№33 (1373) 16 тамыз 2017 жыл, сәрсенбі Қазақстанның іскерлік қауымдастығы Халықаралық көрмені қараша айына дейін ұзартуды сұранды. „ Ұлт намысын ұран етіп



жүктеу 0.85 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата09.09.2017
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Сұхбаттасқан Ерман ӘБДИЕВ

6

//   «Жамбыл - Тараз»  // №33 (1373), 16 Тамыз  2017 Жыл  //

тірШіліК

«Жұлдыздар да СерікСіз СӨнеді екен...»

Зейнетке шыққаннан кейін бары да, жоғы да 

білінбестей,  зымыран жүйрік жылдардың тасасын-

да,  қайнаған қызу қоғамның қалтарысында қалып,  

әдеби ортадан оқшауланып,  біртоға,  бұйығы 

өмір кешкен ақын Мәдина әпкеміздің о дүниелік 

болғанын естігенде айналдырған аурудың алмай 

тынбағанына еріксіз  көзіміз жетіп, туралап келген 

ажал  пышағының  ғұмыр-дарияның ағысын шорт 

кескен қатыгездігіне тіксінгеннен басқа ештеңе 

істей алмадық. Бар болғаны, ол кісі туралы жарқын 

естеліктер мен жағымды суреттер көзалдымызда 

көлденеңінен көлбеңдеп, көңіліміздің түкпірінен 

тізбектеліп тұрып алды.     

...Мектеп жасындағы оқушы баламыз. Ол кезде 

қазіргідей дүниенің төрт бұрышын бір арнаға 

тоғыстырып, бір-ақ толқынмен түйістіре салатын 

әлеуметтік желі жоқ. Ауылдарда ілуде бір үйде бір 

ғана  «Мәскеу» немесе, кейде  «Алматы»  каналы 

тартатын көкжәшік теледидар болса болды, болма-

са, ол да жоқ. Байланыс құралының ең үлкені – по-

шта, ең төресі – радио. Поштаның арқасында газет-

журналдан кенде болмадық. Ал радио бүкіл елді 

күнделікті жақсы жаңалықтарымен сүйіншілеп, 

әдемі ән, әсем әуендерімен сусындататын. Дәл 

сол кездерде ғой, керемет бір әннің бүкіл қазақ 

тыңдарманының еңбектеген баласынан еңкейген 

кәрісіне дейін жүректерінің төрін жайлап алып, 

өзектерін жаулап, өздерін баурап алатыны: 

Жақын болып кеттің-ау, жаным маған,

Кездерім жоқ сені аңсап, сағынбаған.

Шағаласыз шарқ ұрып теңіздей боп,

Іздейді екен беймезгіл шағын да адам.

Композитор Т.Ізтаевтың осы әнінің сөзін жазған 

адамның жамбылдық ақын қыз екенін және оның 

есімінің Мәдина Көбеева екенін ол кезде көкірегі 

ояу, көңілі ашық өнерсүйер қауым түгел білді десем 

артық айтқандығым  емес.   

Қайырмасы:

Жұлдыздар да серіксіз сөнеді екен,

Қара аспан, қайғырғанда төнеді екен.

Күн шуағын жаныңа төгетұғын,

Бір жүрек бір жүрекке керек екен… – деп 

қайырылатын әуезді әннің жан тербер әсерінен 

айыға алмай,  ауыздан тастамай, жатқа айтып, кезі 

келген жерде барлығымыз  сүйіп орындадық. 



 

„

Жастай кеткен ақын досымыз Өрнек күлекеевке құран бағыштауды құп көрген бір топ дос-жаранның ізгі 



ниетін арқалап, алақандай ауылға ақын азамат есалы, курстас досы нұрлан асабаев, облыстық «ақ жол» 

газетінен табиғат абаилда, облыстық «арай» жастар газетінен тұрсынбек Сұлтанбек және айтыскер ақын 

досы Сағын текебай луговойға- жол тарттық.

Құралай 

СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Желмен жарысқан темір тұлпар 

әп-сәтте  құба  жонды  құйғытып 

межелі  мекенге  де  жеткізді. 

Бірінші  ниет  ақынның  жалғыз 

қызы  Мереймен  жүздесу  еді. 

Бота көзі мөлдіреп, мұңлы жүзін 

төмен салып, әке әруағына тағзым 

етуге келген кішкентай Мереймен 

жүздесудің сәті де түсті. Әкесіне 

қатты  ұқсайды  екен:  жымиғаны, 

сарылығы, тіпті қоңыр көзін төмен 

салып  отырып  әңгіме  айтқанына 

дейін.  Мерей  маған:  «Сізді  та-

нимын.  Әкеммен  бірге  түскен 

суретіңіз  бар  үйде.  Мен  оны 

биікке сақтап қойдым» деді. Сол 

сәт  жанарымнан  ыршып  түскен 

тамшы  жас  адал  досыма  деген 

сағыныштан, әрі әке алақанының 

жылуын сезінбей өскен қаршадай 

қызына  деген  ыстық  ықыластан 

жүрегімді қарып өтті... 

Со сын  «Бе сінші  сыныпқа 

көштім.  Әдебиетті  қатты  жақсы 

көремін. Жұрт «әкең ақын болған» 

деген  соң,  мен  де  өлең  жазып 

жүрмін»  деді  үлкен  кісілерше 

ойын салмақтап. Мерей ақын бола 

ма, болмай ма, ол бір Тәңірге аян. 

Ал біздің, тірілердің міндеті Өрнек 

өз  өлеңінде  айтып  кеткендей 

Мерейді, яғни әкесінің «алғашқы, 

әрі  соңғы  өлеңін»  ақынның  көзі 

деп құрметтеу.

Ақ дастархан басында Өрнектің 

туған-туыс, дос-жарандары естелік 

айтып,  имам  құран  бағыштады. 

Қазақ  ауылын  бетке  алып,  қайта 

жолға  шығып,  ақынның  мәңгілік 

мекенін бетке алдық.

Ол анасы бақилық болғанда:

Естімесін білемін, уақыт-керең,

«Қайт»  дегенде  қайтармын 

уақыт төрем.

Қалқып түскен үзіліп қанатынан...

«сыйлар ел – ақынның көзі деп»   



 

„

Жаманат  жерде жата ма? Және ол 



ешқашан жаңылыспайды. Сенгіңіз 

келмейді. Өтірік боп шықса екен 

дейсіз іштей. мына жалған дүниенің 

опасыз шындығы да – сол. Сумаңдап, 

суыт жететін суық хабардың 

ең сұмдығы – қаза. Қабырғаны 

қайыстырып, көкірегіңізді қарс 

айырғыздырар қайғының да зоры – 

осы шығар. амал қанша. Жер бетіндегі 

жұмыр басты пенде біткеннің қашып 

құтыла алмайтын шарасыз күйіне 

ерте ме, кеш пе, саналы түрде асқан 

сабырлылықпен мойынсұнуға тура 

келеді. 

Сол шақ ақын Мәдина Көбееваның жұлдызды 

шағы еді.  Одан кейін де  Мәдина Көбеева 

сөзін жазған көптеген әндер талантты  әншілер 

Айжан Нұрмағамбетова, Қыдырәлі Болманов, 

Татьяна Мартыненконың орындауында көпшілік 

тыңдарманға танымал болды.

Альберт  Алмағамбетовтың  да  Мәдина 

ақынның:

«Өтеді өмір дөңгелеп.

Жөні бөлек, жол бөлек.

Мейірімге жаным шөлдейді,

Дос жоқ көңіл бір бөлек.

Десе де тірлік базарлы,

Достың жөні бір бөлек.

Қас-қағым мынау жалғанда,

Сағынатын дос керек», – деп келетін өлеңіне 

жазылған  «Досыма» атты әнін белгілі әнші 

Бақтияр Тайлақбаев жиырма жылдан бері өз 

репертуарынан тастамай келе жатқаны әнсүйер 

тыңдарманның да әлі күнге жадында. 

Кейін  облыс  орталығындағы    қазіргі 

«Қазақстан-Тараз» телеарнасында өндіре жұмыс 

істеп, көрермен жұртшылыққа журналистік 

қырымен  кеңінен танылған Мәдина ақын, 

енді міне,  өзінің  мөлдір моншақтай өрілген 

асыл  өлең-жырларын  халқына  қалдырып, 

артына қайырылмай кете барды.  Өзі кетсе де, 

өнерде ізі қалды. Өлеңі де – өміршең. Ендеше, 

аты да өлмейді, оты да өшпек емес. Өйткені, 

шаңырағының шырағын сөндірмес ұрпағы бар. 

Құдай соларға қуат берсін.   



Үміт  БИТЕНоВА, 

ақын, әнші-сазгер,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі 

Шешем-ау,  оқи  алмай  кеткен 

жырды

Өз қасыңа алғанда оқып берем» 



деп  жазып  еді    «Шеше»  деген 

өлеңінде.  Енді  міне,  оң  жағына 

анасын, сол жағына  әкесін алып, 

өзі  екі  асылының  ортасында 

жатыр. Мәрмәр тастан салынған 

бейнесі  күн  көзіне  шағылысып, 

қасқайып  тұр.  Бір  кездері  ақын 

болғанының  айғағы  бейітіне  бір 

шумақ жыры жазылыпты:  

  Ме н і ң   ж а н ы м   б і р   ә уе н 

жаратылған, 

Сол  әуенде  толқиды  дара 

тұлғам.

Қауырсыны аққудың сияқтанып,



Қ а л қ ы п   т ү с к е н   ү з і л і п 

қанатынан... 

 Әке бейітіне жәутеңдей қарап, 

ішінен  тынған  қаршадай  қыз 

Мерейдің  жанарында  әкеге  қояр 

сұрағы тұнып тұрғанын байқадым. 

Ал  Мерейдің  алдындағы  тас 

мүсінге тіл бітсе әке жүрек:  

Жеткізер қазаққа назымды,

Сыйлар ел – ақынның көзі деп.

Тағы да бір өлең жазылды,

 Ат қойды Алланың өзі кеп.

Өзімнің Ай қадап басыма,

Мен саған күнді алып берейін.

Еркелеп отыршы қасыма

Қызым-ау, кішкентай Мерейім.

Сен келіп өмірге-өрісім,

Жарқ етті көз алдым жарықсыз.

Қоғамы қажытқан мен үшін,

Ажалдың өзі де қауіпсіз.

Өмірге келу мен кетудің,

Сұрама, сұрама себебін.

Мен енді ештеңе жазбаймын,

Алғашқы...

Ең соңғы өлеңім...

-  Мерейім!  –  деп  үн  қатары 

анық еді...


//   «Жамбыл - Тараз»  // №33 (1373), 16 Тамыз  2017 Жыл  //

7

АйНА



бӘрЕКЕлді!

медина мектепке барады

 

„

биыл медина мектепке барады 



дегенді естігенде, осыдан бірнеше жыл 

бұрын астана төрінде өткен «тұсау 

кесер» тойы есіме түсті.

Отбасылық  досымыз  Еркінбек  пен  Сания    сол  жылы  

кенжелері Мединаға арнап той жасаған болатын. Осы тойда 

Алматы, Қарағанды, Талдықорған, Тараз қалаларынан кел-

ген отбасылық достар бас қостық. Содан бері де міне бес 

жыл өтіпті. Сол тойда Медина қызымыздың тәй-тәй басқан 

қадамына сәттілік тілеп, тұсауын кесу құрметі маған берілген 

еді. Енді міне, биыл мектеп табалдырығын аттамақшы. Аста-

на қаласында жұмыс бабымен жиі боламын. Уақыт тауып 

Ерекеңнің үйіне соқпай кетпеймін. Өйткені Медина қызымыз 

бар. Әр келген сайын, тәтті қылықтарымен еркелей алдыңнан 

шығып, мойныңа асылар еді. Шүлдірлей сөйлеген сөздеріне 

мәз болар едік. Бөлмеден бөлмеге жүгірген Мединаны тоқтату 

тіпті мүмкін емес еді. Қуанышын осылай білдіретін сәби 

Мединаға ата-анасы сүйсіне қарайтын.

-  Ереке осы тынымсыздығы саған ұқсаған-ау, бір орнында 

тыпыршып отырмайды дейді, –  анасы Сәния. Ырымшыл 

халықпыз ғой, мен оған кәдімгідей қуанып қалатынмын. 

Өзімнің балалық шағым есіме түседі.

Иә, ырымдап ат қойып жатамыз, ырымдап тұсау кестіреміз, 

ырымдап үлкендерден бата тілейміз. Айналып келгенде мұның 

барлығы адамның, баласының жақсы азамат болып өссе екен, 

жақсы нәрсеге талпынса екен деген ниетінен туса керек. 

Әйтпесе әкесі Еркінбек –  ғылым кандидаты, анасы Сәния – 

ғылым докторы. Спорт пен оқуда үздіктер қатарынан танылып 

тҰлғА


СиҚырлы Саздың Саңлағы

 

„

Сиқырлы саз, нәзік сезімнің 



сыңғырымен тыныстап, 

жаңбырлы түннің тырсылынан 

жүректің дүрсіліне ұласқан 

әсем әуен тұп-тұнық, мөп-

мөлдір. кез-келген аруға ақ 

бантик байлаған балауса шағын 

аңсатып, кез-келген жанды 

бақыттың құшағында тербете 

білген Шәмші Қалдаяқовтың 

туғанына –  87 жыл.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ   

Шәмші  көзінің  тірісінде-ақ  аты 

аңызға  айналып,  танымал  болған. 

Тіпті,  біреулер  Шәмшінің  атын 

жамылып: «Мен атақты Шәмшімін, 

неге  мені  тегін  мінгізбейсіңдер?» 

деп  вагонның  жолсеріктерімен 

салғыласып  тұрса,  енді  бірі  

сазгердің әніне  табынып, құрметтеп 

жүргендерді  алдап,  ресторандарда 

тегін ас ішіп, шалқып жүрген деседі. 

Бірақ,  осыншама  танымалдығы 

жер  жарған  Шәмшінің  өмірі  оңай 

болды  ма?  Әндерінің  кең  тарап, 

халықтың  аузынан  тастамайтын 

сүйікті  сырлы  сазына  айналғаны 

Шәмшіні  құрметке  бөледі  ме?  Әні 

мен  елін  «Бақыттың  құшағында» 

тербеткенімен  өзі  бақыттың 

құшағында  тербелді  ме?    Шәмші 

Қалдаяқов жайлы естеліктерді оқып 

отырып,  сазгердің  «Қазақ  ССР-і 

өнеріне еңбек сіңірген қайраткер» де-

ген атақты үміттене күткенін білдім. 

Себебі, бұл атақ ел таныған, бірақ 

билік тани қоймаған сазгерге өмірлік 

зейнетақысын  қамтамасыз  ететін 

болғандықтан армандағанын ұқтым.

  1989  жылдың  жазында  жүрегін 

әуен кернеген композиторға «Қазақ 

ССР-на  еңбегі  сіңген  мәдениет 

қызметкері»  деген  атақ  беріліпті. 

Ең өкініштісі, бұл сүйінші хабарды 

Ән  аға  Шымкент  қаласына  жақын  

Ленинск (қазіргі Қазығұрт) ауылында 

қазақ халық әндерін жинаушы жасы 

кіші  досы  Райымқұл  Темірбектің 

үйінде отырып, газеттен оқып қана  

білген  екен.  Асыл  әндерімен  елін 

35  жыл  бойы  сусындатып  келген 

сазгер сосын әбден жылапты. Және 

өзінің  сол  сәтте  жылағанынан  

еш  қысылмапты.  Өйткені  оның 

жүрегіндегі  мұң-шері,  өкініші  көз 

жасымен бірге толассыз тама берген 

екен.


Шәмші  өзін  құрмет  тұтатын 

кісілерге хат қалдырыпты:

«Мені  Шәмші  деп  сыйлайтын 

қымбатты бауырларыма!

Мен  осы  алпыс  жыл  өмірімнің 

ішінде қазақтың небір ұлы азаматта-

рымен сырлас, достас, дастарқандас 

болдым.  Небір  өкінішті,  өткір 

күндерім де соларға аян.

Былтыр  алпысқа  толғаныммен, 

не  Композиторлар  одағына  мүше 

емес, не зейнетақы, атағым жоқ, өзім 

науқас,  айдалада  қалған  шағымда 

солардың  ешқайсысы  мені  іздеген 

жоқ. Мен туралы бір ауыз сөз, жылы 

лебіз білдірмеді. Мұқағали секілді 

мен  де  бұл  дүниеден  таршылық, 

жоқшылықпен өтіп барамын.

Шәмші.

Қараша айының 7-жұлдызы, 1991 



жыл»  деп  тайға  таңба  басқандай 

жазыпты. 

  1991  жылдың  16  қарашасында 

дерті меңдеп ауруханаға түсіп, 1992 

жылдың 22 ақпанында шыққан екен. 

Бірақ бұл аз ғана уақытта емделіп, 

жазылып шықты дегенге келмейді. 

Оны атағын беру үшін алып шыққан 

екен...

С ө й т і п     1 9 9 1   ж ы л д ы ң   2 9 



желтоқсанында  ұлы  сазгерге 

«Қазақстанның  халық  әртісі»  де-

ген  атақ беріліпті. Осы атақпен ән 

әлемінің аяулы сазгері небәрі алпыс 

күн ғана ғұмыр кешіпті. 

«Вальстің королі» атанған Шәмші 

бір  ауылға  қонаққа  барады.  Әр 

қазақтың  аузында  әні  айтылған 

атақты  адамға  ауыл  басшылары 

көңіл де бөлмейді. Бір аяулы азамат 

бірде: «Мұнда сізді ешкім құшақ жая 

күтпегенін білемін. Мен қарапайым 

шаруамын. Бір сиырым мен бір атым 

ғана бар еді. Сол жалғыз жылқымды 

сізге мінгіземін. Бас тарта көрмеңіз!» 

деп ізгі ниетін білдірген екен. 

О с ы н ш а м а   х а л ы қ т ы ң 

сүйіспеншілігіне бөленген сазгердің 

жары  қандай  еді?  Сиқырлы  саз 

әлеміне  елітіп,  қиял  қанатында 

шарықтап,  шабыттанған  сәттерін 

жары түсінді ме? Ол өз отбасында 

бақытты болды ма? Өкінішке орай, 

жоқ. Ол сүйіп алған жарымен  ай-

ырылысып жалғыз қалған. Алайда 

жары Шәмші жайлы естеліктерінде 

жылы  лебізін  білдіріп:  «Шәмші 

ішкіш  еді,  әйелі  мен  балаларына 

күн  көрсетпейтін»  деген  күңкіл 

әңгімелерін  естіп  қаламыз.  Оның 

бәрі өтірік. Ол ешқашан отбасының 

шырқын бұзған адам емес. Шынын 

айтқанда,  сол  жылдары  ішпейтін 

адам  ілуде  біреу  еді  ғой.  Шәмші, 

керісінше, ащы судан ұрттап алғанда 

елжіреп, елдің бәрін құшақтап сүюге 

әзір тұратын. Үйге ұрттап келгеннің 

өзінде  Естайдың  «Қорланын» 

ыңылдап қайталап айта береді, айта 

береді.  Арасында  «Ән  деп  осыны 

айт»  деп  таңғалып  отырады,  со-

сын  ұйықтап  кететін»  деп  айтқан.  

«Қорлан» әнін жақсы көруінің тағы 

бір  себебі  бұл  әнді  бала  Шәмшіні 

алақанымен аялай отырып анасы ай-

тып беретін.  Анасына деген махаб-

баты мен әнге деген құштарлығын 

оятқан  «Қорлан»  әні  Шәмші  үшін 

қашан да бағалы болған.

Ал әндерінің туу тарихына келер 

болсақ,  әйгілі  сыған  қызы  Изоль-

да  жайында  көріністер  қойылып, 

Шәмшінің  оған  деген  махаббаты 

зор болғаны сонша сыған таборына 

қосылған деген әңгіме ел ішінде жел-

дей гуледі. Ал Шәмшінің өзі болса «әр 

жерде өріп жүрген сыған халқының 

көшпелі күйі таңдандырып, біршама 

уақыт  сығандармен  бірге  болуына 

осы халыққа деген қызығушылығы 

түрткі  болыпты.  «Сыған  қызы 

Изольданың  болғаны  да  рас.  Мен 

қаласам менімен бірге кетер де еді, 

алайда  мен  оған  сыған  да,  қазақ 

та  бұл  ісімізді  құптамайтынын 

айтып, басқанмын» деп жауап бер-

ген  екен.    Одан  өзге  де  сан  алу-

ан  тақырыпта  ән  жазған  Шәмші 

шығармаларының  тақырыптық, 

мазмұндық  ауқымы  аса  кең.  Елге, 

жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-

жаранға деген сүйіспеншілік - Шәмші 

шығармаларының басты тақырыбы. 

Оның  азаматтық  лирикаға  тұнған, 

республикамыздың  кең  байтақ 

жерін жырға қосатын «Ақ ерке - Ақ 

Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр 

сұлуы»,  «Теріскей»,  «Қарқаралы», 

«Өмір  өзен»,  т.б.  туындыларын  

халық әлі айтып жүр. Композитордың 

марш  екпінді,  жігерлі,  шаттықпен 

шырқалатын «Менің Қазақстаным» 

бүгінде біздің елдің әнұраны. Шәмші 

әндері  талай  жүрекке  нұр  құйып, 

талай  ғашыққа үміт отын сыйлаған.

Өнер  өлкесінің  ән  әлемінде 

Шәмшінің    есімі    мәңгі  аталары 

сөзсіз


Медина Еркінбекқызы.   

МАМАНдыҚ


«кім боламын?»

 

„

Өмірде екі нәрсені таңдағанда аса 



мұқияттылықпен, ойланып таңдау керек. оның 

бірі – мамандық, ал екіншісі –адал жар. осы 

екеуін таңдаған кезде қателесуге болмайды! 

Мен соның біріншісі, яғни мамандық жайлы сөз еткім келеді. Мамандық – 

әрбір мектеп қабырғасынан ұшқалы тұрған жеткіншектің ойланатын мәселесі 

болғандықтан, бұл мәселе мені де айналып өтпеді. Өзім бұл туралы 9-сыныптан 

бері ойланып келемін. Түрлі-түрлі мамандықтар бар. Ақыры, ғаламторды шарлап, 

өзімнің түйсігім мен ізденістерімнің нәтижесінде, бір мамандыққа тоқталдым. Ол 

– журналистика саласы. «Кім болам десе, сол болу – ұлы адамның ісі, қолынан 

келгені болу – әр адамның ісі»(В.Гюго) деп, журналист болуды ұйғардым. 

Жалпы айтқанда, журналист – қоғам мен жеке тұлғаның арасындағы көпір, 

журналист – БАҚ-ның негізі. Белгілі бір ақпаратты іздеп, табу, сараптау, оны 

өңдеу – журналистің басты міндеті. Өз саласының шебері болуы үшін журналист 

сөзге шорқақ болмау керек, білікті де білімді, айналасындағы адамдармен тез 

тіл табыса білуі,  бәсекеге қабілетті, заман талабына сай болуы шарт. Аталмыш 

сапаларға ие маман болмақ үшін кітап оқу –  өте-өте маңызды деп білемін. Кітап 

оқу арқылы адамның сөздік қоры байиды, қоғамның ахуалымен танысады, оқу 

мен жазу сауаттылықтарын дамытады. Сол үшін де, мен бүгіннен бұл іске жете ден 

қойдым. Маған журналистика саласының ең ұнайтын бір тұсы – жан-жақтылық: 

сенің экономикадан, спорттан, кәсіпкерліктен, білім беру жүйесінен, техникадан, 

заңнан, әлеуметтің әлеуетінен де хабарың болды. Бір жемістің түрінен он данасы 

болғанша, он жеміс түрінен бір-бірден болғаны жақсы емес пе?

Әр маман иесі өз ісінің шебері болуы тиіс. Ондай дәрежеге жету де оңай шаруа 

емес. «Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды» – деген 

Ф.Вольтер. Сондықтан да, алдымыздан шыққан сан алуан қиыншылықтарға 

мойымай, келешегімізге зор үмітпен қарап, өзіміз таңдаған мамандықтарымыздың 

ең биік шыңына табан тірейік!

Дәрмен оңАЛБАЕВ,

«Білім - инновация» мектеп интернатының оқушысы

жүрген Адай мен Абылайдай ағалары тұрғанда Мединадай ерке 

қыздың, көркіне ақылы сай сымбатты қыз болып өсетініне 

кәміл сенеміз. 

Ал, қазақтың салт-дәстүрлері мен ырымдарының астарын-

да ағайын-туған, дос-жарандардың арасындағы бірлік пен 

ынтымақты,  сыйластық пен татулықты нығайту жатқан жоқ па. 

Олай болса, Ерекеңнің «Патшам» деп еркелеткен ерке 

қызының білімнің «тағы» партаға отырғаны құтты болсын. 

Өмірі сәтті, болашағы жарқын болсын деп тілеймін. Барға 

тәубә  етіп,  болашаққа  сеніммен  қарап,  жетістіктерімізге 

шүкірлік етіп жүрейік достар. 



Еркін АҚТАЕВ,

физика-математика ғылымдарының кандидаты

8

//   «Жамбыл - Тараз»  // №33 (1373), 16 Тамыз  2017 Жыл  //

спОрт

 

„

текті тараз – 



әсте ұлағатты 

ұрпағымен 

талайға мәлім 

болған мекен. 

Әсіресе, даңқты 

спортшыларымен  

жалпақ жұртқа 

танылған 

киелі Әулиеата 

топырағы алаштың 

мақтанына 

айналды. 

Спортшы  үшін  ең  биік  шың 

–  Олимпиада    биігі  болса,  бұл 

үрдісте қаншама жамбылдық жам-

поз  атой  салды.  Аталмыш  өлке 

–  Олимп  шыңын  бағындырып, 

бірнеше  байрақты  бәсекелер 

мен  чемпионаттардың  тұғырын 

а лас артп аған  ай бозд ард ың 

мекені.  Кеңестік  кезең  тұсында 

өткен    Мәскеу  Олимпиадасы  – 

қазақ  спортының  жұлдызының 

биікте  екенін  бірден  аңғартты. 

1980  жыл.  Мәскеу  қаласындағы 

байрақты  бәсекеде  грек-рим 

күресінен алтыннан алқа тағынған 

қазақтың қара домалағы Жақсылық 

Үшкемпіровтың    жеңісі  тақым 

қысқанның  сенімін  ақтады.  1980 

жылы Мәскеу қаласында жалауын 

желбіреткен  аламандағы  алтын 

медальді  қоржынға  қондырып 

жатқан  тұста,  былғары  қолғап 

шеберіміз  Серік  Қонақбаев 

күміс  жүлдеге  қол  жеткізіп, 

қуанышымызды еселей түсті. Бұл 

Кеңестік  кезең  тұсында  жеткен 

жетістіктеріміздің бір парасы. Қос 

оғлан салған жеңісті де һәм жемісті 

жолды егемендіктің еңсегей ерлері 

болған спортшыларымыз жалғады. 

Ал 1996 жылғы Атланта олимпиада-

сы боксшымыз   Болат Жұмаділовтің 

жұлдызын жағып, күміс медальді 

қоржынына қондырса, осы жемісті 

жолын 2000 жылы Австралияның 

астанасы Сиднейде өткен Олимпи-

ада да тағы қайталауға мүмкіндік 

берді.  Жалпы  Сиднейдегі  бәсеке 

т араздық  т алай  т арланның 

жұлдызын  жақты  деуге  негіз 

бар. Бұл сында талантты боксшы                                                                         

Ермахан Ибрагимовтың айы оңынан 

туып, алтын алқаны тағынса, еркін 

күрестен өткен тартыста Ислам Бай-

рамуков  күміспен күптелді. 2004 

жылы Олимипада отаны Афиныда 

өткен  бәсекеде    боксшы  Бақтияр 

Артаев жеңіске жетіп, ел мерейін 

тасытты.  Сонымен  қатар,  үздік 

былғары қолғап иелеріне берілер 

Вел Баркер кубогіне қол жеткізді. 

Араға  10 жыл салып 2012 жылы 

Лондон  олимпиадасында  еркін 

күрестен  Ақжүрек  Таңатаровтың 

алған қола жүлдесі жамбылдықтар 

үшін  алтынға  бергісіз  болып  та-

былды.  Сондай–ақ  өткен  жылы 

ғана  Рио  төрінде  өткен    дода 

жамбылдық екі спортшының бағын 

жақты.  Дзюдошылар  сайысында 

жампоз  Елдос  Сметовтің  күміс 

медальді кеудесінде жарқыратып, 

Жамбыл  спортының  жұлдызы 

жарық  екенін  тағы  бір  мәрте 

дәлелдеді.  Ал  жүзуден  Зульфия                                                                       

Габидуллина  Паралимпиада 

ойындарының чемпионы болып қана 

қоймай, 100 метрге еркін жүзуден 

әлем  рекордын  жаңартып,  айды 

аспаннан  шығарды.  Нәтижесінде 

мемлекет  мақтанышы    спорттық 

жолындағы   12-ші рекордын ор-

натып,  еншісіне  жазды.  Әлбетте, 

Олимп  шыңын  бағындырған 

бұл  толағайларымыздың  ерлігі 

қандай  мақтауға  да  лайық.  Десе 

де, облыс спортшылары арасында  

халықаралық,  Әлем,  Азия  ойын-

дарында да облыс мерейін үстем 

етіп жүргендері аз емес. Мәселен, 

каратэден  Инчхонда  өткен  Азия 

чемпионатының  алтын  медаль 

иегері  Гузалия  Гафурова,  Рио 

Олимпиадасының  қатысушысы, 

Азия чемпионы, WSB Бүкіләлемдік 

бокс сериясының жеңімпазы Ол-

жас  Сәттібаев,  Сурдлимпиалық 



Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 0.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет