№33 (1373) 16 тамыз 2017 жыл, сәрсенбі Қазақстанның іскерлік қауымдастығы Халықаралық көрмені қараша айына дейін ұзартуды сұранды. „ Ұлт намысын ұран етіп



жүктеу 0.85 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата09.09.2017
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

нұр отан» партиясы

тараз қалалық 

филиалының

партиялық бақылау 

комиссиясының 

хабарламасы

«Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбай-

лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 

Республикалық қоғамдық кеңесінің 2017 

жылғы 15 маусымдағы  № 007 қаулысының 

2.6.  тармағының  2)  тармақшасының  та-

лабын  орындау  мақсатында,«НұрОтан» 

партиясының Жарғысы мен партия мүшесінің 

Этика талаптарын сақтамағаны үшін Тулен-

диев Елдос Жанатбекович партия қатарынан 

шығарылды.


4

//   «Жамбыл - Тараз»  // №33 (1373), 16 Тамыз  2017 Жыл  //

ЖАңғырту 3.0

маҚСат – айҚын, 

бағыт – белгілі

 

„

тарихтың жаңа 



жылнамасын ашқан 

жас мемлекетіміздің 

тәуелсіздігіне ширек 

ғасырдың жүзі. 

Өркендеу бағытына 

қадам басқан 

елдің дамуы кезек 

күттірмейтін мәселе. 

осы орайда мемлекет 

басшысы нұрсұлтан 

Әбішұлы назарбаевтың 

жыл сайынғы халыққа 

Жолдауында  айтылған 

басымдықтар өрлеудің 

кеңістігіне жетелеп 

отыр. 

Мұндай саяси тың бастамалардың бірі – Ұлт 

Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани 

жаңғыру»  атты  мақаласы.  Біз  қазақ  елі  жаңа 

тарихи кезеңге аяқ бастық. Осылайша дамудың 

даңғыл  жолына  түскен  еліміз  үшін  аталған  

мақаланың маңызы зор болмақ. Онда саяси ре-

форма мен экономикалық жаңғырудың негізгі 

тетіктері қарастырылған. Бағдарламалық  мақала 

мемлекетіміздің қоғамдық–саяси өміріне тағы 

бір сілкініс, жаңаша серпін әкеледі. Оның басты 

мәні – Қазақстанның рухани өркендеуі, әлемдегі 

тоқтаусыз өзгерістер, құбылыстар үдерісінде, 

жаһандану жағдайында өзінің ұлттық ерекшелігін, 

рухани әлеуетін жоғалтпайтын ел ретінде дамуы, 

тәуелсіз елдің, халқының тәуелсіз қоғамдық са-

насын қалыптастыру. Елбасы осылай деп атап, 

әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың 

6  негізгі  бағытын  айтып  өтті.  Ұлттың  алтын 

арқауы  –  мәдениет  демекші,  ұлы  көштің  ру-

ханиятын  жаңғыртып,  бай-мұрасын  сақтап, 

мәңгілік мәдениетін қалыптастыру барысында 

бағдарламалық  мақалада  кеңінен  айтылған. 

Мәселен,  Елбасы  Н.Назарбаев  мақаласында  

«Туған  жер»  бағдарламасы  арқылы  еліміздің 

қасиетті  рухани  құндылықтары  немесе  киелі 

жерлерінің географиясын әзірлеу керектігін алға 

тартқан болатын. Расында, әрбір халықтың, әрбір 

өркениеттің  баршаға  ортақ  қасиетті  жерлері 

болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. 

Осы тұста Мемлекет басшысы Ұлытау төріндегі 

жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, 

Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен 

Жетісудың киелі мекендерін және Тараздың ежелгі 

ескерткіштерін өзара сабақтастыра отырып, ұлт 

жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды 

меңзеді. Ал, ол өз кезегінде ұлттың  біртұтастығы 

мен бірегейлігін бекемдейді. Сондай-ақ Елба-

сы осы міндеттерді іске асыру үшін жергілікті 

мемлекеттік органдарға бірнеше тапсырмалар 

жүктеген болатын. Қоғамның дамуына мәдениет 

саласының ықпалы айрықша. Салаға артылған 

басты тапсырмалар шеңберінде ұлттық мәдени 

құндылықтарымызды зерделеу, сақтау мен на-

сихаттау жұмыстарын жалғастыру, ұлтымыздың 

белгілі тұлғаларына арналған мәдени-көпшілік 

іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстанның және 

рухани жаңғыру –

ұлт болашағы

 

„

елбасы нұрсұлтан Әбішұлы 



назарбаевтың  халыққа жария 

еткен «болашаққа бағдар: рухани 

жаңғыру» атты бағдарламалық 

мақаласында елімізді 

технологиялық дамудың жаңа 

деңгейіне көтеретін ауқымды 

жаңғыруға, конституциялық 

реформа арқылы саяси жаңғыруға  

жол ашты. 

Мақала терең ойларға шомдырып, салмақты, 

салиқалы әрекеттерге жетелейді. Таяу жылдардағы 

орындайтын міндеттерді нақтылап, қазақ тілін 

біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын 

бастауды    «Жаңа  гуманитарлық  білім.  Қазақ 

тіліндегі  100  жаңа  оқулық»  жобасын,  жал-

пы  ұлттық  патриотизмді  дәріптейтін  «Туған 

жер»  бағдарламасын  қолға  алуды,  ұлттық 

мәдениетіміздің  озық  үлгілерін  көрсететін 

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге 

асыруды атап өтті. Елбасы «бізге инженерлер 

мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және 

болашақты терең түсіне алатын  білімді адамдар 

да ауадай қажет» деп ерекше атап өтті. Мақаланың 

«Таяу  жылдардағы  міндеттер»  деп  аталатын 

бөлімінде гуманитарлық ғылымдардың алдына 

үлкен  міндеттер  қойып,  оны  жүзеге  асыруды 

қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтап беріп 

отыр. Бұл салада үлкен қозғалыстардың болары 

сөзсіз. Гуманитарлық ғылымдар ішіндегі ерек-

ше орны бар заң ғылымдары үшін де жауапты 

кезең туғандай. Құқық адамзат қоғамының қат-

қабат күрделі қатынастарын реттеп,  қатыгездік 

пен  жауыздыққа  тыйым  салып,  ізгілік  пен 

жасампаздықты қолдап, әділеттілік пен теңдікті, 

заңдылық пен тәртіпті ту етіп, адамзат қоғамын 

өркениет жолына жетелеп келеді.

 Президент ой-толғауында білімге айтарлықтай 

басымдық берді. Ал жақсы маман, жақсы адам 

тәрбиелеу – елге игі. Білім алуды культке айнал-

дыру, басымдыққа айналдыру деген нәрсе біздің 

қоғам үшін өте қажет. Дәл қазір біз әлемдегі ең 

үздік үлгілерді ескере отырып, мейлінше орта, 

жоғары деңгейде білім сапасын арттыру керекпіз. 

Ол үшін тек қана мемлекеттің атқарып жатқан 

бағдарламалары аясында ғана емес, әр жеке адам: 

«Мен өзімді қалай жетілдіре аламын, қалайша 

жаңа білімге қол жеткіземін» – деген  сұрақты өзіне 

қойып дамуы қажет. Бұл біздің қоғам алдындағы 

басты борышымыз.  Елдің тұғырының берік болып  

өркендеуі  білім мен тәрбиеге байланысты.            

Абай  атындағы  Жамбыл  гуманитарлық 

колледжінде жастарды қолдау, басты міндеттердің 

бірі. Осы мақсатта колледж студенттерін жан-

жақты үйлесімді етіп тәрбиелеу үшін «Мәңгілік 

ел», «Мемлекеттік  тілді  дамыту», «Халық музыка-

сын насихаттау», «Салауатты өмір салтын сақтау»  

орталықтары мен шығармашылық  үйірме,  клубта-

ры ашылып, әрбір жеке тұлғаның дамуына сапалы 

жұмыстар жүргізілуде.

 Қазіргі заманға сай, бәсекеге қабілетті  де 

парасатты  ұрпақ  қалыптастыру  мақсатында  

колледжде «Өлкетану» жобасы  аясында «Бау-

ыржан Момышұлының өмірлік тағылымдары»,                                                                                                

«Шерхан Мұртазаның еңбектерінің тәрбиелік 

мәні»,    «Бабалардың  асыл  мұрасы  –  Қазақ 

хандығы», «Мәңгілік елдің ұлттық құндылығы 

–  Қазақ  хандығы»,  «Қазақ  хандары»,  «Қазақ 

хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек 

сұлтандар»  атты  іс-шаралар  ұйымдастырды. 

«Отаным  –  тағдырым»  жобасы  аясында 

«Қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының 

қалыптасуының негіздері», «Қазақ хандығының 

соңғы ханы – Кенесары», «Алаш арысы – Әлихан», 

«Шоқан – Қазақтың жарық жұлдызы», «Қайрат 

Рысқұлбеков – Тәуелсіздіктің ұлы қаһарманы», 

«Алау» патриоттық жобасы аясында «Сапта жүріп 

ән айту» байқауы және «Алау» спорттық эстафе-

тасын өткізу үрдіске айналған.

 «Саналы азамат» жобасы шеңберінде кол-

ледж  студенттерінің  қолөнерін  насихаттау 

мақсатында  көрме залы, колледжге еңбегі сіңген 

танымал тұлғаларға арналған мұражай жастардың 

азаматтық  ұстанымын,  рухани  жаңғыруын 

қалыптастырады.



Айдархан БИНАЗАРоВ,

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық 

колледжінің директоры, 

Тараз қалалық мәслихатының депутаты

рух беретін айбарым – аспан түстес байрағым

 

„

мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің 



тәуелсіздігін білдіретін символикалық 

айырым белгілері. мемлекеттік рәміздер –

белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде 

орналастырылған жанды-жансыз заттардың 

бейнелерінен құрастырылады.

Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, 

өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік 

нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, 

сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді 

парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Консти-

туцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік 

Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік 

рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді 

нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Туы  –  ортасында 

шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік 

бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек 

тік жолақ түрінде нақышталған. Күн – оның шұғыласы, қыран және 

ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының 

арақатынасы – 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек 

нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы 

күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн 

сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол 

жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. 

Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде 

«Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, 

аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» 

деген жазу – алтын түстес. 

ҚР мемлекеттік рәміздерін дайындау және пайдалану тәртібі Қазақстан 

Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының  

Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де 

нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

Мемлекеттік  Ту,  Мемлекеттік  Елтаңба  олардың  өлшемдеріне 

қатыссыз ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Ұлттық стандарттарға 

алыс-жақын шет елдердің мұрағаттарынан өңірге 

байланысты құжаттарды жинақтау жұмыстарын 

жүргізу,  мәдениет  ұйымдарының  қызметін 

бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру және қазіргі 

заманғы  цифрлық  технологияларға  сәйкес 

жаңғырту, өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерді 

қалпына  келтіру  жұмыстарын  жалғастыру,     

қасиетті жерлер бойынша мәдени-географиялық  

жинақ  шығару,  мәдени  туризмді  дамытуды 

тапсырған  болатын.  Аталған      мақсаттарды 

жүзеге асыру үшін біздің өңірімізде мүмкіндік 

бар деп есептеймін. Осы мақсат төңірегінде облыс 

әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама 

басқармасымен  бірлесе  отырып,    «Жаңарған 

Жамбылым» атты І  республикалық эстарада 

әншілерінің конкурсын өткізген болатынбыз. 

Мәдени  шараның  негізгі  мақсаты  –  Жамбыл 

облысынан шыққан композиторлардың әндерін 

кеңінен насихаттап, эстрадалық әндерді орындай-

тын жас таланттарды іздестіріп, оларды халыққа 

таныту. Ән додасына еліміздің барлық аймағы 

мен Қырғыз Республикасынан бірнеше үміткер 

қатысып, елге танымал жарық жұлдыздардан 

бағасын алды. Әрине, «Ел іші – өнер кеніші» деп 

бабалар айтқандай, мұнымен Әулиеата әлеуеті 

арқылы  оның  мәдениетін  паш  ету  жолында  

атқарылып жатқан жұмыстар легі толастамақ 

емес. Өңір мәдениетінің дамуы – ел мәдениетінің 

дамуы. Енді тек мақсатқа жету үшін біздің сана-

мыз ісімізден озып, одан бұрын жаңғырып отыруы 

тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды 

толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне ай-

налады. 


Сейтқасым ТҮКТІБАЕВ, 

Жамбыл облыстық 

филармониясының директоры 

сәйкес келмеген жағдайда олар Қазақстан Республикасы Үкіметімен 

анықталған тәртіпте ауыстыруға және жоюға жатады.

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Туын,  Мемлекеттік 

Елтаңбасын жасау Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған 

тәртіпте берілетін сәйкес лицензияның  болуы кезінде жүргізіледі.

Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  рәміздерін  жасау  мен 

қолдануды  реттейтін  Қазақстан  Республикасы  заңнамасын  бұзу 

Қазақстан  Республикасы  заңдарымен  орнатылған  жауаптылықты 

жүктейді.

Қазақстан  Республикасы  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  тура-

лы» Кодексінің 418 бабына сәйкес Ұлттық стандарт  талаптарына 

сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар 

бейнеленген материалдық объектілерді дайындау, пайдалану және 

орналастыру жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 

немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік 

субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз 

айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

–  Осы  баптың  бірінші  бөлігінде  көзделген,  әкімшілік  жаза 

қолданылғаннан  кейін  бір  жыл  ішінде  қайталап  жасалған  әрекет 

жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе 

коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік 

субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық 

есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Өз  кезегінде  Қазақстан  Республикасының  «Әкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы» Кодексінің 485 бабында Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік  Туын,  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 

Елтаңбасын  пайдалану,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу ішкі істер 

органдарының құзыретіне жататынын атап өту керек.

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Туын,  Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін 

заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 

Гимнін  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  талаптарын  бұза 

отырып пайдалану және орындау – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш 

мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бану ЖИЕНБАЕВА,

Техникалық реттеу және метрология 

Комитетінің Жамбыл облысы бойынша

Департаментінің бас маманы


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №33 (1373), 16 Тамыз 2017 Жыл  //

5

сҰХбАт



– Мүсілім Жеңісұлы, алдымен облыс көлемінде 

әрекет  ететін  қағиданың  ерекшеліктеріне 

тоқталып өтсеңіз?

–  ҚР  Ұлттық  экономика  министрінің  2015 

жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығымен қалалар 

мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың 

үлгілік қағидаларына бекітілген. Осыған сәйкес, 

үлгілік  қағида  негізінде  Жамбыл  облысының 

қалалары  мен  елді  мекендерінің  аумақтарын 

абаттандыру Қағидалары әзірленеді. Облыстық 

абаттандыру қағидалары негізінен 9 тараудан 

тұрады, әр тарау абаттандыру жүргізудің барлық 

салаларын реттеп, күзгі-қысқы және көктемгі 

жазғы мезгілде қалалар мен елді мекендердің 

аумақтарын тазартудың ерекшеліктерін қамтиды. 

Ал соңғы өзгерістерге келер болсақ, қағидалар  

облыстың  қалалары  мен  елді  мекендерінің 

аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті 

айқындайды және қатынастарды реттейді. Ал 

бұл қағидалар абаттандыру, қатты тұрмыстық 

қалдықтар, өтпе жол, тротуар, уәкілетті орган, 

ұйым, шағын сәулеттік нысандар, іргелес аумақ 

бойынша іске асады. 

– Абаттандыру дегенде алдымен тазалық еске 

түседі. Бұл бойынша қандай жаңашылдықтар 

енгізілді?

–    Қағиданың  2-ші  бөлімінде  тазалық  пен 

тәртіпті  қамтамасыз  етуге  басымдық  беріліп 

отыр.  Атап  айтар  болсам,  жеке  және  заңды 

тұлғалар  барлық  аумақта,  оның  ішінде  жеке 

үй  иелері  аумақтарында  тазалықты  сақтайды 

және  тәртіпті  қолдайды,  белгіленбеген  жерде 

қоқыс (немесе қалдық) үйіндісін тастамайды, 

абаттандыру  элементтерінің  (жолдар,  троту-

арлар,  көгалдар,  шағын  сәулет  нысандары, 

жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және 

бұзылуына жол бермейді. Жергілікті жерлерді 

ағымдағы  санитариялық  күтіп-ұстауды  осы 

саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар 

жүзеге  асырады.  Барлық  ұйымдық-құқықтық 

нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның 

iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi 

де бар. Мәселен,  дербес өз қаражаты есебінен 

немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен 

бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды 

және абаттандыруды қамтамасыз етеді. Ал кез 

келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, 

мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірген 

жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар 

етуі  керек  болса,  көшелер  және  үй  нөмірлері 

көрсетілген  тақталарды  техникалық  дұрыс 

жағдайда  және  тазалықта  ұстайды.  Сонымен 

қатар жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды 

жинау және күтіп-ұстау мынадай жұмыс түрлерін 

қамтиды: алдымен, ұсақ және тұрмыстық қоқыстар 

мен қалдықтарды жинау және шығару және  ірі 

көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және 

шығару, сыпыру және т.б. Жалпыға ортақ пай-

даланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, 

скверлерді,  бульварларды,  су  айдындарын, 

жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда 

орналасқан  тротуарларды,  жаяу  жүргіншілер 

аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды 

және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет 

көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту 

субъектілері жүргізеді. Объектілердің меншік 

иелері  жапсарлас  аумақтарда  (автотұрақтар, 

боксты  гараждар,  ангарлар,  қосалқы  қойма 

құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет 

көрсету объектілері) санитариялық тазалауды 

және  жинауды  коммуналдық  шаруашылық 

ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз 

бетінше жүргізеді.  Көшелер мен өтпе жолдардың 

бойында орналасқан тротуарларды, жолаушы-

лар  көлігінің  аялдама  алаңын  жинауды  жүру 

бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауап-

ты  ұйымдар  жүргізеді.  Аялдама  кешендерін 

және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама 

алаңында  оларға  іргелес  аумақтарды,  ақылы 

автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ 

кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жина-

уды және жууды олардың иелері жүзеге асыра-

ды. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде 

құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген 

ұйымдар шығарады. Су ағатын желілерде ласта-

нуды болдырмау үшін су ағатын коллекторларда, 

жауын  суын  қабылдайтын  құдықтарда  және 

арық жүйесінде қоқыстардың тасталуына жол 

берілмейді. Жерүстi инженерлік құрылыстарын 

пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк 

желілердің қорғалатын аймақтарының шекара-

сында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-

ұсталуын қамтамасыз етеді.



– Тараз қаласы жасыл желекті қалалардың 

қатарында. Ал бұл көрсеткіш қыс-күз, көктем 

мезгілдерінде  жүргізілетін  сенбіліктер  мен 

тазалық айларының нәтижесі екені жасырын 

емес. Осы орайда елді мекендерді тазартудағы 

 

„

алтыншы шақырылған 



облыстық мәслихаттың 

сессиясында қаралған мәселе 

бойынша ағымдағы жылдың 27 

маусымында облыстың қалалары 

мен елді мекендерінің аумақтарын 

абаттандыру қағидалары күшіне 

енді. енгізілген өзгерістерді білу 

мақсатында облыс әкімдігінің 

энергетика және тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық 

басқармасының басшысы мүсілім 

Қасымовпен сұхбаттасқан едік.

абаттандыру ЖұмыСына

бӘріміз Жауаптымыз

ерекшеліктерді айтып өтсеңіз.

– Күзгі-қысқы тазарту мезгілі қазаннан наурызға 

дейін белгіленеді. Қарды жинау мен сыпыру жол 

бетіндегі қардың қалыңдығы 4-5 сантиметрден 

аспай тұрған аралықта жүргізіледі. Қарды қар 

жауғаннан кейінгі 4 сағаттан кешіктірмей жинау 

қажет, қайтара жинау сол аралықта, ал қар тола-

стамай жауғанда аяғына таман жиналады. Қарды 

шығару мына мерзімдерде жүргізіледі: маңызды 

магистральдарында қар жамылғысы кемінде 6 

сантиметр түскен кезде – екі тәуліктен, ал басқа 

жолдарда - төрт тәуліктен кешіктірмей. Ал қар 

6 сантиметрден аса түскенде – сәйкесінше төрт 

тәуліктен  немесе  жеті  тәуліктен  кешіктірмей. 

Саябақтардағы,  скверлердегі,  бульварлардағы 

және  басқа  көгалды  аймақтардағы  жолдарды 

тазарту  кезінде,  жасыл  желектердің  сақталуы 

мен  еріген  сулардың  ағуын  қамтамасыз  еткен 

жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ 

қарларды осы мақсаттарға бұрын дайындалған 

алаңдарда үюге рұқсат етіледі. Қысқы мезгілде 

жолдар, саябақ орындықтары, қоқыс қораптары 

және басқа да элементтер мен шағын сәулет фор-

малары, сондай-ақ олардың араларындағы және 

жанындағы жерлер, оларға баратын жолдар қар мен 

мұздақтардан тазартылуы керек. Жолдың троту-

арлармен жүру бөлігінде көшелердегі инженерлік 

желілерде болған апаттан пайда болған мұздақтар 

осы желілердің иелері болып табылатын заңды 

және (немесе) жеке тұлғалармен бөлшектенеді 

және тазартылады. Көшелер мен өтпе жолдардан 

қарды шығару арнайы дайындалған алаңдарда 

жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы орган-

дармен келісілмеген орындарға қарды шығаруға 

жол берілмейді. Көктайғаққа қарсы күресу үшін ас 

тұзын пайдалануға жол берілмейді. Аула аумақтары 

мен  орамішілік  өтетін  жерлерден  тазартылған 

қарды,  аула  аумақтарының  автокөліктің  еркін 

өтуіне және жаяу жүргіншілердің қозғалысына 

кедергі келтірмейтін орындарына жинауға рұқсат 

етіледі. Аулаішілік аумақтарда қарды жинау бары-

сында, еріген судың ағып кетуі қарастырылады. 

Қыс мезгілінде үй иелері және жалға алушылар 

шатырларды қардан, мұздан және сүңгілерден 

уақытында тазарту жұмыстарын ұйымдастырулары 

қажет. Бұл кезде жүргіншілер аймақтарына алдын 

ала  арнайы  қоршаулар  орнатылады.  Үйлердің 

төбесін қардан тазарту, көше жаққа бағытталған 

шатырлардан қар мен мұздақтарды тротуарларға 

лақтыру тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. 

Суағар  құбырлардың  аузына  қар,  мұз  және 

қоқыстарды тастауға жол берілмейді. Ал көктемгі-

жазғы тазарту мезгілі сәуірден қыркүйекке дейін 

белгіленеді. Көктемгі-жазғы тазарту көшелердің, 

тротуарлардың,  алаңдардың  көлік  жүретін 

бөліктерін жууды, оларға су шашуды және сыпы-

руды қарастырады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды 

шығаруды ұйымдар уәкілетті орган белгілеген не-

месе қызмет тұтынушымен келісілген бекітілген 

кестеге сәйкес мерзімде жүзеге асырады. Кестелер 

қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында 

ілінеді. Құрылыстарды және (немесе) жылжымай-

тын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке 

және  заңды  тұлғалар  құрылыс  қоқысын  кәдеге 

жарату шарттарын жасасуы қажет, оны белгіленген 

орынға өз бетінше немесе қоқыс шығаруды жүзеге 

асыратын ұйымдармен шарт бойынша шығарады.  

Үй иелерінің аумағында мамандандырылған көлік 

үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді 

орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады. 

Контейнерлерді  орнатуға  арналған  алаңдардың 

бетонды немесе асфальтты жабыны және қоршауы 

болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін 

жапқыштары бар контейнерлерді қолданған жөн.

Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контей-

нерлерге және контейнерлік алаңдарда күл тастауға 

және жинауға жол берілмейді. Қатты тұрмыстық 

қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен немесе 

өзге арнайы көлікпен, үй иелерінің кәрізденбеген 

сұйық  қалдықтары  ассенизациялы  вакуумдық 

көліктермен  шығарылады.Сұйық  қалдықтар 

мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген 

орындарға шығарылады. Қоқыс шығару құбырын 

пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пай-

даланушы ұйым жүзеге асырады.Жеке тұлғалар кон-

тейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында 

сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін 

арнайы контейнерлерде істен шыққан құрамында 

сынап бар шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жина-

уды қамтамасыз етеді. Контейнерлік алаңдарды 

және контейнерлерді пайдаланатын және оларға 

қызмет  көрсететін  ұйымдар  бар.  Вокзалдарда, 

базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс 

аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық 

сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолау-

шылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің 

кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орна-

тылады. Халық көп келетін орындарда құтылар бір 

бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта; аулаларда, 

саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі 

арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар 

көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің 

кіреберістерінде екi құты орнатылады. Құтылар 

толу шамасына қарай, күніне бір реттен кем емес 

тазартылады. Құтылар ластану деңгейіне қарай, 

бiрақ аптасына бір реттен кем емес жуылады.



– Мүсілім Жеңісұлы,  мәслихат депутаттары-

мен өткен сессияда тек тазалық, абаттандыру 

жұмыстарына ғана емес сондай-ақ көшелер мен 

тұрғын үйлердің абаттандырылуы, ғимараттар 

мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау 

туралы  да  өзгерістер  енгізілді.  Бұл  орайда 

тұрғындар мен мекеме басшылары нені ескеруі 

керек. Толығырақ айтып өтсеңіз?

– Расында бұл орайда енгізілген жаңашылықтар 

бар.  Тоқталып  айтар  болсам,  шағын  аудандар 

мен  орамдардың  тұрғын  үй  аймақтары  қоқыс 

контейнерлерін  қоятын,  кір  кептіретін,  дема-

латын,  балалар  ойнайтын,  спортпен  айналыса-

тын,  үй  жануарларын  серуендетуге  арналған 

алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, 

жасыл аймақтармен жабдықталады.Алаңдардың 

саны,  орналасуы  мен  жабдықталуы  құрылыс 

және  санитариялық  нормаларға  сәйкес  болуы 

тиіс.Қарамағында  ғимараттар  мен  құрылыстар 

бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен 

құрылыстардың  меншік  иелері  көрсетілген 

объектілердің  қасбеттерін  және  олардың  же-

келеген  элементтерін  (балкондар,  лоджиялар, 

су  ағатын  құбырлар)  қалпына  келтіру,  жөндеу 

және  бояу  бойынша  жұмыстарды  уақытылы 

жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде 

орналастырылған  ақпараттық  тақтайшаларды, 

ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда 

ұстайды.  Дүкендер мен  кеңселердің көшелерге 

қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен 

безендіріледі. Ғимараттардың және құрылыстардың 

қасбетіне инженерлік жабдықтардың элементтерін 

(деректерді қабылдау антенналарын, ауаны қалыпқа 

келтіру жүйелерін) орналастыру нысанның жалпы 

сәулет келбетіне жағымсыз әсер келтірмеуі керек. Өз 

еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың 

конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға 

жол берілмейді.

– Сондай-ақ сыртқы жарықтандыруды және 

субұрқақтарды күтіп-ұстау бойынша не айтар 

едіңіз?

–  Көшелердің,  жолдардың,  алаңдардың, 

жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын 

объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті 

атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи 

жарық  деңгейінің  азаюы  кезінде  кешкі  ымырт 

кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі – таңғы күңгіртте 

10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі. Сыртқы 

жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің 

элементтері, металл бағаналары, кронштейндер 

тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырла-

нуы қажет. Алаңдардағы, магистральдардағы және 

көшелердегі,  аула  аумақтарындағы  шамдардың 

жаңбауы белгілі бір аумақтағы жалпы санының 5 

пайызынан аспауы керек. Орталық көшелердегі 

жарықтандыру  элементтерін  және  әшекейлі 

көмескі  жарықтарды  ауыстыру  және  жөндеу 

бір  тәулік  ішінде  жүзеге  асырылады,  қалған 

телімдерде  үш  тәулік  ішінде.  Істен  шыққан 

құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы 

мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда 

сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы 

кәсіпорындарға  шығарылады.  Уәкілетті  орган 

коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті 

жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді. 

Субұрқақтарды  қосу  мерзімін,  олардың  жұмыс 

істеу режимін, тостағандарын жуу және тазарту 

кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс 

істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды. 

Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың 

беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдалану-

шы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы 

тоқтаған кезеңде де, оларды тазалықта ұстайды.

- Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын 

абаттандыру, инфрақұрылым обьектілері, жа-

сыл екпелерін жою және бүлдіру жағдайында 

заң  аясында  әкімшілік  құқық  бұзушылыққа 

тартылғандар ма?

-  Әрине. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

кодексінің 505 бабында қарастырылған. Заң аясында 

ОІІД Әкімшілік полициясы мен Жамбыл облысы 

әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналық 

шаруашылық басқармасы арасында тікелей жұмыс 

жүргізілуде. 2016 жылы құқық бұзушылыққа жол 

берген үшін 8349 тұлға жауапкершілікке тартылып, 

оның ішінде ескертілгендері  8258,91 тұлға. Со-

масы 3.364967 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл 

салынды, орындалған 15 қаулы бойынша, өндірілген 

айыппұл сомасы 1.272600 теңгені құрап отыр. Ал 

ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 

құқық  бұзушылық  үшін  жауапкершілікке  6101 

тұлға тартылып, оның ішінде 6073 тұлғаға ескерту 

берілді. 28 азаматқа сомасы 1.247950 теңге әкімшілік 

айыппұл салынды, орындалған 6 қаулы бойынша 

өндірілген айыппұл сомасы 247590 теңгені құрады.



– Әңгімеңізге рахмет!

Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 0.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет