№30 (7706) газет 1940 жылғЫ 1 Қыркүйектен шығады



жүктеу 0.49 Mb.

бет4/5
Дата26.02.2017
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3   4   5

5. «Лебяжі ауданының  Ямышев ауылдық  округі 

әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесін  қайта 

ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

31.  «Лебяжі  ауданының  Ямышев  ауылдық  округі 

әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесін  қайта 

ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының  

заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

32.  «Лебяжі  ауданының  Ямышев  ауылдық  округі 

әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қысқартылған 

(таратылған)  кезде  несиегерлердің    талаптарын 

қанағаттандырғаннан  кейін  қалған  мүлік  аудандық 

коммуналдық меншігінде қалады.



«Лебяжі  ауданының  Ямышев  ауылдық  округі 

әкімінің аппараты»            

мемлекеттік 

мекемесінің 

қарамағындағы 

ұйымдардың тізбесі

33.  «Лебяжі  ауданының  Ямышев  ауылдық 

округі  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің 

қарамағында мынадай ұйымдар бар:

1)  «Лебяжі  ауданы  әкімдігінің,  Лебяжі  ауданының 

Ямышев ауылдық округі әкімі аппаратының «Болашақ» 

балабақшасы»  мемлекеттік  қазыналық  коммуналдық 

кәсіпорыны;

2)  Лебяжі  ауданы  әкімдігінің,  Лебяжі  ауданының 

Ямышев ауылдық округі әкімі аппаратының, Тілектес 

ауылының  «Еркетай»  балабақшасы»  мемлекеттiк 

қазыналық коммуналдық кәсiпорыны.



02.08.2014ж.  № 30 /7706/

А ќ ќ у   ‰ н і

6

Соңғы 


жылдары 

дінге 


қатысты 

мәселелер  өзінің  өзектілігімен  аса  өткір 

тақырыптардың  біріне  айналып,  еліміздің 

қоғамдық 

өміріндегі 

күн 


тәртібінде 

алдыңғы  қатарға  шыға  бастады.  Бұл, 

бір  жағынан,  дінге  сенушілер  қатары-

ның  көбеюінен,  екінші  жағынан,  діни 

экстремизм  мен  терроризм  мәселесінің 

өсе  түсіп  отыруынан  көрініс  табады.  Бұл 

проблемалар  өз  кезегінде  мемлекет  пен 

қоғам  алдына  нақты  шешімін  табуды 

қажет  ететін  бірқатар  кезек  күттірмейтін 

міндеттерді қойып отыр.

Қазіргі 

күнде 


шешімін 

тап паған 

жекелеген 

мәселелерге 

қарамастан, 

елімізде  дін  саласына  қатысы  бар 

мемлекеттік  органдардың  жұ мыстары 

жүйелі 


деңгейде 

жол ға 


қойылғаны 

туралы  толық  се нім мен  айтуға  бо лады. 

Яғни,  осы ған  қажетті  инфрақұрылым 

мен  құқықтық  базаның  негізі  қа ланды. 

Атап  айтар  болсақ,  2011  жылғы  мамыр 

айында  Дін  істері  агенттігі  құрылып,  сол 

жылдың  қазан  айында  «Діни  қызмет  жә-

не  діни  бірлестіктер  туралы»  Қазақ стан 

Республикасының  Заңы  қабылданды. 

Дін  мәселелерімен  айналысатын  арнайы 

уәкілетті  орган  құрылып,  дін  саласын 

рет тейтін  жаңа  заң  күшіне  енгеннен 

бергі  уақыт  ішінде  көптеген  жұ мыстар 

атқарылды.

Содан  бергі  уақыт  ішінде  ді ни 

экстремизм  мен  терроризм ге  қатысты 

мәселелердің  ушы ға  түскенін  ескере 

отырып,  2013  жылғы  қаңтар  айында 

«Қа  зақстан 

Республикасының 

кей  бір 

заңнамалық 

актілеріне 

тер роризмге 

қарсы  іс-қимыл  мә се лелері  бойынша 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 

туралы»  Заң қабылданды, ал 2013 жыл-

ғы 24 қыркүйекте Мемлекет басшысының 

Жарлығымен Қазақ стан Республикасында 

2013-2017  жылдарға  арналған  діни 

экстремизмге және терроризмге қарсы іс-

қимыл  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарлама 

бекітілді.

Бүгінде  діни  экстремизм  мен  тер-

роризм  әлемдік  қоғамдастықты  қатты 

алаңдатып  отырған  мәсе леге  айналды. 

Әрине, 

заманауи 



әлемнің 

қатеріне 

айналып отырған осынау зұлматтан біздің 

еліміз де сырт қала алмасы анық. Ол бүкіл 

қоғамның тізе қосып, күш біріктіруін қажет 

етеді. Дінге қатысты тура немесе жанама 

үдерістердің  барлығы  қоғамдық  өмірдің 

маңызды  бөлігін  қамтитындықтан,  дін 

төңірегіндегі туындайтын проблемаларды 

шешуге  билік  органдарымен  қатар, 

азаматтық  қоғам  институттарының  қа-

тысуы  ерекше  маңызға  ие.  Өйт кені,  діни 

сипаттағы    пробле малар  қоғамның  өмір 

сүруіне қа тысы бар проблемалар ретінде 

қоғамдық  және  ұлттық  қауіпсіздік  мә-

селелерімен    тікелей  байланыста  көрініс 

табады.

Осы  ретте,  Елбасымыздың  Қазақстан 



халқына  жолдауларында  мемлекеттік 

органдармен  қатар,  бүкіл  қазақстандық 

қоғамның  ал дына  еліміздің  салт-дәстүрі 

мен мәдени нормаларына сәйкес келетін 

діни  түсінік  қалыптастыру  міндетіне 

басымдық  беруі  кездей соқтық  емес. 

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  жолы  – 

2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

атты  биылғы  Жолдауында  да  «Зайырлы 

қоғам  және  асқақ  ру ха ният»  қағидаты 

барлық  қазақ стандықтарды  біріктіретін 

басты құн дылықтардың бірі екендігін атап 

көрсетті.

Әрине, 


стратегиялық 

және 


ұзақ 

мерзімге  арналған  осындай  міндеттерді  

бүкіл қоғам болып еліміздің тұрғындарының 

бойында  дін  мәселелері  бойынша  нақты 

бағдар  қалыптастыруға  мүм кіндік  беретін 

істерді  жү зеге  асырғанда  ғана  қол  жет-

кізуге  болады.  Ал,  мұндай  міндет тердің 

салмағы  мен  міндетін  Қа зақстанның 

болашағы 

зайырлы 


қағидаттарды 

басшылыққа 

алатын 

индустриялық-



инновациялық  дамуға  тұғырланатынын 

еліміздің  шығармашылық  зиялы  қауымы 

терең  әрі    жақсы  түсінетіні  анық.  Осы 

ретте,  азаматтар  мен  қоғамды  сырт қы 

рухани  агрессиядан  қор ғаудың  және 

тұрғындардың  бо й ында  діни  мазмұндағы 

ескі  құн дылықтарды  көксейтін  немесе 

теологиялық  қателіктерге  бой  алдырған 

керағар  діни  идео логия ларға  қарсы 

иммунитет қалып тастырудың маңызы аса 

зор.

Бүгінгі  күнде  рухани  жаулап  алу  дінді 



бетперде ретінде пайдалана отырып теріс 

идеяларды  жас тар  арасында  белсенді 

таратудан    көрініс  тауып  отырғаны 

жасырын емес. Осы орайда, радикалдық 

сипаттағы 

діни 


ағымдардың 

идео-


логиялары  азаматтарды  наным-сеніміне 

қарай жіктеуді, дін  жолында жүргендерді 

басқалардан  жоғары қоюды, мемлекеттің 

зайырлы 


қағидатын 

қабылдамауды 

алдыңғы  қатарға  қояды.  Ал  мұн дай 

идеологияның әртүрлі дін дерді ұстанатын 

көп  этностан  тұ ратын  Қазақстан  қоғамы 

үшін қаншалықты қауіпті екені айтпаса да 

түсінікті.

Радикалдық 

сипаттағы 

осындай 


идеялар  халықты өзінің сан ғасырлық бай 

рухани мәдениеті мен салт-дәстүрінен бас 

тартқыза  отырып,  халықтың  этникалық, 

мә дени-рухани  тұғырын  жоғалту  және 

азаматтардың  тарихи  санасын  шайып 

тастау мақсатын ұстанады.

Елімізде бүгінгі күнде ради калдық діни 

ағымдардан  келетін  қауіп-қатерлерді  ха-

лық арасында кеңінен түсіндіру шаралары 

қолға  алынып  жатыр.  Бұқаралық  ақпарат 

құралдарында  осы  тақырыптарға  қатыс-

ты  мазмұнды  мақалалар  жарияланып, 

телеарналар 

мен 


радиоларда 

дін 


мәселелерін  қоз ғайтын  бағдарламалар 

мен  хабарлар  көптеп  берілуде.  Одан 

бө лек,  қоғамда  ғы лыми  және  шы-

ғармашылық  зиялы  қауым,  үкіметтік 

емес ұйымдар мен жас тар ұйымдарының 

өкілдері,  жұртшылық  арасында  беделге 

ие  азаматтар  теріс  сипаттағы  керағар 

діни  ағымдардың  қаупі  туралы  түсіндіру 

жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қазіргі  күнде  Қазақстанның  барлық 

өңірлерінде  дін  мәселе леріне  арналған  

500-ден 


астам 

ақпараттық-насихат 

топтары жұ мыс істеуде. Аталған ақпа рат-

тық-насихат  топтарының құ ра мында діни 

салада  түсіндіру  және  профилактика-

лық  жұ мыс тар  жүргізетін  мемлекеттік 

органдардың  өкілдерімен  қатар  теолог-

тар,  дінтанушылар,  діни  бірлестіктердің 

өкілдері  енген.  Осы  орайда,  өткен 

жылы  ақпа раттық  түсіндіру  мақсатында 

өткізілген  іс-шаралардың 1,3 мил лионнан 

астам  адамды  қам тығанын  айта  кеткім 

келеді. Бұл мемлекеттік органдардың  аза-

маттық  қоғам  институттарымен  бірлесіп 

жүзеге  асырып  отыр ған  іс-шараларының 

бір  тұсы  ғана.  Әрине,  осындай  маңызды 

істерге  азаматтарды  көп теп  тарта  түсу 

еліміздің  рухани  қауіпсіздігін  нығайта 

түсетіндігі сөзсіз.

Бүгінгі  күнде  мемлекеттік  органдар 

тарапынан  діни  ахуал  және  оған 

қатысты  үдерістерді  зерттеудің  өзекті  та-

қырыптарын  жасақтауда,  сонымен  қатар, 

діни  мәселелердің  әртүрлі  аспек тілеріне 

арналған  ғылыми-тал дау  жұмыстарына 

елі міздің  ға лымдарын  кеңінен  тартуға 

мүдделілік туындап отыр. Біз дін саласына 

қатысты мәселелерде бүгінгі күнде жұмыс 

атқарып  отыр ған  қоғамдық  институттар-

мен  әріптестік  қатынастар  ор натуға  да 

әзірміз.

Агенттіктің 

сарапшылар 

қа уым-


дастығымен  ынты мақ тастығы  аса  өзекті 

тақырыптар  бойынша  бірлескен  зерт-

теулер  жүргізуге  ықпал  етіп,  ол  өз  кезе-

гінде  дін  саласында  орын  алып  отырған 

үрдістерді дер уақытында анық тауға, діни 

экстремизм мен тер роризмнің алдын алу 

бойынша  мемлекеттік  органдардың  қыз-

метін  жетілдіруге  бағытталған  са палы 

ұсыныстар әзірлеуге мүм кіндік береді.

Қазіргі  кезде  сонымен  қа тар,  қа-

зақстандық  қоғамның  ұлт тық  мүддесіне 

сәйкес келетін мем лекеттік-конфессиялық 

қа ты настардың  қазақстандық  мо делін  әрі 

қарай жетілдіруге ар налған  ұсыныстарға 

қатысты  қа жеттілік  өсе  түсіп  отыр.  Бұл 

модель мемлекеттік құрылыстың зайырлы 

қағидаттарын дамытуға, қоғамның жоғары 

деңгейдегі  руханиятын  және  мемлекет 

пен  оның  азаматтарының  тұғыры  бе рік 

мәдениетін  қалыптастыруға  негізделуі 

керек.

Осы  жерде  шығармашылық  зиялы 



қауымның  діни  экстремизмге  қарсы 

тұрудағы  рө лін  ерекше  атап  өткен  жөн. 

Өйт кені, олар халқымыздың сан ға сырлық 

дәстүрлері  мен  мем лекетіміздің  тұғырын 

құ райтын  құндылықтарды  мансұқ тайтын 

радикалдық  идеологиялардан  төнетін 

қауіпті бас қалардан гөрі өткір сезінеді әрі 

оның салдарын жақсы біледі.

Мемлекеттің дін саласындағы уәкілетті 

органы болып табылатын Дін істері агенттігі 

тарапынан  бүгінде  осы  бағытта  бірқатар 

маңызды  жұмыстар  қолға  алынып  отыр. 

Агенттік  жанында  былтырдан  бері  Діни 

ахуалды талдау жөніндегі консультативтік 

сараптау  кеңесі  жұмыс  істей  бастаған 

болса,  қазіргі  күнде  үкіметтік  емес 

ұйымдармен  өзара  іс-қимыл  жөніндегі 

кеңес 


құрылуда. 

Біз дің 


ойымызша, 

осындай құ рылымдардың белсенді жұмыс 

атқаруы  дін  саласына  қатысты  маңызды 

мәселелер  бойынша  қоғамдық  пікірді 

мақсатты түрде қалыптастыруға мүмкіндік 

береді.


Жалпы,  қоғамның  белсенді  топ-

тарының,  ғылыми  және  шы ғар машы-

лық  зиялы  қауымның  қазақстандық 

бірегейлілікті  сақ тау  мен  нығайтудағы 

және  хал қымызды  діни  экстремизм 

мен  сыртқы  рухани  шабуылдардан 

қорғаудағы  бірлесіп  жұмыс  жүргізетін 

негізгі бағыттары осы болмақ.



Ғалым Шойкин, 

Қазақстан Республикасы 

Дін істері агенттігі 

төрағасының орынбасары.

Д і н и   э к с т р е м и з м 

Онымен бірлесіп күресудің қоғамдық тетіктері қандай?

К ө к е й к е с т і

П о э з и я

-Әке, қайда барасыз?

-«Болашаққа» құлыным.

-Әке, қайдан келесіз?

-«Болашақтан» құлыным.

Болашақ не?  Жеткізбейтін белес пе?

Әлде сағым, бір алдамшы елес пе?

Не іздейді сабылғанда күн сайын?

Болашағың өзі келер ертеңгі күн емес пе?

Борап жатыр, борап жатыр

Жауабы жоқ сұрақтар.

Қалай десе байыз тауып бала көңіл уанар,

Күрсінеді әке жүрек шарасыз,

Тоқшылық пен жоқшылықтың майданы,

«Болашағын» кәдуілгі жанбазар.

Пендеміз ғой, үміт артқан ертеңге,

Ертеңіміз айналмағай, уа дүние, ертеңге!

Төрттағандар 

Мен өзіме кей кездері ұрысамын,

Кіжінемін, қатты кетем, қиналам.

Талантыңды айырбастап, арзан күлкі, шарапқа,

Неғып жүрсің, елден безіп, диуанам.

***


Мен өзімше кейде шалқып, кейде толқып қуанам

Бірде бүге, бірде шіге тіршілікке жұбанам.

Түлкі бұлғаң, күлкі жалған қу өмірден көңіл қалған 

кезімде,


Маңдайымнан сипап өткен самалға да уанам.

***


Соңғы оқ атылған жоқ, сақал аппақ,

Бұл көңіл қайда барып тыным таппақ?

Көз сүзген көзе менен бәдендіне,

Адам атын қалайша қалмақ сақтап?!

***

Ар бар ма, ұят бар ма, бұл көзенің түбінде,



Серт бар еді қашаннан, жалаң қылыш жүзінде.

Барды арбап, жоқты жалдап, мал жиясың пысықсып,

Жаратқанға жауабың не, өміріңнің күзінде?

***


Шыр етіп шыққан шағыңда, арқалай тусаң күнәні

Айтшы дос, туған-ағайын, қоясың кімге кінәні?

Кінә мен күнә бір емес, фәни-бақи арасы,

Түсінсең осы шындықты, ашылар көңіл санасы.

***

Шындық бар. Ақиқат бар, соңғысы Алла,



Арасын айыра алмай қапы қалма,

Ардақтап ел –жұртыңды мүслим болсаң, 

Кешірмес күнәсі жоқ Хақ тағала.

***


Қарғаны көсем сайласаң, қарқылдап алар мазаңды,

Мадақтап өзін мақтауға, арсынбас тіпті қазаңды.

Ғылымға терең бойламай, көп көңілін ойламай,

Үркітсең елді дозақпен, құдай берсін жазаңды.

***

Кердең басқан алпысты, кекілін сипап мінген бар,



Жалына қолым тисе деп, үмітін үзбей жүрген бар.

Шаңына оның көміліп, артында туыс егіліп,

Арманына жете алмай, қара жерге енген бар.

Бәріне де салауат!

***

Саудыраған сүйегің бір төбеде қалады,



Тексіз, түссіз құр жаның Алла алдына барады.

Қайырсыз келген малың мен қадірсіз киген 

шапаның,

Сираттан өтер шақ келсе, көзіңнен жас боп тамады.

***

Тарпынып туған тұлпар ем,



Бүгінде кепкен тулақпын.

Сонда да қалмай дүрмектен,

Қу дүниені қумақпын.

Шүкір, Сабыр, Қанағат – адастым осы үш достан,

Меңдейді енді жалғыз ой – 

Кінәмді қайтып жумақпын?!

***

Қорқыт – баба, көрем сенен тұнық ойдың асқарын,



Сені өлімнен қашты деген кешір заман жастарын

Туса адам өлмек үшін сонда өмірдің мәні не?

Сен болмасаң осы сырдың кім ашқандай астарын?!

***


Шарабыңды іш, мас болам деп ойлама,

Онсыз да мансабына массың сен.

Бірақ адам тағдырымен ойнама,

Жар алдында жаралғанның бәрі тең.

***

Жоқтан жітік бар болып, мансаптың шықса шыңына,



Құлақ аспас елінің зары менен мұңына.

Мұндай ұлға жетесіз, ренжігенде нетесіз,

Көргенсіз мұндар ешкімді қайырылып алмас ығына.

***


Екпінді аққан дария бастауды су деп елемес,

Алақұйын дауылға таңғы самал жел емес.

«Маңнан-маңның несі артық , бірауыз айтқан сөзі артық»,

Дария, дауыл – беудең бас, адамнан адам кем емес.

***

Елің кедей болғанда, ырғалып дәулет жимассың,



Елден ерек өзгеше сән-салтанат құрмассың.

Есіркемей жетімді, елемей қамын еліңнің,

Еңіреп туған ер болсаң, өзің де қарап тұрмассың!

***


Бір күні сен де соларсың, табиғаттың күзіндей,

Піскен жеміс тұрмайды сабағынан үзілмей.

Бармын деп бүгін мастанба, жоқ болуың оп-оңай,

Жоқ пен бардың арасы ұстараның жүзіндей.



Нәсіполла Есім.

Болашақ және 

«Болашақ»

02.08.2014ж.  № 30 /7706/

А ќ ќ у   ‰ н і

7

Ақ сәуле ақ 



нұр шылауда

Ақпанда атқан ақ таңда,

Ақ қарға түсті ақ таңба.

Деміне ақ бу шұбырып,

Аласұрып барад аттарда.

Шыныққан қарды шымырлап,

Шаттанды шана шыңылдап.

Қожайын риза қос бозға,

«Ақбақайлатты» ыңылдап.

Қабаққа қатқан қырауға,

Ақ сәуле ақ нұр шылауда.

Құшырлана жұтты қожайын,

Аязды ем деп тұмауға.

«Сәйгүліктерім»- деп «су балақ»,

Божылап қожа қуанад.

Күртік қарларды қарларды күмістей,

Тастайды тұяқ турап ап.

 

***



Тіл – жасын найзағай,

Осады – ау отымен.

Қадалып найзадай,

Босатпас бетімен.

Өкшелес өкшең дос,

Сүрінбе өтінем.

Жанарда жасырын жатқан,

Жанама мәлім мұң...

Адамның асылы Хақтан,

Бек шыда сабырлым.

Қыларға ғасыры мақтан,

Құлдары ең арыңның.

Ақиқат асығып атқан,

Сендерді сағындым.

***

Құныққыр құлқын құныққыр,



Тамсанып тағы ұлып тұр.

Табаны тайып төзімнің,

Ар-ождан арттан бұғып тұр.

Құлқынның құлы бүлік кіл,

Сондықтан шырқың сұлық тұр,

Өңірде өскен «гүл» сирек,

«Тікенектері» тұнып тұр.

Бісміллә берген берекем,

Бытыранды ойды біріктір.

***


Қаусаған қара талдай қаңтар ұрып,

Қалшидым айналаға ақтарылып.

Кіжінем оңашада өз-өзіме,

Басыма танылғандай бар тағылық.

Қалың ой қамалайды қажауына ап,

Қыруар қадамымды қаза қылау.

Тыныштық тілесемде Хақ Тәңірден,

Түрткілер түсімде де мазағына ап.

Қылмаған таң тарылып, жер сараңдық.

Дала дархан, ауада кең самал құт.

Алай – дүлей, тас-талқан тозып түзер,

Жобаласам жолығып қансонарда үт.

Кінәні оған – соған неге артамын, 

Келісім берер бәлкім келер таңым.

Ертеңнің еншісіне ен салатын.

«Сабырлық» сені неге жоғалтамын.

Сенемін кейде қиыл, кейде үмітке,

Ерте-кеш еленбепті игілік те.

Уа, Жаратқан, санама сәуле құйған,

Игілік қыларыма миды үгітте!



Асығат Тұрғанбек.  

П о э з и я

Сағынышым 

сендер ағалар



Қайырымдылықтың ізімен

Рамазан айы яғни қасиетті Қадыр түнінің құрметіне ауданымыздың 

бас  имамы  Ибраев  Мақсат  Сансызбайұлы  бастаған  бір  топ  алқа 

мүшелері  ауыл  арасын  аралап  жүріп,  жағдайы  төмен  отбасыларға, 

жалғызбасты  ақсақалдар  мен  әжелерге,  зағиптар  және  мүгедек 

жандарға, жетім қалған балаларға, жалпы 10 отбасыға көмек жасады. 

Олардың  ішінде  Құрманғалиева  Майса  Сапарқызы,  Дауылханов 

Ермек Өмірзақұлы, Жұмабаев Ерғанат Ясынұлы, Найманова Мадина 

Ислямқызы, Қабидоллаев Айдос Қабидоллаұлы, Сұлтанова Салтанат 

Маратқызы,  Узбекова  Алмагүл  Мырзаханқызы,  Хабдуллина  Сағида 

Яроллқызы, Темірханов Аубек Айтқазұлы, Калиева Баян Қасымқызы 

бар.


Әрқайсысына  ұн,  ұн  өнімдері,  кеспе  тағамдары,  тұз,  күріш,  қант, 

шай, ас майы, сұйық майы, тәттілер, және киім-кешек әр шаңыраққа 

5000  (бес  мың)  теңге  көлеміндегі  барлығы  50  000  теңгені  құрайтын 

азық үлестірілді.

Қайырымдылық  іс  шарасы  барысында  мешіт  имамы  Мақсат 

Ибраев Рамазан айы мен Қадыр түнінің қасиеті жайлы қысқаша уағыз 

айтып, құран оқып, батасын берді.

Осы қасиетті Рамазан айының құрметтіне Алла тағала екі дүние-

де де дәрежемізді арттырып, жүзімізді жарық еткей, әмин!

Жұлдызы жанған «Нұр-Дана»

Ж а р а й с ы ң  



Негізінде  өнердің  қай  саласы  болмасын 

ауданымызда  қабілетті,  шыңдаса,  тәрбиелесе 

болашағынан  мол  үміт  күттіретін  талантты  жастар 

баршылық. Осындай өнерлі жастар «Нұр-Дана» би 

ансамблінде шоғырланған. 

«Өнер  таусылмас  азық,  жұтамас  байлық»  дейдi 

халық даналығы. Ол әрбiр халықтың заттай және рухани 

мәдениетiнiң  көрiнiсi  болып  табылады.  Өнер  —  өзiнiң 

көркемдiк  мағынасымен,  бiтiм-қасиетiмен  ғасырдан-ға-

сырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұқият сақталған асыл қазына. 

Әсiресе, би өзiнiң ерекше бiр қасиетiмен адамды баурап 

алып,  ынтызар  ететiнi  сөзсiз.  Кереку  өңірінде  көптеген 

жоғары  деңгейдегi  сайыстарда  өздерiнiң  өнерлерiмен 

тәнтi  етiп,  көпшiлiктiң  көзайымына  айналып  үлгерген 

би ұжымдары қыруар. Солардың iшiнде ауданымыздың 

өнерлі  жастарын  шоғырландырған  «Нұр-Дана»  би 

ансамблi  жаңашылдығы  мол  ұжымдардың  бiрi  болып 

саналады деп айтсам, артық айтқандық болмас.

«Нұр-Дана»  би  ұжымы  осыдан  бірер  жыл  бұрын 

құрылған  болатын.  Қазіргі  таңда  аталмыш  би  ұжымына 

былтыр  Ақсу  қаласының  Жаяу  Мұса  колледжін  тәмам-

дап  келген  жас  маман  Гүлнұр  Камал  жетекшілік  етеді. 

Мұнда  14-17  жас  аралығындағы  Токенова  Мадина, 

Закбаева Адина, Қасымова Дильназ, Медиярова Жанель, 

Назымбек  Амина,  Капсалямова  Даяна,  Амиржанова 

Даяна,  Тлеубай  Айнаш,  Мырзабек  Диана,  Курманова 

Данара,  Жумабаева  Жансая  сынды  арулар  би  өнерiне 

машықтануда.  Ансамбль  мүшелерi  халық  биiмен  қоса 

ұйғыр,  түрiк,  хорезм,  славян  сияқты  бидiң  түрлерiн 

билеуге  үйренуде.  Сонымен  қатар,  олар  классикалық 

және  заманауи  билерді  де  халық  назарына  ұсынуда. 

Гүлнұр  Данабекқызының  айтуынша,  жеткiншек  ұрпаққа 

эстетикалық  тәрбие  беруде  оларды  бидiң  қыр-сырын 

меңгеруге  баулудың  маңызы  зор.  Мұның  барысында 

өскелең  жас  логикалық  суреттердi  салып,  оларды  есте 

сақтай отырып, ұжымдық еңбекке үйренедi. 

«Жақсының  жақсылығын  айт,  нұры  тасысын» 

демекшi, 

әңгiме 

арқауына 



айналып 

отырған 


шығармашыл 

ұжымның 


мақтануға 

тұрарлықтай 

жетiстiктерi де баршылық. Мысалы, аудан және облыс 

көлемінде  өтетін  түрлі  өнер  додаларында  бағын 

сынайды.  Атап  өтер  болсақ,    облыстық  «Бір  халық-

бір  ел-бір  тағдыр»  атты  этномәдени  фестивалінде  

лауреат  атанса,  аудандық  «Дельфийлік  ойындарда» 

бас  жүлдені  иеленген  болатын.  Сондай-ақ,  жуырда  

«Ертіс-Баян  жұлдыздары  -  2014»  фестивалі  аясында 

«Көктем қарлығаштары» би байқауы өтті. Осы додада 

«Нұр-Дана»  1-орынды  қанжығасына байлап,  «Ең  үздік 

қазақ биі» номинациясын иеленді. Сонымен қоса, олар 

көптеген  мерекелiк  шараларға,  концерттерге  қатысып 

тұрады.


Әрдайым iзденiс үстiнде жүретiн хореограф Гүлнұр 

Камал  өзiнiң  өмiрiн  өнермен  өрнектегенiн  бақыт  деп 

санайды.  Оның  айтуына  қарағанда,  жас  бишiлердi 

өнер  әлемiне  жетелеп,  оның  ғажайыптылығына 

баулудың  өзi  бiр  ғанибет.  Жаңаша  iзденiс  үстiнде 

жүретiн  талапты  бишiлердi  жаттығу  кезiнде  көрген 

сәтте олардың би өнерiне деген iңкәрлiк сезiмiн бiрден 

байқауға  болады.  Мұндайда  шынайы  өнер  адамды 

асқақ  сезiмге  бөлеуi,  яғни  жан  дүниенi  нұрландыруы, 

байыта  түсуi,  ал  өмiрдiң  өзiн  кемелдендiрiп,  игiлiктi 

етуi тиiс деген ой келедi.

Ағымдағы  аптада  «Нұр-Дана»  би  ансамблі  аудан-

дық  Мәдениет  үйінде  өзінің  есептік  концертін  берді. 

Көрерменге  ұсынған  барлық  нөмірлері  сәтті  шығып 

жатты.  Сахнадағы  жастардың  барлығы  тәжірибелі 

бишілер  екендігі  бірден  көрініп  тұрды.  Өйткені  мың 

бұрала  жасаған  әрбір  қимыла  әуенге  сай  нақышына 

келтірілді.

Концерт 

барысында 

өнерлі 

аруларымызды 



және  олардың  көркемдік  жетекшісі  Гүлнұр  Камалды 

құттықтаған  аудан  әкімі  Айзада  Құрманова  мен 

аудандық  мәслихаттың  аппарат  басшысы  Арайлым 

Тілектесқызы  оларға  өнер  айдынындағы  белестерді 

бағындырып,  биік  шыңдардан  көрінуге  тілек  білдірді. 

Әрбір  биші  аруға  гүл  шоқтары  ұсынылып,  көркемдік 

жетекшіге диплом табысталды.

  «Нұр-Дана»  би  ансамблi  келешекте  көптеген 

байқауларға  қатысып,  бақтарын  сынамақ.  Ынтымағы 

ұйыған  ұжымның  мың  бұралған  бишiлерi  өнер 

мұхитында  жүзiп,  биiк  асуларды  бағындыра  берсiн 

демекпіз.




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал