№39 (1347) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет



жүктеу 7.73 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата15.09.2017
өлшемі7.73 Mb.
1   2   3   4

Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ,

           журналист.

Кеншілер  мен  кен 

б а й ы т у ш ы л а р д ы ң 

кәсіби  мерекесі  дүріл-

детіп  атап  өтілгені-

нен  көп  ұзамаған-ды. 

№  1,2  Жезқазған  бай-

ыту 

фабрикасын-

дағы  «КәсіпҚазақмыс» 

кәсіподағы  бастауыш 

ұйымы 

төрағасы-

ның  орынбасары  Зере  

Ғаббасқызы  телефон 

шалып:  —  Өздеріңіз  де 

газеттен оқып жатқан 

боларсыздар,  фабрика-

мыз  да,  және  бір  цехы-

мыз да озық көрінді. Қу-

анышымызда  шек  жоқ. 

Айтайық 

дегеніміз, 

үздік  атанған  цехтың 

басшысымен  тілдес-

сеңіз жөн болар еді. Ол 

әбден мақтауға тұрар-

лық, — деді әңгімені көп 

созбай.

Мұрат Бөрібаев әңгімесін осылай түйіндеді. Бар 

айтқанын  қаз-қалпында  қағазға  түсіргенді  жөн 

көрдім.  Жүздесу  барысында  жиырмадан  жаңа  асқа-

нына  таңданыс  білдірсем,  салиқалы  әңгімесіне  қа-

рап  «жас  та  болса  бас  болар»  жігіт  екеніне  көзім 

жете  түсті.  Сұңғақ  бойлы,  аққұба  жүзді  жігітке 

әңгіме барысында сүйсіне қарағаным көз алдымнан 

кетпестей әсерге бөледі.             

4

ӨНДІРІС


                                                                                                                                                                                                                                        26 ҚЫРКҮЙЕК  2014 жыл.

қорғаныш  жүйесі    іске  қосылады  да, 

жабдық  тоқтайды.  Мұның  шығыны  шаш-

етектен,  дегенмен  өзін-өзі  ақтайды. 

Пайдасы көп. 

Біздің қызмет таяу уақыттарда бірқатар 

жаңа  жобаларды  жүзеге  асыруды 

жоспарлап  отыр.  Соның  бірі  —  №67 

шахтада орнатылатын тазарту құрылғысы. 

Жаңа  жабдықтың  міндеті  —  сарқынды 

қалдықты  техникалық  су  күйіне  дейін 

жеткізу.  Жезқазған  аймағындағы  судың 

тапшылығы  баршаға  белгілі.  Кеніштер 

қазір айналымдағы суды пайдаланатынын 

ескерсек,  жаңа  құрылғының  пайдасы 

орасан болмақ. 

Тағы 

бір 


маңызды 

міндет 


— 

жылдың  аяғына  дейін  кәсіпорындарды 

ресурстарды  есептеу  жабдықтарымен 

қамтамасыз  ету.  Қазір  олар  электр 

қуатын  есептейтін  жабдықтармен  толық 

жарақтандырылған.  Ендігі  кезекте  — 

шаруашылыққа  жұмсалатын  және  ыстық 

судың есебі. 

2013  жылдан  бері  кәсіпорындарда 

электр  қуатын  коммерциялық  есептеудің 

автоматтандырылған 

жүйесі 


жұмыс 

істейді.  Бұл  жүйенің  мүмкіндігі  мол. 

Келешекте 

ол 


онлайн 

режимінде 

қай 

кәсіпорында 



ресурстар 

қалай 


жұмсалатындығы  жөнінде  ақпарат  беріп, 

артық  шығын  жұмсалған  жағдайда 

себебін анықтайтын болады.

Төңірегіндегі 

елді 

мекендерден 



тұрғындардың 

Сәтбаевқа 

қоныс 

аударуына байланысты энергетиктердің 



алдында  ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр. 

Жоспар  жасалды,  желілер  тартылады, 

көмекші стансалар қойылады. Қызметтің 

қазіргі  құрамы  қандай  күрделі  міндетті 

болмасын мінсіз орындауға қабілетті.

Үнемшілдік — уақыт талабы. Өйткені, 

өнімнің  өзіндік  құнына  тұтынылатын 

қуаттардың  мөлшері  қатты  әсер  етеді. 

Сондықтан, бәрі бақылауда болады.

ЖЕЗҚАЗҒАН.



Суретте:

  бас  энергетик  Мұрат 

Ілиясов.

Әлібек ӘБДІРАШ,

     «Мысты өңір».

Жылан жылы 510 021,79 мың теңгенің тапсырысын тапсырмадан тыс 

тындырған Жезқазған құю-механикалық зауытының ұйымшыл ұжымы жұ-

мыс ырғағынан Жылқы жылы да жаңылған жоқ. Нәтижесінде көңілдегідей 

көрсеткішке жетті.

Алғашқы  жартыжылдықта  149  075,86  мың  теңге  қаржыны  жоспардан 

артық игеріп, мүмкіндігінің мол екендігін көрсетті. «Жезқазғантүстімет» 

өндірістік бірлестігінде «Үздік мердігер» атанды.

Мәжілісті «КәсіпҚазақмыс» 

кәсіподағының төрағасы 

Т.Тілемісов жүргізіп отырды. 

Жиынға Жезқазған, Балқаш 

және Қарағанды филиалда-

рының төрағалары Е.Са-

тыбалдин, Г.Ахрименя мен 

М.Қалиев, сондай-ақ көптеген 

бастауыш кәсіподақ ұйымда-

рының төрағалары қатысты.

«Қазақмыс» корпорация-

сы» ЖШС-інің персонал және 

ұйымдық тиімділік жөніндегі 

директоры А.Әбенов кәсіпо-

дақ көшбасшылары алдында 

есеп берді. Ол Ұжымдық 

шарттың қызметкерлерге 

әлеуметтік жағдай жасау 

мәселелері мен әлеуметтік 

жеңілдіктер көрсету жайын-

дағы тармақтардың ағымдағы 

жылдың өткен 8 айындағы 

орындалысын арқау етті. Ол 

нақты көрсеткіштерді тілге 

тиек ете отырып, жұмыс 

беруші тарапынан міндет-

темелердің толық дәрежеде 

орындалып келе жатқанын 

атап айтты. А.Әбеновтың ай-

туынша, еңбек ұжымдарында 

жұмысшы жиналыстары 

тұрақты өтіп тұрады. Ол басқо-

суларда айтылған сын-ескерт-

пелер ескерусіз қалмайды. 

Мұның өзі кәсіпорындарда 

орын алған өткір мәселелерді 

орынды шешуге ықпал болуда. 

Корпорация соңғы жылда-

ры басты міндеті өндіріспен 

айналысу қағидасын ұстана 

отырып, көптеген әлеуметтік 

орындарды жекешелендіргені 

белгілі. Ол мекемелер өзара 

жасалған келісімге сай корпо-

рация қызметкерлеріне қызмет 

көрсетуде. Басқаша айтқанда, 

корпорация тарапынан қатаң 

талап қойылып отыр. Мәселен, 

корпорация қызметкерлерін 

жұмыс орнына тасымалдау 

мәселесіне қатысты арыз-

шағымдар көп 

түскен болса, 

ол олқылықтар-

ды болдырмау 

жолында нақты 

шаралар жасалып 

келеді. Корпо-

рация емдеу 

мекемелерімен арадағы қа-

рым-қатынасты да осы тұрғы-

да өрістетуді көздеп отыр. 

Мәселен Жезқазған өндірістік 

аймағындағы емдеу мекеме-

лері жеке заңды тұлға ретінде 

корпорация қызметкерлеріне 

қызмет көрсететін болады.

А.Әбенов кәсіподақ қызмет-

керлеріне еңбек адамдарына 

көрсетіліп отырған әлеуметтік 

жеңілдіктер жөнінде кеңінен 

баяндады. Өткен 8 айда осы 

мақсатта жұмсалған жұмыс 

беруші қаржысының көлемін 

нақты атап көрсетті. Ол жұмыс 

беруші корпорация еңбек-

керлеріне тиісті әлеуметтік 

жеңілдіктерге кепілдік беруде 

екендігін нақты мысалдармен 

баяндады.

Кәсіподақ қызметкерлері 

тарапынан қойылған алғашқы 

сұрақ та осы мәселеге орай 

болды. «КәсіпҚазақмыс» 

кәсіподағы Жезқазған филиа-

лының төрағасы Е.Сатыбалдин 

өндірісте қаза тапқандардың 

отбасы мүшелері тарапынан 

өтініштердің жиі түсетіндігін, 

атап-айтқанда, бірқатар қарт-

тар бұдан 20-30 жыл бұрын 

кенші балаларының қаза 

тапқандығын айтып, мате-

риалдық және өзге де көмек 

сұрайтындығын өз сауалына 

арқау етті.

«Қазақмыс» топтарының 

құқық мәселелер жөнінде-

гі директоры, заң қызметі 

департаментінің директоры 

Р.Кабиева бұл сұраққа орай 

өндірісте қаза тапқандардың 

отбасы мүшелерінің мәрте-

бесі «Неке туралы» заңда ай-

қындалғанын, ал бұл реттегі 

өтініш-шағым әр мән-жайға 

орай қаралу керектігін тілге 

тиек ете жауап берді.

Кәсіподақ көшбасшылары 

тарапынан қоғамдық инспек-

торларды оқытуға бөлінетін 

қаржыға, мүгедектерге ар-

налған еңбек шарттары тура-

лы анықтаманы алуды екі-үш 

ай бойы Қарағандыдан күтіп 

жүретіндігіне байланысты, 

басқа да мәселелер жөнінде 

сұрақтар қойылды. А.Әбенов 

басқосу барысында көтеріл-

ген мәселелерді жинақтап, 10 

күн ішінде жазбаша жіберуді, 

сөйтіп осыған орай жұмыс 

комиссиясын құра отырып, 

бұл мәселелерге орай тиісті 

шешімдер қабылдауды, оның 

орындалысын бақылауды сол 

комиссияға жүктелетіндігін 

айтты.

Алқалы басқосуда 



«КәсіпҚазақмыс» кәсіподағы-

ның төрағасы Т.Тілемісов 

қоғамдық ұйымның өткен 

мерзім ішінде атқарған қадау- 

қадау жұмыстарына тоқтал-

ды. Ол сөзінің соңында еңбек 

адамдарының мүддесін 

қорғау жолындағы әлеуметтік 

әріптес тұрғысында жұмыс 

берушімен тығыз бірліктегі 

жұмыс алдағы уақытта кең 

өріс таба беретіндігін атап 

айтты.

—  Қауіпсіздік  техникасы  қызметтің 



ажырамас  құрамдас  бөлігі  болып 

табылады. 

Бұл 

тұрғыда 


жалпы 

корпорацияда 

қолданылатын 

қауіпсіздіктің 

басымдық 

берілген 

стандарттарын 

ұстанамыз. 

Қызметкерлер 

жеке 


қорғаныш 

құралдарымен  қамтамасыз  етілген, 

технологиялық колледжде тиісті оқудан 

өтеді. 


Ұжымның  негізін  осы  мамандықты 

саналы түрде қалаған адамдар құрайды. 

Өйткені, электр қуатымен жұмыс істеудің 

қауіп-қатері  басқаларына  қарағанда 

басымдау  екенін  ешкім  жоққа  шығара 

қоймас.  Жеңілдік  іздегендер  біздің 

маңайымыздан өздері-ақ жүрмейді.

Кейінгі  кезде  қызметімізде  көңіл 

толарлық 

жетістіктер 

байқалады. 

Былтыр 


барлық 

кеніште 


дербес 

(автономный)  компрессорларға  көшу 

аяқталды, бұрынғы орталық компрессор 

стансасы  жұмысын  тоқтатты.  Бұл 

жаңашылдықтың артықшылығы неде?

Бұрынғы станса қолайсыз әрі көнерген 

жабдықтардың  жәрдемімен  кеніштерді 

қысымды  ауамен  қамтамасыз  ететін. 

Оны көздеген жеріне жеткізу үшін жердің 

асты  мен  үстінде  жалпы  ұзындығы 

47  шақырымдай  құбыр  қолданылды. 

Кеніштер  дербес  компрессорларға 

көшкелі  электр  қуатына,  суға,  қызмет 

көрсетуге кететін шығындар азайды.

Биыл  төрт  дербес  компрессор 

сатып 


алып, 

Жезқазған 

байыту 

фабрикасындағы  елуінші  жылдардан 



бері  істеп  келе  жатқан  поршенді 

компрессорлардың  орнына  қойдық. 

Бұдан бір ай бұрын жабдықтарды толық 

қуатында іске қостық.

Үсіміздегі жылы жабдықтарды қорғау 

жүйесін  өндіріске  енгізу  табысты  өтті. 

Егер  технологияда  кінәрат  кездессе 

Мұрат ІЛИЯСОВ, 

«Жезқазғантүстімет» ӨБ бас энергетигі:

                            



Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ,

«КәсіпҚазақмыс» кәсіподағы Жезқазған 

           филиалының баспасөз хатшысы.

Қолданыстағы  Ұжымдық  шартта  атап  көрсетілген-

дей,  жұмыс  беруші  болып  табылатын  «Қазақмыс»  кор-

порациясы» ЖШС мен осы корпорация қызметкерлерінің 

өкілдері  болып  табылатын  кәсіподақ  ұйымы  кемінде 

алты  айда  бір  рет  бірлескен  кеңестер  өткізуге  міндет-

ті. Ал, корпорация филиалдары мен кәсіподақ филиалда-

рының басшылары қатысатын бірлескен отырыстарды 

кемінде тоқсанына бір рет өткізу белгіленген. Бұл басқо-

суларды  ұйымдастырудағы  басты  мақсат  —  Ұжымдық 

шарттың  орындалысын  кеңінен  талқылау.  Еңбек  қаты-

настарын реттейтін басты құжаттың орындалу бары-

сын талқылаған осындай жиын өткен аптада Жезқазған 

қаласында өтті.

5

«Ардақтыларымызды  ардақтаймыз!»



                                                                                                                                                                                                                                      26 ҚЫРКҮЙЕК  2014 жыл

Соғыс өрті бұрқ ете қалғанда 

біз әлі мектеп қабырғасында 

жүрген едік.Бір күні бізді де 

шұғыл «линейкаға» тұрғызды. 

Жасы үлкен ағалардың алды 

майданға аттанып жатқа-

нынан хабарымыз бар болса 

да, «мектеп оқушыларын да 

соғысқа алып кетеді» деген үш 

ұйықтасақ түсімізге кіріп пе? 

Мектепке поселкелік Кеңестің 

төрағасы Әбілғазы Бейпілов, 

әскерилердің есебін жүргізетін 

Жолдасбек Базылов және Қар-

сақбай аудандық әскери комис-

сариатынан келген өкіл келіпті. 

Олар саптың бас жағында 

тұрған 17 жігітті бірден алды 

да кетті. Олардың кейбірінің 

аты-жөндері жадымда қалмап-

ты, бірақ, көбісін әліге шейін 

ұмытқаным жоқ. Олар — М.Фе-

доров, И.Панин, Г.Одинцов, Ба-

зарбай Байманов, Н.Мейрамов, 

Т.Мүсілімов, С.Исакунов, С.Жа-

купов, Сембі Мансуров, Сақтап-

берген Байтоқов, Құрманғазы 

Ерназаров болатын. Міне, 

осы жігіттердің бірде - бірі кері 

оралмады.Олар ел үшін, Отан 

азаттығы жолында жастайынан 

шейіт болып кетті.Олардың ізін 

ала әскерге алынғандардың 

арасында Жақсымбек Үншібаев 

та болған еді.

Негізі Жақаң ерте жетілген, 

тұрмыстың ауырлығына байла-

нысты еңбекке де жастайынан 

араласып кеткен еді. Анасы 

ұмытпасам, тұрғын үй-комму-

налды шаруашылық мекемесін-

де үй сыпырушы болып істей-

тін.Соңынан ерген інісі де жас 

еді. Жақаңның өз қатарласта-

рынан бұрынырақ еңбекке ара-

ласып кеткендігіне «тұрмыстың 

ауыртпалығы себеп болды» 

деп ойлайтыным да сондықтан. 

Жас балаға қайбір жеңіл-жел-

пі жұмыс бұйырады дейсіз?! 

Ол әлгі «комхоздың» қара 

жұмысына жегілді. Кездесіп 

қалғанда «жеңіл жұмыс жоқ 

қой» дейтін де қоятын, одан 

әрі көп сөзге бара қоймайтын.

Бірақ, қабағын шытып, «бекер 

-ақ осылай істеген екенмін, 

мектепте оқи беруім керек еді» 

дегенін естімеппіз. Қазір ойлап 

отырсам, ол сол кездің өзін-

де-ақ өзінің мойнына жүктелген 

міндетті толық сезіне білген 

екен-ау... Ал, бұл анасының  

қолғанатына айналып,   қа-

зақы тілмен айтқанда, оның 

жыртығына — жамау болып, 

інісінің қарны — тоқ, көйлегі — 

бүтін өскенін ойлағандық екен 

ғой. Осыдан-ақ, Жақаңның 

азаматтық тұлғасы айқындала 

түскендей емес пе?  Жүре-

гі — жұмсақ, көңілі — көл еді 

ғой оның. Мен бүгінгі жастарға  

аға ұрпақтың басына түскен 

қиыншылықтарды ешқашанда 

тілемеймін.Бірақ, олар сол 

алдыңғы буынның бауырмал-

дығын, жауаптылығын, қиын-

дықтан жалтармайтын қайсар-

лығын, батылдығын   бойларына 

сіңіріп өскендерін қалаймын.

Жақаң майданнан елге  

«Даңқ» орденінің толық кавалері 

болып оралды. Бұл — Кеңес 

Одағының Батыры атанғанмен 

бірдей болатын. Сондықтан 

да, халық оны орынды түрде 

«Даңқты батыр» атап кетті. 

Осы орайда, «Даңқ» орденінің 

соғыста асқан ерлік көрсеткен 

жауынгерлерге ғана берілгенін 

ескерсек, Жақсымбек Үнші-

баевтың жорық жолдарын көз 

алдыңызға елестете беруіңізге 

болады. 


Ол соғыста үш мәрте жара-

ланған екен. Жарақаттары жеңіл 

де болмаған. Бірақ, әр жара-

ланғаннан кейін госпитальдан 

шығысымен қайта майданға 

жіберуді өтініп отырған. Бірде 

командирлердің бірі одан: «Сен 

сәті түсіп тұрғанда, елге аман- 

есен оралудың орнына оттың 

ішіне сұрана беретінің қалай?» 

деп сұрапты. «Мен сонда оның 

бетіне тура қарап тұрып, «Жол-

дас командир, Сіз маған қандай 

сұрақ қойып тұрғаныңызды өзіңіз 

түсінесіз бе? Сіз қол-аяғы балға-

дай маған «ауылыңа қайт, барып 

пішеніңді шап» деп тұрсыз ба? 

«Фашистерді өзінің шыққан ініне 

тығып талқандаймыз» деген 

Басқолбасшы Сталиннің нұсқа-

уынан бас тарту керек» деп тұр-

сыз ба?» дегенімде әлгі коман-

дир тұрған жерінде «өй, енеңді 

ұрайын, сен не айтып кеттің?» 

деп көзі бақырайып, денесі қал-

тырап кетті» деген естелігін күле 

отырып әңгімелейтін. Шынында 

да, ауыр жарақат алғаннан кейін  

оған елге қайтуға да болатын 

еді.Бірақ, Жақсымбек олай жаса-

мады. «Отан үшін қасық қаным 

қалғанша соғысамын» деген ант 

қабылдағанын жадынан шығар-

мады. 


«Адам соғыста жүргенде 

өлімнен де қорықпайтын болып 

кетеді екен. Әрине, алғаш 

ұрысқа түскенде қорыққанымыз 

рас, дегенмен, бірте-бірте кісінің 

денесі үйреніп кететін көрінеді. 

Және арқамызда қалың халық, 

ұлы Отан бізден Жеңісті қалай-

тынын, зұлым жауды өз ұясында 

талқандауды талап етіп оты-

рғанын түсіндік. Бәлкім, халық 

алдындағы перзенттік парыз, 

Отан алдындағы азаматтық 

борыш  бізді жаумен ақырына 

дейін шайқасуға шақырып тұрды 

ма екен? Әйтеуір, госпитальға 

түсе қалғанда, қашан жазылып 

шығар екенмін, қайтадан жа-

уынгер жолдастардың арасына 

қашан қосылар екенмін?» деп 

ойлайтынмын» дейтін Жақаңның 

сөзінен оның шынайы жүрегі, 

адалдығы аңғарылып тұратын.

Жақсымбек өзінің майдан-

дағы жорық жолдары туралы 

талай-талай естеліктер айтатын. 

Нақтырақ айтқанда, оны біз 

сұрайтынбыз. Өйткені, даңқты 

батырдың ерлік істерін естіген 

үстіне естігіміз келе беретін. 

Бірде ол  мынадай да қызыққа 

тап болыпты. 

Ол соғыстың ақырғы кезеңін-

де  барлаушылар отрядында 

болған ғой. Ал, барлаушы-

лардың басты міндеті — жау 

тылына өтіп, «тіл» әкелу. «Тіл» 

дегеніміз — тірі фашисті қолға 

түсіру. 

Барлаушылар бірнеше фа-

шисті қолға түсіреді. Олардың 

арасында бірнеше офицерлер 

де бар екен. Солардың бірі 

екі сөзінің бірінде «бисмарк, 

бисмарк» деп қоймайтын 

көрінеді. Неміс елінде атақты 

Бисмарк деген канцлер болған 

екен ғой. Тарихқа үңілген 

кезде  мұны біз кейін білдік. 

Соғыста жүргенде оны Жақ-

сымбек те біледі деймісіз? 

Әлгінің «бисмарк» деп қақыл-

дай бергені Жақаңның ашуына 

тиеді. Орыстардың қазақтың ет 

тағамын өздерінше «бесбар-

мақ» деп атайтынын білетін ол 

«мына немістің құтыруын-ай.. 

бесбармағы несі?».  «Ауылыңа 

апарып бесбармақ асып бер деп 

отырғаннан сау ма өзі?».  Жақаң 

«солай ойладым» дейтін. Сосын 

«сендердің кесірлеріңнен төрт-

бес жылдан бері күндіз күлкі-

ден, түнде ұйқыдан айрылып 

жүрісіміз мынау, ал, сен болсаң 

— бесбармақ жегің келеді екен 

ғой, әкеңнің аузы» деп керзі 

етікпен теуіп кеп жібердім. Әлгі 

бейшара одан сайын «бисмарк, 

бисмарк» деп қайталауын 

қоймайды. Сол кезде барып 

«мұныкі неғылған «бисмарк?» 

деп неміс тілін білетін жігітті 

шақырып алып, жөнін білуді 

сұрадым.Сөйтсем, әлгі офицер 

канцлер Бисмарктің әулетінен 

шыққан екен. Өзінше атасын 

алға тартып, «мен — ақсүй-

екпін» деп, бізден ұрып-соқпау-

ды өтінгісі келген екен. Ақсүйек 

болса, қайтейін, әкесін көзіне 

көрістіріп, қолына кісен салып, 

штабқа алып бардық қой» деп 

күлетін еді.  

Ол соғыстан оралғасын 

бейбіт еңбектің белортасынан 

табылды.  Жезқазған тау-кен 

комбинатының тұрғын үй-ком-

муналды шаруашылығын біраз 

жыл абыроймен басқарды. Бір 

кезде өзі еңбек жолын бастаған 

мекеменің басшысы болды.

Мұндай жағдай өмірде сирек 

кездеседі. Жақаң кейін бірне-

ше жылдар бойы Жезқазған 

поселкелік Кеңесінің төрағасы 

болып, ел басқарды. Қазіргі-

дей емес Жезқазған поселкесі 

ол уақытта қайнаған өмірдің 

ортасы болатын. Жезқазған, 

Сәтбаев қалалары осы посел-

кеден бөлініп шығып, кейінірек 

бой көтерді. Поселкенің бүкіл 

тыныс-тіршілігін қалыпты ұстау 

көп күш-жігерді талап ететін. 

Көп мәселенің дер мерзімінде 

шешімін тауып отыруы оның 

халық арасындағы зор бедел, 

абыройына тікелей байланы-

сты еді. Оның майдандағы жа-

саған ерліктері бейбіт өмірдің 

күрмеулі тұстарын тездетіп 

шешуге оң әсерін тигізіп жата-

тыны сезілмей де қалмайтын.

Өйткені, түрлі мекемелердің 

басшылары «батырекең айтса 

неге орындамасқа, батырекең 

сұраса неге бермеске?» деп 

отыратынын көзіміз сан рет 

көрді, талай рет куә да болдық. 

Ол сұраса жеке өзіне қажетті 

ештеңе де сұрамайтын, бәрі де 

поселкенің тіршілігіне қатысты

адамдардың мұң-мұқтажын 

жеңілдетуге бағытталатын. 

Осыдан бірер жыл бұрын 

Сәтбаев қалалық «Шарайна» 

газетінде қазіргі Сәтбаев қала-

сының тарихына қатысты бір 

құжат жарық көрді. Бұл —  сол 

кездегі Никольск жұмысшылар 

поселкесінің келешегі туралы 

мәселе қараған Жезқазған 

поселкелік Кеңес сессиясы-

ның қаулысы екен. Мұнда 

жұмысшылар поселкесінің 

келешегі — кемел, болашағы 

— бедерлі екендігі көрсетілген.  

«Бұл поселкеде келешекте 70 

мыңға жуық халық тұратын 

болады» деген тоқтамға келіпті 

сессияға қатысушылар. Халық 

саны соншалықты өсуі мүмкін 

поселкеде қандай әлеуметтік, 

мәдени объектілер, қаншама 

тұрғын үй салыну керек» деген 

мәселелер қарастырылып, 

оған кететін шығын, қаржылан-

дыру көздері анықталған сол 

құжатта Жақсымбек Үншіба-

евтың қолы тұр. Елдің ертеңін 

ойлаған мәселені күн тәртібі-

не қойған Жақаң екендігіне 

менің еш күмәнім жоқ. Демек, 

Жақаңдар сонау 50-жыл-

дардың ортасында-ақ қазіргі 

Сәтбаев қаласының негізін 

нығайта бастаған тәрізді. Сөйт-

кен  Жақаңның атына Сәтбаев 

қаласынан дені дұрыс көше 

бұйырмағаны өкінішті-ақ. Көше 

жоқ емес бар. Бірақ, бұл көше 

ортамыздан шыққан жалғыз 

даңқты батырымыздың атағы-

на тіпті де сай келмейді. 

Сәтбаев қаласында әкім 

болып жүрген кезінде Қанат 

Сұлтанұлы Балмағамбетов 

ініміз Жақаңның ерлігін жас 

ұрпақ санасына сіңіруге, оның 

ерлік жолдарын насихаттауға 

жақсы көңіл бөліп отыратын.  

Ол Жақаңның  дүниеден 

өткеніне бірнеше жыл өтсе 

де, бейітінің басына қойылмай 

жүрген ескерткіш белгі мен 

көптеген жылдар еңбек еткен 

мекеменің ғимаратына ескерт-

кіш тақта орнатты. Меніңше, ол 

кісінің рухы алдындағы бүгінгі 

ұрпақтың қарызы әлі  өтеліп 

болған жоқ.Сәтбаев қаласын-

дағы бір мектепті Жақсымбек 

Үншібаев есімімен атаса 

артықтығы бола ма екен? Бұл 

мәселе маған  алдағы Ұлы 

Жеңістің 70 жылдығы қар-

саңында өзінен-өзі сұранып 

тұрғандай-ақ сезіледі. Бәлкім, 

ел басқарған азаматтар осы 

жағын ойластырып, орайын да 

келтіріп жіберетін шығар.Соған 

үміттенемін. 

Тәуелсіздікті нығайту тура-

лы көп айтамыз. Бұл өздігі-

нен бола қалмайды. Біз жас 

ұрпақты қаншалықты отансүй-

гіштікке ,өз елінің патриоты 

болуға тәрбиелей аламыз, 

Тәуелсіздігіміз де соншалықты 

нығая түспек. Өйткені, рухы 

мықты елдің ертеңі де жарқын 

болмақ. Тарих сабағы бізді 

осыған үндейді. Бұл орайда, 

Жақсымбек Үншібаев сынды 

ардагеріміздің ерлік, еңбек 

жолдары тамаша  өмірлік өне-

ге екені даусыз. 



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 7.73 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет