№39 (1347) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет



жүктеу 7.73 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі7.73 Mb.
  1   2   3   4

№39 (1347)

1988 жылғы 30 шілдеден шығады



АЙМАҚТЫҚ 

АПТАЛЫҚ  ГАЗЕТ

26 қыркүйек

ЖҰМА, 

2014 Жыл


Биыл  Сәтбаев  қаласында  алғаш  рет 

қала  әкімі  Әнуар  Серікбайұлы  Омардың 

бастамасымен    «Мәңгілік  ел  –  Мәңгілік 

тіл»  атты  байқау  жарияланды.  Мақсат  — 

мемлекеттік  тілді  дамытуға  айрықша  үлес 

қосқан  тұлғаларды  қолдау  болатын.  Өткен 

жұмада  осы  байқаудың  қорытындысы 

шығарылып,  қала  әкімінің  сыйақысы 

салтанатты жағдайда табысталды. 

«Тіл  майталманы»  номинациясының 

бас  жүлдесі    кенші  ақын  Мұса    Тілеуовке 

бұйырса,  «Үздік  этно-мәдени  орталық» 

атауын 

«Дослык» 



татар-башқұрт 

орталығы  жеңіп  алды.  Ал,  С.Сейфуллин 

гимназиясындағы орыс сыныбына қазақ тілі 

пәнінен сабақ беретін Ақмарал Мейірманова 

«Үздік  қазақ  тілі  мұғалімі»,  «Қазақмыс» 

корпорациясының 

Технологиялық 

колледжінің      ұстазы  Светлана  Адамчук 

ұлты қазақ емес  ұлттар  өкілдері арасында 

ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – менің 

тілім» номинациясының жеңімпазы атанды.  

Барлық  жүлдегерлерге  100  мың  теңге  

сыйлық  пен  арнайы  сертификаттар  табыс 

етілді. Сәтбаев қалалық «Шарайна» газетінің 

тілшісі  Бағдат  Қазкенов  пен  С.Сейфуллин 

атындағы  гимназияның  мұғалімі  Қарлығаш 

Сағиеваға  мемлекеттік  тіл  төңірегіндегі 

толғамды ой-пікір қозғаған мақалалары үшін 

қала  әкімінің    100  мың  теңге  көлеміндегі 

арнайы  сыйлықтары  берілді.  Номинация 

үміткерлеріне  қала әкімдігінің атынан алғыс 

хаттар  және  сый-сияпаттар  табысталды. 

Тіл мәртебесін асқақтатқан  кештің шырайы 

ән-жырмен  жалғасты. Қалалық «Кеншілер 

сазы»  оркестрі,  республикалық,  халықа-

ралық    ән    байқауларының  жүлдегерлері, 

аймақтық ұлттық өнер орталығының, мәде-

ни-сауық орталығының өнерлі өрендері кеш 

барысында  ән айтып, әр халықтың билерін 

биледі.  Республикалық  «Абай  оқулары  - 

2013»  байқауының  жүлдегері    Светлана  

Гамаюнова қазақ тілі турасындағы өз ойын 

ортаға салып, өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік 

тілді үйренуге шақырды.



Айым БЕКТАС.

Осыдан  ширек  ғасыр  бұрын  қазақ  тілі  мемлекеттік  мәртебе 

иеленді.  Сондағы  бөркімізді  аспанға  атып  қуанғанымызды  қалай 

ұмытайық?! Мұнымыз бекер емес еді. Өйткені, содан бергі уақытта 

қазақ тілінің жағдайы түбегейлі өзгерді. Оңынан. 

«

Мысты  өңірдің»  өт-

кен 

шығарылымындағы 

«Орынбай  Исаев.  Ол  кім?» 

деген  шағын  мақаланы 

оқығанда  көңіліміз  көркей-

іп  сала  берді.  Өйткені,  ол 

біздің әкеміз болатын.

МЕДАЛЬ 


ТУРАЛЫ

БІЛМЕУШІ 

ЕДІК...

Біз ол кісінің соғыста қаза тап- 



қанын,  топырағы    Чехослова-

кия жерінен бұйырғанын білетін  

едік. Үлкендеріміз  «қара қағаз-

да»  солай  жазылған»  дейтін. 

Иса атамыз «Орынбай соғыста 

Отан  қорғау  жолында  шей-

іт  болды»  деп  айтып  отыра-

тын.  Бірақ, «Мысты өңір» бізге 

Орынбай  әкеміздің  майданда 

ерлік көрсетіп, сол  үшін «Ерлі-

гі  үшін»  медаліне  ұсынылғаны 

туралы  нақты  құжаттарды  жет-

кізіп отыр. Осындай тың хабары 

үшін «Мысты өңір» газетінің ре-

дакциясы мен Сәтбаев қалалық 

архивінің ұжымына айтар алғы-

сымыз шексіз.

Еңбектеріңіз  Алладан  қайт-

сын!

Жалпы  «Мысты  өңір»  га-



зетінің  кешегі  қанды  соғыста 

қаза  тапқан  немесе  хабар- 

ошарсыз  кеткен  боздақтар 

жөнінде бұрын беймәлім болып 

келген  деректерді,  мәлімет-

терді  іздестіру  мақсатында 

«Ұлы  Жеңіске  —  70  жыл:  БО-

ЗДАҚТАРДАН  БІР  БЕЛГІ»  атты 

акция  жариялағаны  өте  құп-

тарлық  жәйт  екенін  айтқымыз 

келеді.  Шынында  да,  қаншама 

азаматтар  туралы  тым  болма-

са  бір  дерек  білгісі  келіп  жүр-

ген  жандар  жетерлік  емес  пе?  

Құлағы  қылтиған  мүмкіндікті 

қалт  жібермей,  халықтық  істі 

қолға  алған  газет  редакциясы  

қандай мақтау, мадаққа да, бар-

лық шынайы сүйіспеншілікке де 

лайық.  Біздің  ойымыз  —  осын-

дай.

Қымбатты  «Мысты  өңір»  га-



зетінің ұжымы! Сіздерге тағы да 

шексіз  ризашылығымызды  біл-

діреміз.  Еңбектеріңізге  табыс 

тілейміз!  Ізденістеріңіз  ілкімді 

болсын! 

Исаевтар әулеті.

NFC — Ақтоғай КБК құрылы-

сына тартылған жалғыз шетел-

дік мердігер ұйым. 

Фабрика құрылысы — 

Ақтоғай жобасының капиталды 

шығындар құрылымындағы 

ең ірі баптардың бірі. Жоба 

бойынша капиталды шығындар-

дың жалпы көлемі шамамен 2,3 

млрд. АҚШ долларын құрайды.

Құрылыс жүргізу жұмыстары-

ның негізгі көлемін, соның ішінде 

тотыққан кен өңдеу кешенінің 

құрылысын, электр қуатын тарату 

желілерін тарту, теміржол табанын 

төсеу және қызмет көрсету, жер 

қазу, бетон құю және тағы басқа 

жұмыстарды қазақстандық компа-

ниялар атқаруда. Жоба бойынша 

жұмыс істеп жатқан қазақстандық 

компаниялардың қызметкер-

лерінің жалпы саны, жақын елді 

мекендердің тұрғындарын қоса 

алғанда мың адамнан асады.

«Non Ferrous China компа-

ниясының кең ауқымды жоба-

ларды жүзеге асыруда, соның 

ішінде Қазақстанда құрылыс 

жүргізуде тәжірибесі мол. 

Біз ынтымақтастық аясының 

кеңейетініне қуаныштымыз, 

ол бізге Ақтоғайдағы тотыққан 

кеннен алғашқы мыс өндіру 

ісін мерзімінде, яғни 2017 

жылы жүзеге асыруға мүм-

кіндік береді» деп мәлімдеді 

«Қазақмыс» Тобының  

Бас басқарушы директоры 

Олег Новачук.



Әбді РАШ.

Non  Ferrous  China  (NFC)  компаниясы  Шығыс  Қазақстан  облысындағы  Ақтоғай 

мыс кені орнында тотыққан шикізат өңдейтін байыту фабрикасының құрылысын 

жүргізетін мердігер болып тағайындалды. Бұл туралы «Қазақмыс» тобының бас-

пасөз қызметі  хабарлады. 

ЖАЗЫЛҒАН 

ЖАЙДЫҢ 

ЖАҢҒЫРЫҒЫ



2

МЕРЕЙ


                                                                                                                                                                                                                                          26 ҚЫРКҮЙЕК  2014 жыл.

Халықтар достығы мен 

мәдениеті үйіндегі мерейтойға 

арналған салтанатты жиналы-

ста мемлекеттік мекемелер мен 

қоғамдық ұйымдар өкілдерімен 

қатар қаланың өсіп-өркендеуіне 

лайықты үлестерін қосқан арда-

герлер, сондай-ақ жер-жерден 

шақырылған құрметті қонақтар 

болды. Жезқазғанның өсіп-өр-

кендеуі туралы бейнефильм 

көрсетілді. Мерейтой шаралары-

на қатысуға арнайы келген облыс 

әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков 

жұртшылықты мысты шаһар-

дың 60 жылдық мерейтойымен 

құттықтады.

 — Жезқазған —  Қазақстан 

өндірісінің қарашаңырағы, облы-

сымыздың ажырамас бөлігі, тұтас 

ел экономикасының тетігі. Ел-

басымыз Нұрсұлтан  Назарбаев 

атап айтқандай, дамудың даңғыл 

жолына түскен  Жезқазған — 

келешегі  кемел өңір,-деді аймақ 

басшысы құттықтау сөзінде.

Алпыс жылдық өсу жолында 

қаланың жаңа дәуірі басталды. 

Ел Тәуелсіздігімен бірге сәні 

мен сәулеті келіскен Жезқазған 

заманауи жетістіктері бар шы-

райлы шаһарға айналды. Бұл 

—  өңірдегі металлургтердің, 

кеншілердің, байытушылар-

дың, құрылысшылардың және 

аға буын өкілдерінің, мыңдаған 

жезқазғандықтардың қажырлы 

еңбегінің жемісі екенін атап өткен 

облыс басшысы Н. Әбдібеков бір 

топ адамға  Құрмет грамоталары 

мен Алғыс хаттарын тапсырды. 

Құттықтау тілектерін одан әрі 

жалғастырған «Қазақмыс» корпо-

рациясы» ЖШС басқармасының 

төрағасы Эдуард Огай және бас 

директоры Бақтияр Қрықпышев 

корпорацияның өмірге келу жолы 

қала тарихымен тығыз байла-

нысты екенін алға тарта сөйлеп, 

өңірдің болашақтағы даму көкжи-

ектеріне де тоқталып өтті. Жылы-

на 20 млн. доллар қаржы бөліп 

Жезқазған аймағының кен көздері 

барлануда. Жыланды кен орын-

дарын қоса есептегенде өңірде 

барлығы 410 млн. тонна кен қоры 

бар деп жобалануда. Жезқазған 

кенті мен оның маңындағы елді 

мекендерді көшіріп, тұрғындарды 

қоныстандыруға мемлекеттік 

бюджеттен және корпорация 

қорынан 400 млн. доллар қаржы 

қаралуда. Байыту фабрикасы 

қайта жаңғыртылып, мыс зауыты 

жаңа технологияға көшкеннен 

соң өндірістік қалдықтар да өңде-

летін болады. Осы шаралардың 

нәтижесінде өңірдегі кеніштер 

2054 жылға дейін алаңсыз жұмыс 

істейтінін нақты диаграммалық 

жоспарларымен дәлелдей көр-

сетіп, мерекемен шаттанған ел 

көңілін тағы бір қуантып қойды. 

Осы мерейтой күндерінде тоқтап 

мен кәдесыйға ие болды.

Стадиондағы «Сүйікті қалам 

—  Жезқазған» атты театрланды-

рылған музыкалық-хореографи-

ялық композиция айтарлықтай 

айшықты болды. Әншілер мен 

өнер көрсеткен артистерді 

айтпағанда, композициялық 

көріністердің өзіне 1 мыңдай жас 

жеткіншек қатысып, атшапты-

рым стадион ішін түрлендіріп, 

гүлдендіріп жіберді. Кенді өңір 

тарихымен бірге өрілген театр-

ландырылған қойылымдар да 

әсерлі болды. Сонау Асанқай-

ғының өсиетті тәмсілі, Кеңгір, 

Жезді арқылы өтетін Ұлы Жібек 

жолының керуені, қазақ баты-

ры мен жоңғардың жекпе-жегі 

сияқты көріністер жалғаса келіп 

Жезқазған байлығының тайқа-

занының ортаға әкелінуіне, ат 

үстіндегі қыз бен жігіт айтысына, 

Жезқазған —  Бейнеу жолымен 

жүйткіген отарбаны бейнеле-

уге ұласуы тамашалаушылар 

көңіліне мағыналы ой ұялатты. 

Жезқазған —  достықтың, жастық 

пен спорттың қаласы екені де 

жарастықты паш етілді. 

Алаш алаңында тігілген 

ақшаңқан киіз үйлер қалашығы 

да мерекелік шаралар думанына 

толы болды. Жас өскіндердің 

сурет салу сайысы, бауырсақ 

пісіру бәсекесі, спорт жарысы 

ұлттық ойындарға ұласып жатты. 

Ал,«Ұлытау» спорт сарайында 

екі күнге созылған жастар мен 

жасөспірімдер арасында қазақ 

күресінен «Жас барыс» турнирі 

өткізілді. Облысымыздың барлық 

қалалары мен аудандарынан 

балғын балуандар қатысқан бұл 

жарыстың жеңімпаздары алдағы 

қараша айында Павлодарда 

өтетін Қазақстан жастарының 

турниріне жолдама алды. 

Үш күнге созылған дүбірлі той-

да халық ән мен күйге сусындап 

бақты. Мерейтой шымылдығы 

жабылар күнгі кеште болған 

мерекелік мегаконцертте Әли 

Оқапов, Қайрат  Нұртас, Дильназ 

Ахмадиева, Маржан Арапба-

ева, Қайрат Байекенов, Әсел 

Сәдуақасова және «Дискотека 

Авария» сияқты Қазақстан және 

Ресей эстрадасының жұлдызда-

ры өнер көрсетті. Түнгі аспан 

түнегін өткір жарқылымен өрне-

ктеген лазер-думан Жезқазғанда 

осы жолы бірінші рет көрсетілді. 

Қонақтар мен қала ардагерлеріне 

мерекелік төсбелгі, кәдесый және 

60 жылдыққа орай шығарылған 

«Жезқазған» кітабы сыйға тар-

тылды. Көңілдеріне келешекке 

деген сенім ұялатқан  Жезқазған 

жұртшылығы дүбірлі тойдың 

шуқты әсерінен көпке дейін ары-

ла алмасы анық.

Амандық РАХҰЛЫ.

                                                                                           



«Тойдың  болғанынан  боладысы  қызық»  демекші,  жыл  басынан  дабырала-

тып жүрген Жезқазған қаласының 60 жылдық мерейтойының басты шарала-

ры үш күн бойы өңірді дүбірге бөледі. Мысты қала  алпыс жылдық айшықты 

асуын атап өтті. Қаланың өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосып жүрген аза-

маттарға,  ардагерлерге,  бұрынғы  басшыларына,  шақырылған  қонақтарға 

құрмет  көрсетілді.  Қонақтарды  күту  мен  өнер  жұлдыздарын  шақыруға  қа-

тысты той шығындарының барлығын «Қазқмыс» корпорациясы көтергенін 

зор  ризашылықпен  айтуға  болады.  «Қазақмыс»  басшылары  Эдуард  Огай,  

Бақтияр Қрықпышев және «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас директоры Амангелді  

Миниғұлов мерекелік шаралардың белортасында болды. 

тұрған мыс зауытының пеші қайта 

жағылып, көкке таласқан мұр-

жасынан түтін шыға бастауы да 

жақсы істердің жалғасындай болып 

отыр. 


Парламент Мәжілісінің депута-

ты Арман Қожахметов те мерейлі 

сәтте жерлестерінің ортасынан 

табылып, құттықтау лебізінде ізгі 

тілегін білдірді. Жезқазған —  ға-

рыш айлағы деп те аталады. Олай 

болатын жөні де бар. Байқоңырдан 

ұшқан әуе кемелерінің қайтып 

оралғанда табан тірейтін жері 

де осы өңір. Соның айғағындай, 

ғарыш саласының Жезқазғандағы 

кәсіпорнының басшысы Сергей 

Семченко  салтанатты жиналыс 

үстінде ғарышты бағындыру 

бағдарламаларын жүзеге асыру 

ісіне көрсеткен көмектері үшін қала 

әкімі Б. Ахметовқа арнайы диплом 

тапсырды. Сонымен қатар, тағы бір 

елеулі жаңалықтың шетін жеткізді. 

Мерейтой құрметіне Жезқазған 

қаласының таңбасы ғарышкерлер-

мен бірге ғарыш көгіне аттанып, 

келесі жылғы 26 наурызда жерге 

қайтып оралмақшы. 

Жалпы, әнмен әспеттеп, бимен 

көмкерілген мерекелік шаралар үш 

күн бойы халықты думанға бөледі. 

Салтанатты кештер «Жезқазған 

—  ән мен жырдың мекені» атты 

республикалық конкурстан бастау 

алған еді. С. Қожамқұлов атын-

дағы қазақ музыкалық драма 

театрында өткен бұл байқауда 

Жезқазған туралы жаңа әндер 

сарапқа салынды. Барлығы 23 

үміткер мысты өңірді әнге арқау 

етсе, содан іріктеліп алынған 

14 ән сахнада орындалды. 

Ән байқауына Астанадан елге 

белгілі екі әнші-сазгер қатысқан 

екен. Олар —  Елена Әбдіха-

лықова мен Ахмедия Есмұқанов. 

Бірі жүректерінен шыққан 

«Жез даланы аңсау» әнін 

тамылжытса, екіншісі 

«Сағындырған Жезқазған-

ды» шырқады. Қазылар-

дың шешімімен Бас жүлде 

екіге бөлініп, 250 мың 

теңгеден осы екі өнер-

пазға ұсынылды. Бірінші 

орынды ақын Ғалым 

Жайлыбайдың Жезқазған 

туралы өлеңіне ән жазған 

жергілікті өнерпаз Еркін 

Жабагенов еншіледі. 

Оның жүлдесі —  200 

мың теңге. Ақын Кәкімбек 

Салықовтың «Жезқазған —  

ғашықтар қаласы» өлеңіне 

ән жазған жезқазғандық 

музыкант Айхан Мұсабеков пен 

«Жерұйығым —   Жезқазға-

ным» (сөзі А. Ибраеванікі) әнін 

ұсынған Қазима Шонова екінші 

орын алса, үшінші орын үш 

әнге берілді. Олар —  Ирина 

Пономарчук, Дмитрий Бологан 

және жаңаарқалық өнерпаз Жа-

лын Сыздықов. Сөзін Базарбай 

Әлеуханұлы жазған Саян Рай-

ымбековтің әні, Сара Смағұлдың 

өлеңіне ән жазған Құндыз Жанай 

және Марина Жуханованың әні 

«Үкілі үміт» арнайы сыйлығына ие 

болды. Белгілі өнер жанашыры, 

меценат Бекзат Алтынбеков әдет-

тегідей бұл жолы да жомарттықтан 

тартынбады. Әнші-өнерпаз Елена 

Әбдіхалықоваға  өз қалтасынан 

500 мың теңге сыйлық тапсырды.

Жыр додасы —  мүшәйра об-

лыстық деңгейде өткізілді. Отызға 

жуық шайырлар қатысқан екен. 

«Металлург» стадионындағы үлкен 

шара кезінде мүшәйраның қоры-

тындысы жария етілді. Қазақша 

өлең өз алдына, орысшасы бір 

бөлек сарапталыпты. Сонымен 

әрқайсысы 100 мың теңгелік үшінші 

орын жүлдесі Бағдат Мүбарак, Ті-

леген Әділов, Сейдахмет Мүсіркеп 

және Татьяна Назармчук, Валерий 

Шахиджанов сынды ақындарға 

бұйырды. Одан әрі 150 мың тең-

гелік екінші орын жүлдесі Кенжебай 

Ахметов пен Людмила Варламо-

ваға тапсырылса, 200 мың теңгелік 

бірінші орынды Ерсін Мұсабеков 

пен Наталья Попова еншіледі. Ал, 

мүшәйраның 400 мың теңгелік бас 

жүлдесі Ғазиз Ештанаевтың қан-

жығасына байланды. Мұхамедғали 

Сейтқазинов, Береке Көшенов, 

Файзулла Әжібеков, Дәуренбек 

Бұланбаев, Ақкүлше Ибраева, 

Ізтілеу Түсіпов, Александр Куроч-

кин, Михайл Крибоногов сынды 

үміткерлер де ынталандыру сый-

лықтарын иеленіп, 30 мың теңге 



Облыс  әкімі  Н.Әбдібеков  пен  «Қазақмыс»  корпорациясы,  ЖШС  басқармасының  төрағасы  

Э.Огай жас жезқазғандықтарды қала мерекесімен құттықтады.

Ат үстінде айтысты қыз бен жігіт.

Мерекенің  қадірлі меймандары.

3

ЕҢБЕК КҮНІ



                                                                                                                                                                                                                                      26 ҚЫРКҮЙЕК  2014 жыл

— Танысыңыз, бүкіл 

өндірістік бірлестік бойын-

ша «Үздік цех» атанып, зор 

құрметке бөленген ұжымның 

басшысы Мұрат Ерболатұлы 

Бөрібаев, — деп Зере Ғаб-

басқызы таныстырғанда жас 

жігітке аңтарыла қарап қалып-

пын таңданыстан. Иә, таңданы-

стан... «Жезқазғантүстіметке» 

қарасты не көп — цех көп. 

Және анау-мынау емес, көп 

цехтың ішінен оза шауып 

жеңімпаз атанған ұжымның 

басшысы мына тұрған жап-жас 

жігіт дегенге кім сенер! Сол 

таңданыстың әсерінен:

— Қарағым, жасың неше-

де? — деген сұрақ аузымнан 

шығып кеткені.

— Жасым жиырма үште, 

ағай, — деді күлімсіреген 

қалпы.


Алғашқы әсерден әлі ары-

лар емеспін. Жасы небәрі 23-

те. Жоғары оқу орнын енді-енді 

бітірер жас. Ал, мына жігіт цех 

басшысы болып үлгерген. 

Бұған қалай таңданбассың!

— Институт бітірдің бе? — 

деппін ой желісін үзбей. Бірақ 

жауап беруін күтпестен:

— Тым жас екенсің... — 

деппін тағы да.

— Өндірісте 18 жасым-

нан бастап жұмыс істедім. 

Басынан бастап айтсам, 2008 

жылы Ақмола облысының 

Державинск қаласындағы 

орта мектепті бітірдім де, сол 

жылы Қарағанды политех-

никалық институтына оқуға 

түстім. Таңдаған болашақ 

мамандығым кен байыту ісі 

болғандықтан екінші курсты 

бітірген соң Нұрқазған кен 

байыту фабрикасына флота-

тор болып жұмысқа тұрдым...

— Тұра тұр, Мұрат. Сенің 

ана тіліңде мүдірмей сөйлеп 

отырғаныңа, шынымды айт-

сам, тамсанып та таңданып 

отырмын. Өзің орысшасы ба-

сым Ақмола облысынан екенсің. 

Одан қалды өзіміз көріп жүрген-

дей, өндірісте жұмыс істейтін 

жастар орысша сөйлеуге бейім 

тұрады. Сенің қазақшаңа сүй-

сініп отырмын, — дедім және бір 

таңданысымды жасыра алмай.

— Анам Майгүл — қазақ тілі 

және әдебиеті пәнінің мұғалімі. 

Менің ана тілімде таза сөйлеуім 

сол кісінің тәрбиесі арқасында. 

Әкем Ерболат — заң қызметкері. 

Қазір ол кісілер сол Ақмола об-

лысындағы Қорғалжын ауданы-

ның орталығында тұрады. Мен 

үш баланың үлкенімін.

Мұрат ашық-жарқын әңгіме 

қозғап отырғанда маған теле-

фонмен «Ол мақтауға тұрар-

лық» деп қысқаша ғана астарлай 

айтылған сөз ойыма оралды. Ол 

туралы ашып айтпай, өз көзімен 

көрсін дегендерін енді 

ұғып отырмын. Сөз 

ретінде айта кетсек, 

жалпы кәсіпорындар-

дағы кәсіподақ ұйымы 

еңбек ұжымындағы 

жаңалықтың жаршысы 

ретінде бұқаралық 

ақпарат құралдары-

ның қызметкерлерімен 

тығыз байланыста 

болады. Журнали-

стерді өндіріске жиі 

шақырып, өз ұжымы-

ның тыныс-тіршілігін 

жазуға ұйытқы болар 

еді. Мына алғашқы 

тілдесуде-ақ өзіме 

айырықша әсер 

сыйлаған жігітпен 

жүздесуіме дәнекер 

болған кәсіподақ қыз-

меткерлеріне іштей риза болып, 

Мұрат туралы аса біле түссем 

деген құштарлықпен сұрақты 

бірінен соң бірін төпелеп қойып 

жатырмын.

— «Флотатор болып жұмысқа 

тұрдым» дейсің бе? Сонда сырт-

тай оқуға ауыстың ба?

— Жоқ, күндізгі бөлімде оқи 

жүріп жұмыс істедім. Маман-

дығыма деген қызығушылық 

сезімім мені ерте еңбекке 

араласуға жетеледі. Сондықтан 

флотаторлықты институтты 

бітірмей тұрып меңгеруді жөн 

көрдім.  Бірінші курсты жақсы 

бітіргенім себеп болған 

шығар, университет басшы-

лары оқу мен жұмысты қатар 

алып жүруіме рұқсат берді. 

Орайы келгенде айта кетсем, 

ҚарМТУ ректоры Арыстан 

Газалиевке, бірінші прорек-

тор Аристотель Исагуловқа, 

декан Ольга Шараяға, 

ұстаздарым Надежда Ома-

роваға, Бахыт Акимбекова-

ларға алғысым шексіз. Осы 

кісілерден алған білім мен 

тәрбие өмір жолында көмегін 

тигізуде. Бір жыл жеті ай өт-

кен соң мені флотаторлықтан 

ауысым шеберіне ауыстыр-

ды. Одан бір жарым жылдан 

кейін мені цех басшысы 

қызметіне тағайындады...

— Бұл кезде институты 

бітірген шығарсың?

— Иә, диплом алғанмын. 

Цех басшысы болып 2 жыл 

жұмыс істедім. Сосын мені 

Жезкент кен байыту фабрикасы-

на бас инженер етіп жіберді.

— Бас инженер? Онда жасың 

нешеде еді?

— Иә, 22 жасымда. Жезкент-

те 10 ай бас инженер болдым. 

«Қазақмыс» екіге бөлінген 

сәтте жоғарыдағы корпорация 

басшылары маған Жезқазған 

кен байыту фабрикасына ауы-

суыма ұсыныс жасады. «Аса 

ірі өндіріс ошағы, технологиясы 

Жезкенттен әлдеқайда көлемді 

Жезқазғанға барып, жастық 

күш-жігерің мен біліміңді таныт», 

— деді басшылар. Мен бірден 

келісім бердім. Өйткені, әкемнің 

ата қонысы Жезқазған өңірінде 

балалық шағым өтті, мүмкін сол 

да себеп болған шығар.

— Қандай қызмет ұсынды?

— «Цех басшысы болып 

барасың» деген. Келгеннен кейін 

барып білдім, «№ 2 бас корпу-

сы» цехы фабрикадағы ең үлкені 

екен. Тіпті, Жезкент байыту фа-

брикасының өзінен әлдеқайда 

қомақты болып шықты. Мәселен, 

Жезкентте бар-жоғы 300 адам 

еңбек етсе, тәулігіне өндіретін 

мыс кені — 4,5 мың тонна. Ал, 

бұл жерде 39 мың тонна мыс 

кені өндіріледі. Қаншама есе 

көп. Менің қарамағымда үш 

ауысыммен 353 адам жұмыс 

істейді. 150-ден астам қосалқы 

мамандық иелері бар.

— Үлкен еңбек ұжымына 

күнделікті бел ортасында жүріп 

басшылық жасау қиындыққа 

түскен жоқ па?

— Жалпы, өндіріс деген 

оңайға түсер іс емес. Кен 

байыту процесінің аса күрделі 

технологиясының кез келген 

тұсы маған жақсы таныс. Көзің 

қанық істің бабын келтіру 

аса қиындыққа түспесі анық. 

Боса-болмаса, флотаторлық 

әдіс — кен байытудың әлем 

мойындаған жүрегі. Яки, жүрек 

соғысында мүдіріс болмау ке-

рек. Өндіріс процесінде іркіліс 

болмауы — еңбек ұжымының 

қолында. Цех ұжымы аса 

мықты. Жұмысшылардың 15 

пайызы 25-35 жыл тәжірибесі 

барлар. Ұжымның тірегі — 

солар. Олар әрі тәжірибелі 

тәлімгерлер. Сонымен қатар өз 

ісіне өте мығым 30 шақты ин-

женер-техникалық қызметкерім 

бар. Цехтың бас инженерінен 

бастап аға технолог, аға ме-

ханик, аға энергетик,  ұсақтау 

бөлімінің бастығы, флотация 

бөлімінің бастығы және төрт 

бөлім басшысы — бәрі-бәрі 

жетік мамандар. Одан қалды 

бригадирлер мен ауысым 

шеберлері — менің оң қолым. 

Бір сөзбен айтқанда, осындай 

цех ұжымы тұрғанда тауды да 

қопаруға болады.

— Мұрат, сен басшы болып 

келгеннен соң цех үздік атанып 

жатыр екен...

— Бұл — ұжымдық табыс. 

Еңбек — барлық ұжым мүше-

лерінікі. Жаңа айттым ғой, бұл 

еңбек жеңісінде — әркімнің-ақ 

үлесі бар. Ал, бәрінің атын тізіп 

шығу мүмкін емес. Бірін айтып, 

бірін айтпай кету тіпті жөнсіз. 

Солай дей тұра, тек бірне-

ше адамның есімін атасам 

әріптестерім өкпелей қоймас. 

Мұнымды олар дұрыс бағалар 

деп ойлаймын. Олар — цехтың 

техникалық жетекшісі Нұрлан 

Қасымов, аға технолог Жанат 

Смағұлов, аға механик Нұрмұ-

ханбет Мұсылманбеков, аға 

энергетик Ернұр Алин, флота-

ция бөлімінің басшысы Қаныш 

Уахитов, ұнтақтау бөлімінің 

басшысы Төлеген Қорғанбеков 

және т.б. Бұл кісілердің еңбек 

үлесі ұзақты күн бойы жыр ғып 

айтуға әбден жетерлік.

атанған еңбек ұжымының басшысы 

Мұрат Бөрібаевпен сыр-сұхбат


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 7.73 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет