған  жеке  шарттарда  да 

көрініс табуы мүмкін.



ЖЫЛ САЙЫНҒЫ 

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ 

ҮШІН ӨТЕМАҚЫ

— 

Мен 

кәсіпорындағы 

жалғыз  маманмын,  менің  ор-

нымда  жұмыс  істейтін  адам 

табылмағандықтан былтыр 

кезекті  еңбек  демалысына 

шыға алмадым. Енді ол дема-

лыс орнына өтемақы төлеу-

ді талап етсем, кадр бөлімін-

дегілер  бірден  қарсылық 

білдірді. Бұл заңды ма?

— Шынында да, еңбек заңдылығын-

да  еңбек  демалысы  орнына  өтемақы 

төлеу туралы ұғым жоқ. Қазақстан Ре-

спубликасы Еңбек Кодексінің 1-бабын-

дағы  1-тармақтың  14-тармақшасына 

сәйкес,  демалыс  —  жұмыс  орны  (ла-

уазымы)  мен  осы  Кодексте  белгілен-

ген  жағдайларда  орташа  жалақысын 

сақтай отырып, қызметкердің жыл сай-

үшін өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.

Басқаша  айтқанда,  жыл  сайынғы 

еңбек  демалысынан  шақыртып  алған 

жағдайда  қызметкер  екі  мүмкіндіктің 

біреуін ғана таңдауы керек:

♦ жыл сайынғы еңбек демалысының 

пайдаланылмаған бөлігін сақтау, сөйтіп 

еңбек төлемін алмау;

♦ жыл сайынғы еңбек демалысының 

пайдаланылмаған  бөлігі  үшін  өтемақы 

төлемін  алу,  сөйтіп  бұл  пайдаланыл-

маған бөлігін жоғалту.



ДЕМАЛЫСТА ЖҮРІП 

ЖҰМЫСТАН ШЫҒУ

—  Кезекті  еңбек  демалы-

сымда  жүргенімде  отбасы 

жағдайыма  байланысты  ме-

кенжайымды 

ауыстыруға 

мәжбүр болдым. Сосын жұмыс 

орныма  өтініш  жазып,  еңбек 

демалысынан  кейін  мені  жұ-

мысымнан  шығаруды  өтін-

дім.  Ал,  басшым  менің  бұл 

өтінішіме  қол  қоймай,  еңбек 

демалысынан  кейін  жұмысқа 

шығуымды және бір ай жұмы-

сымды  өтеуімді  талап  етті. 

Бұл қаншалықты заңды.

— Қызметкер егер кезекті (оқуға бай-

ланысты  немесе  еңбекақысыз)  дема-

лыста  жүріп,  демалыстан  кейін  іле  жұ-

мыстан шығаруды өтінсе, бұл жағдайда 

еңбек шартын бұзу қызметкердің баста-

масы  бойынша  болып  отыр  және  оны 

жұмыстан шығару барысында ҚР Еңбек 

Кодексінің 57-бабын басшылыққа алған 

жөн.


Сонымен, қызметкер жұмыс берушіге 

кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте 

отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы 

бойынша бұзуға құқылы.

Дегенмен  қызметкер  мен  жұмыс  бе-

рушінің арасындағы келісім бойынша ең-

бек  шарты  ескерту  мерзімі  аяқталғанға 

дейін бұзылуы мүмкін. Алайда, қызмет-

кер  ескерту  мерзімі  ішінде  еңбек  шар-

тын  бұзу  туралы  өтінішін  жазбаша  ны-

санда қайтарып алуға құқылы.

Бұл жағдайда ескерту мерзімі (бір ай-

дан астам) ұзартылмайды және ауысты-

рылмайды,  егер  қызметкер  осы  мерзім 

ішінде демалыста болса не ауырса не-

месе  өзге  де  жағдайларға  байланысты 

жұмыста  болмаса,  себебі  заң  жүзінде 

ескертуден  кейін  жұмыстан  шығару 

мерзімін  ауыстыру  немесе  ұзарту  көз-

делмеген.

Қызметкердің  өтінішінде  көрсетілген 

бір  ай  ескерту  мерзімі  өткен  соң  қыз-

меткер  ол  жұмысты  тоқтатуға  құқылы, 

ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек қы-

зметіне байланысты құжаттар мен оған 

тиесілі ақшалай төлемдерді беруге мін-

детті.

Сондықтан, егер мұндай жағдайлар-



да жұмыс берушілер қызметкердің де-

малыстан кейін жұмысқа шығуын және 

бір  ай  жұмысты  атқарып  кетуін  талап 

етуі заңсыз.



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 7.73 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет