№30 (7706) газет 1940 жылғЫ 1 Қыркүйектен шығады



жүктеу 0.49 Mb.

бет2/5
Дата26.02.2017
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3   4   5

Шығармалары

Абай  өлең  жазуды  10  жасында  («Кім  екен  деп  келіп  ем  түйе 

қуған…»)  бастаған.  Одан  басқа  ертеректе  жазылған  өлеңдері 

—  «Йузи-рәушән»,  екіншісі  —  «Физули,  Шәмси».  «Сап,  сап, 

көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» 

өлеңдері  1870  —  80  жылдар  аралығында  жазылған.  Ақындық 

қуатын  танытқан  үлкен  шығармасы  —  «Қансонарда»  1882  ж. 

жазылған.  Алайда  жасы  қырыққа  келгеннен  кейін  ғана  көркем 

әдебиетке  шындап  ықылас  қойып,  көзқарасы  қалыптасып,  сөз 

өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары 

үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; 

екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын 

прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған 

өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына 

көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, 

адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-

бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де 

қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп 

тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы 

танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. 

Шығыстың  екі  хикаясын  «Масғұт»  және  «Ескендір»  деген 

атпен  өлеңге  айналдырады.  Ислам  дініне  өзінше  сенген 

діни  таным  жайындағы  философиялық  көзқарастарын  да 

өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX 

ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы 

мен  ой-пікірінің  алға  ұмтылу  бағытта  даму  ықпалымен 

қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл 

демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы 

қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса 

маңызды  мәселелерді  түсіндіруге  қолданады.  Дүниетану 

өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен 

ақылдың  қатынасын  таразылайды.  Сондықтан  да:  «Ақыл 

сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге 

бейімделген  біртектес  өмір  салттың  ғана  нәтижесі  емес, 

сонымен  бірге  қасиеттік  деп  саналатын-  арман-аңсардың 

(идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының 

тәлкегіне  түскен  еріншектік,  дарақылық,  жалқаулық, 

күншілдік, 

өтірікшілік, 

өсекшілдік, 

мақтаншақтық, 

жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының 

кейбірінің  бойындағы  туа  біткен  кемшілік  емес,  сол  Абай 

өмір  сүрген  қоғамдағы  саяси  әлеуметтік  қатынастардың 

нәтижесі  екеніне  ден  қою  қажет.  Сонда,  Абай  бұрынғы 

бабаларымыздың  бойынан  көрген  «кемшіліктерді»  себеп 

ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың 

салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.

Абайдың  көркемдік,  әлеуметтік,  гуманистік  және  дінге 

көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың 

қара  сөздері  (Ғақлия)  –  ұлы  ақынның  сөз  өнеріндегі 

көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын 

даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық 

шығармасы.  Жалпы  саны  қырық  бес  бөлек  шығармадан 

тұратын  Абайдың  қара  сөздері  тақырыбы  жағынан  бір 

бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа 

болса,  қайсыбіреуі  мазмұн,  тақырып  жағынан  өзгешелеу, 

ауқымды  болып  келеді.  Абай  өзінің  қара  сөздерінде 

шығарманың  ажарына  ғана  назар  аударып  қоймай,  оның 

тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы 

көркемдік  сана  мен  философиялық  сананы  ұштастырады. 

Абайдың  қара  сөздеріндегі  гуманистік,  ағартушылық, 

әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ 

халқының  философиялық  концепциясын  құрайды.  Абайдың 

кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге 

айналды.

Оның  қара  сөздерінің  бірнешеуі  ең  алғаш  1918  ж.  Семейде 

шыққан  «Абай»  журналында  жарық  көрді.  Кейіннен,  Абайдың 

қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне 

аударылды.

Абай  көзі  тірісінде  өзінің  өлеңдерін  жинаған  емес.  Олардың 

әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере 

берген.  Олар  Абайдың  өлеңдерін  жаттап  алып  отырған.  Сөйтіп 

Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. 

Оның  өлеңдері  қолдан  қолға  көшіріп  алынды.  Ондай  қолжазба 

көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. 

Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағүл жинастыра 

бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын 

Кәкітайдын арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай 

Құнанбаевтың өлең- дерін жинауға және бастырып шығаруға көп 

күш-жігер жұмсап, игі ыкпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы 

(1864—1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан 

Бөкейхановтың редакциясымен басылып шықты.

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын 

алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. 

Абай есімі дүние жүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, 

Гетелермен  қатар  тұрады.  Ақынның  мол  әдеби  мұрасы  тек  бір 

халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. 

Қазақстанда  ұлы  Абайдың  есімі  көптеген  елді  мекендер  мен 

көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы 

Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. 

Ұлы  ақынның  құрметіне  Қазақстан  мен  Ресейде  ескерткіштер 

орнатылған.  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарында  Абай 

шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық 

ғылыми  конференциялар  жыл  сайын  өткізіліп  тұрады.  Ұлы 

ақынның  150  жылдық  мерейтойы  1995  жылы  дүниежүзілік 

ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні:  Абай  (Ибраһим) 

Құнанбаев  —  ақын,  ағартушы,  жазба  қазақ  әдебиетінің,  қазақ 

әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, 

саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс 

және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін 

жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында 

қазақ  халқының  әлеуметтік,  қоғамдық,  моральдық  мәселелерін 

арқау еткен демекпіз.



02.08.2014ж.  № 30 /7706/

А ќ ќ у   ‰ н і

3

Әйтей батыр хақында

Таным

Әйтей батырды ел құрметтеген

XVII-XVIII    ғасырлардағы  Орта  Ертіс 

өңірінің тарихы қым-қиғаш, қым қуат және 

біркелкілікті байқатпаған тұрақсыз жағдайда 

болды.  Бұның  мәнісі  осы  кезеңдегі,  осы 

аймақтағы  үш  халықтың,  яғни,  қазақ-

қалмақ,  орыс  қарама-қайшылықтарымен 

байланысты  еді.  Аталып  отырған  аймақта 

осы  үш  халықтың  тағдырының  түйісуінің 

себептері  алуан  түрлі.  Оған  бірқатар 

түсініктер беруге болады.

Бұл  өңір  ертеден,  көне  замандардан 

мекен  еткен  қазақ  халқының  ата  қонысы, 

осы 


кезеңде 

ойрат 


тайпаларының 

өмірінде 

маңызды 

өзгерістер 

жүріп 

жатты.  Торғауыттар  мен  дүрбеттердің  бір 



бөлігі  Батыс  Сібір  жазығының  оңтүстік 

аудандары  мен  Қазақстанның  солтүстік 

аймақтары арқылы солтүстік- батыс бағытта 

жылжи  бастаған  болатын.  Кейінірек  ойрат 

тайпаларының  бұл  билігі  Еділ  өзенінің 

төменгі  ағысында  Қалмақ  хандығының 

негізін қалады.

Көшім  хан  бастаған  Сібір  хандығы 

құлағаннан  кейін  Батыс  Сібір  жерінің 

Ресейге  қосылуы  аяқталған  соң  (XVI 

ғасырдың  аяғында),  Ресей  империясының 

шекарасы  далалық  Ертіс  өңірінде  Қазақ 

хандығының 

жайылымдарымен 

тығыз 

шектесті.  Осы  аймақта  өз  позицияларын 



нығайтуға ұмтылған және шығыстағы жаңа 

шекараларының  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

етуге тырысқан ақ патша өкіметі бұл жерде 

бірқатар  әскери-әкімшілік  қала  бекіністер 

сала бастады. Тобыл (1587 ж), Тара (1594ж), 

Томск (1604 ж) және т.б.

Ресей империясының отарлау саясатының 

оңтүстік 

бағытта 

белсенділене 

түсуі 

XVII  ғасырдың  басына  жатады.  Шын 



мәнінде  Ресей  мемлекетінің  Қазақстанға 

деген  ықыласы,  әсіресе,  оның  Орта  Азия 

хандықтарымен  сауда  және  дипломатиялық  

қатынастар  орнатқанынан  кейін  күшейе 

түскен  Қазақстан  арқылы  сауда  жолдарын 

дамытуға  мүдделі  болған    көпестер 

керуендерінің  өту  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

етуге тырысты, ал орыс мемлекеті мұндағы 

саяси  жағдайға  және  Қазақ  хандығының 

көрші елдермен қарым-қатынасына  жанды 

ықылас білдіріп отырды. 

Жоңғар  хандығының  құрылуы  Орталық 

Азияның саяси жағдайына елеулі өзгерістер 

енгізді. Жоңғар билеушілері Ресеймен қарым-

қатынаста  аңдысып,  аңдау  позициясын 

ұстаса,  қазақ  рулары  жөнінде  өздерінің 

агрессиялық ниеттерін жасырмады. 

Император І Петр Қара, Балтық теңіздері 

арқылы  Еуропаға  «терезе»  оя  отырып, 

бір  жағынан  барша  Азия  елдеріне    де  кілт 

іздеді.  Оның  алдындағы  және  одан  кейінгі  

саясаткер үшін Қазақстан Ресейдің Түркия, 

Иран,  Ауғанстан,  Үндістан,  Қытай,  Орта 

Азия  турасындағы  «Шығыс  саясатын» 

жүзеге  асыратын  мақсат  қана  емес,  басты 

мұрат болып есептелді.

Жалпы, Орта Ертіс өңірі көне замандардан  

бері ерекше, өзінде  қасиеті бар мәдениеттер-

дің  пайда  болуы  мен  дамуына  ерекше 

жағымды  аймақ  болды.  Бұл  өңірдің 

Еуразиялық өркениеттің ірі ошақтарының бірі 

ретінде танылуы құрлықтағы ұлы өзендердің 

бірі Ертіспен  байланысты екендігінде күмән 

жоқ. Құнарлы жер мен жайылымдардың, су 

жолдарының және табиғи бекіністердің көп 

болуы, әсіресе, Ертіс өзенінің орта ағысында, 

ежелгі  тұрғындардың  негізгі  көпшілігінің 

шоғырлануына 

және 

мұнда 


мәдени-

өркениеттілік  ошақтардың  пайда  болуына 

жағымды, маңызды жағдай жасалды. 

Өңірдің  көптеген  жерлерінің  атаулары 

орысша  болып  келеді..  Оның  себебі,  XVIII 

ғасырдың басында патшалы Ресейдің отарлау 

экспедициясы келіп, қоныстанып, кейінірек 

сол әскери бөлімшелердің құрамында орыс-

қазақтардың  осы  жерде  қалып  қоюынан 

болар. Бұл жерде қазақ халқының ата қонысы 

болса да, XVII ғасырдың 30-40 жылдарында 

тарихта  белгілі  себептерге  байланысты 

қалмақ  тайпаларының  қол  астына  өтіп, 

жергілікті  қазақ  халқының  ығысуына 

әкеп  соқтырды.  Сонымен  қатар  қалмақ 

атаулары  да  кең  тарай  бастады.  Мәселен, 

XVII  ғасырдағы  қалмақ  саяхатшысы  Лая 

Пандитаның келтірген деректерінде дәл осы 

аймақтың  өзінде  бірнеше  қалмақ  атаулары 

кездеседі.  (Улан  Обжуд,  Ермасин  сумэ, 

Аблайин  кит).  Мәселенің  шын  мәнісіне 

келетін  болсақ,  бұл  жерлердің  өз  тарихи 

атаулары  сөзсіз  бар,  бірақ  ,  өкінішке  орай 

олардың  көпшілігі  халықтың  жадында 

сақталмаған.

Қазақ халқында атын мәңгілікке қалдыруға 

лайықты  тұлғалар  аз  емес.  Сонымен  бірге 

өзінің  нақты,  тарихи  атауларына  ие  бола 

алмай жүрген елді мекендер, қоныстар, өзен-

көлдер,  тау-қыраттар,  жерлер  әлі  қаншама. 

Қазіргі  таңда  өз  елімізде,  жерімізде  осы 

олқылықтарды, әділетсіздікті түзеп, орнына 

қою тарихшылардың міндеті деп түсінемін. 

Ғылым жолы – инемен құдық қазғандай ауыр 

жол,  қоғамға,  ғылыми  айналымға  өзгеріс 

енгізу  үшін  қаншама  мұрағат  қорларын, 

қаншама  әдебиет  ақтарып,  сараптап  өткізу 

керек.


Мақаланың  өзегі  болып  отырған  мәселе, 

кезінде  Сталин,  Ленин  есімдерімен  атанып 

кеткен  Лебяжі  ауданы  ауылының  атауы 

жайында. Бұл жердің де өзінің тарихи атаулары 

бар.  Жергілікті  халықтың  бірінің  айтуынша, 

«Сәмербет» дейді, ол бір кісінің есімі ме, әлде 

басқадай  шығу  тегі  бар  ма,  ешкім  білмейді. 

Ендігі бір нұсқасы антропонизм, яғни ол ертеде 

өмір  сүрген  жергілікті  «Әйтей  батырдың» 

есімі.  1930  жылға  дейін  ауыл  Әйтей  атанып 

келген екен. Кейіннен Кеңес өкіметі тұсында 

жоғарыда  аталған  тұлғалардың  есімдері 

берілген.  Ендігі  кезекте  өз  жыртығымызды 

өзіміз  жамап,  жоғымызды  жоқтап,  түгендеп 

алатын уақыт туды. 

Осыдан  бірнеше  жыл  бұрын    облыстық 

әкімдік пен облыстық мәслихаттың бірлескен 

шешімімен 

және 

қаулысымен 



Лебяжі 

ауданының  Жамбыл  ауылдық  округінің 

аумағындағы Ленин ауылына Әйтей батырдың 

есімі  берілді.  Сөйтіп  тарихи  әділеттілік 

қалпына келтірілді. Батыр жөнінде сақталған 

деректер  ұшырасады.  Әйтей  XVII  ғасырда 

ғұмыр кешкен тұлға болуы керек, руы арғын 

ішінде  бәсентиін,  тіпті  шежіреде  Әйтей-

бәсентиін деген аты да сақталған. Осы жерде 

революцияға  дейінгі  уақытта  қоныстары 

болған. Бұған дәлел мұрағат материалдары да 

бар. 


Қазақ-қалмақ 

қарым-қатынастарының  

шиеленіскен  уақыты  Қазақ  бір  төбе,  қалмақ 

бір  төбе  болып,  шеп  болып  отырған  кезең. 

Бәсентиін  ішінен  шыққан  Барлыбай  батыр 

Әйтейдің інісі екен. Ағасы қалмақтарға қарсы 

жорыққа кеткенде , айналасындағы өзі сияқты 

қылшылдап  тұрған  жас  жүректерді  жинап 

алып , жауға тұтқиылдан  «Барлыбайлап» ұран 

салып    шапқан  делінеді.  Жау  жеңіліс  тауып 

қашқаннан  кейін  Әйтей  батыр  Барлыбайға 

«менің атымды неге ұран қылып шаппадың» 

деп  налыған  деседі.  Бұл  халық  аузында 

сақталып,  ұрпақтан-ұрпаққа  тарап  жүрген 

аңыздың бір нұсқасы. 

Екінші бірінде, Әйтей – нақты XVII ғасырда 

өмір сүрген, қазақ-қалмақ соғыстарында аты 

шыққан,  ержүрек  батыр.  Біздің  зерттеуіміз 

бойынша  Әйтей  батырдың  туғанына  350 

жылдан  асты.  Батырдың  туған  жылы 

генеологиялық есептеу тәсілімен анықталып, 

Әйтейдің және оның туған туысқандарының 

шежіресі  тексерілді.  Генеологиялық  есептің 

негізінде  30  жыл  алынды.  Оны  мақаланың 

авторы  мен  тарих  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Ж.Артықбаев,  Малайсары  батыр 

туралы  кітабымды  аяқтадым.  Бұл  еңбекте 

қазақ  жерін  жоңғар  шапқыншылығынан 

қорғауға  және  жоңғарлардан  азат  етуге 

сүбелі үлес қосқан Әйтей батырдың да есімін 

енгіздім. 

Жоғарыда  тілге  тиек  етіп  отырған  ауылға 

жоңғар  басқыншылығына  қарсы  елін  қорғау 

соғысында қасық қаны қалғанша, жан аямай, 

ел  үшін,  жер  үшін  деп  соғысқан  батырдың 

есімі берілгені орынды болған екен. 



Ж.Артықбаев,

  тарих ғылымдарының 

  докторы, профессор.

Бүгінгі мақалама арқау болып отырған 

осыдан  үш  жарым  ғасыр  бұрын  дүниеге 

келген  бабамыз  Әйтей  батырдың  өмірі, 

өскен  ортасы,  сол  кездегі  алаңсыз  күн 

кешпеген,  атойсыз  қоныс  теппеген, 

қазақ  даласының  әлеуметтік  жағдайы, 

тарихи деректер, қазақ шежіресі. Атадан 

балаға  мирас  болып  келе  жатқан  аңыз 

–  әңгімелер  және  ел  ішіндегі  көзі  ашық, 

көкірегі  ояу  қариялардың  жадында 

сақталған естеліктер негізінде жазылды.

Әйтей 

– 

Тәуке 



ханның 

бас 


батырларының  бірі.  Әйтей  батыр  XVII 

ғасырдың  орта  шенінде  Ырғыз  өзенінің 

бойында  қазіргі  Қостанай  облысының 

Наурызым ауданының аумағында туыпты. 

Ат  жалын  тартып  мінген  шағынан  сан 

рет  қалмақтарға  қарсы  жорықтарда 

қол  бастап,  өліспей  жан  беріспейтін 

қиянкескі  шайқастарда  көзсіз  ерлігімен 

соғыс 

өнерінің 



айла-тәсілін 

жетік 


білетіндігімен  оқшауланған  тұлға.  Оның 

батылдығы  мен  батырлығы  ел  аузында 

аңызға  айналып,  міне,  сан  ғасыр  бойы 

ұрпақтан- ұрпаққа тарап келеді.

Әйтей  батыр  қасиеті  қонған  батагөй 

адам  болған  екен  және  берген  батасы 

қате  келмепті-мыс.  Өзі  орта  бойлы, 

нығыз  денелі,  жалпақ  жауырынды  сары 

жирен  кісі  болыпты.  Көзінің  өткірлігі 

соншалық, адам баласы  көзіне тура қарай 

алмапты.  Көкшіл  көзін  қалың  қабағы 

жауып тұрады екен. Саусағымен қабағын 

көтеріп қарағанда күншілік жерді көрген 

деседі.


Әйтей  батыр  екі-үш  жылдай  жорықта 

жүріп,  еліне  қайтқан  кезі  жуанның 

жіңішкеріп,  жіңішкенің  үзілер  шағы 

болса  керек.  елі  мен  жерінің  намысы 

мен қамы, тәуелсіздігі үшін белін шешіп 

аттан  түспеген  Әйтей  батыр  қосынымен 

елге бет алды деген хабарды құлағы шала 

салысымен  Тәукен  анамыз  «батырым 

қалжырағанын 

басып, 


шаршағанын 

ұмытып тынықсын» деп жылқыдан өзінің 

ту биесін алғызып, сойып қарсы алған.

Сарбаздар  ту  биенің  семіз  етіне 

мұрттары  майланып,  мәз-мейрам  болып 

жатқанда Әйтей батырдың алдына табақ 

тартқан Тәукен анамыз: «Батырым, мынау 

сенің  кеткен  жылғы,  мынау  сенің  өткен 

жылғы,  мынау  сенің  биылғы  сыбағаң» 

деп  сары  майдай  сақтаған  сыбағаларын 

ұсыныпты.

Мұндайды  күтпеген  батырдың  аузына 

сөз  түспей,  «Әй,  Тәукенім-ай,  Тәукенім-

ай»  деп  отырып  қалып,  ризашылығын 

білдірген  екен.  Тәукен  анамыз  –  қазақ-

қалмақ  жаугершілігі  тұсында    қолға 

түскен  қалмақ  ханының  қызы.  Олжа 

бөліскен  кезде  Әйтей  батыр    қалмақ 

қызын  ұнатып,  өзіне  тоқал  қылып 

алыпты.  Тәукен  анамыз  батырдың  адал 

жары болуымен бірге жауға қарсы шапқан 

үзеңгілес жолдасы да болыпты. 

Әйтей батырдан жасы еңкейіп қартайған 

шағында  арманын  сұрағанда  «Арманым 

жау қолынан өлу» деген екен. Сол заманда 

жау  қолынан  мерт  болу  батырлықтың 

белгісі болса керек. оған бір мысал, есімі 

он  сан  орта  жүзге  ұран  болған  Олжабай 

батыр  төсек  тартып  жатып:  «Мен  өмір 

бойы  жаудың  өзін  өлтірмей,  жараламай, 

киімінен,  сауытынан  түйреп  түсіруші 

едім,  содан  –  ау  жау  қолынан  өлмей, 

жамандарша  үйде  өлгенім»  деп  айқаста 

өлмегеніне өкінген екен. 

Айтқанындай Әйтей батыр 73 жасында 

бір  жорықта  жау  қолынан  қаза  тауып, 

сүйегі  Балқаш  көлінің  батыс  жақ 

сыртында  жерленіпті.  Қазір  бұл  жерде 

Әйтей зираты бар.

Әйтей  батыр  інісі  Есенгелдінің  ұлы 

Зомбы  батырды  өз  баласынан  кем 

көрмей жастайынан батырлыққа баулып, 

тәрбиелеп өсіріпті. Кейіннен өзіне қымбат 

найзасын сыйлап, ақ батасын беріп, бөлек 

шығарған.  Батырдың  берген  батасы, 

өнегесі  еш  кетпей,  Зомбы  елін,  жерін 

қорғаған,  есімі  дүйім  жұртқа  тараған 

батыр атаныпты. Зомбы батырдың абылай 

ханмен  сыйластығы  жарасымды  болса 

керек, батыр дүниеден өткенде жүз жігіт 

жіберіп,  мәйітін  алғызып,  Түркістанға 

арулап жерлеген деседі. 

Әйтей  батырдың  туған  інісі  Барлыбай 

айтқанынан  қайтпайтын,  омыраулатып 

сөйлейтін 

кісі 


ырқына 

көнбейтін 

бірбеткей  жан  екен.  Ақыры  сол  өршіл 

мінезі  ажалына  да  себепкер  болған 

көрінеді.  жеңілген  жауды  Алтай  асырып 

тастаса  да    тоқтамай,  өкшелеп  қуып 

соңына  түсіп  жүргенде,  жау  қолынан 

мерт  болыпты.  Сүйегі  Риддер  (бұрынғы 

Лениногорск) қаласына таяу жерде, алтай 

тауларының етегіне жерленген көрінеді. 

Барлыбай  батырдың  жетінші  ұрпағы 

Қаллем  ақсақал  ұзақ  жылдар  біздің 

ауданымыздың Қарақала ауылында тұрып 

келді.  Қазіргі  кезде  Қаллем  ақсақалдың 

өзі бұл дүниеде жоқ болғанымен Марен, 

Тасқайрат,  Бауыржан,  Жұмажан  есімді 

ұрпақтары  және  олардың  балалары  бар. 

Кемпірінің  көзі  тірі,  жасы  да  тоқсанға 

келіп қалды. 

Әйтей 


батырдың 

екінші 


әйелі 

Наурызым  анамыз  адал  жар  болуымен 

бірге батыр жорықта жүрген кездерінде 

өз  жұртын  шашау  шығармай  уысында 

ұстап  басқарған  ақылды,  қадірлі  жан 

болған.  Ол  билік  жүргізген  жерлердің 

атауы  сол  кісінің  есімімен  әлі  күнге 

аталып  келеді.  мәселен,  Қостанай 

облысының  бір  ауданы  Наурызым 

аталса, 


ауданның 

орталығы 

2005 

жылдан  ұлы  Қарамендінің  есімінде. 



Әйтей  батырдың  Наурызым  анамыздан 

төрт ұлы бар.

Көнекөз қариялардың сөзіне сүйенсек, 

XVIII-XIX  ғасырлардың  аралығында 

Ертістің арғы беті (бұрынғы Каганович 

ауданының    аумағы)  және  бергі  жағы 

Ресейдің  Алтай  өлкесіне  дейінгі  аумақ 

Әйтей  болысы,  ал  1932  жылға  дейін 

біздің  ауданымыздың  Ленин  ауылы 

батырдың есімімен аталып кетті.

Әйтей  болысының  құрамында  Анай 

Бөрі,  Көшен-Шүрек,  Сағынай,  Сырым, 

Күшік, Сәмек Қойсары, Рысбек, Бәйімбет, 

Қоянбай, Мәмбетқұл, Байкүшік (Жүнді), 

Зомбы,  Мендібай  (Қарамақау),  Базар, 

Андас рулары кірген. Көшен –Шүректен 

Бәкі  Басарұлы,    Төртсарыдан  Ақлан, 

Инебай Арманұлы, Қозыбастан Майқы, 

Дөненбай,  Зомбыдан  Мүшем  қажының 

балалары 

Мұқатай, 

Қарамендіден 

Ыбырайым, Барғанадан Шекшек сынды 

би-болыстары болған. Бәриден Қазанғап 

пен оның баласы аға сұлтан дәрежесіне 

дейін көтерілген.

Бұл  жөнінде  Барғанадан  Жылқайдар 

ақын,


Төртсары, Наурыз, Тәуке менің елім.

Қойсары, Бөрі, Сәмек шалқар көлім,

Тағы  да  бір  тайпа  елім  бар  Зомбы, 

Жүнді, Күшік,

Сағынай,  Көшен  –Шүрек  сондай 

пысық, - деген екен.

Әйтей 

бабамыз 


жайындағы 

деректерді  мен,  батырдың  тоғызыншы 

ұрпағы  Төлеген  Пшенбайұлы,  кезінде 

Мұқан  Қарақанұлы,  Қара,  Бабажан, 

Тәжен 

Ыбырайымұлы, 



Қабдылғазы 

Айтқалиұлы сынды көргені мен түйгені 

мол көнекөз қариялардың аузынан естіп, 

жазып  алған  едім.  Сол  жазғандарымды 

ретке  келтіріп,  Құсайын  Уахиев  пен 

Саттар 


Қарқымбаев 

ақсақалдармен 

ақылдаса  отырып,  қағаз  бетіне  түсіріп, 

Сіздердің назарларыңызға ұсындым.



Төлеген ШАКАРМАНОВ,

Шоқтал ауылы.

02.08.2014ж.  № 30 /7706/

А ќ ќ у   ‰ н і

4

Әңгіме 


Ү ш   к е з д е с у 

Ұлы  Отан  соғысының 

алдындағы 

жылдар 


көпшілік 

қауым 


үшін 

қызықты, 

әрі 

көңілді, 



тіпті  елдің  хал-ахуалы 

айтарлықтай 

дәрежеге  

көтеріліп 

қалған 

кезі 


болатын. 

Әсіресе, лебяжіліктер үшін мақтаныш 

жылдары  -  тың.  Өйткені,  ауданның 

шаңырақ көтеріп, бой түзегеніне бір 

жылдан асқан, ал біздің «16 жылдық 

Қазақстан»  колхозы  1940  жылдың 

сәуірінде Цюруппа ауданынан өзінің 

байырғы 


ортасына 

қайтарылып 

берілуіне 

жұртшылық 

 

үлкен 


ризашылықпен  шаттанып  қалған. 

Ал,  жастар  үшін  бұл  үлкен  бір 

қастерлі той-думан сияқты көрінетін. 

Міне, осы көтеріңкі көңіл күй үстінде  

Шаңды бастауыш  мектебін аяқтаған 

оқушылар жаңа 1940-1941 оқу жылын  

Жаңаауыл  Кеңесінің  орталығы  Қорт 

ауылындағы  8  жылдық  орталау 

мектеп    қабырғасында  5  кластан 

бастау  міндеті    тұрды.  Ортаға  бір 

жанұяны  қоршалап,    артынып-

тартынып  дегендей  отызға    таяу 

жоғары    кластың  оқушылары    Қорт 

ауылына  көшіп  келіп  жайғасып,  

мектеп  табалдырығын  аттап,  білім 

ордасының  есігін  айқара  аштық. 

Мектеп  үйі  көлемі  жағынан  үлкен 

болғанмен  төбесі  шатырланбапты, 

ал  бөлмелері  кең  әрі  жарық.    Оның 

үстіне оқу құралдары жеткіліксіз.

Біз  отыз  оқушы  5-ші  «а»  класына 

тоқталдық, 

бесінші 

партаға 


жайғастым.  Екі  жақтағы  көршім 

шағын  денелі    көрінеді,  үлкен 

кісінің  қос  жұдырығындай  партадан 

мойын  созғанда,  селдір  шашты,  ақ 

сары  өңді  екі  бетті  көресің,  ал  иық 

деген  көзге  шалынбай  тұратын. 

Класқа  мұғалімдер  кіргенде,  не 

сабақ сұрағанда көршім партасынан 

шығып,  екі  аралыққа  тұра  қалып, 

мүдірмей    жауап  беретін.  Кейін 

бақсам,  партада  отырғанда  екі 

аяғы 


еденге 

жетіңкіремейтін 

көрінеді.  сонсоң  екі  аяғын  малдас 

құрып  отырады.  Және  басқаларша 

дауыс  шығарып  күлмей,  тек  аузын 

ашыңқырап жымиятын. Ақ бидайдай 

тізілген тістер сиректеу көрінді. 

Бірде өзімше өктемдік жасап: «Ой, 

сен!» - деп келе жатыр едім. «Аздап 

аялдаңыз. Нығмет жолдас, мені «Ой, 

сен»  демей,  Бекмұрат  Уахитов  деп 

атаңыз  дегені.  «Ұялған  тек  тұрмас» 

дегендей, 

бастауыш 

кластарда 

отыруға  лайықтысың  –  ай,  Бәке!» 

–дедім.  Іле  Бәкеш  Отаров  деген 

бала сөзге араласып:

-Олай  деме,  Нықа,  бастауыштың 

бірінен 


үшінші 

класына 


біздің 

Бекмұрат 

бір-ақ 

секірген. 



Осы 

алдымыздағы  қарашада  сегіз  жасқа 

толады.  Демек,  Бәкен,  сіз  айтып 

тұрған шаманы өткеріп келіп тұр.

-Иә,  солай  ма?  Менен  үш  жас 

кішімін  де,  онда  інішек  болдың, 

кешір, деп қолымды ұсындым.

-Жо-жоқ, 

келіспеймін, 

деді 



Бекмұрат.  –  Өйткені  ағасы  інісінен 

кешірім  сұрамас  болар.  Әрі  қол 

беретіндей арамызда кешірерлік түк 

те  болған  жоқ.  мұны  танысуымыз 

деп  есептейік.  Міне,  осылайша  кіп-

кішкентай 

Бекмұратымыз 

үлкен 


кісіше сөйлеп кетті.

Мен де есебімді жібергім келмей:

-Жарайды,  онда  осымен  бітісейік. 

Ренжімесең  болды.  Ал,  өзің  тіпті 

мықты жігіт екенсің. Басың тегіннен-

тегін  асқабақтай  көлемді,  іші  де 

жентке мығым шығар.

-Әй,  Нықа,  ептеп  қулығыңды 

асырғың  келеді-ау.  Дос  болғаның 

жөн, басты ескеретін.  

Сол 

күннен 


бастап 

үлкен-


кішілігімізді 

біржола 


ұмытып, 

«кемедегінің  жаны  бір»  дегендей, 

арамыз 

ашылмайтын, 



қиыспас 

достығымыз осылай жарасып кетті.

Жоғарыда айтқанымдай, Бекмұрат 

тектен-тек  бастауыштың  тарланы 

болмапты.  Ол  осы  атақты  сабақ 

барысында  дәлелдеп-ақ  тастады. 

Әсіресе,  сабырлы  мінезі,  үлкен 

зейінділігі  алмасты  қынабындай  тот 

бастырмай  жарқылдатып,  сыртта 

атой  салғызды.  Сөйтіп,  отыздың 

алдына түсіп, оқ бойы отырды. 

Негізгі  пәндерден  үлгеруіміз  тәуір 

болғанымен,  екеуімізге  де  сызу-

сурет  өнері,  қол  шеберлігі  және 

дене  шынықтыру  көп  ыңғайсыздық  

туғызатын. 

Осы 

сабақтардан 



Отардың 

Бөкеші 


алдына 

жан 


салмайтын.  Міне,  сол  үшін  екеулеп 

оның 


алдында 

жағымпаздана 

қалатынбыз. 

Бәкең 


де 

еруліге 


қарулы    дегендей,  маңғаздана 

отырып,  түсінік  беретін  де,  тіпті 

қосымша  ретінде  қол  ұшын    да 

аямайтын. Сонымен үшеуара мықты 

одақ  құрып  жұбымыз  жазылмайтын 

болды.  Ал  үшеуіміздің  әр  жұмадағы 

өлең  сабағы    оның  үстіне  көркем-

өнерпаздар  үйірмесіне  қатысып, 

ауыл-ауылға  шығып,  концерт  қойып 

беру дегеніңіз ең ауыр шаруа болып 

көрінетін. Бірақ ісіміз оңынан тұрып, 

бұл  қиын  істен  ұстаздарымыз  Роза 

Молдабекқызының,  екіншісі  Роза 

Жәминқызы Садықованың көмегімен 

белсенділердің  біріне  айналдық. 

Өйткені  Роза  Молдабекқызы  тақпақ 

айтуға  баулыса,  жас  ұстаз  Роза 

Жәминқызы  әдейі  үшеуімізге  арнап 

кішігірім бір-екі  актылы пьеса жазып 

орындатып отыратын.

Сол тұста балаларға арнап жазған  

пьесалардың      ойда  қалғаны  «Түл-

кі  мен  тасбақа»  болатын.  Әрине, 

тасбақа рөлінде ең кішіміз Бекмұрат 

еденде 

ербеңдеп, 



тырмысып 

жататын. Ал қойылым аяқталғанында, 

басы  мен  аяғынан  ұстап  көтере 

жөнелгенде,  өлі  дене  сияқты  тіп-тік 

болып, сіресіп қалатын. 

Кейде  қалжындап:  -  «Бәке,  бүгін 

кешкі тамақты аздау іш, көтеруімізге 

жеңілдеу  болғаның  жөн»  дегенде, 

әдетінше  шынымен  ақсия  жымиып: 

«сол 


айтқандарын 

болсыншы!» 

дейтін.

Соғыс  зұлматына  ылажсыздай 



төзіп,  үйрене  келе  ет  пен  бауыр 

жабырқаған  көңіл  күйі  де  тағдыр 

тәлкегіне 

кезігіп, 

өмір 

азабын 


еңкейген кәрі, еңбектеген  нәрестеге 

шекті  жаппай  тартып,  қан  қақсаған-

ды.  Солардың  қатарында  біздің 

мектептің 

ұжымы 

да 


талай 

ауыртпалықтарға 

кездесіп, 

оны 


қайсарлықпен жеңе білді.  Жас болса 

да әр оқушы қолдан келген  көмекті  

аяп  қалмады.  Олар  мүгедектер 

үйінде, 


қарттар 

мен 


әскерлер 

отбасыларында,  ауылшаруашылық 

жұмыстарының 

әр 


саласында 

еңбек 


етті. 

Өзінің 


жастығына 

қарамай,  Бекмұрат  та  өз  әлінше 

үлесін  қосатын.  Онысы  тиісінше 

бағаланған еді. Сөйтіп, ол 1941-1945 

жылдары  Ұлы  Отан  соғысындағы 

«Еңбектегі  ерлігі  үшін»  медалімен 

наградталды. Еңбекке қатыса жүріп, 

емтиханды да тапсырып, қолымызға 

орталау 

мектепті 

бітірді 

деген 


тілдей  ғана  куәлік  берілді.  Осымен 

біздің  әрқайсымыздың  келешегіміз 

шешілмей, 

жол 


ортада 

қалып, 


тұрымтай  тұсына  дегендей  күйге 

түстік.


Шегірен  селосындағы  уақытша 

астық  сақтайтын  қоймадан  1949 

жылдың  жаңа  астығын  Шарбақты 

элеваторына  тапсырып,  тәтті  ұйқы 

құшағында жатқанымда анам келіп:

-Өңі  таныс  жас  жігіт  салт  атпен 

келіп,  жолығуға  сені  тосып  отыр. 

Ренжіп қалар, бол, тез киін, - деп 

далаға шықты. 

Мен  де  апыл-ғұпыл  киініп  сыртқа 

шықсам,  күн  сәске  түске    таяп-ақ 

қалған  екен.  Жаңағы  күтіп  қалған 

қонағым  қай  тұста  болар  деп  көз 

жанарымды 

сәл 

бұрыңқырасам, 



есік  алдындағы  орындықта  қара 

костюмді, басында қара кепка, аяқта 

көмірдей  қара  етік  талдырмаш  жігіт 

оң қолындағы қамшымен жер сызып, 

ой  үстінде  отырған  сияқты  көрінді. 

Мен дыбыс берісімен, қонағым басын 

көтеріп  маған  қарағанда,  көзіме 

таныс адам оттай басылды. Ентелеп 

келіп  бас  салдым.  «Бауырым... 

Бекмұратым,  сен  қайдан  жүрсің?». 

екеуіміз  де  құшақ  жая  қауышып, 

бір-бірімізді  түйгіштеп  жатырмыз. 

Кенет  анам  келіп:  -Қарағым-ау, 

Бекмұратпысың? 

Қара 

басқыр 


кәрілік-ай,  манадан  бері  күткізіп 

танымадым, - деп бас салып, дәстүр 

бойынша  дауыс  қылып,  анасын 

жоқтап  көрісіп  жатыр.  Бекмұраттың 

анасы  бақи  болғалы  көрмегеніміз 

есіме  түсіп,  мен  де  жыладым.  Бір-

бірімізді жұбатып, уһ деп орындыққа 

жайғасқан  соң,  артынан  қайырын 

тілеп,  көңіл  білдірдік.  Анам  далаға 

шығар алдында шайды жасап қойған 

екен.  Үйге  кірісімен  дастарханға 

жайғасып үнсіз отырып, біраз сусын 

басқан соң:

-Ал  «тасбақа»,  әңгіме  шертіп 

отырып  шай  ішелік,  екеуіміздің  бір-

бірімізді  көрмегелі  биыл  табаны 

күректей алты жылдан асып барады, 

-  деп  тоқтап  едім.  Анам  ренжіп: 

-Тасбақаң не? Баяғы балалық шақты 

қоймайсың. Бекмұрат үлкен қаратаяқ 

сияқты емес пе? – дегені.

-Жарайды, 

апа, 

айта 


берсін, 

көңілге  алмаңыз,  -  деп  Бекмұрат 

менің жағыма шықты. 

-Сонымен  қонақ  кәде  жасайын, 

-  деп  сөзімді  жалғадым.  –  Оқудан 

келген соң әкей сырқаттанып қалды. 

Туралаған  бола  ма,  жазылмады,  

ақыры ана дүниелік болды.  Әскерден 

үлкен  ағай  қайтпады.  Артынан  қара 

қағаз  келді.  Екі  үйлі  жанұядағы 

жеті  адамның  ішіндегі  бас  көтерері 

болған  соң,  оқу  қалды.  Ептеп 

жұмыс  істеп  еңбектеніп  жүрміз. 

Үйленгенмін,  замандасың,  қырман 

басында,  осыдан  7-8  шақырымдай 

жерде.  Осы  тұста  шешем  сөзімді 

бөліп: - Өткен күзде немерелі болып 

ек, құдай оны көре қойып, алып кетті, 

- деп кемсеңдеді. 

-Ап,  қамықпаңыз,  орнында  бар 

оңалар,  -  деп  Бекмұрат  көңіл 

аулады. 


-Жарайды, 

апа, 


сөзді 

бөле 


бердіңіз-ау,  шай  суыды  ма  қалай? 

–  деп  ойды  бөлмек  болып,  әңгімені 

жалғастырдым. 

Біраз үнсіздіктен кейін:

-Қарағым, Бекмұрат, - деді анам, - 

қазір  қайда  тұрасыңдар,  үйленіп  пе 

едің?

-Қайдан  апа,  үйленудің  ауылы  әлі 



алыс қой. Оқуды аяқтасымен әкеден 

қара қағаз, сол 1942 жылы келді ғой, 

соны көтере алмай анам, өзі дімкес 

кісі,  біржола  тұралап  қалды.  Арты 

науқасқа  шалдығып,  жадап  жүреді. 

Бара-бара тек тарамыс дене қалды. 

Жалғыз  тастап  кете  алмай  жылдан 

астам қасында отырдым.

Тағы  да  анам:  -  Қайтсін-ай,  анасы 

емес  пе,  қия  ала  ма?  Қолынан 

тәрбиелеп  жөнелткенге  не  жетсін, 

байғұс-ай, 

сапарыңның 

артынан 


жарылғасын,  -  деп  көзінен  бірер 

тамшы жасты сығып та алды.

-Содан,  -  деді  сөзін  әрі  жалғап 

Бекмұрат,- бір үйде жалғыз қалуыма 

тура  келді.  Оқиын  деп  талпынып, 

« Қ ы з ы л қ о ғ а м д а ғ ы » 

«ШКМ»-ге  түстім,  бірақ 

онымнан  түк  шықпады. 

Әйтеуір,  Шаймардан  ағай, 

білесің 


ғой, 

Бастемиев 

әкейге  туыс,  өзімен  бірге 

астанаға  алып  кетті.  Осы  қаладағы 

Жамбыл  атындағы  орта  мектепті 

биыл  аяқтап,  қазақтың  мемлекеттік 

университетіне 

қабылданып, 

филология 

факультетінің 

І-курс 

студенті болып келіп отырмын. 



Анам  екеуіміз  қайырлы  болсынды 

жаудырып жатырмыз.

-Иә,  Бекмұрат,  не  бұйымтайың 

бар?  Сонау  Алматыдан  себепсіз 

келмеген боларсың, - дедім ол жолға 

қамданар алдында.

-Бұйымтай  деген  не  өзі?  Жұрттың 

бәрінде де бір күнкөрістің қамы емес 

пе.

-Сонда да.



-Шаймардан 

аға 


екеуіміз 

ақылдасып, 

Қорттағы 

үй-күйді, 

жалғыз 

сиырды 


реттепкелуді 

тапсырған 

еді. 

Соларды 


жайғастырдым.  Ендігі  жоспарым  

-  ертең  таңертең    Сыздық  ағаға 

ілесіп,қиындыққа 

жетіп 


алу, 

содан  Семейге  дейін  параходқа 

отырмақпын.  Сол    үшін  асығыспын. 

Келген  мақсатым  тек  сені,  апамды 

көріп,  үй  ішінің  амандығын  біліп 

қайтпақпын, - деді.

-Ім...  солай  де,  тіпті  бір  күн  қонып 

кетпедің  бе  ,  неге  асықтың  сонша. 

Одан  да  қырман  жаққа  барайық. 

Мен  сұранып  осы  жолдан  қалайын. 

Сен  замандасыңмен  сөйлесіп  көр. 

Сосын  батаңды  айтарсың.  Оны  да 

кешке үйге ала келейік.

-Айтқаныңның  бәрі  жөн,  апталап 

жатсам  да  көп  емес.  Өзің  ойлашы, 

оқу  оқып  көрдің,  түсінесің  ғой,  қазір 

лекция  оқылып жатыр. Мен қыдырып 

жүрмін.  Оның  үстіне  әлі  де  жоғары 

оқу  дегеніңізден жөнді хабарым жоқ. 

ренжіме,  әлі  де  талай  кездесеміз,  - 

деп бар шынын ақтарды.

Онда  келістік,  бірақ  түс  ауғанша 

үйде  бол,  кештетіп,салқын  түсе 

қайтарсың, - деген ұсынысқа келісім 

танытып, сыртқа шықтық. Түлкі торы 

да  күннің  көзінен  шыдамы  кетіп, 

тықыршып  тұр  екен.  Екеуіміз  де 

күз  көрінісіне  қызықтап  таңырқаған 

тұста:

-Бекмұрат-ау, 



осы 

сен 


түлкі 

торының  әңгімесін  естіп  пе  едің?  – 

дедім.

-Есімде жоқ. Иә, ол  не әңгіме?



-Ендеше 

тыңда... 

Солтанғазы 

тумасы Сағит ағайды білесің ғой?

-Е...  әлгі  колхоз  бастығы  болған 

ағай ма?


-Сол  аға  ел  басқарып  тұрғанда, 

Қорттың  аты  біршама  дүрілдеді 

емес пе? Аты көп жерге тарады ғой. 

Ауданнан бірінші болып, «бір жарым 

тонналық» 

автомашина 

алды. 

Екіншіден,  отыз  шақты  ірі  қу  мүйіз 



өгіздер,  тау-тау  болып,  Жәнтеке 

қойнауын  алып  жататын.  Бір  пары 

бүкіл  соқаны  жәй-жәй  сүйреп,  қара 

жерді  бауырдай  тілетін.  Ал,  күзде 

Қиыққа  астық  тапсырарда  он  пар 

көлік, «Загораевода» түсіріп жатса, 

он  пары  үйден  жолға    шығып  келе 

жатады.  Шіркін,  арба-саймандарын 

айтсайшы. Темірді қамырдай илеген 

Отардың Жұмақожасы мен ағаштан 

түйін түйген Оспанның Шаймарданы 

мен  өзіміздің  Қабдиөштің  әкесі 

Түсетай ағалардай өнерлі адамдар 

бола  бермес-ау!  –  деп,  біраз 

ойланып  едім,  Бәкең  дүрсе  қоя 

беріп:


-Бәлі,  жаңағы  айтпақ  болған 

әңгімең  осы  ма?  Мен  сенен  артық 

білемін, - деді...

Сол  күні  ауылдағы  қарттарға 

сәлем беріп, келіскен мезгілде қош 

саулық тілеп, қонақ атқа отырды.




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал