313 ОҚушылардың салауатты өмір салтын ұйымдастыру



жүктеу 46.22 Kb.

Дата21.05.2017
өлшемі46.22 Kb.

 

 

313 



ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Марат М., Байжұманов Б.Ш. 

(Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ) 

 

 

 

Жастар  еліміздің  болашағы  десек,  болашағымыздың  жарқын  болуы  жастардың 

денсаулығына  тікелей  байланысты.  Сондықтан,  жастардың  салауатты  өмір  сүруін 

отбасынан, балабақшадан бастап, одан кейін мектепте жалғастыруымыз керек. 

Мектепте  мектеп  оқушыларымен  ұйымдастырылған  салауатты  өмір  салтын 

ұстануға  байланысты  іс  шаралар  оларды  қызықтырмай  қоймайды.  Сондықтан,  

оқушылардың  денсаулықтарына  қатысты  қандайда  бір  ақауларды  байқап  қалысымен-

ақ,  олардың  алдын  алу,  сауықтыру  мақсатында  түрлі  тəрбиелік  жұмыстарды  жүргізе 

бастаған жөн. Мысалы, жүйкеге əсер ететін кикілжіңді жағдайлардың алдын алу, өзіңді 

өзің тануға арналған сабақтар, аутотренинг, жаттығу жасау, т.б. Ата-ана, мұғалім жəне 

оқушыларды 

біріктіріп 

дөңгелек 

стол 


ұйымдастыру, 

оқушылардың 

жас 

ерекшеліктеріне сəйкес кеңес беру жұмыстарын жүргізу. Бұл жұмыстар Салауатты өмір 



салтын  қалыптастыруың  Ұлттық  орталығы  ұсынған  «Қалай  ауырмауға  болады» 

бағдарламасы  бойынша,  ҚР  Ғылым  министрлігі  бекіткен  1-11-сыныпқа  арналған  оқу-

əдістемелік құралдар негізінде іске асырылады 

Мектеп  оқушылары  өте  əсершіл  жəне  тез  қызығып  еліктегіш  келеді.  Сондықтан 

олардың  бос  уақытын  тиімді  ұйымдастырып,  салауатты  өмір  салтын  ұстануға  бағыт-

бағдар  беріп  отыратын  бірден  бір  тұлға  ол  –  мұғалім.  Сондықтан  мұғалім,  өз 

сыныбындағы балалардың мінез-құлқын, үлгерімін, денсаулығын бақылап, денсаулығы 

нашар  оқушылардың  дене  шынықтыру  сабағына  қатысуын  бақылап,  олардың 

денсаулығын нығайтатын, əртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырған абзал.  

Денсаулық  —  ауруларға  қарама-қарсы  құбылыс  екені  əркімге  түсінікті  сияқты. 

Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі — бұзылған 

денсаулықты  дəрі-дəрмектің  көмегімен  қалпына  келтіру,  екіншісі  —  сол  мақсатқа 

«организмнің табиғи қорғаныс күштерін» жұмылдыру арқылы жету. Əрине, екі тəсілді 

бірдей  қолданған  дəрігерлер  əрқашан  да  болды,  бірақ,  əдетте,  іс  жүзінде  біреуі  ғана 

басымырақ  қолданылды.  Өкінішке  қарай,  көпшілік  адамдар,  кейбір  дəрігерлер  де 

организмнің ауруға қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді.  

Қазіргі кезде белең алып отырған тағы бір жаман əдет - гиподинамия, адамдардың 

күнделікті  өмірде  аз  қимылдауы.  Ол,  əрине,  жалқаулық  пен  жатыпішерліктің 

салдарынан  болады.  Жаяу  жүруге  ерінеміз,  жақын  жер  болса  да,  баратын  жерімізге 

көлікпен  барамыз.  Қимыл  азайған  сайын  дене  ауырлай  береді,  жүрек  пен  қан 

тамырларының  қызметі  нашарлап,  адам  семіреді.  Өз  ықтиярымен  семіздік  дертіне 

шалдығады.  Ал  дана  халқымыз:  «Семіздікті  қой  ғана  көтереді»,  -  деп  бекер  айтпаса 

керек. Семіздік əр түрлі ауруларға - қан қысымының көтерілуі (атересклероз) жəне тағы 

басқа  күрделі,  емделуі  қиын  жүрек  пен  қан  тамырларының  созылмалы  сырқаттарына 

əкеліп соқтыратыны баршаға аян. 

Денсаулық — адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас, жоғалса қайта орнына 

қиындықпен келетін немесе орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі кездегі Адам-Табиғат-

Қоғам  тізбегі  мəнінің  өзгерісі  мен  бұзылуынан  адам  денсаулығының  нашарлауы  да 

байқалады.  Барлығымызға  ой  салатын  мəселелердің  бірі  —  орта  экологиясының 

бұзылуы, адам денсаулығына кейбір технологияның жəне басқа да факторлардың əсер 

етуі  болып  отыр,  осындай  салдар  əсерінен  адамның  физиологиялық,  психологиялық 

жəне  адамгершілік  қасиеттері  мен  денсаулығының  бұзылуына  əкеп  соғады.  Көптеген 

жағдайда  денсаулықтың  бұзылуы  осындай  əсерлер  көзінде  адамның  өзін-өзі  дұрыс 


 

 

314 



ұстай  алмауы  əсерінен  туындайды.  Атап  айтсақ:  ішімдіктерді  қолдану,  есірткі  жəне 

таксикомандық  заттарды  пайдалану,  темекі  шегу,  насыбай  ату  т.б.  Сондай-ақ 

жасөспірім  денсаулығына  күнделікті  күн  режимін  дұрыс  құрмау,  демалыс  уақытын 

дұрыс пайдаланбау, таза ауамен демалмау, ой жəне дене еңбегінен кейін ағзаны дұрыс 

дем  алдырмау,  дұрыс  тамақтанбау,  психологиялық  жүктеменің  шектен  тыс  көбеюі 

немесе  стресс  жағдайынан  шыға  алмау  т.б.  барлығы  кері  əсерін  тигізері  сөзсіз.  Адам 

денсаулығын  дұрыс  сақтау  жолында  тұрған  ең  басты  мəселе,  оларды  салауатты  өмір 

сүруге  жəне  денсаулық  үшін  күресу  жолдарын  үйрету,  яғни  өз  денсаулығының  нағыз 

қожасы болу, оны сақтау жəне нығайту жолдарын білу деп айту да қиын. 

XXI  ғасыр  азаматы  —  білімді,  яғни  жоғарғы  санатты,  техниканы  толық 

меңгерген,  білікті,  жан-жақты  маман  болуымен  қатар,  салауатты  өмір  салтын 

сақтайтын  жоғары  парасатты  болуы  тиіс.  Қазіргі  кезде  жас  жеткіншектердің 

денсаулығын  сақтау  жəне  салауатты  өмір  сүруін  қалыптастыру  қажеттілігіне 

байланысты  іс  шаралар  жас  шəкірттің  өз  сана-сезімін,  өз  денсаулығын,  өз 

психологиясын жəне өзінің ғана жан дүниесін байытады.  

Халықаралық  денсаулық  сақтау  ұйымының  есебі  бойынша  адам  денсаулығының 

10% - дəрігерлік көмектен, 15% - тұқым қуалаушылықтан, 25% - қоршаған ортадан, ал 

50% — адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.  

Денсаулыққа  жағымды  əсер  ететін  факторларды,  салауатты  өмір  салтын 

ұйымдастыруды бірнеше топка бөлуге болады:. 

1. Бұлшықет  қимылдарының  белсенділігі. Адамның  барлык  тіршілік  əрекеті 

түрлі  кимыл-козғалыстар  жиынтығынан  түрады.  «Қозғалыс  -  тіршілік  тірегі»  деген 

ұғымда  зор  мəн  бар.  Қозғалыс  белсенділігі  жұмыс  істеу  қабілетін  арттырады,  түрлі 

ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. 

Тынысалу 

мүшелерінің 

жұмысын 

жақсартып, 

жүрек 

бұлшықеттерін 



шынықтырады,  зат  алмасудың  қалыпты  жүруін  қамтамасыз  етеді.  Əсіресе  спорт  пен 

дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады. 

2. Еңбек  пен  демалысты  дұрыс  ұйымдастыру. Бұлардың  денсаулық  үшін 

маңызы  зор.  Адам  өмірінде  еңбек  басты  орын  алады.  Еңбек  ету  арқылы  адам  өзіне 

қажетті  жағдайларды  жасап  алады.  Шектен  тыс  еңбек  ету  ағзаның  қажуына  əкеп 

соқтырады.  Сондықтан  да  еңбек  ету  мен  демалысты  дұрыс  үйлестіре  білу  қажет.  Бұл 

адам  ағзасындағы  барлық  мүшелердің  жұмысын  жақсартады.  Адамның  ұзақ  өмір 

сүруіне де септігін тигізеді. 

3. Дұрыс  тамақтана  білу.  Дұрыс  тамақтанудың  нөтижесінде  асқорыту 

мүшелерінің  жұмысы  жақсарады.  Адамның  дұрыс  өсіп  дамуына,  зат  алмасу 

үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде 

дұрыс  тамақтана  білудің  рөлі  зор.  Көбіне  көкөніс,

 

жеміс-жидектерді  пайдалану, 



тамақтану  ережелерін  мұқият  сақтау.  Майлы  етті  тағамдарды  шектеп  пайдалануды 

естен  шығармау  қажет.  Дұрыс  тамақтану  адамның  дене  салмағының  біркалыпта 

болуына  жағдай  жасайды.  Артық  салмақ  аурудың  пайда  болуына  əсер  етеді. «Артык 

салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дəстүрлері  де  жағымды  əсер  етеді.  Мысалы,  ораза 

ұстау  -  адам  ағзасын  қажетсіз  заттардан  тазартады.  Балаларды  сундетке  отырғызу  - 

терінің  таза  болуына  септігін  тигізеді.  Намаз  оку  -  тазалықты  сақтап,  буын 

қозғалыстарының  белсенділігін  арттырады.  Əрбір  адам  өз  денсаулығына  қамқорлық 

жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты 

сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек. 

4.  Оқушылардың  бос  уақытын  тиімді  ұйымдастыру.  Мектеп  оқушыларының 

денсаулығын  нығайту  мақсатында,  олардың  өмір  сүру  салтын  салауатты  етуге 

бағытталған  нақты  тəрбие  іс-шарадары  жиі  орын  алу  керек.  Мысалы,  денсаулықты 

қалай  шынықтыруға  болады  деген  мəселеге  байланысты  пресс-конференция,  ойын, 


 

 

315 



дифференциалды  сабақ,  «Ашық  есік»  күндерін  ұйымдастыру,  диспут  өткізу, 

оқушылардың  Салауатты  өмір  салты  тақырыбына  арналған  қалалық,  облыстық 

конкурстарға арнап шығармалар жазу, сол конкурстарға қатыстыру т.б.  

 

 



 

Əдебиет: 

1.

 



ҚР Салауатты өмір салты  кешенді бағдарламасы. Алматы, 1999. - 22 б. 

2.

 



Лищук  В.А.,  Мосткова  Е.В.  Технология  повышения  личного  здоровья  /  Под.  ред.                             

В.И. Покровского. М.: Медицина, 1999. 

3.

 

Практикум по психологии здоровья / Под ред. Г.С. Никифорова. СПб: Изд-во «Питер», 2005. 



4.

 

Төлегенов Ж.М. Қазіргі педагогикалық процеске қазақ халқының дене тəрбиесі құралдары мен 



формаларын енгізу: п.ғ.к. дəрежесін алу үшін дис. жұмыс - Алматы, 1982. 

5.

 



Ахаев  А.В.  Управление  здоровьесберегающим  образовательным  процессом.  -  Усть-

Каменогорск, 2004. - 70 с. 

6.

 

Жұмадилова  Г.С.  Жастардың  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  мəселелері  /  Салауатты 



өмір салты: Əлеуметтік жаңарудың көрінісі ретінде.- Астана, 2005. 

 

 



 

УДК 372.3 

 

МОДЕЛЬ ОРГАНИЗАЦИИ ФИЗКУЛЬТУРНОГО ЗАНЯТИЯ 

ДОШКОЛЬНИКОВ НА ОСНОВЕ СИСТЕМНОГО ПОДХОДА 

 

Мукашев Ж., Сотниченко Е.А. 

(СКГУ им. М.Козыбаева) 

 

 



 

Как  известно,  образовательный  процесс  представляет  собой  педагогическую 

систему,  состоящую  из  определенных  компонентов.  В.П.  Симонов  [5]  утверждает,  что 

«всякая педагогическая система» — это прежде всего система деятельностная, поскольку 

бесцельной  деятельности  просто  не  бывает».  При  рассмотрении  уровней  иерархии 

компонентов  в такой педагогической  системе «цель  — их вершина и начало». Вторым 

важнейшим  компонентом  педагогической  системы  являются  задачи  как  комплексный 

способ  достижения  поставленной  цели.  Затем  идет  содержание  и,  наконец,  сам 

результат  деятельности.  Эта  логически  построенная  иерархическая  вертикаль  (цель  — 

задачи  —  содержание  —  результат)  —  своего  рода  аксиома,  не  требующая 

доказательств. 

Физическое воспитание дошкольников представляет собой тот же образовательный 

процесс, а физкультурное занятие как основная форма физического воспитания детей — 

аналогичную  педагогическую  систему  с  той  же  иерархической  вертикалью  основных 

компонентов. Такими авторами, как Е.Г. Леви-Гориневская, А.И. Быкова, А.В. Кепеман, 

Т.И.  Осокина,  Д.В.  Хухлаева,  Е.И.  Тимофеева,  Ю.Ю.  Рауцкис,  Л.В.  Карманова,                        

Н.Н.  Кильпио,  Н.Г.  Кожевникова,  М.А.  Васильева,  были  теоретически  обоснованы 

значение,  содержание  физкультурных  занятий,  отработаны  вопросы  методики 

проведения занятий разных типов и форм. Все это легло в основу программ дошкольного 

образования и обеспечило решение вопросов сохранения и укрепления здоровья детей в 

соответствии с требованиями общества на определенном этапе его развития. 

Концепция  дошкольного  воспитания  определила  приоритетным  направлением 



формирование,  а  не  только  сохранение  и  укрепление  здоровья  детей  раннего  и 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал