№35-36 (9629-9630) 7 тамыз



жүктеу 142.89 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.02.2017
өлшемі142.89 Kb.

№35-36

(9629-9630)

7 тамыз

2014 жыл


e-mail:

janaarkagazeti@mail.

ru

Атасу кенті                                       7  тамыз   2014 жыл      

Аудандық  мәслихаттың  кезектен  тыс 

XХХІІI сессиясын шақыру  туралы

Аудандық    мәслихаттың  кезектен  тыс  XХХІІІ  сес-

сиясы  2014 жылдың  14 тамыз күні сағат 11.00-де

шақырылсын  (аудан  әкімдігінің  мәжіліс  залы,

Тәуелсіздік  даңғылы  № 5).

Ж.ӘБҮЙІРОВ,

сессия  төрағасы

ХАБАРЛАМА

2014  жылдың  14  тамыз  күні  өтетін  аудандық

мәслихаттың  кезектен  тыс  XХХІІІ  сессиясының

қарауына  келесі  мәселелер  ұсынылады:

1.  Жаңаарқа  ауданы  әкімінің  2014  жылдың  бірінші

жартыжылдығында ауданның  әлеуметтік-экономикалық

даму  бағдарламаларының  орындалысы  және    алға

қойған  мақсаттары  туралы  есебі.

2. Әртүрлі мәселелер.

М.ӘБДІШЕВ, 

аудандық мәслихат хатшысы

ЖАҢААРҚА  АУДАНДЫҚ

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН

ТЫС XХХІІI СЕССИЯСЫНЫҢ

ТӨРАҒАСЫНЫҢ  ШЕШІМІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қазіргі таңда ең

басты  мәселе.  Елімізде  сыбайлас  жемқорлықпен

күресу белсенді түрде жүргізілуде. 

Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы Қарағанды

облысында 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар

жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы «Аудандық сәулет

және  қала  құрылысы  бөлімі»  ММ-де  бөлімнің

қызметкерлерімен  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты

құқық  бұзушылықтарды    жасауын  болдырмау  бо-

йынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді

түсіндіру бойынша іс шаралар жүргізуде.

Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен

өтініштер,  ұсыныс-шығымдар  тіркеліп,  қаралып,

бақылауға  алынып,    уақытылы  тиісті  шешімдерін

тауып, қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

2014 жылғы мемлекеттік сатып алу жылдық жоспа-

рына  сәйкес  Қала  құрылысы  кадастрын  күту  және

сүйемелдеу  жүргізілді.  Аталған  мемлекеттік  сатып

алуды жүргізу кезінде тексерулер жүргізіліп, ешбір заң

бұзушылық болған емес.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша жы-

лына екі рет «Жаңаарқа ауданының  сәулет және қала

құрылысы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының

1998 жылғы 2 шілде №267 «Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес бөлімде сенім те-

лефондары  жұмыс  істейтіндігі  туралы  аудандық

«Жаңаарқа» газетіне хабарландыру беріліп тұрады. 

Қ.БАКИЕВ,

Аудандық сәулет және қала

құрылысы бөлімінің басшысы

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы  тұру басты міндет

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен

Жаңаарқа аудандық білім беру, денешынықтыру және спорт

бөлімі  1-тамыздан  30-қыркүйек  аралығында  алтыншы  жыл

«Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізуде. 

Акция барысында аз қамтылған отбасылардың оқушыларына

жаңа оқу жылына дайындық уақытында қолдау көрсету және

әлеуметтік себептермен 1-қыркүйекте мектепке келмей қалудың

алдың  алу  мақсатында  ұйымдастырылады.  Осы  игі  шара

биылғы жылы да өз жалғасын тауып отыр. 

Биылғы оқу жылында Республикалық акция «Балаға мейірім

сыйла!» үндеуімен өтеді. Акцияны өткізу барысында білім беру

мекемелері мен төменде аталған ұйымдар шаралар өткізеді:

Білім  беру  органдары  балалардың  құқықтарын  қорғау,  ішкі

істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен,

ауылдық округ, кент, ауыл әкімдерімен, жастар және балалар

ұйымдарымен,  үкіметтік  емес  ұйымдармен,  ата-  аналар

жұртшылығымен бірлесе отырып, әр елді мекенде (фермаларда,

шаруашылық  бөлімдерде,  егістіктерде  және  т.б.)  қараусыз,

қадағалаусыз, жағдайы жоқ отбасылары мен мигранттар бала-

ларын, сондай-ақ өзге де сабақтан жүйелі түрде қалып қойған

балаларды анықтау бойынша рейдтер жүргізіледі.

Рейдтердің нәтижелері негізінде әлеуметтік көмек көрсетуді

қажет ететін отбасылары мен қатерлі тобындағы балалардың

мекен-жайы,  жеке  тізімдерін  жасау  және  анықталған

балалардың мектепке келуін қамтамасыз ету. Меценаттар ту-

ралы деректер банкін жинақтау, олармен серіктестік қарым-

қатынастар орнатылып, оларға балаларды мектепке жинау бо-

йынша көмекті қажет ететін отбасылар мен балалар туралы

мәліметтер ұсыну.

Баланың мектепке келмей қалуына себепкер жеке тұлғаларға

(балалардың сабаққа жүйелі келмей қалуын жасыратын факті-

лер  мен  дәйексіз  деректер  беруші  мектеп  директорларына:

балаларға салғырт қарайтын ата-аналарға; бала еңбегін пайда-

ланушы жұмыс берушілерге және т.б.) шаралар қолдану.

Акция туралы көрнекті ақпарат (бояулы плакаттар, үндеулер,

буклеттер) әзірленіп, кәсіпорын, шаруашылық басшыларына аз

қамтылған отбасыларға көмек көрсету және акцияға қатысу ту-

ралы үндеу хаттар тарату. Бұқаралық ақпарат құралдарында

акцияның барысы туралы ақпарат жариялау, акцияны өткізудің

барысы  туралы  сюжеттер  газеттерде  жарияланымдар,

көпшілікке қол жетімді жерлерде акция, сенім телефондары

(тұрғындардың  тәуекел  топтарындағы  балалар  туралы

ақпараттар хабарлайтын) туралы хабарландырулар жариялау.

Жаңаарқа аудандық білім, беру дене шынықтыру және спорт

бөлімінің сенім телефоны: 8(71030) 50764, 26502

Атқарушы  билік  органдарымен  бірлесе  отырып,  қала

көліктерінде оқушылардың жеңілдікпен жүруін және ауылдық

жерлерде  мектебі  жоқ  мекендерден  оқушылардың  мектепке

және үйіне қауіпсіз әрі тегін жеткізілу мәселелерін шешу. Акция

қорытындыларын аудан әкімдігі кәмелетке толмағандардың іс-

тері  жөніндегі  ведомствоаралық  комиссияның  отырысында

қарастыру. 

Қорытындысы  аудандық  білім  беру,  денешынықтыру  және

спорт бөлімінде қарастырылады. Осы жылғы акцияның негізгі

мақсаты балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу,

аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бе-

кіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің

бірі барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен

қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін

бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.



Аудандық білім беру,  денешынықтыру және спорт бөлімі

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» 

АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

7 тамыз 2014 жыл

2

ОМАРОВ ИГІЛІК (1934-2007) Жаңаарқа ауданы 8-ші

ауылда (Жарық мойынсерігінде) туған.Ұстаз, «ҚазКСР

халық ағарту ісінің озық қызметкері».Әнші (лирикалық

тенор),  әуесқой  сазгер.1949ж.  9-шы  сыныпта  оқып

жүріп,  алғаш  республикалық  әншілер  байқауына

қатысты.Қарағанды педагогикалық институтын бітіріп,

Түгіскен орта мектебінде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет

атқарды.

1957ж. Мәскеуде Бүкіл дүниежүзілік фестивалінің

лауреаты,  1978ж. Қазақстан және Орта Азия рес-

публикалары  әнші-жыршыларының  Қызылорда

қаласында  өткен  аймақтық  жарысының  І-ші

жүлдегері.

Жаңаарқа өңірінде И.Омаровтың әншілік мектебі

қалыптасқан. Репертуарында 100-ге тарта әндер бар,

әсіресе, қазақ радиосына жазылған 17 әні ұзақ жыл-

дар эфирде үзбей беріліп келді.

Мақтымқұлының,Қ.Айнабековтың сөздеріне жазған

ән-термелері ел ішінде кеңінен тараған.



АРҚА ӘНІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ

Ақерке! Ән  есімдей, күй  есімдей,

Көңілде  самал  қалды   жиі  есілмей,

Ақерке-Ән ішінде  аққу  шығар,

Игілік  Омаровтың киесіндей.

Боздаған  қобызының  қыл  ішегі,

Үні  де  алтын  еді, күміс  еді.

Мен  көрген  ағалардың  асылы   еді,

Мен  көрген   әншілердің  ірісі   еді.

Қаққанда   ән  қанатын, жыр  қанатын,

Тулаған   толқынымыз   бірге  ағатын.

Базары  тарқамайтын  Түгіскеннің 

Ажары  «Ақеркемен»  нұрланатын.

Ән  тербеп аспанда   аймен   көкте   күнін,

Көгерткен  көсегесін  көктемінің.

Талантты  бір шәкірті  өзім  едім,

Игілік  Омаровтың  мектебінің.

Өрге   озсаң  өркен  жайған  өрісі  елі,

Ел  іші-өнерінің   кеніші  еді.  

Жаз-ғұмыр  жазиралы  Жаңаарқаның,

Байрағын  желбіреткен «Жеңіс» елі.

Қарасақ  оңымызға, солымызға,

Созылған   соқпақ  қалды   соңымызда.

Икеңнің «Ақеркесі» ақ  самала,

Жарығын  шашатұғын жолымызға.

Қонса да басымызға  бақ  ертелеп,

Келеміз  сол  ауылға   әлі  еркелеп.

Ағаның  аруағын  аялап  бір,

Ат  қойдым  немереме  «Ақерке» деп.

Тұма  боп тұнығыма  тұнған  үнің,

Таланттың таниды  елі  шын   қадірін.

Үзілтіп,үзілдіріп, үздіктіріп,

Көшірдім «Ақеркені»  жырға  бүгін.

Ғ.ЖАЙЛЫБАЙ,

халықаралық  «Алаш»  әдеби сыйлығының 

лауреаты, Ресей  Жазушылар   ұйымының  

С.Есенин атындағы   алтын   медалінің  иегері

Ақерке


Елінің  ертеңін  ойлап  тереңіне  үңіле  қарап,  арман  ой

мақсаттарының шыңына жете алмай кеткен небір даныш-

пан алаштың ойлы азаматтары аз емес.Ақиқаттардың аста-

рын  ақтарып  тапқыр  ойларымен  ақын  жазушылар

жырласа, бірінікі бірімен ұқсамаған ғажайып үндерімен

қолына үкілі домбырасын алып, қос шекке жан бітіріп,

халықтың  жүрегіне  мықтап  жеткізетін  әншілерді  айтар

едім.”Қазақта әнші көп, тек қана Шәмші жоқ”,- дегендей

Шәмші атамызға ұқсаған, ауыз толтырып айтатын жалпы

өнер адамдарының ішінен көптеген әншілеріміз өмірден

өтті. Ертедегі зыр еткен өмірдің ағымымен есейіп, тәрбие

алған  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  халықтың  әттең-ай  деп

тулаған  сезімдері  мен  сыздаған  жүректерін  басатын

әншілердің  азайғаны  қатты  батады.  Жарқ  еткен  аз

ғұмырында бойындағы бар өнерін, білікті білімін, ақыл

кеңесін жалпақ жұртымен бірге бөлісіп кеткен Омарұлы

Игілік әкемізді айтар едім.

“Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын”,- демекші,

әкеміз ұйыған отбасында мейірімі мен дұрыс тәрбиесін

беріп  небір  ғалым,  сазгер,  әншіні  жаратқан  Түгіскен  ауылында  ұстаздық  қызметін  атқарды.  Облыс,  аудан  аралық

мүшәйраларға белсене қатысып, көшбойы алда жүріп, халқының намысын жыртып, ауылының шашбауын көтергені

баршаға аян. Ел ішінде сөз тарап “Игілік келе жатыр”,-дегенін естіп, төрін ұсынып, төредей күтетін халқының ойынан

құлақтарынан әлі де ұзамаған үнін сағынады.

“Ұстаздан шәкірт озар”,- дегендей аға деп келіп ақыл сұраған талай әншіге дұрыс бағдар, өнерлеріне шабыт беріп арқау

болған. Талай ат басын әкеміздің шаңырағына тіреп, іні болып, шәкірт болып келіп жүретін, қазіргі уақытта жұлдыздары

жанып биіктен көрініп жүрген аға, әпкелеріміз ол күндерді әшейін сағымға айналдырып кетті ме деп ойлаймын. Қаршадай

мені бір қолымен жетектеп, бір қолына домбырасын алып, гастрольдік сапармен қаншама елді-мекен, жақсы-жайсаңдар

мен атақтарынан ат үркетін зиялы қауымдардың арасында әдемі кеш жасап, концерт қойып, бірнеше күнге жалғасқан

қызықты кештерді қимай ғана кетуші едік. 

Жетектеп жүріп жанынан тастамай әнге баулып, домбыраға үйретіп, қабілетімді арттырып дайындайтын. Бес жасымнан

саусағымды домбыраға икемдеп, дауыс ырғағымды ашып үлкен сайысқа қосқан кездерді еске алсам көзіме жас үйіріледі.

Жетегінде жүріп ел танып, әнді танып,  ашылып, ән айтуды үйреніп бірнеше сайыстарда жеңіспен оралып жүрдім. «Баласы

атқа шапса, анасы тақымын қысады»,-демекші, жүлдемен орын алып келгенде басымнан сипап, маңдайымнан иіскеген

күндерін қалай ұмытарсың.-”Балам, сен ерінбе еңбек ет, әншілік шеберлік мол сенде”,-деп жігерлендіріп, үкілеген дом-

бырасын сеніп берген әкеміздің сол сөзін аяққа тастамай әлі күнге дейін қолымнан домбыра үзгенім жоқ. Сондай-ақ,

әкейдің әрбір орындаған әндерін бар жан дүниесімен беріліп көктегі ұшқан құстың қиялы мен бұлбұлдың үніне теңеп

жүрекпен жеткізе білетін әкеміздің орындау шеберлігін дәл қазіргі кездегі әншілермен салыстыру мүмкін емес.

Жарқ еткен ғұмырын жалпақ жұрттың еншісіне арнап, нақышына келтіріп, халықтың жүрегінен орын алып, сары майдай

сақтаған үнін көрген көз, естіген құлақ болса әлі де жарыққа шығарады деген зор сенімдемін. Осындай атағы бар әкеміздің

артында қалған ұрпақтары аман, Отаны тыныш, халқы сабырлы болсын. Әкеміздің бойындағы асыл қасиеті, әділдігі,

қамқорлығы мен әуенді үні мәңгі біздің жадымызда сақталады.

Сағынып үнін еске алған баласы, ОМАРОВА АЙЖАН

Қарағанды қаласы

САҒЫНДЫМ ӘКЕ ҮНІҢДІ...

Етжеңділеу келген, толған айдай ақсары кісі, толқытып Балуан Шолақтың

«Ғалиясын» орындап отырды. Менің 11-12 жастардағы кезім еді. Бірде

уілдетіп, бірде күрсінтіп, бірде еркелетіп, әннің әрбір иіріміне жан бітіріп

әнін аяқтағанда, аузын ашып емінген жұрт, сәл үнсіздіктен соң демдерін

бір-ақ  алып,  дуылдасып  кетті.  Не  болғанымды  білмеймін,  өзім  ән

салғандай қара терге шомып кеттім. Менің балаң жүрегіме, әнші ғайыптан

түскен ертегінің кейіпкеріндей елес беріп, бойыма тіл жетпейтін әсерлі бір

сезім орнады. Бұл өнерге, әнге деген тұңғыш оянған сезімім еді. Игілік

ағам, қайда ән салатын болса, мен сол арадан табылатын болдым. Сұлу да

сиқырлы үні мені мүлдем баурап алды. Мазам кетті. Марқұм әкемнің

шауып жасап беріп кеткен, кішкене қара домбырасы күндіз-түні қолымнан

түспейді. Ол уақыттарда магнитофон деген атымен жоқ. 

Бір естіген әнімді жадыма сақтап, өзімше үйреніп жүрдім. 13-14 жасым-

нан Икеңнің назары маған түсе бастады. Ән жайында түсінік беріп, дом-

быра қостау мәнерін жайлап үйретіп бойыма сіңіртіп, 14 жасымда жазушы

Әмен Әзиевтің шақыртуымен, мені Қарағанды қаласына алып барып, Абай

атындағы Опера және балет театрының әйгілі әншілерінің алдында ән сал-

дыртты. Осы жолда әйгілі Қали Байжановтан бата алып, өміріме жол

салған  Нұрғиса  Тілендиевтің  ыстық  ықыласын  алдым.  Мен  енді

ғажайыптар әлеміне бет алдым.

1970 жылы оқу бітіріп, «Гүлдер» ансамбліне әнші болып орналасқан

кезім еді. Жол түсіп Қарағандыға келдім, Амантай жездем мен Жүрсін

апам қуанып қарсы алды. -”Кешке қарай жазушы-сыншы Сәйділ Талжанов

келеді”,- деп абыр-сабыр дайындық үстінде екен. Кешкі отырыс той болып

кетті. Қаланың көппәтерлі үйінде дуылдасқан халық таңға дейін, Игілік

ағаммен  екеуімізге  кезек-кезек  ән  салдырды.  Таң  атып,  ентігімізді

басқаннан кейін, Сәйділ алғысын айтып, маған бұрылып:- «Қайратжан,

дауысың  қуатты  екен,  тынысың  мол  екен.  Сен  енді  әнді  мәнерлеп,

жүрекпен тербеп, сөзге мән беріп орында. Игілік ағаңнан қалмай жүріп

осының бәрін бойыңа сіңіріп ал», – деп аталық кеңесін берді. Сәйділ

ағаның осы айтқан ақылы мен үшін өмірге мол азық болды. Икеңнің ән

салу мәнері өзгеге ұқсамайтын өзгеше дүние еді ғой. Өзін шалқақ ұстап

кербездене, домбыраға жан бітіріп, діріл қақтырғанда, өкпе-бауыр, жүрегің

қоса дірілдейтін. Сұлу үні сыңғырлап, емін-еркін көсілетін, барлығып

қиналу  жоқ.  Әуені  бұлт  үстінде  жүргеніңдей  әсер  беріп  балбыратып,

аяғыңды  салбыратып  қалқытып  қоятын.  Икеңнің  орындаған  Балуан

Шолақтың «Ғалия» әнін әлі күнге дейін ешкім салған емес. 

Ондай үн сұлулығы, еркелеткен ғашықтық сезімі, ынтызарлық мұңы, Ба-

луан Шолақтың: «Сұлулыққа менің жүрегіммен қараңдар», – деген сөзіне

сай келіп, соны дәлелдегендей әсер беретін. Бір өкініштісі-Икеңнің көп

дүниесі радио қорына жазылмай қалғандығы. Оның ішінде негізгісі-халық

әндері мен халық композиторларының шығармалары. Сонымен қатар,

Қайып  Айнабековтің  шығармалары  радиоға  толық  түспеген.  Икеңнің

композиторлық қабілетінің өзі бір төбе. Қ.Айнабековтің шығармаларының

барлық әуен саздары – осы Игілік Омаровтікі. Біраз термелерін өнерпаз

жастарымыз орындап жүр.

1980 жылдары белгілі сахна тарланы, режиссер ағамыз Асқар Тоқпановқа

жолығып қалғанда, маған Асекең бір толғанысын айтты. Ол кісі:- «Осы

күнгі жастарымыз әннің, өлеңнің авторларын шатыстырып, бір- біріне ал-

мастырып, қалай болса солай, ақылдаспай, білетін адамдардан сұрамай

орындай беретін болыпты. Қайып Айнабековтің екі әнін басқа адамдарға

теліп жіберіпті. Бұл дұрыс емес қой. Жүрген жерлеріңде айтып ескертіп

жүрмейсіңдер ме? Бүйте берсек, ертеңге не қалады? Әр дүние өз орнында

тұруы керек қой. Мен – Қ.Айнабековтің туған күйеу баласымын.  1956

жылдары  шыққан  Қ.Айнабековтің  өлең  жинағы,  кішкене  көк  кітапша

менде сақтаулы тұр. Сонымен қатар, Сәкен Сейфуллин-менің туған бажам.

Сәкеннің жамылған қара тоны да менде, үйде сақтаулы тұр. Осыны айтып

қояйын көзімнің тірісінде», – деп таяғын бір көтеріп жүріп кетті. Аллаға

шүкір, Икең өмірден озса да, қалдырған үні тозған жоқ. Өзінен туған

ұлдары әкесі болып ән салады. 

Жаңаарқада орнатып кеткен ән мектебі өріс алуда. Қайрат Байбосынов,

Көлмағанбет Нұрмағанбетов, Байзақ Сейілов, Ғалым Мұхамедин, Серік

Оспанов, Бекболат Тілеухан, Айтбек Нығызбаев, Мұрат Саңқанов, Биғазы

Тұтқабеков, Сырым Мұхамеджанов, Ернұр Тұтқабеков, Мерей Каримов,

т.т.-осының айғағы. Республикамыздың түпкір-түпкірінде «Ақ ерке», «Тау

ішінде», «Сен сұлу», «Әлі есімде» сонымен қатар І.Жақанов, К.Салықов

әндері, Икең болып бабымен шырқалуда. Өнерпаз жастарымыз Икеңді

көрмесе де, әлі күнге дәріс алуда. Ендеше Игілік ағамыз тірі, ғасырдан

ғасырға бірге ілесіп отыратыны ақиқат.



Қ.БАЙБОСЫНОВ,

Қазақстан Республикасының Халық артисі, 

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор.

ӘН-АҒА ӘЛІ ЕСІМДЕ

Игілік десе, өмірің

Елге игі болыпты.

Өсірер адам көңілін,

Ізгілік саған қоныпты.

Әсем әуез шалқытып,

Сәкенше мөлдір толғаттың.

Ақанша баппен балқытып,

Ән ордасын орнаттың.

Ауылдан ұзап бармай-ақ,

Саяқ жүріп, дара оздың.

Жұлдыздардан қалмай-ақ,

Аспанда айға қол создың.

Көркейткенде сананы,

Асылын алдың салмақтап.

Жүсіпбектей дананы

Ұстаз деп өттің ардақтап.

Қояр ма еркін сайратпай,

Қолдаса ақыл сезімді.

Ұлы әнші Қайраттай

Ұстазым дейді өзіңді.

Ұмсынтып әнің -гүл-дәру

Сұлулар қалды-ау аңсаған.

Жармасса да мың ару,

Көпсінбеп едім мен саған.

Кең жайласаң төскейді,

Туған ел қанат жалғады.

Ұлт құмар рухың өшпейді,

Сарыарқаның саңлағы.

КӘКІМБЕК САЛЫҚОВ,

25 мамыр 2012 жыл, Астана қаласы

САРЫАРҚАНЫҢ САҢЛАҒЫ



7 тамыз 2014 жыл

3

ИГІЛІК ОМАРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ

Мен, Жаңаарқа ауданының Түгіскен топырағында  туғандықтан,

сәби күнімнен Игілік ағаның әніне тербеліп өстім десем артық

айтқаным болмас. Олай болатыны әкем Оспанов Кәрібай ҰОС

ардагері, аға  лейтенант 1956 жылдан Түгіскен орта мектебінде

алғашқы  әскери  дайындық  кабинетін  ашып,  алғашқы  негізін

қалаушы болған ұстаз болды. Мектеп ұжымында жасы үлкен, әрі

жалғыз соғыс ардагері болғандықтан міндетті түрде 23 ақпан мен

9  мамыр  күні  біздің  үйде  мереке  болатын.  Ұстаздар  қауымы

әкейді құттықтап келетін. Осы кештердің сәні мен мәнін келті-

ретін жас мұғалім Игілік ағаның әуелеген әндері болатын. Әкем

де, анам да «әу» деп өлең айтпаса да, өнер десе ішкен асын жерге

қоятын ақ көңіл жандар еді.  Бұл күнде сексеннің сеңгіріне аяқ

басқан анам Тұрсын:

- Сен қырқынан шыққан күні әкең қояр да қоймай Игілікті ертіп

әкеліп: «Саған тартқан әнші болсын»,- деп аузыңа түкірткен,-дей-

тін. Ес білген шақтан бастап Игілік ағаның әсем үні мен ән салу

шеберлігі  таңдай қақтырып, “шіркін осындай әнші болсақ қой”,-

деп  армандап  өстік.  Ол  кісі  бізге  асқар  таудай  биік  болып

көрінетін.

Игілік Омаров – қазақтың әншілік өнеріне өзіндік нақыш пен

өрнек қосқан біртуар табиғи дарын. Халық ол кісінің әншілік

өнерін ғана біледі. Ал, Икеңнің 10 шақты өлеңге ән шығарған

сазгер екенін білмейді. Замандастары мен құрдастарына арнап

шығарған  әзіл  өлеңдері  бір  төбе,  бұл  өнер  әкесі    айтыскер

ақындығымен аты шыққан Омар ақсақалдан дарыған өнер болса

керек. Өлең жазуы мектеп жасынан білінсе, ән

шығаруға машықтануы 60 жылдардың басынан

бастау алады. Ұмытпасам, ең алғашқы шығарған

әні  түркімендік  ұлы  ақын  Мақтымқұлұлының

ақын  Ғ.Орманов  аударған  «Боларсың»  атты

өлеңіндегі:

Биік таулар бойшаңмын деп шіренбе, 

Күнің туса жермен жексен боларсың

Терең теңіз тәкәппарсып түнерме,

Суын кепсе сен де бір шөл боларсың,-деген өлең

жолдары нәзік жүрегін «дір» еткізіп, қолға дом-

быра  алдырса  керек.  Одан  кейін  Қайып

Айнабековтың  өмір  шындығын  суреттейтін

«Туысқандар  термесі»,  ақынның  соңғы

бақылдасу  өлеңі  «Қоштасуға»  керемет  әндер

жазды.  Бұл  әндер  талғамы  мол  тыңдарман

қауымнан  жоғары  баға  алып,  жүректерге

жылылық  ұялатқан  әндер  болды.  Ал,

табиғатында  атақ  пен  мансапқа  мүлдем

қызықпаған  Икең: «Бұл әндерді мен шығарып

едім»,-  деп  тіс  жармаған.  Халық  та  солай

қабылдаған.  (Икеңнің  қарапайымдығы  сондай

ешбір  шығарған  әндеріне  патент  те  алмаған  -

С.О.) Өнердегі мұндай мәрттік сал-серілерден

қалған  үрдіс.  Үдебай  сал,  Сәкен  Сейфуллиндер:  “Мен  ән

шығардым”,- деп ешкімге жария қылмаған, бұл бұрынғылардан

қалған мәрттік, өнерге деген адалдық.

Икең осындай салмақты, салиқалылығымен ән әлемінде өзінің

қайталанбас қолтаңбасын қалдырған ұлы

өнерпаз. Икеңнің әншілік екінші ерекше-

лігі, дәстүрлі әндердің дәуірі саябырлап өз

заманындағы ұлы композиторлар: С.Сей-

фуллин, Ш.Қалдаяқов, Ә.Есбаев, Н.Тілен-

диев, 

Сыдық 


Мұхаметжанов,

өнер-зерттеуші, 

композитор 

ағамыз


І.Жақановтың  әндерін  орындап,  оларды

қазақ  радиосы  арқылы  домбырамен

сүйемелдеп шебер жеткізе білуі арқасында

аталмыш  композиторлардың  әндерін

халықтық  деңгейге  көтерген  әнші.  Осы

тұрғыдан алғанда Игілік Омаров дәстүрлі

ән  мен  заманауи  әндердің  ортасындағы

алтын көпір бола білді. Оған дәлел қазақ

радиосының  «Алтын  қорына»  жазылған

Икеңнің  орындауындағы  «Тау  ішінде»,

«Бәрінен де сен сұлу», «Әлі есімде», «Ақ

маңдайлым», «Ақерке», «Арқаның аруы»,

«Жайлаукөл кештері», «Меңді қыз», «Ал-

маты кешінде» т.б. әндері.

Икеңнің әншілік үшінші қасиеті – ол кісі

әнді  жүрек  тезінен  өткізіп,  әбден  иін  қандырып  айтатын

талғампаздығында жатыр. Жүректен шықпаған ән жүрекке жет-

пейді, әнге сезім керек, жан бітіру керек деп үйрететін бізге. 

Икеңнің әншілік бағын ашып, батасын берген ұстазы атақты

Байжұман әнші болатын. Кезінде Сәкендей біртуар тұлғаға серік

болған Байжұман «Тау ішінде», «Біздің жақта», «Бабаларыма»

әндерін Сәкеннің өз аузынан үйреніп Икеңе үйреткен. 

Сондықтан Қазақстанда Сәкеннің «Тау ішінде» әнін Икеңдей

орындаған әнші болған емес. Балуан Шолақтың «Ғалия», Садық

Кәрімбаевтың  «Ақерке», Жағыпар Әлімжановтың «Сағыныш»

атты әндерінің бағын жандырған да Игілік Омаров болатын. 1994

жылы Икеңнің 60 жасқа келуіне байланысты мен арнайы “Жеңіс”

совхозына  барып  амандық-саулық  сұрасып,  Сара  анамыздың

көмегімен  Икеңнің  өз  аузынан  өмірбаянын  жазып  алдым.

Ондағы ойым, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет

Комитетінің төрағасы Бекболат бауырыма айтып, Икеңе атақ

алып беру болатын. 

Бұл игі бастаманы қашанда ісіне тыңғылықты, уәдесіне берік

Бекболат тез арада ақырына жеткізіп, Икеңдей ұлы ұстаздың ақ

батасына  бөленді.  Осы  жылдың  күзінде  «Зерде»  қоғамдық

қордың  төрағасы,  досым  Әлихан  Байменовтың  қолдауымен

«Алтын қордан» және Қарағанды радиосынан тапқан Икеңнің

орындауындағы 

М.Әлімбаевтың 

өлеңіне 


жазылған

Н.Тілендиевтың әні «Ақ маңдайлым» әнімен Ілия ағаның сирек

орындалатын бір әнін тауып қосып, барлығы 14 әнін үнтаспаға

алғысөзін өзім жазып «Ақерке» деген атпен дыбыс таспасын

шығарып өзіне тарту еткенде Икең жас баладай қуанып, ағалық

ақ батасын беріп еді. Икеңнің басқа әншілерден ерекшелігі – ол

кісінің ақын жандылығы болатын. 

Ғалым ақын Икеңе:    «Әншілердің ішінде ақынысың,

Ақындардың  ішінде  әншісісің»-,  деп  жоғары  бағалауы

ақындығына деген құрметі еді. Әлі есімде 1980 жылдары Икең

инсульт болып Қарағандыға емханаға түскені. Сол жолы да га-

зетке  шыққан  Ғалым  Жайлыбайдың  «Өзіңсің  арқа  әнінің

бәйтерегі» атты өлеңінде:

Асқақ үнің тапқандай ән ұясын,

Кешіп жүрсің өнердің дариясын.

Қолға алып домбыраңды шырқап жібер

Балуан Шолақ бабамның «Ғалиясын».

Бірісің арқадағы талантты ұлдың,

Келеді ту сыртыңнан қарап тұрғым,

Сәкеннің «Біздің жақта» әнін айтшы

Басына шығып алып Арап қырдың,-деген жыр шумақтарын

оқып, бойыма ерекше жігер, жүрегіме қуат беріп, сол жолы жыл-

дам айығып кеткенмін деп, Икең Ғалымға үнемі ризашылығын

білдіріп отыратын. Икеңнің досқа деген жүрегі ерекше жаралған

жан еді. Ақын Кәкімбек Салықов Жезқазғаннан

арнайы іздеп келіп әнін тыңдайтын. Кәкең менің

«Тиме»  атты  әнімді  алғашқы  орындап,  бағын

ашқан  Игілік  досым  еді  деп,  мақтанып

отырғанын сан көрдім. Жеңістегі құрдасы Со-

циалистік  еңбек  ері,  атақты  шопан  Сатан

Ысқақовқа шығарған әзіл өлеңдері бір цикл, ел

аузында жүр. Жәйрем кен байыту комбинатының

бас  директоры  болған  Барлық  Садықовпен

достығы ерекше болатын. 

Жалпы,  Икеңнің  жомарт  жүрегіне  барлық

әлемді сиғыза білетін, дархан көңілі, ақ пейілі,

дөрекі сөзге ада биязылық қасиеттері тұңғышы

Ермек бастаған бар баласына дарыған тектілік

қасиеттер. Барлық аға өмірден өтерінде жазған

«Қоштасу» атты өлеңінде:     

«Аман бол ән дүлдүлі Игілігім,

Бұрышы бұзылмасын түндігіңнің.

Өлсем де құлағымнан кетер емес

Жаңғыртқан Сарыарқаны бұлбұл үнің!»-деген

екен. Икеңнің дауысы лирикалық тенор, бұл өте

сезімтал,  сырлы  дауыс.  Қазақша  айтқанда,

көмейіне бұлбұл ұялаған әнші болатын. Ол сол

үн, сол әндерімен халқының жүрегінде қалды.

Сондықтан Икеңнің ән ғұмыры мәңгілік болмақ.

СЕРІК КӘРІБАЙҰЛЫ ОСПАНОВ,

Игілік Омаровтың шәкірті, 

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Біз үшін асқар таудай биік еді...

Күй қайнары-Түгіскен елі,

Жыр қаймағы-Түгіскен елі,

Ән әсемі Түгіскен еді,

Түгіскенге тән ірі істер еді.

Аршадан қобыз оятын елі,

Қонаққа құлын соятын еді,

Қайыңның безін қарттары таңдап,

Домбыра жасап қоятын еді.

Әнші мен күйші арылмайтын еді,

Тағдыр да бұған тарылмайтын еді,

Игілік ағкем ән салған кезде,

Аққулар көкте дамылдайтын еді.

Тотыдай қызы сыланатын еді,

Көл менен шөлде сыналатын ері,

Түгіскен құмы- тектінің жұрты,

Сері мен салдан құралатын еді.

Ботам? деп ағкем сағынған мені,

Арда әні әркез ағылған еді,

Икеңнің, шіркін, шырқаған шағы-ай,

Лапылдап демі, лағылдан лебі.

Құлыным, деп, ағкем арқамнан қаққан,

Тамылжып қалған тамсанған ақ таң,

Шанақтан сырғып түскенде саусақ,

Сорғалап кетті үн жүрекке жаққан.

Бір әлди мені жұбатып баққан,

Бесікте жаным құмартып жатқан,

Анам боп келіп, әкем боп келіп,

Маңдайдан иіскеп балқытты бапты ән.

Сағынып келер жанына бөлеп,

Бауырдың жөні бөлек-ау, бөлек,

Шаршаған шақта жүйкең бір жүдеп,

Жылы сөз-дәру, жүрекке көмек.

ӘН МЕН ӘНШІ

Бір кезде теңіз кемені шайқап,

Тіксініп қалды тіршілік байтақ.

Тәубеге келу ғанибет қандай

Тыңдады бір ән егіліп аймақ.

Иманақ иіп, мөлдіреп қалған,

Осынысымен ыстық-ау жалған.

Биіктен бір ән сорғалап еді,

Ала бұлт іле икемдеп алған.

Жер мен көк сөйтіп тояттап еді,

Омырауды жаспен боятқан еді.

Басқаны қайдам...

Икеңнің әні

Дәл солай мені оятқан еді.                                        



БАЗАРБАЙ ӘЛЕУХАНҰЛЫ

Жезқазған қаласы,2001 жыл  



Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”

ЖШС басшысы - бас редактор

КӨШМАҒАНБЕТОВ Бахтияр Нақыпбекұлы

ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,



РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган

Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,



Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі

2-71-01

МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС

Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын

білдірмейді

Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама 

беруші жауап береді

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 

министрлігі  18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік

берілген.

Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі

Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады:

Қарағанды қаласы, Сәтбаев көшесі,15

Көлемі бір баспа табақ

Офсеттік басылым

Аптасына бір рет шығады

Индекс 66282

Тапсырыс №35-36

Таралымы 1800 дана

Асқа шақыру

Асқар таудай әкеміз Төкен Мұхановтың және аяулы анамыз Рымбала Қазыбекованың өмірден

өткендеріне 20 жыл толып отыр. Соған байланысты 16-тамыз күні сағат 13.00-де Орынбай ауылының

мәдениет үйінде құдайы дәм беріліп, құран бағышталады.

Балалары 

Құрметті отбасының тірегі, шаңырақтың ұйытқысы, балаларының қамқоршысы,

ұлағатты ұстаз Маркен Балағазықызы! Сізді  60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын

жүректен құттықтаймыз. Сізге ақ ниетпен өнегелі өмір, мерейлі көңіл, ғибратты

ғұмыр тілейміз және деніңіз сау болып, бала-шаға, немерелер қызығына кенеліп шөбере

көруге жазсын. 

Әріптестер құрмет тұтар қадірлеп,

Сіз – ұстазсыз, ұстамды  да ақылшы.

36 жыл еңбек етіп, тер төгіп,

Шәкірттерге болдыңыз тек қамқоршы.

Өткен күннің артта қалып елесі,

Тіршіліктің жылжи берер кемесі.

Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,

60 жастың құтты болсын белесі.

Болашақтан күтер әркім жақсы үміт,

Келе берсін сізге ылғи бақ күліп.

Шаттықпенен көріп таңның арайын,

Жаратушы төксін игі жақсылық.

Ізгі ниетпен: Жаңаарқа аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі

мен кәсіподақ кеңесі және Ынтымақ орта мектебінің педагогикалық ұжымы

Сатылады


Вокзалға қарама-қарсы орналасқан  С.Сейфуллин көшесі № 20-шы үйдің 8-ші пәтері сатылады. Пәтер

орталықтанған жылу жүйесіне қосылған, 2 бөлмелі, еурожөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен

қатар үй жиһаздары сатылады. Хабарласу телефондары: 2-65-39, 87778936182.

******   ******   ******   ******

Тез арада Байғозы Батыр көшесінде орналасқан № 54 жеке тұрғын үй сатылады. Үйде  су құбыры

және кәріз жүйесі жүргізілген, телефон, 2 қора, гараж, 10 соткалық бау-бақша жері бар. Хабарласу



телефоны: 87786757208. 

Жарамсыз  деп  танылсын



Алиханов Алдияр Бақытжанұлының атына берілген жеке басының куәлігі, әскери тіркеу

куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын



*****   *****  *****   *****

Дикоп Татьяна Теодоровнаның атына 1979 жылы №160 орта мектепті бітіргендігі туралы бе-

рілген А 939294 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын



*****   *****  *****   *****

Игенберлина Сабиля Базарбайқызының атына 1975 жылы №160 орта мектепті бітіргендігі

туралы берілген № 694905 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын



*****   *****  *****   *****

Тәуелсіздік көшесі № 31/2 -ші үйдің иесі Қырбасова Майра Назарқызының атына 2006 жылы

берілген № 22-45 жекешелендіру актісі, 2006 жылы берілген №1822 сатып-алу келісім шарты,

2006 жылы берілген №22-45 жер учаскесінің актісі, 2013 жылы берілген № 07  04-8/329 жаңадан

салынған құрылыстың қабылдау актісі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын

*****   *****  *****   *****

Шоң Телғозы  көшесіндегі №5 үйдің иесі Айдаров Тұрғыналы Ибрагимұлының атына 2007

жылы берілген № 27-94  жекешелендіру актісі, 2014 жылы жаңадан салынған құрылыстың №

Б/Н қабылдау актісі, 2007 жылы жылжымайтын мүлікке  шығарылған  № 6358 легализация ше-

шімі, 2007 жылы берілген аудан әкімінің  №368 қаулысы, 2007 жылы  берілген № 6200 легали-

зация шешімі, 2007 жылы берілген № Б/Н легализацияланған құрылыстың қабылдау актісі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын 

Ел-мұратының  абзал  да  ардақты  азаматы,  жетекші  ғалым-селекционер,  Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым

академиясының академигі, биология ғылымының докторы, профессор Шаханов Еламан



Шаханұлының 70 жасқа толған рухына

АРНАУ

Танытты елге Шахан Еламанын,

Зейіні зерделенген  дала мәнін.

Ол ашқан агрономия жаңалығы,

Ғалымның дүбірлетті аламанын.

Жасынан біткен оған ақыл, дарын,

Дарытқан  санасына нақыл нәрін.

Атанды профессор, доктор, академик,

Өсіріп өнімді асыл дақылдарын.

Есімін ұлықтап, рухына тағзым етушілер: бауырлары, балалары, немерелері, туған-

туысқандары

Еске алу


Жаңаарқа ауданының тұрғыны, отбасының тірегі, асқар таудай әкеміз, анамыздың

асыл жары, немерелерінің сүйікті атасы Сабиров Салават Гумарұлын Пайғамбар

жасы  63  жасқа  толған  туған  күнімен  және  зейнеткерлікке

шығуымен құттықтаймыз. Береке-бірліктің ұйытқысы, туған-

туыстың жанашыры абзал жанды мерейтойымен құттықтап,

зор  денсаулық,  ұзақ  өмір  тілейміз.  Көрер  қызығыңыз  бен

қуанышыңыз көп болсын.

Өмірдің бал базары таусылмасын,

Айналаң той-думанмен жарқылдасын.

Бала-шаға, немерелер  аман болып,

Ырыс-құт ақ бұлақтай сарқылмасың.

Қосылсын тағы көп жас жасыңызға,

Тілейміз бар жақсыны басыңызға.

Тойлай бер ұрпағыңның қызықтарын,

Жүріңіз өмір бойы қасымызда.

Игі тілекпен: жұбайы – Нүрия, балалары-Марат-Рәмзия, Ринат-Дана, неме-

релері-Индира, Алсу, Ильнұр

Ардақты  да  қадірлі  бауырымыз  Сейтжанова  Гүлнар

Әбілқасымқызын 12-тамыз  күні  60  жасқа  толар  туған

күнімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасына

шаттық пен қуаныш тілейміз.

Құтты болсын сіздің туған күніңіз,

Жарқыраңыз, күндей болып күліңіз.

Ақ тілектер жарып шыққан жүректі,

Жырдан болсын сізге сыйлар гүліміз.

Тілек  білдірушілер:  бауырлары-Тұрсынбек-Зәуреш,

Дәмен-Талап, Жарылғап-Тазагүл,  Әбүйір-Бахыт, Жамал,

Асқар-Дина, Жанбота, Жазира, Сейіт-Ләззат

Келетін нелер дана ой басына,

Қиындық жүк болмайтын жойдасына.

Алтын боп құйылды ерен еңбектері,

Мәңгілік Отанының қоймасына.

Санасын бесігінде ар киелеп,

Өмірін азаматтық әр жүйелеп.

Ол өтті дүниеден талай шәкірт,

Ізбасар ғалымдарды тәрбиелеп.

Болғанмен қарапайым, пайымды адам,

Тың істі қолға алудан тайынбаған.

Жетелеп биология ғылымының,

Кандидат, докторларын дайындаған.

Егіннің шаруасының білгірі еді,

Бұл сала білгірлерге ділгір еді.

Атағы, алған алғыс, марапаты,

Білгірге құрметтерді білдіреді.

Даланың жүгі – ұлтының ар, киесі,

Дін мен тіл – танымының бар жүйесі.

Оны еткен ұлттың абзал, ардақтысы,

Тектілер әулетінің тәрбиесі.

Қиындық төзімін де берік етті,

Берерін өз ұлтына беріп өтті.

Парызын ел алдында өтеп болып,

Мәңгіге қазағымның ері кетті.

Қадыры оны жұртқа сүйікті етті,

Еңбегі бақ-дәулетті үйіп-төкті.

Жақұттай жарқыратып жанұясын,

Немере-жиендерін сүйіп кетті.

Қасиет адалдықтың бекемінде,

Білмеді ол жамандықтың не екенін де.

Алланың рахманы, нұры жаусын,

Бақилық, ақыреттік мекенінде.

Жақсының жақсылығын кім ұқпайды,

Қимаған жүректе тұр тұнып қайғы.

Елі мен жерін сүйді пәк азамат,

Елі де азаматын ұмытпайды.

Жұмысқа шақырамыз!

Қоскөл, Шұбаркөлдегі өрт сөндіру пойызына жұмысшылар қабылданады. Хабарласу телефон-

дары:6-44-77

Хабарландыру

“Тазасу” КМК-ы 2000 м3 су қоймасының қосылуына орай кент ішіндегі су құбырларының көптеген

жерлерінің ескі болуынан, берілген су қысымына шыдас бермей жиі жарылатындықтан жөндеу

жұмыстарының жүргізілуіне байланысты  01.10.2014 жылға дейін су беру жиі тоқтатылатынын ха-

барлайды.



“Тазасу” КМК-ы

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 142.89 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет