№30 (7706) газет 1940 жылғЫ 1 Қыркүйектен шығады



жүктеу 0.49 Mb.

бет5/5
Дата26.02.2017
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3   4   5

Ә.Өмірзақ.

Фото С.Равдал

02.08.2014ж.  № 30 /7706/

А ќ ќ у   ‰ н і

8

Редактор

А.Қ.БИЖАНОВА.

Лебяжі ауданының әкімдігі.

Меншік иесі: “Лебяжі ауданы әкімдігінің “Аққу үні” - “Вести Акку” Лебяжі аудандық 

газетінің редакциясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

Газет  Қазақстан  Республикасының  Байланыс  және  ақпарат  министрлігінде  2011 

жылғы 1 желтоқсанда тіркеліп, тіркеу туралы №12152-Г куәлігі берілген.

Мекен-жайымыз:

Павлодар  обл.,  Лебяжі  ауда-

ны,  Аққу  ауылы,  Амангелді 

көшесі,69/2.

е mail: Akku_yni @ mail.ru

Газеттің нөмірі «Аққу үнінің» 

компьютер орталығында

теріліп, беттелді.

Басылым Павлодардың «ДОМ ПЕЧАТИ» ЖШС баспаханасында 

басылады, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143 үй.

Газеттің сапалы басылуына баспахана  жауап береді.

Телефоны: 61-80-31. Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен 

суреттер  рецензияланбайды  және  қайтарылмайды.  Редакция 

оқырмандардан  түскен  барлық  хаттарға  тегіс  жауап  беруді 

міндетіне  алмайды.  Жарнамалық  материалдардың  мазмұнына 

жарнама берушілер жауап береді, автордың пікірлері редакция 

ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі мүмкін.

Тапсырыс: 729                               Таралымы:1197 дана.

Қ ұ р ы л т а й ш ы л а р :

Телефонымыз: 21-0-82. 

Газет  аптасына  бір 

рет  қазақ  тілінде  әр 

сенбіде шығады. 

Баспа индексі: 67361

Аудандық  «Аққу  үні»  -  «Вести  Аққу»  газеттеріне  тілшілер 

қажет:


-  «Аққу үні» газетіне – бір бірлік (уақытша);

-  «Вести Аққу» газетіне – бір бірлік (тұрақты негізде).



21-0-82, 21-1-08 нөмірлеріне хабарласа аласыз.

Хабарландыру

Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 шілдеде 

мемлекеттік тіркеу нөмірі № 3876 болып тіркелді 

Лебяжі ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ 

    Аққу ауылы 

        № 226/7                2014 жылғы 15 шілде

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының

квотасын белгілеу туралы

     Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында 

мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  туралы»  Заңының  31-бабы  1)  -  тармақшасына,  Қазақстан 

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 

7  -  бабы  5-2)  -  тармақшасына  сәйкес,  жұмысқа  орналасуды  мұқтаж  ететін    мүгедектерді 

жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында Лебяжі  ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1.    Меншік  нысанына    қарамастан  Лебяжі  ауданының  кәсіпорындарында    және  

ұйымдарында    мүгедектер    үшін    жұмыс    орындарының    жалпы    санынан  үш  пайыз 

мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін. 

2.  «Лебяжі  ауданының  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі» 

мемлекеттік  мекемесі  жұмыс  берушілерге  тиісті  жолдамалар  беру  арқылы  мүгедектердің 

квота  белгіленген  жұмыс  орындарына  жұмысқа  орналасуына  жәрдемдесуді  қамтамасыз 

етсін.

3.  Осы  қаулының  орындалуын  бақылау  аудан  әкімінің  әлеуметтік  мәселелер    жөніндегі  



орынбасарына  жүктелсiн. 

4.    Осы    қаулы    алғаш    ресми    жарияланған    күннен    он    күнтізбелік    күн  өткен  соң 

қолданысқа енгізіледі.

                                       

                                 Аудан әкімінің

           міндетін атқарушы                                                Б. Байжанов

Жамбыл 


ауылының 

тұрғыны, 

сүйікті    немереміз  Өмірзақова  Азалия 

Азаматқызын 5-тамызда 2-жасқа толуымен 

құттықтаймыз.

     Бұл дүниенің ең қызығы немере

     Қанат жайып өсе берсін өнеге

     Шаңыраққа уық болып шаншылып

     Келе берсін немере мен шөбере

     Оның иісі елден ерек тамаша

     Жүрегінің соғуы да жаңаша

     Шайға салған  қант секілді ерисің

    

«

Ата


»

 деген бір сөзіңе балаша.



Тілек  білдірушілер:  Атасы-Өмірзақ, 

әжесі-Алмагүл, 

әкесі-Азамат, 

анасы-


Гүлжанат, жездесі  Дәулет-Гүлнәр.

Құттықтаймыз!

Павлодар облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 шілдеде

 3896 нөмірі арқылы тіркелді 



Лебяжі аудандық мәслихаттың

ШЕШІМІ

(V сайланған ХХXIII сессиясы)

Аққу ауылы                                        № 3/33                   2014 жылғы 30 маусым

Лебяжі ауданының

Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде 

Ережесін бекіту туралы

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті 

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына 

сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДІ:

1.  Қоса  беріліп  отырған  Лебяжі  ауданының  Құрмет  грамотасымен  марапаттау  туралы  Ережесі 

бекітілсін.

2.  Осы  шешімнің  орындалуын  бақылау  аудандық  мәслихаттың  әлеуметтік  сала  және  мәдени  даму 

мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3.  Осы  шешім  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 

енгізіледі.



Сессия төрағасы 

 

 

 

 

 

Қ. Тлеуғабыл

Аудандық мәслихат хатшысы     

 

 

 

Қ. Әлтаев

Лебяжі аудандық мәслихатының (V 

сайланған XXXIII сессиясы) 

         2014 жылғы 30 маусымдағы № 3/33 

шешімімен  Бекітілген

Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен 

марапаттау туралы Ереже

1. Жалпы Ережелер

1.  Осы  Ереже  Қазақстан  Республикасының 

2001 

жылғы 


23 

қаңтардағы 

«Қазақстан 

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару 

және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңына  сәйкес 

әзірленген  және  ауданның  Құрмет  грамотасымен 

марапаттауға  ұсыну  және  оны  тапсыру  тәртібін 

анықтайды.

2.  Лебяжі  ауданының  Құрмет  грамотасымен 

экономиканың,  әлеуметтік  саланың,  ғылым, 

мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім 

мен  өзара  түсінушіліктің,  әскери  және  қоғамдық, 

сондай-ақ  өзге  де  мемлекеттік  қызметтің  және 

аймақтағы  қоғамдық  қызметтің  нығаюына  қосқан 

жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені 

үшін азаматтар марапатталады.

3.  Лебяжі  ауданының  Құрмет  грамотасымен 

марапаттау үшін ұсынымдар еңбек, шығармашылық 

ұжымдармен,  аудандық  өкілді  және  атқарушы 

органдарымен, 

қоғамдық 

бірлестіктермен, 

демократияның, 

достық 


пен 

қоғамдық 

ынтымақтастықтың нығаюына, Лебяжі ауданының 

аумағында әлеуметтік және экономикалық саясаттың 

қалыптасуы  мен  іске  асырылуына  қомақты  үлесін 

қосқаны үшін енгізіледі.

4.  Белгіленген  үлгідегі  наградтау  парағында 

марапатталушының  жеке  басын,  саладағы  және 

берілген  ұжымдағы  жұмысының  жалпы  еңбек 

өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын 

мәліметтер,  жұмысының  сапасы  мен  тиімділігі 

туралы деректер мазмұндалады.

Наградтау  парағына  кәсіпорынның,  ұйымның, 

мекеменің,  мемлекеттік  органның  басшысы  қол 

қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.

2.  Лебяжі  ауданы  Құрмет  грамотасының 

сипаттамасы

5.  Лебяжі  ауданы  Құрмет  грамотасының 

формасы:

- мемлекеттік тілінде: Лебяжі ауданының Құрмет 

грамотасы;

-  орыс  тілінде:  Почетная  грамота  Лебяжинского 

района.

Құрмет  грамотасы  қосымша  жапсырмасы  бар, 



сыртқы  жағында  Қазақстан  Республикасының 

елтаңбасы  бейнеленген  және  мемлекеттік  тілде 

«ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫ»  және  орыс  тілінде 

«ПОЧЕТНАЯ  ГРАМОТА»  жазулары  бар  көгілдір 

түсті папкадан тұрады.

Қосымша  жапсырма  баспаханалық  тәсілмен 

кеңейтілген 

түрінде 


қалың 

жылтыратылған 

қағаздан  дайындалады.  Қосымша  жапсырманың 

сыртқы  жағының  жоғарғы  бөлігінде  Қазақстан 

Республикасының  елтаңбасы  мен  мемлекеттік 

тілде  «Лебяжі  ауданы»  және  төменгі  бөлігінде 

орыс  тілінде  «Лебяжинский  район»  жазулары 

бейнеленген.

Қосымша  жапсырманың  ішкі  жағының  оң  және 

сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы 

бейнеленген  және  сол  жағында  мемлекеттік  тілде 

«ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫ»  және  оң  жағында  орыс 

тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар.

Қосымша жапсырманың сол жағынан мемлекеттік 

тілде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын 

және  сіңірген  еңбегін  атап  көрсету  үшін  арнайы 

орын белгіленген.

Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде 

марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және 

сіңірген  еңбегін  атап  көрсету  үшін  арнайы  орын 

белгіленген.

3.  Лебяжі  ауданының  Құрмет  грамотасын 

тапсыру тәртібі

6.  Лебяжі  ауданының  Құрмет  грамотасымен 

марапаттау  туралы  шешім  Лебяжі  аудандық 

мәслихаты  хатшысының  және  Лебяжі  ауданы 

әкімінің  ұсынысы  бойынша  Лебяжі  аудандық 

мәслихатының сессиясында қабылданады.

    Құрмет  грамотасына  аудандық  мәслихатының 

хатшысы және Лебяжі ауданының әкімі қол қояды.

7. Лебяжі ауданының Құрмет грамотасы тапсыру 

салтанатты  түрде  Лебяжі  ауданы  мәслихатының 

хатшысымен  және  Лебяжі  ауданының  әкімімен 

өткізіледі.

8.  Лебяжі  ауданының  Құрмет  грамотасымен 

марапаттау  бойынша  алдын  ала  қарастыру  және 

ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар 

Лебяжі  ауданы  мәслихатының  жанында  құрылған 

әлеуметтік  сала  және  мәдени  даму  мәселелері 

жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

9.  Марапаттау  бойынша  материалдар  Лебяжі 

ауданының мәслихатында сақталады.



Түзету

26 шілде күнгі нөмірдегі хабарландыруда « Ш.Қадырбаев көшесі»  



« Ш.Қадырбаев көшесінің бөлігі » деп оқылсын. 

                                                Лебяжі ауылдық округі әкімінің аппараты.

Қаржы полициясы Павлодар қаласы ішкі істер 

органдарының қызметкерін ұстады 

Павлодар 

облысы 

қаржы 


полициясы 

департаментінің 

қызметшілері 

жедел-


іздестіру  шараларын  жүргізу  барысында 

Павлодар  қаласы  ішкі  істер  басқармасы 

Оңтүстік  полиция  бөлімінің    өкілетті  жедел 

қызметкері А.К.Қуандыковты ұстады. 

Ол  «А»  азаматынан  оны  алаяқтық  әрекеті 

үшін  қылмыстық  жазаға  тартпау  үшін 

150  мын  теңге  көлемде  пара  алғаны  үшін 

айыпталады. 

Пара  алу  фактісі  бойынша  ағымдағы 

жылдың  04  шілдесінде  оңтайландырылған 

сотқа дейінгі іс жүргізу тәртібінде қылмыстық 

іс қозғалды. 

Қазіргі 

уақытта 


қылмыстық 

іс 


сот 

қарауында.  

Бірімізге асыл жар, бірімізге аяулы ана бола білген, Аққу ауылының 

тұрғыны  Таскарина  Макзура  Егеубайқызы  1  -  тамызда  мерейлі  60 

жасқа  толып  отыр.  Мерейтойыңызбен 

құттықтаймыз,  Сізге  Алланың  нұрын, 

Пайғамбардың шапағатын, сарқылмайтын 

денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз. 

Балаларыңыздың,  немере-жиендеріңіздің 

қызықтарына  тоймай,  ортамызда  аман-

есен жүре беріңіз.

  Абыройға кенеліп бүгін, міне,

  Алпыстың көтерілдің биігіне.

  Ұл-қызың, дос-жараның қуанады,

  Шыққанда алтын таңның күні күле.

  Құтты болсын, ана жан, туған күнің,

  Мақтан етсін әрдайым ұл мен қызың.

  Бәрімізде бір тілек, соққан жүрек,

  Биіктей берсін сенің шыққан шыңың.

Тілек білдірушілер: жұбайы Ерлан, балалары: Қанат-Гүлден, Жанат 

– Зарина, Рүстем – Жанар, жиендері: Әділжан, Асылжан, Нұрасыл.



Құттықтаймыз!


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал