31. Тәрбие процесінің ерекшеліктері мен мазмұны. Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері



жүктеу 1.7 Mb.
бет1/20
Дата14.06.2022
өлшемі1.7 Mb.
#20580
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
педагогикааааа
дипломдық жұмыс ақбота,,,,ммммм

31.



  1. Тәрбие процесінің ерекшеліктері мен мазмұны. Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері.

Тұтас педагогикалық процесте тәрбие процесі маңызды орын алады. Ол сырттан ықпал ету арқылы да,оқушының өзінін белсене қатынасуы арқылы да қалыптастырылатын процесс. Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік, жеке адамның еркіне бағынышсыз, Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс тәрбие заңдылығы деп аталады.
Тәрбие заңдылығының мәні
Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар деп тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес іс, түрлі жағдайларды айтуға болады. Тәрбие процесін ұйымдастыруда белгілі бір талаптар қойылады. Олар: 1. Тәрбиені табиғатпен үйлестіру; 2. Тәрбиені ізгілікті әрекетпен үйлестіру; 3. Тәрбиені мәдениетпен үйлестіру, 4. Тәрбиені кәсіптік мақсаттылықпен жүзеге асыру; 5. Демократиялық негізде ұйымдастыру.
Тәрбиенің заңдылықтары:
1. Тәрбиенің әлеуметтік жүйемен байланыстылық, яғни қоғам мұқтаждығына, жағдайы, талабына сай заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік-экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етеді
Тәрбие мен тұлға белсенділігінің байланыстылық, яғни өзін-өзі тәрбиелеумен бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

  1. Тәрбие мен қарым-қатынастың байланыстылық заңдылығы.

  2. Тәрбиенің оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерімен байланыстылық заңдылығы. Жас ерекшеліктері оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын жасағанда, тұлғаның дене және психикалық дамуына байланысты оқу-тәрбие процесінде ескеріледі.

  3. Тәрбие мен іс-әрекеттің байланыстылық заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру, ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық-саяси іс - әрекеттерімен байланысты.

  4. Тәрбиенің ұжым мен жеке тұлға арасындағы өзара байланысқа тәуелділік заңдылығы. Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы шешуші рөл атқарады.

Сонымен, тəрбие заңдылықтары тəрбие процесінің жағдаяттары, шарттары мен нəтижелері арасындағы басты байланыстарды бейнелейді. Тəрбие тəжірибесінде нəтиженің қалыптасқан қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-əрекет, практика мен тəрбиелік ықпалдар, субъектив жəне объектив жағдаяттардың байланысы, əсері, тəрбие жəне өзіндік тəрбие қарқындылығы жəне т.б. өз дəлелін өмір барысында тауып отыр.

жүктеу 1.7 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет