31 мамыр 31 мамыр қоян жылы, 2011



жүктеу 0.73 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата23.02.2017
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ГАЗЕТ 2001 ЖЫЛДЫҢ 2 СӘУІРНЕН БАСТАП ШЫҒА БАСТАДЫ

ГАЗЕТ 2001 ЖЫЛДЫҢ 2 СӘУІРНЕН БАСТАП ШЫҒА БАСТАДЫ

31 мамыр

31 мамыр

қоян жылы, 2011 

қоян жылы, 2011 

№ 5 (127)

№ 5 (127)

К ЕЛ Е Ш ЕКК Е  -  К Е М ЕЛ  Б І Л І М М Е Н !

К Е Л Е Ш Е К К Е   -   К Е М ЕЛ  Б І Л І М М Е Н !

3

3



бет

бет


8

8

бет



бет

6

6



бет

бет


ӘУЛИЕЛЕР МЕКЕНІ – 

АҚКӨЛ ЕЛІ

ЖУРНАЛИСТІК 

ФОРУМ

НАШ МУЗЕЙ – 

В ТРОЙКЕ 

ЛУЧШИХ

11

11



бет

бет


АГРОТЕХНОЛОГИЯ 

ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 

ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ

Қызығы мол естен кетпес мега жоба

Мамыр  айында  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік 

университетінде «STUDENTS talent MMXI» мега  жобасының  қоры-

тынды кезеңі өтті. Жобаның мəн-мазмұны, пішіні бірер жыл бұрын Ре-

сейде дүрілдеп өткен «Минута славы» атты бағдарламасына ұқсас. 

Бірақ,  одан  басты  ерекшелігі – дарынды  өнерпаздарды  студент 

жастардың қатарынан іздеу. Басты жүлдеге 100 мың теңге тігілді.  

Аталмыш жобаның іріктеу кезеңі 28 сəуір күні болып, облысымыздың 

түкпір-түкпірінен  келген  дарынды  өнер  иелері  таланттарын  ортаға 

салып, бақтарын сынаған болатын. Əн шырқап, би билеген, мəнерлеп 

өлең оқыған, рэп, əзіл-сықақ айтқан, музыкалық аспаптарда ойнаған, 

тіпті  фокус  көрсеткен  қыз-жігіттер  көп  болған  еді.  Алайда,  іріктеу 

кезеңінде болған 67 қатысушының арасынан тек ең мықтылары ысы-

лып шығып, 16-сы ғана жобаның финалына ілікті. 

Көрермендердің  айтуынша, «STUDENTS talent MMXI» жобасының 

қорытынды  кезеңі  ұмытылмастай  ерекше,  қызығы  мол  болып  өтті. 

16  қатысушының  əрбіреуіне  С.Торайғыров  атындағы  ПМУ-дың 

телевизиялық  орталығы  арнайы  бейнеролик  дайындап,  соның 

арқасында залда отырған көрермен жобаның əр қатысушысы жайлы 

ақпарат ала алды. Мега жобаға тек өнер саласында оқып жүргендер 

ғана емес, информатика, физика, математика, агротехнология сала-

сында  білім  нəрін  сусындап  жүргендер  де  қатысып,  өз  дарындары-

мен отырған халықты тəнті етті. Бидің түр-түрі биленді, əн шырқалды, 

мəнерлеп  өлең  оқылды,  квн  көрсеткен  жігіттер  əзіл-сықақтармен 

қызықтырып,  тіпті  свето  шоу  қойылып,  фокустар  көрсетілді. 

Қатысушылардың əрбіреуі бірінен бірі асқан дарынды болып шығып,  

əділ қазылар алқасын шешуші кезеңде тығырыққа тіреді.

«Студенттік  талант»  мега  жобасын  қорытындылай  келе,  өзінің 

ерекше  əуенімен  халықтың  жүрегіне  жол  тапқан  «Виа-магнит»  рок 

тобының  жігіттері  бас  жүлде – 100 мың  теңгені  жеңіп  алды.  Екінші 

орын  Мұқағали  Мақатаевтың  «Аққулар  ұйықтағанда»  поэмасынан 

үзінді  оқып,  əртістік  өнерінің  биік  шыңынан  көріне  білген  Екібастұз 

қаласының тұрғыны Зарина Ташуеваға беріліп, Цеснабанктың арнайы 

сыйлығы электронды кітап «bookreader» тағайындалды. Үшінші орын-

да  «Əлия»  əнін  айтып,  залда  отырған  көрермендерді  өзінің  тамаша 

даусымен таңқалдырған  Ерболат Аралбаев. «Zodiak» интернет клу-

бы Ерболатқа интернет қолданыстары үшін бес мың теңге көлемінде 

арнайы сертификат сыйлады.   

Сондай-ақ,  арнайы  сыйлықтар  да  болды.  Мəселен, «Имидж» 

сұлулық салонының арнайы сертификаты «Джэм» тобына, «S-Club» 

демалыс орнының ақшалай сертификаттары Салтанат Дүйсеноваға, 

«Виа-магнит»  тобына  берілді.  Қатысқандардың  барлығына  көңіл 

бөлініп, ешкім сыйлықсыз қалған жоқ. 16 қатысушыға сертификаттар, 

«Pathford», «Jet» фирмаларынан арнайы сыйлықтар таратылды. 

Жобаның  басты  ұйымдастырушысы  ПМУ  студенттік  кəсіподақ 

ұйымының  төрағасы  Досмұхаммед  Сапабековтың  айтуынша,  кон-

церттен жиналған ақша балалар үйіне тапсырылады екен. Бұл жоба 

алдағы уақытта да  дəстүрлі жалғасын таппақ.   



С. НЫСАНБЕКОВА.

«Ақ еркенің» еркелері

«Ақ еркенің» еркелері

Лязиза апайымыздың 

Лязиза апайымыздың 

мұражайы ашылады

мұражайы ашылады

12

12



бетте

бетте


11

11

бетте



бетте

№ 5 (127) 

мамыр, қоян жылы 2011



2

Ақпарат ағыны

Ақпарат ағыны

ҮЛКЕНГЕ 

ҮЛКЕНГЕ 

ҚҰ РМ ЕТ

ҚҰ РМ ЕТ

Ұлы жеңіске қол жеткізгенімізге 66 жыл. Осынша-

ма  уақытты артқа қалдырып еркіндіктің əлемінде, 

бейбіт елдің ұрпағы атанғанға не жетсін. Əйтсе де 

өзегіңді өртеп кетер өкініштің бірі  уақыт жылжып 

өткен  сайын  қазыналы  қарттарымыз,  осы  жеңіс 

үшін жастығы мен бүкіл ғұмырын құрбан еткен ар-

дагер батырларымыздың күн санап азайып бара 

жатқандығында. Бірақ қатары сиреп бара жатқан 

ержүрек батыр ата-аналарымызға деген құрмет 

ешқашанда суымақ емес. Міне, соның бір дəлелі 

қара 


шаңырағымыздың 

ұйымдастыруымен 

болған  тамаша  кеш.  Кешке  келген  қазыналы 

қарттар  концерттен  кейін  студент  клубына 

ат  басын  бұрды.  Бұл  жандарға  қанша  құрмет 

көрсетілсе  де  аз  болмасы  анық.  Сол  құрметтің 

бірі    қыз-жігіттер  қарттарды  есік  алдынан  күтіп 

алып гүл шоқтарын ұсынғаны.

«Ешкім де, ештеңе 

«Ешкім де, ештеңе 

де ұмытылмайды»

де ұмытылмайды»

Бүгінгі таңда тоқтаусыз сырғыған заманда Отан соғысына 

қатысып, елін, жерін жаудан қорғаған батырлар рухына тағзым 

етіп, бас ию – бүгінгі ұрпақ борышы болып табылады. Соғыс 

отын тұтандырған фашизмді жеңіп, жеңіс туының желбірегеніне 

биыл 65 жыл толды. Осы сұрапыл соғысқа қатысқан майдан-

гер  ата-апаларымыздың,  тыл  еңбеккерлерінің  ерлігі  бүгінгі 

күні  барлық  жұртқа  аян  жəне  де  үлгі-өнеге  қылып,  сый-

құрмет  көрсетудеміз.  Осындай,  жылдағы  игі  дəстүр  бойын-

ша С.Торайғыров атындағы ПМУ-да ұлы мейрам – Ұлы жеңіс 

күніне  арналған  мерекелік  шара  өтті.  Бұл  шараға  сұрапыл 

соғыстың куəгерлері мен тыл еңбеккерлері қатысты. Мереке 

барысында  э.ғ.д., профессор,С. Торайғыров атындағы ПМУ-

дың  ректоры  Е.Арын  жүрек  жарды  ыстық  лебізін  білдіріп, 

ақшалай  сыйлықтар  табыс  етілді. «Қиын – қыстау  кезеңде 

қажырлы еңбек еткен батырлардың еңбектері бүгінгі ұрпаққа 

мол өнеге, бүгінгі жас ұрпақ Отан үшін от кешкен ерлердің ісін 

мақтан етіп, мəңгілік естеріңде сақтайды жəне де біздің олар-

ға қашан да алғысымыз шексіз» – деп өз сөзін аяқтады уни-

верситет басшысы. Ұлы мереке – Ұлы жеңіс күніне арналған 

мерекелік  шарада  студенттік  филармонияның  жұлдыздары 

əн айтып, би билеп өз өнерлерін жиналған қауымға паш етті.  

Əскери  патриоттық  əндер  орындалған  кезде  залда  отырған 

ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерінің көздеріне жас толып, 

барлық өмірлері көз алдынан бір зымырап өткендей боды. 

Бұл игі шараның жалғасын соңғы екі жылда С.Торайғыров 

атындағы ПМУ-дың ректоры Е.Арынның бастамасымен жəне 

«Қазақстан  электролиз  зауыты»  акционерлік  қоғамының 

вице-президенті, «Құрмет»  орденінің  иегері  Жұмабек 

Жүкенұлы  Камзиннің  жəне  Потатин  атындағы  Павлодар 

облыстық тарихи өлкетану мұражайының директоры Гүлнəр 

Баркенқызы  Нұрахметованың  қолдауымен  Павлодар  об-

лысында  құрылған  «Майдан  жолы»  іздеу  тобының  сарбаз-

дары,  Ленинград  облысының  аймағында  жүргізіліп  жатқан 

«Естелік вахтасы» атты халықаралық іздеу экспедициясында 

белсенділік танытып, қатынасып жүрген «Майдан жолы» іздеу 

тобының  сарбаздарына  арналды. «Биылғы  «Майдан  жолы» 

іздеу тобының сарбаздары «Жауын сияқты күңіреніп өткен» 

сол  бір  сұрапыл  соғыс  жылдарында  ерлікпен  шайқасқан 

М.Мəметова, А.Молдағұлова, А.Баймолдин, П.Дубовой жəне 

де көптеген қазақстандықтар қаза болған Псковск облысына 

аттанады жəне оларға ақ жол» – деді облыстық мəслихат де-

путаты, тұңғыш «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік 

қоғамының  вице-президенті, «Құрмет»  орденінің  иегері 

Қамзин Жұмабек Жүкенұлы.

Ұлы Жеңіс пен сіздердің сол қиын-қыстау кезіндегі қажырлы 

еңбектеріңізсіз  бүгінгі  адамзаттың  жарқын  келешегін  еле-

стету  қиын.  Ұлы  Отан  соғысы  майданында  сіздер  танытқан 

ерлік  пен  қайсарлықтарыңызға  алғысымыз  шексіз.  Осы  игі 

шараның жалғасы студенттік клубта жалғасты.

Н. ИСАБЕКОВА.

5  мамыр  күні  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік  университетінде  Ғылыми  Департаменттің 

ұйымдастыруымен  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  пе-

дагогикалық  университетінің  Мемлекеттік  тіл  кафе дра-

сының  меңгерушісі,  филология  ғылымдарының  док-

торы,  профессор  Қасым  Балқия  Қасымқызының  ғылыми 

еңбектерінің тұсаукесер кеші өтті. Балқия Қасымқызының 

«Күрделі  аталым  жасалымы:  когнитивті-дискурстық 

ұстаным», «Қазақ  тілінің  теориялық  жəне  қолданбалы 

аспектілері», «Ой – қазына» атты зерттеу кітаптары жарық 

көрді. Тұсаукесер рəсімін филология ғылымдарының док-

торы,  профессор  Тұрышев  Айтмұхамед  Қасымбайұлы 

жүргізіп,  кешті  құттықтау  сөзбен  ашты.  Бұл  ізгі  шара-

да  көпшілік  кітаппен  танысып,  ой-пікірлерін  білдіріп, 

құттықтау тілектерін айтып жатты. 

Өз  тарапымыздан  Балқия  Қасымқызын  осынау 

жетістіктерімен  құттықтаймыз!  Алдағы  уақытта  да 

шығармашылық  табыс,  шалқар  шабыт  пен  жасын  жігер 

тілейміз!  



С. НЫСАНБЕКОВА.

Ағымдағы  жылдың  мамыр  айының 18-19 

жұлдызында І. Жансүгіров  атындағы Жетісу 

мемлекеттік  университеті  Қазақстан  Ре-

спубликасы  тəуелсіздігінің 20 жылдығына 

арналған  «МЕНІҢ  ҚАЗАҚСТАНЫМ:  ӨТКЕНІ, 

БҮГІНІ,  КЕЛЕШЕГІ»  атты    халықаралық 

ғылыми – тəжірибелік  конференция  болып 

өтті. 

Ғылыми  шараның  салтанатты  ашылуын-



да  сөз  сөйлеген    І.  Жансүгіров    атындағы 

Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, 

з.ғ.д.,профессор Ə.Е.Бектұрғанов сөз сөйлеп 

конференцияға  қатысушыларға  сəттілік 

тіледі.Аталмыш конференцияның пленарлық 

мəжілісінде  Өзбекстан,  Ресей  Федерация-

сы,  Қырғызстан  Республикасы,  Италиядан 

келген  қонақтар  мен  республиканың  түкпір 

–  түкпірінен  жиналған  баяндамашылар  өз 

баяндамаларымен  таныстырып,  ой  бөлісті. 

Ғылыми  шара  өту  барысында    университет 

қабырғасында əр түрлі бағыттарда 8 секция 

жұмыс істеді. Ғылым орнында тұрмай, жыл са-

нап емес, күн санап, бағасы артып, шарықтап, 

дамып  келе  жатқаны  бəрімізге  белгілі.  Осы 

ретте  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістер, 

өзекті мəселелердің барлығы ғалымдар, жас 

ғалымдар мен зерттеушілердің əр бағыттағы 

секция жұмысында талқыланып, өз мəресіне 

жетті.


Н. ИСАБЕКОВА.

Дəстүрге 

айналған 

шаралардың 

бірі 

университетімізде  жыл  сайын  өткізіліп  келе 



жатқан    шет  тілдерде  «Қазақстан  жəне  əлем 

тілдері»  атты  ғылыми  тəжірибелік  конферен-

ция  биыл  да  өз  ұстанымын  жаңғырта  түсті. 

Өткен  жылдан  бері  «Білім  жəне  ғылым  тілдік 

кедергілерсіз»  деген  атпен  өтіп  келе  жатқан 

халықаралық  ғылыми-практикалық  конферен-

циясына  еліміздің  білім  беру  мекемелерінің 

студент  жастары  мен  ғалымдары  қатысқан 

аталмыш  шараға  Германия  елінен Gerwin 

Maaq,  Қазақстан  жəне  АҚШ  мемлекеттерінің 

вонлонтиорлық 

қызметкері Christophen 

M. Thomes арнайы келген.

Конференцияның  пленарлық  отырысын-

да  бірінші  сөз  алған  қара  шаңырағымыздың 

ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Р.Қадысова 

ашты.  Роза  Жұмабайқызы  үш  тілде  баяндама 

жасап шет тілін білу бүгінгі таңдағы заман та-

лабы  екенін  тілге  тиек  етті.  Сондай-ақ  фило-

логия  ғылымының  кандидаты  Сауле  Бейсем-

баева  (Қарағанды),  филология  ғылымының 

докторы,  профессор  Балқия  Қасым  (Алматы) 

сынды  ғалымдар  өз  баяндамаларын  жаса-

са  конференцияға    оқу      ордамыздың  барлық 

студенттері  мен  профессорлық – оқыту 

құрамдары  қатысты.  Конференция  соңында 

Б.Қасымның  жаңа  кітаптарының  тұсау  кесері 

сияқты тамаша шарамен жалғасын тапты.



Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

Қазақ салты бойынша университетіміздің рек-

торы  Ерлан  Мұхтарұлы  əуелгі  сөзді  алып  қарт-

тарымызға  өзінің  перзенттік  алғысын  білдір ді. 

Кең  жайылған  дастархан  басына  жиналған  ар-

дагерлерге  көрсетілген  құрметтер  тек  онымен 

шектеліп  қалмады.  Əннен  шашу  шашылып,  ақ 

тілектер дастархан басында ақтарылды. Сондай-

ақ  кешке  арнайы  шақырылған  қонақтарда  сөз 

алып  өздерінің  жадында  қалған  сұрапыл  сол 

жылдардағы естелік сырларымен бөлісіп, соғыс 

жылдарында  шырқалған  əндерді  дастархан  ба-

сында шырқады.  

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

ҒЫЛЫМИ 


ҒЫЛЫМИ 

ЕҢБЕКТЕР ТАҒЫ 

ЕҢБЕКТЕР ТАҒЫ 

ҮШ КІТАППЕН 

ҮШ КІТАППЕН 

ТОЛЫҚТЫ


ТОЛЫҚТЫ

БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 

БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 

ТІЛДІК КЕДЕРГІЛЕРСІЗ

ТІЛДІК КЕДЕРГІЛЕРСІЗ

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ: 

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ: 

ӨТКЕНІ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ

ӨТКЕНІ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ


№ 5 (127) 

мамыр, қоян жылы 2011



3

Факультет тынысы

– Тоқтар Кəрібайұлы, факультеттің 

құрылған  жылы,  тарихына  қысқаша 

тоқтала кетсеңіз...

-  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік университеті көп профильді 

университет 

ретінде 

аймақтың 

агроөндірістік  комплексіне  мамандар-

ды дайындауды 2000 жылдан бастаған 

болатын. 2003 жылы  «Генетика  жəне 

биотехнология» кафедрасы ғана ашыл-

ды. Мен кафедра меңгерушісі болдым. 

Ауыл шаруашылығы маманы болғаннан 

кейін, мында келген соң, өз саламды да-

мытып, жылжыта бастадым. 2009 жылы 

университет  ректоры  Ерлан  Арынның 

бұйрығымен  тоғызыншы  факультет – 

Агротехнология  факультеті  құрылды. 

2010  жылы  факультетте  «Биотехноло-

гия», «Агротехнология», «Зоотехноло-

гия, генетика жəне селекция» сынды үш 

кафедра жұмыс істеді. 

Бүгінгі  таңда  факультетімізде 5 

мамандық бойынша 458 студент оқиды. 

Олардың 348 – күндізгі  бөлімде:  Зоо-

техния – 121, Агрономия – 54, Орман 

шаруашылығы ісі – 51, Биотехнология – 

42, Тамақ өнімдерінің технологиясы - 80, 

сырттай оқуда - 104, кешкіде – 6 студент 

оқиды.  Екі  жылдың  ішінде 458 студент 

жақсы көрсеткіш деп ойлаймын.



-  Факультетте  қай  маман  түрлерін 

даярлайсыздар? 

-  Факультеттің  «Зоотехния», «Агро-

номия», «Орман  шаруашылығы  ісі» 

атты үш мамандық ауыл шаруашылығы 

өнімдерін  өндіреді.  Зоотехниктер  мал 

өнімдерін,  агрономдар  өсімдік,  орман-

шылар  орманды  жетілдіріп,  өсіреді. 

Содан  кейін  ол  өнімдерді  өңдеу  ке-

рек  қой.  Ол  үшін  «Биотехнология» 

жəне  «Тамақ  өнімдерінің  технология-

сы»  деген  екі  мамандық  бар.  Сонда 

біздің  факультет  ауыл  шаруашылық 

өнімдерін 

өндіру 


жəне 

өндеуді 


үйретеді.  Ауылшаруашылық  өнімдерін 

өндіру  жəне  өндеу – Елбасының 

Қазақстан  бағдарламасындағы  қазіргі 

бағыттарының бірі. 



- Оқытушылар құрамы қандай?

-  Оқытушылар  құрамы  сапалық 

жағынан  жоғары.  Ғылыми  атағы  бар 

ұстаздар факультет бойынша – 70 пай-

ыз. 3 ғылым докторы, 15 ғылым канди-

даты, 3 тəжірибелі  ғалым,  профессор-

лар:  Бексейітов  Т.К.,  Альмишев  У.Х., 

Мұстафаев Б.А. 

Факультет ғалымдары агроөнер кəсіп-

тік  кешенді  ғылыми  қамсыздандыру-

мен  айналысады.  Ірі  қара  малдың 

эмбриондерін 

трансплантациялау 

мен  асыл  тұқымды  мал  жасау;  картоп 

тұ қымдарын  микроклональді  кө бей-

ту  тəсілімен  сауықтыру;  ауыл  шаруа-

шылығы  қалдықтарын  утилизациялау 

жəне  биогумусты  алу;  инвентаризация 

жəне дəрілік шөптердің қорын анықтау, 

жануарлардың 

селекциясы; 

тамақ 


өнеркəсібіне 

арналған 

техниканың 

тəжірибелі  жаңа  үлгілерін  өндеу;  ет, 

сүт,  балық  шикізаттары  негізіндегі 

тамақ өнімдерінің технологиясын өндеу 

жəне  жетілдіру  сияқты  бағыттарда 

жұмыстарын атқарып келеді.



-  Студенттердің  сапалы  білім  алу-

ына  қандай  жағдайлар  жасалып  жа-

тыр?

-  Біздің  факультеттің  дамып  келе 

жатқаны  ауыл  шаруашылығының  кө те-

ріліп,  дамып  келе  жатқанының  айғағы. 

Президент  болсын,  үкімет  болсын 

ауыл  шаруашылығының  дамуына  көп 

кө ңіл,  көп  қаржы  бөліп  жатыр.  Біздің 

университет  те  студенттеріміздің  са-

палы  білім  алуына  көп  назар  бөлуде. 

Мақ са тымыз – бəсекеге  қабілетті  ма-

ман даярлау. Материалдық база «жану-

арлар  биотехнологиясы», «өсімдіктер 

биотехноло гиясы», «ас өнімдерінің био-

технологиясы», «зоотехнология  жə не

се лекция», «өсімдік  зерттеу  ғы лы мы»,

«егін 


шаруашылығы», «қал дық тар-

ды 


утилизациялау 

биотехнология-

сы» 

сияқты 


лабораторияларымен 

жабдықталған.  Сонымен  қа тар,  сту-

дент теріміз  аптасына  екі  рет  Красно-

армейка  ауылындағы  Павлодар  ауыл 

шаруа шылық  ғылыми  зерттеу  институ-

тына барып, тəжірибелер, зертханалық 

жұмыстар  жасайды.  Оған  арнайы 

тəжірибелік  егістіктер  бар.  Өздері 

барлық  жұмыспен  тікелей  айналысып, 

өз  көзімен  көріп,  пайдалы, 

құнды  тəжірибе  жинай-

ды.


-  Студенттер  прак-

тиканы қайдан өте ді?

-  Біз  ауыл  шаруа-

шы лықтарымен 

ты ғыз 


байланыстамыз. 

Сту-


денттерімізді  прак тикаға 

облысымыздағы шаруа шы-

лықтарға,  мысалы  «Побе-

да» ЖШС, «Галицкая» ЖШС, 

«Рубиком» ЖШС, «Сүт» АҚ, 

сонымен  қатар,  басқа  да 

қалаларға ірі асыл тұқымды 

мал 


шаруашылықтарына 

жі бе ріп 

отырамыз. 

Мə-


селен,  Қостанайда  «Қазақ 

тұлпары» ат заводы, Астана-

да  Республикалық  асылдан-

дыру орталығы «Асыл түлік», 

Өскемендегі  «Құс»  фабрика-

сы.


-  Оқу  бітіргендердің  жұмыспен 

қамтылуы қалай?

- Жұмыспен қамтылуы 100 пайыз бол-

маса да, жақсы, орташа деңгейде деуге 

болады. Бізде оқыған балалар облыста 

өз  орындарын  тауып  жатыр.  Мəселен, 

Жанғазинов  Т. – Успен  ауданының 

ауылшаруашылығы  бөлімінің  бас  ма-

маны,  Пиотровский  Ю.А. – «Рубиком» 

ЖШС бас зоотехнигі, Куликов О. – «Ру-

биком»  ЖШС  селекционері,  Меле-

хов  Д.А. – «Победа»  ЖШС  зоотехнигі, 

Фоменко А. – «Золотой теленок» ЖШС 

технологы. 

-  Жастар  «Дипломмен  ауылға» 

бағдарламасы 

бойынша 

ауылға 

барып, 

жалақының 

төмендігіне 

көңілдері  толмай  жатады.  Осы 

жөнінде сіздің пікіріңіз...

- «Жалақы  төмен,  жағдай  жасалмай-

ды» деген бос сөз ғой. Егер жақсы ма-

ман  болып,  қожайынына  пайда  тигізіп, 

еңбектенсе,  ол  неге  төлемейді,  ол 

міндетті  түрде  төлейді.  Өзіңді  көрсет-

сең,  екі-үш  есе  көбейтеді  жалақыны. 

Ал  егер  пайдаң  жоқ  болып,  жұмысы 

жүрмей жатса, несінен төлейді. Жұмыс 

істеп, өзіңді көрсету керек. Бəрі əркімнің 

өз қолында деп ойлаймын.  

-  Факультеттің  бүгінгі  күнге  дейінгі 

жетістіктері?

-  Алматы  қаласында  өткен  Рес-

публикалық  студенттер  арасындағы 

олимпиадада 2009 жылы  «орман 

шаруашылығы 

ісі», «зоотехния» 

мамандықтарының  топтары  ІІ  орын, 

2011  жылы  наурыз  айында  «зоотех-

ния»  тобы  ІІ  орын, 

«Тамақ 


өнімдерінің 

технологиясы» 

тобы  ІІІ  орын  жеңіп  алды.  Сонымен 

қатар, 2010 жылы  «Биотехнология» 

мамандығының  студенті  Панкова  Ан-

желла  ҚР  Тұңғыш  Президенті  қорының 

ұйымдастыруымен өткен сайыста «Сүт 

тағамдарының  жаңа  түрлерін  ұсыну» 

тақырыбындағы  ғылыми  жұмысымен  І 

орын, алтын медальды жеңіп алды. 



-  Алдағы  уақытта  қандай  жос-

парларыңыз бар? 

-  Біз  факультет  болғалы  бірінші 

рет  өзіміз  ниет  білдіріп,  өзіміздің  ба-

стауымызбен 14-15 қазанда  «Ауыл 

шаруашылығында ғылым мен өндірстің 

интеграциясы» 

атты 

халықаралық 



ғылыми 

практикалық 

конферен-

ция  өткіземіз  деп  жоспарлап  жатыр-

мыз.  Университет  жоспарына  енгізіп, 

соған 


дайындалудамыз. 

Аталмыш 


конференцияға  Германия,  Монғолия, 

Ресейдің  белгілі  ғалымдары,  біздің 

əріптестеріміз келеді.  

Сонымен 


қатар, «Қазақстан-гер-

мандық  эмбрионалды  транспланто-

логия  ғылыми  орталығы»  атты  лабо-

ратория  ашылмақшы.  Биыл  қаңтар 

айында  профессор  Мағаш  Аятханұлы 

екеуіміз Германияға іссапармен барған 

болатынбыз.  Берлиндегі  Мемлекеттік 

Гумбольд  университетіне,  Бавария-

да  «Бавария  малды  асылдандыру 

бірлестігіне»  барып,  шетелдік  əріп-

тестерімізбен  кездесіп,  бірігіп  жұмыс 

істеуге  шарт  жасасқан  болатынбыз. 

Оны  қара  шаңырағымыздың  ректоры 

Ерлан  Арын  көріп,  универси-

тет  бағдарламасының «20 ең 

ірі жобасына» енгізіп қойыпты. 

«Қазақстан-германдық 

эм-


брионалды  трансплантология 

ғы лыми  орталығы»  деп  мега 

жоба ретінде кіріп тұр. Соны-

мен  бірге,  үш  жаңа  лабора-

тория ашпақшымыз: 1) тамақ 

өнімдерінің  экспертизасы; 2) 

тамақ өнімдерінің технологи-

ясы, 3) қолданбалы биология. 

Ең  бастысы,  университеттің 

бағдарламасына  ендік,  сол 

бағытта  жұмыс  істеп  ке-

леміз. 


Алдағы  жоспарлар  тізі-

мінде  факультет  буклетін 

жасау  да  бар.  Ол  буклет-

те  факультетіміз  жайлы 

барлық ақпарат болады. 



жүктеу 0.73 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет