№35 (8001) 1930 жылғы 26 тамыздан шығады 2014 жылғы 28 тамыз, бейсенбі



жүктеу 224.5 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.06.2017
өлшемі224.5 Kb.

c

m

y



k

№35 (8001)

1930 жылғы 

26 тамыздан 

шығады

2014 жылғы 28 тамыз, бейсенбі

19  жыл  бұрын  1995  жылы 

республикалық 

референ-

думда  Қазақстанның  жаңа 

Конституциясы қабылданды, 

оған  сәйкес  ҚР  президенттік 

басқару  нысанындағы  мем-

лекет болып жарияланды, ал 

30 тамыз мемлекеттік мереке 

- Қазақстан Республикасының 

Конституциясы  күні  болып 

жарияланды.

 

Алғашқы  Қазақстан  Конституциясы 



1926 жылы 18  ақпанда КСРО құрылғаннан 

кейін 


ҚазАКСР 

Орталық 


Атқару 

Комитетінің  қауылысымен  түпкілікті 

редакцияда  қабылданды,  өйткені  бұл 

кезде  Қазақстан  РСФСР-дың  бір  бөлігі 

еді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан 

Кеңес одағы құрамындағы толық құқықты 

республика болып танылды. 

Бүкіл  қазақ  Кеңестерінің  Х  съезінде 

1937  жылғы  26  наурызда  қабылданған 

Қазақ  КСР  Конституциясы  11  тарау-

дан  және  125  баптан  тұрды.  Онда 

«КСРО  Конституциясының  14-бабының 

шегінен тыс Қазақ КСР-і өзінің егемендік 

құқықтарын  толық  сақтай  отырып, 

мемлекеттік  билікті  дербес  жүзеге  асы-

рады», - деп жазылған. 

ІХ  шақырылған  республика  Жоғарғы 

Кеңесінің  кезектен  тыс  VII  сессиясында 

1978  жылы  20  сәуірде  қабылданған 

Қазақ КСР Конституциясына сәйкес бүкіл 

өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек 

интеллигенциясы  таптарына  жататын 

халықтың  қолында  болды.  Өкімет  билігі 

мен  басқару  жүйесінің  үстінен  Қазақ 

КСР  Коммунистік  партиясы  бақылау 

орнатты.  Республиканың  экономикалық 

жүйесі 

мемлекеттік, 



кооперативтік-

колхоздық  және кәсіподақ және басқа да 

ұйымдардың меншігі деп жарияланды.

1990  жылдардың  басында  Қазақ 

КСР-інде,  одан  кейін  Қазақстанда  1978 

жылғы  Конституцияға  елеулі  өзгертулер 

енгізген  бірқатар  заңдар  қабылданды. 

«Мемлекеттік  өкімет  құрылымдарын 

жетілдіру  туралы»  1990  жылғы  20 

қарашадағы  Заңға  сәйкес  Президент 

атқарушы және өкім етуші билік басшысы 

болғаны туралы ереже енгізілді, Минис-

трлер  Кеңесі  Министрлер  Кабинетіне 

өзгертілді. 

Тәуелсіз  Қазақстанның  алғашқы  Кон-

ституциясы  1993  жылы  28  қаңтарда 

ХІІ  шақырылған  Қазақстан  Жоғарғы 

Кеңесінің  ІХ  сессиясында  қабылданды.

Ол  кіріспеден,  4  бөлімнен,  21  тараудан 

және  131  баптан  тұрады.  Конституция 

Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған 

сәттен  бергі  көптеген  құқықтық  норма-

ларды:  халықтық  егемендік,  мемлекет 

тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ 

тілін  мемлекеттік  деп  тану,  Президентті 

мемлекет басшысы деп тану, сот орган-

дары  -  Жоғарғы,  Конституциялық  және 

Жоғары  Арбитраждық  соттар  және 

басқаларды  қамтыды.  1993  жылғы  Кон-

ституция  негізіне  парламенттік  респу-

блика моделі алынды.  

Еліміздің  қазіргі  Конституциясы  1995 

жылы  30  тамызда  республикалық 

референдумда 

қабылданды. 

Бұл 


күн  мемлекеттік  мереке  -  Қазақстан 

Республикасының  Конституциясы  күні 

болып табылады. 1998 және 2007 жыл-

дары 


Конституцияға 

Президенттің 

өкілеттілігін  ұлғайту  жөнінде  елеулі 

өзгерістер енгізілді.



Қазақпарат

Тарих беттерінен

Баймұхамбет Оралов, 

Аудандық мәслихат хатшысы

-  Еліміздің  айтулы  мерекелерінің  бірі  -  Конституция 

күні  болып  белгіленген.  1995  жылдың  30  тамызы  біздің 

республикамыз  үшін  Ата  Заңның  жарыққа  шығуы  тәуелсіз 

Қазақстанның  жаңа  тарихында  елеулі  сәт  еді.  Конституция 

күні мемлекетіміздің басты мерекесі ретінде танылды. 

Конституция  демократиялық  мемлекет  құрудың  құқықтық 

базисіне  айналып,  өзінің  алдында  мемлекетке  әлеуметтік 

демократиялық  қайта  құрулардың  табысты  дамуына,  оның 

халықаралық  аренада  танылуына  негіз  болды.  Конституция 

мемлекетіміздің  тарихи  дамуының  негізі  ретінде  ғана  таны-

лып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады. 

  Ата  заң  қабылданғалы  бері  Қазақстан  халқы  ертеңгі 

күнге  сеніммен  қарайтын  жағдайға  жетті.  Ата  Заңымыз 

тәуелсіздігіміздің,  еліміздің  іргетасы  деуге  болады.  Бұл 

еңсесін  таяуда  тіктеп,  тәуелсіздік  қазығын  бертінде  қаққан 

ел үшін соншалықты көп уақыт емес. Бірақ Конституцияның 

қоғамдық  тіршілік  тынысын  реттеп,  өмір  қойған  сауалдарға 

лайықты жауап берген құжат болғаны тағы да анық.

Ата заң мемлекетіміздің

мәртебелі мерекесі 

Құрметті жерлестер!

Сіздерді халқымыздың ежелгі арманын баянды етіп, еркіндік, теңдік, 

бостандық жолын нұрландырып тұрған Конституция күні мерекесімен 

шын жүректен құттықтаймын! 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  жоғарғы  заңдық  күші 

бар,  саяси-мәдениетті  мінездеу  құжаты  болып  табылады.  Біздің 

мемлекеттің  негізгі  заңы  әр  адамның  денсаулығына,  халыққа,  қоғамға 

қызмет етуге бағытталған.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жол-

дауы мен даналық саясаты арқасында халықтың тұрмыстық жағдайы 

жақсарып,  әлеуметтік-экономикалық  және  қоғамдық-саяси  саласында 

жақсы өзгерістер болып жатыр.

Конституцияның маңызы баға жеткісіз. Ол  әлемдік қауымдастықта  

республикамыздың  лайықты  орын  алуын  қамтамасыз  етеді.  Еліміздің 

Конституциясына  19  жыл  толу,  бұл  барлық  қазақстандықтар  үшін 

ерекше күн. Сіздерді шын жүректен мереке күнімен құттықтай отырып, 

денсаулық, күш-береке, еңбекте табыс, отбасыға бақыт тілеймін!

Нұрлан Әутәліпов, аудан әкімі

30 тамыз -  Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясы күні

kli part.ru

hameleons.com



№35 (8001) 2014 жыл 28 тамыз

«ЗАМАН ТЫНЫСЫ»

2

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 

шын 

жүректен 



Конституция 

күнімен 


құттықтаймын.  Қоғамның  өркендеуіне  қарқын  қосып, 

Қазақстан  халқының  бірлігіне  жол  бастаған  Ата  заңда 

бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде 

өзінің  өміршеңдігін  дәлелдеді.  Қазақстан  халықаралық 

қоғамдастықта  лайықты  орын  алып,  биік  белеске 

көтерілді. 

Әрбір  қазақстандық  келешекке  керуен  тартқан 

мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның 

мемлекет  пен  қоғам  үшін  ғана  емес,  өзінің  жеке  басы 

мен  отбасы  үшін  де  маңыздылығын  терең  сезінеді.  Әр 

шаңыраққа  құт-береке,  ырыс  пен  ынтымақ  тілеймін.  Ел 

іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!



Гүлмира Нұрханова,

облыстық мәслихат депутаты

Павлодар ауданы ауылдық округтер және 

ауылдарының сайланған әкімдерін 

тіркеу туралы 

хАбАрлАМА

Қазақстан Республикасы Президентінің № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан 

Республикасының  аудандық  маңызы  бар  қалалары,  ауылдық  округтері,  ауылдық 

округтің  құрамына  кірмейтін  кенттері  мен  ауылдары  әкімдерін  қызметке  сайлау, 

өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 6-бөлімінің 59-тармағына 

сәйкес және Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 25 

тамыздағы шешімі негізінде Павлодар ауданы ауылдық округтер және ауылдарының 

тіркелген әкімі болып саналады: 

Ахтанов Рашид Адасбекұлы - 1965 жылы туған. Білімі жоғары. «Орманды және жа-

нуарлар әлемін қорғау жөніндегі Павлодарлық мекеме» ММ, Павлодар ауданы, Ямы-

шев орманшылығының қорықшысы. Павлодар ауданының Новоямышево ауылында 

тұрады. 2014 жылдың 25 тамызында тіркелді. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 



Тоқтасын Қожахметов, 

аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

Павлодар ауданының ауылдық округтің 

құрамына кірмейтін ауылдық округтер және ауыл 

әкімдерін сайлаудың қорытындылары туралы 

хАбАрлАМА

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  №  555  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан 

Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің 

құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату 

және қызметтен босату Қағидаларының 6-бөлімінің 59-тармағына сәйкес Павлодар аудандық 

аумақтық сайлау комиссиясы 2014 жылғы 21 тамызда өткен Павлодар ауданының ауылдық 

округ құрамына кірмейтін ауылдық округтер және ауыл әкімдерін сайлау қорытындылары 

туралы хабарлайды.

Аудан бойынша таңдаушылардың жалпы саны – 12, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 

– 11, яғни жалпы таңдаушылар санынан – 91,7 %.

Ауылдық округ әкімдігіне кандидаттың әрқайсысына берілген дауыс саны төмендегідей:

Ахтанов Рашид Адасбекұлы – 11 дауыс «Жақтаған» (100 %).

Түскеев Жанат Төлегенұлы – 0 дауыс «Жақтаған» (0,0 %).

  

Тоқтасын Қожахметов,



аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

Құрметті  жерлестер!

Баршаңызды  егемен  еліміздің  Ата  Заңы  –  Конституция  күні 

мерекесімен құттықтаймыз! Биыл еліміздің негізгі заңына 19 жыл 

толады.  Осы  жылдар  аралығында  тәуелсіз  Қазақстан  қарқынды 

даму жолына түсіп, мемлекетіміздің мәртебесі сан рет асқақтап, 

әлемдік қауымдастықта беделді орнын тапты. Бүгінде өркениетті 

дамудың  сара  жолын  айқындаған  елімізде  азаматтардың  

конституциялық құқықтары тиісті деңгейде қорғалуда.

  Біздің  Ата  заңымыз  -  өткен  ғасырлардың  даналығынан  сабақ 

алған,  қазіргі  заманның  ерекшеліктерін  екшеген,  әр  бабы  мен 

сөзі  байыпты  да  салмақты  байымдалған,  жалпы  адамзаттық  игі 

дәстүрлер  мен  құндылықтарды  сақтаған  басты  төлқұжатымыз. 

Құрметті  жерлестер!  Мерейлі  күні  баршаңызға  зор  денсаулық, 

бақыт пен табыс, әрбір шаңыраққа құт-береке тілейміз.



Аудандық мәслихат депутаттары

Білім

білім саласының жетістіктері мен олқылықтары 

Қ.  Әбусейітов  атындағы  жастар  үйінде  өткен 

ұстаздардың  дәстүрлі  тамыз  конференциясын-

да сөз болды. Аудан ұстаздары білім сапасының 

төмендігі үшін бұрыннан сын естіп келеді. Алайда, 

биылғы жылы білім саласының мамандары жұмыс 

жүйесін күрт өзгертіп, біртіндеп кемшін тұстарды 

түзеуде. бұл ҰбТ көрсеткіштерінен-ақ аңғарылып, 

аудан 7 баллға артық нәтиже көрсетті.

Б

ілім  бөлімінің  басшысы  Р.  Маняпова  өз  баяндамасында  білім 



жүйесінде ақсап тұрған салаларға да тоқталып өтті. Нақтырақ 

айтсақ, ауданда мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде 

мемлекеттік  тілді  топтар  өте  аз.  Бұл  балабақшамен  қамтылған 

балалардың 43 пайызын ғана құрап отыр. Сондай балабақшаның бірі 

Розовка сәбилер бақшасы. Мұнда қазақ тілінде тәрбие беру биылғы 

жылдан басталмақ. Бұл үшін 1 сәбилер тобы мемлекеттік тілге ауы-

стырылады, сол сияқты осы ауыл мектебінде биыл алғаш рет 1 сы-

нып оқушылары қазақ тілінде білім алатын болады. Мемлекеттік тілді 

меңгеру ісі кенжелеп қалған бұл мектепте әлі күнге дейін іс жүргізу 

тек ресми тілде іске асады. 



Жаңа оқу жылы 

есік қағып тұр

Ауданда ресурстық мектептер саны да келер 

жылы  ұлғаятын  болды.  Мичурин  және  Заря 

орта мектептері негізінде екі ресурстық база 

ашылады. Конференция барысында Заря және 

Мичурин  мектептеріндегі  шағын  орталықтар 

балабақшаға  ыңғайластырылатыны  да  сөз 

болды.  Мұндай  өзгеріс  бұл  ауылдардағы 

бүлдіршіндердің  мектепке  дейінгі  тәрбиемен 

қамтылуына  қосымша  орындар  ашылуына 

жол ашады. 

Ұстаздарды  тамыз  конференциясымен  құттықтауға  кел-

ген  аудан  әкімі  Нұрлан  Қабыкенұлы  ұстаздардың  жұмысы 

жүйелі жүргізілуі тиіс екенін баса айтты. Өйткені, мектептегі 

білім беру үрдісінің жүйесіз жүргізілуі балалардың бастауыш 

сыныптан  жоғары  сыныпқа  көшкенінде  сабақтағы  үлгерімі 

төмендеуіне  себеп  болып  отыр.  Сонымен  қатар,  аудан 

басшысы  мектептерге  қажетті  жас  мамандарды  оқу  жылы 

қарсаңында  емес,  кемінде  екі  жыл  бұрын  іздеу 

қажет екенін ескертті. «Оқушылардың білім алуын 

ойлайтын  мектеп  директоры  жоғары  оқу  орында-

рымен белсенді қарым-қатынаста жұмыс істер еді» 

- деді аудан әкімі. Бүгінгі күні ауданда математика, 

физика пәндерінің мұғалімдері тапшы. Зейнеткерлік 

демалысқа шығатын мұғалімдердің орнына жастар-

ды дайындауға ертерек кірісу қажет. 

Аудан  басшысы  сөз  соңында  білім  беру 

жүйесіндегі  үздіктерді  марапаттады.  Осылайша, 

білім  саласындағы  жетістіктері  үшін  Красноар-

мейка  орта  мектебінің  директоры  Т.  Байызбае-

ва  облыс  әкімінің  алғыс  хатымен  марапатталды. 

«Білім  берудегі  сапалы  қызмет  көрсету»  аталы-

мы  бойынша  Шақат  орта  мектебі,  «Жаңа  оқу  жы-

лына  үздік  дайындығы  үшін»  Мичурин,  Луганск 

орта  мектептері,  «Үздік  мектепке  дейінгі  меке-

ме»  аталымында  Розовка  балабақшасы,  «Үздік 

әдістемелік бірлестік» болып Розовка орта мектебі 

атанды.  Черноярка  және  Кеңес  орта  мектептері 

«Дене  шынықтыру  және  спортты  дамытқан»  мек-

теп  қатарынан  көрінді.  Тамыз  конференциясында 

көп  жылдар  бойы  жасөспірімдердің  ісін  бақылап 

жүрген  тәртіп  сақшылары  да  ұмыт  қалмады. 

«Үздік  жасөспірімдер  ісі  инспекторы»  аталымы  Д. 

Шүкеноваға бұйырды. Білім беру жүйесіне қолдау 

көрсетіп,  демеушілік  жасап  жүрген  кәсіпкерлер 

тарапынан  «Луганск»  ӨК  төрағасы  П.  Кузьменко, 

«Маяк»  ШҚ  басшысы  Е.  Супеков  марапатталды. 

Барлық марапатталушыларға аудан әкімінің серти-

фикаты табысталды. 

Дариға Абай,

Фото автордікі

Аудан әкімі Н. Әутәліпов Шақат орта мектебінің 

директоры А. Ысқақованы марапаттауда

Ауданға барлығы 31 жас маман келді

«біз бірінші сыныпқа дайынбыз!»

hameleons.com



№35 (8001) 2014 жыл 28 тамыз

3

«ЗАМАН ТЫНЫСЫ»

Аймарал Берік

Чернорецк орта мектебінің жас маманы:

- Еліміздің Ата заңы «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген 

Қазақстан халқы» деп басталатынын білесіздер. Конститу-

циямыз қабылданған күннен бастап, тағдыр тоғыстырған 

көпұлтты  халқымыздың  татулығы  мен  тұрақтылығына 

тұғыр  болып  келеді.  Біз  Ата  заңға  сүйене  отырып,  қазақ 

мемлекеттігінің іргесін бекіттік, дамудың даңғылына түстік. 

Азат  елдің  ар-намысындай  болған  Ата  заңымыз  қазақтың 

ұлан-байтақ даласының кеңдігін де, елінің ерлігі мен өрлігін 

де бойына сыйғызған. 

Халқымыздың  жүрегінен  шыққан,  заман  сынына  қапысыз 

төтеп  берген  мемлекетіміздің  темірқазығы.  Ата  заңымыз  қазақ 

мемлекетінің дамылсыз дамуына, үздіксіз өсуіне кепіл болған бар-

ша заңдарымыздың қайнар көзі. Осының нәтижесінде асқар асулар мен 

биік белестерді бағындырдық, еңселі елге айналдық. Кешегі тарихтан та-

мыр алған, ертеңгі тарихқа тұғыр болған Конституциямыз елімізді толағай 

табыстарға бөлей бермек. 

Ата Заң


 жайлы толғаныс

Мұрат Ахметов

Аудандық сот приставі

–  Конституция  еліміздің  негізгі  құжаты  бола  отырып, 

Қазақстанның демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және за-

йырлы ел ретіндегі негізгі жетістігі. Ұлттар арасындағы өзара 

түсіністік, достық пен мәдениеттің үйлесімділігі – мұның бәрі 

Ата  заңымыздың  жетістігі.  Конституция  –  мемлекетің,  оның 

ішінде  қоғамның  тынысын,  елдің  қатынасын  реттейді.  Мем-

лекет, қоғам әрдайым заңсыз болған емеес. Сондықтан адам 

үшін маңызды заңның бірі - Ата заңымыз Конституция. Көптеген 

елдер оқу орындарында Конституцияны басты пәнінің бірі етіп 

оқытады.  Заңды  сыйламайтын,  білмейтін  маман  ертең  еліне 

қызмет ете алмайды, пайда келтірмейді.



Олег Годун

Красноармейка 

аграрлы-

техникалық 

колледжінің  

студенті

-  1995  жылғы  Конституция  -  1993 

жылы  қабылданған  Негізгі  Заңның 

қисынды  жалғасы.  Мұнда  сол  Кон-

ституцияда 

орын 


алған 

жағымды 


сәттердің  бәрі  ескерілген.  Сондықтан  да, 

Конституцияның  басты  да  артықшылыққа  ие 

қағидаты  -  біздің  республикамыздың  ең  қымбат  қазынасы 

адам,  оның  өмірі,  бостандығы  және  осылардан  туындай-

тын  қол  сұғуға  болмайтын  құқықтары  деп  мойындалуы. 

Қазақстан  Республикасы  өз  іс-әрекетін  бірінші  кезекте 

азаматтардың және қоғамның мүддесіне бағыштайды, сондықтан 

да  біздің  мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  бастауы  халық  деп 

жарияланды.  Конституция  мерекесі  -  халық  еркінің  мерекесі. 

Қазақстанымызбен бірге Ата Заңымыз да мәңгілік жасай берсін!



Ерназ Жүнісов

Красноармейка аграрлы-техникалық 

колледжінің студенті  

– Мен Ата заңмен түйдей құрдаспын. Ел-

басы өз халқының мұратын, тыныштығын 

сақтауда жан салып жүргенде Қазақстан 

жастарының болашағы бар деп білемін. Біз 

жастар өз кезегімізде Ата заңды бұзбай, ата-

дан қалған мұрағатты ұстап, құндылықтарды 

бұзбай алға жүруге міндеттіміз.

Конституциямыз 

алдағы 

уақытта 


егемендігімізді, еліміздегі тұрақтылықты, татулықты, 

экономикамыздың  қарқынды  дамуын,  демократиялық 

принциптерді мызғымай қамтамасыз ететініне сенеміз.

Аудан әкімдігінің отырысында елді-мекендерді дамыту бағытымен қатар, 

пошта байланысы және жер учаскелерін берудегі өзгерістер мәселелері 

сөз болды.  

Әкімдік отырысынан

Е

стеріңізге  сала  кетсек, 



былтыр  17  елді-мекенді 

дамытуға  арналған  егжей-

тегжейлі  жоспарлау  жоспары 

жасалған  болатын.  Сонымен 

қатар  қазіргі  уақытта  тағы  да 

бес  ауылдың  жоспарын  жасау 

жұмыстары жүргізілуде. Олардың 

қатарында  Ольгинка,  Заңғар, 

Богдановка,  Қаракөл.  Ефре-

мовка  ауылдары  бар.  Аудандық 

құрылыс,  қала  құрылысы  және 

сәулет  бөлімінің  басшысы  А. 

Омаровтың 

айтуынша, 

бұл 

мақсатқа  9,6  млн.  теңге  жұмсау 



көзделіп  отыр.  Қаражат  бөлініп, 

бұл 


жұмыстарды 

бұйыртса, 

ағымдағы жылдың желтоқсанына 

дейін 


аяқтау 

жоспарлануда. 

Кемінде  500  адам  тұрғыны  бар 

елді-мекендердің барлығын атал-

мыш жоспармен қамту үшін тағы 

екі  ауыл  қамтылмақ.  Алдағы 

жылы Достық және Рождественка 

ауылдарының егжей-тегжейлі жо-

спары құрастырылатын болады. 

Бұл 


жоспарлардың 

жаса-


луы  арқылы  ауылдар  қазіргі 

заман  талабына  сай  болады 

деп  күтілуде.  Бұл  жоспарлар-

да  ауылдың  инфрақұрылымы, 

мәдени  ошақ,  медицина  қызметі 

және өзге де әлеуметтік маңызды 

нысандардың  орналасу  жоспары 

бекітіліп,  тұрғын-үйге  арналған 

жер  учаскелерінің  орналасқан 

орны 


көрсетіледі. 

Егжей-


тегжейлі  жоспарда  ауылдардағы 

инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымды  ,  оның  ішінде 

сумен  қамту,  электр  жүйесімен 

қамту,  көшелерді  жарықтандыру 

және  автокөлік  жолдарының  ор-

налысуы көрініс табады. 

Өткен  айда  құрылыс  бөлімі 

ауылдық 

округ 


әкімдерімен 

бірлесіп, жер учаскелерін бері және 

инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымды өткізу мәселесі 

бойынша кеңес өткізген болатын. 

Тұрғындардың  алаңдаушылығын 

туғызбау  үшін  тұрғын  үй  салуға 

берілген жер учаскелері құрылыс 

жұмыстары уақытында екі жылға 

дейінгі мерзімге беріледі. Тұрғын-

үй  қолданысқа  тапсырылған  кез-

де жер үнемі қолдануға беріледі. 

Тұрғын  үй  құрылысын,  әсіресе, 

ауыл  ішінде  жүргізуге  жіті  мән 

беру  керек  екені  баса  айтылды. 

Мөлтек  аудандардың  құрылысы 

үшін инфрақұрылым, оның ішінде 

электр желісі тартылмағандықтан, 

мүмкін  емес.  Сондықтан  да, 

құрылыс бөлімі алдағы жылдары 

мөлтекаудандардың  құрылысын 

жүргізу  үшін  электр  желілерінің 

жобалық-сметалық құжаттамасын 

дайындауды жоспарлап отыр. 

Ардақ  Қазбекұлының  айтуын-

ша,  Заря  мен  Мичурин  ауылда-

рында  тұрғын-үйге  арналған  жер 

учаскелерін беру оңай іс болмай-

тыны анық. Өйткені Заря ауылын-

да  2007  жылдан  бері  жүргізілген  

есеп  бойынша  647  адам  кезек-

те  тұр.  Алайда,  бүгінгі  күні  бұл 

адамдардың  барлығының  өтініші 

сақталмаған көрінеді. Сол себепті 

ауылда жаңа тізім құрылады. Ау-

ылды дамыту жоспары бойынша 

100  тұрғын  үйге  жер  учаскелері 

қарастырылған. Мичурин ауылдық 

округінде кезекте 400 адам тұрса, 

тұрғын  үйге  де  100  орын  ғана 

бөлінгендіктен, бәріне бірдей жер 

учаскесі берілмейді.  

Пошта  байланысы  жөнінде 

«Қазпошта» 

АҚ 

аудандық 



филиалының  басшысы  А.  Абито-

ва баяндады. Оның айтуынша ау-

данда 52 пошта қызметкері жұмыс 

істейді. Әкімшілік қызметкер саны 

15  адам,  өнідірістік  маман  37,  ал 

хаттар мен мерзімдік басылымдар-

ды  жеткізуші  пошташылар  саны 

15  екені    ойландырады.  Өйткені, 

нақты  тұрғындармен  жұмыс  жа-

саушы  маман  -  пошташылардың 

саны  өте  аз  болғаны,  жұмыс 

сапасына  да  әсер  етеді.  Бұл 

тұрғындардың наразылығын туды-

ратыны анық. Хаттар мен газеттер 

мерзімінде  жеткізілмегендіктен, 

тұрғындар көңілі алаң. Аудан бас-

шысы  Нұрлан  Қабыкенұлы  бұл 

мәселелерді  бақылауға    алуды 

тапсырып,  ауданда  пошташылар 

санын ұлғайтуды тапсырды.



Дариға Абай

Жаз - 2014

Ресми

«Лесная сказка» демалыс үйіне барып тынығу жыл 

бойы кітаптан бас алмаған оқушылардың арманы еді. 

Бұл демалысты Шақат балалар үйінің тәрбиешілерін 

шілде  айы  бойы  күтті.  Жазғы  демалыстарында  ба-

лалар  жаңа  достар  табумен  бірге,  ой-өрістерін  де 

кеңейтіп, спортпен, дене шынықтырумен айналысып, 

сергіп қайтты. 

Қарағайлы орманда 

демалып келді

Д

емалыс үйінің мамандары тәрбиеленушілердің бос уақытын көңілді 



ұйымдастыру міндетімен қатар, әр баланың шығармашылық әлеуетін 

дамытып, олардың бойындағы қабілеттерін жетілдіруге тырысты.  

«Лесная сказка» демалыс орталығына А. Оралова, А. Кашенов, Д. Каше-

нова есімді тәрбиеленушілер барып демалып қайтқан. Жазғы демалыстан 

кейінгі  әсерін  жеткізуге  асыққан  Д.  Кашенова:  «Демалыс  орны  табиғаты 

әсем жерде орналасқан. Айналаны қоршаған қайың мен қарағайлар. Де-

малысты  ұйымдастырушы  педагогтар  мен  тәрбиешілер  біздің  спортпен 

айналысуымызға барлық жағдай жасады», - десті. 



Зара Талғат 

Фото Шақат балалар үйі мұрағатынан 

Конституция күні

hameleons.com



№35 (8001) 2014 жыл 28 тамыз

4

«ЗАМАН ТЫНЫСЫ»

Экономикалық шолу

Суфия  Зиянқызы,  экономика  және  бюджеттік  жо-

спарлау  бөлімін  басқаруға  кіріскеніңізге  көп  уақыт 

бола қойған жоқ. Уақытыңызды бөліп, сұхбат беруге 

келіскеніңіз үшін рахмет! 

- Экономика мен бюджеттің байланысы неде?

-  Мен,  экономика  мен  бюджетті  айырылмас  дүние  деп 

түсінемін. Экономиканың түрлі салаларының өсуі, өндіріс 

өнімдері  көлемінің  өсуі  ол  бюджет  кірісінің  ұлғаюы  деп 

біліңіз.  Яғни  экономикалық  өсім  неғұрлым  жоғары  болса, 

бюджеттік толығу соғұрлым көп болады. Нақтырақ айтсақ, 

бюджет  мемлекет  тұрақтылығының  негізі.  Бюджет  бұл 

мемлекеттік  органдардың  функцияналдығы.  Қаржы  табу 

және жинаудың ең маңыздысы. 

Бюджеттегі  қаржының  тұрақтылығы  арқасында  ел 

экономикасының  бірқалыптылығын  байқай  аламыз. 

Қазына  бюджеті  экономикалық,  әлеуметтік  мәселелердің 

шешімі.  Сондай-ақ,  бюджеттің  арқасында  мемлекет  бір 

экономикалық және қаржылық саясат ұстай алады. 



- Бюджет неден  тұрақталады? Аудан бюджетінің 

кірісі  мен  республикадан,  облыстан  келген 

трансферттердің кірісі қандай?

- Бюджеттің кіріс бөлігі былайша: - салық түсімдерінен, 

ол  дегеніміз  ҚР  Салық  кодексімен  тұрақталады.  Ау-

дан  есебіне  517,7  млн.  теңге  салық  түсті.  Бұл  табыс  көзі 

ағымдағы жылдың басынан толығып келеді. 

Газетіміздің  кезекті  саны  аудан  экономикасымен  байланысты.  Аудан 

экономикасының  өсімі  қандай?  Республикадан,  облыстан  келген  трансферт-

тер қалай жұмсалады деген сауалдардың жауабын аудандық экономика және 

бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С. Әлеутдиновадан білдік. 

Алым  түсімдер  дегеніміз  -  мемлекеттік  мекемелер-

де  коммуналдық  меншікті  жалдап  алушылардан  түсетін 

қаржы,  қаржылық  тексерістен,  жергілікті  атқарушы  орган-

дардан  түсетін  салықтық  әкімшіліктік  айыппұлдар.  Атал-

мыш  алым  түсімдер  ауданға  ағымдағы  уақытта  8,8  млн. 

теңге табыс әкелді. 

Қаржыдан түсетін табыс қазіргі уақытта 16,5 млн. теңгені 

құрады. Мұнда жер учаскілерін сатудан келген табыс пен 

жер учаскілерін жалға беруден келген кірістер. 

Биылғы  жылы  республикадан,  облыстан  келген  транс-

ферттер  2293,1  млн.  теңгені  құрады.  Ауданнан  келген 

табыс  543  млн.  теңге.  Пайыздық  арақатынаста  салысты-

ратын болсақ, трансферттер 88,8 % болса, аудан табысы 

19,2 % құрады. 

- Аудан бюджеті қалай бөлінеді?

-  Бюджеттің  бөлінуі  дегеніміз  -  ол  мемлекетке  қажет 

тұстарды  басымдырақ  қою.  Ол  бюджеттік  мекемелердегі 

қызметкерлердің  айлық  ақысы,  әлеуметтік  деңгейі  төмен 

азаматтарға  көрсетілетін  айлық  жәрдемақы,  инженерлік-

коммуникациялық  инфрақұрылымдарды  ұстау  кіреді. 

Сондай-ақ,  аудан  мектеп,  Мәдениет  үйі  мекемелерінің 

күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді назардан шығармауы 

тиіс. Жыл сайын қолданыстағы нысандардың құрылысына, 

қайта құрылуына қаражат қаралатыны бар. 

Жауабым  түсінікті  болу  үшін  айта  кетейін.  Мәселен, 

өткен  жылы  ауданда  12  мәдени  мекеме,  6  балабақша,  3 

ауылдың  су  жабдықталу  жүйесі  қайта  құрылған  болатын. 

Мемлекеттік «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясын-

да  ауданның  барлық  ауылдық  округтерінде  көше  шамда-

ры  жаңартылды,  аудан  жолдарының  жөндеу  жұмыстары 

жүргізілуде.

-  Жұмыссыздықпен  күресте,  берекесіздікті  бол-



дырмауда экономиканың рөлі және әлеуметтік әлсіз 

тұстарға қандай көмек көрсетілуде?

-  Ел  экономикасының  өсуі  дегеніміз  -  ол  елдегі  әлсіз 

тұстардың  кемуі,  өзін-өзі  материалдық  қамту.  Әлеуметтік 

саясатта  басымдық  зейнеткер,  студент,  көп  балалы 

отбасыларға беріледі. Экономикалық өсімге септігін тигізген 

мемлекеттік  «Жұмыспен  қамтудың  жол  картасы  -  2020» 

бағдарламасы  шеңберінде  ауданда  жұмыссыздардың 

саны  азайды.  Осы  өсімнің  арқасында  ауданда  берекесіз 

отбасылардың  саны  кеми  түсті  деп  сенімдікпен  айта 

аламыз.  Аталмыш  бағдарлама  аясында  ауданда  ша-

руа  қожалық,  жеке  кәсіпкерліктер  бой  көтеріп,  өзін  және 

өзгелерді де жұмыспен қамтуда. Бір оқпен екі қоянды соғып 

алған азаматтар осылайша аудан экономикасының өсіміне 

үлес қосып жұмыссыздықты азайтуға себеп болуда. Шағын 

және орта бизнеспен айналысатын шаруа басшыларының 

өнімі 2008 жылмен салыстырғанда 183,6 % өсті. 

Мемлекеттік  бағдарламалар  көмегімен  ауданда  1870 

жұмыс  орны  ашылды.  Жұмыссыздық  деңгейі  0,5%-дан 

0,4%-ға  түсті.  Облыстағы  жұмыссыздар  саны  бүгін  4,8% 

көрсетуде.  Аудан  жұмыссыз  жүрген  азаматтардың  санын 

азайту  мақсатында  кәсіби  біліктілікті  арттыру  оқуларына 

жіберіп, айлық жәрдемақы төлеуде. 

Мүгедек,  Ұлы  Отан  соғысы  ардагерлеріне  аудан 

әлеуметтік  айлық  төлемақы  қарастырған.  Осыған  байла-

нысты ағымдағы жылы бюджеттен 47 млн. теңге бөлінген. 

-  Ауданда  қанша  мемлекеттік  қызметкер  жұмыс 

істеуде?

- Ауданда мемлекеттік қызметкерлердің саны санаулы  - 

162 бірлік. 

-  Шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  үшін  мемле-

кет қандай көмек көрсетеді?

- Мемлекет шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 

түрлі  көмек  көздерін  ұйымдастыруда  десем  дұрыс  бо-

лар.  Мәселен,  шағын  бизнес,  шаруа  қожалығымен  айна-

лысып  жүрген  жеке  кәсіпкерлерге  арнайы  жеңілдетілген 

салық  мөлшері  қарастырылған.  Сонымен  қатар,  мем-

лекет  «Үдемелі  индустриалдық-инновациялық  даму», 

«Жол картасы - 2020» бағдарламалары шеңберінде жеке 

кәсіпкерлерге  несиені  50%  төмендетілген  үстемемен 

береді. Шаруа басшыларының өнімі субсидияланады. Мы-

сал келтірсем «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» 

бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлер 3 млн. теңгеге 

дейін  мемлекеттен  6%  үстемемен  несие  алу  мүмкіндігі 

қарастырылған.  Тек  несие  алушы  өтеу  уақыты  біткенге 

дейін үй мүлкін кепілдікке қоюы тиіс. 

Сұхбатыңызға рахмет! 

Сұхбаттасқан Сәнім Ысқақова

Фото автордікі 

Өсім мен түсімді 

бақылау біздің жұмыс

Мемлекет 

бюджеті 

ағымдағы 

жылдың 

бірінші 

жартыжылдығында  100,2  %  немесе  363,3  млн.  теңгені  құрады. 

Республикалық бюджеттің 101,5% қаражаты толығымен игерілді. 

Аудандық  бюджет  толық  100%  орындалды.  Жергілікті  бюджет 

былтырғы жылмен салыстырғанда 111,7%-ға өскен. 

Салық түсімдері бюджетті толтыруда 

М

емлекеттік  бюджеттің  толығуы  үшін 



аудан  салықшылары  бірқатар  іс-

шараларды жүзеге асыруда. Биылғы 

жылы  бақылау  жүйелері  153  салықтық 

форманы  тіркеген,  оның  69-ы  хабарлама. 

Салық  төлеушілер  камералық  бақылау 

формаларының нәтижесі бойынша 30 048,1 

мың  теңге  жинаған,  бірден  төленген  төлем 

132,4 мың теңгені құрады. Жылдың басынан 

бастап  112  аудан  тұрғыны  өз  еркімен  157,3 

мың теңге ақыны төлеген болатын. Сондай-

ақ, жер салығын төлеуші 110 адамнан 173,2 

мың  теңге  салық  түсті.  1150  көлік  жүргізуші 

салықтан  қашпай  11658,4  мың  теңге  со-

маны  уақытымен  төлеген.  Көбінесе,  аудан 

тұрғындары  салықты  уақытында  төлейді. 

Төленбеген  салықтың  көлемі  401,9  мың 

теңгені құрады.

Салық  төлеудің  бірнеше  түрлері  бар: 

өсімпұлды  есептеу,  көлікке  арналған  салық 

есебі, жеке табыс салығы бойынша есеп-қисап, 

салық  төлеушілерін    іздестіру,  әлеуметтік 

жарнамалар  бойынша  және  зейнетақылық 

төлемдік құжаттар бойынша салық төлеулер 

басқа да салық төлеу жүйелері кіреді.

Мемлекеттік    салықты  төлеу  -  салық 

төлеушінің  заңды  міндеті.  Салықты  белгілей 

отырып мемлекет салық төлеуші тұлғалардың 

осы салықты төлеуін қадағалайды.  Салықты 

төлеу салық төлеушінің заңды міндеті болып 

табылады.  Яғни,  салық  төлеуші  өзінің  ақша 

төлеу  міндеттерін  орындамаған  жағдайда 

құқық бұзушы болып саналады. 

Т

өлеген Шаймарданов,

аудандық салық басқармасы басшысы

%

ru.wikipedia.org

ru.wikipedia.org

ru.wikipedia.org



№35 (8001) 2014 жыл 28 тамыз

5

«ЗАМАН ТЫНЫСЫ»

ауа райы болжамы

http://www.gismeteo.kz

бұлттылық

жауын-шашын

Күндіз 


0

С

Түнде 



0

С

желі, м/с



Сынап бағ. 

мм. қыс.


жайлылық 

0

С



ылғалдылығы %

Хабарландыру

«Заман тынысы» газетіне баланы 3 жасқа дейін күту демалысы уақытында түзетуші 

қажет. Түзетушінің жоғары филологиялық білімі болуы қажет. Жұмыс уақыты: аптасына 

екі рет - сейсенбі және сәрсенбі күндері. Толық ақпаратты 32-24-59 телефоны арқылы 

немесе газет редакциясынан білуге болады. Мекен-жайымыз: Павлодар қ-сы, Қайырбаев 

к-сі 32, 101 каб. Түйіндемені gazeta-pvl@ro.ru, zaman4444@mail.ru жіберу қажет.

«Луганск» ӨК жоғалған тоғыз асыл тұқымды құнажындар жөнінде шындыққа сәйкес 

келетін  ақпараты  бар  азаматтарға  сыйақы  беріледі  деп  жариялайды.  Құпиялық  және 

500 мың теңге көлеміндегі сыйақы кепілдендіріледі. Куәгерлерге 8 705 1483248, 8705 

6132781 телефондарына хабарласуға болады. 

Мерекелік аңдатпа

  Аудандағы  барлық  Мәдениет  үйлері  мен  клубтарда 

Қазақстан  Республикасының  Конституция  күніне  арналған  

мерекелік  іс-шаралар  өтеді,  концерттер  ұйымдастырылып, 

патриоттық тәрбие насихатталады. 

ЗАРЯ ауылы

«Ата Заң - елдігімнің еңсесі»  мерекелік 

концерт.  «Құқығымды  корғайтын  –  Ата 

заңым» - кітап көрмесі. Басталуы  29 та-

мыз сағ. 11.00 ауылдық клубта.

ЖЕРТҰМСЫҚ  ауылы

«Азат  елдің  ар-намысы-Ата  Заң»  - 

мерекелік концерт. Басталуы  29 тамыз 

сағ. 16.00-де ауылдық клубта.



БІРЛІК ауылы

«Ата Заң - елімнің ертеңі»- мерекелік 

концерт. Басталуы  29 тамыз сағ. 11.00-

де ауылдық клубта.



ЗАҢҒАР ауылы

«Ата  Заң  -  елімнің  еңсесі»  мерекелік 

концерт. Басталуы  30 тамыз сағ. 11.00-

де ауылдық клубта.



КОРЯКОВКА ауылы

«Туған  жер»  мерекелік  концерт.  Ба-

сталуы  29 тамыз сағ. 10.00-де ауылдық 

клубта.


ЕФРЕМОВКА ауылы

«Ата Заң - ел тірегі» мерекелік концерті. 

«Все о законах» кітап көрмесі. Басталуы 

30 тамыз сағ.11.00-де ауылдық клубта.



КРАСНОАРМЕЙКА ауылы

«Конституция  -  кемелдік  кепілі» 

мерекелік  концерт.  Басталуы  сағ.11.00-

де Мәдениет үйінде.



ҚАРАТОҒАЙ ауылы

«Елімнің  бақыты»  –  мерекелік  концерт. 

Басталуы  29 тамыз сағ. 11.00-де ауылдық 

клубта.


ӘЙТІМ ауылы

«Гүлдене  бер,  менің  Қазақстаным» 

мерекелік  концерт  Басталуы    29  тамызда 

сағ. 11.00-де ауылдық клубта.



РОЖДЕСТВЕНКА ауылы

«Конституция  –  главный  закон  страны» 

мерекелік концерт.  Басталуы  29 тамыз сағ. 

10.00-де ауылдық клубта.



РОЗОВКА ауылы

«Казахстан  –  крылья  страны»  мерекелік 

концерт Басталуы  30 тамызда сағ. 11.00-де 

ауылдық клубта.



МАКСИМОВКА ауылы

«День  Конституции»    мерекелік  концерт. 

Басталуы  29 тамыз сағ. 11.00-де ауылдық 

клубта.


ЧЕРНОРЕЦК ауылы

«30  тамыз  –Конституция  күні»  мерекелік 

концерт  Басталуы    30  тамыз  сағ.  11.00-де 

ауылдық клубта.



ПРЕСНОЕ ауылы

«Страна, 

объединившая 

народы» 


мерекелік концерті, «Закон, по которому мы 

все равны» - кітап көрмесі. Басталуы  29 та-

мыз сағ. 11.00-де ауылдық клубта.

ОЛЬГИНКА ауылы

««Закон обо мне,мне о законе» дөңгелек 

үстелі.  Басталуы    29  тамыз  сағ.  15.00-де 

«Моя  Родина  -  Республика  Казахстан» 

мерекелік  концерт.  Басталуы  30  тамызда 

сағ.11.00-де мектепте.



ШАҢДЫ ауылы

«Ата Заң – елімнін ертені» мерекелік кон-

церт. Басталуы  29 тамызда ауылдық клубта 

сағ. 11.00-де.



АҚҚҰДЫҚ ауылы

«Ата  Заң  -  елімнің  ертеңі»  мерекелік 

концерт.  Басталуы    29  тамыз  сағ.  12.00-де 

ауылдық клубта.



БОГДАНОВКА ауылы

«Ата  Заң  -  ардағым»  мерекелік  концерт. 

Басталуы  29 тамыз сағ. 10.00-де ауылдық 

клубта.


МИЧУРИН ауылы

«Ата  Заң  тұрақтылығы  –  Қазақстан 

тұрақтылығы» мерекелік концерті, «Айбының 

аса  берсін, Ата заң!» – кітап көрмесі. Баста-

луы  30 тамыз сағ. 11.00-де ауылдық клубта.

БЕРЕЗОВКА ауылы

«Ата  Заң  -  аялайды  біздерді»  мерекелік 

концерт “Азат елдің ата заңы”- кітап көрмесі

Басталуы 29 тамыз сағ. 10.00-де клубта.



ЖАҢАЯМЫШЕВ ауылы

«Ата  Заң  -  елімнің  ертеңі»  салтанатты 

мерекелік концерті. Басталуы 28 тамыз сағ. 

11.00-де Мәдениет үйінде.



ШАҚАТ ауылы

«Ата  Заң  –  асыл  арымыз,  бақыт 

таңымыз»    мерекелік  концерт,і.Баста-

луы    30  тамыз  сағ.  10.00-де  ауылдық 

клубта.

ТОЛЫБАЙ ауылы

«30  –  тамыз  Конституция  күні» 

мерекелік концерті. Басталуы  29 тамыз 

сағ. 11.00-де ауылдық клубта.



МАРАЛДЫ ауылы

«Менің 


Қазақстаным 

– 

менің 



болашағым»  мерекелік  концерті.  Ба-

сталуы  29 тамыз сағ. 11.00-де ауылдық 

клубта.

НАБЕРЕЖНОЕ ауылы

«Ата  Заң  -  елдің  тұғыры»  мерекелік 

концерті, «Ата заңым - айбыным» кітап 

көрмесі. Басталуы 30 тамызда Мәдениет 

үйінде сағ.11.00-де.

ЖАҢА-ҚАЛА ауылы

«Еліміздің  бойтұмары  –  Ата  заң» 

мерекелік  концерт  Басталуы  30  тамыз 

сағ.11.00-де ауылдық клубта.



ЖАҢАЧЕРНОЯРКА ауылы

«Моя  Родина  –  Республика  Казах-

стан»  мерекелік  концерті.  Басталуы  30 

тамызда Мәдениет үйінде сағ.11.00-де.



СЫЧЕВКА ауылы

««Менің  Қазақстаным  –  менің 

болашағым»  мерекелік  концерті.  Ба-

сталуы  29  тамызда  ауылдық  клубта 

сағ.10.00-де

Конституция Күніне орай еліміз бойынша

 3 Күн демалыс болады

Конституция күнін мерекелеуге байланысты қазақстандықтар үш күн демалады: 30 

тамыз – сенбі, 31 тамыз – жексенбі және 1 қыркүйек – дүйсенбі. 

Хабарламада  көрсетілгендей,  биыл  мереке  күні  сенбіге  сәйкес  келді,  сондықтан 

еліміздің  «Мерекелері  туралы»  Заңына  сәйкес,  демалыс  күні  1  қыркүйекке,  яғни, 

дүйсенбіге ауыстырылады. Естеріңізге сала кетейік, Конституция күні республикалық 

деңгейде аталып өтеді және демалыс күні болып саналады.

Дереккөз: BNews.kz.

«Нұр  Отан»  партиясының  аудандық  фи-

лиалында  жемқорлықпен  күрес  бойынша 

қоғамдық кеңес отырысында жер қатынастары 

жүйесінде  парақорлықпен  күрес  мәселесімен 

бірге «Жас Отан» Жастар қанатының мұрындық 

болуымен жемқорлықпен күрес шараларының 

өткізілуі әңгіме өзегіне айналды. 

Жемқорлық – індет, 

күресу - міндет

К

еңес  отырысында  аудандық  жер 



қатынастары  бөлімінің  басшысы  Х.Н. 

Смағұловтың айтуынша, биылғы жылы 

жер  қатынастары  бөлімі  қызметкерлерінің 

жемқорлық 

құқық 

бұзушылықтары 



тіркелмеген. Дегенмен, бұл сала қызметіне 

байланысты айтылатын сын да аз емес. Ау-

дан әкіміне түскен өтініштердің негізгі бөлігі 

осы  жер  мәселесіне  байланысты  екенін 

ескерсек,  аталмыш  бөлімнің  жұмысы  да 

ұшаң-теңіз  екені  анық.  Күнде  ағымдағы 

жұмыстармен  айналыса  жүріп,  мақсатына 

сай қолданылмай жатқан жерлерді де тар-

тып алу керек. Сол себепті, аудандық жер 

қатынастары бөліміне заңгер маман қажет. 

Әзірге  бұл  мәселе  шешімін  тапқан  жоқ. 

Кеңес мүшелері бұл түйіткілді ескере жүріп, 

шешілуіне атсалысатынын жеткізді. 

Жастардың  жемқорлықпен  күресуге  бет 

алғанын  «Жас  Отан»  Жастар  қанатының 

төрағасы  Ж.  Сарбасов  хабарлады.  «Жас 

отандықтардың» 

ұйымдастыруымен 

Красноармейка 

аграрлы-техникалық 

колледжінде  «Таза  сессия»  іс-шарасы 

өткізіледі.  Жастардың  дебат  ойында-

рында  жемқорлықпен  күрес  мәселесі  жиі 

талқыланады.  Кеңес  мүшелері  бұл  шара-

ларды  өткізу  барысында  қазақ  тілі  ресми 

тілдің  көлеңкесінде  қалмауы  керек  екенін 

ескертті.  Өйткені,  еліміздің  болашағы 

болған жастар кемел келешек қазақ тілінде 

дегенді бек түсінуі керек. 

Рабия Ералы 

nstarikov.ru



«Нұр Отан» Партиясының Павлодар аудандық филиалының Қоғамдық 

қабылдау бөлімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдау

 КЕСТЕСІ

Мекен-жайы: Толстой к-сі 22 үй, байланыс телефондары: 61-95-02, 61-91-09.

Жұмыс  пен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімі басшысының қабылдауы

Қабылдау күні, уақыты

Файзулин Болат Төкенұлы.

Әр айдын сәрсенбісі,

11-00-13-00.


8

«ЗАМАН ТЫНЫСЫ»

Меншік иесі (құрылтайшы): Павлодар ауданының әкімдігі 

“Павлодар ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі

Павлодар аудандық “Заман тынысы” газеті

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат 

министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 14.06.2011 жылы 

№11776-Г куәлігі берілген

Авторлардың пікірлері 

редакция ұстанған 

көзқарасқа сәйкес келмеуі 

де мүмкін. 

Жарнама мәтініне жарнама 

берушілер жауап береді.

Газет бейсенбі 

күндері шығады 

E-mail:

gazeta-pvl@ro.ru

Газет «Дом печати» ЖШС 

баспаханасында басылды 

Павлодар қаласы, Ленин көшесі

143. Көлемі 2 б.т. Индекс 66971

Таралымы: 1072

Тапсырыс №1855

 ДИРЕКТОР

(бас редактор)

 Р. Мұстафина

Шығарылым үшін 

жауапты Д. Абай

Мекен-жайы: 140000, 

Павлодар қаласы 

Қайырбаев көшесі, 32

Телефон:

32-24-59, 

32-49-23 (факс) 

№35 (8001) 2014 жыл 28 тамыз

жұлдызнама



massaget.kz

Газетімізде жарияланған сайысқа қатысушылар осы жазда үйренген пайдалы істері жөніндегі хаттар жолдауда. Осы аптада тағы 

бір қатысушы өзінің жазғы демалыста үйренген пайдалы істерімен таныстырды. Ата-анаға қолғабыс болуға жараған жеткіншектер 

тағы қандай іспен таңқалдыра алады екен? Газетке хаттарыңызды жолдауға асығыңыздар! Сайыс қорытындысы белгілі болатын күн 

жақындап келеді. 

Хат қоржынынан

Б

ос 



уақытта 

керемет 


нәрселерді үйренуге бола-

ды.  Оқып  жүргенде  мұның 

бәріне  қол  тимейді  екен.  Мен 

9  сыныпқа  өткен  соң,  әртүрлі 

салаттар 

жасадым. 

Жазда 

көбінесе  салаттар  тәбетті  ашып 



тұрады емес пе? Алғашқы қолға 

алған ісім салаттар болды. Дәмі 

тіл  үйіретін  салаттар  өзіме  де, 

басқаларға да қатты ұнады. 

Ал  екінші  әсерлі  болған  іс  – 

сурет  сызып,  домбыраны  жетік 

меңгеру  болды.  Көбінесе  мен 

гүлдердің  суретін  салғанды 

ұнатамын.  Ал  домбыраны  мен 

үйренгеніме  1  жыл  болды. 

Әлі  де  білмегенімді  үйреніп, 

шеберлігімді шыңдау үстіндемін. 

  Әрине,  осы  жазда  мен 

тек жұмыс істеген жоқпын. 

Қыдырып,  көңіл  көтердім. 

Сондай-ақ,  осы  жазда  су-

винерлер  мен  әр  елдің 

ақшаларынан  коллекция 

жинадым. 

Қыдырғанда 

сол  заттарды  көрдім  де, 

осы заттарды жинауға бел 

будым.  Болашақтағы  жо-

спарым  осы  топтамалар-

ды жинап, мұражайға қою. 

Осы 


жаздан 

алған 


әсерімді  мен  сөзбен  жеткізе 

алмаймын.  Себебі,  жаз  маған 

өшпестей  із  қалдырды!  Ал 

енді  мен  келер  оқу  жылына 

тыңғылықты  дайындалудамын. 

Өзімнің сүйікті пәнім ағылшын мен 



Набережное 

ауылдық 

кітапханасында 

оқырмандардың 

қызығушылығын  арттыру  үшін  Сайын  Мұратбековтың 

шығармашылығымен  танысу  шарасы  өте  қызықты  өтті. 

Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса та-

нымал  жобалардың  біріне  айналды.  Оқырман  қауым  жалпыға 

бірдей  оқуға  ұсынылған  туындыларды  қызыға  оқи  отырып, 

автордың  өмірбаянымен  және  шығармашылық  жолымен  таны-

сады. Сондықтан, олар ұйымдастыру комитетінің шешімін, яғни, 

бүкіл  ел  болып  оқып,  танып-біліп,  талқылайтын  кезекті  қазақ 

әдебиетінің шығармалық туындысын асыға күтеді.

«Маржан мұралары біз үшін 

баға жетпес байлық»

А

ғымдағы  жылы  Қазақстан  бой-



ынша  өткізілетін  «Бір  ел  –  бір 

кітап»  акциясы  аясында  белгілі 

қаламгер  Сайын  Мұратбековтың  «Жу-

сан  иісі»  атты  шығармасы  таңдалынып 

алынды.  Қазақтың  көрнекті  қаламгері 

Сайын  Мұратбековтың  шығармалары 

оқырмандарға  кеңінен  мәлім.  «Жусан 

иісі»  повесін  кезінде  оқырмандар  жылы 

қабылдап,  ыстық  ықыласын  білдірген. 

Қаламгер  әңгімелерінің  басты  тақырыбы 

мен көтерген өзекті мәселесі - ауыл өмірі 

мен  әлеуметтік  жағдайдың  өзара  бай-

ланысын  суреттеу  арқылы  кейіпкердің 

азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік 

позициясын,  рухани  тазалығын,  жан 

сұлулығын,  нәзік  құбылыстарын,  сан  қырлы 

қайшылықтарын, психологиялық этюдтермен 

өрнектеу. Осы мақсатта, ауыл адамдарының 

адалдығын,  аңқылдақ,  кіршіксіз  ақкөңіл 

мінездерін,  бауырмалдығын,  ішкі  ой-сезім 

иірімдерін,  мұңы  мен  мұратын  көркемдейді, 

күйкі тірлікті мінеп, оқырмандарына ой сала-

ды.

Сайын  Мұратбековтың  “Жусан  иісі” 



атты  повесінде  екінші  дүниежүзілік  соғыс 

жылдарындағы  кішкентай  бір  ауылдағы 

балалардың  бастан  кешкен  оқиғасы,  көрген 

ауыртпашылықтары,  қазақ  ауылының  ауыр 

жағдайы,  халықтың  басына  түскен  қайғы-

қасірет  суреттеледі.  Әңгімедегі  басты 

кейіпкер – Аян. Оған ақылдылық, ұқыптылық, 

мақсаткерлік 

тән. 

Аянның 


маңайындағы 

балаларға 

айтқан  ертегілері  адамға  ой 

саларлық  құндылығымен  ерек-

ше.    Тыңдаушыларын  ешқашан  да  бейжай 

қалдырмайды.

    Бұл әңгімені қазіргі жастар арасында на-

сихаттаудан ауыл кітапханалары да тысқары 

қалмасы  анық.  Ол  үшін  кітапханашылар 

алдымен  барлық  оқырмандарды  Сайын 

Мұратбековтың  осы  «Жусан  иісі»  атты 

шығармасын  оқуға  шақыру  керек.  Набе-

режное  кітапханасында  акцияға  арналған 

жоспар бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп, 

кітап  көрмесі,  библиографиялық  шолу 

өткізілді.  Оқырмандардың  назарына  Сай-

ын Мұратбековтың шығармалары мен өмірі 

туралы    кітаптарына  ай  сайын  ұсыныс  жа-

салды.  Кезекті  іс-шарадан  кейін  оқушылар 

көрініске  қатысты.  Кейіпкер  Аянның  ролін 

мектеп  оқушысы  Шыңғыс  Сүлейменов  ой-

нады.  Шыңғыс  Аян  сияқты    әңгімелерімен 

қызықтырып,  маңайына  балаларды  жи-

нады.  Балалар  Сайын  Мұратбековтың 

шығармаларын  бірыңғай  оқимыз  деп  уәде 

берді.


Раушан Жампейісова,

кітапханашы

ТоқТы

Бәрiнен  бұрын  сiздерде  аптаның  ба-

сталуы жақсы болады. Сiздi достарыңыз 

басқосуға  шақыруы  мүмкiн.  Ол  жер-

де  уақытыңызды  көңiлдi  әрi  қызықты 

өткiзесiз.  Жаңа  адамдармен  танысып, 

ортаңыз  кеңейедi.    Және  бұл  үйленуге 

жақсы уақыт болып табылады. 



Торпақ

Апта  басында  үй  шаруасын  рет-

ке 

келтiрiңiз, 



бұрыннан 

ысырып 


қойып 

жүрген 


жұмыстарыңызды 

жасаңыз.  Үй-iшi  жұмыстарының  тез 

және  ұйымшылдықпен  жасалғанына, 

заттардың  орнында  тұрғанына  өзiңiз 

таңқаласыз.    Бұл  –  денсаулығыңызды 

нығайтуға қолайлы уақыт. 



ЕгiздЕр

Апта  басында  бiрқатар  егiздер 

өздерiнiң 

шығармашылық 

мүмкiн-

дiктерiн  көрсете  бiледi.  Студенттер, 



бұрын  қиынға  соғып  жүрген  бiлiмдi  тез 

меңгерiп,  емтиханды  жақсы  тапсыра-

ды.  Жұлдыздар  сiзге  спорт  жарыста-

рына,  байқауларға  және  кез-келген 

викториналық  ойындарға  белсендi 

қатысуға кеңес бередi. 



Шаян

Аптаның  бiрiншi  жартысында  жанұяңыздың 

әрбiр мүшесiне, үй шаруасындағы мәселелерге  

көңiл  бөлгенiңiз  жөн.  Бұрыннан  атқарылмай, 

кейiнге  шегерiлiп  келе  жатқан  жұмыстар  жина-

лып та қалған шығар. Сiздiң үйдегi шаруашылық-

тұрмыстық мәселелердi шешуге қалауыңыз ар-

тады. 


арысТан

Арыстандар  аптаның  басынан  өздерiнiң 

ой-өрiсiн  дамытып,  сергiтiп,  өз  тiрлiктерiн 

шешiп  қана  қоймай,  айналасындағы  дос-

жарандарына  да  кеңесiн  бередi.  Осы  уақыт 

қиын сұрақтарға жауап беруге қолайлы кез.  Өз 

құлшынысыңыз  болғанға  дейiн  үй  шаруасын 

кейiнге қалдырыңыз. 



БикЕШ 

Аптаның  басында  бикештердiң  еңбекке 

құлшынысы  артады.  Осы  уақытта  өзiңiздiң 

қаржыға  қатысты  көзқарасыңызды  әбден  ой-

ланып,  түйiндi,  шешiлуi  қиын  сұрақтарға  ден 

қойып,  мойын  бұрғаныңыз  дұрыс.  Жақсылап 

енбектенгенiңiз сiзге пайда әкеледі.

Таразы

Апта басында таразылардың көңiлi махаббатқа 

және балалары мен шығармашылыққа бөлiнедi. 

Егер  сiздiң  кiшкентай  балаңыз  болса,  оның 

тәрбиесiне көп көңiл бөлiңiз, оларды оқуға және 

жазуға үйретiңiз, ертегi және қызықты оқиғалар 

айтып берiңiз. 

сарыШаян

Аптаның басында сарышаяндар ата-әжесiнен 

шығу  тегiн,  тарихын  бiлгiсi  келедi.  Егерде  ол 

кiсiлер  сiзбен  бiрге  тұрмаса,  оларға  барып, 

көңiлiңiздi  бөлiп,  сiзден  қандай  көмек  керек 

екенiн бiлiңiз. Туыстарыңыздың ескi суреттерiн 

қалпына  келтiрiңiз.  Бәлкiм  осы  күндерi  өз 

жанұяңыз жайлы сiз бiлмейтiн құпия ашылар. 



 МЕргЕн 

Аптаның  бiрiншi  жартысында  мергендерге 

таныстық аясын кеңейткенi және шақырған жер-

ден қалмағаны дұрыс. Бәлкiм сiз қызықты адам-

дармен танысып, олардың көмегiн өз пайдаңызға 

асырасыз. Сiздiң кеңесiңiз достарыңызға қажет 

болуы  мүмкiн.  Олармен  бiрге  кейбiр  күрмеуi 

қиын мәселелердi оп-оңай шешесiз. 



ТауЕШкi 

Апта  басында  тауешкiлер  жұмыста 

жақсы  жағынан  көрiнедi.    Бұл  тұрмыстық 

мәселелердi  шешуге  қолайлы  уақыт. 

Керектi  жұмыспен  айналысып  және  оған 

көңiл   бөлiп, сiз өз беделiңiздi арттырасыз, 

көптеген  жұмысты    жасауға  мүмкiндiгiңiз 

барлығын көрсетесiз.  



суқұйғыШ

Аптаның 


бiрiншi 

жартысында 

суқұйғыштарға 

бiлiмiн 


жетiлдiргенi 

жөн.  Алдыңызға  қиын  тапсырмалар 

қойыңыз.  Мүмкiн  сiз  ғаламтор  арқылы 

қиын  сұрақтарды  шешуге  көмектесетiн 

тәжiрибелi 

адамдармен 

танысарсыз. 

Көпшiлiк  ортада  өзiңiздi  дұрыс  ұстауға 

тырысыңыз,  өсек  пен  жел  сөздiң  белең 

алуына жол бермеңiз.



Балық

Аптаның  бiрiншi  жартысында  балықтар 

ымырагершiлiк қасиетiн көрсетуге тырыса-

ды. Сiзге көмек сұрап келiп, тосын сұрақтар 

қоюы мүмкiн. Өмiрдiң көлеңкесiнде жүрген 

адамдарға  бұл  қолайлы  кез.  Олар  осы  

оқиғаның  өрши  түсуiне  тасада  тұрып 

тамызық тастайды.



сурет салу өнерін үйрендім

алгебраны толық меңгерудемін. Жаз маған 

пайдалы  істерді  үйретті.  Басқа  адамдарға 

да жаздың қызықты өтуін тілеймін! 



                                                                                 

   

Ғалия Сәрсенова,

Заңғар ауылы

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 224.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет